Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері
Қазақстан РеспубликАсы Білім және ғылым министрлігі
РМҚК Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық институты
Сырттай оқу факультеті
Экономика және құқық кафедрасы
Диплом жұмысы
Тақырыбы: Қазақстан республикасындағы валютАЛЫқ реттеу және валюта саясаты
050115 – Құқық және экономика негіздері
Орындаған: V-курс
студенті Шардарова А.Ж.
Ғылыми жетекшісі:
оқытушы Оразбекова Р.С.
Арқалық, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1.ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1.Валюталық қатынастар ұғымы және валюталық жүйелердің даму
эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Валюталық нарықтың түсінігі, қатысушылары мен
қызметі ... ... ... ... ... . 12
1.3.Ұлттық ақша бірлігінің бағамы және оның өзгеру
мәселелері ... ... ... ... .. 14
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ МЕН ВАЛЮТА САЯСАТЫ
2.1.Валюталық реттеу валюталық саясатты жүзеге асыру құралы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2.Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің қалыптасу кезеңдері мен
қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 24
2.3.Ұлттық валюта - теңгенің сыртқы конверсиялануының мүмкін
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26
2.4.Қазақстан Республикасының валюта
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... .. ... ... ... 33
2.5.Валюта-қаржы және несие қатынастары жүйесіндегі Қазақстанның
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
3.ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
3.1.Капиталдың кетуін қысқарту жолдары мен экономикалық
салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 38
3.2.Валюталық режимді ырықтандыру
жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 41
3.3.Валюта, валюта қатынастары және валюта
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... 44
4.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ
4.1. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .. 48
4.2.Халықаралық есеп айырысу
баланстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 53
4.3.Халықаралық валюта жүйесінің мәні және
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... 55
4.4.Халықаралық резервтегі валюта бірліктері және еуропалық валюта
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
4.5.Халықаралық валюта және қаржы-несие
рыноктары ... ... ... ... ... ... .. ... ... 62
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .65
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .67
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Республикамызда ұлттық валюта теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің барлық
атрибуттарын қалыптастырудың соңғы қадамы болды. Оның үлкен экономикалық
және саяси маңызы бар.90- жылдардағы орын алған өндірістің құлдырауы,
бюджет тапшылығы және инфляцияның үздіксіз өсуі жағдайынан өтіп, қазіргі
жағдайда Қазақстан импортты алмастыратын өндірісті дамыту мақсатында, оның
технологиялық профилін өзгертіп, қайта құрылды, мемлекеттің төлем балансын
жақсартты, инфляция қарқынын бәсеңдетті. Осы көрсетілген жағдайларға жету
теңгені конверсияландыруға негіз болып табылады.
Дипломдық жұмыстың жұмыстың өзектілігі - елдегі жүргізіліп жатқан валюталық
саясаттың нәтижесінде бүгінгі таңдағы Қазақстандағы валюталық реттеудің
жұмыс барысын, оның экономиканы реттеудегі рөлін талдау болып
табылады.Қазіргі таңда Қазақстан валютасын қолдау туралы халықаралық валюта
қорымен, бүкіл дүниежүзілік, европалық және Азия даму банкілерімен, сондай-
ақ әлемнің бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол
жеткізілді. Дегенмен, ұлттық валютаның тұрақтылығын, оның халықаралық
деңгейде сатып алу қабілетін орнықтыру біздің өзіміздің ішкі
потенциалымызды пайдалануымыздан, экономикалық реформаларды Қазақстанның
ерекшелігін ескере отырып, байыпты түрде жүзеге асырудан тәуелді болмақ.
Дипломдық жұмыстың жұмыстың ғылыми жаңалығы - валюталық саясаттың
нәтижесінде бүгінгі таңдағы Қазақстандағы валюталық реттеудің жұмыс
барысын, оның экономиканы реттеудегі рөлін талдау болып
табылады.Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы
оның халықаралық валюта - қаржы және несие қатынастарына белсенді түрде
қатысуын талап етеді.
Валюта бағамы- негізгі макроэкономикалық көрсеткіш болып табылады және оның
өзгеруі елеулі түрде экономикаға әсер етеді, нақтырақ- әлемдік нарықтағы
ұлттық өнімнің бәсекелесу қабілеттілігіне, елдегі инвестициялық жағдайға,
ақша айналымы мен инфляцияға, капитал миграциясына. Негізгі валюталық
саясаттың бірі - бұл теңгенің тұрақтылығы мен жоғары сатып алу қабілетін
қамтамасыз ету, оны болашақта конверсиялану қабілеті бар валютаға
айналдыру.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы - Валюталық қатынастарды реттеу
қажеттігінің мәселелері мен мемлекеттің араласуының дәрежесі ақша-несие
саясатында маңызды орын алады. Ереже бойынша валюта режимі ұлттық экономика
мен әлемдік экономиканың жағдайы және өзара іс-қимыл жасауымен пара-пар
бұзылған жағдайда, анықталған мәселе бойынша талқылаулар күшейеді.Еркін
қалқымалы валюта бағамы жағдайында, валюталар арасындағы қатынас құнның
сұраныс және ұсыныс заңдарымен белгіленеді, ал ол болса, нарықтық валюталық
реттеудің мәнін құрайды. Номиналды валюта бағамының өзгеруі нақты валюта
бағамының өзгеруіне әкеледі, нәтижесінде экономиканың нақты секторында -
оның белсенділік деңгейінде, ресурстардың орналасуы мен құрылымында
бейнеленеді. Кей жағдайда, мұндай әсер ету мемлекеттің валюталық
қатынастарға араласуын қажет ететін келеңсіз нәтижелерге әкелуі мүмкін.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - валюталық қатынастардың экономикалық мәні мен
мазмұнын аша отырып, оларды жетілдірудегі өзекті мәселелерді анықтау және
ұлттық валюта-теңгенің сыртқы конверсиялану мәселелерін қарастыру болып
табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеті - валюталық реттеудің бүгінгі таңдағы жұмыс
жасауын қарастыру, Қазақстандағы валюталық қатынастармен валюталық
реттеудің қалыптасуы мен дамуын, олардың нәтижелерін, сондай-ақ, валюталық
реттеудің бағыттарын талдау, ұлттық валютаның толық конверсиялану мәселесін
отандық және шетелдік тәжірибелер негізінде шешу жолдарын қарастыру болып
табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттелу нысаны: Жұмысты жазу барысында Қазақстан
Республикасының ресми статистика мәліметтерін, ағымдық баспасөз
беттеріндегі ғылыми-зерттеу мақалаларын, отандық және шетелдік ғалымдардың
еңбектері мен оқу құралдарын пайдаланбақпын.
Дипломдық жұмыстың теориялық базасы және әдіснмасы ретінде батыстың
жетекші экономист-практиктерінің еңбектері, отандық ғалымдарымыз қаржыгер-
экономистердің пікірлері мен еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдылық
актілері мен үкімдері негіз болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс негізінен, Кіріспе және 4 тарауға бөлінген. Әр тарау
бірнеше тармақшадан тұрады. Соңында қорытынды бөлімі мен пайдаланған
әдебиеттер тізімі, сонымен бірге қосымшалар ретінде кесетелер, сызбалар
келтірілген.
1. ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Валюталық қатынастар ұғымы және валютанық жүйелердің даму
эволюциясы
Валюта (итал. мағынада баға, құн) - бұл елдің ақша бірлігі.
Халықаралық валюталық қатыныстар - бұл ұлттық шаруашлық қызметтерінің
нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік
шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық
қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатыныстардың жекелеген элементтері - вексель ісі түрінде
Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы
вексель жәрмеңкелері мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда
орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді.
Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен,
дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің
тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ
бөлу, айырбас және тұлыну салаларына қатысты қатысты халықаралық
экономикалық қатынстарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына,
саяси жағдайға,елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық
жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда-бұл шаруашылық байланыстарды
интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-
экономикалық қатынастар жиынтығы. Ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда -
белгілі бір қоғамдық экономикалық формация шегіндегі валюталық
қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік - құқықтық формасы. Тарихта мынадай
валюталық жүйенің типтері қалыптасқан:
- ұлттық,
- дүниежүзілік,
- аймақтық.
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды
қалыптастыруға және пайдалануға халықаралық айналымды жүзеге асыруға
көмектесетін валюталық - экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық
жүйе пайда болды.
Ұйымдық - заңдық тұрғысынан қарағанда - бұл ішкі шаруашылық байланыстарды
интернационаландыру негізінде тарихи түрде
қалыптасқан және халықаралық құндық нормаларын ескере отырып, ұлттық
заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды
ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Ұлттық влюталық жүйе елдің
ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып,өзінше дербес және ұлттық шекарадан
шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы
экономикалық байланыстардың даму дэрежесімен анықталады.
Ұлттық валюталық шаруашылықтың даму негізінде қалыптасқан және
мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық- валюталық
қатыныстарды ұйымдастыру формасы дүниежүзілік валюталық жүйе өзара
ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің
мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі
олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер
эконоикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып
келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын,
яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін,
мемлекетаралық валюталық реттеулерде және валюталық саясатты
шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік - құқықтық ұйымдастыру формасы
жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің
орналастыруымен, өңдірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен
анықталады.Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы
байланыс пен айырмашылықтар,олардың элементтерінен байқалады.
Ұлттық және дүнижүзілік валюталық жүйелердің негізгі элементтері. Ұлттық
валюталық жүйе:
1 .Ұлттық валюта
2.Ұлттық валютаның айналым дәрежесі.
З.Ұлттық валютаның паритеті.
4.Ұлттық валюта бағамының тәртібі.
5.Халықаралық валюталық өтімділік
6.Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы.
7.Халықаралық несиелік айналыс құралдары,оларды пайдалану ережелерінің
регламентациясы.
8.Елдің халықаралық есеп айырысу регламентациясы.
9.Ұлттық валюталық нарық пен алтыннарығының режимі.
10.Елдің валюталық қатынастардың реттеуші және қызмет көрсетуші
ұлттық органдар.
Дүниежүзілік валюталық жүйе:
1 .Халықаралық есептесу бірлігі, резервтік валюталар.
2.Валюталардың өзара айналымдылығының шарты.
З.Валюталық паритеттерінің біртұтас режимі.
4.Валюталық бағамдардың режимдерінің регламентациясы. 5.Халықаралық
валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу 6.Валюталық шектеуді
мемлекетаралық реттеу
7.Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдаланудың біртұтас ережесі.
8.Халықаралық есеп айырысулардың негізгі формаларының біртұтастығы.
9.Дүниежүзілік валюталық нарықтар және алтын нарықтардың режимі.
10.Мемлекеттік валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар.
Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға-елдің ақша бірлігіне
негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе-бір немесе бірнеше
резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта - халықаралық төлем және резерв құралы функциасын
орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды
анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында
валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы
елдердің айырбасталған ұлттық валютарының ерекше категориясы. Резервтік
валюта мәртебесін алудағы алғы шарттар:
- дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспортарында елдердің билік
еу позициясы;
- жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік мекемелердің дамыған
торабы;
- басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық
айналымдағы валютаның еркін айналымдағы және валюталық шектеудің болмауы.
Резервтік валюта мәртебесі эмитент - елдің экономикасына белгілі бір
міндеттемелерді жүктейді:осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру
қажеттігі,сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девельвация жүргізбеу.
Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық
үшін төлем баланысының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз
және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде
бірқатар артықшылықтар береді. Халықаралық есептік ақша бірлігі - валюталық
паритет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен
міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық
бірлік.Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету
үшін қажетті дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз
алу құқығы) және ЭКЮ (еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық
активтер қолма - қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы
шоттарына жазбаша жазу жолымен: СДР-Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ-
Еуропалық қауымдастыққа ынтымастық валюталық Еуропалық қорында
пайдаланылады.Олардың шартты құны валюталық қоржынға кіретін
валюталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізінде
есептеледі.
Валюталық қоржын 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін
енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталық-
несиелік ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы
және валюталық компенентердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына
байланысты белгіленеді.Валюталық орташа өлшемді құны, топқа кіретін
валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құнының сомасында
есептеледі.СДР халықаралық есептеу бірлігінің негізін құраған валюталық
қоржын бес валютадан тұрады (1.01.1991 ж. жағдай бойынша): АҚШ доллары -
40 %, неміс маркасы - 21%, жапон йені - 17%, француз франкі-11%, фунт
стерлинг 11%.
Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу, халықаралық капиталдың тасқыны мен
әлемдік сауданың өсуі экономикадағы интеграциялық процестерге әсерін
тигізеді. Бұл тенденциялар XXI ғасырда да өзінің маңызын сақтап келеді.
Экономикалық байланыстар мемлекеттік аумақтан тыс шығатын болғандықтан, тек
қана ұлттық экономиканың заңдарымен басқаруға келмейді. Және бұл,
біріншіден, халықаралық экономикалық қатынастардың барлық нысандарында орын
алатын ақшаға қатысты.
Валюталық паритет - бұл валюталық бағамның негізі болып табылатын және
заңды түрде бекітілген екі валюта арасындағы шекті қатынасты
білдіреді.Халықаралық валюта қоры Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР
негізінде белгіленеді. Ұлттық валюталық жүйенің шегінде Халықаралық валюта
қоры арқылы мемлекетаралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен
жасалатын операциялаға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.
Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен
байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық елдердің төлем
қабылетін сипаттайтын - халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі
болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы,
алтын, халықаралық валюталық қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-
дағы шоттар кіреді.Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережелерінің
реглементтелуі және халықаралық есеп айырысулар жүйелік халықаралық
нормаларға (Женева вексельдік және чектік конвенция, 1930ж.) сәйкес жүзеге
асырылады.Валюталық жүйенің институтционалдық құрылымы ұлттық және
мемлекетаралық деңгейлерде реттеледі.Аймақтық валюталық жүйелердің пайда
болуының себептерінің біріне,жаңа валюталық орталықты құру және оны
дүнижүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады.
Аймақтық валюталық жүйе - валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және
интергияциялық процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің
валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасының және
экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты
қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. ( Еуропалық
валютапық жүйе, 1979ж. наурыз ).
Дүниежүзілік валюта жүйесі - динамикалық, дамушы жүйе. Бұл жүйе Батыс
елдері экономикасындағы, дүниежүзілік шаруашылықтағы өзгерістер мен
қажеттіліктерге сәйкес бірте - бірте өрістеді. Валюталық жүйенің даму
кезеңдері өндірістің, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуымен байланысты болып
келеді.Дүниежүзілік валюталық жүйесі өз дамуы барысында төрт кезеңнен өтті
және сол кезеңдер дүниежүзілік валюта жүйесінің төрт түрін сипаттайды.
Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе өнеркәсіптік ревалюциядан кейін, алтын
монометаллизмі базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867
ж. Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде
мойындады. Ұлттық және дүниежүзілік валюта және ақша жүйелері біріктірілген
болатын, себебі ақша дүниежүзілік нарықта төлемге массасы (салмағы) бойынша
қабылданды. Алтын стандарты өндірісті, сыртқы экономикалық байланыстарды,
ақша айналыс, халықаралық есеп айырысуларды реттеуші ретінде белгілі бір
роль атқарады.
Алтын стандарт жүйесінің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
- әрбір валюта бірлігінде белгілі алтын мөлшерінің болуы;
- валютаның алтынға айырбасталу мүмкіндігінің ел ішінде, мемлекет
шекарасынан тысқары жерлерде де сақталуы;
- алтын құймалардың монетаға (тиынға) айырбасталуы, алтынның еркін
экспортталуы мен импортталуы және халықаралық алтын нарықтарында еркін
сатылуы;
- алтынның ұлттық қоры мен ел ішіндегі ақша ұсынысы арасындағы қатаң
байланыстың болуы.
Кейіннен классикалық алтын монета стандарты өзін түсіріп алды, себебі, ол
дүниежүзілік шаруашылықтың шаруашылық байланыстарына сәйкес келмейді. 1914
ж. валюталық шектеу енгізілді. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында пайда
болған валюталық былықтан соң, алтын және жетекші валюталарға негізделген
мемлекетаралық алтын девиз стандарты құрылды.
Екінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1922 ж. Генуэз конференциясындағы
мемлекетаралық келісіммен құрылды. Кейінрек, бұл шешімді капиталистік
елдердің көпшілігі құптады. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз стандарты
базасында қызмет етті. Алтын девизді стандарт жағдайында банкноттар алтынға
емес, басқа елдердің девиздеріне (банкноттар, вексельдер, чектер)
айырбасталып, содан кейін ғана алтынға ауыстырлатын болды. Ол кезеңдерде
резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді,бірақ та
фунт стерлинг пен АҚШ доллары жетекшілік танытты. Алтын девизді стандарт іс
жүзінде реттелетін валюта курсы жүйесіне, ең алдымен алтын-валюталық
стандарт жүйесіне көшудің алғашқы қадамдары еді.
Үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе, яғни алтын - валюталық стандарт жүйесі
XX ғасырдың 30 жылдарында пайда болып, 50- жылдардың соңына қарай толық
қалыптасты. Бұл жүйе бойынша қағаз ақшаларды алтынға айырбастау
тоқтатылды.1994 ж. Бретон-Вудстағы (АҚШ) валюта - қаржы конференциясында
рәсімделді. Қатысушылары 44 ел болды, ХВҚ Жарғысы бекітіліп, онда
дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай қағидалары анықталды:
-алтынға және екі резервтік валютаға (АҚШ доллары және фунт стерлингке)
негізделген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі белгіленді.
Бұл жерде алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарда сақталып, ал ақша
жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделеді.
Бреттон - Вудс келісімі бойынша алтынды пайдаланудың төрт негізгі
формасы қарастырылады: валюталардың алтындық паритеті және олардың
Халықаралық валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп айырысулардың
қалдығын жабатын ақырғы кұрал және халықаралық валюта өтімділігінің
компоненті.АҚШ долларын алтынға теңестіру және оны шетелдік орталық
банктерде 31,10352г (1934ж.) 35 доллар ресми бағада айырбастау жүзеге
асырылып, іс жүзінде долларлық стандарт орын алды:
- валюталық саясат және валюталық шектеу халықаралық келісім-шарттарға
бағынды,
- валюталық паритеттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленді,
париттетті өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қордың рұқсатымен іске
асты;
- валюталық бағамдардың режимі белгіленді (+0,75% -паритеттен ауытқуға
болады.)
60 - жылдардың аяғынан бастап, үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе
құлдырады.АҚШ алтынды ресми бағасы бойынша долларға айырбастаудан
бас тартты. Дүниежүзілік нарықта алтынның бағасы күрт жоғарлап кетті.
Төртінші дүниежүзілік валюталық жүйенің қағидалары Кингстонда
(Ямайка) 1976 - 1978жж. Халықаралық валюталық қорға мүше елдердің
келісімімен рәсімделді.Онда халықаралық валюталық қор Жарғысына
түзетулер енгізілді.Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидасы мыналар: -
СДР стандарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық стандарт сақталды,
себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек пайдаланды
(валюталық қоржындағы доллардың үлесі-40%, ресми валюталық резервтерде
- 60%-ға жуық). Бірақ Халықаралық валюталық қорға мүше елдерге валюталық
паритеттерін кез келген валютада белгілеуге құқық берілді, соның негізінде
көп валюталы стандартқа өту заңдастырылды;
- алтынды демонетизациялауға заңды түрде тыйым салынды: ресми баға,
алтындық паритет алынып тасталып, доллардың алтынға айырбастауы
тоқтатылды;
- валюталық бағамдар режимін таңдауға құқық берілді (1973ж.6 наурыздан
бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді);
- Халықаралық валюта қоры арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.
Сонымен, дүниежүзілік валюталық жүйенің дағдарысқа ұшырауы ескі
жүйені құлатуға және оны жаңамен ауыстыруға әкелді.Жаңа валюталық жүйені
құруда үш кезеңді бөліп қарауға болады:
1)жаңа валюталық жүйені құру алғы шарттарын қалыптастыру, қағидаларын
анықтау;
2)құрылымдық біртұтастығын қалыптастыру, құруды аяқтау, жаңа жүйенің
қағидаларын біртіндеп іске қосу;
3)біртұтас және элементтері өзара байланысқан толыққанды қызмет ететін
дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру.Ямайка валюталық жүйесіне
қарасты Еурополық экономикалық қауымдастық елдері 1979 жылы наурызда
валюталар бағамын тұрақтандыру және инфляция деңгейін қысқарту жолымен
Еуропадағы экономикаңың өсуін қолдау мақсатында Еуропалық валюталық
жүйесін құрды. Бұл Еуропалық валюталық жүйесіне (ЕВЖ) мүше елдердің
валюталық бағамдарының айырмасын бағалауға арналған ЭКЮ еуропа валюта
бірлігіне негізделді.
Еуропалық валюталық жүйеге мүше елдердің ресми алтын-доллар резервтерінің
20% - н біріктіре отырып, алтынды ЭКЮ - ді жартылай қамтамасыз ету үшін
пайдаланады.Валюталық бағамдардың режимдері бойынша мүмкін болар қатынастар
валюталардың бірлесіп өзгеруі негізінде өзара ауытқу шегінде белгіленген,
жаңа мүшелер үшін +6% және басқа жағдайларда +2,25%. Еуропаның Орталық
банктері белгілінген ауытқулар шегінде интервенция жүргізеді. 1987 жылдан
бастап маргинальды және интермаргинальды интервенциялық стратегия
жүргізілуде, маргиналдық интервенцияның шектері диаграммада
көрсетілген.Одақты құрудың мақсаты - Еуропалық Одақ шегінде тауарлар,
көрсетілген қызметтер мен капиталдардың еркін қозғалысы; ақша
саясатына,интервенсияның шекарасын қалпына келтіруге,валюталар арасында
тұрақты өзара қатынас белгілеу, капиталдар нарығын ырықтандыруға қатысты
бірігіп шешімдер қабылдау.
Еуропаның валюта одағына 12 елдің мемлекет басшылары Еуропалық одақ жөнінде
жоба дайындап, оған 1992 жылы 7 ақпанда қол қойылды және оны Маастрихт
келісім-шарты деп атады. Келісім шартта болашақ экономикалық және ақшалай
одаққа қатысты ережелер жинағы жасалып және бұрынғы ЕО келісім-шарттарына
толықтырулар мен түзетулер енгізілді.Келісім-шартта мемлекеттердің
Еуропалық валюта одағына кіру критерийлері анықталды:
- инфляция деңгейі үш тұрақты қатысушы елдің орташа инфляция деңгейінің
1,5% -нан аспауы тиіс;
- бюджет тапшылығы да өте өлшеусіз болмау керек;
- Еуропалық валюта одағына мүше болған екі жыл ішінде валюта қысымға
және девальвациялануға ұшырмауы тиіс,
- ұзақ мерзімді пайыз мөлшерлемесі үш тұрақты елдің орташа деңгейінің 2%-
нан аспауға тиіс.
Сонымен қатар, қатысушы елдердің ақша саясатын анықтайтын, оның шарттарын
жасайтын, валюталық операцияларды жүзеге асыратын және
валюталық резервтерді қолдап отыратын, Еуропалық Орталық банкпен қатысушы
елдердің орталық банктерін қамтитын орталық банктердің жүйесі құрылды.
Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық қорға мүше бола отырып,
дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушы болып саналады. Жалпы
Қазақстан республиксының шетелдермен жүргізілетін валюталық
қатынастардың негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда
айқындалған. Оларға Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы 1993
жылдың 13 желтоқсандағы заң; Қазақстан Республикасының ұлттық банк туралы
1995 жылдың 30 науырыздағы заң; Асыл тастар және қымбат бағалы металдармен
байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы 1995 жылдың 20 шілдедегі
заң; Банк және банк қызметі туралы 1995 жылдың 31 тамызындағы заң;
сонымен қатар Қ.Р. Президентінің Жарлықтары, Үкімет қаулылары мен
Ұлттық банк басқармасының нормативтік актілері (мысалы, 1994 жылдың 24
қарашасындағы Ұлттық Банк басқармасы бекіткен Қ.Р-да валюталық
операцияларды жүргізу тәртібі).
1.2. Валюталық нарықтың түсінгі, қатысушылары мен қызметі
Еркін әлемнің экономикасы ауқымды дәрежеде бір- бірімен
байланысты болып келеді, яғни ұлттық валюта басқа мемлекетте төлем
қабілеттілігіне ие болу үшін, оны сол елдің валютасына айырбастау қажет, ол
болса валюта нарықтары арқылы жүзеге асырлады.
Валюта нарықтары дегеніміз - сұраныс пен ұсыныс негізінде шетелдік валютаны
ұлттық валютаға құны бойынша сатып алу мен сатуды жүзеге асыратын
орталықтар.Сондықтан валюталық нарықтың субъектілерін анықтау маңызды
болып табылады. Қазақстан заңдары бойынша валюталық қатынастардың
субъектілері болып резиденттер және резиденттер еместер саналады.
Резиденттерге жататындар:
- Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде уақытша
шетелдерде мемлекеттік қызметте жүргендер;
- Қазақстан Республикасының заңдары бойынша құрылған заңды
тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және
одан тыс жерлердегі өкілдіктері;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және басқа
ресми өкілдіктер, сондай-ақ шаруашылық немесе коммерциялық іспен
шүғылданбайтын өкілдіктер.
Резиденттер еместерге жататындар:
- Қазақстан Республикасының сыртында тұрақты тұратын және Қазақстан
Республикасына уақытша келушілер;
- Басқа елдің заңдары бойынша құрылған басқа елде орналасқан заңды ұйымдар;
- Шетел заңдары бойынша құрылған Қазақстан Республикасы сыртында орналасқан
ұйымдар және кәсіпорындар;
- Қазақстан Республикасындағы шетел дипломатиялық арнаулы елшілер,
халықаралық ұйымдар, олардың филиалдары және өкілдіктері. Резиденттер
сияқты резиденттер еместерді олардың валюталық нарықта жүзеге асыратын
экспорттық және импорттық операциялары байланыстырады.Яғни, егер шетел
валютасына сұраныс көзі импорт болса, онда оның ұлттық нарықта келуінің
көзі болып - экспорт табылады. Егер
экспорт импорттан көп болса, мұндай жағдай тек қана елдің ағымдық төлем
балансының оң сальдосына әкелмейді, сондай-ақ шетел валютасының ұсынысын
жоғарлатады, ал ол болса оның құнының төмендеуіне әкеледі.
Екінші жағынан, резиденттердің импортты көбейтуі және ұлттық
нарықтағы резиденттер еместердің тең болуы, тиісті шетел валютасына
сұранысты көбейтіп, отандық валютаның құнының төмендеуі негізінде, оның
курсын жоғарлатады. Анықталған нарықтық процестер мемлекеттік реттеудің
қатысуынсыз өтіп, нарық билігіне толық тәуелді болуы тиіс.
Ұлттық валюта нарықтары дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің
барлығында қызмет атқарады. Ұлттық нарықтардың дамуы мен олардың өзара
байланысының күшейуі арқылы біртұтас дүниежүзілік валюта нарығы
қалыптасты.Оның құрамына дүниежүзілік, аймақтық, ұлттық валюта нарықтары
кіреді.
Валюталық нарықтың қатысушылары ретінде орталық және коммерциялық банктер,
валюталық биржалар, брокерлік агенттіктер, халықаралық корпорациялар орын
алады. Сонымен қатар валюталық нарықтың жеке қатысушылары болып табылатын
өз елінен тыс жерде саяхатта жүрген туристер, шетелде тұратын туыстарынан
ақшалай аударымдарды алатын тұлғалар, шетел экономикасына капиталын салушы
жеке инвесторларды жатқызуға болады.
Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу сату мәмілелері Ұлттық
банк валюта операцияларын жүргізуге берген лицензия бойынша өкілетті
коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.
1.3. Ұлттық ақша бірлігінің бағамы және оның өзгеру мәселелері
Валюталық жүйенің маңызды элементі - валюталық бағам болып табылады.
Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы
барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталарымен айырбастың
қажеттігін: дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ
ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық
көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы
шоттарын уақытылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделді.
Валюталық бағам - бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша
бірліктеріне бейнеленген бағасы.
Валюталық бағамның нарықтық экономикадағы маңызы зор, ол қоғамда болатын
көптеген макроэкономикалық процестерге әсер етеді. Валюталық бағам арқылы
әр түрлі елде өндірілген тауарлар мен қызметтердің бағалары салыстырлады.
Әлемдік нарықтағы ұлттық тауарлардың бәсекелесу қабілеттілігі, экспорт пен
импорттың көлемі, яғни ағымдық операциялар балансының жағдайы валюталық
бағамның деңгейіне байланысты болады.
Валюталық бағамның динамикасы, оның тербелу дәрежесі қоғамның экономикалық
және саяси тұрақтылығының көрсеткіші болып табылады. Әрбір елдің ұлттық
валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда
болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам
валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға
байланысты өзгереді.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:
Саяси тұрақтылық, валюталық саясат және т.б. экономикалық, халықаралық
тәжірибеде анықталтын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты экономикалық
өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға
дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік
нарықтағы тепе-теңдік, жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден
қорғануға ұмтылыс және т.б.Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен
қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.
Монометаллизм тұсында - алтын немесе күміс валюталық бағамның базасы
монеталық (алтындық) паритет болып табылды, яғни ол, әр түрлі елдердің ақша
бірліктерінің олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын
сипаттайды.Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келеді. Алтын
монометаллизмі тұсында валютаның бағамы алтын паритетіне сүйенді
(валюталардың шекті қатынасы олардың ресми алтындық құрамына байланысты)
және стихиялы түрде алтын нүктелерінің шегінде оның айналасында ауытқып
отырады. Алтын нүктлерінің классикалық механизмі тек екі жағдайда жүзеге
асты: алтынды еркін түрде сатып алу-сату және сыртқа шығару.Валюталық
бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада
ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды. 1930-
1933 жж. фунт стерлингтің алтындық құрамы 7,32 г болса, ал АҚШ долларыныкі
- 15г. Бір фунт стерлингтің монеталық паритеті былай анықталды: 1 ф.ст =
7,320001,50416=4,86доллар. Фунт стерлингтің ең төменгі бағамы (Англия мен
АҚШ-тың пассивті төлем баланысы тұсында ) монеталық паритеттен оның аударым
құны - 0,05 доллар.Фунт стерлингтің төменгі алтындық нүктесі 1 ф.ст. =
4,86+0,5 = 4,18 (долл).Валюталық бағамның осы нүктесіне жеткен кезде АҚШ -
қа алтынның кетуі басталды. Жоғары алтындық нүкте жеткен кезде (1ф.ст.=4,86
доллар+0,5долл.=4,91долл.) АКД - тан алтынның келуі байқалады.
Валюталық бағам алтын нүктелерінің шегінен шығып кете алмады, себебі осы
нүктелерге жеткенде борышқорлар үшін, тауарларды ұлттық валютаға сатып
алып, ал алтынды сыртқа шығарған тиімдірек болады. Алтын
стандартын алып тастағаннан кейін, алтын нүктелерінің механизмі істен
шықты. 1971 жылы долларды алтынға ресми бағасы бойынша ауыстыру
тоқтатылғаннан кейін, валюталардың алтындық құрамы және алтын париттеттері
сандық түсінікке айналды. Халықаралық валюта қоры оларды 1975 жылдан
жариялауды тоқтатты. Валюталық бағамның негізі ретінде алтын паритетінен
заңды түрде бас тарту Ямайка валюталық конференциясымен рәсімделеді. Бұл
жағдайда валюталық бағамның қалыптасу ерекшелігі мынада: валюталар өзінің
құндық көрінісін алтында емес, яғни алтын нарығында стихиялы түрде болатын
нақты баға ауқымы, несиелік ақшалардың салыстырмалы құны арқылы болуында.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауытқыды. ХВҚ-ның Жарғысы
бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-да валюталық
қоржын базасында бекітілді.

2.1. Валюталық реттеу валюталық саясатты жүзеге асыру құралы
ретінде
Көпжылдық әлемдік тәжірибе экономиканың нарықтық түріне мемлекеттің
араласуының объективті қажеттілігін куәландырады. Күрделі байланыс
жүйесімен сипатталатын нарықтық шаруашылық, таза күйінде мемлекеттің
араласуынсыз тиімсіз әрекет етеді деуге болады.
Көптеген ғалым-экономистер әр түрлі мемлекеттердің қазіргі кездегі
экономикасы жеке және мемлекеттік сектор бір-бірімен байланыста болатын
аралас экономика түрінде көрінеді, сонымен қатар ол мемлекеттік те жеке де
болып табылмайды.
Нарық - бұл негізгі экономикалық міндеттерді шешуге қабілетті механизм.
Бірақ та ол нарықтық типтегі экономиканың анықталған ойын, ережелерін
қолдайтын мемлекетсіз дұрыс қызмет ете алмайды.
Нарықтық қызметті белсенді түрде ынталандырудағы мемлекеттің ролі туралы
сұрақтар қашанда әртүрлі экономикалық мекетеп өкілдері арасында қызу даулар
туғызып келеді.
Айта кететін жәйт, бұл мемлекеттің экономикалық процестегі екі жақты
қатысуы. Ол құқықтық актілерді шығарып, және сол арқылы әкімшілік реттеуді
жүзеге асырады. Екінші жағынан, мемлекет анықталған мүліктің иеленушісі
болып табылады, яғни тікелей экономикалық қызметті жүзеге асырып, жалпы
заңдарға бағынады.
Нарықтық механизімнің кемшіліктерін жұмсартатын негізгі шаралар ретінде,
экономикалық теорияда ақша-несие және бюджет-салық саясаттары қарастырлады.
Олар арқылы экономиканың жаңа сапасына көшуге мүмкіндікті жүзеге асыратын
экономикаға әсер ететін нақты механизм қалыптасады.
Бірақ В.Родионова - мемлекеттің экономикаға араласуы объективті
шектеулерге ие болуы тиіс, артық араласу экономикалық ынталанулардың
әлсіреуіне, барлық нарықтық механизімнің қызмет ету тиімділігінің
төмендеуіне әкелуі мүмкін - деп жазады.
Қазақстандық ғалымдардың ішінде мемлекеттік қаржылық реттеу мәселелері
жөнініде өз зерттеулерінде Н.Қ.Мамыров, Ж.О.Ихданов, В.Д. Мельников,
А.Б.Зейнелгабдин сияқты профессорлар мен М.Оспанов, Е.
Дербисов және т.б. экономистер қарастырған.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарық экономика жағдайында мемлекет
тарапынан валюталық реттеу жүргізіледі.Қазақстан Республикасы егеменді ел
ретінде өзінің маңызды тарихи даму кезеңінде валюталық саясат жүргізуге
тиісті.
Валюталық саясат - бұл валюталық қатынастар мен ақша айналысы аясындағы,
елдің экономикасы мен қазақстандық теңгенің төлем қабілеттілігіне әсер ету
мақсатындағы Қазақстан мемлекеті мен Ұлттық банкпен жүргізілетін іс-
шаралардың жиынтығы, яғни валюталық саясат бұл - мақсат емес, ол
экономикалық реформаларды жүргізу құралы деп айтуға болады.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшкен кезіндегі валюталық
саясатының мақсаттары болып мыналар табылады:
- елдегі жаппай долларландыру дегенді тоқтату;
- ұлттық валюта-теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- теңгенің конверсиялануына жету мен оны қамтамасыз ету.
Валюталық қатынастарды реттеу қажеттігі жөніндегі алғашқы
әңгімелерді Бреттон-Вуд валюталық жүйесінің құлдырауы және валюталық
курстың жаңа режиміне ауысу кезеңіне жатқызады. Әңгімелердің екінші кезеңі
ретінде, жаңа валюталық тәртіптің қызмет ету тәжірибесі жинақталған кездегі
80-ші жылдардың ортасын есептеуге болады. Бұл уақытта қалқымалы валюталық
бағамдардың экономикаға әсер етуінің нәтижелері анықталған болатын.
Валюталық бағамдардың тәртібі қысқа және ұзақ мерзімді перспективада да
шекті тұрақсыздығымен ерекшеленді.Ұлттық валютаның айырбас курсының елдің
экономикалық өсуіне тигізетін әсерін еске ала отырып, мемлекет валюталық
қатынастарға өзінің араласу құқығын қалдырды.
Төлем балансы валюталық реттеуді оқып зерттеу процесінде негізгі орынға ие
болады, ол төмендегідей бірнеше себептерге негізделеді:
- біріншіден, өзінің табиғаты бойынша, төлем баланстары тұрақты түрде
активті немесе пассивті сальдоға ие бола алмайды.
- екіншіден, төлем балансының тепе-теңдігінің автоматты түрде қалпына
келтірлуі жөніндегі еркін қалқымалы валюта концепциясын әзірлеушілердің
дәріптелген ұсыныс ойлары ақталмады.
Олардың ойы бойынша, тербелмелі валюталық бағамдардың механизімі төлем
балансының тепе-теңдігін қамтамасыз етеді, бұндай тепе-теңдіктен туындайтын
ауытқулар валюталық бағамның өзгеруіне әкеледі, ол болса өз
кезегінде, тауарлар мен қызметтер, сондай-ақ капиталдың халықаралық
айырбасына әсер етіп, жақын уақытта төлем балансының тепе-теңдігін
қалпына келтіреді. Оның автоматты түрде қалпына келуі, шетел
валютасына деген қосымша сұраныс ұлттық валютаның құнының түсуіне
келуінен көрінеді.Бұл шетел және отандық тауарлардың бағасына
қатынасын өзгертеді, ол болса, ұлттық тауарларға деген сұраныстың көбейуіне
және импорттың азаюына әкеледі. Төлем балансы активизацияланып, ол тепе-
теңдікке жетеді.
Курстық қатынастардың өзгеруі ағымдық операциялар бойынша тез арада
баланстың теңесуіне әкелмейді. Сауда ағысының жаңа валюталық бағамға
бейімделуі үшін анықталған уақыт қажет.Нарықтық және мемлекеттік реттеу
бірін-бірі толықтырады. Олардың арасындағы қатынас нақты жағдайлардағы
экономикалық пайдалылықпен анықталады. Экономикалық жағдайдың тұрақтануы,
және жақсаруы валюталық нарықтың либерализациясына әкеледі. Бірақ мемлекет
қашан да валюталық бақылауды сақтап отырады. Халықаралық тәжірибеде
валюталық реттеу түсінігінде мемлекеттік және нарықтық реттеулердің
жиынтығы емес, ол мемлекеттік органдардың белгілі бір қызметі түрінде
түсіндірлетін жағдай орын алады.
Валюталық реттеуді бөліп анықтайтын А.В.Емелин. Ол валюталық реттеуді
төмендегілерге бағытталған, мемлекеттік органдармен жүзеге асырлатын
құқықтық шаралардың кешенін айтады:
- валюталық реттеу және валюталық бақылау органдары мен агенттерін құру
мен олардың қызмет етуін қамтамасыз ету;
- ішкі валюталық нарықта валюталық құндылықтарман операциялар
жүргізудің анықталған тәртібін, валюталық құлдылықтардың мемлекеттен тыс
жерге шығарлу және әкелу тәртібін бекіту және жүзеге асыру;
- валюталық құндылықтарға мүліктік құқықтарды қамтамасыз ету және қорғау;
- ұлттық валютаның бағамының және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз
ету.
Экономикалық белгісі бойынша, валюталық реттеу ұлттық экономиканың мүддесі
үшін мемлекеттің валюталық қатынастарды реттеу бойынша шараларын жүзеге
асыру процесінде қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы болып
табылады.
Валюталық реттеудің соңғы объектілері болып валюталық бағам және төлем
балансы болып табылады. Соңғы объектілерді реттеуді оңтайландыру үшін
орталық банктер валюталық реттеудің уақытаралық объектілері ретінде
резиденттер мен резиденттер еместердің валюталық операцияларын айырады.
Айта кететін жәйт, тербелмелі валюталық бағам режиміне өту мемлекеттің
анықталған экономикалық ролінің төмендігін білдірмейді.Тербелмелі валюталық
бағам жүйесіңде проценттік ставкалардың деңгейін көтеру жолымен мемлекеттің
артық сұранысты шектеуге деген ықыласы бекітілген тұрақты бағам
кезіндегідей ілеспейді, шетелден келетін капиталдың құйылуы нәтижесінде
ақша массасының ұлғайуымен, оған деген сұраныстың ұлғайуынан ол жергілікті
валютаның револьвациясымен бейтараптанады. Осы арқылы капиталдың ауысуы
қосымша табыс әкелмейді. Осыған ұқсас шаралар экспорттың төмендеуі мен
импорттың азайуы бағытында сыртқы сауда секторына әсер ету арқылы қосымша
сұраныстың азайуына әкеледі. Кері процестер экономиканы ынталандыру
саясатын жүргізген жағдайда байқалады.Сұранысты реттеудегі ақша-несие
саясатының шараларының өзі күтілген әсерін бермесе, бұл міндеттің шешілуіне
әсер ететін валюта бағамының өзгеруі өзіндік фактор болып қалады.
Нәтижесінде, мемлекет экономикаға әсер етудің тағы бір икемді құралына ие
болады. Валюталық нарықтың қатысушыларының мотивациясы және олардың мінез-
құлқы басқа экономикалық агенттердің мүдделерімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Валюталық алыпсатарлардың іс-әрекеттері басқа нарық қатысушыларының оңтайлы
күтімдерін үзіп, елдің экономикалық процестерін тұрақсыздандыруы мүмкін.
Валюталық нарықтың стихиясы валюта бағамын ұдайы өндірудің көзқараспен
қажетті пропорциясына жетуге тиімді болып есептелетін деңгейден елеулі
түрде ауытқуын шақыруға қабілетті.Сондықтан мемлекет қысқа мерзімді жылдам,
бұзушы конъюктуралық бағамдардан құтылу үшін, валюталық бағамдардың өзгеру
динамикасын реттеп отырады.
Валюталық реттеу төмендегі принциптерге сәйкес ұйымдастырлуы мүмкін:
1. аумақтылық-анықталған мемлекетте валюталық реттеудің таралуы;
2.экономикалық анықтылық-резиденттер мен резиденттер еместердің арасында
негізгі айырмашылық жасалуы тиіс;
3. валюталық операцияларды жүргізудегі банктер монополиясы валюталық
операцияларды жүргізуде заңдылықтың орындалуына бақылау жүргізу
мақсатында, сыртқы экономикалық мәмілелер бойынша жасалатын есеп
айырысу операциялары тек қана уәкілетті банктер арқылы өтуі тиіс, бұл
жағдайда тараптар қызмет етуші банкті таңдап алады.
4.валюталық операциялардың негізділігі - алыпсатарлықты болдырмау үшін,
валюталық операциялар нақты коммерциялық немесе қаржылық мәмілелер
негізінде жасалуы тиіс;
5.шетелде төлем құралдарына ие болуға резиденттердің құқықтарын шектеу. Бұл
капиталдың сыртқа кетуімен күреске бағытталған шара бірнешенысандарға ие
болуы мүмкін: тыйым тек қана шот ашу мен ғана емес, сонымен қатар
валютадағы төлем құралдарына қатысты болуы мүмкін; барлық табыстар мен
кредиттердің репатриациясы және барлық валюта түрлерінің ұлттық валютаға
толық айырбасталуы; шетелге тікелей капитал салымдарын қадағалау; шетел
бағалы қағаздарына орналастыруды шектеу немесе тыйым салу; шетелде төлем
құралдарын қалыптастыруға мүмкіндік беруі мүмкін фальсификацияны болдырмау
мақсатында, импорт және экспорт тауарлардың бағаларына бақылау жасау;
6.шұғыл операцияларға бақылау.Валюта нарығына қысым жасалуын болдырмау
үшін, резиденттерге валюталарды шұғыл сатып алуға тыйым салу немесе шектеу
қою;
7.банктердің валюталық позициясына бақылау жасау;
8.алыпсатарлық төңірегіндегі барлық операцияларға олардың нысанына
қарамастан тыйым салынуы тиіс;
9.валюталық операцияларды категорияларға бөлу: еркін жасалатын операциялар;
рұқсатты қажет ететін операциялар; тіркеуді қажет ететін операциялар;
хабарлауды талап ететін операциялар.
Валюталық реттеудің әдістері ұлттық қорларды жұмылдырып отандық экономикаға
капиталдың салынуы үшін экономикалық өсуге әсер етуі тиіс. Валюталық
реттеудің тура және жанама әдістерді ажыратады. Тура әдістер заң
актілерімен атқарушы биліктің іс-әрекеттерімен белгіленеді, жанама бұл
ақша, валюта-несие әдістерін қолдану арқылы валюталық нарық қатысушыларына
әсер ету әдістері.
Топтаманы қосымша әкімшілік және экономикалық әдістермен толықтыруға
болады. Валюталық реттеудің экономикалық әдістері проценттік ставкалардың
өзгеруі мен валюталық резервтерді қолдану арқылы валюталық бағамдар мен
төлем балансын реттеу әдістерін құрайды. Әкімшілік әдістер заң актілерінде
және халықаралық мәмілелерде бекітілген валюталық реттеу шаралары.
Валюталық реттеу әдістеріне валюталық интервенция,
девальвацияревальвация, валюталық шектеулер және ұлттық валютаның
конверсиялану режимін жатқызады. Алғашқы екеуі экономикалық әдістерді
құрайды, келесілері-әкімшілік. Бірақ валюталық реттеу шаралары валюталық,
ақша, несие және бюджет саясаттарының мақсаттарымен келіспеушілік орын
алған жағдайда тиімсіз болуы мүмкін.
Валюталық реттеудің мазмұны валюталық шектеулердің басымдылық ролін
анықтайды. Валюталық шектеулер түсінігінде батыс экономистері азаматтардың
өз елінің валютасын шетелдікіне ауыстыруға құқықтарын шектейтін үкіметтік
шаралардың жүйесін түсіндіреді, валюталық реттеу жүйесінің мақсаты сыртқы
капитал айналымын қысқарту.Валюталық шектеулер дәстүрлі түрде келісідей
мақсаттарға жету үшін қолданылады:
- төлем балансын теңестіру үшін, халықаралық төлемдерді және капиталдың
ауысуын реттеу;
- ұлттық валютаның бағамының түсуін қолдау;
- мемлекеттің алтын валюталық резервін жинақтау.
Экономикалық теорияға сәйкес валюталық шектеуге дәстүрлі түрде
төмендегілерді жатқызады:
- шетел валютасының міндетті түрде мемлекетке ұлттық валютаға
айыбастап сату;
- ішкі нарықта шетел валютасының еркі сатылуы мен сатып алынуына тыйым
салу;
- шетелге төлемдерді және аударымдарды, капиталдың, алтынның
бағалы қағаздардың, ақша құралдарының шығарылуын және пайдалардың отанға
оралуын реттеу;
- жеке және заңды тұлғалардың шетел валютасына ие болуға және билік
етуге құқықтарын шектеу;
- сыртқы қарыз алуды реттеу.
Қазақстанның алдында валюта байланыстарының қызметін құрумен бірге халық
шаруашылығын қайта құру, оны нарық жолына бұру мәселелерін қатар алып жүру
жұмыстары тұр.Жақын уақыттарға дейін Қ.Р-да Валюта реттеу заңы 1993 жылы
14 сәуірде қабылданған заң бойынша жүрді. Бұл Қазақстан егемендік алған соң
қабылданған 1-заң еді. Бірақ та ол кезде сом зонасында еді, сондай-ақ, жеке
валюта саясатын жүргізуге практикалық тәжірибесі аздау болды. Бұл кезеңде
еліміз өзінің ұлттық валютасын дайындау үстінде және алтын валюта резервін
құру жұмыстарының қажеттілігін түсінді. Бірақ ескі заңның қағидалары
либерализациялау деңгейіне жауап беру мүмкіндігінің артта қалғанын
байқатты, ол кей жерлерде қарама - қайшы сипатта болды. Ал қазіргі кезде
жұмыс істеп жатқан Қ.Р. заңының 8-бабына түзетулер енгізілді.
1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда Валюталық реттеу туралы жаңа заң
қабылданды. Жалпы алғанда валюталық реттеу бірнеше әкімшілік шараларды
қажет етеді, яғни бұл валюталық түсімнің көтерлуі елден валюталық ағылудың
қысқаруы деген сөз. Басқаша айтқанда, валюталық реттеу еліміздің төлем
балансын бір қалыпта ұстау, валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету,
сондай-ақ, мемлекетке валюталық ресурстарды жинау жұмыстарына ықпалын
тигізеді. Сондықтан да валюталық реттеудің жаңа заңы бойынша, нормативті
құқықтық актілерін бекіту, хабар жинау, валюта заңдылықтарын қадағалау
және қолдану жұмыстары жүргізіледі. Қазақстан заңы бойынша, валюталық
реттеудің объектісі болып, валюталық байлықтар және олардың операциялары
есептеледі. Жаңа заң бойынша валюталық байлыққа жататындар:
- шетел валютасы;
- құнды қағаздар мен төлем құралдары және құны шетел валютасымен
бекітілген номиналдар;
- алтын құймасы.
Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып, Ұлттық
банк саналады. Ол:
- шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар
айналысының аясы мен тәртібін белгілейді, шетел валютасында
операциялар жүргізуге қажетті шектеулер енгізіледі, ондай шектеулерді
сыйақы (мүдде) көлеміне де енгізіледі;
- резиденттер мен резиденттер еместердің республикада
шетел валютасымен және шетел валютасындағы бағалы
қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін белгілейді;
- резиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын анықтайды; беру,
тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге лицензиялар
береді;
- ұлттық валютаның-теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағамын, оның
ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, кедендік және салық төлемдері үшін,
сондай-ақ шетел валютасымен және бағалы металдармен жасалатын операциялар
бойынша Қазақстан теңгесіне нарықтық баға белгілеу мақсатында Ұлттық
банктің ресми бағамын белгілеу жолымен реттейді;
- алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізеді;
- халықаралық есеп айырсуды ұйымдастырып, шетелдермен қаржы-
валюталық және несие-есеп айырсу қатынастарын жетілдіреді;
- қабылданған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық
ұйымдармен шетел валюталарын тартады.
Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың
агенттері жүргізеді.Валюталық бақылау органдары болып Ұлттық банк және
Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Халықаралық міндеттерді
орындауда, кездейсоқ болып қалған үлкен түсініспеушілікте Қ.Р.
Президентінің араласуға құқығы бар, яғни кез-келген операцияларды шектеп
немесе тоқтатып тастауға міндетті. Бақылау агенттері болып, заң бойынша
валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық
операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі. Валюталық бақылау
негізінен мына бағытта жүргізіледі:
-жүргізілетін валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және оған
қажетті лицензиялар мен рұқсаттың болуы;
-резиденттердің мемлекет алдындағы шетел валютасымен міндеттемелерін
орындауын тексеру; сондай-ақ Қ.Р.-ң ішкі валюта нарығында шетел
валютасын сату міндеттемелерінің орындалуын тексеру; шетел валютасымен
жүргізілетін төлемдердің дәлелдігі, валюта операциялары бойынша есеп пен
есептесудің толықтығы және объективтілігі тексеріліп, сонымен бірге
резиденттер еместердің теңгемен жүргізген операциялары бойынша бақылау
жүргізіледі. Сөйтіп, валюта қатынастары халықаралық экономикалық және
мәдени қатынастарға қызмет етіп, ол мемлекеттің төлем балансында көрініс
табады.
Қорыта айтқанда, мемлекет валюта байланыстарына ертеден-ақ араласқан.
Бастапқы кезде жанама, кейін халықаралық байланыстарының ролінің артуына
байланысты төтелей араласа бастады.
Әлемдік тәжірибені қарастырғанда валюталық саясаттың нұсқаларын таңдап
жүзеге асырағанда, неғұрлым қызықтыратын ол ФРГ-ң тәжірибесі. Ол Людвиг
Эрхардтың бастауымен жүзеге асырылған Немістің экономикалық ғажайыбы
деген атқа ие болған ақша-валюталық реформасы. Бірақ айта кететін жәйт,
басқа елдердің қаржылық - валюталық реформаларын қандайда болмасын
механикалық қайталау қалыптастыратын процестің жүйелерінің болмауына
байланысты кері нәтижелерге әкелуі мүмкін.
ФРГ-ң валюталық саясатының басын Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан
кейін жүргізілген ақша - валюталық реформасының нәтижесінде неміс маркасы
пайда болған кездегі кезең, яғни 1948 жылдың 21 маусымын есептеуге болады.
Гитлер кезеңіндегі қызмет еткен - рейхсмаркалар-неміс маркаларымен, яғни
дойч маркалармен ауыстырылды.
Заңды тұлғалар мен азаматтарға рейхсмаркалар, банктегі салымдарды қосқанда,
неміс маркілеріне ауыстырылды. Ауыстыру бірінші кезеңде 100 рейхсмаркаға 10
неміс маркасы қатынасымен және сонымен қатар, оның 50 пайызы банк шотында
қалдырылды. Ал кейін тағы шоттардағы салымдардың 70 пайызын қатырып
тастайтын заң қабылданды. Яғни рейхсмарка мен неміс маркасы арасындағы
соңғы қатынас 100 рейхсмаркаға 6,5 неміс маркасын құрады.
Бүл іс-әрекет ақшадан заңды түрде айыру ретінде қабылданды. Реформадан
кейінгі алғашқы айлары бұл елдегі халық шаруашылығын ақшамен қамтамасыз
етудің негізгі көзі болды. Содан, 1949 жылдың аяғында ақша құралдарының
үштен бір бөлігі қолда, ал үштен екі бөлігі- шоттарда болды.
Ақша-валюта реформасының негізгі нәтижесі - бұл неміс маркасының нақты
бағамын АҚШ долларына қатынасымен бекіту (3,3 неміс маркасына
теңестірілді).Елдің экономикасына бос капиталды тарту үшін 1949 жылдың 19
қыркүйек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz