Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы
Жоспар
1. Тәуелсіз Қазақстанның ата заңы-конституциясы
2. Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері
3. Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы
4. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты
5. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық байланысы
6. Экономикалық стратегия
7. Қазақстан 2030 стратегиясы
Қазақстан егемендігінің қалыптасуы мен ерекшеліктері.
Қазіргі Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы дегенде, ең алдымен қазақ
халқының тәуелсіз егеменді ұлттық мемлекеттігінің қалыптасуын ұғыну керек.
Қандай болмасын ұлттың мемлекеттіксіз өмір сүре алмайтыны тарихтан белгілі.
Демократияның негізгі бір принципіне де мемлекеттік құрылымның ұлттық
сипатын сақтап қалу, жан-жақты дамыту саясаты жатады. Бұл принцип жүзеге
аспаған жағдайда ұлттың құрып кетуі кезектегі мәселе.
Бұл - бір. Екіншіден, қазақ халқының ұлттық-саяси дамуының тамыры
кешегі кеңес дәуірінен де әрі тереңде жатқанын ұғынуы қажетті. 400 жылдан
астам шексіз шығын қасірет, құрбандықтармен өткен саяси күресте дүниеге
келген алғашқы тәуелсіз қазақ мемлекеттігі ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Қазақстанның Россияғға қосылуы аяқталған соң мүлде жоғалып, оның орнына
отаршылық саясаттың әскери-әкімшілік жүйесі орнады.1917 жылы ақпан
революциясынан кейін, Қазан революциясы кезінде ескі саяси жүйенің
ыдырауына байланысты бүкіл Россия көлемінде етек алған бұқаралық-халықтық
қозғалыс, жалпы қоғамдық үрдіс заңды түрде қазақтың ұлттық автономиясын,
тәуелсіз мемлекетін құру идеясын тудырды. Осы кезеңде Алаш партиясы
құрылып, оның басшылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы Конститутциялық Заң қабылданды. Осы заң бойынша
Қазақстан Республикасының өз территориясында өкімет билігін толық
иеленетіндігі, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізетіндігі
белгіленді. Аталған заң республиканың жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз
болды.
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін
90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай
басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар
қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан
төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен
дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған
әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып
дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық
сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз
осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап,
ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған
тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген
аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында
азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады,
халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік
болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ
сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз
халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс
жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық
заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң
әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы
жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр.
Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз
Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.
1. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты, ұзақ
та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру
жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам
өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан
тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен
тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.
Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен
нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық
мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси
саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті
республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың
теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа
жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген.
Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше
ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ
диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру,
олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа
қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған
тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады.
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің
Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын
бүкілхалықтық талқылаудан өтті.
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі,
республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады.
Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады.
Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын
күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды
ойлауы керек.
Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық
келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың
лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.
2. Қазақтың ата-заңы
2.1. Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы
Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз
Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық
талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі
Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы –
Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым,
қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай
жасап отыр.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын
президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл
мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және
бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.
Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. “Демократия”
деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына
шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты
бейнеленген. “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” нақты
жазылған.
Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған.
Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот
жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп
кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан
конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол
сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.
Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси
қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады.
Оған ешқандай қысым жасалмайды.
Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің
әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан
республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп,
заңмен қорғалады.
Неігзі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік
атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы
қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда
ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.
Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы “Адам және азамат” атты
екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан.
2.2. Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда нақты көрініс тапқан. Саяси
жүйенің негізгі тұғыры – президенттік басқару жүйесі Конституцияда алғаш
рет заңдастырылған. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы
мемлекет болып жарияланған. Президентке елдің ішкі және сыртқы саясаттарын
анықтау міндеті жүктелген. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының
келісіп жұмыс істеуін және олардың халық алдындағы жауапкершілігін
қамтамасыз етеді. Президент заң шығарушы, атқарушы, сот жүйелерінің бәріне
бірдей қатынаста болады. Бәрінің жұмысын үйлестіріп, мемлекеттік биліктің
дұрыс жүргізілуіінің кепілі болып танылады.
Біздің президентіміздің Негізгі Заңда көрсетілген конституциялық ауқымда
жемісті жұмыс істеп отырғанына бүкіл ел куә. Еліміздегі саяси тұрақтылық,
орын алып отырған үлкен қиындықтарға қарамастан макроэкономикалық
деңгейдегі ілгерілеу, отандық өнеркәсіпті жандандыруға шетел
инвестицияларын көптеп тарту, шикізат көздерін игеріп, жер асты байлықтарын
экономиканы аяққа тұрғызуға пайдалану, алыс-жақын шетелдермен оңды
қатынастар орнату, ұлттардың татулығын қамтамасыз ету, еліміздің
руханиятын, қорғанысын дамытуға күш салу және басқа сан-салалы қызметтерді
құптауға әбден тұрарлық.
Президент ел халқына “Қазақстан-2003” атты Жолдауын жариялады. Алда
тұрған дамуымыздың басты бағыттарын көрсетті.
Жаңа Конституция елімізде екі палаталы тұрақты жұмыс істейтін Парламентті
заңдастырды. Ол республиканың заң шығарушы ең жоғарғы өкілетті органы
болып табылады. Парламентіміздің жаңа демократиялық сипатта дамуына
конституциялық негіз қаланды. Парламент өз жұмысын саясаттандыруға
бейімдемей, экономикалық және саяси реформаны елімізде жеделдетуге қажетті
заңдарды қабылдауды алдына негізгі мақсат етіп қойды.
Конституцияда Парламент депутаттарының құқықтары мен міндеттері нақтылап
көрсетілген. Конституциялық шеңберде әрбір депутаттың жемісті жұмыс толық
негіз бар.
Парламент Елбасының ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен
толықтырулар енгізеді, республикалық бюджетті бекітіп, оның орындауын
қолдайды, бұл туралы Есеп комитетінің есептерін бекітеді. Үкімет басшысының
бағдарламасын тыңдап, оны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды. Соғыс және
бітім мәселелелерін шешед
Республиканың атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдар
жүйесін басқаратын Үкімет президент алдында жауап беруге және Республика
Парламентінде есеп беруге міндеттелді. Қазақстан Республикасында сот
төрелігін тек сот қана жүзеге асыратын жаңа түрде сот билігі заңдастырылды.
Осы жүйеде дүниеге келген Конституциялық кеңес мемлекеттік биліктердің
арасында дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент
депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығын және референдум өткізу туралы,
басқа да осы сияқты саяси мәселелерді шешетін болды.
Тәуелсіз Қазақстанның өз елтаңбасы мен туы болды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
1992 жылдың 4 маусымы тарихта және халық санасына Қазақстан
Республикасының мемлекеттік елтаңбасының туылған күні болып сақталады.
Жалпы бүгінде кеңінен қолданылатын герб термині ербо неміс сөзінен
шыққан. Қазақ тіліне аударғанда ол таңба (тамға, белгі) деген түсінікті
білдіреді. Бұл термин алғаш рет ежелгі Түрік Қағанатында қолданыла бастады
(551-630 ж.ж.)
Егеменді Қазақстанның бүгінгі елтаңбасы екі атақты сәулетшілер: Жандарбек
Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың зор еңбегі, шығармашылық ізденістерінің
қорытындысы, бұл жарыста жеңіске жету оңай болған жоқ. бүгінгі елтаңбаның
245 жобасы мен 67 сипатының мәре сайысына қатысқанын еске салуымыз
жеткілікті.
Елтаңба дөңгелек нысанды. Дүние жүзінде ең көп жасалған нысан шар нысаны
болып саналады. Ал бұл жетілген элементке ең жақын дөңгелек; көшпенділер
арасында бағаланады. Дөңгелек елтаңбатану элементі ретінде барлық жерде
қолданыс табады, бірақ ол шығыс көшпенділер арасында сыйлы және құрметті.
Бұл өмір, мәңгілік нышаны.
Біздің елтаңбамыздың өзіне негізгі идеясы болып алынған орталық элементі
болып киіз үйдің күмбез тәріздес- шаңырақ болып табылады. Шаңырақ-
отбасылық ырыс-берекесі, бейбітшілік, тыныштық нышаны. Шеберлікпен, тиімді
және әдемі салынған киіз үйдің жарқыраған тесігі – түндік, көгілдір түсті,
бейбітшілік аспандағы ашық күнді еске салады. Күмбез жерді- уық, біркелкі
елтаңбаның ортасынан көгілдір кеңістікке таралған – уық, күн сәулесін- өмір
және жылу көзі болып табылады. Авторлар киіз үйдің қозғалатын негізін-
керегені бейнелеу мәселесін де шешті. Шаңырақтың крест тәріздес, үштік
күлдіреуіші үш жүздің бірлігін білдіреді, оның беріктігін қамтамасыз етеді.
Осындай жолмен, авторлар елтаңбатану тілімен қазақтардың өмірсүйгіштігін
көрсетті. Республиканың барлық халықтарын бір шаңырақ астына, біздің жалпы
үйіміз- Қазақстанның мықты құрылыман айналуға ұмтылуға шақырады.
Елтаңбаның келесі композициялық құрылымының құрамды бөлігі, жартыай
нышанды мүйізді алтын қанатты, фантастикалық шабандоз- тұлпарлар болып
табылады. Мемлекеттік нышандағы арғымақтар бейнесінің ертедегі тарихы болса
да, қабылданар алдында авторлардың бұл нұсқасы үлкен пікірталас туғызды.
Тұлпардың қара көлеңкесі елтаңбатанушылар тілінде терең мағынаны білдіреді.
Ол: жауға қарсы арыстанның ержүректігін, сұңқардың көрегендігін, бұқаның
кшін мен қуатын, кербұғының жылдамдығы мен шапшаңдығын, түлкінің қулығы мен
тапқырлығын білдіреді. Тұлпарлардың алтын қанаты сондай-ақ бидай сабақтары,
алтын толағай, яғни еңбек белгісін, береке және материалдық ырысты
білдіреді.
Елтаңбаның ортасында бес бұрышты жұлдыз бар. Жобада ол жерде жартыай мен
кіші үш жұлдыз орналасқан. Талқылау кезінде сегіз бұрышты, жеті бұрышты,
бес бұрышты жұлдыздар нұсқасын ұсынылды. Соңғысына тоқталды. Біздің
жүрегіміз және құшағымыз бес континент өкілдеріне ашық.
Біздің елтаңбаның ашық түсін ескеру қалды. Негізінен олар екеу: алтын
түстес және көгілдір. Біріншісі Біздің халықтың ашық, анық болашағына
сәйкес. Көгілді аспан дүние жүзі халықтары үшін. Біздің елтаңбадағы оның
түсі біздің бейбітшілікке, басқа планета халықтарымен келісімге, достыққа
және бірлікке талпынысымзды көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Алтын түсті күн және ортасындағы бүркіттің қалықтаған көлеңкесі, сол
жағында алтын түстес ұлттық оюы бар көгілдір ту бүгінгі күні республикада
әкімшілік ғимараттарды безендіреді, шетел мемлекеттеріндегі егемен
Қазақстанның елшіліктеі ғимаратының үстінде жалындап тұр, Біріккен Ұлттар
Ұйымдастығы ғимаратының жанында орналасқан. Ол барлығына азаттық нышаны,
біздің республиканың егемендігі мен тәуелсіздігі деп қабылданады. Оның
авторы Шәкен Ниязбеков. Біздің бұл жаңа нышан оның шығармашылық ізденістері
мен жігерлі еңбегінің қорытындысы болып табылады.
Мемлекеттік туды жасауға арналған конкурсқа 600-ден аса жобалар қатысты.
Комиссия бастапқы іріктеуден кейін төрт ерекше қызықтырған жобаларды
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне талқылауға ұсынды.
Мемлекеттік тудың басты элементі оның түсі. Басынан көптүсті және әртүрлі
жарқыраған түстерден бас тартып және тудың Қазақстанның бірлігі нышаны
ретінде бір түсті болу керектігін дәлелдеген автордың бірбеткейлілігі мен
мақсаттылығына ерекше мән беруге болады. Сонңғы нұсқасында анықталғаны ашық
көгілдір түс. Ең бастысы ашық көгілдір түс ертеден адамдардың ашық түс,
мәнерлі және жағымды түстерді қолдануымен қатысты. Бұл кездейсоқтық емес.
Бұл түс табиғатқа да қатысты. Ол кемпірқосақтың қасиетті жеті түсінің бірі
болып табылады. Аспан және су түсі.
Халықаралық жоспарда, өз мемлекетінің нышанына ашық көгілдір түсті туды
көтерген елдің саясатына ерекше сенімділік пен түсіністікпен қарайды.
Осындай бейнемен, біздің туымыздың таза көгілдір түсі халықтың мәдени-
этникалық бірлестігінің куәгері және бір мезгілде мемлекеттің бөлінбейтін
көрсетеді.
Күн- өмір және энергия көзі. Сондықтан күн бейнесі өмір сүру нышаны болып
табылады. Адам мәңгілік емес. Адамның өмірге келуі мен кетуі уақытпен
өлшенеді. Ал көшпенділерге уақыт күн қозғалысымен өлшенеді. Күннің шығыс
мен батысы бір өлшем- күндіз. Елтаңбатану заң бойынша, күн көлеңкесі байлық
пен береке нышаны болып табылады. Сондықтан анықтап қарағанда біздің тудағы
күн сәулесі бір уақытта байлық пен береке негізі- бидай формасы тәріздес
екендігі кездейсоқтық емес.
Көшпенділер дүниетанымында дала сұңқары мен бүркіт ерекше орын алады.
Қазақстандағы мекендеген халықтар пен этникалық топтардың елтаңбасы мен
туындағы оның белгісі, ертеден салт дәстүрі бар. Нышандар тілінде қыран
бейнесі мемлекеттік билік, кеңдік және көрегендікті білдіреді. Қырдағыларға
бұл бостандық, тәуелсіздік, мақсатқа, биікке ұмтылу, болашаққа шарықтау
нышаны. Сонымен қатар, қыран қуатты күшімен, болашақ жетістіктерге жетуге
кедергі жасағандарға лайық тойтарыс бере алады. Қыран бейнесі егемен
Қазақстанның дүниежүзілік өркениет шыңдарына ұмтылу рухынан да шыққан.
Біздің туға қайталанбаушылық пен сонылық танытып отырған тағы бір белгі,
бұл ұлттық өрнектен тұратын сызыққа қосарластық. Бұл жерде қазақша ою-өрнек
қошқар- мүйіз бейнеленген.
Ұлттық-демографилық процестер.
1991 жылдан кейін Қазақстанда тұрғындардың саны күрт төмендей бастады.
Бұл жағдай эмиграциялық қарқынның жоғары болуымен байланысты болды. Мысалы,
1992 жылы Қазақстандықтардың саны –16 млн. 985 мың адам болса, 1993 жылы –
16 млн. 942 мың, ал 1995 жылы – 16 млн. 590 мың адам болды. 1999 жылғы
халық санағы Қазақстан тұрғындарының саны азайып, 15 млн.-ға жетер-жетпес
адам қалғанын көрсетті. 1995 жылдың тек 9 айдың ішінде республикадан басқа
жаққа 198,6 мың адам көшіп кетті. Табиғи өсім азайып, тұрғындардың арасында
өлім өсіп кетті. Дегенмен де, 1991-1997 жылдар аралығында Қазақстанға
шетелден 164 мыңдай адам көшіп келді.
Белгілі дәрежеде республиканың ұлттық құрамы өзгеріп, кейбір облыстар
негізінен қазақтар тұратын өлкеге айналды. Мысалы, Қызылорда облысында
қазақтар - 93%-ы, Атырауда - 88%-ы, Маңғыстауда - 74%-ы, Ақтөбеде - 69%-ы,
Оңтүстік Қазақстанда және Батыс Қазақстанда - 66%-ы қазақтар болды.
Осы жылдары ауыл тұрғындарының қалаға кету үрдісі (урбанизация) күшейді.
1995 жылдары халықтың 56%-ы қалаларда тұрды, ал қазіргі кезде бұл үрдіс
бұрынығыдан да өсуде. Тұтастай алғанда, қоғамда болып жатқан өзгерістер
(процестер) өтпелі кезеңге тән процестер деп қарауға болад.
Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы.
Мәдени процестер. 1991 жылдан кейін оқу жүйесі белгілі мөлшерде
дағдарысқа ұшырады. 1993 жылдың басында (1 қаңтар) Қазақстанда 154 мыңдық
орны бар 303 бала бақшасы жабылды, орта мектептер саны азайды. Екінші
жағынан мемлекеттік емес мекемелерінің, мектептер және жоғары оқу
орындарының пайда болу процесі басталды.
1989 жылғы Тіл туралы Заңның және Конституция негізінде ұлттық білімнің
жандануына мүмкіндік туды.
Елісміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40 ұлттық мәдени орталықтар мен
Қазақстан халықтарының біріккен Ассамблеясы жұмыстар атқаруда.
1997 жылы Қазақстанда 53 мемлекеттік, 40-тан астам коммерциялық жоғары
оқу орындары болған болса, 2000 жылдың басында 51 мемлекеттік, 100-ден
астам коммерциялық жоғары оқу орындар болды.
Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ
тілінде оқу бөлімдері ашылды. Соңғы жылдары 300-ден астам жалпы орта білім
беретін қазақ мектептері ашылып, олардың саны– 3,3 мыңға жетті.
Республикада 17 ұлт тілінде жүздеген мектеп бар. 12 тілде газеттер мен
журналдар шығып тұрады, 11 және 6 тілде хабар жүргізетін теле-радио қызмет
етеді.
1999 жылғы 11 маусымда – Қазақстан Республикасының "Білім туралы” Заңы
жарияланды. 2006 жылдың басында республика бойынша 252.800 ұстаз еңбек
етуде.
Қазақстан тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің
халаралық байланысы кеңейді. Білімді мамандарды көбейту мақсатында жастарды
шетелдердің беделді оқу орындарына жіберу өзекті сипат ала бастады. 1993
жылғы 5 қарашада Президенттің "Болашақ” атты 250 халықаралық стипендиясы
белгіленді.
Қазақстан халықтарының мәдениетін бүкіл әлемге таныту мақсатында ЮНЕСКО
ауқымында Қазақстан Республикасының мерекелері аталып өтуде.
1997 жылы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
жылы. 1930-1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-
сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997
жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған
мемориалдық кешен ашылды.
1998 жыл-халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми
форумдар өткізіледі.
Республиканың барлық облыстарына 24 ғылыми экспедициялар аттандырылып, 74
ауданды аралады. Тараз қаласына таяу жерде архитектуралық ғимарат-Ақыртас
кешені ашылып зерттелді. Мантуя (Италия) қаласында "Алтын адам Қазақстан
далалары қола дәуірінен халықтардың ұлы қоныс аударуына дейін” атты көрме
өткізілді.
1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. Осыған
орай атқарылған жұмыстар: 6 томдық "Қазақстан ұлттық энциклопедиясының” І-
ші томы, М. Шоқай шығармаларының екі томдығы шықты. Қытай мұрағаттары
негізінде Қазақ тарихына арналған 5 кітап жарық көрді. "Алпамыс батыр”
жарынаң 100 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті.
М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой өткізіліп, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz