Өндірістік бағыттар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
7-тарау. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және типтері

7.1. Өндірістік құрылым және процестер

Кәсіпорынның құрылымы дегеніміз кәсіпорынның құрамын бөлу өнімдері
дайындау процесінде және жұмысшылардың қызмет етуін ұйымдастырудағы өзара
байланыстар мен жұмысшыларды еңбекпен қамту саны, өндірістік алаң мен құрал-
жабдықтар және оларды аумақтар бойынша орналастыру.
Өндірістік процестің жекелеген тобы:
• негізгі өндірістік;
• көмекші өндірістік;
• қызмет көрсету шаруашылықтары;
• кәсіпорынды басқару оргардары;
• жұмысшылардың қызметтері бойынша бірігуді ұйымдастыру болып бөлінеді.
Кәсіпорынның жалпы құрылымы (7.1-сурет):
• өндірістік (ғимарат, құрылыс);
• өндірістік емес (қойма, асхана, мәдениет сарайлары, клубтар, стадион,
балабақша) болып бөлінеді.

7.1-сурет. Кәсіпорынның жалпы құрылымы

Өндірістің алғашқы нысаны жұмыс орны болып табылады. Бұл өндіріс
алаңын, дайын өнімді сатуға дайындау және өндірістік процесте қызметтер
көрсету жөнінде бір немесе бірнеше жұмысты жүзеге асыратын операцияларды
лайықты еңбек құралдармен қамтамасыз етудің бөлігі.
Жұмыс орнының топтары аяқталып біткен өндірістік процесте, өнім
бөлігін дайындауда немесе технологиялық процестерді жүзеге асыратын
өндірістік учаскелерде қалыптасады.
Ең алғашында бірнеше операция қатар орындалады, одан кейін бір
операция, демек, технологиялық мамандандыру жүзеге асырылады.
Бірнеше учаскеден цех құралады (7.2-сурет).
Кешенді құрылымға цехтың барлық түрлері кіреді. Мұнымен кәсіпорын
зауыт аспаптарын мамандандыру қызметтері, энергия өндіру, шаруашылықтарды
жөндеуді пайдаланады.
Кәсіпорын құрылымы мамандандыру түрлері бойынша кешенді міндеттер
белгілейді. Мұнда ең алдымен ресурстар, сондай-ақ жұмысшылардың санын,
негізгі және айналым капиталының құны, өндірілетін өнім көлемі, өндірістік
алаңның өлшемі ескеріледі.

7.2-сурет. Өндірістің жалпы құрылымы

Кәсіпорынның негізгі капитал салымдары бойынша мынадай жұмыстар жүзеге
асырылады:
• ең оңтайлы бөлу межелерін негіздеу;
• цехтарды, бөлімшелерді және жұмыс орындарын мамандандырудың деңгейін
арттыру;
• цехтардың қуаттылығына қарай сәйкестілігін қамтамасыз ету;
• кәсіпорынның жер, құрылыс обьектілерінің коэффициенттерін есептеу;
• капитал салымдарының құрылымын бағалау.
Кәсіпорын құрылымына әсер ететін факторлар:
• өнім өндірудің күрделілігі;
• кәсіпорын өлшемі;
• өндіріс процесінің сипаттары мен ерекшеліктері;
• өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі;
• орналасқан жері.
Кәсіпорынның оңтайлы құрылымын жүзеге асыру өндірісті қайта құру, оны
техникалық және технологиялық жағынан қайта жарақтандыру, саланы жаңғырту
мен мамандандыруды тереңдету ісінің тиянақты атқарылуымен тікелей
байланысты.
Кәсіпорынның негізгі бөліктері технологиялық процесс бағыты бойынша:
• қоймалық;
• қызмет көрсету шаруашылықтары болып бөлінеді.
Бұл тасымалдау ұзақтылығын және жүк айналымы көлемін қысқартуға
тікелей әсер етеді.
Кәсіпорынның оңтайлы құрылымының басты шарты – кәсіпорында еңбек
келісімдерін жетілдіру арқылы жұмысшылардың әлеуметтік-материалдық жағдайын
жақсартуды бірінші кезекте шешуді, өндіріс тиімділігін, еңбек өнімділігінің
өсуін, жұмыс уақытын үнемді пайдалануды қамтамасыз ету.
Өндірістік процесс
Кез-келген кәсіпорынның алғашқы қалыптасуы өндірістік процестен
басталады.
Кәсіпорындағы өндіріс процесі дегеніміз шикізатты өңдеп, тұтынуға
дайын өнім өндіруге бағытталған іс-қимылдар.
Өндірістік процесс өнім шығарудың сипаты мен ауқымына қарай:
• жай;
• күрделі болып бөлінеді.
Өндірістік процестердің күрделілігі – кәсіпорынның түрлі бөлімдер мен
цехтарының, сондай-ақ өндірістік бөлімшелерінің қызметіне байланысты.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында бәсекеге қабілетті, сапалы,
тұтынушылар талғамын қанағаттандыратын өнім өндіру бүгінгі күннің басты
міндетіне айналып отыр.
Өндірістік процестер екіге бөлінеді:
• еңбек заттарының нысандары мен сапаларын өзгертетін процестерді
технологиялық процесс деп атайды.
• еңбек заттары нысандары өзгермейтін процестерді технологиялық емес
процестер деп атайды.
Өндірістік процестің нәтижелігі өнім түрлеріне қарай:
• негізгі;
• көмекші;
• қызмет көрсеткші (оның ішінде: әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени);
• басқару болып бөлінеді (9.3-сурет).
Негізгі процесс технологиялық болып табылады, яғни бұйымдардың шамасы,
өлшемі, табиғи және химиялық қасиеттерінің өзгеруі.
Технологиялық операция техникалық қуаттардың жетілуіне қарай:
• қолмен атқарылатын операция;
• машина-қолмен;
• машиналық;
• автоматты;
• аппаратты болып бөлінеді.
Негізгі операциялардың жиынтығы негізгі технологиялық процесс деп
аталады. Технологиялық операция – бір жұмыс орнында, бір немесе бірнеше
жұмыстың орындалуы, әрбір еңбек заттарының немесе заттарды өңдеу тобының
дәйекті және қосарлас атқаратын іс-қимылы болып табылатын процесінің
бөлігі.
Көмекші процесс – кәсіпорынның ішкі жүйесінде пайдаланылатын өнімді
дайындау мен қызметтер көрсету процесі (аспаптарды айындау, қосалқы
бөлшектер, бумен жабдықтау, сығылған ауа, электр энергиясы, құрал-
жабдықтарды ретке келтіру және оны жөндеу т.б).
Қызмет көрсету процесі. Жұмыс нәтижесі ретінде белгілі бір өнім
шығармайтын процесс, оған қатыстылар:
• тасымалдау;
• қоймалық операциялар;
• технологиялық бақылау.
Басқару процесі өндіріс барысындағы пайда болған үйлесімділік
бағыттарды реттеу.

7.3-сурет. Өндірістік процестің жіктелуі

Белгілі бір деңгейдегі негізгі процестердің дер кезінде және сапалы
орындалуы – көмекші және қызмет көрсету жұмыстарын қамтамасыз етуді талап
етеді.
Өндірістік процестерді ұйымдастырудың тиімділігі мынандай принциптерді
басшылыққа алады:
• жекелеген цехтарды белгілі бір өнім түрлерін өндіруге мамандандыру;
мамандандыруды тереңдету – еңбек өнімділігін арттырудың шешуші шарты,
өнімнің өзіндік құнын азайтудың кепілі;
• үйлесімділік.Бұл принцип кәсіпорынның ішкі бөлімдерінің қабілет
деңгейлерінің бірдей екенін білдіреді.
• қатар даму – өндірістік процестердің кәсіпорынның жекелеген
құрылымдарында қосарласа орындалуы. Мақсат – еңбек аясын кеңейту;
• аралас даму принципі – бұйымның өндірістік процестен өту кезеңдері,
яғни шикізатты өңдеуден бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі іс-
әрекеттерді қамтиды;
• үздіксіздік принципі. Бұған мысал ретінде толассыз өндірісті алуға
болады;
• ырғақтылық – технологиялық операциялардың бір қалыпты ырғақпен
қайталанып отыруы;
• автоматтандыру принципі – өндіріс процесін әлемдік деңгейде
автоматтандыру.
Өндірістік цикл.
Өндірістік цикл – өнім өндіруге жұмсалған уақыттың ұзақтылығымен
және оның құрылымымен сипатталатын көрсеткіш.
Өндірістік цикл ұзақтығы дегеніміз өндірістік процесте белгілі бір
бұйымды өндіруді бастау мен аяқтау арасындағы күнтізбелік уақыт аралығы.
Өндірісті цикл:
• жұмыс уақыты;
• табиғи уақыт;
• жұмыстағы үзіліс болып бөлінеді (7.4-сурет).
1. Жұмыс уақыты – еңбек заттарына тікелей әсер ететін, сонымен қатар
жұмысшылардың аппараттық және автоматты тетіктердің жұмысын бақылауға
жұмсайтын уақыты. Жұмыс уақыты тиісінше тағы да екіге бөлінеді:
• негізгі процестерді атқаруға;
• көмекші, яғни цехаралық және цех ішінде түрлі жұмыстарды орындауға
жұмсалатын уақыттар. Мәселен, дайын өнімдерді буып-түю және басқада.

Т жұмыс = Т негізгі + Т көмекші (7.1)

Т жұмыс – жұмыс уақыты;
Т негізгі – негізгі уақыт;
Т көмекші – көмекші уақыт.

2. Табиғи процестер уақыты еңбек заттарының еңбек жұмсалмай-ақ табиғи
негізде, тиімсіз өзгеріске ұшырауын білдіреді, мысалы, ағаштың текке кеуіп
кетуі, жүзім сөлінің ашып кетуі.
Табиғи процестердің ауысып тұруы мынадай жағдайларда елеулі рөл
атқарады:
- өнім өндіруде;
- технологияны жетілдіруде;
- өндірістік цикл ұзақтығын қысқартуда.
3. Жұмыстағы үзіліс – еңбек заттарын өңдеу процесіндегі қажетті
үзіліс. Бұлар:
• демалыстар;
• мереке күндері;
• түскі үзіліс;
• демалыс алу;
• шикізаттарды күту.
Сонымен өндірістік цикл жұмыс уақыты, табиғи уақыт және жұмыстағы
үзіліс уақыттарының қосындыларынан тұрады:

Т ц = Т жұмыс + Т табиғи + Т үзіліс (7.2)

Т ц – өндірістік цикл уақыты;
Т жұмыс – жұмыс уақыты;
Т табиғи – табиғи уақыт;
Т үзіліс – үзіліс уақыты.

7.4-сурет. Өндірістік циклдың жіктелуі

Өндірістік цикл ұзақтылығы:
• қолданылып жүрген техника мен технологияға;
• өндірісті және еңбекті дұрыс ұйымдастыруға;
• өндірілетін өнім көлеміне;
• аяқталмаған өндіріс шамасына;
• кәсіпорын жұмыстарының басқа да экономикалық көрсеткіштерге әсер
етеді.
Олай болса, өндірістік циклдің ұзақтығын қысқартудың қандай жолдары
бар?
Олар мыналар:
• өндірістік процесті кешенді механикаландыру мен автоматтандыру,
өндірістің толассыз жұмыс істеуін арттыру. Бұл жағдайда табиғи
процестер уақыты мен үзілістер күрт қысқарады;
• шығарылатын өнімдер конструкциясы және өндірісті ұйымдастыруды
жетілдіру;
• технологиялық бақылуға озық әдістерді енгізу және оны
технологиялық операциялардың орындалу мерзіміне сәйкес жүргізу;
• жұмыс орындарын ауыстыруға байланысты еңбек заттарын ауыстыруға
кететін уақытты қысқарту;
• көмекші операцияларды орындауда, ішкі кезек аралығындағы
үзілістерді пайдалану.

7.2. Өндіріс және кәсіпорын типтері

Қазіргі кезде өндірістің мына типтері кең тараған:
• жаппай;
• сериялық;
• жеке-дара;
• аралас өндірістер (7.5-сурет).
Өндіріс типтері әдетте жұмыс орнын мамандандыру коэффиценттерімен
немесе сериялық коэффиценттермен (Кс) сипатталады, яғни бұл орта есеппен
бір жұмыс орнында қанша бөлшек операция орындалатынын көрсетеді:

Кс = r x n (7.3)
Р
Кс – сериялық коэффициент;
Р – жұмыс орнының саны;
r – әр бөлшекті дайындау арқылы орындалған орташа операция саны;
n – жұмыс орнының топтарында өңделетін аталған бөлшкетер саны.

7.5-сурет. Өндіріс типтерінің құрылымы

Бұл коэффициенттің мөлшері өнеркәсіп кәсіпорындарының көпшілігінде,
мәселен:
• жаппай өндіріс бойынша 1-ден 3-ке дейін,
• көп сериялықта – 4-10,
• орта сериялықта – 11-20,
• аз сериялықта – 20 және одан жоғары құрайды.
Жеке-дара өндіріс типінде өнім түрі мен көлемінің тез өзгеруі
стандартты конструкциялы технологиялық шешімдерді пайдалану мүмкіндіктерін
шектейді.
Жеке-дара өндіріс типінің айрықша ерекшеліктері:
• цехтардың, учаске мен жұмыс орындарының технологиялық жағынан
мамандандыру деңгейінің басымдығы және бұлар үшін бұйымдардың
үнемі бір түрін өндірудің міндетті еместігі;
• әмбебап жабдықтарды пайдалану және оларды бір типті топтарға
орналастыру;
• қолмен атқарылатын жұмыстар үлес салмағының көптігі және
өндірістік циклдың ұзақтығы;
• жұмысшылардың жоғарғы біліктілігі.
Жеке-дара өндіріс типінің өнімдеріне қатыстылар:
• бірегей станоктар;
• темірді жұқарту стандарты;
• автоматты реакторлар;
• қуатты электр машиналары;
• көптеген құрылыс обьектілері.
Сериялық өндірістер:
• аз сериялы;
• орта сериялы;
• көп сериялы болып бөлінеді.
Сериялық өндіріс типі дүркін-дүркін біркелкі партия (серия) күйінде
келіп түсуімен сипатталады, ал жеке-дара өндірісте жұмыс орнына қарай еңбек
заттары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көкшетау автобус паркі
Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесi
Еңбек жағдайы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамытужеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы ақпарат
ТҮРКІСТАН ҚАЛА ҚҰРЛЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны
Экономиканы талдаудың пәні, мақсаты және түрлері
Экономикалық талдау мақсаты мен басқа ғылымдармен байланысы
Еңбекші қазақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары
Экономиканы қаржыландыру
Пәндер