Орталық банктен және басқа коммерциялық банктерден алынған несиелер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
М а з м ұ н ы

Кіріспе
1 банктіК маркетинг ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасында коммерциялық банк жүйесінің қалыптасуы және
даму тарихы
1.2Коммерциялық банктердегі маркетинг қызметінің ерекшеліктері

2 Банк ресурстарын орналастыру және қалыптастырудағы коммерциялық
банктердегі маркетингтің қажеттілігі
2.1. Банк ресурстарының құрылымы, оның қалыптасу реттері
2.2. Экономиканы және халықты несиелендіру
2.3. Қаржылық қызмет көрсетудің жаңа түрлері

3 Нұрбанк қызметіндегі маркетингтің алатын орнын талдау..
3.1. Нұрбанктің басқару жүйесі
3.2. Нұрбанктің қызмет нарығын зерттеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

К і р і с п е

Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие - ақша және қаржы
шаруашылығының тез қарқынмен дамуы екі буынды банктік жүйенің қалыптасуына
әкелді, яғни мемлекеттік және коммерциялық немесе екінші деңгейдегі
банктер.
Коммерциялық банктер нарықтық экономиканың несиелік жүйенің негізгі
буыны болғандықтан, олардың міндеті өз өнімдері ақша айналымы мен капитал
айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін,
мемлекетпен халқты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай
жасау болып табылады.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айырбасы операциаларымен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне
осында коммерциялық банк деген атауға ие болады). Бірақ өнеркәсіптің
басқа салаларының дамуымен экономиканың өзге де аясына қызмет көрсете
бастағандықтан да, банктің коммерциялық деген атауы бастапқы мағанасын
біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді, оның
шаруашылық агенттерінің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі, олардың
қызметтерінің саласына байланыссыз болады.
Ұлттық банктің рұқсатымен коммерциялық банктер Қазақстан Республикасы
аумағында және одан тысқары жерлерде өз қызметтерін іске асыра алады.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несие жүйесінің
басқа да буындары сияқты, олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек,
яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелерінің
өзгеруі және көптеген жаңа қызмет көрсету түрлерін меңгеруі. Бүгінде кейбір
мемлекеттерде коммерциялық банктер 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге
мүмкіндігі бар.
Коммерциялық банктер экономикаға қызмет етуде нарықтық жүйенің
орталық буынына ие бола бастады. Сондықтан Банктік маркетинг және оның
Қазақстан Республикасында даму бағыттары тақырыбында ұсынылып отырған
курстық жұмысын, экономика мамандығының жоғары курс студенттері мен
болашақта банк қызметкерлері болам деушілерге коммерциялық банк туралы
теориялық білімін қалыптастыруға және де маркетинг қызметінің банк
жүйесінде дамуын білгісі келетіндерге көмекші құрал ретінде пайдалануға
болады.
Банктік қызметтің ең бір маңызды саласы банктік маркетинг болғандықтан
мен осы тақырыпты таңдауды жөн көрдім.
Сонымен коммерциялық банктердің маркетинг қызметі – қаржы қызметі
ағымын банктен клиентке бағыттауға байланысты, банк қызметін ұйымдастыру
мен басқару жүйесі: нарық жағдайына есептің және белсенді ықпалдың
көмегімен табысты еселеуге бағытталған банкті стратегиялық басқару
элементтері болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерде жалпы қабылданған маркетингке анықтама
берілмеген. Ол маркетингтің атқаратын қандай да бір қызметің маңызына қарай
өндіріс философиясы, бизнес философиясы, өткізу жүйесін басқару,
старатегиялық шешімдерді қабылдау стратегиясы сияқты түсіндіріледі.
Мұндай маркетингтің көп мағаналы түсініктері, ол әртүрлі қызметтер
өрісінде шешетін маркетингтің көптеген сұрақтарына байланысты.
Қаржылық маркетингтің қызмет өрісі болып қаржы нарығы табылады.
Қаржылық маркетингтің құраушы бөлігі, банктік өнім мен қызметі немесе қаржы
нарығында банктік қызметтерді іске асырушы болып банктік маркетинг
табылады.
Банктік маркетинг – бұл банктік өнімдерді өндіруді жоспарлайтын, қаржы
нарығын зерттейтін, коммуникацияны жөндеу, баға тағайындау, банктік өнімнің
қозғалысын ұйымдастыру және банктік сервистік қызметті дамыту процесі.
Маркетингтік зерттеулерде банктік қызметтер банк өніміне сұраныс пен
ұсыныстың көрсеткіштерін талдау спецификасын қолданады. Мысалға:
рэндиттің нақты шамасы, спрэданың нақты шамасы, оның пайыз
шамасын сұраныстың жоғарғы бағасымен, сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келу
көлемі, сұраныс пен ұсыныстың орташа өлшемі және т.б.
Осыған байланысты курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім Банктік маркетинг және оның Қазақстан Республикасында
даму бағыттары деп аталып онда, Қазақстан Республикасында коммерциялық банк
жүйесінің қалыптасуы және даму тарихы, коммерциялық банктердегі маркетинг
қызметінің ерекшеліктері, коммерциялық маркетинг функциясы және оны
ұйымдастыру туралы сөз болады .
Екінші бөлімде, банк ресурстарын орналастыру және қалыптастырудағы
коммерциялық банктердің операцияларында банк ресурстарының құрылымы, оның
қалыптасу реттері, экономиканы және халықты несиелендіру, қаржылық қызмет
көрсетудің жаңа түрлері, клиенттермен жұмыс кезінде маркетингті
ұйымдастыру, банктің имиджін қалыптастыру саясаты, банктің жарнамалық
компаниясы жайлы байандалса.
Ал, үшінші бөлім, Нұрбанк қызметіндегі маркетингтің алатын, орнын
талдау деп аталып онда Нұрбанктің басқару жүйесі, Нұрбанктік қызмет
нарығын зерттеу, бәсекелестік нарығын талдау маркетингтік зерттеулер,
Нұрбанктің клиенттерді тарту үшін маркетингтік жоспары және жылдық табысы
жайлы айтылып онда өзімнің өткізген іс – тәжірибемнің қорытынды
материалдарыммен талдау жасап, дәлелдемелер келтірдім. Соңында қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалар бар.
Бұл курстық жұмыста Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және банк
қызметі, Қазақстан Республикасындағы Банктер және банк қызметі туралы
жазылған.
Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар жарлықтары және
солардың негізінде шыққан нормативтік құжаттар мен ережелер басшылыққа
алынған.
Бұл курстық жұмыстың ғылымилығы коммерциялық банктерде маркетингті
колданудың тиімділігі мен оның халық және экономика үшін тигізетін
пайдасының бар екені дәлелденіп, сонымен қатар коммерциялық банктерде
маркетинг қызметін ұймыдстыру оның әдіс - тәсілдерін өз жұмыстарында
қолданудың, бәсекелесті экономикада өз жұмысын ойдағыдай іске асыру барысын
талдайды және де мол септігін тигізетіндігі.
Қазіргі уақытта еліміздегі коммерциялық банктердің операциялары
жөнінде өз зерттеуін жүргізіп жатқан тұлғаның бірі–экономика ғылымының
докторы, профессор, ҚР ҰҒА - ның корреспондент мүшесі Сейтқасымов Ғ.С

1 банктіК маркетинг ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасында коммерциялық банк жүйесінің қалыптасуы
және даму тарихы

Кеңес өкіметі кезінде Қазақстанда өзінің банк жүйесі болған жоқ.
Республика территориясында КССР –да орталықтандырылған несиелік жүиенің
бөлімі мен филиалдары құрылды. Осыған байланысты банктік жүйе тарихы
революцияға дейінгі Россия мен КСРО тарихы мен бөлініспестей байланысты.
Россияның мемлекетік банкі барлық несие жүйесінің орталық банкі болды. Оған
айналымға қағаз ақшаларды шығаруға монопольді құқық болды. Басқа елдердің
орталық эмиссиалық банкінен Россия мемлекеттік банкінің айырмашылығы ол тек
қана банктерді несиелендірген жоқ, сонымен қатар өнеркәсіпті, сауданы
несиелендірді. 1914 жылы ол 10 контор, 124 бөлім және 791 мемлекеттік
шаруашылық кассадан тұрады. Акционерлік коммерциялық банктер саудалық
капиталдар нарығында басым бөлігін құрады және 1914 жылы жоғары дәрежелі
концентрацияға жетті.
Орта және шағын буржуазияларға қызмет көрсету үшін ұсақ несиелік
мекемелері қалыптасты: несие біріктіру қоғамы, қоғамдық қалалық банктер.
Ипотекалық несие жүйесі мемлекеттік дворяндық жер банктер, 10
акционерлік жер банктері, 36 қалалық несие банктері және басқа да
ипотекалық несие банктерінен тұрады. Басқа несие мекемелерінің ішінен
кооперация үлкен орын алады. Ол ссуда – жинақ кассасынан және несиелік –
серіктестіктен құралады.
1917 жылы Қазан революциясынан кейін мемлекетте банктік іс ұйымдарын
монополиялау принциптері жүзеге асырылады. Елімізде мемлекеттік банк
құрылды, одан кейін жекелеген коммерциялық және басқа банктерді ұлттандыру
нәтижесінде мемлекетке жататын салалық және территориялық банктер құрылды.
Банк жүйесінің бөлігінің бірі болып мемлекеттік еңбек жинақ кассасы
табылады. Алғашқы жылдары кеңес өкіметінде мемлекеттік банктермен бір
уақытта мемлекеттік емес несиелік мекемелер құрылды: кооперативтік және
жеке, мемлекеттік және капиталистік, соның ішінде: шетел капиталдарының
қатысуымен 1922 жылы құрамында мұрагерлік өнеркәсіп және ауылды жақсарту
мақсатында несиелік және ссуда-жинақтық серіктестік және олардың кеңестерін
құра бастады. 1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына салым қабылшдау,
ссуда беру және есеп айырысуда делдал болу түріндегі несие операцияларын
жүргізуге рұқсат етілді.
1992 жылы шетел капиталдарының қатысуымен мемлекеттік-капиталистік
акционерлік оңтүстік-шығыс банкі және Россиялық коммерциялық банк
өнеркәсіпті, жергілікті сауданы несиелендіру үшін өзара несие қоғамын
құрады.
Экономиканың социалдық секторының дамуымен байланысты кооперативтік
және жеке несие органдыры өзінің біртіндеп мәнін жоғалта бастады және өмір
сүруін тоқтатты.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру 1931 жылы құрып кететін қажет емес
несие кооперациясын құрады. Өнеркәсіп және сауда сферасынан жергілікті
секторды ығыстыру өзара несие қоғамының қызметін тұқыртуға әкеліп соқтырды.
Басқа несие органдарының функциялары 1922-1925 жж құрылған мемлекеттік
салалық банктерге ауысады: Промбанк, Цекомбанк, Всекобанк, Орталық ауыл
шаруашылық банкі және басқа да банктер.
1930-1932 жж КСРО – да несие реформасын жүргізудің нәтижесінде жаңа
принциптерге сәйкес салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал салымдарын
банктер несиелендіру және қаржыландыру негізінде 4 арнайы банк құрылды:
1. Электор шаруашылығын және өнеркәсіпті ұзақ мерзімге несиелендіру
банкісін қайта құру негізінде электор шаруашылығын және өнеркәсіп құрылыс
капиталын қаржыландыру банкі (Промбанк). Ол 1959 жылы КСРО Стройбанкі
болып қайта ұйымдастырылған.
2. Республикалық ауыл шаруашылық банктері және көптеген несие-
серіктестіктерінің орнына социалистік жерге орналастыруды қаржыландыру
банкі (Сельхозбанк) 1959 жылы оның функциялары Госбанк пен Стройбанк
арасында бөлініп, таратылған.
3. Барлық Россиялық кооперативтік банктің базасында капиталдық құрылыс
кооперациясын қаржыландыру банкі (Всекобанк). 1936 жылы Всекобанк
жойылып, оның активтері мен пассивтерін сол кезде ұйымдастырылған
Торгбанк берілді; Ол 1959 жылы таратылды.
4. Тұрғын – үй құрылыс және коммунальды қаржыландыру банкі; ол 1959
жылы таратылған, ал оның қызметтері Стройбанк пен Госбанк арасында
бөліске салынды.
Осы аталған салалық банктердің барлығы салаларды ұзақ мерзімге
несиелендіру және қаржыландырумен айналысқан, ал КСРО Госбанкі де халық
шаруашылығының барлық салаларын қысқа мерзімге несиелендіруге
шоғырландырған еді.
КСРО Госбанкінің ролі барлық несиежүйесінің орталық жәнежетекші бөлімі
ретінде әрі қарай жоғарлады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есептік
және ағымдық шоттары КСРО Госбанкіне негізделді.
Барлық кеңес респуьликаларында, соның ішінде Қазақстанда барлық
банктердің мемлекеттік мекемелері ұйымдастырылды. Мұнда банкілік істің
орталықтандыру принципі банк мекемелерінің жоғарытұрған банк органдарына
бағынуын, қандайда бір жергілікті тәртәптердің қалыптасуына рұқсат
берілмеуін қадағалап отырды.
Сонымен қатар бір банктегі ақша айналымын шоғырландыру принципі тәжірибе
жүзінде жүзеге асырылды, яғни әрбір ұйым, кәсіпорын және мекеме тек қана
бір банкте есептік және ағымдық шоттарын ұстай алады. Осы банкте олар
өздерінің қаражаттарын сақтады, ақшалар және несиелер алды және сол арқылы
барлық ақшасыз есеп айырысулар жүргізілді.

1.2 Коммерциялық банктердегі маркетинг қызметінің ерекшеліктері

Маркетинг – қаржылық қызмет көрсету нарығындағы банктік өнімдердің
қозғалысындағы банктің стратегиясын анықтайтын, банктік қызметтің маңызды
функциясы болып табылады. Маркетингті бәсекелестік стратегияның құралы
ретінде пайдалану клиенттермен жұмыс жасаудың міндетті элементі болып
табылады. Маркетинг түсінігі өнім (қызмет) мен тығыз байланысты, банктік
маркетингтің соңғы мақсаты сияқты оны табысты тарату анықтайды.
Кез - келген, басқа да өнім сияқты, өткізу үшін тағайындалған банктік
өнім өзінің тарату каналдарының барлық стадияларын қамтиды: өнімді шығару
туралы идеяның туындауы; идеяны таңдау, сату жоспарының көлемін талдау;
тест-маркетинг (тұтынушының реакциясын тексеру); өнімді коммерциализациялау
(бәсекелік бағаны тағайындау). Кез – келген , басқа иә өнім сияқты ,
өткізу үшін тағайындалған банктік өнім өзінің тарату каналдарының барлық
стадияларын қамтиды : өнімді шығару туралы идеяның туындауы ; идеяны таңдау
, сату жоспарының көлемін талдау ; тест - маркетинг (тұтынушының реакциясын
тексеру); өнімді коммерциализациялау ( бәсекелік бағаны тағайындау ).
Банктік өнім ерекшелігі, ол ақшаны айналдыру құралы болып клиент пен
банктің арасындағы қаражаттық делдалдық ұйымдардың мақсаттарына қызмет
етеді. Сайып келгенде – банкілік маркетингті, аспаптардың айқын терімі
арқасында банкілік өнімді клиентке дейін жеткізуіге бағытталған, базарды
зерттеу, жарнама, қызмет көрсетудің жылжуы, сатылулардың ынталандыруы,
сатылудан кейінгі бақылау кіретін қызмет сияқты анықтауға болады.
Банктік маркетинг банктің менеджментінің құрама бөлігі болып келеді,
сондықтан да ең алдымен даму стратегиясымен байлаулы. Стратегиялық
маркетингтің мәні банктің мынадай саясатында көрінеді, ол өңдеу кезінде,
енгізу және жаңа банкілік өнімдерді игеру алдын ала маркетингтік зерттеулер
өткізілген базасында жүзеге асады . Маркетинг тактикалық жоспарда, қалай
банкілік өнімдердің тұтынушысымен жұмыс істеуді, қалай банкілік өнімдер
базарында бәсекешілерді дұрыс бағалау - олардың күштілігін және әлсіздігін,
қалай банк қызметтеріне арналған сегменттер мен қуыстар таңдауды және өз
ықпалын жасау сферасын кеңейтуді анықтайды. Банкті басқару, тұтынушылар
өнімге қандай қызықты сауалдар қоятынын, банктік қызметтің қандай
мінездемелері тұтынушыны қызықтыратынын, керісінше ненің жағымсыз
сезімдерді шақыратынын толық білсе нәтижелі болуы мүмкін.
Банктік маркетингтің негізгі принциптары мыналар:
- банкілік қызметтің ақырғы нәтижесіне жетуін көздеу - көбіне
клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыратын қызмет көрсетуі. Банктік қызмет
көрсетудің негізгі мақсаты пайда алуы емес;
- маркетингтік қызметтің ұзақ уақыттық нәтижелерге бағытталуы.
Базарда қызмет көрсетудің нәтижелі орындалуы, банктің алдын ала салыстыра
тексерілген даму стратегиясына қатал ерсе ғана мүмкін. 90-шы жылдардың
ортасы мен соңында банктік жүйе дағдарыстары көрсеткендей, СССР ыдырағаннан
кейін құрылған мемлекеттердің қалыптасу кезеңіне ылайық, көптеген орта және
ірі банкілер, ұзақ мерзімді дамуға зиян, минуттық пайдаларға өз қызметтерін
бағыттайды. Банкілік жүйені реформалаудың нәтижесі болып маркетингті
жоспарлауда нарықты зерттеудің мәліметтерін кең қолданылуы керек:
- тактика мен стратегияның бірлестігі, потенциалды клиенттердің
талаптарына бейімделуге белсенді шаралар және оларға бағытталған әсер. Осы
принциптерді қолдану бәсекеде банктік технологияларға хабардар болуды
білдіреді;
- маркетингтік қызметті жоспарлауда өнімнің тіршілік циклы
концепциясын қолдану, көз жетерлік дәуірге өнім қалыптасу кезеңдері
анықталғанда (инкубациялық дәуір), қажеттіліктерді толықтыру және өткізу
нарықтарының кеңейтуіне арналған жаңа мүмкіншіліктердің іздеу (ержету
дәуірі), банкілік өнімге сұраныс төмендеуі (қартаю дәуірі).
Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез-келген кәсіпорынның маңызды кезеңі
болып – тауар және қызметтерді өткізу (тарту). Банік ісі кәсіпкерлік
қызметтің түрі сияқты ол да қалыс қалмайды. Банк басшылары және оның барлық
қызметкерлерінің мақсаты болып клиенттерді тарту, өзінің өткізу қызметінің
жүйесін кеңейту, нарықты жаулап алу және соңғысы алатын табысын жоғарлату.
Осы мақсатқа жету құралы болып банктік маркетинг табылады.
Алғашқыда банктер маркетингті тек клиенттерді тарту және ұстап қалу,
сұранысты меңгеру құралы ретінде қарастырды тек 80 –ші жылдары ғана
коммерциялық банктердің негізі болып маркетинг концепциясы қалыптастырылды.

Маркетинг қызметінің мазмұны және мақсаты соңғы жылдары қаржы
нарығындағы бәсекенің күшиюі және банкпен клиент арасындағы қатынастың
өзгеру салдарынан маңызды өзгерді.
Маркетингтік стратегия бірінші кезекте өз өнімдерін емес, клиенттердің
нақты қажеттіліктерімен хабардар болуын болжайды. Сондықтан маркетингтік
нарықты мұқият зерттеу, алмастырылған бейімділіктердің талдауын , дәмдердің
және банкілік қызметтерді тұтынушыларының жоғары бағалауларын болжайды.
Банкілік қызметшілер қаражаттық өнімдердің сатушысы бола бастайды, және ол
мынада артқы 20-30 жыл жағдаймен салыстырғанда маңызды алға жылжу
байқалады.
Клиенттерге (заңды және жеке тұлға) ұсынылатын банктік қызметтің ірі
спекторын дамыту және құру негізгі алғы шарттар қатарымен анықталады: банк
стратегиясын қалыптастыру, тиімділік анықтамасы, сату қызметі, нарықты
зерттеу, кадр саясаты және т.б.
Банк жүйесіндегі маркетингтің негізі болып банк өнімінің ерекшелігі
анықталады. Біздің экономикалық әдебиетеріміздіе банктік өнім термині
нарықтық экономикаға өту процесінде пайда болды. Осыдан кез-келген банкте
жасалған қызмет және операциялар жобаланады.
Кез-келген банк маманы және жұмысшысы өзінің жұмысында күнделікті
қолдану үшін маркетингтің негізгі принциптерін білуі керек. Коммерциялық
банктер өмір сүру үшін , ең маңызды банктік қызметтерді қолдану керек.
Батыс банктердің ұсынып отырға 200 түрлі қызметінгің ішінен біздің отандық
банктер тек 80-ін ғана қолданып отыр.
Жақында банктер аз, ал клиенттер көп ақша сомасына ие болғанда,
банктік қызымет нарығы сату нарығы қызыметін атқарды. Бірақ соңғы уақытта
экономиканың тұрақтану қарсаңында және ақша ресурстарының сақталған
тапшылық жағдайындағы банктердің негізгі клиенттері – кәсіпорындар банктік
қызмет нарығы сатып алу нарығына айналды. Осы кезден бастап банктердің
көпшілігі клиентті өздеріне тартудың жаңа әдістерін іздей бастады. Осы
мақсатта олар маркетингті жеткілікті қолдануға болады.
Сондықтан , банктегі маркетинг – бұл банктің стратегиясы мен
философиясы, Банктің барлық бөлімдеріндегі басшыларынан бастап төменгі
звеноларына дейінгі қайсысының жұмысы клиентке тиісті яғни барлығының
белсенді жұмыс істеуін түпкілікті дайындығын, терең әрі жан-жақты талдауды
талап етеді. Қызметтерді ұйымдастыруда маркетингілік әдістер клиенттің
тұтынушылығына коммерциялық банк өз өнімін таңдауды ұсынады. Сондықтан
нарықта банктік қызметті тұтынушының таңдауына және талғамның өзгеру
сараптамасын тиянақты білу қажет.
Қазіргі маркетинг аясында банктік клиенттермен қатынасы өзгереді.
Егер бұрын банктер клиенттерге стандартты банктік қызметтерді ұсынса, ал
қазір ол клиенттердің нақты топтарына: ірі кәсіпорындар, шағын фирмалар,
жеке тұлғалардың бөлек категорияларына және тағы басқаға бағытталған
банктік өнімнің жаңа түрлерін күнделікті дайындаулары тиіс Қазір
Қазақстанда бұл көрсеткіштер 80 % -ға жақын. 2003-2005 жылдарды Қазақстан
Республикасының Президентті Н.Ә. Назарбаев ауыл жылы деп хабарлады,
сондықтан көптеген ірі коммерциялық банктер ауыл еңбекшілерін
жеңілдіктермен несиелеу бағдарламасын қабылдады.
Осы жерде ұсынылған банктік қызметтердің сапасы мен
диверсификациясына назар аудару керек. Батыста үй шаруашылығына чектік
книжкалар, несиелік және есеп айырысу карталарын, ұзақ мерзімді банктік
несиелерді, үш және автокөліктерді сатып алуға жылдам несиелер, қымбат
бағалы заттарды сақтау үшін сейфті жалға алу, клиенттердің активтерін
сенімді басқару және көп-көтеген тағыда басқаларды қолданады. Ал біздегі
коммерциялық банктік қызметтің саны үй шаруашылығына ұсынылғаны көбіне
шотта ақша сақтау, дебиторлық карталармен қызмет көрсету және қысқа
мерзімді несиелендірумен шектеледі.
Банктік маркетингті - клиенттің нақты тұтынушылық есебімен банктің
өнім нарығының ең тиімдісін банктік қолдану және істестіруі сияқты
анықтауға болады. Бұл банктің мақсатын нақты анықтау, оларға жету әдістері
мен іске асыру жолдарын және жоспарды орындау үшін нақты іс-шараларды
әзірлеуді ұсынады.

2 Банк ресурстарын орналастыру және қалыптастырудағы коммерциялық
банктердің операциялары

2.1 Банк ресурстарының құрылымы, оның қалыптасу реттері

Коммерциялық банктердің ресурстары қалыптастыруды қамтамасыз ететін
операциялар жиынтығы пассив операциялар деп аталады. Пассив операциялар
тарихи жағынан активті операцияларға қарағанда алғашқы және анықтаушылық
рольді атқарады. Өйткені активт операцияларды жүзеге асыру үшін жеткілікті
ресурстар көлемі болуы қажет.
Банк іс әрекетінің өзгешелігі, оның ресурстарының көп бөлігі өз
меншік есебінен емес, тартылған қаражаттар арқылы құрылуы болып табылады.
Тартылған қаражаттарға коммерциялық банктердің мүмкіншілігі Ұлттық банк
арқылы реттеледі.
Нарыққа көшу жағдайында банк үшін ресурстарды қалыптастыру, ерекше
маңыздылықта болды. Қазіргі уақытта банк ресурстары Ортақ емелекеттік
қор деген мағанасын жоғалты. Сондықтан банктер коммерциялық өз бетімен
бәсекелестік жағдайда меншік капиталы мен ресурстарды тартуды
қалыптастыруға көп күш пен уақыт жіберді. Коммерциялық банктердің
ресурстары меншік пен тартылған қаражаттар жиынтығынан тұрады.
Меншікті қаражат- бұл жарғылық қор және коммерциялық пен шаруашылық
әрекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылған басқа да
қорлар, және де өткен жылдардағымен ағымдағы жылдан түскен пайда болып
табылады. Меншікті қаражат құрамына мыналар енеді: жарғылық қор, резервтік
қор және бөлінбеген пайда.
Жарғылық қор немесе акционерлік капитал бағалы қағаздар нарығында
акцияларды орналастыру арқылы жинақталады. Жарғылық қордың мөлшері, оның
қалыптасуы мен өзгеруі банктің жарғысында көрсетіледі.
Банктік резерв қоры ағымдағы пайдадан бөлінбеген сомадан құрылады. Ол
ойда болмаған шығындарды, бағалы қағаздар курсының төмендеуінен болатын
шығындарды жабуға арналған. Оның мөлшері жарғы қорына байланысты пайызбен
белгіленеді.
Бөлінбеген пайда ол арадағы транзит шоты. Онда акционерлер арасында
дивидент түрінде бөлінбеген және резервке түспеген пайда жинақталады.
Пайданы резервке бөлу төлемін салықты төмендету әдісіне жатады. Себебі
резервтің көп түрі салықтан босатылады. Меншікті қаражат коммерциалық банк
акционерлерінің хал-жайын, банктің таза құндылығын көрсетеді. Сондықтан
олардың қозғалысы халықаралық ережелер бойынша құрылған қаржылық есеп беру
жинағындағы ерекше есеп беру затты болып табылады.
Қазіргі коммерциалық банктердің ресурс қорындағы меншік қаражатының
үлесі 10 пайыз шамасында. Басқа кәсіпорындар мен салыстырғанда қаржылық
ресурстар құрамында меншікті қаржаттың төменгі деңгейде болуы мынадай
жағдайлар мен түсіндіріледі:
- банктер қаржылық нарықта қаржы делдалы ретінде, басқа
кәсіпорындардың және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын салым
түрінде жинақтайды. Осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-
ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде
қарызды қарыз алушыға ұсынады.
- Банктерге тартылған салымдар басқа кәсіпорындардың материалдық
объектілер активтеріне қарағанда, қондырғы ғимараттар ыңғайлы,
өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындар мен салыстырғанда, осы барлық міндеттемелер
коммерциалық банктерге меншікті қаражаттың тартылған ресурстарға өзара
қатынасына өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік
береді. Ең алдымен меншікті қаражат банк қызметін бастау үшін қажет. Осы
сипатта меншікті қаражат маңызды, міндетті қор болып табылады.
Коммерциалық банк ресурстарының 90 пайызы тартылған қаражаттар
құрайды. Олар көбіне актив операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланады.

Салымдар, клиенттер Эмиссялар
алдындағы қаржылық
міндеттемелер
Орталық банктен және
басқа коммерциялық
банктерден алынған
несиелер
Депозиттер
Мерзімді
Облигациялар

Вексельдер,
депозиттік
сертификаттар

Жеке
тұлғалардың
жинақтары

Коммерциалық банктер кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің,
халықтың және басқа банктердің қаражаттарын тартуы мүмкін. Несиелік
ресурстар нарығында жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың уақытша бос
қаражаттарын өздеріне жинақтайды. Банктер олардың көмегімен қосымша
айналымдық қаражаттарға халық шаруашылығының тұтынушылығын
қанағаттандырады, ақшаның кпиталға айналуна мүмкіндік туғызады, тұтынушылық
немесе халықтың тұтынуын қамтамасыз етеді.
Дүниежүзілік банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттар мынадай
екі түрге топтастырылады: депозиттік және депозиттік емес.

2.2 Экономиканы және халықты несиелендіру

Банктің жинақталған ресурстарын табыс табу және өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын актив операциялар деп атайды.
Коммерциялық банктің негізгі актив операциясын несиелендіру құрайды.
Несиелік операциялар- бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы
біріншісінің екіншісіне төлемдік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарына
белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Қазақстан
Республикасында несиелеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы,
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы, заңдар
мен, сондай-ақ Ұлттық банкімен 1994 жылғы 11 ақпанда бекітілген Қазақстан
Республикасы экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережелерімен реттеліп,
жүзеге асырылады. Бұл заңдар банктердің барлық меншік формалары мен
түрлеріне қатысты.
Банк болашақта өз бетінше несиелік мекеме болуына байланысты, өзінің
несиелік саясатын саяси және экономикалық шарттарды ескеру арқылы жүзеге
асырады. Олар банктік заңдылық даму дәрежесі, банкаралық бәсекелестік,
банктік инфрақұрылым даму дәрежесі, және т.б. Несие алумен беру аясындағы
банктік стратегия мен тактика оның несиелік саясатының мәнін құрайды.
Банктік несиенің саясаты өзіне келесі элементтерді қосады:
• мақсатын анықтау, ол арқылы банктің несиелік қоржыны қалыптасады (тьүрі,
мерзімі, көлемі, және қамтамасыз ету сапасы);
• банк бөлімшелерінің несиені беру, басқару және өтеу процесіндегі
құзыретінің баяндалуы
• қажет документтер тізімі;
• қабылдаудың негізгі ережелері, несиелік қамтамасыз етудің бағасы мен іске
асуы;
• несиелендіру бойынша операциянылимиттеу;
• несие бойынша пайыздық мөлшерлеме белгілеу саясаты;
• несиелік мәлімдемені бағалау тәсілдері;
• проблемалық несие диагностикасының сиппаттамасы, оларды талдау және
туындаған қиыншылықтардан шығу жолдары.
Банк ресурстарының бар болуы және оның құрылымы несиелік саясатты өткізуге
себепші болады. Несиелік саясат көбіне банктің өтімділігіне байланысты:
- несиелендірудің субьектісіне байланысты мемлекетке және мемлекеттік
емес ұйымдарға, жеке еңбектік іс-әрекетпен айналысатын азаматтарға,
басқа банктерге, халыққа берілетін несиелер;
- борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай- өнеркәсіпке, саудаға,
ауыл шаруашылығына, транспорттық берілетін несие;
- қызмет ету ортасына байланысты өндіріс аясына және айналыс аясына
берілетін қарыз;
- пайдаланатын мерзіміне байланысты талап еткенге дейін, мерзімді
несиелер. Олар қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді
болып бөлінеді;
- көлемі бойынша ірі, орташа және ұсақ несиелерге бөлінеді;
- өтеу тәсіліне қарай- бір уақытта және бөлек-бөлекпен өтелетін қарыз.
- Банктік несиелер несиелендіруге қолданатын валютаға байланысты
бөлінеді. ( теңге, АҚШ доллары, евро және т.б.) (16;50 бет).
Несиені саралаудың маңызды критериі-олардың қамтамасыз етілуі.
Қамтамасыз етілу кең мағанада –бұл кепілдеменің бар болуы, яғни несие өз
уақытында несие берушіге қайтарылуы және оны қолданған несие алушыдан
белгіленген төлем алдында сенім береді. Банктік несиелендіру принциптерін
қатаң сақтау мен жүзеге асырылады: мерзімдік, қайтарымдылық, қамтамасыздық,
төлемділік және мақсаттылық. Банктік несиелендірудің барлық принциптерін іс-
тәжірибеде жинақты қолдануы, несиелік мәміленің екі жақты субьектісінің,
яғни банк пен несие алушы пайдасын көздеуге мүмкіндік береді. Несиелендіру
тәсілі қабылдау өтімділігін білдіреді, оның көмегімен несиені беру мен өтеу
жүзеге асырылады. Ондай 3 тәсіл бар: қалдық бойынша несиелендіру, айналым
бойынша несиелендіру және несие желісі бойынша. Несие алушының несие
мүмкіншілігі өз қарыздық міндеттемелері бойынша тұтастай және мерзімінде
есеп-айырысу мүмкіншілігін білдіреді және несиелік қарым-қатынастың
мақсатына лайықтылық пен формасын анықтауға бағалаудың негізгі бір
объектісі болып табылады.
Несиелендіру бірнеше кезеңмен жүргізіледі: дайындау; несиелік
нұсқаудың қарастырылуы; несиелік құжаттардың толтырылуы; несиені қолдану
кезеңі және несиелендіру процессінен кейінгі қадағалау несиені екі нысаны
белгілі: ақшалай және тауарлы. Сәикесінше несиелендіру және несиелік
қатынастар арасында пайда болып, сонына банктік қатынастарға
трансформацияланатын жанама несиелендіру.
Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілер мен тікелей қарыз
алушыға ұсынылады. Несие беруші банк, ал қарыз алушы- шаруашылық субъектісі
болып табылады, яғни бір банк басқа банкке несие береді.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттердің өзар
қатынасы қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған несиелік келісім
шарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісіп шарттың шарттары
коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбірнақты сәтіне
байланысты қарыз алушылар несиенің қайтарымдылығын және несиеленудің басқа
қағидаларын сақтауы, ал банктер-несиелердің мөлшерін реттеу тәртібі,
олардың төлеу мен өтеу шарттарын қамтамасыз ету тиіс.
Қазіргі уақытта республикамызда жүзеге асырылып жатқан банк реформасы
ең әуелі экономикалық категория реттіндегі несие берудің негізгі қағидалары
мен позициясын қалпына келтіруге бағытталған. Қазір қарыздардың қамтамасыз
етілуі жаңаша көрініс табуда. Сондай-ақ әрбір берілген қарыз нақты
материалдық қамтамасыз етілуі тиіс деп болжамдалады. Алғашқыда қарыз
алушының белгіленген мерзіміне несиені қайтарудың нақты мүмкіндігін
ескермеген. Қазіргі кезде клиенттің өтімділігі, оның өзінің міндеттемелері
бойынша есеп –айырысу мүмкіндігіне көп көңіл бөледі. Бұл сараптау
жұмыстарына қатысты экономикалық аппараттың жаңа қатынасын, оның формалды
жұмыс ісін жақсы білу негізінде несиенің қағидаларын жүзеге асыруға бет
бұрыс жасауын талап етеді.
Қарыздарды қамтамасыз ету банк активтерінің сақталуы мен табыс
табуының кепілдігі үшін қажет. Несиелік қамтамасыз етудің негізгі түрлеріне
төмендегілер жатады:
- Кепілге алу- тапсырма бір жақты міндеттемелі келісім шарт. Бұл
жағдайда тапсырма беруші қарыз алушының қарызын қажет уақытта өтеп
беруі туралы банк алдындағы міндеттемесі.
- Кепілдік- кепілдеме уақыты жеткенде қарыз алушы өз міндеттемесін
орындамай жатқан жағдайда, анықтаушы соманы өтеп беру туралы
кепілдік міндеттемесі.
- Бағалы қағаздар, тауарлар және басқа да мүліктерді кепілге салу.
- Жылжымайтын мүліктерді кепілдікке салу құқығы несиелерді қамтамасыз
етуде негізгі роль ипотекаларға жүктеледі және ғимараттар мен жер
учаскелері жылжымайтын мүліктерді кепілге салу заңының негізі болып
табылады. Оларды кепілдікке салу арқылы иегерлері несие алады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90 пайызынан жоғары бөлігін
қолданады. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер
құрайды.
Депозит ол белгілі бір шартпен иесінің банкке сақтауға салған ақша
қаражаты. Ол қолма-қол ақша немесе ақшаның қолма-қол емес формасында,
ұлттық немесе шетел валютасында салынуы мүмкін. Банктердің ақшалай
қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру
жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осының негізінде коммерциялық
банктердің несиелік ресурстарвнвң негізгі бөлігі құрылады. Соңғы уақыттарға
дейін республикамызда салымдарды басқару мәселелеріне назар аударылған жоқ.
Банк мекемелері алдында олармен жинақталған несиелік ресурстардың
мөлшерімен өзіндік ерекшелігіне байланысты қарыз беруді қамтамасыз ету
міндеттері орындарына қойылған жоқ болатын. Қарыздық салымдар мен қарыздық
қордың баланстары КСРО мемлекеттік банкісінің бөлімшелері мен құрылған
қарыздық қор өз кезегінде КСРО мемлекеттік банкісінің өзінде
орталықтандырылған тәртіппен қалыптастырылған және ол республикалық
кеңселер бойынша несиелік жоспар негізінде бөлінген, ал республикалық-
облыстык кеңселер бойынша бөлінген, облыстық бөлімшелер бойынша бөлінген.
Сонымен қатар мемлекеттік банктің төменгі мекемелері пассивтік операциялар
мен айналыспаған. Осы себептерге байланысты елде банктердің депозиттік
саясаттар зерттелмеген. Депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынан,
біз шетел тәжірибесіне назар аудара бастадық. Жеке тұлғалар іскерлік
фирмалар, акционерлік қоғамдар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес
ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік
органдары өз қаражаттарын коммерциялық банктерге ынтамен орналастыра
бастады. Бұл бірнеше себептер мен түсіндіріледі:
- Банктер салымдарын кез-келген уақытта қайтаруды талап етіп қана
қоймай, одан алатын сомада қарыз ала алады;
- Банктер өз салымдарын үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді;
- Бұл салымдар табыс әкеледі.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалар мен ұйымдастырылады:
19; 37бет
- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға
депозиттік операциялар әрекетету керек;
- банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
- банк баланысының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын
мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру
процессінде ерекше назар аударылуы қажет;
- депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың
арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыспен
сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
- салымдарды тартуға, банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.
Депозиттер әр түрлі белгілеріне байланысты жіктеледі. Салушысына қарай
депозиттер жеке және заңды тұлғалардың депозиттері болып бөлінеді. Ал
экономикалық мазмұны бойынша депозиттерді 3 топқа бөлуге болады: талап
еткенге дейінгі, мерзімді және жинақты салымдар.
Талап еткенге дейінгі депозиттер – белгісіз уақытта салымшылардың
ағымдағы есеп – айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар. Олар банкті
алдын - ала ескертусіз кез – келген уақытта салымшылар мен алыну мүмкін.
әдетте банк талап еткенге дейінгі депозиттер бойынша ең төмен пайыз
төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Талап
еткенге дейінгі салымдар бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге
асыру үшін арналған. Бұл салымдар клиент ашқан әр түрлі шоттарда орнатылып,
қолма-қол ақша менқолма-қол ақшасыз есеп-айырысуға алынуы мүмкін. Осындай
шоташып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім
білдіреді. Талап еткенге дейінгі шоттарды иеленуші клиенттерді қарастыратын
болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаржаттарды ағымдағы есеп-айырысу
үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз мөлшерде
компенсациялайды. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін банкпен пайдаланатын
тұрақты қалдық қалады, сондай- ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі
мүмкін. Банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан
қаражаттарды үнемі алып, оны бірнеше күннен, аптадан кейін қайтадан
толтырып отыру нәтижесінде, ол міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл
сомасын алмайды. Бұл экономиканың айналымдық сипатына негізделеді. Осы
қаражаттар қалдықтармен талап етілгенге дейінгі шоттар есебінен алпыс,
тоқсан, жүз жирма күнге векселге немесе нақты несие бере алады.

Мерзімді депозиттердің түрлерге бөлінуі ( кесте 2..2.1).

Мерзімді депозиттер
Депозиттік
сертификаттар

Меншікті
мерзімді
салымдар
Керісатып алу
ескертуі бар

Басқа тұлғаларға
берілетін

Депозиттің екінші тобын мерзімді салымда құрайды. Мерзімді депозит ол
салыну мерзімі және пайыздық өсім төлеу мөлшері анық көрсетілген,
депозиттік шотқа салынған ақша қаражаты. Төлем мөлшері салымның көлемімен
мерзіміне байланысты анықталады. Мерзімді депозиттердің басқа депозиттерден
ерекшеліктері бар. Бірінші ден, шоттардағы қаражаттар есеп-айырысуға
арнамаған және оларға чектер жазылмайды. Екіншіден, шотардағы қаражатар жай
айналады. Үшіншіден мерзімді депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде
пайыздық мөлшерлеменің ең жоғары деңгейі жекеленген кезеңдерде Орталық банк
арқылы реттелуі мүмкін). Төртіншіден, мерзімді депозиттер үшін талап
еткенге дейінгі депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым
төмен формасы белгіленді. Егер мерзімді депозит иесі депозиттін келісілген
мерзімнен бұрын пайдаланғысы келсе, онда депозит бойынша төленетін пайыз
мөлшері кемиді. Сондықтан салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні
жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай ақ банк үшін бұл депозит
тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір алушы ға қарызды
ұсыну үшін, осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді
депозиттер талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер
үшін пайдаланбайды.
Біздің еліміздің комммерциялық банктік жүйеге қатысты мерзімді
депозиттердің біршама түрлері дамуда. Олар: меншікті мерзімді салымдар,
кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар, депозиттік сертификаттар,
жинақ сертификаттары ( кесте 2.1).
Меншікті мерзімді салымдар шот иелнріне алдын ала белгіленген күні
қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалаулары бойынша иемденеді
Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен
кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады.
Ескертуі бар мерзімді депозиттерге салымшының ақшаларды кері алу
туралы арнаулы арызын банкке алдын-ала түсіруді талап етіледі. Әдетте
ескерту мерзімдері 1 айдан 3 айға деиін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12
айға дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты, сәикес
пайыздық мөлшерлемелер белгіленеді. Мысалы Туран Әлем Банкінің жеке
тұлғалары үшін ескертуі бар мерзімді табыс формуласы депозитінің ескерту
мерзіміне сәйкес мынадай пайыздары белгіленген (2003 жылғы есеп бойынша).
17; 49 бет
( Кесте 2..2.2.)
Ақша бірлігі 3 ай 6 ай 9 ай 12 ай 18 ай 24 ай
Ұлттық валюта 8.4 % 8.7% 9.5% 10.4% 11.3% 12.2%
АҚШ доллары 5.4% 5.4% 5.8% 6.2% 7% 7.9%
Евро 3.9% 4.4% 4.8% 5.3% 5.5% 6.3%

Мерзімді салымның басқа бір түрі-депозиттік сертификаттар болып табылады.
Бірінші рет ондай куәлікті айналымға 1961 жылы АҚШ банктерінің енгізді. Шот
иесіне өтеу мерзімі және төленетін пайыздық мөшер көрсетілген ерекше атаулы
куәлік берілді. 11; 245 бет Бұл куәлік белгілі бір ірі соманы банкке
салғандығы туралы куәландыратын жазбаша құжат. Онда банктің міндетті түрде
сертификатты кері сатып алу мерзімі, төлейтін өсім ақысы көрсетіледі.
Депозиттік сертификат тек заңды тұлғаларға беріледі. Ол атаулы және атаусыз
болуы мүмкін. Бұл куәлікті шартта көрсетілгендей намесе талап бойынша
берілетін етіп, банктер шығарады. Жеке тұлғаларға банктегі салымдарын алу
үшін жинақ сертификатын (кітапша) береді. Кітапша белгілі бір мерзімге және
талаппен алуға да беріледі.
Депозиттің келесі бір түрі жинақ салымдары. Жинақ салымдары жиаққа
толық сомасы, немесе біртіндеп бөлек бөлек сомасы салынуы мүмкін. Салушыға
жинақты куәландыратын жианақ кітапшасы беріледі. Жинақ салымдарының кеңірек
тараған түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот алатын жинақ
салымы. Шот иесі шотқа ақша салу намесе одан кері алу үшін жинақ
кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне
қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің жинақ салымдарына құнды демеу және
салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады.
Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын кеңінен
қолданады. Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары
қолданады: ұтысқа, силыққы, жастарға мақсатты және т.б. Әдетте олар халыққа
қосымша қызметтерді (почталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулармен
бірге жүреді . Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен
ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша
чектер берілмейді. Бұл салым түрі өнеркәсібі дамыған елдарде кең тараған.
Әдетте жинақ шотынан қолма қол ақшасыз төлемдер жүргізіледі. Клиенттердің
тапсырысы бойынша банк оның жинақ шотынан электро энергияны, телефонды және
газды пайдаланғаны үшін, газетке жазылғаны үшін және т.б. қызметтерге
төлемдер аударады. Сондай-ақ бұл салымдар белгілі бір мақсатты уақытта алу
үшін, мысалы демалысқа, туған күнге, жаңа жылдық мерекеге арналыпта
салынады.
Коммерциялық банктер өз бастамалары бойынша депозиттік емес
ресурстарды жинақтайды. Бұл қаражаттар тартылған қаражаттар немесе жай
міндеттемелер деп те аталады оларға банк аралық несие алу, бағалы
қағаздарды кері сатып алу шарты мен сату, вексельдерді есепке алу және
орталық банктен несие алу, бантік облигацияларды эмессиялау және т.б.
жатады.
Банк аралық несие алу банктің ресурстық потенциялының тұрақтылығын
қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі. Банк аралық несиелеу
банктің тиімділік тенденциясын қолдау мқсатында жүзеге асырылады және
негізінен қысқа мерзімді сипатта болады. Коммерциялық банктердің несиелік
ресурстарды тіпті бір күнге тартудың өзі сәйкес мәмілені жасауды және
талапқа сай рәсімдеуді талап етеді. Бұл жағдай коммерциялық банктердің
жұмысын қауырт көрсетеді, оларды сағат сайын несиелік жұмыстарды қайта
қаржыландыру мәселесімен, яғни кор шоттарға уақытында дем беріп және
баланстың тиімді құрылымын қолдап отыру үшін нарықтан бос несиелік
ресурстарды іздеумен айналысуға мәжбүр етеді. Банкаралық ақша нарығында бос
несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда коммерциялық банк Ұлттық банктен
несие ала алады.
Қазақсандық банктік тәжірибеде Ұлттық банктен несие алу жиі болатын
құбылыс. 1993-1994 жылдары комерциялық банктер өздерінің ресурстарының 60 %
-ын Ұлттық банктің орталықтанған несиелері есебінен толтырды. Сөйтіп Ұлттық
несиелері банктер ресурстарының тұрақты көзіне айналды.
Қазіргі уақытта Ұлтық банк комерциялық банктерге несиені жарыс
негізінде қайта қаржыландыру ретінде береді. Нарықтық қатынастың
күрделенуіне байланысты қайта қаржыландыру комерциялық банктерге қаржылық
көмектің құралы ретінде жиі қолдана бастады. Бірақ та Ұлттық банктен несие
алу ерікті емес, несие алу мен оның мүмкіншілігінің көлемі елдегі несиенің
аясы мен несие алушының қаржылық жағдайына байланысты беріліп отырды.
Депозиттік емес операциялардың келесі түріне облигациялар және кеплге
салу парақтары мен жасалатын операциялары жатады. Бұл операцияларжың мәні
белгілі бағалы қағаздардың орнына банктер мен ақша қаражаттарын
жұмылдырудан тұрады. Кепіл хаттық қағаз парақтары мен операциялар жер
учаскелерін сатып алуда қаржыландырумен тығыз байланысты. Банктер
қаражаттарды тарту үшін қамтамасыз етілуі жер, құрылыс яғни ипотека болып
табылатын кепіл хаттық қағаз парақтарының элементі болады. Сонымен бірге
банктер мен ақша қаражатын тарту үшін шығарылатын коммуналдық облигациялар
әртүрлі мемлекеттік заңды тұлғаларға қарыз бойынша биржадан сатып алуы
мүмкін, талаптардың каитамасыз етілуі болады. Бұл бағалы қағаздар қатаң
өсім ақы және әдетте 10-нан 20 жылға дейінгі мерзімге шығарылады. Банк
облигация курсына ықпал ету үшін, оларды биржаға сату намесе биржадан сатып
алуы мүмкін.
90- шы жылдардың аяғында коммерциялық банктер мемлекеттік бағалы
қағаздар мен РЕПО операциясын жүргізе бастады. РЕПО операциясы екі бөлімнен
тұратын қаржылық операция: бірінші бөлімде
(РЕПО ашу) Ұлттық банк бастапқы дилерге (тек арнайы лицензиясы бар банктер
бастапқы дилер бола алады) бағалы қағаздарды сатады, сонымен бір уақытта
Ұлттық банкге келісімнің екінші бөліміндегі (РЕПО жабу) қатысушыларға ол
бағалы қағаздарды сатып алу міндеттемесін жүктеп , ал бастапқы дилерге
оларды РЕПО келісімі белгіленген мерзімді Ұлттық банкіге ақша қаражаттарына
айырбастау үшін қайтаруды жүктейді. Кері РЕПО операциясының РЕПО
операциясынан айырмашылығы дилер РЕПО-ны жабу кезінде оларды қайта сатып
алады. Бұл операция банктерге қысқа мерзімді несиелеу немесе банктердің
артық өтімді қаражаттарын алу (егер ақша массасын реттеу мәселесі қажет
болған жағдайда) үшін қолданылады.
Соңғы жылдар коммерциялық банктердің пассив операцияларының біріеуро
валюталық несие кең өрістеуде. Еуровалюталық несие ол шетел банктерімен
еуровалютамен алынатын несие.

2.3 Қаржылық қызмет көрсетудің жаңа түрлері

Бүгінгі таңда банк қызметін жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын
анықтау еліміздің экономикалық, саяси әлеуметтік өмірінің басты назарында.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемді
қазіргі несиелік істі қалыптастыра отырып әлемдік тәжірибеге сүйенеді.
Бірақ, қазіргі жағдайда батыс экономикалық теорияларының жетістіктері
Қазақстандық коммерциялық банктердің қажеттіліктерін толығымен
қанағаттандыра алмайды.
Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру
кезеңі сауда –экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі өндірістің құрылуы
және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық
белсенділіктің төмендеуі жағдайында басталады.
Міне, осы жағдайда саяси әлеуметтік өмірінің басты назарында.
Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-жабдықтардың табиғи және моральдық
жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы жағдайда негізгі
құрал- жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құрылысты
қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы лизинг болып табылады
1;101 бет.
Азаматтық кодекстің 1999 жылы қабылдаған 29 тарауының §2 және
Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңында (5 шілде 2000
жыл) өз көріністерін тапқан ол Республикамыздың экономикасында қаржылық
лизинг дамуына себеп болды.
Лизинг ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді.
Лезингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланатын заттарды (ғимарат,
машина, ұшақ, компьютерлерді) жалға беруді айтады.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады, біріншіден ол негізгі қорларға ақша
жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ және Германия банк жүйесінің қалыптасуы
Банкралық несие
Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы ақпарат
АҚШ-тың банктік жүйесі
Ұлттық банк
Банкаралық несиелерді ресімдеу
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары туралы
Коммерциялық банктердің несиелендіру операциялары
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
Банктердің мәні және оның қызметтері. АҚШ және Германия банктері
Пәндер