Жеке еңбек шартының мерзімі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
2.2. Жеке еңбек шартының мазмұны.

ҚР ҚР еңбек туралы заңының 9-бабы.
1. Жеке еңбек шартында:
1) тараптардың реквизиттері:
- жұмыс беруші-заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері,
жұмыс беруші-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттік тіркеу
нөмірі мен уақыты;
- жұмыс берушінің (оның өкілінің) тегі, есімі, әкесінің аты (егер
жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қызметі, ал
жұмыс беруші жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты
жерінің мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі,
берілген күні;
- қызметкердің тегі, есімі, әкесінің аты (егер жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың
атауы, нөмірі, берілген күні; әлеуметтік жеке кодының нөмірі (ӘЖК),
салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН);
2) еңбек міндеті (белгілі бір қызмет, мамандық, кәсіп бойынша
жұмыс);
3) жеке еңбек шартының мерзімі;
4) еңбек міндеттерін жүзеге асыру басталатын күн;
5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене
жұмысын немесе зиянды не қауіпті жағдайларда жұмыс істегені үшін
берілетін кепілдіктер мен өтемақылар;
6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау жағдайлары;
8) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері;

6
10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртібі;
11) тараптардың жауапкершілігі көрсетілуі тиіс.
2. Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек шартына өзге де
жағдайлардың енгізілуі мүмкін.
Еңбек шартындағы (контрактісіндегі) тараптардың өзара құқықтары
мен міндеттерін анықтайтын жағдайларды еңбек шартының мазмұны деп
атаймыз.
Еңбек заңы шартты жазбаша жасау міндетті болып табылатынын
белгілейді және ол еңбек қатынастарының жариялылығына, тиімді кадр
саясатын жүргізуге, қызметкердің қабілеті мен кәсіби біліктілігін
ескере отырып, оның бастамашылығы мен дербестілігі үшін қажетті
жағдайлармен қамтамасыз етуге, тараптардың өзара жауапкершілігін
көрсетуге, қызметкердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуына
бағытталады.
Еңбек туралы заңдармен немесе ұжымдық шартпен белгіленген шарт
талаптарын тараптардың тікелей келісуімен жасалған талаптардан айыра
білу керек. Соңғылары екі топқа бөлінеді:
а) қажетті талаптар, яғни олар болмаса шарт жасалған болып
саналмайтын талаптар;
б) басқа талаптар, олардың болуы шарттың әрекет етуі үшін
міндетті емес, яғни факультативті талаптар.
Шарттың қажетті талаптары тараптардың келісуін қажет етеді және
оларға мыналар жатады:
1) жұмыс орнын (қызметті) анықтау;
2) еңбек міндетін (уәзібін) белгілеу, яғни мамандықты,
біліктілікті, қызметті, кәсіпті анықтау;
3) жалақы мөлшерін анықтап, келісу.

7
Шартты жасасқан кезде тараптар үшін, әсіресе қызметкер үшін
жұмыс орнын анықтау өте қажет, себебі, егер ұйымның құрамдас
бөліктері (цехтар, бөлімшелер, учаскелер т. с. с.) әр жерге
орналасса, онда міндетті түрде жұмыс орны анықталуы тиіс. Еңбек
міндеті (уәзібі) мамандықты, біліктілікті, кәсіпті және қызметті
анықтап белгілеуден тұрады.

8
2.1. Жеке еңбек шартының түсінігі және оның белгілері. Жеке
еңбек шарты дегеніміз бұл қызметкердің ішкі еңбек тәртібіне бағына
отырып, белгілі бір еңбек функциясын (белгілі бір мамандық,
біліктілік және кәсіп бойынша жұмысты) орындау міндетін, ал жұмыс
берушінің қызметкерге уақтылы және толық көлемде жалақы төлеп отыру
және қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету міндетін көздейтін
қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім
Қазіргі кезде азаматтардың еңбекке қатысты өз құқықтарын жүзеге
асыру нысандарының арасынан еңбек шартын ерекше атап өтсе болады.
Себебі, еңбек шарты ғана еңбектің жалдау сипатындағы негізі ретінде
нарықтық еңбек қатынастарының талаптарында анағұрлым толық жауап
береді.
Сонымен қатар, жеке еңбек шарты ұғымымен қоса контракт ұғымы
да теңдей танылады. Кең мағынада контракт дегеніміз кез келген
шарт, яғни тең құқылы тараптардың (субъектілердің) арасындағы
келісім. Бұл мағынада контракт кәсіпкерлік және басқа да қызмет
саласында жаппай пайдаланылады және де әр түрлі құқық салаларының
нормаларымен байланысты болып келеді.
Еңбек қатынастары саласында контракт ұғымы анағұрлым тар,
ерекше мағынада қолданылады және еңбек шартының айрықша нысаны
ретінде қарастырылады. Қарапайым еңбек шартына қарағанда контрактының
өзгешелігі болады. Жеке еңбек шартының ережелері
заңның шеңберінен шыға алмайды. Ал контракттың мазмұнында заңмен
көзделмеген жағдайлар да көрініс табуы мүмкін. Мысалы, контракт
бойынша келісілген жағдайларға қол жеткізілген қызметкерге пәтер,
автокөлік, бала-бақшадан орын берілуі немесе жұмыстан босату туралы
ережелер айрықша көзделуі мүмкін. Әдетте, контракт ірі
2
кәсіпорындардың басшыларымен, спортшылармен, мәдениет қызметкерлерімен,
оқытушылармен және тағы басқалармен жасалынады.
Контрактының еңбек шартынан айырмашылығы мынада:
• контрактының талаптарын тараптардың өздері белгілейді және онда
нақты жеңілдіктер мен артықшылықтар белгіленуі мүмкін.
• контрактыда еңбек заңдарында белгіленбеген шаралар қолданылуы
мүмкін, мысалы, еңбекке ақы төлеу, жұмыс уақытының режимі,
демалыстың ұзақтығы және тағы басқалар.
Еңбекші бір кәсіпорынмен еңбек шартын (контрактісін) жасасқан
күннен бастап ол сол кәсіпорынның еңбек ұжымына мүше болады, әрі
оның ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағынады. Осынысымен, еңбек
шарты басқа азаматтық құқығында қолданылатын шарттардан ажыратылады.
Еңбек шартының заңдық маңызы өте зор:
1) ол елімізде еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың,
тұрақтандырудың және тартудың ең негізгі құқықтық нысаны;
2) ол еңбекшілердің еңбек құқығын жүзеге асырудың негізгі нысаны;
3) еңбек шарты еңбек қатынастарының пайда болуына негіз болатын
заңды маңызы факті;
4) еңбек шарты өзінің тараптары үшін қажетті еңбек құқықтары мен
міндеттерін тудырушы негіз;
5) еңбек шарты арқылы еңбекші белгілі бір кәсәпорынның еңбек
ұжымына мүше бола алады;
6) еңбек шарты жеке еңбек келісімі болғандықтан ол еңбеккердің
жеке басын заңсыз еңбек жағдайларынан қорғайды.
Жеке еңбек шарты белгілерінің бірі болып шарт пәнінің
өзгешелігі табылады. Жеке еңбек шартына сәйкес, қызметкер белгілі
бір қызмет түріне жататын жұмысты, яғни белгілі бір мерзім
көлемінде орындайтын

3
мамандықты, кәсіпті, біліктілікті, лауазымды орындауға міндеттеледі.
Кәсіп – бұл белгілі бір қызметтің сипаты және мақсатымен
анықталатын еңбек қызметінің бір түрі. Мысалы, дәрігер, оқытушы,
заңгер, құрылысшы ... ...
Мамандық – бұл қызметкердің мейлінше тиімді еңбек етуіне
мүмкіндік беретін терең және жан-жақты білімдері мен дағдылары
көрініс тапқан белгілі бір кәсіптің бағыты, нақты бір түрі.
Мысалы, дәрігер кәсібі бойынша хирург, педиатр, терапевт,
мамандықтары; заңгер мамандығы бойынша прокурор, адвокат, судья
мамандықтары.
Біліктілік – бұл нақты бір мамандықты игергендіктің дәрежесі,
арнайы дайындық пен тәжірибенің деңгейі. Біліктілік нақты бір
қызметкердің қандай күрделіліктегі жұмысты орындай алатынын
көрсетеді. Қызметкердің біліктілігінің деңгейі дәрежемен, санатпен
анықталады. Мысалы, жоғары санаттағы хирург.
Жеке еңбек шартының басқа маңызды белгісі болып өндірістік
қызметке қызметкердің өзіндік қатысуы табылады. Бұл қызметкердің
кәсіпорын немесе ұйымның штатына енуін және осы кәсіпорынның немесе
мекеменің өндірістік қызметіне тартылуын білдіреді. Жеке еңбек
шартында нақты қызметкердің еңбекке қатысты барлық жеке қабілеттері
ескерілетіндіктен, бұл қызметкерді жұмыс берушінің келісімінсіз
ауыстыруға жол бермейді.
Қызметкердің ішкі еңбек тәртібіне бағынуы жеке еңбек шартының
келесі белгісі болып табылады. Кез келген мекеме, кәсіпорын белгілі
бір еңбек тәртібінің негізінде жұмыс істейді, бұл өз кезегінде
ұжымның нақты және үйлескен жұмысын қамтамасыз етеді. Ішкі еңбек
тәртібінің ережелерін сақтау қызметкердің міндеті болып табылады.
Алайда, ескеретін бір жайт, бұл ережелер барлық қызметкерлерге
таралмайды. Жекелеген қызметкерлерге олардың жұмысының сипаты мен

4
ерекшеліктеріне сәйкес бұл ережелер таралмауы мүмкін. Кейбір
ережелер тек нақты бір қызметкерлерге ғана таралады да,
қызметкерлердің қалған бөлігіне қатысы да болмайды. Мұндай
мәселелердің барлығы жеке еңбек шартында көзделген.
Жұмысқа қабылдауға жол берілетін жас ҚР ҚР еңбек туралы
заңының 11-бабы.
1. Жеке еңбек шартын он алты жасқа толған адамдармен жасасуға
жол беріледі.
2. Орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап
кеткен жағдайда он бес жасқа толған адамдар ата-анасының
немесе қорғаншысының, қамқоршысының келісімімен жеке еңбек
шартын жасасайды.
3. Ата-анасының бірінің (қорғаншысының, қамқоршысының) келісімімен
жеке еңбек шарты оқудан бос уақытында денсаулығына зиян
келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін
он төрт жасқа толған оқушымен жасалады.
4. Ата-анасының (қорғаншысының, қамқоршысының) келісімі жазбаша
нысанда (өтініш) беріледі, бұл орайда, ата-ана (қорғаншы,
қамқоршы) кәмелетке толмаған адаммен бірге жеке еңбек шартына
қол қойылады.
5. Он сегіз жасқа толмаған адамдарды ауыр дене жұмыстары мен
еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға
қабылдауға жол берілмейді.
Бұл бапқа сәйкес жеке еңбек шартының тараптарының бірі ретінде
он алты жасқа толған тұлға ғана бола алады. Он алты жасқа
толған соң кез келген азамат еңбек құқығы қатынастарының субъектісі
бола алады.

5
2.4. Жеке еңбек шартының түрлері. Жеке еңбек шартының мерзімі
ҚР ҚР еңбек туралы заңының 10-бабы.
1. Жеке еңбек шарты:
1) белгісіз мерзімге;
2) белгілі бір мерзімге;
3) белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста уақытша
болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалады.
2. Егер жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса,
шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі.
Белгісіз мерзімге жасалатын еңбек шарттары – бұл еңбек
шарттарының жиі кездесетін түрі. Бұларда шарттың әрекет етуінің
бастапқы мерзімі көрсетіледі, бірақ оның күші қашан аяқталатыны
көрсетілмейді. Жалпы алғанда, мұндай шарттармен ешбір мерзіммен
шектелмеген тұрақты жұмыстар байланысты болады.
Белгілі мерзімге жасалатын еңбек шарттары еңбек құқығы
қатынастарындағы шарттардың бір түрі. Олар еңбектің сипатына немесе
оны орындаудың ерекшеліктеріне қарай еңбек қатынастары белгісіз
мерзімге белгілене алмайтын кезде жасалады. Алайда, соңғы кезде
еңбек шартының бұл түрі де кеңінен тарала бастады. Белгіленген
мерзімнің белгісіз мерзімнен басты айырмашылығы – жеке еңбек шартының
аяқталу мерзімінің нақты көрсетілуінде.
Белгілі мерзімдегі еңбек шарттарының арасында уақытша
қызметкерлермен жасалатын және маусымдық жұмыстар кезіндегі еңбек
шарттары кеңінен таралған. Уақытша қызметкерлер ретінде жұмысқа екі
ай мерзімге, уақытша қызметте жоқ қызметкерлердің (бұлардың жұмыс
орны немесе лауазымы екі айға дейін сақталады) орнына қабылданған
тұлғалар табылады. Уақытша қызметкерлермен жеке еңбек шартын
жасасқан кезде, сонымен қатар оларды жұмысқа

12
қабылдау туралы бұйрықта (өкімде) бұл қызметкердің уақытша жұмысқа
қабылданатыны немесе жұмыстың нақты мерзімі көрсетілуі тиіс.
Маусымдық жұмыстарға қабылдау кезінде жеке еңбек шарты белгілі бір
маусымға қатысты жасалады. Маусымдық жұмыстар ретінде табиғи және
климаттық жағдайларға орай жылдың белгілі бір кезеңінде (маусымында)
орындалатын, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтын жұмыстар танылады.
Белгілі бір мерзімге жасалатын жеке еңбек шартының ерекше түрі
болып белгілі бір жұмысты орындау уақытына жасалатын шарт табылады.
Мұндай шарттар жұмыстың аяқталу уақытын нақты анықтау мүмкін
болмаған кезде (мысалы, құрылыстың аяқталған күні) жасалады.
Жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытында жасасқан
жеке еңбек шарты аяқталу мерзімі көрсетіле отырып немесе мерзімі
көрсетілмей де жасалуы мүмкін, алайда кез келген жағдайда жеке
еңбек шартында еңбек қатынастарының жұмыста уақытша болмаған
қызметкердің жұмысқа шығуымен тоқтатылатыны көрсетіліп өтуі тиіс.
Уақытша болмаған қызметкер қайтып келген жағдайда қызметтен
босатылған тұлғаны жұмыс беруші өзара келісімнің негізінде басқа
жұмысты ұсынуы мүмкін.
Егер жеке еңбек шартында оның әрекет ету мерзімі көрсетілмесе,
онда шарт белгісіз уақытқа жасалған деп саналады және жұмыс
берушінің қызметкерді жеке еңбек шартының әрекет ету мерзімі
аяқталды деген негізбен жұмыстан босатуға құқығы жоқ.
Қоса атқарылатын жұмыс туралы еңбек шарты. Қоса атқару ретінде
негізгі жұмыспен қатар өзге де тұрақты сипаттағы ақылы жұмысты
орындау танылады. Бұл жағдайда екі еңбек шартын жасасу қажет:
негізгі жұмыс бойынша және қоса атқаратын жұмыс бойынша.
Үйде жұмыс істейтін қызметкерлермен жасалатын еңбек

13
шарттары. Қажетті жағдайларда еңбек шарты қандай да бір себептермен
үйде жұмыс істеуді қалайтын тұлғалармен жасалуы мүмкін. Үйде жұмыс
істейтін қызметкерлер ретінде жұмыс берушімен өзінің материалдарымен
және өзіндегі немесе жұмыс беруші бөлетін не жұмыс берушінің
қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен
тетіктерін пайдалана отырып, жұмысты үйінде өз еңбегімен орындау
туралы жеке еңбек шартын жасасқан адамдар болып табылады. Үйде
жұмыс істейтін қызметкерлердің санитарлық және өрт қадағалау
талаптарына жауап беретін қажетті тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары
болғанда ғана олармен еңбек шарттарын жасасуға болады.

14
2.3. Жеке еңбек шартының тараптары. Жеке еңбек шартының
тараптары болып қызметкер, яғни белгілі бір жасқа жеткен еңбек
құқық субъектілігіне ие, жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан және
жеке еңбек шартына сәйкес белгілі бір жұмысты орындайтын азамат
пен жұмыс беруші, яғни қызметкерді жалдаған және оған тиісті жұмыс
берген, қызметкермен жеке еңбек шартын жасасқан заңды немесе жеке
тұлға болып табылады. Жеке еңбек шартының тараптары оны жасасу
кезінде тең құқылы болады – екі тарап та өздеріне еңбек шартының
тарабын таңдауға құқылы, екі тарап та міндеттерге ие болады, екі
жақ та ішкі еңбек тәртібіне бағынуға міндетті. Алайда, жеке еңбек
шартына қол қойған соң бір тарап бағынысты рөлді иеленсе, екінші
жақ орындауға міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Жеке еңбек шартының мазмұнын тараптардың өзара құқықтары мен
міндеттерін анықтайтын жағдайлар құрайды. Мұндай жағдайлардың екі
тобын атауға болады: а) еңбек туралы заңдармен және өзге де
нормативтік құқықтық актілермен алдын-ала белгіленген міндетті
жағдайлар; ә) тараптар өздері анықтайтын қосымша жағдайлар.
Бірінші топтағы жағдайларды қызметкер үшін нашарлатуға жол
берілмейді. Олар еңбек шартының тараптары үшін міндетті сипатқа ие.
Оларсыз еңбек шарты мүмкін емес. Мысалы, ҚР ҚР еңбек туралы
заңының 45-бабында белгіленгендей, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы
аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс және жеке еңбек шартының
тараптары өз қалауы бойынша заңда көзделген жұмыс уақытының
ұзақтығынан асатын ұзақтықты белгілей алмайды.
Қажетті жағдайлары көрсетілмесе, еңбек шарты жасалмады деп
саналады. Мұндай жағдайларға мыналар жатады:
* нақты ұйымның жеке еңбек шартын жасасқан күнгі орналасқан

9
жерін көрсете отырып жұмыс орнын атау, яғни, қызметкердің қай
ұйымда жұмыс істейтіні. Сондықтан, қызметкерді тіпті бір ұйымның
ішінде болса да, басқа жерге ауыстыру оның келісімін қажет етеді,
себебі, бұл жеке еңбек шартының ережелерін бұзу болып табылады.
* қызметкердің еңбек функциялары, яғни, оның мамандығына,
біліктілігіне және лауазымына қатысты жағдайлар. Жеке еңбек шартын
жасасу кезіндегі еңбек функциялары туралы келісім қызметкердің жұмыс
уақытының ұзақтығымен, ақы төленетін жыл сайынғы еңбек
демалыстарымен, жалақының мөлшерімен, әр түрлі жеңілдіктер мен
артықшылықтармен байланысты құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын
анықтайды.
* қызметкердің жалақысының мөлшері. Мемлекет азаматтардың
еңбегіне белгіленген жалақы мөлшерінен кем емес ақы төлеуді
кепілдеген. Бұл кепілдіктер меншік нысанына, ведмостволық
тиістілігіне және қызмет ету саласына қарамастан барлық ұйымдар мен
кәсіпорындардың қызметкерлеріне таралады.
Жеке еңбек шартының бір жағы, белгілі жасқа толған және еңбек
шартын жасауға талап қылған азамат та, екінші жағы жұмыс беруші
немесе кәсіпорын әкімшілігі. Бірақ осы еңбек қатынастары пайда болу
үшін тараптардың (жақтардың) белгілі заңды қасиеттері болу керек.
Бұл заңды қасиеттер мынандай элементтерден тұрады: еңбекке құқықтық
қабілеттік; тараптардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың
кепілдіктері; еңбек шартындағы міндеттерді орындау жауапкершілігі;
Еңбекке құқықтық қабілеттілік деп еңбек шартындағы тараптардың
құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілеттілігін айтамыз. Еңбекке
құқықтық қабілеттіліктің негізгі өлшемдері (белгілері) мыналар: жас
өлшемі (возрастной); ерік (жігер) өлшемі (волевой); әлеуметтік
өлшем.
Еңбекке құқықтық қабілеттілігі бар барлық азаматтардың тең

10
құқылығын оның әлеуметтік өлшемі дейді. Қолданылып жүрген еңбек
заңдарында еңбек етуге құқылы барлық азаматтар үшін мамандық
таңдауда, кәсіпке үйренуде тең мүмкіндіктер белгіленген. Жұмысқа алу
кезінде жынысына, нәсіліне, ұлтына және дінге көзқарасына қарап,
азаматтардың құқықтарына қандай да болсын тікелей немесе жанамалап
шек қоюшылыққа, не болмаса тікелей жанамалап артықшылықтар
белгілеуге жол берілмейді.
Жұмыс берушіге кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, шаруашылықтар,
кооперативтер, фермерлер және тағы басқа заңды тұлғалар жатады.
Бұлардың еңбекке құқықтық қабілеттілігі мемлекеттік тіркеуден өткен
кезден бастап пайда болады.
Шарттың басқа да талаптары, (факультативті талаптар) әр түрлі:
тұрғын үймен қамтамасыз ету, екінші мамандыққа үйрету туралы,
жұмысқа қабылдау кезінде сынақ белгілеу туралы және тағы басқа
болуы мүмкін. Бұл тараптар келісім бойынша әрбір нақты жағдайда
арнаулы кепілдіктер белгілеуге мүмкіндік береді. Жеке еңбек және
ұжымдық шарттардың талаптары егер олар заң актілеріне қайшы
келмейтін болса тараптар үшін орындалуы міндетті болып табылады.

11
2.7.Жеке еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мердігерлік шартын түрлері
Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру
Еңбек шартын бұзу
Жеке еңбек шарты ұғымы
Жеке еңбек шарты
Жеке еңбек шарты және оның мәні
Еңбек құқығы. Жеке еңбек шарты
Еңбек шартына түсінік, онын маңызы
Қазақстан Республикасының еңбек кодексі негізінде еңбек шартының реттелуі
Еңбек ұжымындағы келісімдер
Пәндер