Экономикалық даму деңгейінің көрсеткіші


Олардың қатарына енсек, ең бастысы «үшінші ел» деген жаман аттан құтылады екенбіз
Қазақстан 2012 жылға дейін дүниежүзіндегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отыр. Қазіргі жағдайымызда да тым көштен қалып жатқан жайымыз жоқ, әлемдегі 125 елдің ішінде 56-шы орындамыз. Тіпті бұрынғы КСРО елдері мен көптеген Шығыс Еуропа мемлекеттерінің алдындамыз. Соның өзінде барға малданып отырмай, алға қарай ұмтылу, әрине, жақсы. Жыл басында Премьер-Министр тағына жайғасқан Кәрім Мәсімовке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ең басты жүктеген міндеті де осы - бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірудің нақты бағдарламасын жасау болды. Бәсекелестікке қабілеттілік талабына жауап беру үшін сол мемлекет барлық қырынан оң нәтижелерге қол жеткізуі шарт. Саяси тұрақтылық, экономикалық өсім, денсаулық, білім, тағы басқа толып жатқан мәселелер. Әрине, бұл талап оңай емес. Ал қазақтың «көз - қорқақ, қол - батыр» деген сөзін ескерсек, қол қусырып қарап отыруға тағы болмайды. Өйткені көшбасшы, алдыңғы қатарда болуға бәрі де ұмтылады.
Бүкіләлемдік экономикалық форумда мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын әдіске өткен жылдан бастап өзгерістер енгізді. Енді бәсекеге қабілеттіліктің негізгі көрсеткіштері бойынша тоғыз талапты ерекше атап өтуге болады. Олар: мемлекеттік институттардың дамуы, инфрақұрылым, макроэкономика, денсаулық сақтау, бастауыш және жоғары білім, рыноктың тиімділігі, технология мен бизнес.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Швейцария бірінші орында. Одан кейін Финляндия мен Швеция тұр. Ал бұрнағы жылы көшбасшы болған АҚШ былтыр 6-орынды місе тұтты. Біздің алдымызда тұрған 55 мемлекеттің 29-ы дамыған, қалғаны дамушы елдер қатарына жатады.
Реті келгенде мақтанышпен айтатын бір мәселе - Қазақстан рейтингі бойынша өзінің алдындағы барлық мемлекеттер арасында ішкі жалпы өнім көрсеткіші бойынша бірінші орында. 2000-2006 жылдар аралығында елімізде ІЖӨ-нің өсу қарқыны орташа 10 пайызды құрайды. Ал шығысымыздағы алып ел - Қытайда бұл көрсеткіш - 9, 4%, Латвия мен Эстонияда ретіне қарай 8, 2% және 7, 8%, Жоғары өсім негізінен мұнай өндіруші Таяу Шығыс елдерінде байқалады: Катар - 7%, Біріккен Араб Әмірлігі - 6, 7%, Бахрейн - 5, 9%. Бұл жағынан көшбасшылар қатарындағы елдердің нәтижесі анағұрлым төмен. Мәселен, Швейцарияда ІЖӨ-нің орташа өсімі 1, 6%, Финляндияда 2, 8%, Швецияда 2, 5%.
Бәсекелестікке қабілеттілік қырынан танылу үшін тағы бір жайт басты рөл атқарады. Ол - елдегі инфляция жайы. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан, өкінішке қарай, өзге елдерге жол береді. 2000-2006 жылдары елімізде инфляция орташа алғанда 8, 1 пайыз болды. Ал бәсекеге қабілеттілік талабы бойынша біздің алдымыздағы 55 мемлекеттің тек екеуі: Коста-Рики (11, 3%) мен Индонезия (9, 1%) бізден кейінгі орында. 33 мемлекет өз елдерінде 3 пайызға дейінгі ин фляцияны ұстап тұрса, 15 мемлекетте 3-5 пайыз, 5 мемлекетте 5-7 пайыз аралығында.
Біздің зерттеуімізді осы саланың қыр-сырына үңіліп жүрген экономика ғылымдарының кандидаты Жанкелді Шымшықов одан әрі сабақтайды.
1. Неге 50 ел таңдалып алынды?
Егер біз дамыған елдердің санына келетін болсақ, ең алдыңғы қатарлы сегіз ел бар. Бұл АҚШ, Германия, Жапония елдері бар тізім. Бұл елдердің экономикасы өте жоғары дамыған және жалпы ұлттық өнім жан басына шаққанда ең көп дәрежеде. Өзі дүниежүзінің экономикалық дамуына қарай бірінші, екінші және үшінші ел болып бөлінеді. Үшінші елдер - ең артта қалған елдер. Екіншінің қатарындағылар орта дәрежедегі елдер. Ал бірінші елдерге жоғарыда айтқан дамыған сегіз ел жатады. Экономикасының өсу деңгейіне қарай бұлардың қатары өзгеріп отырады. 50 елдің қатарына қосылсақ, біз «үшінші ел» деген жаман атақтан құтылар едік. Үшінші елдердің қатарында артта қалған, әсіресе отаршылдық езгіде болған Африка, Оңтүстік Азия, Шығыс Азия елдері бар. Олардың экономикасының артта қалуына отаршылдық және өздерінің мемлекет болып бірігуі, бытыраңқылығы, толып жатқан тарихи басқа да себептер болған.
2. Дамыған мемлекеттерге қойылатын басты белгі
Ол - бәсекеге қабілетті болу. Ал бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші, әрине, еңбек өнімділігі деп аталады. Еңбек өнімділігінің есептік көрсеткіші сол мемлекетте тұрып жатқан жан басына шаққандағы жалпы ұлттық өнімнің мөлшері. Міне, осы көрсеткіш бір жанның басына қаншалықты өнім өндірілетінін көрсетеді. Бірақ өнімді біз оның абсолюттік өлшемі - тонна, келімен емес, оның ақшалай көрсеткішімен есептейміз. Дүниежүзіне тарап кеткен және ортақ валюта болып есептелетін АҚШ доллары болса, сол доллармен өлшенгендегі өндірілген өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші. Мысалы, бізде осыдан 10 жыл бұрын жан басына шаққанда 1000 доллардан да өнім өндірілмеген. Қазір болса 5600-ден көтеріліп, 7000 долларға аяқ басып келеміз.
Алайда біз осы жерде мына бір мәселені кейде ұмытып кете береміз, жалпы талап бойынша жан басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім, ал біз ішкі жалпы өнімнің есебін айтып отырмыз. Сондықтан бұл жерде біздің сәл-пәл даурықпамыздың болуы да әбден мүмкін. Өйткені ІЖӨ-ге осы аумақта, біздің елімізде өндірілген өнімнің барлығы кіреді. Ал еліміздегі өнімнің барлығын біз өндіріп жатқан жоқпыз ғой, көбіне шетел компаниялары өндіріп отыр. Сондықтан біз жалпы ұлттық өнім деген көрсеткішке көшуіміз керек. Біз үнемі ішкі жалпы өнімге мәз боламыз, ал бізге жалпы ұлттық өнімнің көрсеткіші керек. Бізге ұлттық кәсіпорындардың, ұлттық кәсіпкерлердің, ұлттық ұжымдардың өз елімізде немесе басқа елдерде өндірген өнімі қажет. Егер біз АҚШ-тың жалпы ұлттық өнімі мен ішкі ұлттық өнімін салыстырсақ, қайсысы көп? Әрине, жалпы ұлттық өнім көп. Неге? Өйткені дамыған елдер өздерінде кәсіпорын ұстағаннан гөрі, өзге, дамымаған үшінші елдерде көбірек кәсіпорын ұстағанды тәуір көреді. Олар өз халқының денсаулығына, экологиясына зиянды кәсіпорынның бәрін шетелдерге шығарып жіберген. Дамымаған шетелдерде бір жағы жұмысшы күші арзан. Сондықтан олардың жалпы ұлттық кәсіпорындарының өнімі ішіндегі өндіріліп жатқан өнімнен анағұрлым артық. Бұл да бір көрсеткіш.
Ал бізде бүкіл ішкі өніміміздің жартысынан көп бөлігі шетел компанияларының арқасында өндіріліп жатыр. Олар өнімді өздерінің жалпы ұлттық өнімі деп есептейді. Өйткені олардың кәсіпорыны ғой. Біз солармен бөліскенімізге мәзбіз, бірақ ол өнімнің барлығы бізде қалмайды. Бізге тиесілі - салық қана. Біз бұл жерде көп ұтылып отырмыз. Ал біздің еліміздің сыртта жасап жатқан айтарлықтай іліп алар кәсіпорны жоқ.
3. Белгіленген мерзімде дамыған 50 елдің қатарына қосылуға қаншалықты дайынбыз?
Мерзім 2012 жылға дейін деп белгіленген. Біз бұл мерзімде осы мақсатқа жете аламыз ба? Әңгіме - сонда. Бұл жерде мен айтып отырған экономикалық көрсеткіш негізгі болғанымен, сонымен қатар, басқа да көрсеткіштер бар. Оның ішінде әлеуметтік даму, оқыту-ағарту, денсаулық сақтау, ішкі істер қызметі, адам құқын қорғау, тағы басқа да толып жатқан көрсеткіштері бар. Бұл жағынан бізге ойсырата соққы берген - Оңтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау мәселесі. Оның бетін қашан қайтарып алатынымыз әлі белгісіз болып тұр. Бұл біздің әлем алдындағы беделімізге әжептәуір нұқсан келтірді.
4. Қазақтың мүддесі үшін жұмыс жасау қажет
Біз қазақ, мемлекеттің негізін қалаушы ұлт болғаннан кейін 50 ел түгіл, 30 елдің қатарына қосылсақ та, бірінші кезекте «жергілікті халық - қазақтың қалі қалай?» деген мәселені қойып, соны шешкен абзал деп ойлаймын. Жарайды, көсегеміз көгеріп, керемет болып, дамыған 20 елдің қатарына қосылсақ та, бәрібір көшені қазағың сыпырады, суды қазағың тасиды, бір сөзбен айтқанда, қара жұмыстың бәрін қазақ атқарады. Ауылдың шаңырағы онсыз да ортасына түсіп тұр, қыздарың жезөкше болып жатыр, баспана таба алмай, көрінгеннің босағасында жүрген тағы қазақ. Көзі жәудіреген оралмандар қоныс таба алмай не тіркеуге тұра алмай, өз еліне келіп қаңғып жүр. Үйлерді молынан салып жатқанмен оларда ұлттық нышан жоқ және ол қарапайым көпшілікке арналмаған. Мұндай жағдайда алдыңғы қатардағы 20 елдің қатарына қосылмақ түгілі, бірінші қатарда тұрсақ та, біздің ұтатынымыз жоқ. Біздің негізгі мақсатымыз - әр адамның жақсы да жайлы өмір сүруі, білім алуы, жұмыс істеуі, бір сөзбен айтқанда өз жағдайын өзі жасауына мүмкіндік туғызу. Тіпті шетелдіктер «Ал 50 елдің қатарына қосылдыңдар, енді бізге бұрынғыдан да шекараңды аша түс» деп алдаусыратуы да мүмкін. Бұдан қазақтың ұтатын ештеңесі жоқ. Біз қалай дегенде де қазақтың мүддесі тұрғысынан жұмыс жасауымыз қажет.
Дайындаған Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ
Ол үшін алдымен, экспанциялаудың экономикалық тетіктерін игеріп алалық. Біздің ұлттық өнімдер әлем тұтынушыларын барынша көбірек қамтуы үшін қатал бәсекелестікке дайын болайық.
Кез келген елдің нарығына еш қиындықсыз кіре алатын, ықпалды мемлекеттің нарықтық тетіктері, негізінен, ұлттық экономиканы құрайтын екі салаға негізделеді: біріншісі - экспортқа негізделген салалар (бұл экономиканың «локомотивтері»), екіншісі - ішкі нарықты қамсыздандыратын салалар. Кез келген қазақстандық кәсіпкердің қазіргі арманы - қарапайымнан экспорттық салаға көтерілу. Қазақстандық ұлттық өнім шығарушылардың бұл арманын жүзеге асыру үшін, менеджментті дамытып, оны стратегиялық тұрғыда экономикалық экспанцияға бағыттау керек. Мемлекет отандық өндірушілердің мүддесін ішкідегі секілді, сыртқы нарықта да қорғап, қолдауы тиіс. Онсыз өндірісті, ауыл шаруашылығын, мәдениетті, өнерді көтеру мүмкін емес. Егер Қазақстан әлемдік экспорттаушы елге айналғысы келсе, бір шикізатты тасымалдаумен шектелмеуі тиіс. Әзірше, біз табиғи байлығымызды саудалаумен отырмыз, ал оның орнын толтыру баяу жүргізілуде. Әрине, бұл - қауіпті. Тауарларымыздың, қызмет пен мәдени құндылықтарымыздың әлемдегі экспортына Үкімет жағдай жасауы керек, оның әлемдік ақпараттық кеңістіктегі орнын кеңейтуге қолдау көрсетуі тиіс.
- Демократия керек дейміз, дегенмен азаматтық қоғамды құрудағы процесс баяу жүруде. Бұл алдағы мақсат-мүдделеріміздің бұлыңғыр арман болып қалатындығына ықпал етпей ме?
- Білсеңіз, Дарендорф посткеңестік елдерге дамыған елдердегі реформа мерзімін тәжірибеде қолдануға қарсы болған. Себебі ол: «конституциялық реформаны жүргізу үшін алты ай жеткілікті болуы мүмкін, дегенмен адамның бірнеше буын ғұмырынан кейін ғана оның қоғамдағы нақты көрінісін көреміз», - дейді. Осы теорияға жүгінсек, Қазақстандағы азаматтық қоғам құрылысы бір буынның уақытында ғана жүріп жатыр. Сондықтан Қазақстанға әлемдегі демократиялық елдердің даму тетіктерін игеруге, мемлекетаралық қарым-қатынастарды құқықтық негізде жетілдіруге әлі де уақыт қажет. Міне, осы мақсаттарға қол жеткізе алмай отырғандығымыздан, азаматтық қоғам құрылысы, аймақтың саяси мәдениеті баяу дамуда. Дегенмен бұл - заңды тенденция. Сондықтан асығыстық жасамайық, бізде болашақта бәрі болады. Ол үшін реформаның сапасы да, оны жүргізу үшін қоғамның деңгейі де пісіп-жетілуі тиіс. Ал оған уақыт керек . . .
- Соңғы кездері бұқаралық санада қалыптасып қалған «харизманың», яғни танымал образдың ықпалы бәсеңсіп барады. Маман ретінде мұны сіз немен байланыстырар едіңіз?
- Қазір қоғам тым либералданып, саяси нарықтың өмірге бейімделуі де тез жүріп жатыр. Сол себепті «харизманың» орнын әр түрлі мүмкіндігі бар имидждік технологиялар басуда. Соның салдарынан қоғамдағы лидерлікке деген күрес тек тұлғалық ресурстармен ғана емес, сол секілді мысы басатын лидердің көкейкестілік деңгейін төмендететін ақшаның, ақпараттың, саясаттың, қара пиар технологияның көмегімен де саралануда. Бұл ретте өздігінен «қолданыстағы саясаткерлердің имиджі демократия идеясына қаншалықты сәйкес келеді?» деген сауал туындары сөзсіз . . . Өйткені біреулер, мәселен, имиджді тұлғаның нақты ерекшелігі мен артықшылығына қарай емес, қиялдан жасайды, солайша ол бұқаралық ой-сананы арбаудың құралына айналдырады. Ал басқа біреулер, имиджді электораттың демократиялық тұрғыда бақылауға алудағы құралы ретінде қабылдайды. Дегенмен біздің қоғамымыздағы саясаткерлердің өздерін «жарнамалау» амалына қарағанда, бұл арада алғашқы пікір өз басымдылығын танытып отырған секілді. Сондықтан «харизма» ықпалының бәсеңсуіне қоғамда оған кері әсер ететін факторлар бар екендігін, онымен санасуға тура келіп отырғандығын дұрыс түсінген жөн.
Экономикалық жәйелер және олардың мәні. Экономикалық жүйелердің типтері мен модельдері. Еркін бәсекедегі нарықтық экономика. Еркін нарықтық экономика. Дәстүрлі жүйелер. Әкімшілік-командалық жүйе. Шаруашылық тетіктерінің негізгі элементтері. Қажеттіліктер - экономиканың бастауы. Қажеттіліктің құрылымы. Меншік, оның мәні және түрлері. Бәсеке және оның түрлері. Экономикалық ресурстар, олардың иелері және табыстары. Экономикалық ресурстардың түрлері. Пайда.
Сұраныс, ұсыныс және баға. Икемділік. Нарықтық баға. Тұтынушылық мінез-құлық. Ұсыныстың икемділігі. Кемуші пайдалылық шегі заңы. Кіріс әсері және ауыстыру әсері. Өндіріс шығындары. Кәсіпорындар шығындарының құрылымы. Тұрақты, ауыспалы және жалпы шығындар. Фирма шығындарының шегі.
Нарықтағы бәсеке және монополия. Монополия және сұраныс икемділігі. Монополия және тиімділік. Олигополия. Олигополия модельдері.
Еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік. Еңбек нарығының жұмыс істеу тетіктері және оны талдаудың теориялық негізі. Еңбек нарығының сегментациясы. Жұмыс күшінің құрылымы. Жұмыссыздық және оны өлшемі. Жұмыссыздық мәні. Табиғи жұмыссыздық ұғымы. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары. Кәсіпкерлік қабілеттілік ұғымы. Кәсіпкерлік табыс. Табиғи ресурстар және ҒТП. Табиғи ресурстар экономикалық фактор ретінде. ҒТП экономикалық ресурс ретінде. Капитал ұғымы, мәні және түрлері. Негізгі капитал және оның құрылымы. Негізгі капитал амортизациясы. Айналым капиталы. Капиталды бағалау. Инвестициялардың мәні, көздері. Бизнес-жоспар. Бизнес-жоспардың мазмұны және оны жасау қағидаттары. Маркетингтік, қаржылық, өндірістік жоспар.
Ұлттық есептер жүйесі және олардың көрсеткіштері. Ұлттық жүйелер ұғымы, мәні және жүйелері. Негізгі макрокөрсеткіштер. Жалпы өнім. Қайталама есепті алып тастау. Қосылған құн салығы. Жалпы өнімді есептеу әдістері. Салалар бойынша ІЖӨ-ні есептеу. Таза ұлттық өнім. Ұлттық табыс. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстар. Макроэкономикалық тепе-теңдік. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың өзара байланысы. Бағалық және бағалық емес факторлар. Экономикалық тепе-теңдік: мәні және алғышарттары. Экономикалық даму, өсім және құрылымдық өзгерістер. Экономикалық дамудың мәні және оның деңгейі. Экономикалық даму деңгейінің көрсеткіші. Ұлттық экономиканың салалық құрылымы. Халық өмір сүру деңгейі мен сапасы. Экономикалық өсім және оның өзгеруі. Экономикалық өсім факторлары. Экстенсивті және интенсивті экономикалық өсім. Экономикалық өсім, үнемдеу және инвестициялар. Салалық және өндіруші құрылымдар. Экономикалық құрылымға әсер ету әдістері.
Инфляция: себептері, түрлері, басқару. Инфляция көп факторлы процесс ретінде. Инфляцияны реттеу. Реформа жасалатын экономика жағдайында инфляцияны басқару.
Маркетинг жүйе ретінде, оның мәні, қағидаттары, әдістері, функциялары. Маркетинг түрлері мен типтері.
Нарық ұғымы. Тауар нарығының жіктелімі. Нарық параметрін зерттеудің негізгі кезеңдері: сұранысты өлшеу мен болжамдау және нарықты сегменттеу: мақсатты сегменттерді іріктеу; тауарды нарықта жайғастыру.
Кәсіпорында маркетингті ұйымдастыру. Маркетинг қызметін ұйымдық құрудың негізгі қағидаттары, олардың міндеттері мен қызметтері. Маркетинг жүйесіндегі тауар ұғымы және оның жіктелімі. Кәсіпорынның маркетингтік мәндеттерін шешуде баға белгілеудің рөлі. Негізгі баға белгілеуші факторлар және баға белгілеу әдістері. Өнеркәсіптік және азық-түлік мақсатындағы тауарлар нарығындағы негізгі стратегиялар. Түрлері және олардың сипаттамасы.
Қаржы нарығы: ұғымы, қызметтері, кәсіпорында қаржы ресурстарын қалыптастыруға қатысушылар. Кәсіпорындарға несие беру: бақылау түрлері, несие операцияларын қамсыздандыру. Банк операциялары. Ақша айналымы және инфляцияны тежеуді реттеудегі банктің рөлі. Ақша-несие саясаты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау: қажеттілік және өткізу әдісі. Аудит. Консалтинг.
Қазақстан Республикасының Салық кодексі. Салық саясаты. Салық түрлері, олардың функциялары. Салықтың және салық жүйесінің мәні. Салық салудың қағидаттары мен тетіктері. Бюджет саясаты, тапшылықты еңсеру әдістері. Кіріс және шығыс бөліктердің құрылымы.
Қаржы менеджменті, оның экономикалық, ұйымдық және құқықтық аспектілері. Акциялар, купондар, сертификаттар және басқа бағалы қағаздар, олардың мақсаттары мен рөлі. Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздар рыногындағы операциялардың түрлері. Қаржы менеджменті және оның қайта өндірудегі мақсаты; қаржы ресурстарын бөлу. Қаржы биржасы және бюджеттен тыс нарық. Қаржы капиталының жинақталуы және инвестициялары, олардың экономиканың тұрақтануындағы рөлі. Нарық жағдайындағы өндіріс рентабельділігін арттырудың негізгі жолдары.
Экономиканы мемлекеттік реттеу. Экономиканы мемлекеттік реттеу ұғымы, нысандары және мақсаттары. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттік реттеу. Меншік қатынастарын қайта құру. Трансформация - өтпелі экономикадағы экономикалық реформалардың өзегі. Қазақстандағы жекешелендіру. Өтпелі экономикадағы макроэкономикалық тұрақтану, экономикалық өсім және құрылымдық қайта құру.
Басқару: анықтамасы, экономикалық, ақпараттық, жүйелі-мақсатты және психологиялық мәні. Басқару қызметі және құрылымы. Басқаруда қолданылатын заңдар, заңдылықтар және қағидаттар. Басқарудағы экономикалық заңдарды іске асыру тетіктері. Басқарудың экономикалық тетіктері, экономикалық байланыстарды басқару, ҒТП пен экономикалық өсуді басқару. Стратегиялық басқарудың негіздері. Менеджмент қызмет түрі ретінде. Ұйымдастыру ұғымы және түрлері. Ұйымдағы ішкі және сыртқы орта. Қаржы менеджменті. Фирманың сапаға негізделген менеджменті, инновациялық менеджмент, фирма ішіндегі бақылауды ұйымдастыру.
Фирма менеджментінің ақпараттық қамтамасыз етілуі. Ақпараттық ағындар бойынша басқару жүйесін құру. Персоналды басқару. Топтық динамика. Басшылық: билік, ықпал ету, әріптестік. Лидерлік. Қақтығыстарды басқару. Мәдениет. Басқару этикасы мен өнері. Өндірістік жүйе - басқару нысаны. Жедел басқару, өндірісті қамтамасыз ету. Фирманы басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы және фирма ішіндегі шаруашылық есеп айырысу. Өндірістің өнімділігі мен шығындарын басқару. Басқару жүйесінің тиімділігі.
Маркетинг жаңа экономикалық теория ретінде. Маркетингтің мәні мен қағидаттары. Фирманың өндірістік-өткізу қызметін маркетингтік басқару. Маркетинг функциялары. Маркетингтік бағдарлама - өндірісті жоспарлау негізі. Өнім бойынша маркетинг бағдарламасын әзірлеу. Маркетинг қызметінің құрылымы. Маркетингтің аналитикалық қызметі. Баға саясаты. Әр түрлі шаруашылық субъектілеріне арналған баға саясаты бойынша ұсыныстар.
Тауар саясаты. Өткізу қызметі. Маркетинг функциялары. Тауарларды жылжыту. Техника және жарнама. Сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру.
Бірақ, дәл сол тәуелсіздік алған жылдары туған сәбилер де, олардың ата-аналары да өз елінің тәуелсіздігін күні бүгінге дейін нақты сезіне алар емес. Неге?
Өйткені, биліктегі лауазымды орындар табысты капитал көзіне айналып, ол орындарға жайғасқан ат төбеліндей адамдар меншік атаулыны бөлісіп алды. Жемқорлықтың құрты жайлаған билікке арқа сүйеген “отбасылық” және олигархиялық топтар халыққа тиесілі табиғи байлықты заңсыз иемденіп, қысқа ғана мерзім ішінде миллиардтаған (теңгемен емес, әрине!) игілікке кенелді. Ал қарапайым халықтың дені кедейшіліктің тақсіретін тартуда.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, ең маңызды әлеуметтік өлшемдердің бірі - адами даму индексі 2003 жылы Қазақстанда Ресей, Украина, Беларусь елдеріндегі көрсеткіштен төмен болып, он бес жыл бұрынғы кеңестік дәуір деңгейіне жете алмай отыр. Солай бола тұрса да, жемқорлықтың жеңістік беретін түрі жоқ. Оған АҚШ-та қозғалған “Қазақгейтке” қатысты қылмыстық іс дәлел. Келер жылдың басында сотта қаралатын бұл іс көптеген күпті сауалдарға жауап беруі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz