ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ
ҚАДАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДТТЕРІ.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ
ҚАДАҒАЛАУ» ОҚУ ПӘНІНІҢ МӘНІ МЕН ЖҮЙЕСІ
1. ҚР прокурорлық қадағалаудың ұғымы мен маңызы
ҚР Конституциясының 1. б. 83 б. Сйкес «прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Заңдылықтың кез келген заң бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға, өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды. Прокуратура сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңдармен белгіленген тәртіп пен шетке қылмыстық жүзеге асырады».
Үлкен энциклопедиялық сөздікке сәйкес прокурор француз тіліндегі procteur деген, латын тілінің забучусь деген сөздерінен шыққан - ол прокуратура органының лауазымды адамы. Сотта ол мемлекет мүддесін білдіреді.
ҚР Конституциясы және «Прокуратура туралы» ҚР Заңы прокуратураны мемлекеттік органдар арасындағы дербес жүйе ретінде, ал прокуратуралық қадағалауды прокуратура органы ретінде анықтады.
ҚР Конституциясының 4-бөлімінің 3-бабына сәйкес республикадағы мемлекеттік билік біртұтас. Ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Констиуциясының «Соттар және сот төрелігі» бөліміне енгізлген. Бірақ, бұл жерде прокуратура соттармен қатар сот билігіне ие болады дегенді білдірмейді. Прокуратура органдарының міндеттері мен функцияларының сипаттамасы прокуратураны биліктің сот тармағына, сондай-ақ басқа атқарушы мен заң шығарушы тармақтарына жатпайтынына ешқандай күмән келтірмейді.
Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функциональды байланысты болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік құрылымдағы прокуратураның мұндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешелік туады.
Осы айтылғандардан оқу курстарын игеруде маңызды принципиальды бірнеше ережелер шығады.
Біріншіден, прокурорлық қадағалау - бұл прокуратурадан басқа мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, ерекше түрі.
Екіншіден, прокуролық қадағалау Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін-өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.
Үшіншіден, прокурорлық қадағалау - мемлекеттік қызметтің өзіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі ҚР Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орныдалуы, өзге де құқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген құралдардың көмегімен анықталған құқық бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмұнымен анықталады.
Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді.
Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана құрайды: мемлекеттік басқару органдары үшін - бұл атқару және бөлу қызметі; сот органдары үшін - сот әділділігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокурорда қадағалауды іске асыру кезінде, заңда аталғандарды қоспағанда, басқа органдардың шешімдерін өзінің шешімдерімен ауыстырмайды, құқық бұзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше құзіретті органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдардың заң бұзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара қолдану жолвмен мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады. Заңдардың және жарлықтардың дәл әрі бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалаудың субъектісі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар болып табылады.
Осыған байланысты, прокурорлық қадағалауды заң бұзушылықтарды анықтау және жою үшін шаралар қолдану, кінәлі адамдарды жауапқа тарту, қылмыстық қудалануды іске асыру жолымен заңдардың дәл және бірыңғай қолдануына жоғару қадағалауды іске асыруды қамтамасыз ететін арнаулы өкілетті адамдардың-прокурорлардың қызметтері мемлекет атынан іске асырылатын мемлекеттік қызметің ерекше түрі ретінде сипаттауға болады.
ҚР Конституциясының 2-бабындағы 83-бабына сәйкес республика прокуратурасы төменгі тұран прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және республика Бас прокурорына бағындыра отырып, басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдандан тәуелсіз бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Қазақстан Республикасының Президенті прокуратураға қатысы бойынша жоғарғы мемлекеттік саты болып табылады.
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабына сәйкес Президент Парламент Сенатының келісімімен Бас прокурорды бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Осы Конституциялық заңның 19-бабына сәйкес Президент прокуратура органдарының қызметкерлеріне сыныптықшендер береді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті прокуратура органдарын тікелей қалыптастырады және олардың қызметтеріне бақылау жасайды.
Прокурорлық қадағалаудың маңызы ол мемлекет атынан Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты.
Прокурорлық қадағалау республикасының барлық аумақтарында және үкіметке, барлық министрлер мен ведомостволарға, оларға бағынышты мемлекеттерге, барлық кәсіпорындарға, меншік нысанына қарамастан атқарушы және бөлу органдарына және лауазымды адамдарға, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен республиканың азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктерге қатысты әрекет етеді.
Заңдармен белгіленген тәртіп пен негізде енгізілген прокурорлық қадағалау актілері барлық органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тиісті.
Прокурорлық қадағалаудың маңызы, сондай-ақ біздің қоғамдағы құқық рөлімен анықталады.
Сонымен, прокурорлық қадағалаудың маңыздылығы ол мемлекет атынан Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты.
Прокурорлық қадағалау республиканың барлық аумақтарында және үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, оларға бағынышты мемлекеттерге, кәсіпорындарға, атқару және бөлу органдарына, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға қатысты әрекет етеді.
Прокурорлар жоғарғы аталған субъектілердің заңдарды бірыңғай орындауын бақылауға және білінген заң бұзушылықтарды жоюға тиіс.
Заңда белгіленген тәртіппен және негізде енгізілген прокурорлық қадағалау актілері барлық органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға міндетті.
Прокурорлық қадағалаудың мәні, сондай-ақ біздің қоғамдағы құқықтың рөлімен анықталады. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы 11 қазандағы Қазақстан-2030, Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-аухатын жақсарту Қазақстан халқына жолдаған жолдауына «Қазақстандағы мемлекеттік құрылыстың болашағы тікелей қазіргі кезеңде шешілетін әлеуметтік-экономикалық міндеттерге тікелей байлансыты» деп көрсетілген.
Сонымен, прокурорық қадағалау мемлекет атынан Қазақстан Республикасы Президентінің бақылауында іске асырылды, жергілікті органдардан тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты. Прокурорлық қадағалау мемлекеттік барлық аумақтарында және барлық министрліктерге және ведомостволарға, олрға бағынышты мемкемелер мен кәсіпорындарға, атқару және бөлу органдарына, қоғамдық ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға қатысты әрекет етеді.
Осы әлеуметтік рөлді орындаудың құқығы көп жағдайда заңның дәл орындалуына байланысты. Заңды іс жүзінде қамтамасыз ету заңдардың қолданылуына және оны бұзғаны немесе орындамағаны үшін жазаға тартуда қатаң қадағалауды іске асыруға байланнысты. Осыған орай, прокуратура тәрізді орган құру қоғам мен мемлекетті дамытудағы құқық пен заңдылықтың әлеуметтік рөліне қатысты объективті қажеттілік болып табылады.
Осыған сәйкес, прокурорлық қадағалау-бұл, тек кез келген қол сұғушылық пен заңсыздыққа қарсы ғана емес, сондай-ақ құқықты қамтамасыз ететін қарым-қатынасқа қарсы әрекеттің мықты және сенімді кепілі. Құқықтық мемлекет қадағалау болып табылады.
2. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес прокурорлық қызметтің мақсаты анықталады. Оның мақсаты Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау болып табылады.
Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты деп, тұтас алғанда прокуратураның барлық қызметтері бағытталған жетістіктерінің нәтижесі, соның ішінде оның маңызды функциясы прокурорлық қадағалау болып түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты прокуратураның мәтебесімен, мемлекеттегі оның алатын орны және рөлімен анықталады. Нәтижесінде, олар ҚР Конституциясымен, прокуратура туралы заңмен, ҚР прокуратура органдарының қызметтерін реттейтін басқа заң актілерімен анықталады.
Прокурорлық қадағалаудың міндеттері өте көп және бір-бірінен деңгейі, мазмұны, шешімдерінің құралдары, осы міндеттері шешетін және алға қоятын прокуратура органдарының құзіреті бойынша бөлінеді.
Прокурорлық қадағалаудың міндеттер үш түрге бөлінуі мүмкін: жалпы, арнаулы және жеке (нақты) .
Аталған міндеттер бір-бірімен өзара байланысты және әр деңгейде. Жеке міндеттері шешу (ең төменгі деңгей) прокурорлық қадағалаудың арнаулы міндеттерін шешуге себепші болады. Өз кезегінде арнаулы міндеттерді ойдағыдай шешу прокурорлық қадағалау міндеттерінің ең жоғары деңгейі жалпы шешімдерге бағынышты.
Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері ҚР Конституциясымен, Прокуратура туралы ҚР Заңымен, бірқатар басқа нормативті-құқықтық актілерімен, мысалыға, ҚІЖК, АІЖК-мен анықталады.
Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері жоғары қадағалауды іске асырудан тұрады; оларға мыналар жатады:
- республика аумағынды заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын қадағалау;
- жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің заңдылығын қадағалау; кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау жою жөнінде шаралар қолдану;
- Әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығын қадағалау;
- Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар өзге де құқықтық актілерге наразылық жасау;
- Сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалауды іске асыру;
- Заңда белгіленген жағдайда, тәртіпте және шетке қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;
- Мемлекеттік-құқықтық статистика құру және құқықтық статистика саласында қадағалауды іске асыру.
Прокуратураның қадағалау функцияларын орындайтын әрбір прокурор жалпы міндеттерді шешеді. Прокурорлық қадағалаудың орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын заңдардың мазмұнымен ерекшеленетін бірнеше бағыттардан тұрады. Осыған сәйкес, прокурордың алдында толығымен тұрған жалпы міндеттер осы бағыттардың әрқайсысының да міндеттері болып табылады. Жалпы міндеттер толығымен тек прокурорлық қадағалау қызметінда ғана шешілуі мүмкін. Прокурорлық қадағалаудың әрбір біртұтас бағыы (саласы) жалпы міндеттерді шешу кезінде өз үлестерін қосады. Осы үлестің көлемі мен мазмұны прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттарының (салаларымен) алдында тұрған арнаулы міндеттерімен анықталады. Олардың мәні жалпы міндеттерден шығады және әрбір прокурорлық қадағалау бағыттарындағы прокурорлардың құзіретімен анықталады.
Арнаулы міндеттер көбінесе Бас прокурордың шығарған бұйрықтарымен және өзге де құқықтық актілермен реттеледі.
Көбінесе, бұл міндеттер тергеу және анықтауды қадағалау саласында ҚР Бас прокурорының 2001 жылғы 19 шілдедегі № 88 «прокурорлық қадағалау» деп аталантын саласынды «алдын ала тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы» бұйрығында анықталған.
Прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттерін шешу кезінде прокурор прокурорлық қадағалаудың белгілі жеке міндеттерін қою отырып, және оларды шешу барысында прокурорлық қадағалаудың құқықтық құралдарын қабылдау жолымен іске асырылады. Бұл міндеттер ғылымда прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттері болып бөлінеді. Олар жалпы және арнаулығы қарағанда, барынша әртүрлі және көпжақты. Жеке міндеттер прокурорлық қадағалаудың бағыттарына (салаларға), қолданатын прокурорлық құралдарға, прокурордың қадағалау қызметін іске асыратын нақты жағдайларына қарай ерекшеленеді.
Әдетте, жеке және нақты міндеттер Бас прокуратураның, облыстық және аудандық деңгейдегі прокуратуралардың жұмыс жоспарларында белгіленді.
Прокурорлардың өз міндеттерін орындау заңмен берілген құқықтарды іске асыру жолымен жүргізіледі.
3. «Прокурорлық қадағалау» курсының мәні
«Прокурорлық қадағалау» курсының мәні дегеніміз құқықтық реттеу, тағайындау, мәндеттері, функйиялары, ҚР прокуратура органдарының қызметі мен ұйымдастыру қағидаттары. Оның органдары мен мемлекеттерінің жүйесі және құрылымы, жоғары қадағалауды іске асыру кезіндегі прокурорлардың өкілеттілігі, сотта мүддесін білдіру, қылмыстық қудалауды іске асыру, құқық қорғау органдарының үйлестіру қызметтері, мелекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастық саласында прокурора органдарын білдіру.
Атап кету керек, «прокурорлық қадағалау» термині:
1) мемлекеттік қызметтің дербес түрі;
2) заң ғылымының дербес саласы;
3) оқулық деп түсіндіріледі.
Заң әдебиетіне және практика «прокурорлық қадағалау» деген ұғым прокурорлық қызметтерге сәйкес ҚР Конституциясын дәл сақталуына және ҚР барлық аумақтарында қолданылатын барлық заң талаптарының және ірбір нақты жағдайларда кез-келгенінің орындалуына тексеріс жүргізу болып түсіндіріледі.
Прокурорлық қадағалау заң ғылымы ретінде қадағалауды, нысандарды, оны іске асыру құралдары мен тәсілдерін, қадағалауды іске асыру саласында қоғамдық қатынастарды дамытудың заңдылықтарын, осы қызметтің тиімділік және т. б. мәселелерін іске асыру бойынша прокурор қызметін реттейтін заңдылқтар туралы білімдерінің жинағын білдіреді. Ғылым ретінде прокурорлық қадағалау қылмыстық, азаматтық іс жүргізулермен, криминалистикамен және басқа заң ғылым салаларымен тығыз байланысты.
Прокурорлық қадағалау оқулық ретінде заң оқу орындарында жоғары және орта білім бағдарламаларының бөлігі, мазмұны мен құрылымы бойынша жалпы және ерекше бөлімдерге бөлінеді.
Осы дәрітің міндеттеріне сәйкес біз прокурорлық қадағалауды тек мемлекеттік қызмет ретінде ғана қарастырдық. Мұндай жағдайда прокурорлық қадағалаудың мәні деп прокурорлық қызметі реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастар саласы түсіндіріледі.
Теориялық мәселелердің бірі құқықтық дербес саласы мағынасын прокурорлық қадағалау туралы нормаларының жиынтық болып танылуы.
Оларды жақтаушыларының бірі прокурорлық қадағалау құқығын жеке сала ретінде құқық жүйесіне бөлуге барлық әдістемелік сілтемелер бар дпе жобалайды. Басқа авторлардың бірқатары прокурорлық қадағалауды реттейтін барлық нормалар әртүрлі құқық салаларында қамтылғандықтан, олардың институттарына жатады, сондықтан прокурорлық қадағалауды құқықтық дербес саласы ретінде бөлу үшін негіздер жеткіліксіз деген ойларын білдіреді.
Біздің ойымызша, жеке құқық салалсы ретінде прокурорлық қадағалау құқығының дербестігі туралы мәселені шешу, яғни бұл жерде ғылыми жіктеулік туралы ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік институт ретінде прокуратура органдарының орны мен рөлі, жағдайы туралы болғандықтан, тек теория жүзінде ғана емес, сондай-ақ практикадағы өөзекті мәселе болып отыр. Бұдан басқа, ол прокуратура органдарының қызмететерінің заңды реттелуін дамыту, мемлекеттік құрылымдарда және т. б. органдардың дүйеерінде олардың орнын анықтау үшін маңызды. Күмәнсіз, ол құқықтың жеке дербес саласы ретінде болашақта өмір сүруіне құқығы бар.
4. Прокурорлық қадағалаудың салалары
ҚР Конституциясының 83-бабына, ҚР «Прокуратура туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрықтарына сәйкес прокурорлық қызметтің мынадай:
1. Республика аумағындағы заңдардың және Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуын қадағалау;
2. жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің заңдылығын қадағалау;
3. сотта мемлекет мүддесін білдіру және сот қаулыларының, сондай-ақ әкімшілік және атқару өндірісінң заңдылығын қадағалау;
4. заңда белгіленген шегінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру салалары анықталады.
Салалар - бұл прокурорлық қадағалаудың біртұтас өзара байланысты бөлігі, олар көріп отырғандай прокуратура органдарының қызметіне бөлек-бөлек әрекет етеді.
Сонымен, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңдарды қолдануларында тексеріс жүргізу барысында прокурор қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асырады, яғни жасалған қылмыстарды немесе теріс қылықтарын анықтайды және кінәлі адамдарды қылмыстық істер мен әкімшілік іс жүргізулерді қозғау жолымен қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартады.
Прокурорлыққадағалау салаларын Президент анықтайтын жеке міндеттердің ерекшеліктерімен, немесе криминогендік жағдайдың не заң салаларындағы ерекшеліктермен беліленетін прокуратура қызметтерінің жеке бағыттарымен араластыруға болмайды.
Сонымен, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалу өзгешелігі бұл жұмыстарды Бас прокурордың жеке бұйрықтарымен бекітілген дербес бағыттарға ұйымдасқан түрде бөлу қажеттілігін анықтайды.
Қылмыстық қудалауды іске асыратын органдар және қылмысқа қарсы күрес, өзге де заң бұзушылықтар бойынша басқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өткізген іс-шаралар үйлесімдері бойынша қызметтер прокуратураның жұмасында ерекше орын алады.
5. Курстың жүйесі және басқа заң пәндерімен оның қарым-қатынасы
« Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау » курсы прокурорлық қадағалау туралы заңдылық білімінен, слндай-ақ прокурорлардың қызметтеріндегі қадағалау салалары мен негізгі бағыттарына дәстүрлі түрде тиісті прокурорлық қызметтің практикасы мен теориясын қамтитын дербес құқықтық пәні білдіреді. Қазақстан Республикасындағы заңдардың дәл әрі бірыңғай орындалуна прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасындағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша міндеттерді ойдағыдай іске асыруды қамтамасыз ететін, әлеуметтік шындық қағидаттарын іске асыратын мемлекеттік қызметтің дербес нысандары ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы аса маңызды кепілдіктердің бірі ретінде қарастырылатынын атап кету кере.
Біздің республикамыз мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері отыз жыл өтті. Осы уақыт ішінде елімізде өзекті қоғамдық саяси қайта құрулар болды.
Егер мемлекеттің бұрынғы саяси режимінде оның аппаратты және құқығы жеке адамға қысым жасап келсе, ал бүгінде адам аса көңіл аударылатын тұлға ретінде жарияланды. Оның өмірі, құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерді жоғары мемлекеттік құндылық болып жарияланады.
«Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау» оқулығы оқуға міндеті ең маңызды құқықтық пән, яғни, осы курстың шегінде Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметтері мен өкілеттіліктерін ұйымдастыру мәселелері қаралады. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау курсын оқу заң кәсібіндегі көпшілік жоғары оқу орындарының оқу бағдарламарына кіреді.
«Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау» оқулығы шартты түрде жалпы және ерекше бөлімдеріне бөлінеді.
Жалпы бөлім прокуратураның тағайындау мәселелері, оның функциялары мен басқа мемлекеттік органдар арасындағы орнын, прокуратура органдарын ұйымдастыруға тарихи сілтемелері және оның негізгі даму кезеңдерін, міндеттері мен ұйымдастыру қағидаттарын ашатын, ҚР прокуратура құрылымын және жүйесін, прокуратура туралы заңдарды сипаттайтын мазмұндағы тақырыптарды қамтиды.
Ерекше бөлімде прокурорлық қадағалаудың (салалары) бағыттары, прокуратура органдарының қызметтеріне өту мәселелері прокуратура органдары қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғау және басқа мәселелері зерделенеді.
Прокурорлардың міндеттері, функциялары, ұйымдастыру және қызметтерінің қағидаттары, өкілеттіліктері туралы толық ұсынымды «Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау» оқу пәнін оқу негізінде ғана алуға болады. Студенттер прокуратура органдарының мәні мен міндеттерін анық білуге, мемлекеттік басқару органдарында, ЖІҚ, лауазымды адамдар мен азаматтардың заңдары қолданылуына прокурорлық қадағалау, сондай-ақ прокуратура іске асыратын қылмыстық қудалау ерекшеліктерін толық жақсы білуге тиіс.
Құқықтық қызметтің кез келген саласы прокурорлық қадағалауға қатысты бар немесе керісінше, прокурорлық қадағалау не прокуратура органдарының басқа функциялары сол немесе өзге түрде қоғамдық өмірде туындаған барлық құқықтық қатынастардың түрлерін қозғайды.
«Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау» курсы прокуратура туралы нормалар және прокурорлық өкілеттіліктер тек прокуратура туралы заңнан ғана емес, сондай-ақ әртүрлі құқық салаларына қатысты көптеген заңдардан қамтылады, құқықтың осы салаларын оқу кезінде өзінің пәндері болып табылатын, бірқатар заң пәндерімен тығыз байланысты.
Мемлекет және құқық теориясы курсына прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің нысаны ретінде қаралады. Сонымен қатар, мемлкеттік функцияларды орындаудағы заңдылық режимі мен құқық бұзушылықты қамтамасыз етуде прокуратураның рөлі қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz