Кәсіпорын капиталының құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
4.тарау. Кәсіпорынның капиталы, құрылымы мен көздері

4.1. Кәсіпорынның негізгі капиталы және құрылымы

Капитал кәсіпорынның құрылуы мен дамуы кезіндегі негізгі экономикалық
көрсеткіш болып табылады.
Кәсіпорын активтерін қалыптастыруда ақшалай, материалдық және
материалдық емес нысандағы құралдардың жалпы бағасын сипаттайды. Капитал
өзінің қызмет ету процесінде кәсіпорын иелері мен қызметкерлерінің, сонымен
қатар мемлекеттің қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге кәсіпорынды
қаржылық басқарудың негізгі объектісі ретінде анықталады, сондықтан оны
тиімді қолдану қажет.
Экономикалық әдебиеттерде капитал ұғымына әр түрлі анықтамалар беріп
жатады. Мысалы, Н.П.Кондраков өзінің Бухгалтерлік есеп жұмысында ұйым
капиталы оның мүлігі болып табылатындығын көрсетсе, Халықаралық
бухгалтерлік стандарттарда капитал активтер мен пассивтердің арасындағы
айырма деп көрсетілген.
Кәсіпорын капиталының мәнін қарастыра отырып, оның мынадай
сипаттамаларын атап өтуге болады:
Кәсіпорын капиталы өндірістің негізгі факторы болып табылады. Өндіріс
факторлары жүйесінде (капитал, жер, еңбек) капитал барлық факторларды ортақ
өндірістік кешенге біріктіргеннен кейін оған басымды ролді береді.
Капитал табыс алып келетін кәсіпорынның қаржылық ресурстарын
сипаттайды. Бұл жағдайда ол өндірістік факторлардан бөлек инвестицияланған
капитал нысанында да көрініс табады.
Капитал оны иеленушілердің әл-ауқатын қалыптастырудың басты көзі болып
табылады.
Кәсіпорын капиталы оның нарықтық құнының басты өлшеуіші болып табылады.
Бұл жерде барлығынан бұрын кәсіпорынның таза активтерінің мөлшерін
анықтайтын оның меншіктік (жеке) капиталы орын алады. Мұнымен қоса,
кәсіпорында пайдаланып отырған меншіктік капиталдың мөлшері бір мезгілде
қосымша табыс табуды қамтамасыз ететін қарыздық қаржылық құралдарды
тартудың әлеуетін сипаттайды. Басқа факторлармен жиынтықта ол кәсіпорынның
нарықтық құнын бағалаудың базасын қалыптастырады.
Кәсіпорын капиталының өрісі оның шаруашылық қызметінің тиімділік
деңгейінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Меншіктік капиталдың жоғары
қарқынмен өзіндік өсуіне қабілеттілік кәсіпорын табысын қалыптастыру мен
оны тиімді бөлудің жоғары деңгейін, ішкі көздер есебінен оның қаржылық
тұрақтылығын қамтамасыз ету қабілеттілігін сипаттайды.
Кәсіпорын капиталының жалпы түсінігі алуан түрлі. Сондықтан әр түрлі
белгілері бойынша капиталдың жіктелуін қарастыру керек (4.1-сурет).

4.1-сурет. Кәсіпорын капиталының жіктелуі

Капитал иелік етуі бойынша меншіктік және қарыздық капитал болып
бөлінеді. Меншіктік капитал жекеменшік құқығы бойынша кәсіпорынның өзіне
жатқызылған құралдардың жалпы құнымен сипатталады. Оның құрамына жарғылық,
қосымша, резервтік капитал, бөлінбеген табыс және басқа да резервтер
кіреді. Жарғылық капитал кәсіпорынның құрылуы кезінде қалыптасады және оның
иелігінде кәсіпорынның бүкіл өмірі бойынша болады. Кәсіпорынның
ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарай оның жарғылық капиталы акцияларды
шығару және сату, пайларды, үлестерді және басқа да жарғылық капиталға салу
жолымен қалыптасады.
Кәсіпорынның жарғылық капиталы оның кредиторларының мүдделеріне
кепілдік беретін барлық мүлігінің минималды мөлшерін анықтайды. Сонымен,
жарғылық капитал өзіндік құралдардың негізгі көзі болып табылады. Капитал
жарғылық деп аталу себебі, оның мөлшері кәсіпорынның белгілі бір тәртіппен
тіркеуден өткен жарғысында көрсетіледі. Кәсіпорынның бүкіл өмірлік циклында
оның жарғылық капиталы үлестеліп, көбейіп және азайып кетуі мүмкін.
Қосымша капитал мыналардан тұрады:
• негізгі қорларды қайта бағалау нәтижелері;
• акционерлік қоғамның эмиссиондық табысы;
• өндірістік мақсаттарға қайтарымсыз түрде берілген ақшалай және
материалды құндылықтар;
• айналмалы қорларды толтыруға құралдар.
Инвестициялау объектісі бойынша:
• негізгі капитал
• айналым капиталы болып бөлінеді.
Негізгі капитал айналымнан тыс барлық активтерге инвестицияланған
кәсіпорынның қолданатын капиталының бір бөлігі болып табылады.
Негізгі капитал – бұл негізгі қорды ұзақ уақыт атқарылатын материалдық
құндылық бар ретінде бағалау.
Айналым капитал – бұл кәсіпорынның айналмалы құралдарына
инвестицияланған капиталдың бөлігі.
Қолдану мақсатына қарай капиталдың түрлері:
• өндірістік;
• несиелік;
• алдамшы.
Өндірістік капитал шаруашылық қызметті жүргізу үшін оның операционды
активтеріне инвестицияланған кәсіпорынның құралдарын сипаттайды.
Несиелік (ссудалық) капитал кәсіпорынның инвестициялық қызметін жүзеге
асыру процесінде қолданатын құралдарды сипаттайды. Бұл коммерциялық
банктердегі депозиттік салымдар, облигациялар, вексельдер және т.б. сияқты
ақшалай құралдарға қаржылық инвестицияға қатысты.
Алдамшы капитал алдамшы қаржылық операцияларды, яғни сатып алу және
сату бағаларының арасындағы айырмашылыққа негізделген операцияларды жүзеге
асыру процесінде қолданылады.
Капиталдың өндірістік қолдану процесінде кәсіпорынның капиталының
қызмет етуі тұрақты айналым процесімен сипатталады, сондықтан капиталды
ақшалай, өндірістік және тауарлы нысандарын көрсете отырып айналым
процесінде орналасу нысаны бойынша жіктейді.
Бірінші кезеңде капитал кәсіпорынның айналым және айналымнан тыс
активтерге ақшалай нысанда инвестицияланады, яғни ақшалай нысаннан
өндірістік нысанға айналады. Екінші кезеңде өндірістік капитал қызмет
көрсету, жұмыс, өнім өндіру процесінде тауарлы нысан түріне айналады.
Үшінші кезең – қызмет көрсету, жұмыс, өндірістік тауарларды сату мөлшері
бойынша тауарлы капиталдан ақшалай капиталға айнала бастайды.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділік деңгейі оның капиталының
мақсатты бағытталған құрылуымен анықталады. Қаржылық менеджмент тұрғысынан
қарағанда капитал қалыптастырудың негізгі мақсаты қажетті активтерді алуға
деген қажеттіліктерді қанағаттандыру және оларды пайдаланудың тиімді
шарттарын қамтамасыз ету тұрғысынан оның құрылымын тиімді ету болып
табылады.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, кәсіпорын капиталын
қалыптастырудың келесі принциптерін ұсынуға болады:
Кәсіпорынның шаруашылық қызметін дамытудың болашағын есепке алу.
Капитал құрылымы мен мөлшерін қалыптастыру процесі оның қызметінің тек
бастапқы кезеңінде ғана емес, сонымен қатар осы қызметтің болашақта ары
қарай жүруі мен дамуын қамтамасыз ету мәселелеріне бағытталған. Келешекте
қамтамасыз етуге жаңа кәсіпорынды құруға капитал қалыптастырумен байланысты
барлық есептеулерді бизнес жоспарға қосу жолымен жетуге болады.
Тартылған капиталдың көлемі кәсіпорынның қалыптасқан активтерінің
көлеміне сәйкестілігін қамтамасыз ету. Капиталға жалпы қажеттілік айналым
және айналымнан тыс активтерге қажеттілікке негізделеді.
Капитал құрылымының тиімді қызмет жасауы тұрғысынан оны оңтайландыруды
қамтамасыз ету. Капитал құрылымы кәсіпорын қызметінде пайдаланатын
меншіктік және қарыздық қаржылық құралдардың арақатынасын көрсетеді.
Капитал құрылымы кәсіпорын қызметінің көп қырына әсерін тигізеді:
қаржылық, инвестициялық және операциондық қызметтер, соңғы нәтижелерге де
әсері бар. Тек меншіктік капиталды пайдаланатын кәсіпорын ең жоғарғы
қаржылық тұрақтылыққа жетеді (автономия коэффициенті бірге тең болады),
бірақ өзінің даму қарқынын шектейді (нарықтың нашар конъюктурасы кезеңінде
активтердің қажетті қосымша мөлшерін қалыптастыруды қамтамасыз ете
алмайтындықтан) және табыс өсімінің қаржылық мүмкіншіліктерін
пайдаланбайды. Қарыздық капиталды пайдалану кәсіпорынды дамытудың әлеуетін
көтереді және қызметтің қаржылық рентабельдігін өсіру мүмкіндігін
көрсетеді. Алайда, көп мөлшерде қаржылық тәуекелді және банкрот болу қаупін
төндіреді (4.2-сурет).
Әр түрлі көздерден капиталды қалыптастыру бойынша шығындарды
минимизациялауды қамтамасыз ету. Мұндай минимизациялау капитал құнын
басқару процесінде жүзеге асырылады.
Капиталдың шаруашылық қызмет ету процесінде оны жоғары деңгейде тиімді
пайдалануды қамтамасыз ету. Принциптің жүзеге асырылуы қаржылық тәуекелдің
кәсіпорын үшін тиімді болған жағдайда меншіктік капиталдың рентабельділік
деңгейін максимизациялау жолымен қамтамасыз етіледі.

4.2-сурет. Кәсіпорын капиталының құрылымы

Кәсіпкерлік кәсіпорындарды қаржыландыру – жай және үдемелі өндірісте
қаржылық қамтамасыз етудің шарттары мен принциптері, әдістері мен
нысандарының жиынтығы.
Қаржыландыру ұғымында ақша құралдарының қалыптасу процесін немесе
кеңірек айтқанда, кәсіпорын капиталының оның барлық нысандарында
қалыптасуын түсінуге болады.
Кәсіпорын қызметін қаржыландыру көздерін таңдау барысында бес негізгі
мәселелерді шешу қажет:
• қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді капиталға қажеттілікті анықтау;
• актив пен капиталдың оңтайлы құрылымы мен құрамын анықтау мақсатымен
олардың құрамындағы мүмкін болатын өзгерістерді табу;
• тұрақты төлем қабілеттілікті, сонымен бірге қаржылық тұрақтылықты
қамтамасыз ету;
• максималды табыспен меншіктік және қарыздық құралдарды қолдану;
• шаруашылық қызметті қаржыландыруға кететін шығындарды азайту.
Кәсіпорынның меншіктік капиталы негізгі капитал және айналым капиталы
түрінде болады. Кәсіпорынның негізгі капиталы айналымнан тыс активтерге
инвестицияланған кәсіпорын капиталынан тұрады.
Оған жататындар:
1) материалды емес активтер;
2) ұзақ мерзімді қаржы активтері (акция, облигация, вексельдер, т.б.);
3) аяқталмаған күрделі салымдар (негізгі құралдардың қабылдау, сатып
алу актісімен рәсімделінбеген құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары);
4) жалпы негізгі қорлар (материалды нысаны бар ұзақ мерзімді
пайдаланылатын құралдар).
Негізгі құралдар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі (4.3-сурет):
1) Өндіріс процесіне қатысуына байланысты:
• өндірістік;
• өндірістік емес.
Өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын натуралдық-заттық түрін
өзгертпейтін, қызмет ету мерзіміне қарай құнын дайын өнім құнына ауыстырып
отыратын кәсіпорынның мүліктерін негізгі өндірістік қорларға жатқызамыз.

4.3-сурет. Негізгі құралдардың құрамы

Өндірістік қорлар – өндірістік процеске тікелей немесе жанама әсер
ететін негізгі қорлар.
Өндірістік негізгі қорлардың элементтері (4.4-сурет):
• өнеркәсіп;
• ауыл шаруашылығы;
• ғимараттар, құрылыстар;
• машина мен қондырғылар, қуатты машина мен қондырғылар;
• өткізгіш құрылғылар, өлшегіш және реттегіш құрылғылары;
• есептегіш және ұйымдастырушы техникалар;
• көлік құралдары, құрал-саймандар;
• байланыс, сауда;
• шаруашылық мүлкі, жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер;
• басқа да материалдық салалар жатады.

4.4-сурет. Өндірістік негізгі қорлардың құрамы
Өндірістік емес қорлар дегеніміз кәсіпорын балансында тұрған, бірақ
өндірістік процеске қатыспайтын негізгі қорлар.
Өндірістік емес негізгі қорға қатыстылар (4.5-сурет):
• тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық;
• денсаулық сақтау;
• білім беру мекемелері;
• мәдениет, спорт, туризм және басқа да салалар.
2) Өнім өндірісіндегі роліне байланысты:
• активті
• пассивті болып бөлінеді.
Активті бөлігі (машина, құрал-жабдық) өндіріске, өнімнің (қызмет,
жұмыс) саны мен сапасына тікелей әсер етеді.
Пассивті бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік
процеске қажетті жақтарын құрайды.
Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын
жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:
• негізгі қордың тозуы;
• амортизация;
• негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған
қаражаттар;
• капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.
3) Қызмет ету аясы бойынша:
– негізгі;
– қосымша болып бөлінеді.

4.5-сурет. Өндірістік емес негізгі қорлардың құрамы

Негізгі құралдар өндіріс процесіне тікелей қатысса, ал қосымша құралдар
жанама түрде қатысады немесе әсер етеді.
Кез келген негізгі қордың объектілері табиғи және сапалық жағынан
тозады.
Негізгі қордың табиғи тозуы – олардың өндірістік тұтыну барысында және
табиғат күшінің әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған
негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары
арқылы бұрынғы қалпына келтіруге болады.
Негізгі қордың сапалық тозуы – қор түрлерінің конструкциясы,
өнімділігі, үнемділігі, сапалы өнімдер шығаруы жағынан жаңа үлгіден кейін
қалуы. Демек, экономикасы дамыған елдерде негізгі қорды ауыстыруда сапалық
тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы фактор болып табылады.
Амортизация – бұл ғимараттар, машина және басқа да құралдарды
пайдалануына қарай құнын өтеу үшін біртіндеп ұстап отыратын жарна. Ол
тозған бөлігі ақша түрінде өнімнің өзіндік құнына кіреді. Өнім сатылғаннан
кейін түскен ақшадан ұсталады. Жасалған өнімге сіңірілген және ол өнімді
сатқаннан кейін ақша түрінде қайтып оралатын негізгі қорлардың тозған құны
амортизациялық қорды, яғни негізгі қордың орнын толтыру қорын құрайды.
Амортизациялық қор негізгі қорларды сатып алуға жұмсалады.
Үздіксіз өндірістік үрдісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік
қорлармен қатар оған еңбек заттары мен материалдық ресурстар қажет. Еңбек
заттары еңбек құралдарымен бірге өндіріс процесінде бір-ақ рет қатысып,
олардың құны өнідірілетін өнімнің материалдық негізін құрамын жасап,
өнімнің өзіндік құнын құрайды. Өндірістік айналым қорлардың заттық
элементтерінің айналымдылығы еңбек үдерісімен және негізгі өндірістік
қорлармен тығыз байланыста болады.
Кәсіпорынның және басқа да әр түрлі салалардың негізгі қор құрылымы
мынадай факторлармен анықталады:
• өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты;
• өндірістің техникалық деңгейі;
• мамандандыру және т.б.
Негізгі қор өндірістік процесте:
• натуралды;
• ақшалай нысанды зерделенеді;
Натуралды нысандағы құралдардың есебі:
• негізгі қорлардың техникалық құрамын;
• кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы;
• құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесін;
• басқа да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.
Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі:
• негізгі қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;
• амортизациялық аударымдардың есебін;
• дайын өнімді тасымалдау құнын;
• капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін
анықтайтын қажеттілік.
Негізгі қорды бағалау және есептеу
Негізгі қорды құндық бағалаудың мынадай түрлері бар:
1. Қолда бар құрал-жабдықтарды бастапқы толық құны бойынша бағалау.
оларды тасымалдаудағы көлік шығындары және пайдалану кезіндегі
құрастыру жұмыстарының құны. Негізгі қор бастапқы құны бойынша
кәсіпорынның балансында есепке алынады, сондықтан оны баланстық
құн деп атайды.
2. Қорды толық қалпына келтіру құны және оны дамыған жағдайға келтіру
құны бойынша бағалау. Бұл ұқсас материалдарды дамыған жағдайға
сәйкес, пайдаланудың тиісті параметрлерін сақтауды көздейді.
3. Қордың тозуын есепке ала отырып бастапқы және қалпына келтіру құны
бойынша бағалау (қалдық құн). Бұл процестің нәтижесінде техника
тетіктері мен құрал-жабдықтардың жоғары өнімділігін және оларды
үнемді пайдалану жолдарын қарастыру көзделеді.
Негізгі қордың көрсеткіштерін екі топқа бөледі:
1-топ. Негізгі қорды пайдалану дәрежесі жөніндегі көрсеткіштер:
1. Қайтарым қорының көрсеткіштері. Негізгі өндірістік қордың мың теңге
құнына қанша өнім келетіндігін сипаттайды.
Ол мына формула бойынша анықталады:

Қк=ТөҚо (4.1)

Тө – таза өнімнің тауарлы немесе атаулы (нормативтік) құны, бір жыл
ішінде өндірілгені, тг;
Қо – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны, тг.

2. Қайтарым қорының кері шамасынан өнімнің қор сыйымдылық көрсеткішін
есептеп шығаруға болады, ол негізгі қордың бір өнім өлшеміне шаққандағы
құнымен сипатталады (теңге есебімен):

Қс=ҚоТө (4.2)

3. Негізгі қордың топтық немесе әр түрлі тозу коэффициенті:

Тк=ТкҚа (4.3)

Тк – тозу коэффициентін есептеу арқылы, негізгі қордың тозу құны;
Қа – негізгі қор тобының барлық немесе жеке түрінің бастапқы құны.

2-топ. Негізгі қордың құрамы мен құрылым бағалайтын көрсеткіштер:
1. Негізгі қорды жаңарту коэффициенті:

Қжаңарту=Ққ.еҚе.қ (4.4)

Ққ.е – белгілі бір кезеңдегі негізгі қордың қайта енгізілген құны;
Қе.қ – сол кезеңдегі негізгі қордың соңғы құны.

2. Негізгі қорды қирату коэффициенті:

Ққирату=ҚқирҚбаст (4.5)

Ққир – белгілі бір кезеңдегі негізгі қордың қираған құны;
Қбаст – сол уақыттағы негізгі қордың бастапқы құны.

3. Негізгі қордың арту коэффициенті:

К=Қенг - Ққир Қбаст (4.6)

Табиғи тозу коэффициенті:

К=ТнақтыТатаулы (4.7)

Тнақты – нақтылы қызмет мерзімі, ж;
Татаулы – атаулы қызмет мерзімі (амортизациялық кезең) ж.

Сапалық тозу коэффициенті:

(Қбал-Ққ.қ)х100 (4.8)
Тм1= Қб

Тм2=Қе – Қж * We*Te
Wж*Тж (4.9)

Қе, Қж – ескі және жаңа құрал-жабдықтардың сапалық жағынан толық
бастапқы құны, тг;
We, Wж – ескі және жаңа құрал-жабдықтардың сапалық жағынан жылдық
өнімділігі;
Te, Тж – ескі және жаңа құрал-жабдықтардың сапалық жағынан қызмет
мерзімі, ж.

Амортизациялық аударым:

Аа= Қб-Қөтімділік (4.10)
Тқ.м

Қб-Қөтімділік – негізгі қордың баланстық және өтімділік құны, тг;
Тқ.м – негізгі қордың қызметінің мерзімі, ж.

Жылдық амортизациялық аударымның негізгі қордың баланстық құнына
қатынасы және оны теңгеге шаққанда, амортизация мөлшері (Ма) шығады:

М=АҚб*100 (4.11)

4.2. Кәсіпорынның айналым капиталы және құрылымы

Өндірістік айналым қоры – бұл еңбек заттары мен еңбек құралдарының
арзан бағалы және тез тозатын заттарды есепке алғандағы заттық мазмұны.
Мұның экономикалық мәні – өздерінің толық құнын дайын өнімге түгелдей
көшірілуімен сипатталады.
Айналыс қоры – өндіріс процесіне тікелей қатынаспайды, алйда өндіріс
және айналыс бірлестіктерін қамтамасыз ету үшін қажет.
Өндірістік айналым қоры мен айналыс қоры ауыспалы айналым қаражаттарын
үздіксіз қамтамасыз етуде тұрақты қозғалыста болуы тиіс. Осыдан авансты
құнның тұрақты және заңды ауысым нысаны пайда болады:
• ақшалайдан тауарларға;
• одан кейін өндірісте;
• қайтадан тауарлы және ақшалай.
Қорытындысында айналым қаражатын береді.
Айналым қаражаты – өнім өндіру мен оны сатудың үздіксіз процесін
қамтамасыз ету мақсатында өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын
құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға алдын-ала берілетін
ақшалай қаражаттың жиынтығы (4.6-сурет).
Айналым қаражатының қызметі өнімді өндіру және сату кезеңдерінде төлем-
есеп айырысу жұмыстарынан тұрады. Міне бұл жағдайда өндірістік айналым
қорының қозғалысы дер кезінде материалдық факторлардың айналымын қалпына
келтіруге, ал айналым қаражатының қозғалысы – ақша, төлем айналымына
жалғасады.

4.6-сурет. Айналым қаражатының құрылымы

Айналым қаражатының жіктелуі (4.7-сурет):
1. ауыспалы айналым процестеріне қарай:
• өндірістік айналым қоры;
• айналыс қоры;
2. қалыптастыру көздеріне қарай:
• меншіктік;
• қарыз;
3. жоспарлау ерекшеліктеріне қарай:
• мөлшерлеу;
• мөлшерлемеу болып бөлінеді.

4.7-сурет. Айналым қаражатының жіктелуі

Кәсіпорын қаржылық қорын анықтағаннан кейін, дербес өндірістік
қызметінің мүмкіндіктеріне қарай айналым қаражатының мөлшерін белгілейді.
Ауыспалы айналым үш кезеңнен тұрады:
• бірінші кезеңде кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын, яғни
шикізатты сатып алуға жұмсайды. Ақша қаражаты ақшалай нысаннан
тауарлы нысанға, ақша қаражаты айналыстан өндіріске өтеді.
• екінші кезеңде өндірістік қор мен жартылай фабрикаттар
айналысының нәтижесінде дайын өнім пайда болады.
• үшінші кезеңде – дайын өнім сатылады, айналым қоры өндірістен
айналысқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау
Кәсіпорын капиталы
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Компанияның қарыз капиталын басқару
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
ААҚ «Тұк казхром» кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау
Кәсіпорынның айналым капиталын бағалау
Кәсіпорынның айналым капиталының мазмұнының теориялық аспектілері
Капитал құрылымын оңтайландыру
Айналыс қорлары
Пәндер