Бассейндік шаруашылығы басқармасының міндеттері мен функциялары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы

бассейіндік басқару

40 - бап. Бассейндік шаруашылығы басқармасының

міндеттері мен функциялары

1. Бассейндік су шаруашылығы басқармалары (бұдан әрі бассейндік басқармалар) - уәкілетті органның областарда бөлімдері бар, су қорын пайдалану және күзету саласындағы өңірлік органдары (екі және оның да көп облыстардың аумақтарында олардың қызметі жүзеге асырылады және оның өкілеттіліктері қолданылады), олардың негізгі міндеті тиісті бассейн аумағында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру болып табылады.

2. Бассейндік басқармалар мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) бассейндік принцип негізінде гидрографиялық бассейннің су ресурстарын кешенді басқару;

2) оң экономикалық әсерге, орынды, әділ және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткізу мақсатында су қатынастары субъектілерінің су ресурстарын пайдалану жөніндегі қызметін үйлестіру;

3) тиісті бассейн шегінде перспективалық жоспарлар мен даму бағдарламалары негізінде су объектілерін қалпына келтіру мен қорғау туралы бассейндік келісімер дайындау және іске асыру;

4) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бассейндер бойынша мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастрын және су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлеріне лицензия немесе рұқсат беру, олардың күшін тоқтата тұру;

7) мүдделі мемлекеттік органдардың қорытындыларын:

тиісті бассейннің су объектілерін ұтымды пайдалану жөніндегі облыстардың (республикалық маңызы банр қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының жоспарларын;

судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орын айқындау жөніндегі ұсыныстарды;

судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды слу мен қайта жаңғырту жобаларын;

су объектілерінде, су қорғау белдеулері мен аймақтарында құрылыс, түбін тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсімдіктерін өндіру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, кабельдер, труба құбырларын және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргізу туралы құжаттарды;

су пайдаланушылардың су объектілерін сақтау, олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын келісу;

8) судың жай-күйіне әсер ететін өндірістік, ауыл шаруашылық және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесінде туындаған зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысу;

9) су пайдаланушылар деңгейінде және тиісті бассейн бойынша су пайдалану лимиттерін айқындау;

10) жер асты суларының қорларын бекітуге қатысу;

11) бірлесіп пйдаланатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар ірі су қоймаларының жұмыс режимін бақылауды жүзеге асыру;

12) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектілері бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзірлеу және олардың сақталуын бақылау;

13) тиісті бассейн суларын кешенді пайдалану мен қоғау схемасын, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерін келісу;

14) тиісті бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысу;

15) су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға беру туралыұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келісу;

16) судың жай-күйіне әсер ететін, су қорын пайдалану мен қорғау саласында белгіленген нормалар мен ережелерді бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектілері мен өзге де объектілерді қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен талаптар қою;

17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кінәләндірді жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру;

18) Қазақстан Республикасының су заңдары бұзылған жағдайда мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы сотқа талап-арыз беру;

19) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйі мен сапасын жақсарту жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;

20) су қорын пайдалану мен қорғау мәселелері бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

21) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау ісінде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргізу;

22) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 13-III Заңмен 40 баптың 22 тармақшасы алып тастады.

23) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспатарын пломбалау және тіркеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су ресурстарын алаптық басқару
Экологиялық құқықтық қатынас субьектілерінің құқықтары мен объектілері.
Су қоры жерлерін берудің тәртібі
Жер-су қатынастарын реттеудегі мемлекеттің рөлі
Экологиялық бақылауды ұйымдастыру
Географиялық жағдай
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті
Аңшылық шаруашылығындағы табиғат қорғау ісі
Экологиялық кадастр - оқушылардың оқытушымен өзіндік жұмыстарын (дүрмектік) орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Су ресурстарын бірігіп басқару (СРББ) жайлы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz