Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлықтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ЗАҢ ЖӘНЕ ЗАҢДЫҚ АКТІЛЕР 5
1.1 Нормативтік құқықтық актілер сатысы 5
1.2 Құқық шығармашылығы ұғымы, қағидалары мен түрлері 9

2 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ 12
2.1 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі және
түрлері 12
2.2 Құқықтық нормалардың ұғымы және түрлері. Құқықтық норманың
құрылымы. 14
2.3 Нормативтік құқықтық актілердің уақытқа, кеңістіктегі,
субъектілерге байланысты (қамту өрісіндегі) күші 18

ҚОРЫТЫНДЫ 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

КІРІСПЕ

Қоғамның объективті даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан
жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір - біріне
қайшы келуі де, немесе қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осы саналуан
нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану, жеке және
заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік
актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әртүрлі әдіс - тәсілдері
болады.
XX ғасырдың екінші жартысында халықаралық қатынастарда ұлттық заң
жүйесіне әсерін тигізіп, ықпал ететіндей халықаралық - құқықтық құжаттар
әзірлеуге айқын бетбұрыс бара - бара күш алып, тұрақты құбылысқа айналып
келеді. Аталған бағыттың сипаты белгісі ұлттық заңдарды
демократияландыруға, гуманитарландыруға, интернационалдандыруға,
мемлекеттік - саяси құрылымды жетілдіруге ықпал ету болып табылады.
Әрине, халықаралық - құқықтық нормалар ұлттық заңдардың және
мемлекеттік құрылыстың барлық салаларын қамти алмайды. Басқару мен
мемлекеттік құрылым нысандары әр халық өзі таңдайды және мұндай таңдауға
халықаралық құқық ықпал ете алмайды.
Сонымен бірге халықаралық құқық нормаларының ұлттық заңға әсері
туралы да айтуға болады. Осы ретте халықаралық құқық нормаларының өзінен
өзі пайда болмағанын, әр түрлі елдердің мемлекеттік - құқықтық құрылыс
жөніндегі заңдарынан мейлінше өміршендерін бойына жинақтағанын атап
көрсеткен жөн. Енді ол нормалар жекелеген елдер халықтарының еркін
білдіретін сипатта емес, алдыңғы қатарлы халықаралық қоғамдастық арқылы
халықтардың жинақталған еркін білдіретін жаңа сапада жекелеген
мемлекеттерге қайтып оралады.
Тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде құрылған күнінен бастап
Қазақстан заңдары халықаралық құқық нормаларын ескере отырып қалыптаса
бастады. Бұл бағыт Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конститутциясында
барынша сабақтастықпен көрініс тапты.
Халықаралық құқық нормалары өзін - өзі тану құқығына тек саяси
құқықты ғана емес, сондай - ақ экономикалық құқықты да жатқызады.
Аталған пактте азаматтық және саяси құқықтар туралы мынандай қағида
бар: Өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін барлық халықтар
өзара тиімділік принципіне негізделген халықаралық экономикалық
ынтымақтастықтан және халықаралық құқықтан туындайтын
міндеттемелеріне қандай да бір нұқсан келтірмейтіндей жағдайда өзінің
табиғи байлықтары мен ресурстарына еркін билік жүргізе алады (1 - бап).
Халықаралық құқықтың нақты мемлекеттің құрылымдық және басқару
проблемаларына араласпайтыны белгілі. Сонымен бірге мемлекет
қызметін ұйымдастыруда халықаралық құқық нормаларына сүйенетін бірқатар
мәселелер бар.Оның қатарына бірінші мемлекетті демократияландыру
проблемасы жатады. Халықаралық құқық нормалары мемлекеттік биліктің
демократиялық тұрғыда ұйымдастырылуын қолдайды. Осы нормалар Қазақстан
Республикасы Конститутциясында жүйелі қолданылады.
Халықаралық құқық мемлекеттің заң шығару қызметінің барынша елеулі
сәттеріне айрықша назар аударады. Әр түрлі пакттерде заңдардың кері күшін
белгілеуге жол берілмейтіндігі атап көрсетілген. Адам құқының жалпыға
бірдей Декларациясында: Қайсы бір іс -әрекеті немесе әрекетсіздігі
негізінде жасаған қылмысы үшін, оны жасаған кезде ұлттық заң бойынша да,
сондай-ақ халықаралық құқық бойынша да қылмыс құрамы болмаса, ешкім
сотталмауы тиіс. Сондай- ақ қылмыс жасалған кезде қолданылуы мүмкін болса
да, барынша ауыр жаза қолданылмайды деп жазылған. ҚР Конститутциясының 77-
бабында: Жауапкершілік белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа
міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері
күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік
заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады делінген.
Аталған нормалардан мынандай жәйттер назар аудартады. Әдетте,
Конституцияда заңның кері күші көрсетілмейді. Алайда, ҚР Конституциясында
мұндай құқықтық норма бар, ол адам құқығын қорғаудың жүйелілігінің жемісі.
Оның үстіне халықаралық құқық нормаларына қарағанда ҚР Конститутциясы
нормаларының ауқымы кең. Халықаралық құқық нормалары тек қылмыстарға
қатысты болса, ҚР Конститутциясы нормалары құқық бұзушылықтың барлық
түрлерін: мүліктік, еңбек, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты
қамтиды. Заңның кері күшіне тыйым салуды барлық жағдайға орнықтыру немесе
жауаптылықты күшейту - мейлінше, мархабатты шара.

1 ЗАҢ ЖӘНЕ ЗАҢДЫҚ АКТІЛЕР

1. Нормативтік құқықтық актілер сатысы

Адам құқығы саласында ҚР Конституциясының толықтай халықаралық
құқықтың жалпыға танылған нормаларынан бастау алатыны баршаға белгілі. Адам
қоғамның даму процесінде бір - бірімен байланысты миллиондаған қарым -
қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективті
диалектикалық процес. Осы процесті реттеп - басқару барысында қоғамдағы
құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың
объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де
ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан құқық нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана емес. Ол
қоғамның, әр саласына сәйкес объективтік, диалектикалық даму процесі арқылы
қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық
процесі сала - салаға, жүйе - жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге
қоғамның салалық - жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын
реттеп - басқарып отырады. Нормативтік актілердің ескіргенін жаңартып,
кемшіліктерін толықтырып құқықтық нормаларды қоғамның , объективтік
процесіне сәйкес дамытып, олардың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл
процестің байланысында, қатынасында алшақтыққа және қайшылыққа құқықтың
құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс. Заң дегеніміз, ең жоғары нормативтік
күші бар акті. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Парламент —
заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары органы.
Заң термині әдебиетте екі мағынада қолданылады — кең және тар
мағынасында.
Кең тұрғыдан алсақ, заңға нормативтік актілердін барлық түрлері:
нақты заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, нұсқаулар,
ережелер, жарғылар т.б. жатқызылады.
Ал, тар тұрғыдан қарайтын болсақ, заңда тек қана заң, деп
аталатын нормативтік-құқықтық актілер ғана жатады. Заң, өз мәнінде алатын
болсақ, нормативті құқықтық актілердің арасында ерекше орны бар, ерекше
қызмет атқаратын акт болып есептеледі. Былайша айтсақ, заң — төрағасы
сияқты, басқа нормативтік – құқықтық актілердің төрінен орын алатын акт.
Оның себебі неде? Біріншіден, заңды мемлекеттің ең жоғары заң шығаратын
органы — Парламент шығарады. Екіншіден, заң қоғамдағы ең күрделі
қатынастарды реттеуге бағытталады. Заң реттейтін қоғамдық қатынастардың
бүкіл қоғамның мүдделеріне қатысы бар. Үшіншіден, занның ең жоғары құқықтық
күші бар Заңдар өз ішінде түріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:
Конституция, конституциялық заң, жай заң. Мұны ішінде ең жоғары құқықтық
күші бары — Конституция. Мемлекеттегі барлық нормативті актілер Конституция
негізінде, соған сәйкес жасалып, қабылдануы керек. Қазақстан Конституциясы
бойынша конституциялық заң Конституциядан құқықтық күші жағынан төмен
тұрады. Сондықтан конституциялық заң деп аталса да, Конституцияға
өзгерістер, қосымшалар енгізе алмайды. Конституциялык заң Конституцияға
сәйкес жасалып, қабылданады. Құқықтық күшіне қарай конституциялық заңнан
кейін жай заң тұрады.
Өзара құқықтық күші әр дәрежеде болса да, аталған заңдар ең манызды
нормативті актілер болып саналады. Басқа нормативті актілер заңдарға
тәуелді актілер қатарына жатады
Нормативтік-құқықтық актілердің құрамында заңдардың ерекше орны
болуы, айрықша қызмет атқаруы заң мен құқықтың арақатысын анықтауға
мүмкіндік береді.
Құқықты қоғам жасайды, заңды мемлекет жасайды деген тұжырым —
заңнан құқықты ажыратудың қажет екенінін белгісі. Құқықты қалыптастыратын
қоғам. Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқық
қалыптасуының объективтік барысын формалды заң шығару қызметімен
шатастыруға болмайды. Құқықтың жасалуы — қоғамдық қатынастардың өздігінен
шынайы қалыптасып, адамдардың және олардың бірлестіктерінің байланыстары
әдеттегі, бірыңғай жолмен, үлгілермен; белгілі көлемде жүріп отыруына
байланысты. Мұнда шындық, әділдік, дұрыстық — құқық қалыптасуының негізгі
принциптері болып табылады. Демек, заң шығарушылықтың алғы шарты, оның
тиімді болуының негізі — құқықтың жасалуы. Заң шығарушылық неғұрлым
құқықтың талаптарын (әділдікті, шындықты) толығынан ескеретін болса,
соғұрлым заң құқыққа сәйкес болады. Мұндайда заңды құқықтық заң деп айтуға
негіз бар. Біріншіден, құқықтық заң қоғамдық қатынастарды жөнге салып,
реттеуге, дамытуға атсалысады, екіншіден, құқықтық заң әділдікті,
адамгершілікті баянды етеді, үшіншіден, көпшіліктің еркін білдіріп,
халықтық сипатқа ие болады. Сондықтан құқық пен заңды айырудың және олардың
арақатынасын дұрыс анықтаудың зор адамгершілік маңызы бар. Сонымен қатар
бұл мәселенің практикалық мәнін де естен шығармаған жөн. Заңның құқық
талаптарына сай келуі оның сапасын көтереді. Демек, бұл жағдайды заң
шығаратын орган ескеруі қажет.
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға
өзгертулер мен толықтыруларды Парламент енгізеді Мысалы, 1998 жылы 7
қазанда Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар
енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президентіне оның бастамасы бойынша әр
Палата депутаттары жалпы санынын үштен екісінің дауысымен бір жылдан
аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге құқылы. Республика
Президентінің заңдар жобаларын қорғаудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ
осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар Парламент Президент
енгізген заң жобасын бір ай ішінде қарауға тиісті. Егер Парламент осы
талапты орындамаса, онда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға хақылы.
Мұндай Жарлық Конституция белгілеген тәртіппен Парламент жаңа заң
қабылдағанға дейін қолданылады. [1, 3-б].
Нормативтік актілер жүйесінде президенттік биліктің актілері ерекше
орын алады. Олар заңға негізделген актілер қатарына жатады және принципінде
орындау-атқару сипатында болуы тиіс. Заң тұрғысынан алып қарағанда төтенше
немесе соғыс жағдайларында ғана, онда да Конституцияның негізінде
президенттің актілері күшімен заңдардың қолданылуы тоқтатыла тұруы немесе
дәлдей түсу мақсатында заңдарға түзетулер енгізілуі мүмкін.
Ведомстволық актілер мен жергілікті органдар актілеріне қарағанда
басым болып келетін Заң негізінде қабылданған нормативтік актілерге
Үкіметтің қаулылары мен өкімдері жатады. Олардың құрамында бастапқы
нормалардың болуы жиі кездеседі. Солай бола тұрса да, олар орындау-атқару
актілері болуы жөн.
Жекелеген ведомстволардың заң негізінде өздерінін жасаған
нормативтік актілері сол ведомство ішіндегі қатынастарды реттейді.
Дегенмен, орталық ведомстволардың ішінара, кейбіріне, мысалы, темір жол
қатынасы, ішкі істер министрліктеріне қатаң түрде шектеулі салаларда
сыртқары әсері мен ықпалы бар актілер шығаруға құқықтар беріледі. Кейде
заңмен кереғар болып келетін нормативтік актілердің қабылдануы да өмірде
орын алып қалуы кездесіп отырады. Оларда тіпті азаматтардың құқығы мен
мүдделеріне нұқсан келтірген жағдайлар кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайларда
ахуалды жөндеу Конституциялық әділсот (правосудие) қабылдаған актілердің
көмегімен түзетіледі.
Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар және
заңға негізделген актілер деп бөлінеді.
Заң - ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акті, мұны заң
шығарушы ең жоғарғы орган белгілі рәсім бойынша қабылдайды.
Бұлардың жетекшілік орны мынадай нышандармен (белгілермен)
анықталады:
1. Заңды мемлекеттік биліктің (яғни өкіметтің) заң қабылдаушы
(өкілді) органдары немесе тікелей халыңтың өзі бүкілхалықтың сұрау салу
(референдум) арқылы қабылдайды, заңның күші жойылады және өзгертіледі.
2. Заң айрықша түрде іс жүргізу тәртібі бойынша қабылданады.
3. Тәуелді нормативтік құқықтың актілердің бәрі заңдарға қайшы
болмауы тиіс, егер де ондай қайшылықтар болса, бұл актінің орнына одан
тікелей жоғары тұрған заң күшіне сүйене отырып әрекет етуге болады.
4. Заңда алғашқы негіз сипатындағы норма болады. Барлық басқа
актілер заңдардан туындайды және олар заңдардағы нормаларды егжей-тегжейлі
талдауы, нақтылауы тиіс.
5. Заң ең маңызды негізге алынатын қатынастарды реттейді.
Заңдар конституциялық және ағымдық болып жіктеледі.
Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың
негіздерін баянды етеді, ағымдық заңдарға заңдық тұғыр болып қызмет етеді.
Бұларға Конституция, оған енетін өзгерістер мен толықтырулар, сондай-
ақ оның мазмұнын нақтылайтын заңдар жатады.
Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Ол нормативтік құқықтың
актілер жүйесінде басты орын алады, барлық заңдардың заңдық тұғыры болып
табылады.
Конституциялық заңдардың тізімі толық түрде Конституцияда
анықталған.
Ағымдық (әдеттегі) заңдар конституциялың заңдардың негізінде және
соларды орындау мақсатында қабылданады. Ағымдық заңдар елдің экономикалық,
саяси, мәдени өмір болмысының түрлі жақтарын реттейді.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер -мемлекеттің атқарушы
- орындаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар
заңдарды орындау мақсатында қабылданады.
Заңға негізделген актілерге жататындар:
- Президенттің жарлықтары;
- Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;
- Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер
жиынтығы (қағидалар), бұйрықтар және т.б. түріндегі нормативтік актілері;
- Жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері;
- Жергілікті нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен
мекемелердің актілері.
Қазақстан Республикасында нормативтік құқықтық актілердің негізгі
түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар
жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік
құқықтық жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палатарының
нормативтік қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Констатуциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының
және Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының нормативтік
қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық
мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары;
7) мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық
мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;
8) мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері;
Нормативтік құқықтық актілер сатысы.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар.
2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік құқықтық актілердің
заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады:
[2, 13-б].
1) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан
Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасының кодекстері, заңдары, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
5) Қазақстан Республикасы Парламентінін нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
7) Министрлердің нормативтік бұйрықтары, мемлекеттік комитеттердің
нормативтік қаулылары; өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік
бұйрықтары, қаулылары;
8) Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері

1.2 Құқық шығармашылығы ұғымы, қағидалары мен түрлері

Құқық шығармашылығы ісі ерекше іс-әрекет болып табылады. Мұндай
еңбектің нәтижесінде нормативтік құқықтық акт жасалады. Норма жасап шығару
яғни құқық шығармашылық ісі — қоғамдық қатынастарға ықпал жасаудын тәсілі
және ол құқыққа заңдық күш беретін құрал болып есептеледі.
Құқықтың жаратылуы әу бастан-ақ табиғи жолмен тарихи дамудың
барысында, заң жасаушының іс-әрекеті мен қызметтерінен бұрынырақ және оған
байланысты болмай-ақ қалыптасқан болатын. Құқықтың жаратылу үдерісіндегі
бастапқы сатысы қоғамдық қатынастарды заңмен реттеу қажеттілігінің
объективті түрде туындауымен байланысты. Бұл қажеттілікті ең ақыр аяғында
экономикалық базис қамтамасыз етті, алайда, оған жуық болып, нәр беріп
қоректендірген қозғаушы күштер (факторлар) — әлеуметтік-саяси, таптық және
басқалай да қоғамдық мүдделер болды. Құқықтың жасалуының соңғы сатысында
қоғамдық қажеттілік пен жалпыға бірдей мінез, жүріс-тұрыс ережелеріне сай
мүдделерді білдіретін құзыретті органдардың мақсатқа лайықты іс-әрекеттері
үлкен мән-мағынаға ие болды. Құқықтың жасалуының барысында құқықты жалпы
сипаттағы айқындылығы бар жария (формалды) ұйғарымға айналдыру құқықтық
норма шығармашылық ісі болып қалыптасты. Сонымен құқық шығармашылық ісінің
үш тәсілі бар:
1) мемлекеттік өкілетті органдардың құқықтарды белгілеудегі
атқаратын қызметтері;
2) мемлекет органдарының өздеріне тәуелсіз түрде әдет-ғұрыптар
(дағдылы істер) болып қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар жасаған
(мысалы: кооператив, қоғамдық ұйымдардың) нормаларды бекітуі;
3) бүкіл халықтық дауыс беру (референдум) түрінде өткізілетін
халықтың тікелей құқық шығармашылық ісі.
Осы үш жағдайдың үшеуінде де құқық шығармашылық ісі өздерінің алдына
қойған мақсаттарымен де және басшылыққа негіз етіп ұстанған принциптерімен
де ерекшеленеді.
Қайсы бір мемлекеттің болмасын дамуының жекелеген кезеңдерінде
әйтеуір бір принциптен ауытқу орын алып келген. Бірақ, олар ізденістер
жасаудың қажеттілігі мен заң шығармашылық іс-әрекеттеріне тиісті
бастаулардың орнықтырылуын және бекуін шайқата алмаған. Қалай болғанда да
құқық шығармашылық ісі мемлекеттің ерік-жігерімен байланысты керінеді. Бұл
қағиданы әлем дамуының тарихы талай-талай дәлелдеген болатын. Мұның бәрінен
бұрын қажет нәрсе, осы қатынастар кезінің тұсында үстемдік етуші жеке
тұлғалар өзінің күш-қуатын мемлекеттік етіп жұмсап, оны құрастырып шығуы
тиіс. Олар өздерінің ерік-ықтиярын қамтамасыз етіп отырған осы қатынастарды
пайдаланып, сол өз ерік-ықтиярларын мемлекеттік ерік-жігердің бүкіл
жалпылық түріне келтіріп, оның заң кейпіне айналдыруы тиіс.
Құқық шығармашылық ісінің мазмұны дәйекті түрде, бірізділікті сақтай
отырып атқарылатын ұйымдастырушылық жұмыс сипатындағы әрекеттерден тұрады.
Оның өзі бүкіл жиынтығында құқық шығармашылық үдерісі деп аталады. Бұл
айтқанымыз нормативтік актілерді жасаудың және оның ұйғарымдарын алушы
тағайындарына (адресаттарына) жеткізіп берудің технологиясы. Құқық
шығармашылық ісінің қоғамдық-саяси маңызының болуы себепті ол
конституциялық және басқалай да заң нормаларымен реттелінеді.
Құқық шығармашылық ісі бірнеше сатылардан тұрады.
1) Заң шығару бастамасы (кең мағыналы-норма шығармашылық бастама).
Бұған құқық шығармашылық ісімен шұғылданатын органға құзыреті бар
субъектінің ресми түрде нормативтік акт жасап шығару туралы немесе
дайындалған актінің жобасын ең алғаш рет ұсыныс жасағандағы іс-әрекеті
жатады. Заң шығару бастамасы құқығына ие субъектілердің аясы заңда өте-мөте
анық түрде белгіленіп көрсетілген. Өйткені, заң шығару бастамасы ісімен
шұғылданушы субъект заң шығарушы органға өзінің ұсынысы немесе дайын заң
жобасымен барғанында, құзыретті орган оны қарауға, талқылауға және
қорытындысын ресми түрде беруге заңмен міндеттелген;
2) құзыретті органның акт шығаруды, онын жобасын жасауды, заң
жобаларын дайындауды жоспарға енгізудің қажеттілігі жөніндегі шешімі және
т.с.с;
3) нормативтік актінің жобасын жасау және оны алдын-ала талқылау.
Бұл істерді атқарудың рәсімдері бір-бірінен жобаның маңыздылығына, оны
дайындаудың кімге тапсырылғанына, сондай-ақ болашақ нормативтік актінің
сипатына (жалпы мемлекеттік акті ме, әлде ведомстволық па?) байланысты
ерекшеленеді. Ең маңызды деген жобалар бүкіл халықтық талқылауға ұсынылады.
Өзгелерін дайындауға ғалымдар мен мамандардан құрылған ақыл-кеңес беретін
топтамалар қатысады;
4) нормативтік актінің жобасын қабылдауға өкілеттік берілген органда
қарау, талқылау;
5) нормативтік актіні қабылдау;
6) қабылданған актінің мазмұнын оны алатын тағайынының (адресатының)
қаперіне жеткізу. Жоғарыда көрсетілген қағидаттар (принциптер) құқық
шығармашылық ісінің әрбір сатыларын басынан аяғына дейін әйтеуір азды-көпті
дәрежеде көктеп өтеді.
Заң жасаудың алғашқы сатысы — заң акті жобасын даярлау. Жобаны жасап
ұсыну үшін заң бастамасында құқық болу керек. Ондай құқық Парламенттің
депутаттарына және Қазақстан Республикасынын Үкіметіне берілген. Осы
құқықты пайдалана отырып, әр депутат, депутат топтары, Үкімет Парламент
мәжілісінің қарауына заң жобасын ұсынады. Үкіметке заң жобасын жасауды
Республиканың Президенті де ұсына алады. Ал Үкімет, әдетте, заң жобасын
жасауды тиісті министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге тапсыруы мүмкін.
Жасалған заңның жобасы Мәжілістің комитеттерінде, содан кейін оның жалпы
жиналысында қаралып, жан-жақты талқыға түседі. Заңның әбден талқыланды-ау
деген пікірге келгенде, депутаттар оны дауысқа салады. Содан кейін жай заң
депутаттардың көпшілігінің, ал Конституциялық заң барлық депутаттардың
үштен екісінің даусымен қабылданады. Президент егер оны дұрыс деп тапса,
заңға қол қояды. Президент өзіне берілген өкілеттік көлемінде заң күші бар
жарлық, жай нормативтік жарлық, ал Үкімет қаулы қабылдайды. Құқық
шығармашылық ісіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының
Нормативтік құқықтық актілер туралы Заңында көрсетілген. [4, 36-б].

2 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ

2.1 Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі және түрлері

Нормативтік актілерді жүйеге келтірудің мақсаты құқықтық
материалдарды тәртіпке келтіріп, оларды белгілі бір бөлімдер мен тарауларға
орналастыру, яғни саралау болып табылады. Қажет болған нормативтік
актілерді іздестіріп табу ісін жеңілдету үшін бұлай етіп орналастыру
ыңғайлы және ол заңдылық талаптарын орындау шарты қызметін атқарады. Бұл
аспект бұрынғысына қарағанда осы іс нормативтік актілерді сырттай жүйеге
келтіру, құқықтық нормаларды терең ішкі мазмұндары бойынша бірыңғай
мазмұндас етіп орналастыру болып есептеледі. Және ол құқықтағы кездесіп
қалуы мүмкін кемшіліктерді, қарама-қайшылықтарды болдырмау жолын қарастыру
болып табылады.
Нормативтік-құқықтық актілерді бір жүйеге келтіруге заң шығарушылар,
құқық қолданушылар және барлық азаматтар да мұқтаж.
Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтірудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқықтың қайнар көздері
Қазіргі таңдағы конституциялық құқықтың қайнар көздері
Құқықтың қайнар көздері. Нормативтi құқықтық актiлер.
Нормативтік құқықтық актілер
Нормативтік шарттар
Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны
Еңбек құқығының қайнар көзі
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Азаматтық құқық нормалары енгізілген өзге құқықтық нормативтік актілер
Еңбек құқығының қайнар көздері
Пәндер