Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамы объектісін анықтаудың кейбір мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Экономика және құқық

Нұргүл Қонарбаева,

Қазақ гуманитарлық-заң

университетінің

4 курс студенті

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамы объектісін анықтаудың кейбір мәселелері

Экономикалық қызмет саласындағы мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуде кеден қызметі аса маңызды рольге ие, ол аталған саладағы негізгі құқық қорғаушы институттардың бірі болып табылады. Сыртқы сау-да айналымын, жалпы алғанда, сыртқы экономикалық қызметті реттеуге қатыса отырып және фискалды қызмет атқара отырып, кеден қызметі мемлекеттік бюджетті толтыруға, ол арқылы экономикалық мәселелерді шешуге ықпал етеді. Ал, кеден ісі аясында орын алатын қылмыс құрамдары сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың бір тобын құрай отырып, кеден органдарының қалыпты қызмет етуіне қарсы бағытталады.

Кедендік қылмыстардың қылмыстық заңға енгізіліп, оларды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бекітілуін келесі факторлармен байланыстырамыз:

- кеден ісі саласының дербес құқық саласы ретінде қалыптасуы;

- аталған қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың кеңінен таралуы және олардың өсу тенденциясының байқалуы;

- аталған қылмыс құрамдары келтіретін зардаптардың аса үлкен мөлшерде болатындығы;

- кеден ісі саласын, басқа да құқық салаларының жеткілікті дәрежеде қорғай алмауы, аталған саланы қылмыстық-құқықтық қорғаудың тиімділігі.

Қылмыстық құқықтың кеден ісі саласын қорғау функциясы қылмыстық-құқықтық тиымдардың белгіленуі және аталған саладағы қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғылмаушылықтың белгіленуі арқылы көрініс табады.

Біздің пікірімізше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі кеден ісі саласында орын алатын келесі қылмыс құрамдары үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейді:

- экономикалық контрабанда ( 209-бап) ;

- шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап) ;

- кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару ( 214-бап) ;

- айналысы шектелген және айналыстан алынған заттардың контрабандасы ( 250-бап) .

Біздің ше, кеден ісі саласындағы қылмыс құрамдарының ерекше түрі ретінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамын қарастыруға болады және аталған қылмыс құрамымен қылмыстық-құқықтық күресу - Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің кіріс бөлігін толтырудың маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің осы бағыттағы саясатының мүдделері Қылмыстық Кодексіне аталған қылмыс құрамы үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін норманы енгізу арқылы қорғалады ( 214-бабы) .

Аталған қылмыс құрамы сыртқы экономикалық қызметті қалыпты жүзеге асыру барысындағы құқықтық қатынас-тарға қол сұға отырып, ішкі экономикалық қауіпсіздікке де қауіп тудырады. Сыртқы экономикалық саясатты және Қазақстан Республикасының ішкі нарығын мемлекеттік реттеудегі маңызды құралдардың бірі ретінде кедендік шекарадан өтетін тауарлар мен көлік құралдарынан кеден төлемдері мен алымдарын алу тәртібін қалыптастыру танылады. Сәйкестелген түрде кеден төлемдері мен алымдарын төлеу тәртібін және механизмін бұзу - мемлекеттік қаржылай қорды қалыптастыру саласындағы еліміздің экономикасына елеулі шығын келтірумен ұштасады, мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға қарсы бағыттала отырып, экономикалық тұрақтылыққа қол сұғады. Бұл пікірмен ресейлік көптеген ғалымдардың пікірлері сәйкес келеді. Олар бұл қылмыс құрамын ішкі экономикалық қауіптердің қатарына жатқызады. Мысалы, С. Б. Чернов объектілерді салық салудан жасыру арқылы кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруды ұйымдасқан қылмыстықтың қайнар көздерінің бірі ретінде таниды. Қарастырылып отырған қылмыс құрамы күрделі құрам болып табылады, сондықтан түрлі сипаттағы объектілерге қол сұғады. Олардың қатарына сыртқы экономикалық қызметтің қалыпты жүзеге асырылуын, кедендік бақылау мен кедендік шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі, кеден органдарының қалыпты қызметін, мемлекеттік бюджетке салықтар мен өзге де төлемдердің түсуі нысанындағы бюджетті қалыптастыруға байланысты құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың бірнеше құқық салаларына, дәлірек айтсақ, түрлі нормативтік құқықтық актілермен реттелетін құқықтық қатынастарға қол сұғатындығына, жанасатындығына байланысты қылмыстық құқық теориясында оның объектісін анықтау барысында қиындықтар туындап отыр. Қылмыстық құқық теориясында оның объектісіне қатысты қарама-қайшы пікірлер кездеседі, дәлме - дәл бекітілген бір тұжырым жоқ. Белгілі бір қылмыс құрамын қылмыстық-құқықтық сипаттауда, саралауда оның объектісін анықтап алу қажеттігі туындайды. Ал, ҚК-нің 214-бабында көзделген қылмыс құрамы объектісінің дәлме-дәл анықталмауы оны экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жіктелуіндегі белгілі бір қылмыстар тобының қатарына жатқызуға мүмкіндік бермейді. Кейбір ғалымдар бұл қылмыс құрамының объектісін, оның жасалу аясына байланыстыра отырып, кедендік қылмыстар қатарына жатқызса, кейбір ғалымдар салықтық қылмыстар қатарына жатқызады.

Шын мәнінде, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамы салықтық және өзге де кедендік қылмыстармен тығыз байланысты. Мысалы, ҚК-нің 209-бабында көзделген экономикалық контрабанда құрамының жасалуының түпкі мақсаты ретінде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының өз тауар айналымы мен оның көлемін, кедендік құнын жасыру танылады. Осы мақсатта тауарлар мен көлік құралдары Қазақстанның кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы өткізу, не декларациялаумен немесе күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тиым салынған немесе өткізу шектелген кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу, яғни экономикалық контрабанда орын алады.

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамы объектісінің өзге де кедендік қылмыстар объектілерімен тығыз байланыстылығымен қатар, салықтық қылмыстармен жанасатындығы жоғарыда аталып өтті. Аталған қылмыс құрамының объектісін анықтаудағы бірнеше ғалымдардың пікірлеріне тоқталып өтсек.

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың топтық және тікелей объектілерін анықтай отырып, В. Д. Ларичев және Н. С. Гильмутдинова бұл қылмыс құрамын салықтық қылмыстардың қатарына жатқызады. Олардың пікірлерінше, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың топтық объектісі ретінде сыртқы экономикалық қызметтің қалыпты жүзеге асырылуы барысында және мемлекеттік бюджетке заңмен белгіленген салықтар мен өзге де төлемдердің түсуі барысында туындайтын, қылмыстық заңмен қорғалатын құқықтық қатынастар танылады. Ал, тікелей объектісі ретінде қаржы саласындағы мемлекеттік бюджетті қалыптастыру барысындағы мемлекет мүддесін қамтамасыз ететін құқықтық қатынастар танылады. Аталған қылмыс құрамының қосымша объектісі ретінде кедендік шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын алып келу, алып кету және кедендік территориядан алып өтумен байланысты экономикалық қызметтің ерекше аясын таниды.

И. Н. Голованов, В. Е. Перекислов, В. А. Фадеев сынды ғалымдар жоғарыда аталған пікірлерге қосылады. Дәлірек айтсақ, олар салықтық қылмыстардың көп жағдайларда сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру барысында валюталық және кедендік заңнамаларды бұза отырып жасалатындығын алға тартады. Экономикалық қызметті жүзеге асыру барысында жасалатын, кең таралған салықтық қылмыс құрамдарының қатарына олар келесі қылмыс құрамдарын жатқызады:

- шетел валютасындағы қаражатты көрінеу жалған мәмілелер нысанында шетелге аудару;

- жалған кедендік құжаттарды пайдалана отырып, экспорт фактілерін бұрмалау;

- валюталық түсімді шетелден қайтармау;

- кедендік шекарадан өткізілетін тауарлардың кедендік құнын төмендету арқылы кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару.

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамын салықтық қылмыс құрамдарының қатарына жатқызатын авторлардың қатарын Л. Д. Гаухман, С. В. Максимов толықтырады, олар аталған қылмыс құрамының тікелей объектісі ретінде мемлекеттің салық салу қызметін тани отырып, кедендік қылмыстар қатарына жатқызбайды.

Егер де жоғарыда пікірлері аталып өткен ресейлік ғалымдар кедендік бақылау аясында орын алатын кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару құрамын қылмыстық құқық ғылымында оның объектісіне байланысты салықтық қылмыс-тар қатарына жатқызып қарастырса, кейбір алыс шетел елдерінің қылмыстық заңдары бұл қылмыс құрамын кедендік қылмыстар ретінде жеке бөліп қарастырмайды. Дәлірек айтсақ, аталған қылмыс құрамы салық төлеуден жалтару мазмұнына еніп, ресми түрде салықтық қылмыстар ретінде танылады.

АҚШ заңнамасында бұл қылмыс құрамы салықтық қылмыстар құрамынан бөлініп қарастырылмаған, ол, салық төлеушіге белгілі бір федералдық салықты толық немесе оның бір бөлігін төлеуге қатысты міндеттемелерді қасақана орындамау әрекеттері ретінде сипатталады.

Европалық Экономикалық Одақ құрамына кіретін мемлекеттерде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару үшін қылмыстық жауаптылық салықтарды төлеуден жалтару үшін белгіленген қылмыстық жауптылық мазмұнында қарастырылады ( ГФР-де 1972 жылы қабылданған Aussensteuergesetz заңымен, Ұлыбританияда 1976 жылы қабылданған Taxes Management Act заңымен, Испания ҚК-нің 307-бабымен, Қытай Халық Республикасы ҚК-нің 210-бабымен көзделген) .

Ю. Гармаев кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруды сыртқы экономикалық қызмет саласында жасалатын қылмыс құрамдары қатарына жатқызып, оның тікелей объектісі ретінде сыртқы экономикалық қызметті таниды. Себебі, аталған қылмыс құрамы, оның пікірінше, тікелей сырт-қы экономикалық қызметке қатысушы тұлғалармен жасалады. Сонымен қатар ол сыртқы экономикалық қызмет атал-ған қылмыс құрамының ұлтаралық, кәсібилік, ұйымдасқан сипат алатындығын айтып өтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарының алдын алу және ашу, тергеу
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңы бойынша кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық
Кедендік қылмыстардың құқықтық сипаттамасы
Кедендік ережелердің бұзылуы туралы мәліметтер
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері
Кедендік бақылау жүргізу кезінде құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі, құрамы және түрлері, тергеу ерекшеліктері
Сыртқы экономикалық қызметті салықтық реттеу
Салықтан жалтару қылмысының криминологиялық аспектілері
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz