Азаматтардың азаматтық құқық субъектілігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1 АЗАМАТТАР – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ
1.1 Азаматтардың азаматтық құқық субъектілігі 5
1.2 Азаматтардың құқық қабілеттілігі 5
8
2 АЗАМАТТАР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ НЕГІЗГІ
АЙЫРАТЫН БЕЛГІЛЕРІНЕ СИПАТТАМА
2.1 Азаматтардың есімі 17
2.2 Хабар-ошарсыз кету 17
2.3 Азаматты өлді деп жариялау 20
21
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 23
25

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық
қасиетті — азаматтық құқық субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар
мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар
(индивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет,
әкімшілік-аумақтық бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар
деп танылады. Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық
құқық субъектісіне айналдырады. Мұнда өрбір адамның, мейлі ол ҚР азаматы
болсын, мейлі басқа мемлекеттін азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын,
азаматтық құқық субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъекгісі
деп танылады. Ал ұйым - бұл басқаша жағдай. Ол азаматтық құқықтың
субъектісі бөлуы да, болмауы да мүмкін немесе азаматтық құқық субъектілігі
болмауы да мүмкін. Заңды тұлғалар деп танылған ұйымдардын, сондай-ақ
мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердін азаматтық құқық субъектілігі
бар.
Сонымен бірге, азаматтық құқық субъектісі мен оның құқық
субъектілігін шатастыруға болмайды. "Азаматтық құқық субъектісі" ұғымы оның
құқық субъектілігі ұғымынан кең болады және есімді (атауды), тұрғылықты
жерді (тұрған орнын) және басқа белгілерді қамтиды.
Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық-құқықтық
қатынастар орнығады. Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер жасасын, құқық
субъектісінін тұлға деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде ғана құқықтық
қатынастарға қатыса алады.
ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетті — азаматтық құқық
субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге
және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (индивидтер) және олардың
кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер)
азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай
қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне
айналдырады. Мұнда өрбір адамның, мейлі ол ҚР азаматы болсын, мейлі басқа
мемлекеттін азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын, азаматтық құқық
субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъекгісі деп танылады. Ал
ұйым - бұл басқаша жағдай. Ол азаматтық құқықтың субъектісі бөлуы да,
болмауы да мүмкін немесе азаматтық құқық субъектілігі болмауы да мүмкін.
Заңды тұлғалар деп танылған ұйымдардын, сондай-ақ мемлекет пен әкімшілік-
аумақтық бөліністердін азаматтық құқық субъектілігі бар.
Сонымен бірге, азаматтық құқық субъектісі мен оның құқық
субъектілігін шатастыруға болмайды. "Азаматтық құқық субъектісі" ұғымы оның
құқық субъектілігі ұғымынан кең болады және есімді (атауды), тұрғылықты
жерді (тұрған орнын) және басқа белгілерді қамтиды.
Азаматтық құқық субъектіліктін бастаулары экономикалық тауарлы қатынастарға
сүйенеді, ал азаматтық заңдарда "құқық субъектілігі" термині
пайдаланылмайтын болса да, көрсетілген қасиеттін өзін қолданылын жүрген
құқық бекіте түседі. Құқық субъектілігі ұғымының өзін заң ғылымы
қалыптастырған және ол ҚР Конституциясында баянды етілген.
Сондықтан да, азаматтық құқықтар субъектілерін және субъект түсінігін
дұрыс талқылау қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты – азаматтарды азаматтық құқықтар субъектісі
ретінде қарастыру.
Осыған орай, мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
– азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар – азаматтық құқық субъектілері
ретінде талқылау;
– жеке тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігін анықтау;
– азаматтың есімі және тұрғылықты жері және азаматтық хал-ахуал
актілері туралы түсінік беру;
– азаматарды хабар-ошарсыз кетті және өлді деп тану;
– азаматтың кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңды тұлға құрмайтын құқық
субъектілігіне көз жеткізу.
Зерттеу объекті – азаматтық құқықтағы азаматтық-құқықтық қатынастар
қатысушылар негіздері.
Зерттеу пәні – азаматтық құқықтың заң нормалары, Конституция.
Курстық жұмыстың құрылымы – кіріспе, екі бөлім, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

1 АЗАМАТТАР – АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ

1.1. Азаматтардың азаматтық құқық субъектілігі

Азаматтық құқық субъектіліктін бастаулары экономикалық тауарлы
қатынастарға сүйенеді, ал азаматтық заңдарда "құқық субъектілігі" термині
пайдаланылмайтын болса да, көрсетілген қасиеттін өзін қолданылын жүрген
құқық бекіте түседі. Құқық субъектілігі ұғымы-нын өзін заң ғылымы
қалыптастырған және ол ҚР Конституциясында баянды етілген.
ҚР Азаматтық кодексі азаматтық құқықтардың субъектілеріне жеке тарау
(2-тарау) арнаған, онда "құқық субъектілері" және "тұлғалар" терминдері бір
мағыналы терминдер ретінде пайдаланылады. Құқық субъектілері туралы
нормалар АК-да ғана еме, сондай-ақ басқа да заң актілерінде көздеседі.
Азаматтық құқық субъектілерінін (немесе тұлғаларынын) ішінен АК ҚР
азаматтарын және басқа жеке тұлғаларды бөліп корсетеді, оларға осы
оқулықтын бір тарауы арналған. Тарауда азаматтық құқық субъектіліктін жалпы
ұғымдары мәселелері ең аз қажетті шамада сөз болған, ал қажетті жағдайларда
жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігі мәселелері салыстырмалы
тұрғыда қарастырынады.
"Жеке тұлға" жалпы ұғымы ҚР АК-ның 12-бабында тұжырымдалған. Бұл бап
жеке тұлғалар туыстық ұғымымен Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа
мемлекеттердің азаматтарын (шетелдіктерді), сондай-ақ азаматтығы жоқ
адамдарды біріктіреді. Қазақстан аумағында тұратын жеке тұлғалардың басым
көпшілігі оның азаматтары болғандықтан, ал АК ҚР-дын ұлттық заңы болып
табынатындықтан, ол Қазақстан азаматтарын ғана емес, жеке тұлғаларды да
белгілеу үшін кең мағынада әдетте "азамат" терминің қолданады. Егер заңдар
мен халықаралық шарттарда өзгеиіе көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдар Қазақстан азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен міндеттерді
атқаратындықтан, "азамат" терминің осылайша кең ма-гынада түсінуге болады
(ҚР Конституциясының 12-бабының 4-тармағы, К,Р АК-ның 3-бабының 7-тармағы).
"Азамат" ұғымы әлдеқайда кең маңызға ие болып, құқықтың барлық салаларында
қолданылғанымен, мұнда, азаматтар туралы азаматтық құқықтың субъектілері
ретінде сөздін арнайы мағынасында ғана айтылады.
Азаматтық құқық субъектілік - салалық құқық субъектіліктін бір түрі.
Бұл ұғымды талдау көзінде, жалпы алғанда, заңдық шыңдық ретінде құқық
субъектілік не үшін пайда болады және не үшін қолданынады деген сұрақ
бірден туады. Бұған берілетін ең қысқа жауап мынадай: азаматтық құқықтың
ерекше институты - құқық субъектіліктің болуы қоғамдық ағзалар - адамдарды
құқықтық қатынастарға тарту мүмкіндіктері мен шараларын (шектерін) жіктеу
қажеттігіне байланысты. Соіздықтан құқық субъектілік дегеніміз адамдардын
қоғамдық, заңдық касиеттері болын табылады. Бұлайша жіктеу құқықтың түрлі
салаларында түрлі санаттар бойынша жүргізіледі. ҚР Конституциясы адамдардын
құқық қабілеттілігін ең алдымен адам мен азаматтың құқықтарын бөлу жоі іе
айыру негізінде жіктейді. Адам құқықтарына қарағанда, азаматтың құқықтары
келемді болады. Олар адамның бүкіл құқықтарын, бұған қоса, ҚР азаматтарына
ғана тән құқықтар мен міндеттерді қамтиды (мысалы, саяси құқықтар, өскери
қызметті өтеу міндеттері).
Азаматтық құқықта нақты құқықтар мен міндеттерді иеленудін алғышарты
- құқық субъектіліктің болуы қатысушылардың тендігіне негізделген тауар-
ақша және өзге де қатынастарды жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және
азаматтық құқықтың ерекше субъектілеріне заңдық жіктеуге байланысты, оның
үстіне, бұл қатысушылардың құқықты иелену шарасы (шегі) түрліше болады.
Азаматтық құқық субъектіліктің жалпы ұғымдарын ескермейінше,
азаматтық құқық субъектіліктін бір түрі — жеке тұлғалардың құқық
субъектілігін түсіну қиынға соғады. Бұл арада, объективті өмір сүретін
құқықтық шындық, жеке адамдардын жалпы қасиеті ретінде оны осы құқықтық
шындықтын көрінісі — құқық субъектілік ұғымымен шатас-тырмау керек. Нақты
өмірде құқық субъектілік деген жоқ, олардың жалпы заңдық қасиеті ретінде
жеке тұлғалардың Құқық субъектілігі бар. Бұл қасиет, кейде мұны заң
әдебиеттерінде көрсететініндей, әдце бір ойда бар, ұғымда ғана сақталатын
жинақталған тұлғаға тиісті емес, ол нақты жеке тұлғалардың жалпы қасиеті,
яғни әрбір жеке субъектіге тән жалпы қасиет болып табылады. ҚР
Конституциясынын терминологиясында құқық субъектіліктін нақ әрбір тұлғаға
тиістілігі айқын көрінеді, оның 13-бабынца әркімнің құқық субъектісі
ретінде танылуына құқығы бар екені айтылған.
Оқу әдебиеттерін қоса алғанда, заң әдебиеттерінде нақты субъективтік
құқықтар мен міндеттер құқығын иеленудін абстрактілік алғы-шарты ретінде
құқық субъектіліктін сипаттамасы кең таралған. Мұнымен бір ғана ескертпе
арқылы абстрактіні ұғымда бар нәрсе ретінде ғана емес, сондай-ақ жеке
тұлғалардың нақты, жалпы заңдық қасиеті ретінде де түсіну арқылы келісуге
болацы.
Кейбір авторлар құқық субъектілігі құқықты иеленудін абстрактілік
мүмкіндігі регінде құқық субъекгісінін жеке құқықтарының жиынтығы немесе
кешені түрінде көріне алмайды деп ойлайды. Мұнымен келісуге болмайды,
өйткені құқық субъектіліктің абстрактілік сипаты мұлде оның мазмұнсыздығын
көрсетпейді. Азаматтық құқық субъектіліктін өз көлемі, өз мазмұны бар, оның
үстіне, өр түрлі тұлғаларға, атап айтқанда, жеке және заңды тұлғаларға
қатысты өзіндік ерекшеліктерге ие көлемі мен мазмұны болады. Бұған қоса,
тігпі әр түрлі жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларцын құқық субъектілігінің
көлемі мен мазмұны да түрліше болады. АК-ның 14-бабында азаматтардын құқық
субъектілігінің негізгі мазмұны, оның құрамдас элементтері туралы айтылады.
Атап айтқанда, бұл бапта азаматтың мүлікті меншіктену, мүлікгі мұраға алып,
мұраға қадцыру, республика аумағында еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жер
тандау, заң құжаттарында тыйым салынбаған көз келген қызметпен айналысу,
жеке өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп, заңды
тұлғалар құру, мәмілелер жасасып, міндеттемелерге қатысу, материалдық және
моральдық зиянның орнын толтыруды талап ету құқығы, басқа да мүліктік және
өзіндік құқықтары көзделген.
Өзінін заңдық табиғаты жөнінен азаматтық құқық субъектілік ерекше
субъективтік құқық — мәмілелер жасау және субъективтік құқықтар мен
міндеттерді иелену құқығы болын табылады. Субъективтік құқық ретінде құқық
субъектіліктін табиғаты заңдардан, оның ішінде Конституция нормаларынан
ерекше айқын байқалады. Мөселен, Конституцияда әркімнің құқықтары туралы,
республикаца кімцердін заңды түрде тұра алатыны, бұл аумақта еркін жүріп-
тұру, тұрғылықты жерін тандау құқығы туралы, әркімнің кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне құқығы туралы айтылады. Конституция әркімнің құқық субъектісі
ретінде танылу құқығын баянды етіп, оның адам мен азаматтың конституциялық
құқықтарының тізбесі түріндегі негізгі мазмұнын ашып көрсетеді (ҚР
Конституциясынын 13,21 және 26-баптары).
Белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыруды жазалау шарасы
ретінде көздей отырын, ҚР Қылмыстық кодексі азаматтардың құқық субъектілігі
элементтерінің бірін құқық деп атайды. (41-бап)
Құқық субъектілікті ерекше субъективтік құқық деп танудын теориялық
қана емес, сондай-ақ практикалық маңызы бар. Атап айтқанда, оны бұлайша
тану құқық субъектілікті жүзеге асыру көзінце азаматтық құқықтарды жүзеге
асыру туралы АК-ның 8-бабының нормаларын қолдануға мүмкіндік береді.
Мәселен, құқық субъектілікті жүзеге асыру құқықтың басқа субъектілерінің
құқықтары мен заң арқылы қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс, адал, әділетті
отуі тиіс.
Адамның заңдық қасиеті ретінде, ерекше субъективтік құқық ретінде
азаматтық құқық субъекгілікті нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерден
айыра білу керек. Өзінің табиғаты жөнінен құқық субъектілік те субъективтік
құқық болып саналғанымен, нақты субъективтік құқықпен салыстырғанда бұл
өзгеше деңгейдегі құқық болып табылады: олар бір-бірімен жалпы және жеке-
дара арақатынаста болады. Басқаша айтқанда, әрбір құқық субъектілік тұлға
тиісті нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелене алады. Әрбір
құқық субъектісінін заң актілерінде көзделген көлемде құқық субъектілігі
бар. Нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерге қатысты мәселе басқаша.
Әрбір тұлға үшін олардың жиынтығы жеке-дара болады және ұдайы өзгеріп
отырады. Мысалы, барлық жеке тұлғалардың меншік құқығында мүлкі, атап
айтқанда, меншігінде пәтері бөлуы мүмкін. Аплйда көз келген адамның іс
жүзінде белгілі бір мекен-жайдағы белгілі бір үйдегі нақты пөтерге меншік
құқығы бола бермейді. Көз келген басқа мүлік жонінде де осыны айтуға
болады. Нақты субъективтік құқық ретінде меншік құқығы қашан да жеке-
дараланған — бұл белгілі бір адамның белгілі бір мүлікке құқығы.
Кейде құқық субъектілік пен нақты субъективтік құқық арасын-дағы
айырмашылықтар келтірілген мысалдағыдай соншалықты көрнекті көрінбейді,
бірақ осыған қарамастан, олар қашан да өмірде көздеседі. Мысалы, құқық
субъектілік элементі ретінде әрбір азаматтың тұрғылықты жерді таңдау құқығы
бар, бірақ қалаған жерінде тұру — бұл енді нақты субъективтік құқық болады.
Белгілі бір заңдық фактілердің нәтижесінде көз келген субъективтік
құқық пайда болады, өзгереді және тоқтатылады. Мысалы, азаматтың құқық
субъектілігі ол туған сәттен басталып, оның өлімімен тоқтатылады.
Нақты субъективтік құқық, сонымен қатар, алуан түрлі заңдық
фактілердің негізінде пайда болады және тоқтатылады. Кейде нақты
субъективтік құқық бір фактінің негізінде емес, іс жүзіндегі құрам деп
аталатын бірқатар фактілердің негізінде пайда болады және тоқтатылады.
Мәселен, сатып алу-сату, сыйға тарту, мұра алу секілді заңдық фактілердің
негізінде белгілі бір адамның белгілі бір объектілерге меншік құқығы пайда
болады, бірақ бұл қашан да тиісті құқық субъектілігі бар адамда туады. Ол
нақты субъективтік құқықтардың пайда бөлуынын алғышарты болып есептеледі
және олар пайда болғаңда төлъгқ колемде сақталады. Алайда құқық
субъектілікті шектеу осымен бірге тиісті нақты субъективтік құқықтың
тоқтатылуына себепші болады.

1.2 Азаматтардың құқық қабілеттілігі

Заң бойынша, құқық қабілеттілік дегеніміз азаматтық құқықтарды иелену
және міндеттерді өтеу қабілеттілігі. Құқы қабілеттіліктің мазмұны азаматтық
заңнамаға сәйкес, азамат иелене алатын құқықтар мен міндеттердің кешені
арқылы ашылады.
Құқық қатынастарына қатысушылардын азаматтық құқықтары мен міндеттері
болады, олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады. Азаматтық
кодекстік 1-бабында азаматтық зандармен реттелетін қатынастардын
қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік
-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын
азаматтардың басым көпшілігі — Қазақстан Республикасының азаматтары.
Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес
беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай және тең
болып табылатыны атап көрсетілген.
Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау
Азаматтық кодекстің маңызды жаналығы болып табылады. Көсіпкерлік қызметпен
заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап
айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған
арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау
(Азаматтық кодекстін 279-бабы), бірлескен міндеттемені орындау (Азаматтық
кодекстін 287-бабы), қосылу шарты (Азаматтық кодекстің 389-бабы) және
басқалар келтірілген. 2 Азаматтық құқық қатынастарына Қазақстан
Республикасының азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар
қатыба алады. Шетеддіктердің құқықтық мәртебесі Қазақстан Ресрубликасы
Президентінің Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық
жағдайы туралы 1995 жылғы 18 маусымдағы заң күші бар Жарлығымен
белгіленген. Қазақстанда Қазақстан Республикасының азаматтары болып
табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің азаматы екеніне айғағы бар адамдар
шетелдік азаматтар деп танылады (Жарлықтың 2-бабы). Мәселен, Қазақстанда
шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың
қызметкерлері, шетелдік фирмалардың (компаниялардың) мамандары, шетелдік
студенттер және т.б. бар.
Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы
туралы Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып
табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына айғағы
жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп саналады. (Жарлықтың 2-бабының 2-
тармағы).
Шетелдіктердің инвестицияларға қатысуының құқықтық жағдайлары екі
жақты халықаралық шарттармен және капитал салымдарын өзара көтермелеу мен
өзара қорғау туралы келісімдермен де айқындалады. Оларда әдетте ең қолайлы
ұлт режимін немесе ұлттың режим беру көзделеді, екі мемлекеттің шетелдік
меншікті ұлт иелігіне алмауына және оған сондай шаралар қолданбауға
міндеттемелер, еркін айырбасталатын валютамен капитал салымдарын жүзеге
асыруға байланысты телемдерді шетелге кедергісіз аудару кепілдігі және
басқалар енгізіледі.
Заңды тұлғалар туралы Азаматтық кодекстін 33-бабында айтылған заңды
тұлға анықтамасыңан әрбір ұйымның бәрі бірдей азаматтық құқық субъектісі
болмайтыны, демек, әрбір ұйымның азаматтық құқық қатынастарына қатысуының
бола алмайтыны көрінеді.
Республика аумағында жұмыс істейтін шетелдік заңды тұлғалардың
құқықтық мәртебесі Шетелдік инвестициялар туралы 1994 жылғы 27
желтоқсандағы заңмен (кейінгі өзгерістерімен қоса) реттеледі.
Алайда Қазақстан Республикасында жекелеген салаларда шетелдік заңды
тұлғалардың қызметіне шектеулер қойылғанын атап еткен жөн. Атап айтканда,
сақтандыру саласында шектеу қойылған. Мәселен, шетелдік сақтандыру
ұйымдарының Қазақстан Республикасы аумағындағы тікелей сақтандырушы
ретіндегі қызметіне тыйым салынады.
Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқык
қатынастарына қатысуының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының азаматгық
заңдармен реттелетін қатынастарда сол қатынастардың өзге де қатысушыларымен
тең негіздерде әрекет ететіні болып табылады. Азаматтық кодекстің 112-
бабының 1-тармағында әкімшілік-аумақтық бөліністер жөнінде сондай ережелер
белгіленген.
Азаматтық құқықтың жоғарыда келтірілген субъектілері азаматтың құқық
қатынастарына құқықтың осы саласының субъектісі ретінде қатысады. Азаматтық
кодексте субъектілердің әрбір түрінің ерекшеліктері ескеріледі. Бұл орайда
жалпы (субъектілердің барлық санатгарына қолданылатын) нормалармен қатар,
субъектілердің белгілі бір түріне ғана қатысты бірқатар арнаулы нұсқаулар
белгіленеді. Мысалы, Азаматтық кодекстің 159-бабының 9-тармағында ауыр
жағдайлардың тоғысуы салдарынан жасалған мәміленің (Кіріптарлық мәміле) шын
екеніне дау туғызуға азаматтар ғана құқылы болатыны көзделген.
Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында көрсетілгеңдей, азаматтық-құқықтық
қатынастардың негізгі субъектілерінің бірі — азаматтар. Азаматтардың
құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі
арқылы сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама
беруіміз қажет. Азаматтық Кодекстің 13-ші бабына сәйкес, азаматтық құқық
қабілеттілігі дегеніміз — азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және
азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтың құқық
қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқталады.
Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол — азаматтық құқық
қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық
қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейкесті мәселелерінің бірі.
Азаматтың құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік
жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге катысына,
кәсібінің тегі мен сипатына, тұратын жеріне және т. б. жағдайларға
қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына тендей
мойындалады.
Азаматтық кұқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды.
Азрматтық зандарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жасына,
денсаулығына байланысты емес. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туылған
кезден басталып, қайтыс болғаннан кеңш тоқтатылады. Сонымен бірге занда әлі
дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азаматтың құқығын қорғау мүмкіншілігі
де көрсетілген. Азаматтық Кодекстің (негізгі белім) 525-ші бабына сәйкес
мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалын, ол өлгеннен кейін туылған
азаматтар да басқа мұрагермен бірдей тең үлеске тиесілі.
Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұнына тоқталатын болсақ, ол
жайында Азаматтық Кодекстің 14-ші бабында айқын көрсетілген. Азамат меңшік
құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға салдыруға, республика аумағында"
еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге
еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында
тыйымсалынбаған кез келген мәміле жасасып міндеттемелерге қатысу;
өнертабыстарға, ғылым, әдебибт және өнер шығармаларына, интеллектуалдық
қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға;
материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы
болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.
Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық
қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-
бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматық құқық
қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның
14-бабына сәйкес, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне,
дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген
өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Констутцияның аталған тұжырымына орай азаматтарды құқық қабілеттілігі
занда бәріне бірдей және біріңғай құрылған. Азаматгық кодекстің 13-бабында
азаматтарды құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі
танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты
субъективтік құқық шеңберіңде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік
теңділікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез-
келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола
бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенді заңда бұл орайда ешкімге
артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым
салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматық құқық қабілеттілігінің
теңдік принциппен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді.
Азаматтық Кодекстің 18-бабының 1-тармағында былай деп жазылған; "Заң
құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық
қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды". Қолданылып
жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау
негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда
азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда
көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда
азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:
1) белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға
(жүргізуші, дәрігер және т.б.);
2) елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу).
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да
уақыттығына сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді
азаматтық басқалай субъектілік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға
болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандайда бір құқықты алу
мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз нақты, іс жүзіндегі құқықтан
айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру (тағы да заңды
жауапкершілік негізінде) белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты
болмауы мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни
оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және
т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауапкершіліктің мұндай
шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.
Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы,
дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа
мекемеге барып тап соңдай мамаңдықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
Дейтұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.
Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып әртүрлі құқықтарды ала
алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де,- құқық
қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматық құқық
қабілеттілігінің мазмұны — азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес
азаматтық құқықтар мен міңдеттерінің жиынтығы болып табылады. Азаматтық
кодекстің 14-бабында бұл мәселе былайша тұжырымдалған: "Азаматтың Қазақстан
Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішіңде шетел
валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға;
республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерді
таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына
қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен
айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен
бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген
мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет
және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына
интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның
орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке,
құқықтары болады".
Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана
құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып
есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені,
ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала
тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да
өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында қай
кезде шетінегеніне қарамастан туылғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде
ішге қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола
алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты
иеленеді.
Құқық қабілеттігі адамның — құқық субъектісінің өлуімен бірге
қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара
(жеке бастық, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік
құқықтар) мұрагерге көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін
факт. Сондықтан, адам туылғаңда тіркелсе, қайтыс болған азаматша да хал
актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және
психикалық жағдайы оның құқық қабілеттігіне әсер етпейді.
Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан
Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және
азаматтығы жоқ адамдарды атаймыз.
Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады.
Сондықтан да азаматтық занда жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы
емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық
қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына
беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің І995-жылғы 1-маусымда қабылданған
"Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы" заң күші бар Жарлығының
2-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын
және баска мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары
болып саналады." Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтың құқық
кабілеттілігі оған мемлекетінің занымен емес, Қазақстан Республикасының
заңымен айкындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралмаған
азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе,
құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды.
Аталған Жарлықтың 2-бабы IІ-бөлігіне сәйкес, "Қазақстан
Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің
азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп
есептеледі''. Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар
Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты
пайдаланады. [41.3]
Құқық субьектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық
қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-
бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық
қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның
14-бабына сәйкес заң мен сот .алдында жұрттың бәрі тең тегіне, әлеуметтік,
лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне,
дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген
өзге жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық
қабілеттілігі занда бәріне бірдей және бірыңғайлы құрылған. Азаматтық
кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық кабілеттілігі барлық азаматтар үшін
тең дәрежеде екендігі танылған. Дей тұрғанмен, құқық қабілеттілігінің
теңдік принципі нақты субъективтік құқық шенберінде жекелеген азаматтарға
берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың
бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (Мысалы: тұрғын үйді, машинаны)
мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде заңда бұл
орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға
тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық
қабілеттілігінің тендік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол
берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы І-тармағында былай деп жазылған:
"Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де
құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды."
Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың
қылмыс жасау негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі
мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай)
айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі
қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларда:
1. Белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға
(жүргізуші, дәрігер және т.б.);
2. Елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу).
Ескерте кеткен жөн: біздің заң бойынша құқықты жою кашан да уақытша
сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық
басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды.
Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз кандай да бір құқықты алу
мүмкіндігінен айыру болып табылады [34, 1].
Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз нақты, іс жүзіндегі құқықтан
айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру (тағы да заңды
жауапкершілік негізінде) белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты
болмауы мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни
оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және
т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауапкершіліктің мұндай
шарасы оның жана автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды
[2, 4].
Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы,
дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа
мекемеге барып тап сондай мамандықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Дей
тұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.
Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі құқықтарды ала
алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік
мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілігінің
мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен
міндеттерінің жиынтығы болып табылады. Азаматтық кодекстің 14-бабында бұл
мәселе былайша тұжырымдалған: "Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де,
одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге;
мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-
тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін
шығып кетуге және оның аумағына қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым
салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа
азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң
құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге
қатысу; өнер табыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына,
интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік
құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап
етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады" [23,
11].
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық ішінара (толық
емес) және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет кабілеттілігіне
байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола
тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне
міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау
қабілеті кісінін өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау
жасы толған адамдарда ғана болады. 18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп
саналады (АК-тін. І7-бабы, І-тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық
құқық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғалардың азаматтық құқықтық субъектілігі
Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар — азаматтық құқық субъектілері
Азаматтық құқықтық қатынастар субъектілері
Азаматтық құқық қатынасы субъектілері заңды тұлғалар
Азаматтық құқыққа қатысатын тұлғалар
Азаматтық құқық субъектілігі мен сабақтас құқықтық санаттардың пікірталас мәселелері
Жеке тұлға- азаматтық құқықтың қатынастың субъектісі
Тұлғаның құқықтық мәртебесі
Азаматтық құқықтық қатынастың объектілері
Азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі
Пәндер