Мерзімді есептеу тәртібі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

І тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕРЗІМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1. 1 Мерзімді есептеу тәртібі

1. 2 Мерзімнің түрлері

ІІ тарау. ТАЛАП ҚОЮ МЕРЗІМІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

2. 1 Талап қою мерзімі

2. 2 Талап қою мерзімі қолданылмайтын талаптар

2. 3 Талап қою мерзімінің есептелуі

2. 4 Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру, үзіліс жасау және қалпына келтіру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

3

5

5

12

16

16

20

20

23

25

26

Кіріспе

Азаматтық құқықта мерзім ұғымы заңдық салдармен байланысты сәт немесе шектеулі кезең деп түсіндіріледі. Демек заң табиғаты тұрғысынан алып қарағанда, мерзім дегеніміз заңдық факт болып табылады.

Әдебиетте мерзімді оқиға деп аталатын яғни адамдардың еркінен тыс болатын құбылыстарды заңдық фактілер категориясына жатқызады.

Азаматтық құжаттарды жүзеге асыру әруақытта да мерзіммен тығыз байланысты. Сондықтан азаматтың құқығында мерзімнің алатын орны ерекше. Азаматтық заңдар уақыт кезеңі мен азаматтық құқықтардың пайда болуын, өзгеруін немесе жойылуын анықтаумен қатар, заңда немесе шарттарда көрсетілген әрекеттердің жүзеге асырылуын да қамтамасыз етеді. Уақыттың кезеңдері объективті түрде, яғни азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың еркіне бағынбайтын болғандықтан, оқиғалар қатарына жатады.

Азаматтық заңдарда мерзімді есептеу ережелері жоғары деңгейде анықталған. Азаматтық кодекстің 172-бабына сәйкес мерзім заңдармен, мәмілемен белгіленген не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді. Мерзім жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетін уақыт кезеңі ретінде де белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар, мерзім сөзсіз болуға тиісті оқиғаның көлемінде көрсетілуі де ықтимал. Мысалы: азаматтың қайтыс болуы.

Азаматтың қайтыс болуы көптеген құқықтық салдарға әкеліп соқтырады, мәселен, мұра ашылады және тағы басқалар.

Мерзімнің аяқталуына тоқтатылатын болсақ, онда төменгі ережелерге сүйенуіміз қажет. Егер мерзім жылдар есебінен есептелетін болса, онда мерзім мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді. Айлармен есептелетін мерзім мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді. Жарты жыл есебімен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылуға тиіс.

Егер жылдармен немесе айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзім сол айдың соңғы күнінде бітеді. Мерзімнің соңғы күні жүмыс істемейтін күнге тура келсе, онда содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады.

Егер мерзім қандай да бір әрекет жасауға белгіленген болса, онда бұл әрекет мерзімнің соңғы күніндегі жиырма төрт сағатқа дейін орындалуы мүмкін. Бірақ, егер бұл әрекет мекемеде немесе ұйымда жасалуға тиісті болса, онда мерзім олардағы жұмыс ресми түрде аяқталған кезде немесе тиісті операциялар жасалып болған кезде бітеді. Сонымен қатар, егер мерзімнің соңғы күніндегі жиырма төрт сағатқа дейін почтаға немесе телеграфқа тиісті жазба мәлімдемелер мен хабарламалар тапсырылса, онда олар мерзімінде берілген болып есептелінеді

Азаматтық заңда мерзімді есептеуге байланысты арнайы белгіленген тәртіп бар. Мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиғалармен байланыстырылады. Осы бапта мерзімді тағайындау жолдары көрсетілген, атап айтсақ, бұл сол сәтті көрсететін уақыт (күнтізбелік күн), белгілі уақыт кезеңі (жылдар, айлар, күндер және сағаттар) жэне сөзсіз болуға тиісті оқиға дер едік. Құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттемелерді орындаудың мұндай мерзімдері белгіленген күннен басталады (мысалы, навигацияның басталуы мен аяқталуы және тағы басқа) . Егер мерзім кезеңмен белгіленсе, құқықты жүзеге асыру мен міндеттемені орындау мерзімі аяқталғанға дейінгі уақыттың кез келген сәтінде орындала беруі мүмкін. Мысалы, мұрагер мұра ашылған сәттен бастап алты ай ішінде мұраны қабылдау немесе одан бас тартуға шешім алуға құқылы.

Курстық жұмыстың мақсаты - азаматтық құқықтағы мерзімдер және мерзімдерді есептеу әдістеріне тоқталу.

Осыған орай, мындай міндеттерді алдыма қойдым:

- азаматтық құқықтағы мерзім түсінігі және түрлерін анықтау;

- мерзімді есептеу тәртібін ашып көрсету;

- мерзімнің түрлеріне тоқталу;

- талап қою мерзімі туралы түсінік беру;

- талап қою мерзімі қолданылмайтын талаптарды ескеру;

- талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру, үзіліс жасау және қалпына келтіру сияқты шарттарды анықтау.

Зерттеу объектісі - азаматтық құқықтағы мерзім түсінігі.

Зерттеу пәні - азаматтық құқықтың заң нормалары, Конституция.

Курстық жұмыста Қазақстан және Шет мемелекет заңгерлерінің еңбектерін басшылыққа алып қолдандым. Және жұмыста келесі авторлардың еңбектерін пайдаландым: Басин Ю. Г., Сулейменов М. К., Агаркова, Төлеуғалиев Ғ., Скрябин В. С. және тағы басқалар.

Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕРЗІМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1. 1 Мерзімді есептеу тәртібі.

Азаматтық айналымда және әлеуметтік проблемаларды шешуде уақыт факторы маңызды рөл атқарады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы заңда, мәміледе немесе сотта көзделген әрекеттерді немесе әрекетсіздікті жасау қажет болатын уақыт кезеңіне (аралығымен) немесе уақыт мезетіне байланысты болады.

Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады.

Мерзімнің маңызы - оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматіық құқықтың әр түрлі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім - бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууын байла-ныстырады. Құқық теориясы курсынан білетініміздей, заңдық фактілер, өз кезегінде оқиғаларға және әрекеттерге бөлінеді. Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық құқықтар субъектілерінің еркіне тәуелсіз сипатта болады. Бірақ заң әдебиеттеріндегі келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады.

Бұл көзқарас мынадай жағдайға негізделген: заңдық мерзімдер уақытының өтуінің объективтік заңына бағына отырып, шығу тегі жөнінен қалай дегенде де еріктік мерзімдер болып табылады, өйткені оларды заң шығарушылардың не шарттағы тараптардың еркі айқындайды, сондықтан да екіжақты табиғаты болады. Бұл пікірмен келісу қиын, өйткені әлде біреудің еркімен белгіленген мерзім уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті ретінде қалай дегенде де бір кезде басталады, яғни оны жақындатуға да, алыстатуға да, өзгертуге де, жоюға да болмайды.

ҚР Азаматтық кодексінің 6-тарауында мерзімдерді есептеу тәртібін егжей-тегжейлі реттейтін нормалар бар. АК-ның 172-бабындағы 1-тармаққа сөйкес, заңдармен, мәмілемен белгіленетін не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді.

Күнтізбелік күн дегеніміз - бұл белгілі бір айдың және жылдың нақты саны.

Оқиғалар дегеніміз - бұл адамдардың еркінен тәуелсіз пайда болатын заңдық маңызы бар фактілер (адамның табиғи өлімі, мерзімнің өтуі және т. с. с. ) . Мұндағы фактінің болмай қоймайтындығы мынадан көрінеді, заң актісіңце не мәміледе немесе соттың шешімінде көрсетілген оқиға міндетті түрде болуға тиіс. Сөзсіз болуға тиісті оқиғаны көрсете отырып, оның мерзімін анықтау ерекшелігі мынада, азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар оның нақты басталатынуақытын алдын ала білмейді. Мәселен, АК-ның 1042-бабындағы 2-тармаққа сәйкес, мүра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мүраның ашылу уақыты болып табылады.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау нақты күнмен байланыстырылатын жағдайдағы мәмілелерде күнтізбелік күнге сілтеме жасау жиі кездеседі. Мысалы, тауарлар 2004 ж. 31 желтоқсанына дейін жеткізіліп берілуі тиіс. Бірақ сілтемелер соттың шешімінде де болуы мүмкін, сондай-ақ заңның өзінде де айқындалуы мүмкін. Мәселен, АК-нъщ 1042-бабына сәйкес, мүра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шепіімі күшіне енген күн мүрамың ашылу уақьпы болып табылады. Немесе, ҚР Салық кодексінің 359-бабындағы 4-тармақта көрсетілгеніндей, мүлік салығы жөніндегі декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылады.

Уақыт кезеңі болын табылатын мерзім оның үзақтығын көрсетумен анықталады және жылдармен, айлармен, апталармен, күңдермен немесе сағаттармен есептеледі (АК-ның 172-бабының 2-тармағы) . Мерзімді дүрыс есептеу үшін оның басталуы мен аяқталуын дәл анықтаудың зор маңызы бар. АК-ның 173-бабына сәйкес, уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе мерзімінің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейіші келесі күннен басталады. Мәселен, тұрғын үйді жаддау шарты 2003 ж. 15 ақпанда жасалған болса, оның қолданылу мерзімі 2003 ж. 16 ақпаннан басталады. Күнтізбелік күн немесе оқиғаның басталуы есепке алынбайды. Ал мерзімнің аяқталуы ережесіне келетін болсақ, ол пайдаланылатын уақыт бірлігіне қарай өзгеріп отырады.

Жылдармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді (АК-ның 174-бабының 1-тармағы) . Мәселен, үш жылдық талап қою мерзімі 2003 ж. 1 сәуірден басталса, 2006 ж. 1 сәуірде аяқталады.

Айлармен есептелетін мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады. Мұнда, егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы оңцай күн жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Мәселен, мүлікті айлық жаддау мерзімі 2003 ж. 31 қаңтардан басталса, ол 2003 ж. 31 ақпанда аяқталуға тиіс, ал күнтізбеде мұндай күн жоқ болғандықтан, ол 2003 ж. 28 (немесе 29) ақпанында аяқталады.

Жарты жылда және тоқсанда есептелетін мерзімнің соңғы күні туралы мәселе де осылайша шешіледі. Мұнда жарты жылдық мерзім алты айға, ал тоқсан - үш айға тең деп есептеледі, тоқсанды есептеу жылдың басынан бастап жүргізіледі.

Жарты ай деп анықталатын мерзім күндермен есептелетін мерзім ретіңде қарастырылады және 15 күнге тең деп есептеледі. Мерзімді апталармен есептеуде ол соңғы аптадағы мерзім басталған күнмен аяқталады. Мәселен, апталық мерзімнің өтуі жүмада басталса, онда ол өзі басталғаннан кейінгі келесі жүмада аяқталады. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келетін жағдайларда одан кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі. Бұл арада, мереке, жалпыға бірдей белгіленген демалыс күні, сондай-ақ осы ұйымның режимінде көзделген күн жұмыс істемейтін күн болып есептеледі. Мысалы, 25 желтоқсан көптеген шетелдік компаниялар үшін жұмыс істемейтін күн болып табылады, өйткені бұл күні Христостың туған күні - "Рождество Христово" мерекесі атап өтіледі. Бұл жағдайда жұмыс істемейтін күннен кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталатын күні болып есептеледі.

Сағаттармен анықталатын мерзімді есептеуде мерзімнің басталуынанықтау қажеттігі тумайды, өйткені мерзімді бұлайша анықтау әдісінде оның басталуы немесе аяқталуы әуел бастан-ақ өте дәлдікпен белгіленеді.

Егер мерзім қандай да бір әрекетті жасау үшін белгіленген болса, ол жалпы ереже бойынша, мерзімнің соңғы күңінің 24-сағатына дейін орындалуға тиіс. Алайда, мұндай әрекет ұйымда істелуге тиіс болса, онда мерзім белгіленген ережелер бойынша бұл ұйымда тиісті операциялар жүргізу тоқтатылатынсағатта аяқталады. Мұндайқатынастарда мерзімнің соңгы күні осы ұйымдардағы жұмыс ресми тоқтатылатын кезде не тиісті операцияларды жүргізу тоқтатылатын шақта аяқталады. Бірақ мұндай реттерде мерзімнің соңғы күнінің 24-сағатына дейін поштаға немесе телеграфқа тапсырылған жазбаша мәлімдемелер мен хабарламалар мерзімінде жәнелтілген деп есептеледі.

Мерзімнің түрлері. Мерзімді өр түрлі негіздерге сүйеніп жіктеуге болады. Мерзімді кімнің белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот мерзімдерін ажыратады. Туғызатын құқықтық салдарына қарай мерзім құқық түзетін, құқықты өзгертетін және құқықты тоқтататын мерзімге бөлінеді.

Өзінің табиғатына қарай мерзім мынадай түрлерге бөлінеді:

азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі - бұл осы кезеңде уәкілетті адам өзінің субъективіік құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттын бір бөлігі. Оны, әдетте, заң актісі белгілейді, бірақ тараптардың келісімімен де анықталуы мүмкін (меншік құқығы, авторлық құқық және т. б. ) ;

субъективтік құқықтардың қолданылу мерзімі - бұл осы уақыт аралығында қолдданылу шегі уақытпен шектеулі туындаған субъективтік құқықтар сақталатын уақыт кезеңі. Мысалы, сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі;

тыйым салатын мерзім - бұл белгілі бір құқықтарды жою мақсатында белгіленетін мерзім. Мәселен, "Нотариат туралы" 1997 ж. 14 шілдедегі ҚР Заңының 8-бабындағы 6-тармаққа сәйкес, нотариус лицензиясын алған, бірақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның нотариаттық қызметпен айналысуына біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рүқсат етіледі деп үзілді-кесілді түрде атап көрсетілген; кепілдік мерзім - сатушының үзақ мерзім пайдалануға немесе сақтауға арналған өнімнің әдеттегі қабылдап алу кезінде байқала қоймайтын кемшілікгерін анықтауына арналған мерзім. Кепілдік мерзщді мемлекеттік стандарттар немесе шарт белгілейді. Оның үстіне, шарт, егер тіпті олар мемлекеттік стандарттарда немесе техникалық талаптарда көзделмеген болса да кепілдік мерзім белгілеуі мүмкін, сондай-ақ стандарттарда көзделген мерзімнен едәуір үзақ кепілдік мерзім белгілей алады. Кепіддік мерзімді белгілеу түтынушылардың мүдделерін қанағаттандырады және өндірілетін өнімнің немесе орыңдалатын жұмыстың сапасын арттыруға ынталандырады;

шағымдану мерзімі - заң бұл мерзімді міндеттерін ерікті түрде орындауды талап ету құқығын бүзуына байланысты субъективтік құқықты бүзған адамға белгілеңді. Заң шағымдану мерзімін ғана емес, сондай-ақ оған жауап беру мерзімін де белгілейді. Мысалы, тасымалдаушыға жүкті тасымаддаудан туындайтын талап қоюға дейін оған көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте талаптар қоюылуы міндетті (АК-ның 706-бабының 6 тармағы) ;

6) азаматтық-құқықтық міндеттерді орындау мерзімі - шартта белгіленеді. Мәселен, қарыз беру шарты бойынша борышты қайтару сәті міңдепі орындау мерзімі ретінде қарастырылуы мүмкін;

7) азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі, немесе азаматтық құқықта аталып жүргеніндей, талап қою мерзімі.

Мерзім, негізінен алғанда заңда, мәміледе немесе соттың шешімінде тағайындалады. Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталған кезеңі мен аяқталған кезеңін дәл анықтау қажет. Азаматтық кодекстің 173-ші бабында көрсетілгендей, уақыт кезеңімен белгіленген мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен басталады. Мысалы: егер мұра қалдырушы жиырма төртінші мамырда қайтыс болса, Азаматтық кодекстің 1074-бабына сәйкес мұраны қабылдау немесе одан бас тарту мерзімі жиырма бесінші мамырдан басталады. Азаматтық кодекстің 1074-бабында былай делінген:

а) Мұрагер өзінің мұрагерлікке шақырылғандығы туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап алты айдың ішінде мұрадан бас тартуға құқылы.

Дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін, алайда бұл екі айдан аспауы тиіс.

ә) Мұрадан бас тарту мұрагердің мұраның ашылған жері бойынша нотариусқа арыз беруімен жасалады.

Егер сенімхатты бас тартуға өкілеттік арнайы көзделсе, мұрадан өкіл арқылы бас тартуға болады.

б) Мұрадан бас тартуды кейіннен күшін жоюға немесе қайтарып алуға болмайды.

в) Мұрагер өзіне сол үшін берілген мерзім өткеннен кейін мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады. Егер ол мұраға қалдырған мүлікті іс жүзінде иеленуге кіріссе не оған билік етсе, не оның осы мүлікке құқықтарын куәландыратын құжаттарды алуға өтініш жасаса, ол бұл құқықты аталған мерзім өткенге дейін де жоғалтады.

г) Мұрагер мұрадан бас тартқан кезде өзінің өсиет бойынша немесе кез келген кезектегі заң бойынша мұрагердің қатарындағы басқа адамдардың пайдасына бас тартатындығын көрсетуге құқылы.

Өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлердің пайдасына мұрадан бас тартуға жол берілмейді.

ғ) Егер мұрагер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлікке шақырылса, ол осы негіздемелердің біреуі бойынша немесе екі негіздеме бойынша өзіне тиесілі мұрадан бас тартуға құқылы.

д) Мұрагер мұраның басқа бөлігі мұраға қалдырылуына қарамастан, үстелу құқығы бойынша өзіне тиесілі мұрадан бас тартуға құқылы.

е) Мұрагер мұрадан бас тартқан не ол осы Кодексте аталған мән-жайлар бойынша шығып қалған жағдайда мұраның қандай мұрагерге есептелуге тиіс бөлігі мұрагерлікке шақырылған заң бойынша мұрагерлерге түседі және олардың арасында өздерінің мұралық үлестеріне бара-бар бөлінеді.

Егер мұра қалдырушы барлық мүлікті өзі тағайындаған мұрагерлерге өсиет етсе, мұрадан бас тартқан немесе шығып қалған мұрагерге тиесілі мұра бөлігі өсиет бойынша қалған мұрагерлерге түседі және өсиетте өзгеше көзделмегендіктен, олардың арасында өздерінің мұралық үлестеріне бара-бар бөлінеді.

ж) Осы баптың бірінші тармағындағы ережелер:

1) егер бас тартқан немесе шығып қалған мұрагердің орнына мұрагер қосымша тағайындалса;

2) мұрагер белгілі бір тұлғаның пайдасына мұрадан бас тартқан кезде;

3) заң бойынша мұрагерлік кезінде мұрагердің бас тартуы немесе шығып қалуы келесі кезектегі мұрагерлері мұрагерлікке шақыруға әкеп соққан жағдайларда қолданылмайды.

Сөзсіз болуға тиісті оқиғаның салдары мерзімді белгілеуді талап етеді, мәселен, бұған азаматтың қайтыс болуын айтуға болады. Азамат қайтыс болған күннен бастап мұрагерлердің құқығы пайда болады және сол сәттен бастап мұраны иелену немесе одан бас тарту құқығына ие және тағы басқа.

Күнтізбілік күнмен көрсетілген мерзімді қолдану соншалықты қиындық туғызбайды, өйткені, белгіленген уақыт мерзімнің басталғанын білдіреді. Дейтұрғанмен, мерзім белгілі бір кезеңді қамтитын болған жағдайда оны есептеу тәртібі заңға қайшы белгіленеді. Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталу сәтін ғана емес, аяқталу мерзімін де нақты айқындап алудың маңызы зор. Мерзімді есептеу мерзімді бастаған күннің келесі күні басталса, аяқталу сәті мерзім басталған айдың немесе аптаның соңғы күндерімен есептеледі.

Азаматтық кодекстің 174-бабында уақыт кезеңмен белгіленетін мерзімнің аяқталуы былайша тұжырымдалған:

а) жылдармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күніне бітеді. Жарты жылмен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылады.

ә) жыл тоқсандарымен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылады

Бұл орайда бір тоқсан үш айға тең деп есептеледі, ал тоқсандарды есептеу жыл басынан бастап жүргізіледі;

б) айлармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді. Жалпы аймен белгіленетін мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде қаралады да, он бес күнге тең болып есептеледі. Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, мерзім сол айдың соңғы күнінде бітеді;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есеп саясаты және сапалық сипаттамасы
Еңбекақы ұғымы және еңбекақыны есептеу тәртібі
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
Сарыағаш-жер ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы
Еңбектің және оның төлемақысының есебі
Азаматтық құқық қабілеттілігі
Еңбекақыны есептеу және еңбекақы төлеу есебі
Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ҚҰРЫЛУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫНА СИПАТТАМА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz