Тасымалдау шартының сипаттамасы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
1 ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1.1 Тасымалдаудың шарттық міндетемелері,олардың құқықтық реттеуі...5-11
1.2 Тараптардың құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 11-14
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
2.1 Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты және тасымалдау
шартының басқа да
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..15-17
2.2 Тасымалдау шарттары бойынша
жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..18-20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 21-22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 23-
24
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым
айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар
туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш
сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді.
Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан
дербес тәуелсіз мемлекет болды. Өткен жылдардың ішінде жаңа мемлекеттік
органдар - Президент әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес
т.б. құрылды. Олар жаңа қоғамды ұйымдастыруға бағытталған қызметтер
атқаруда. 1995 жылдың тамыз айында бүкіл халықтық дауыс беру нәтижесінде
қабылданған жаңа Конституция жана мемлекеттік органдарды заңдастырып қана
қойған жоқ, сонымен бірге әрбір жеке адам мен азаматтың кең көлемді
демократиялық құқықтары мен бостандықтарын баянды етті.
Сол Қазақстан Республикасы Концтитуциясының ең бірінші бабында былай
делінген: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және
оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтарын құрметтеп қорғайды. Қазақстан Республикасының азаматтарына
нәсіліне, ұлтына, жынысына, әлеуметтік тегіне, бірлестікке мүшелігіне,
сондай –ақ бұрын құқықа тартылғанына қарамастан барлық азаматтық құқықтар
мен бостандықтар теңдігіне кепілдік берілді.
Міне, осы ерекше айтылған қағидаларды біз іс жүзіне асыра бастағанымызды
жер бетіндегі елдер тани бастады, соның арқасында Қазақстан Біріккен Ұлттар
Ұйымының толық мүшесі болды, ертеден белгілі өркениетті елдер қатарындағы
мемлекетке айналды. Біздің өз мемлекетімізді, оның органдарының құрылымы
мен атқаратын қызметтерін білу өзіміздің қандай мемлекетте тұратынымызды,
ол мемлекет өзінің алдына қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге
қалай қызмет ететінін айқын түсінуіміз үшін қажет. Ол үшін Республиканың
зандарын оқып үйрену қажет. Өйткені ол заңдарда азаматтардың құқықтары,
бостандықтары мен міндеттері жарияланып қана қойған жоқ, сонымен бірге сол
құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың, пайдаланудың жолдары мен тәсілдері
де көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 18
наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында біз дәйекті түрде саяси тежемелік
пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет
құрып, оны нығайта береміз деп көрсеткен болатын.
Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына он сегіз жылдан асты.
Осы жылдар ішінде еліміз әлем сахнасы төрінде беделді орынға ие болып,
көптеген жетістіктерге қол жеткізгені мәлім. Бұл жетістіктердің бірі
Республикамыздың ең маңызды заңдарының бірі Азаматтық кодекс болып
табылады. Менің таңдап алған тақырыбым азаматтық айналымға қатысушылар
арасындағы Тасымалдау шарты болып отыр. Бұл тақырып қазіргі нарық
заманында өте өзекті тақырыптардың бірі деуге болады. өйткені қазір
тасымалдау күрт өсіп отыр. Курстық жұмысты жазу мақсатым осы шарт түрінің
ұғымын, оның мәні мен маңызын ашып көрсету болып табылады.
Тасымалдау мен өзге де көлік шарттарының жалпы ережелері тікелей
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексмен анықталады, онда оларға 14- пен
35-тараулар(688-714-баптар) арналған.
Бұл курыстық жұмыстың мақсаты- Азаматтық кодекстің 14 пен 35 -тарау 688-
714-баптар Тасымалдау шартын қолданудың тиімділігін күшейтуге бағыталған
ғылыми тұжырымдар беру.
Осы басты мақсатқа байланысты зерттеу барысында мынандай міндеттер тұрды:
- Азаматтық кодекстің 14 пен 35 -тарау 688-714-баптар Тасымалдау
шартының- түсінігін ашу, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтау;
- Тараптардың құқықтары мен міндеттеріне тоқталу;
- Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шартын анықтау;
- және тасымалдау шартының басқа да түрлерi анықтау;
- Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершiлiктің қолдану тәртібін анықтау
- Қазақстан Республикасы көлік кешені қызметінің жұмысын үйлестіру мен
мемлекеттік реттеу функциясын жүзеге асыруға.
Мемлекет, осыған сүйене отырып, тасымалдау шарттарын бекіту үшін
ұйымдастырушылық алғы шарттар мен көлік инфрақұрылымын құратын болады және
басқа шараларды да жүзеге асырады. Халыққа көліктік қызмет көрсету бойынша
вокзалдар, порттар, кемежайлар, аэропорттар, жаяу жүріс көпірлері мен
тоннелдер, жолаушылар платформалары мен өзге де объектілер құрылысын
жүргізу оны жеке кәсіпкерлер тарапынан қаржыландырумен қатар республикалық
және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Мұндай қызмет
тасымалдауды жүзеге асыру үшін айтарлықтай қосымша маңызға ие болады.
Зерттудің обектісі - Тасымалдау шарттарының түрлері мен оның құрылымы.
Курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан, қортындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты,
объектісі, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы мен әдіснамалық негізі,
қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.
Алғашқы бөлімде тасымалдау шартының мәні, тасымалдау шартының ұғымы
және элементері (бағасы, мерзімі), тасымалдау шартының құқықтары мен
міндеттері берілді. Ал екінші бөлімде тасымалдау шартының түрлеріне
тереңірек қарастырылды. Қорытындыда курстық жұмыстың нәтижесі негізінде
әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
1. ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1.1 Тасымалдаудың шарттық міндетемелері, олардың құқықтық реттеуі
Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да
қамтамасыз етумен байланысты шарттық міндеттемелер Қазақстан
Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің шарттық құқығының жеке
бір саласын құрайды.
Көлік - бұл жоғары дәрежелі техногендікпен, техникалық жабдықталуы-мен,
қоғам мен мемлекеттің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін стратегиялық
маңызбен сипатталатын салалардың бірі. Сол себепті тасымалдау қатынастары
дәстүрлі түрде көлік құқығы аясында қарасты-ралады және ол техникалық
сипаттағы нормалардың көптігімен сипатталады.
Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары мен есептік несиелік
қатынастарындағыдай, азаматтық құқықтық реттеу аясына көлік қызметінің,
міндеттемелік (тауарлы-ақша) қасиеті бар қатынастар тобы жатқызылған.
Ертеректе олар екі жақты қасиетке, яғни азаматтық – құқықтықпен қатар,
қазіргі терминологиямен айтатын болсақ, жария-құқықтық қасиетке ие екені
мойындалғаны атап өту қажет.
Олар әкімшілік актіден ( яғни тасымалдауды жоспарлау актілері) және
шарттардан туындай алатын. Соның салдарынан көлік міндеттемелері туралы сөз
болатын. Қазіргі таңда жоспар тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың ішкі,
шаруашылық қызметі үшін ғана маңызды, сондықтан ойымызды, тасымалдауға
қатысты шарттар – тасымалдау шарттары туралы өрбіткен дұрыс болар.[1,125
бет]
Бұл айтылған сөз көліктің экономиканың ерекше саласы ретінде, жоғарғы
қауіп ретінде, техникалық жағынан күрделі және тәртіпке салынған жүйе
ретінде қызмет етуіне қатысты ерекшеліктерін ескермеуге болады дегенді
білдірмейді. Сол себепті тасымалдаудың шарттық міндеттемелері көлік
түсінігінің өзін анықтайтын, оның қызметінің стандарттары мен
ұйымдастырушылық алғышарттарын (мысалы, көлікті мемлекеттік реттеуге
қатысты) белгілейтін нормалар арқылы қарастырылады.
Қазіргі уақытта көлікті мемлекеттік басқару төмендегі міндеттерді
шешуге бағытталған:
- көлік аясындағы Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауға;
- көлік аясындағы мемлекетаралық және халықаралық ынымақтастықты жүзеге
асыруға;
- меншік нысанына қарамастан көліктің барлық түрлерінің құқықтық және
нормативті мәртебесін анықтайтын заңдық және өзге де актілердің,
стандарттардың, нормалардың жобаларын жасауға;
- көліктің барлық түрлерін дамытудың тұжырымдамалары мен мемлекеттік
(ұлттық) бағдарламаларын жасауға; инвестициялық, ғылыми-тезникалық
және әлеуметтік саясатты қалыптастыру мен жүргізуге, сондай-ақ
кадрларды оқыту мен дайындауға;
- көлік қызметтерін тұтынушылардың құқықтарының сақталуын бақылауға;
- болжамдарды жасауға және тасымалдауға деген республика мен
тұрғындардың мемлекеттік мұқтаждарының қажеттіліктерін уақытысында
сапалы түрде қамтамасыз етуге;

Мемлекеттің әртүрлі аймақтарына, елді мекендердің ішінде, мемлекет
аумағынан тыс жерлерге жүктер мен адамдарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз
ету болып табыладын көліктің қызмет етуінің тікелей мақсаттарына тасымалдау
шартының көмегімен жетуге болады, оның өз кезегінде тасымалдау процесін
қамтамасыз ететін өзімен тығыз байланысты бірқатар түрлері бар. Осыған
байланысты шарт тасымалдау қатынастарының пайда болуы мен жүзеге асуын,
олардың қатысушыларының тиісті тәртібін және т.б. қамтамасыз ететін
құқықтық құралдардың бірі болып табылады.
Әрекет етуші заңнамамен көлік шарттарының төмендегідей түрлері
белгіленген: а) жүкті тасымалдау шарты; б) жолаушыны және қол жүгін)
тасымалдау шарты; в) кеме жалдау (чартер) шарты; г) тасымалдауды
ұйымдастыру туралы шарттар; ж) көлік экспедициясы шарты. Сонымен қатар,
аталған шарттардың кейбіреулері тасымалдау қандай көлікпен жүзеге
асырылатынына қарай түрленетін ескерсек, онда көлік шарттарының құрылымы
өте үлкен болып көрінеді.
Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүкті немесе жолаушыны белгіленген
мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші немесе шартта көзделген
басқа да тұлға, жолаушы көрсетілген көлік қызметі үшін ақы төлеу
міндеттенеді. Тасымалдау шарты аталған міндеттемелердің ішінде аралық болып
табылады. Оның мазмұнын, сондай-ақ басқа да негізгі көлік шарттарырының
мазмұнынын кейінірек қарастырамыз.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл міндеттемелердің ерекшеліктері өздері
туындайтын салалармен байланысты. Сол себепті заңнамада көлік түсінігі
арнайы бөліп қарастырылады, және қайсыбір көлік соларға сай болуға тиіс
көптеген арнайы талаптар бар.
Көлік түрлері: Объективті сипаттағы себептер бойынша бөлінуі қажет
болатын, көліктің бірнеше түрі бар, олардың ерекшеліктері мен қолданылу
аясы пайдалану ерекшеліктеріне себеп болады және олардың қайсыбірімен
тасымалдауға бекітілетін шарттардың мазмұнына елеулі түрде ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының көлігі – бұл оның аумағында тіркелген
теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электірлік көліктер.
Оның бір түріне магистральды құбыр көлігі де жатқызылады. Көліктің аталған
түрлері Қазақстан Республикасының көлік жүйесін құрайды.
Құқықтық реттеудің қайнар көздері: Тасымалдау мен өзге де көлік
шарттарының жалпы ережелері тікелей Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексмен анықталады, онда оларға 14- пен 35-тараулар(688-714-баптар)
арналған. Алайда басқа да заңдық және нормативтік актілердің маңызы аса
зор. Бұл тасымалдауды жүзеге асыру процесінде көлік қатынастарының барлық
қатысушылары үшін міндетті болып табылатын қауіпсіздік бойынша және басқа
да технологялық сипаттары көп мөлшеріндегі арнайы талаптардың сақталуға
тиістігімен байланысты. Бірақ, қазіргі таңда көлік кәсіпорындарының
шаруашылық қызметіне, яғни олардың шарттық тәжірибесіне де, мемлекеттің
араласпау торабы нақты бекітілген. Көлік қызметін мемлекеттік реттеудің
шктері арнайы көлік заңнамасында көрсетілген.
Тасымалдаушылар қызметтерін тұтынатындар үшін тасымалдаудың бірыңғай
параметрлерін қамтамасыз ету де ( негізінен) аса зор маңызға ие. Осы
саладағы құқықтық реттеуді бір ізгі келтіру үшін 21 қыркүйек 1994 жылы
Қазақстан Республикасындағы көлік туралы Заң қабылданады. Онда Қазақстан
Республикасындағы көлік қызметімен байланысты жария сипаттағы қатынастарды
реттейтін нормалар (жалпы сипаттағы) да бар. Жария және жеке нормаларды
орналастыру – басқа да көлік-құқықтық актілердің ерекшелік-құқықтық
дақтары бар шарт туралы айту қажет екенін білдірмейді, алайда оларды
мүлдем ескермеуге де болмайды.
Көліктің кейбір түрлерінің қызмет ету аясы табиғи монополияларға
жатқызылған, сондықтан олардың қызметіне 9 шілде 1998 жылғы Қазақстан
Республикасының Табиғи монополиялар туралы Заңы да қолданылады.[2,165-167
беттер]
Қазіргі таңда тасымалдаудың жекеленген түрлерін реттейтін заңдар
қабылданып әрекет етуде. Оларға мыналар жатады: 1)8 желтоқсан 2001 жылғы
Қазақстан республикасының Темір жол көлігі туралы Заңы; 2) желтоқсан 2001
жылғы Қазақстан республикасының Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу
туралы Заңы; 3) 17қаңтар 2002 жылғы Қазақстан Республикасының Сауда
мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы. Заңды тұлғалар мен азаматтардың
тұрғындар үшін жүк тасымалдаулармен айналысатын қызметіне Қазақстан
Республикасының Баға және антимонопольды саясат жөніндегі мемелекеттік
комитетінің 20 қыркүйек 1996 жылғы № 97 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасында тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету ережелері қолданылады.
Сонымен қатар 15 қазанда КСРО министрлер кеңесімен бекітілген КСРО-ның ішкі
су көлігінің жарғысы (ІСКЖ) да маңызды болып табылады. 18 маусым 1970 жылы
Қаз ССР Министрлер Кеңесінің қаулысымен бекітілген Қаз ССР-дің автомобиль
көлігінің жарғысы (АКЖ) да қолданылады. Заңнаманың соңғы аталған екі актісі
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы отырып, әрекет етеді. Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы теміржол, әуе, автомобил, теңіз және ішкі су
көліктерімен мемлекетаралық байланыстар үшін ашық жолдар, трассалар мен су

жолдары бойынша жүктер мен жолаушылардың транзиттік тасымалы жүзеге
асырылуы мүмкін. Олар республиканың заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының халықаралық келісімдері мен шарттарына сәйкес жүзеге
асырылады.
Тасымалдау шартының сипаттамасы. Тасымалдау шартына тән ерекше белгілер
жүктерді тасымалдау шартында неғұрлым айқын көрінеді. Өзінің құқықтық
табиғаты жағынан ол реалды шарт болып табылады, тасымалдаушы өзіне сеніп
тапсырылған жүкті белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенеді. Осылайша,
тасымалдау шартын бекіту тараптардан, тасымалдау шартының алғышарттары
ретінде бағалауға болатын, белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруды талап
етеді. Кейбір жағдайларда тасымалдауға мүдделі жүк жөнелтуші мәлімдеме
(тапсырыс) жасайды. Тасымалдаушы сертификаты бар құралдарын (яғни олар
дұрыс болуға тиіс беруге міндетті. Жүк жөнелтуші жүкті тасымалдауға беруге
тиіс. Темір жолдар мен жөнелтушілер (жүк алушылар) жүктерді тасымалдауға
қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шарттар (келісімшарттар) бекіте алады.
Ұзақ мерзімді тасымалдау шарттарының заңдық табиғаты өте даулы болып
табылады. Сөз, ҚР Азаматтық кодексі 692-бабымен және ҚР Темір жол көлігі
туралы Заңының 38-бабымен реттелген, тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт
жайында болып отыр. Ол ұзақ мерзімді жүйелі тасымалдаулар орын алғанда
қолданылады. Тасымалдауды ұйымдастыру шарты консенсуалды болып табылады,
өйткені тасымалдаушы белгіленген мерзімдерде жүкті қабылдауға, ал жүк
жөнелтуші жүкті келісілген көлемде тасымалдауға беруге міндеттенеді. Біздің
ойымызша, сөз алдын ала шарттың ерекше бір түрі жайлы болып отыр. Заң
шығарушы екі мағыналы тұжырымды қолданған. Ұзақ мерзімді шарт мәнісі
жағынан алдын ала шартпен көзделген жағдайларда тасымалдаудың негізгі
шарттарын бекіту туралы келісім болып табылады.(ҚР АК 390-б). Оның алдын-
ала шарт екеніне қарамастан, тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушілер
мүдделерінің маңыздылығын ескере отырып, тараптар үшін оның міндеттемелік
дәрежесі жоғары болуға тиіс.[3,488 бет]
Осы айтылғанмен байланысты барлық өзекті мәселелерді оқу құралы аясында
қамту әрине, мүмін емес, тек тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт қазіргі
жағдайларда жоспарлаудың әкімшілік актісіне балама болып
табылатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар ол тасымалдау шартында
тікелей бекітілетін тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау
үшін аса зор маңызға ие. Тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта
тасымалдаудың көлемі, мерзімдері, сапасы және тасымалдау үшін көлік
құралдары мен жүктерді берудің басқа жағдайлары анықталады.
Тасымалдау шарты- екі жақты және ақылы шарт, оның бұл сипатта-малары
оның элементтерін, соның ішінде ерекше тұрғын жүктерді тасымалдау
шартының мазмұнын, одан әрі қарастыру кезінде көрінетін болады.
Заңнама тасымалдау шартына қатаң талаптар қояды. Ол көлік накладнойын,
коносаментті, тауарлы-көлік наклоднойын немесе көлік туралы заңды
актілермен көзделген , жүкке деген басқа да құжаттарды толтырумен
рәсімделеді. Тауарлы-көлік накладнойында шарттың негізгі жағдайлары туралы
ақпарат болады. Оның (басқа да тасымалдаудың құжаттарының) нысаны
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігімен жасалады.
Осылайша тасымалдау шарттары ерекше формулфрлы жазбаша нысанда
бекітілетіндігі туралы айтуға болады. Тасымалдау шартының ерекшелігі – оның
қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің көпшілігі тікелей нормативтік
актілермен реттелгендігінде. Жалпы алғанда тасымалдау шарты жария сипатқа
ие. Қазақстан Республикасының Көлік туралы Заңының 11-бабына сәйкес
тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлік кодекстерімен (жарғыларымен)
көзделген жағдайлардан басқа. Жеке және заңды тұлғаларға тасымалдаудан бас
тартуға құқылы емес.
Тасымалдау шартының тараптары. Жүктерді тасымалдау шартының бір тарабы
болып тасымалдаушы – заңды немесе жеке тұлға болып табылады. Тасымалдаушы-
заңды тұлға ретінде негізінен мамандандырылған көлік кәсіпорны болады, оның
орнында басқа да ұйымдар болуы мүмкін. Көлік кәсәпорындары жүктерді
жолаушыларды тасымалдау бойынша көлік құралдарын сақтау, оларға
техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу бойынша шаруашылық
коммерциялық қызметпен айналысады. Тасымалдауды дұрыс жүзеге асыру үшін
қызметтің аталған түрлерінің барлығы да маңызды болып табылады.
Тасымалдаушы меншік құқығы немесе басқа да заңдық негіздер бойынша
көлік құралын иеленетін , ақы үшін немесе жалдау бойынша
жолаушыларды, көтерме жүкті, жүктерді және почтаныв тасымалдау жөнінде
қызмет көрсететін және оған белгіленген тәртіпте берілген рұқсаты немесе
лицензиясы бар тұлға ретінде анықталады. 17 сәуір 1995 жылғы Қазақстан
Республикасның Лицензиялау туралы Заңының 9-бабына сәйкес жолаушылар мен
жүктерді темір жол теңіз,өзен,әуе және автомобиль көлігімен тасымалдау
лицензиялауға жатады.
Клиент яғни көлік қызметтерін тұтынушы – бұл жеке немесе заңды
тұлға. Мемлекет те клиент болуы мүмкін. Жүк жөнелтуші ретінде жүктің иесі
және ол жөнелтілу үшін сеніп тапсырылған тапсырылған тұлға да болуы
мүмкін. Кейбір жағдайларда жүк жөнелтуші мен жүк қабылдаушы бір тұлға болуы
мүмкін. Көп жағдайларда жүк алушылар болып жеткізудің азаматтық-құқықтық
шарттары бойынша несие берушілер, мүлікті бөлу әкімшілік актісіне сәйкес
мүлік алатын субъектілер табылады. Жолаушыларды тасымалдау шарты бойынша
клиент ретінде, әр уақытта көліктің қайсібір түріне билет алған немесе
ауызша тасымалдау шартын бекіткен жеке тұлға танылады.
Тасымалдау шартының пәні. Тасымалдау шартының пәні болып тасымалдаушы
көрсететін қызмет болып табылады. Тасымалдау шартының өз мәнісі жағынан
қызмет көрсету шарты болып табылады, сондықтан оны реттеу кезінде, белгілі
бір шамада өтелмелі қызмет көрсету туралы жалпы нормаларды да ескеру қажет.
Көлікте көрсетілетін қызмет қандай да бір заттық нысанаға ие емес, және
оларды тұтыну дер кезінде жүзеге асады. Көлік қызметі- бұл жүктерді
кеңістікте тасымалдау болып табылады және осы қасиетіне орай ол тауарлық
сипатқа ие жалпы міндеттеменің жек пәні бар және бұл жағдайда тасымалдау
шартының заңдық құрылымының негізі .
Тасымалдау ақысы. Жүктерді жолаушылар мен көтерме жүкті тасымалдағаны
үшін тараптардың келісімімен белгіленетін тасымалдау ақысы төленеді.
Автомобиль, әуе, су көліктерімен тасымалдау кезінде еркін шарттық баға
қолданылады. Тасымалдаушылар бұл жағдайда өздерінің бағалары мен
тарифтерін басшылыққа алады.
Орталықтандырыла белгілеген тарифтер жүктерді, жолаушылар мен қол
жүгін қоғамдық көлікпен тасымалдау кезінде қолданылады. Бұрын
орталықтандырыла белгіленген бағалар темір жол тасымалдаулары үшін де
көзделген болатын. Енді Қазақстан Республикасының Темір жол көлігі
туралы Заңының 12- бабына сәйкес тасымалдаушының қызметіне бағалар, соның
ішінде тариф тасымалдаушымен белгіленеді. Заңнамаға сәйкес бұл бағалар
реттелініп тұрады.
Қазақстан Республикасының Көлік туралы Заңы тасымалдаушы мен
клиенттің өзара қарым-қатынасының жалпы негіздерін анықтайды. Жүктерді
жолаушылар мен көтерме жүгін тасымалдау кезінде және көлік-
экспедициялық қызметтерді жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы сертификаты
бар көлік құралдарын ғана қолдануға міндетті. Мұндай талап тасымалдау
шарты бойынша міндеттемелерді тиісті түрде орындаудың маңызды
алғышарттарының бірі болып табылатыны сөзсіз клиент пен үшінші тұлғаларға
келтірілген зиянд, соның ішінде ақшалай эквивалентті уақыт шығынын, өтеу
көзделеді. Жолаушының өліміне немесе ноың денсаулығын жарақаттауға
алып келген зиянды өтеу ерекше орында тұрады. Жолаушы тасымалдауын
жүзеге асыру кезінде жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оған
қызмет көрсетудің қажетті ыңғайлы-лығы мен жағдайларды қалыптастыру, ал
жолаушы көтерме жүкті тапсыр-ған жағдайда – оны уақытында тасымалдау
мен сақтау талап етіледі.
Тасымалдау процесі барысында қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз
етілуге тиіс. Клиенттің көлік қызметі нарығында көлік таңдау еркіндігі
шектелмеуі тиіс. Тасымалдаушы жөнелтілетін жүктің өз серификатына
сәйкестігін куәландыратын құжаттарды алуға, әлеуметтік маңызды және
қорғаныс тасымалдарын жүзеге асыруға мемлекеттік және жергілікті өкілді
және атқарушы органдардың талаптарын сақтауға міндетті. Егер осындай
тасымалдаудың бағалары көлік шығындарын өтемесе , онда тиісті
компенсациялық дотация жүзеге асырылуы тиіс. Реттелетін тасымалдау-лардан
басқа, тасымалдаушы баға қалыптастыру ережелеріне сәйкес тасымалдаулардың
бағаларын еркін белгілеуге құқылы.[4,36 бет]
Тасымалдаудың барлық түрлері бойынша клиенттің құқықтық жағдайы оған
оның және тасымалдаушының арасында бекітілген шартты орындауды талап ету,
тасымалдау сапасы деңгейінің сертификатына сәйкестігін даулау, келтірілген
зиянды, соның ішінде ақша эквивалентіндегі уақыт шығынын, талап ету
мүмкіндіктерін берумен сипатталады. Клиенттің өзі де тасымалдаушымен
бекіткен шарт жағдайларын сақтауға міндетті. Ол сондай-ақ жүктің өз
сертификатына сәйкестігін куәландыратын құжатты тасымалдаушыға беруге,
тасымалдау ережелерін орындауға, жүктер мен көтерме жүкті тасымалдауға
дайын күйінде беруге тиіс.
1.2 Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тараптардың құқықтары мен міндеттерін (жүктерді тасымалдау шартын
мысалға келтіре отырып) қарастырайық.Жүктерді тасымалдау шартын орындау
кезінде тасымалдаушы тиісті жүкті тасымалдау үшін жарамды күйдегі көлік
құралын беруге міндетті. Яғни, тасымалдаушы қандай да бір жағдайда, қажетті
көлік құралы-ның түрін өзі анықтайды. Ол жүк пен қыл-қыбырдың қалдықтарынан
таза, реквизиттері алынған күйінде, қажет болған жағдайларда жуылған,
дезин-фекцияланған күйінде бермеді. Жүк жөнелтуші жүкті жөнелтпеуге
бірқатар талаптарды сақтай отырып береді. Олардың бір бөлігі жалпы сипатқа
ие және тасымалдаудың барлық жағдайларында қолданылады. Жалпы талаптар
жүктің саны мен атауына, оның салмағын, салатын ыдысы мен буып түюін
анықтауға таралады. Сондай-ақ олар маркировка мен бағалығын хабарлауға
қатысты. Арнайы талаптар тасымалдауға қабылданатын жүктің ерекше сипатымен
немесе қайсыбір талаптар қойылатын көлік түріне байланысты.Мысалы,
жарылған, тез жанатын, радиактивті, улы және басқа да қауіпті жүктерді
жөнелтетін және алатын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар және темір жолдар,
олардың қауіпсіз тасымалданатынына кепіл болуға, бұл жүктерді тасымалдау
кезінде авариялық жағдайлар мен олардың салдарын, олар пайда болған
жағдайда, жоюға қажет құралдар мен мобильді бөлімшелерді иеленуге міндетті.
Қазақстанда темір жолмен тасымалдау кеңінен қолданылатындықтан оларға
қатысты жүктерді тасымалдауға беру мен қабылдау кезінде туындайтын
тараптардың құқықтары мен міндеттерін қарастырып өтейік.
Тасымалдаушы жүк жөнелтушіні көлік құралының дайын екендігі туралы алдын
ала ескертеді. Мысалы, жүк жөнелтушінің құралдарымен тиеу үшін вагондар мен
контейнерлердің берілу уақыты туралы станция жұмысшысы жүк жөнелтушіні
вагондар берілгенге дейін екі сағаттан кем емес мерзімде хабарландыруға
тиіс. Мұнай жүктерін құятын мұнай битумы үшін цистерналар мен бункерлік
жартылай вагондарды дайындау жол есебінен шарт бойынша темір жолмен немесе
жүк жөнелтушімен жүзеге асырылады, ал мамандандырылған (жалпы тармақтағы
парк цистерналарынан басқа) жалға алынған, өз цистерналарын – жүк
жөнелтушінің өзі дайындайды.
Жылжымалы составтың жарамдылығын анықтау және коммерциялық мағынада
тиісті жүкті тасымалдауға дайындауды жүзеге асыру:
-вагондар – жүк жөнелтушімен, егер тиеу оның немесе темір жолдың
құралдарымен жүзеге асырылса, егер тиеу темір жолдың құралдарымен жүзеге
асырылса;
-контейнерлер, цистерналар мен бункерлік жартылай вагондар – жүк
жөнелтушімен. Темір жол кіріс жолға тиелген вагондарды өткізу кезінде
жүктердің белгілі бір түрін тиеуге олардың техникалық жарамдылығын
қосарланған операциялар тәртібімен анықтайды.
Жүктерді вагондар мен автомобильдерге тиеу, сондай-ақ, оларды одан
түсіру мыналармен жүзеге асырылады: а) жалпы пайдаланыс орындарында
темір жолмен, жүктерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz