Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1 Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер 6
Заңды тұлға туралы түсінік 6
1.2 Заңды тұлғалардың түрлері 8
2 Заңды тұлғаларды ұйымдастырушылық құқықтық нысаны
2.1 Заңды тұлғаларды құру 10
2.2 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу 10
2.3 Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы 11
11
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер 23
26
Кіріспе
Азаматтық құқық жеке құқық саласы болып табылады. Азаматтық заңдармен
тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де
мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушалары азаматтар, заңды
тұлғалар, мемлекет. Құқықтар мен міндеттердің иесі болу білу, азаматтық
айналымда құқықтың дербес дербес субьектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда
айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән.
Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару
құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша
жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен
міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және
жауапкер бола алатын ұйым.
Заңды тұлға дербес балансы немес сметасы болуға тиіс және заңды
тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді.
Коммерциялық ұйым пайда табуды көздейді. Кіріс түсіру мақсаты болып
табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды
тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы
не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады.
Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы
мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін
– меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің
(меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну
кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (одақ)
нысанындағы өзге де ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі
үшін –– құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық
бірлестік, діни бірлестік үшін –– жарғы болып табылады.
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына
(үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп
есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық
серіктестігі болып танылады.
Тақырыптың өзектілігі. Заңды тұлғалар – азамттық құқық субьектілері
ішінде ерекше орын алады. Яғни, олар Қазақстан экономикасының дамуына өте
үлкен үлес қосады. Заңды тұлғалардың көптеп құрылуы халықты жұмыспен
қамтамасыз етуге көмегін тигізеді. Салық- мемлекеттің тіршілік ету көзі, ал
заңды тұлға бірден –бір салық төлеуші субьект..
Зерттеу мақсаты – заңды тұлғалардың құрылуы, оның түрлерінің бір-
бірінен ерекшелігі, олардың заң арқылы қорғалуы, ел экономикасының жоғары
деңгейде дамуына әсер ететінін көрсету, және түрлеріне жеке-жеке тоқталу,
олардың жарғылық капиталының құқықтық реттелуін, қаржыландырылуы, құрылтай
құжаттары туралы түсінік беру.
Жоғарыда аталған мақсаттарға сай мынандай міндеттер қойылды:
- Шаруашылық серіктестік туралы ұғымның теориялық негізін зерттеу.
- Шаруашылық серіктестік түрлеріне байланысты мәселелерді ауқымды
түрде көтере отырып, талдау және зерттеу жүргізу.
Курстық жұмысының зерттеу пәніне заңды тұлғалардың жарғылық капиталы
жатады. Заңды тұлғаларды құру, қайта құру, тіркеу, тарату, құқықтық пайда
болатын қоғамдық қатынастар танылады, бұл қатынастар өз кезегінде зерттеу
пәні болып табылады.
Зерттеудің әдістемелік негізі болып түрлі таным тәсілдерін қолдану
саласына, мәні мен құрылымына, ғылыми теорияларға негізгі талаптарды
анықтайтын философиялық білімдер жүйесі табылады. Осы аталған жұмыста
көзделген мақсаттарға жету үшін жалпы ғылыми және жеке ғылыми таным
тәсілдері пайдаланылды. Жалпы ғылыми тәсілдер ретінде диалектикалық тәсіл,
ұғымдардың бөліктерін, жекелеген белгілерін талдау мен жүйелеу тәсілдері
қолданылды.
Зерттеу барысында сонымен қатар құқықтық зерттеудің арнаулы тәсілдері:
салыстырмалы құқықтану, сот тәжірибесін талдау тәсілі, формальдық-логикалық
тәсілдер және тағы басқалары қолданылды.
Курстық жұмысының тақырыбын зерттеу кезінде ғылыми және ғылыми-
әдістемелік әдебиеттермен қатар нормативтік құқықтық актілер де қолданылды.
Қазақстан Республикасының заңнамалар жүйесінде заңды тұлғалардың және
оның түрлерінің жарғылық капиталын құқықтық реттеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Құқықтың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы
табылады. Заңдық күші тұрғысынан алғандағы келесі бір акті — Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексі. Ол жалпы сипатты иеленетін нормативтік
актілер қатарына жатады. Егер қандай да бір мәселе арнаулы нормативтік
актілер мен шаруашылық серіктестік заңдарымен реттелмесе, онда Азаматтық
Кодекстің нормалары қолданылады. Қазіргі уақытта ҚР-да заңды тұлғалардың
құқықтық жағдайы келесідей арнайы құқықтық нормативтік актілермен
реттеледі:
-Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің Заң күші бар Жарлығы;
-Шаруашылық серіктестіктуралы ҚР-сы Президентінің жарлығы;
-Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
туралы ҚР-ның серіктестігі;
-Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы;
-Банкроттық туралыҚазақстан Республикасының Заңы ;
-.Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының Заңы ;
- Саяси партиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңы т.б
Курстық жұмысқа жаңалық ретінде қосар ұсынысым былайша көрініс береді.
Қазақстан Республикасындағы өндірістің дамуына орай заңды тұлғалар қоғамда
ерекше орын алатындығы мәлім. Бұл қатынастарды құқықтық реттеудің
күрделілігі осы саладағы нормативтік-құқықтық актілердің көптігімен
сипатталады.
Курстық жұмысының құрылымы кіріспеден, 2-тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ғылыми әдебиеттерде заңды тұлғаларға көп көңіл бөлінген. Атап
айтқанда, аталған тақырыпты зерттеу барысында А.ГДиденко, Ю.Г.Басин,
Д,А.Колбасин, Ғ.Тулеуғалиев, Ғ.А.Жайлин секілді ғалымдардың еңбектері
қолданылды.
1 Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер
1. Заңды тұлға туралы түсінік
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың
дербес субъектісі ретінде қатысу, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға
да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген:
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі
бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан
мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды
тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға
тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша
айқындайды: 1) ұйымдасқаңдық бірлігі; 2)мүліктік оқшаулығы; 3) дербес
мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті
болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды
тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады.
Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе,
жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге
асырады.
Мүліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалық-құқықтық белгісі болып
табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада
әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды барқару
құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы, дербес балансының мөлшері
мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл
жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық
кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-бабының 1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз
міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.
Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның
міндеттемелері бойынша (қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен
тағайындалуы мүмкін.
Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім
серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері
бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы);
2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің
жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы); 3) егер заңды тұлғаның
банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК –тің 44 бабының 3
тармағы), 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК –тің
94 бабының 2 –тармағының 2 –ші бөлігі), сондай –ақ негізгі шаруашылық
серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа
ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі (АК –тің 94 бабының 2 –бөлігінің 3
–тармағы), 5)серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген
жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК –тің
77 –бабының 1 –тармағының 2 –бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы
жауапкершілік.
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъект ісі
ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде
(теориясында) заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды
тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.
Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды
білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның
орны қандай және заңды тұлғаның мән -мағынасы неде деген сауалдарға
байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек
еткен көрнекті ғалым профессор С. И. Аскназий "мемлекеттік ілімнің" авторы.
Ол былай деп айтқан: "мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі
тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды".
Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған "егер олай болса мемлекет
өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой" деген уәж айтады.
Академик А. В. Венедиктов "ұжым ілімін" алға тартты. Бұл ғалымның
айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген:
а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен
қызмекерлерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д.М.Генкин "әлеуметтік ақиқат" теориясын ұсынады, яғни онда
ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын
басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде
қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К. Толстой "директор
ілімін" алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін
білдіруші — директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың "әлеуметтік байланыстар
ілімі", А.А. Пушкиннің "ұйымдастыру ілімі", Е. А. Сухановтың "мақсатты
мүлік" тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды
тұлғаға "адамдардың қатысы" жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл
орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды
тұлға мүддесі үшін" әрекет етеді, екінші ісінде адамдардың әрекеті осы
институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды
тұлғаның әрекетімен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда,
мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның
сыртында оның құқықтары мен міндеттерін "жасырын" атқарушы тұратындығын
дәлелдемек болады.
Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де әртүрлі теориялық
көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф. Савиньи "фикция теориясының" негізін
қалады. К.Ф. Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің
қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның
сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды.
Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік
ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы
Гирке болса, "органикалық теорияның" тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам
тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.
Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда) осындай әр қилы пікірлер
кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей
түседі.
1.2 Заңды тұлғалардың түрлері
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі:
коммерциялық жөне коммерциялық емес.
Коммерциялық занды тұлғаны пайда табуды кездейтін ұйым десек
қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза
кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым
деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы
заңының 2-бабы).
Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық
тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив
нысандарында құрыла алады.
Коммерциялық емес ұйым — заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық
бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік
қауымдастық (одақ) нысанындағы занды тұлғалардың бірлестігі нысанында және
заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық
емес ұйымдар туралы заң бойынша 1)коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық
мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;
2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанындағы комммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер
қойылуы мүмкін; 3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша
кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді; 4) коммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына
сәйкес жүзеге асырылады; 5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік
кызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері
(қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға
жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын
қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың
мүлкіне құқықтары:
а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын; ә) құрылтайшыға
(қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;
б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын заңды
тұлғаларға бөлінеді.
Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге
заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында
немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан
мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз
қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды
тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік
кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы
болғандықтан қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық
капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады.
Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын
сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және
діни бірлестіктер жатады (АК-тің 36-бабының 4-тармағы). Жоғарыда
айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын
мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни
бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға
болмайды, себебі "коммерциялық емес ұйым" заң құжаттарында көзделген өзге
де нысандарда құрылуы мүмкін (АК-тің 34-бабының 3-тармағы).

2.1 Заңды тұлғаларды құру
Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер
енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады.
Кодексте занды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген.
Азаматтық кодекстің 40-бабына Сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше
құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару
құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген
органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.
Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті
реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды. Азаматтық
кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай
шарты деп аталатын құрылтай кұжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң
құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін.
Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін — меншік
иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік
иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі,
коммерциялық емес акционерлік қоғам қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де
ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін —
құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты 3) қоғамдық бірлестік,
діни бірлестік үшін — жарғы болып табылады ("Коммерциялық емес ұйымдар
туралы" Заңның 21-бабы).
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары коммерциялық
емес ұйымның өзінің, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) орындауы үшін
міндетті.
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-
қайшылық болған жағдайда: 1) егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына
қатысты болса, құрылтай шартының 2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның
үшінші тұлғалармен қатынасы үшін маңызды болса, жарғының талаптары
қолданылуға тиіс.
Бір адаммен құрылған коммерциялық және коммерциялык емес ұйым тек
жарғы негізінде ғана жұмыс істей алады. Азаматтық кодекстің 41-бабының 3-
тармағына сәйкес шаруашылық серіктестік пен өндірістік кооперативтің
құрылтай құжаттарында олардың қызметінің мәні мен мақсаттарын белгіленуге
тиіс.
Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты енгізілген жағдайда
Азаматтық кодекстің 41-бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен бірге
онда көрсетілген ережелермен шектеліп қалмайтындығы да ескерілген.
Заңды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар аталған баптың 5-тармағында
қамтылған. Жарғының міндетті шартының тізбесінде бірқатар шарттар
қамтылған, атап айтқанда, ол жұмыс тәртібі туралы, әкімшілік пен еңбек
ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастарды және т.б. енгізу қажеттігін
міндеттейді. Занды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-
қайшылық туындаған жағдайда:
1) егер құрылтайшының ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтайшы
шарты;
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен
қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс.
Барлық мүдделі адамдар жарғымен танысуға құқылы.
2.2 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен
басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17-сәуірде шығарған
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" заң күші бар Жарлығымен және
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу туралы Ережесімен реттеледі.
Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызына келетін болсақ, тұлға
мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады. Заңды
тұлғаны тіркеу фактісі занды тұлғаға заң талабын сақтауды және өзінің
құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту
тек сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін желеу етіп
тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
Заңды тұлғаларды қайта тіркеу негіздері Азаматтық кодекстің 42-бабының
6-тармағында келтірілген. Заңды тұлға мынадай жағдайларда: 1) акционерлік
қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық капиталының
мөлшері азайғанда; 2) атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серіктестіктеріндегі
және жабық акционерлік қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта
тіркеледі. Құрылтай құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар
енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде
хабардар етеді.
2.3 Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы
Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы
табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс
қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық
қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар
қатыса алмайтындығы дәлел болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін
құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай
белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір
құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық
қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық
қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған
кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін
жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады.
Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды
тұлғаның құқық қабілеттілігі, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда
болады. Азаматтық кодекстің 35-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлға
азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара
алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары
немесе кұрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез келген қызмет
түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтық
міндетті де атқарады.
Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге
асыра алмауы мүмкін немесе басқа қызметпен айналысуы шектеледі.
Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де ескерілген.
Осының бәрі де жарғы мен басқа да құрылтай құжаттарына енгізіледі әрі олар
қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.
Ал коммециялық ұйымдар болса, керісінше арнайы құқық қабілетгілігіне
жатпайтын жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Мұндай ұйымдар заң
актілерінде тыйым салынбаған қызметтердің кез келген түрін жүзеге асыра
алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен
айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы
құқық қабілеттілігі принципінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік
ерекшеліктері де болады. Біріншіден, мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық
қабілеттілігі заң қүжаттарында қарастырылуы мүмкін. Мысалы, мұндай арнайы
құқық қабілеттілігіне банкілер, мемлекеттік кәсіпорындар ие.
Екіншіден, коммерциялық ұйымдардың құқық қабілеттілігі құрылтай
құжаттарында көрсетілетіндіктен ол құрылтайшылар арқылы шектелуі мүмкін.
Мұндай шектеулер заңды тұлғаның айналысатын қызметі түрлері енгізілген
тізбе арқылы айқындалады, немесе оның қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға
тыйым салынады Коммерциялық ұйымның құқық қабілеттілігіне болатын -мұндай
шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындауының маңызы зор.
Азаматтық кодекстің 37-бабында айтылғандай, заңды тұлға заң мен
құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық
құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер алады.
Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаның ұсыныстарымен есептесіп, оны
жүзеге асырады және оның өз өкілетгілігі шегіндегі әрекеті заңды тұлғаның
әрекеті болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында заңды
тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра
пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК-тің 44-
бабының 4-тармағы). Бірақ заңды тұлға органының жарғыдағы талапты бұзып
жасаған мәмілесін жарамсыз деп тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ
мұндай құқық бұзушылықты білсе немесе білуге тиісті болса және оны
дәлелдесе онда мұндай мәмілені жарамсыз деп тануына болады.
Заңды тұлға органдарының түрі, оларды тағайындау тәртібі немесе таңдау
және олардың өкілеттілігі заң және кұрылтай құжаттары арқылы айқындалады.
Азаматтық кодекстегі 37-баптың жалпы ережесі заңды тұлғалардың нақты
түрлері туралы нормалармен тәртіптеледі.
Заңды тұлғаның органдары алқалы немесе жеке дара болуы мүмкін.
2. Заңды тұлғаның атауы, Азаматтық кодекстің 38-бабының 1-тармағына
сәйкес занды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін
өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның құқық субъектісі ретінде
дараландыру құралы болып табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды
тұлғаның атауы заңды тұлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына
айналады. Заңды тұлға өзінің фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бірыңғай
мемлекеттік тізіміне енеді. Фирмалық атау коммерциялық ұйымның тіркелуімен
бір мезгілде тіркелуге жатады және интеллектуалдық меншікке қатысты
құқықтың (құқықтың ерекше объектісі ретінде), ерекше объектісі болып
табылады (АК-тің 125-бабы).
Бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға ол атауды меншіктейтін
тұлғаның талабымен оны қолдануды дереу тоқтатуға және келтірілген залалдың
орнын толтыруға міндетті.
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық
нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы
мүмкін. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі.
Азаматтық кодекстің 38-бабы заңды тұлғаның атауына байланысты қойылатын
талаптармен қоса оған белгілі бір дәрежеде шектеу жасайды. Айталық, заңды
тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы
келетін аттар болса, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімімен
сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан
(олардың мұрагерлерінен) рұқсат болмаса, ондай есімдерді пайдалануға жол
берілмейді.
3. Заңды тұлғаның тұрған жері. Заңды тұлғаның тұрған жері іс жүзінде
(міндеттемені орындауда азаматтық істерді сотқа беру және т.б. анықтауда
да) өте маңызды. Азаматтық кодекстің 39-бабында заңды тұлғаның тұрақты
жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылатынын және
заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекені-
жайы жазылып көрсетілетіндігі қарастырылады.
4. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері. Азаматтық кодекстің 43-
бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның
міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін
жүзеге асырушы оқшау бөлімшері филиал болып табылады. Ал заңды тұлғаның
тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін
жүзеге асыратын оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын
оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады. Филиалдар мен өкілдіктер заңды
тұлға болмайды. Бұларға өздерін құрған заңды тұлғаның мүлкі беріледі және
оның бекіткен ережелері негізінде жұмыс істейді. Өзгеше нысандағы заңды
тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын заңды тұлға уәкілдік
берген орган тағайындайды және оның сенімхаты негізінде жұмыс істейді.
Сөйтіп филиалдар мен өкілдіктер басшылары (филиал мен өкілдіктің өзі емес)
заңды тұлғаның өкілі ретінде әрекет етеді. Филиал немесе өкілдік басшысының
өкілеттілігі филиалды немесе өкілдік ережесімен емес, оған берілген
сенімхат ретінде айқындалады. Филиалдар мен өкілдіктер басшыларының
мәмілелері занды тұлға атынан жасалады және ондай мәмілелерден туындаған
міндеттемелік жауапкершілікті мүліктің бәрін өзіне еншілейтін заңды тұлға
көтереді. Азаматтық кодекстің 42-бабының, 4-тармағына сәйкес филиалдар мен
өкілдіктер заң құжаттарында белгіленген тәртіппен тіркеледі және оларды
құрған заңды тұлғаның жарғысында көрсетілуге тиіс.
Филиалдар мен өкілдіктердің құқықтық ережесінде айтарлықтай
айырмашылық жоқ. Бірақ, егер филиал заңды тұлғаның міндетінің барлығын не
бөлігін, оның ішінде өкілдіктің де міндетін жүзеге асыратын болса, онда
өкілдік өзін құрған заңды тұлғаның мүдделерін қорғауға тиісті және оның
атынан мәмілелер мен басқа да құқықтық әрекеттер жасай алады.
5. Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату. Қайта құру дегеніміз заңды
тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлыққа өтуіне байланысты
тоқтатылу тәсілі болып табылады. Қайта құрудың бес түрі бар (АК-тің 45-
бабы): қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту. Заңдарда қайта құрудың
басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Қайта құру ерікті түрде немесе
ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті қайта құру заңды тұлғаның мүлік меншік
иесінің немесе құрылтай құжаттары бойынша қайта құруға өкілеттігі бар заңды
тұлғаның органының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бірақ мынадай жәйтті
ескеру керек, яғни заңды тұлғаның жекелеген түрлері үшін құжаттарының
императивті (бұйрық) нормасы заңды тұлғаның нақты органдарының құзыретіне
қатысты келіп, оны қайта құруға байланысты қабылдаған шешімге сәйкес
болады. Азаматтық кодекстің 79-бабына сәйкес қатысушылардың жалпы
жиналысының айрықша құзыретіне жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта
құру немесе тарату туралы мәселені шешу жатады. Тиісінше заңды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz