ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ОҚУ БАҒДАРЛАМАCЫ

10-11 сыныптар

қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Астана 2010
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-11 сыныптарына арналған

ОҚУ БАҒДАРЛАМАCЫ

Астана 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы
№367 бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Қирабаев C.С., Жұмажанова Т.Қ., Әрінова Б.А.,
Құрманбай Г.С., Мадиева А.Т.

Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы орта білім беретін мектептің
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған Қазақ әдебиеті
оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 27 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім беру академиясы, 2010

І. ТҮСІНІК ХАТ

Қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған асыл қазынасы оның көркем
әдебиетінде көрініс табады. Оқушыларды көркемдік әлеміндегі тұтастықты,
қоршаған ортадағы үйлесім мен жарастықты және адамзат баласына тән барлық
ізгі қасиеттерді оқушы бойына ұялатуға ерекше орын алатын Қазақ әдебиеті
пәнінің 10-11 сыныптарына арналған бұл бағдарламасы оқытудың жаңа
талаптарына сай мазмұндық, құрылымдық және әдістемелік жағынан жаңартылып
ұсынылып отыр.
Жас жеткіншектерді көркемдiк әлемiндегi тұтастықты, қоршаған ортадағы
үйлесiм мен жарастықты және адамзат баласына тән барлық iзгi қасиеттердi
оқушы бойына ұялатуда ерекше орын алатын Қазақ әдебиетi пәнiнiң
әлеуметтік-гуманитарлық бейінінің 10-11 сыныптарына арналған оқу
бағдарламасында негiзгi деңгейдегі әдеби бiлiмнiң мақсаттары мен
мiндеттерiн толықтыра түсу ойластырылды.
Негізгі орта мектепті аяқтаған оқушылар таңдау бағытына қарай бағдарлы
сыныптарда оқуын жалғастырады. Бағдарлы оқытудың басты мақсаты –
оқушылардың бейімдік білім алуын жүзеге асыру, олардың отбасында,
жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін, сонымен қатар оқушыларды
орта және жоғары кәсіптік оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім
беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді кеңейтіп оқытуды қамтамасыз ету
болып табылады. Бұл сыныптарда оқушылардың бейімділіктері, қабілеттері мен
өзіндік қызығушылықтары барынша ескеріледі. 10-11 сыныптар бағдарламасы
бағдарлы мектеп жағдайында екі бағытта оқытуға лайықталған: а) қоғамдық-
гуманитарлық бағдарлы; ә) жаратылыстану-математика бағдарлы. Базалық
деңгейдің 10-11 сыныптарында бағдарлама қазақ әдебиетi туралы жалпы
ұғымдары бар, оқырмандық мәдениетiнiң негiздерi қалыптасқан, көркем
туындыны рационалды және эмоционалды меңгере алатын, әдеби теориялық бiлiм
– дағдыларын қолдана бiлетiн оқушыларға арналып жасалынды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектептер бағдарламада көрсетілген
әдеби білім мазмұнын толық оқиды, ал жаратылыстану математика бағытындағы
мектептер бағдарламаның мазмұндық құрылымын толық сақтайды, бірақ оның
тақырыптарының ішкі мәнін терең ашуды мақсат етпейді. Мәселен, белгілі бір
автор туралы негізгі мағлұмат, автордың қазақ әдебиетіндегі орны, оның
басты шығармасы берілген апталық сағаттар мөлшері тұрғысынан қарастырылады
да, бағдарламадағы көрсетілген тақырып шолу түрінде қамтылады. Халық ауыз
әдебиетінен бастап XVIII ғасырды қамтыған мазмұнда оқытылған тарихи курс
материалдарын толық ұсынуға оқу жоспарындағы мүмкіндік сәйкес келмейді. Осы
есептен 9-сыныпта басталған тарихи курс 10-11 сыныптарда одан әрі
жалғастырылып, іштей сабақтастыққа құрылады және тиянақталып, тұтастық
бітімге ие болады.
Қазақ әдебиеті бағдарламасы қандай бағыттағы мектепке арналып
жасалмасын, ол пәннің негізгі қызметін жүзеге асыруға бағытталады және
мемлекетік білім стандартында белгіленген білім мазмұны мен оқу нәтижесінің
жоспарланған түрі болып табылатын оқушылардың білім, білік, дағдыларына
қойылатын талаптар негіздерін міндетті түрде сақтайды.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес Қазақ
әдебиетi пәнi Тіл және әдебиет білім беру саласына енеді. Бұл бiлiм беру
саласының мақсаты – оқушының тiл және көркем сөз туралы дүниетанымын
кеңейту, ғаламның шындық болмысын таныту және олардың функционалдық
сауаттылығы мен прагматикалық қабiлеттерiн жетiлдiру болып табылады. Пәнді
оқытуда тәуелсіз еліміздің төл әдебиетін ұлттық құндылық ретінде бағалап
қабылдауға үйрету және оқушылардың сөз өнерi негiзiнде сөйлеу шеберлiгiн
арттыру қарастырылады.
Қазақ әдебиеті оқу пәнінің 10-11 сыныптардағы білім мазмұнына
әдебиеттiң теориялық мәселелерi, құрамдас бөлiктерi, әдеби ағымдар мен
бағыттар, әдеби көркем шығармаларды тұтас талдау жүйесi, әдеби шығарма және
болмыс, ұлттық мәдениет, әдебиет және ұлттық рух, әдебиет және ғаламның
шындық бейнесi, әдебиеттiң өзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi
заманауи мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сөз өнерi және шығармашылық
даму, көркем шығарманың стильдiк ерекшелiктерi өзек етiлiп, әдебиет туралы
бiртұтас ұғым қалыптастыру ойластырылады.
Қазақ әдебиеті пәнiн оқуда оқушылар көркем шығармалардың табиғатын
таныту, оның мазмұндық-құрылымдық сипаттарын ажырата бiлу және әдебиеттiң
сөз өнерi ретiндегi құдiретiн дәйектей алу дағдыларын меңгереді. Әдебиет
көркемөнерінің бір түрі ретінде танымдық, тәрбиелік, дамытушылық,
гедонистикалық (оқушының көркемөнерді эстетикалық ләззаттану күйін кеше
қабылдауы) қызмет атқаратындықтан бұл бағдарламаларда көрсетілетін әдеби
білім мазмұны негізгі сатыдағы берілген білімнің табиғи жалғасы, біртұтас
құрамдас бөлімі және толық аяқталған әдеби курс болып табылады.
Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың мақсаты - қазіргі өзгермелі қоғам
жағдайында өзіндік белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын,
дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап,
құрметтей білетін, әдеби көркем туындыда бейнеленген құбылысты эстетикалық
тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларымен қаруланған,
оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру.
Қазақ әдебиеті оқу пәнінің міндеттері:
• оқушыларға әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдауға мүмкіндік туғызып,
әдеби білім мазмұнын жүйелі меңгертуді ұйымдастыру;
• төл әдебиеттің ұлттық сипатын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің халықтық
көрінісін, көркем туындының идеялық мағынасы мен тақырыптық
ерекшелігін түсіндіру;
• дара тұлғаның көркемдік мәдениетін дамыту, кейіпкерлер қарым-
қатынасындағы, табиғаттағы жарасымдық пен сұлулықты, имандылық пен
ізгілікті терең пайымдап, тебірене қабылдай алуға үйрету;
• оқушылардың оқу әрекеттерін, образды ойлау қабілеттерін жетілдіріп,
сөз өнерін құндылық ретінде қабылдай алуына мүмкіндік туғызу;
• ойын сауатты, еркін жеткізе білуге, шешен де ұтқыр сөйлеу алуға баулу.
10-11 сыныптардағы Қазақ әдебиеті пәні бойынша берілетін білім
мазмұнын сұрыптауда ғылымилық, түсініктілік, жүйелілік, сабақтастық, іс-
әрекеттілік, пәнаралық ықпалдастық, сабақтастық сияқты дидактикалық
ұстанымдар басшылыққа алынып, оқушылардың бейіндік ерекшеліктері
ескеріледі. Оқытудың барлық деңгейлерінде жалғасын табатын сабақтастық
ұстанымы пәндік білім мазмұнын меңгертудің әдіснамалық және әдістемелік
қағидаларынан көрінеді. Оқытудың іс-әрекеттілік ұстанымы білім алушылардың
танымдық әрекетін дамытып, олардың өз әрекетін өзі бақылай алуының
қалыптасуына негіз болады. Пәнаралық интеграция ұстанымы берілетін білім
мазмұнының нәтижелiлiгi мен оқытудың сапалық деңгейін танытады. Сол себептi
әдебиеттің басқа пәндермен ықпалдастығы оқушының интеллектуальдық-танымдық,
iскерлiк сапаларын, шығармашылық әрекетiн, қарым-қатынастық бiлiктiлiгiн,
әлеуметтенуге бейiмдiлiгiн, эстетикалық, рухани-адамгершiлiк құндылықтарын
дамытуға септігін тигізеді. Қазақ әдебиетін оқытуда түсініктілік ұстанымы
оқушылардың өзіндік қабілеті мен ерекшеліктерін ескере отырып үйлесімді
психологиялық ахуал тудыруға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың тұлғалық
жетістіктерін ескеру ұстанымы күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік
жұмыстарды орындауға бағытталып, оқушылардың күтілетін нәтижеге жетуіне
мүмкіндік береді. Шығармашылық ұстанымы әр түрлі тапсырмаларды өздігінен
орындау білігін қалыптастыру,
Сөйтіп, тұтастай алғанда Қазақ әдебиеті пәнінің жалпы орта білім
беретін оқу бағдарламасы пәннің мақсаты, мазмұны, оқытудың жалпы
ұстанымдары туралы, сонымен қатар, осы пәннің оқушыларды тәрбиелеу мен
дамытудағы рөлі туралы ақпараттық-әдістемелік қызмет көрсетеді. Ұсынылған
әдеби білім мазмұнын толық қамти отырып, бағдарлама оқушылардың нәтижелі
білім алуының барлық мүмкіндіктерін орайластырады.
Пән бойынша оқу жүктемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес:
10-сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;
11-сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағат оқытылады.

Қазақ әдебиеті оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі
Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге
асады.

ІІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

10-СЫНЫП

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет.
Жалпы шолу (2 сағат)
ХІХ ғасырдағы қазақ елінің тарихи-әлеуметтік жағдайларына сипаттама.
Ресейдің қазақ елін отарлауы, отаршылдыққа қарсы бұқаралық күрес. Кенесары
Қасымов, Сырым Датұлы, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұлы бастаған
көретілістің әдебиетте көрініс табуы.
Қазақ еліндегі тарихи-әлеуметтік жағдайлардың қоғамдық санаға ықпалы.
Қазақ даласындағы өмір құбылыстарын өлең, жыр, толғауларында бейнеленген
қазақ поэзиясының көрнекі өкілдері Байтоқ, Жанұзақ, Барақ жырау, Шернияз,
Алмажан туралы.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті тарихында әртүрлі
ағымдардың пайда болуы.

Дулат Бабатайұлы.
Еспембет дастаны. Өлеңдері (3 сағат)
Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет.
Дулат – ХІХ ғасырдың орта кезіндегі қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып,
түр жағынан байыта түскен, көркемдік тәсіл тұрғысынан жаңа сатыға көтерген
ірі ақын.
Дулат өлеңдерінде жасалған адам образдары, табиғат бейнесі.
Дулаттың дидактикалық өлеңдері Еспембет дастанының сюжеттік маңызы.
Дастандағы Еспембет образын сомдаудағы ақындық тәсілдер (жанама мінездеу,
суреттеу) Еспембеттің қазақ жерін шабуға келген қалмақтармен соғысы.
Соғыстың жалпы панорамасы, сол сияқты жеке көріністерді, жекпе-жек
ұрыстарды сипаттаудағы ақындық шеберлік. Дастандағы Ақбөрте тұлпар образы.
Дулат жырларының көркемдік ерекшеліктері.
Әдебиет теориясы: Аллитерация, ассонанс, эпитет, метафора, теңеу.

Махамбет Өтемісұлы
Менің атым Махамбет, Атадан туған атақты ер, Нарын, Тайманның
ұлы Исатай (3 сағат)
Махамбет – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы көрнекі ақын.
Ақынның өмір сүрген дәуірі. Халықтың арман-тілегін жақтауы. Махамбет
жырларындағы ақынның өз бейнесі мен Исатай бейнесі.
Ақын шығармаларының қазақ әдебиеті тарихындағы орны.
Әдебиет теориясы: Әдебиеттің қоғам өмірімен байланысы туралы ұғым.
Дыбыс қайталау (ассонанс, аллитерация). Риторикалық сұрау.
Пәнаралық байланыс. Қазақстан тарихы XVIIIғасырдың екінші
жартысындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты. Кіші жүздегі шаруалар
көтерілісі (1783-1797). 1836-1837 жылдары Бөкей хандығында Исатай Тайманов
басшылығымен болған шаруалар көтерілісі.
Музыка. Құрманғазы. Лаушкен, Кішкентай.

Сүйінбай Аронұлы
Бөрілі менің байрағым, Ту алып жауға шапсаң сен, Датқалар
Үмбетәліге (2 сағат).
Айтыстары: Сүйінбай мен Тезек төре, Сүйінбай мен Қатаған. Сүйінбай
– қазақ поэзиясын мазмұны, түрі, тақырыбы жағынан байытуда өзіндік орны бар
ақын. Ол – халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін бетіне
басып әшкерелеп отырған батыл да әділ сыншы.
Сүйінбай – айтыстың асқан шебері және қазақ пен қырғыз елдеріне өткір
тілі, озық ойымен кеңінен танылған ақын.
Әдебиет теориясы: Айтыс туралы ұғымды кеңейту.

Шортанбай Қанайұлы
Зар заман, Опасыз жалған, Бала зары, Жыр толғаулар (1 сағат)
Түркістан қаласы маңында дүниеге келген суырып салма ақынның
шығармаларында ХІХ ғасырдың орта тұсындағы патша үкіметінің қазақ даласын
отарлау саясатынан туындаған әлеуметтік өмірдің шынайы суреттелуі.
Шортанбай еңбекші бұқараның азапты ауыр тұрмысын, шынжыр балақ, шұбар
төстердің әділетсіздігі мен зұлымдығын әшкерелеген ақынның бірі. Ақынның
өткен игі жақсылардың іс-әрекетін аңсап, тәлім-тәрбие мәселесін ескі салт-
жоба, шариғат тұрғысынан қарастыруы. Шортанбайдың айтыс ақыны ретінде
көрінуі.
Әдебиет теориясы: Жыршы ақындар поэзиясы.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. ХІХ ғасырдың бірінші
жартысындағы Қазақстан мәдениеті.
Сыныптан тыс оқуға: Шығармаларынан оқушының қалауымен.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Толғау, Үш жігіт, Аңқау мен қу, Жылдың төрт мезгілі (1 сағат)
Ақын шығармаларынан көрінетін терең ойшылдықпен өткір сықақшылдық.
Майлықожаның адам мінезіндегі кемшіліктерді, еңбекке, елге деген
сүйіспеншілікті жырлауы. Оның шығыс ақындарына еліктеу.
Сыныптан тыс оқуға: Жақсы болса жұбайың

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет
Жалпы шолу (2 сағат)
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің демократтық,
ағартушылық бағытының ұлттық әдебиетінің болашақ даму жолын бағыттаған тың
беталыс екендігі.
Ыбырай мен Абай негізін салған қазақтың демократтық жаңа әдебиеттің
тууы. Ағартушы идеяның алдыңғы орынға шығуы.
Қазақ әдебиетінде ақындықтың, жазушылықтың жаңа үлгісінің пайда болуы.
ХІХ ғасыр поэзиясы – өз дәуірінің шындық жайларын жинақтап қамтыған
көркемдік шежіре.
Әдебиеттің реалистік сипаты.
Романтикалық үлгідегі шығармалардың пайда болуы (Медғат – Қасым,
Дағыстан).

Шоқан Уалиханов
Ыстықкөл күнделігі, Жоңғар очерктері, Қазақ халық поэзиясының
түрлері (2 сағат)
Шоқанның өмірі мен шығармашылығы, Шоқан – қазақ халқының тұңғыш
талантты ғалымы, әдебиет зерттеушісі. Шоқан – қазақ, қырғыз ауыз әдебиетін
жинап зерттеуші.
Әдебиет теориясы: Әдебиеттің қоғам өміріндегі маңызы.
Пәнаралық байланыс: Тарих: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Қазақстан мәдениеті. Театр. С.Мұқанов Шоқан Уәлиханов пьесасы.
Сыныптан тыс оқуға: Алтышахар немесе Қашқария туралы

Ыбырай Алтынсарин
Жаз, Өзен, Залым төреге, Азған елдің хандары, Азған елдің
билері, Атымтай Жомарт, Мейірімді бала, Қазақ хрестоматиясы (3
сағат)
Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі. Оның жазушылық өмірінің
ағартушылық идеясына өзектестігі, демократиялық-ағартушылық көзқарасының
қалыптасуы.
Ыбырай – қазақ балалар жазба әдебиетін дамытушы.
Өлеңдерінде әлеуметтік теңсіздіктің, ел әкімдерінің сыналуы.
Табиғат лирикасы. Ы.Алтынсарин – шағын әңгіме шебері.
Әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсінікті дамыту.

Мұрат Мөңкеұлы
Үш қиян, Шәлгез, Қазтуған, Қарасай – Қази (1 сағат)
ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген көрнекі ақындардың бірі
Мұрат Мөңкеұлының өлеңдеріндегі замана жайының суреттелуі. Мұрат
шығармаларында кездескен қателіктер мен қайшылықтарға байланысты дарынды
ақынның шығармаларының бағаланбай келгендігі жөнінде.
Мұрат – айтыстың шебері және үлкен эпик ақын.

Қашаған Күржіманұлы
Атамекен, Есқали сұпыға айтқаны, Байларға, Қонақ кәде,
Оразалыға, Осы күні жолдас болдым сексенменен өлеңдері. Дастандары:
Атамекен, Адай тегі (1 сағат)
Қашаған өлеңдеріндегі ізгілік қасиеттердің дәріптелуі, халық мұратының
жырлануы және әділетсіздіктің сыналуы.
Қашаған өлеңдеріндеі басты тақырыптың бірі – бұқара өкілдерінің
адамгершілігімен жырлау.
Дастандарында халықтың көне тарихымен шежіресін толғауы.
Пәнаралық байланыс. Тарих ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың бас кезіндегі
Қазақстандағы әлеуметтік жағдай.
Сыныптан тыс оқуға: Ізім, Бота өлеңдері.
Әдебиет теориясы: Толғау туралы ұғымды жалғастыру.

Абай Құнанбаев (10 сағат)
Жаз, Күз, Желсіз түнде жарық ай, Мен жазбаймын өлеңді ермек
үшін, Адасқанның алды жөн, арты соқпақ, Жігіттер ойын арзан, күлкі
қымбат, Сабырсыз, арсыз, еріншек, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Мәз болады болысың, Сегіз аяқ, Ескендір (дастан) (5 сағат)
Абайдың өмірі, шығармашылық жолы. Ұлы ақын өлеңдерінің құдіреті
туралы, Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Ақынның тіл байлығы.
Қара сөздері:бесінші сөз, жетінші сөз, он бірінші сөз, он бесінші сөз,
он сегізінші сөз, жиырма бесінші сөз, отыз бірінші өз.
Абай қара сөздерінің көтерген мәселелері, даналық ойлары, насихаттары,
пікір жағынан өлеңдерімен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі.
Ескендір дастаны. Дастанның тақырыбы, идеялық-көркемдік маңызы.
Әдебиет теориясы: Әдебиеттің халықтығы туралы. Лирика ұғымы.
Пәнаралық байланыс: Музыка. Абай операсынан фрагменттер. Бейнелеу
өнері. Ә.Қастеев Жас Абай.
Тарих. ХІХ ғасырдағы Қазақстан.
Орыс әдебиеті. А.С.Пушкин шығармалары.

Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жастарға, Дүние мен өмір, Бір Аллаға сыйынған арам өлмес,
Ақындарға, Кәрілік туралы, Еңлік – Кебек дастаны (5 сағат)
Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық жолы. Түрік, араб, парсы, орыс
тілдерін жетік меңгеруі, дүние жүзі мәдениетімен таныс болуы. Шәкәрімнің
өнер – білім, адамгершілік, болашақ, махабат туралы лирикалық өлеңдері.
Шәкәрім – Абай шәкірті, ұлы ақынның орыс, шығыс поэзиясындағы оған
әсері. Ақын шығармасындағы азаматтық әуен. Әлеуметтік өмірдегі кесапат
кесірді, кертартпалықты әшкерелеуі, әділдікті, ақиқатты бейбіт тіршілікті
жырына арқау етуі. Шынайы адал махаббатты жырлауы. Ақын лирикасындағы нәзік
те терең психологизм.
Еңлік-Кебек дастаны. Дастанда ақынның демократиялық-гуманистік
көзқарасының көрінуі, кейіпкерлер бейнесін даралап берудегі шеберлігі поэма
оқиғасының терең драматизмге құрылуы.
Әдебиет теориясы: Дастан туралы ұғым.
Пәнаралық байланыс: Театр. Еңлік-Кебек пьесасы.

Шәңгерей Бөкеев
Бұл дүние пәнилығын етеді екен, Қайран жерім, Ғылым, Қосаяқ,
Құйрық атып күлия, Қашқын поэмасы. (2 сағат)
Шәңгерейдің өмірі мен шығармашылық жолы. Оның өз өмірінің әр қилы
кезеңдерін бейнелей отырып, замана тынысын, тіршілігін шебер бейнелеп
көрсетуі туралы. Ақынның табиғат құбылыстарын көркемдеп сурететуі.
Шәңгерейдің аудармашылығы.
Әдебиет теориясы: Кейіптеу ұғымын тереңдету. Аударма шығармалар ұғымы.
Сыныптан тыс оқуға: Шәңгерейдің достық, махаббат жайлы өлеңдері оқушы
таңдауына ұсынылады.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Хал-ахуал, Ғибратнама, Шайтанның саудасы, Сарыарқа кімдікі,
Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашасыз.
Дастандары: Гүлшат – Шеризат (2 сағат)
Мәшһүр Жүсіп шығармаларында орын алған білім, жер мәселесі, сөз
бостандығы. Халық бостандығы мәселелері.
Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін – дастандар
мен хикаялары, тарихи жырларды (Көрұғлы, Ер Көкше, Сайын батыр т.б.)
жинап, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөже т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұрасын
хатқа түсіріп қалдыруы.
Мәшһүр поэмалары – ертегі, аңыз негізінде жазылған сюжетті, әңгімелі
шығармалар.
Әдебиет теориясы: дастан туралы.
Сыныптан тыс оқуға: Айтыстары.

Нарманбет Орманбетұлы
Көпті көрген көнемен, Шал қайғысы, Замана, Сарыарқа сайран
жерім-ай, Ғылым туралы (1 сағат)
Өмірі мен шығармашылығы, отарлық езгі, өктемдікке қарсы үн көтерген,
ұлттық болмыс, ұлттық тәуелсіздікке үндеген ақын.
Нарманбет өлеңдерінен ұлы Абай рухының айқын аңғарылуы.
Нарманбет мұрасының көп уақыт жабық жатуы.
Сарыарқа – ақын жырларының өзекті пафосы.
Әдебиет теориясы: Әдебиеттің қоғамдық мәні.

Жамбыл Жабаев.
Ақындар шығармашылығына шолу (3 сағат)
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениетіндегі
әнші-ақындар шоғыры. Ақындық, әншілік, композиторлық – әрқайсысы жеке-жеке
өнер.
Жаяу Мұса Байжанов, Мұхит Мералыұлы, Ақан Қорамсаұлы, Үкілі – Ыбырай
Сандыбайұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлы, Әсет Найманбайұлы, Мәди Бапиұлы,
Иман Жүсіп, Естай Беркімбайұлы, Сегізсері (Мұхамедханапия) Баһрам Шақшақов,
Біржан Қожағұловтар тума талант, табиғи дарын иелері.
Поэзия, музыка тарихында, әншілік-өнер саласында мол мұра қалдырған
өнер қайраткерлері.

Біржан сал Қожағұлұлы
Жамбас сипар, Ләйлім шырақ, Ақтентек, Сырғақты, Жанбота,
Көкек әндері. Біржан – Сара айтысы (3 сағат)
Үш жүздің ардақты әншісі Біржан – әнді шығарушы, әрі орындаушылығымен
қатар әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын.
Біржан – сол заманның бай, болыс-билеріне бас имеген ақын. Біржан
әндерінің белгілі бір жағдайға, тақырыпқа байланысты туатындығы.
Пәнаралық байланыс: Театр Біржан – Сара операсы.

Ақан Қорамсаұлы
Жайықтың ақ түлкісі, Ақ көйлек, Асыл мен жасық, Жақсы мен
жаман, Құлагер, Ләйлім шырақ, Маңмаңгер, Сырымбет, Балқадиша (3
сағат)
Ақан – қазақтың әнші – ақындар тобының көрнекті өкілі. Ақанның
өмірінен мәлімет. Ақан – ақын, әнші, сазгер. Ақанның әлеуметтік өмірге
тереңдеуі, заман жайлы толғаулары, жастарды өнерге үндеуі.
Құлагер ақын трагедиясы. Ақынның өзіндік сөз саптауы.
Әдебиет теориясы: Махаббат лирикасы туралы ұғымды кеңейту.
Пәнаралық байланыс: тарих: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы
Қазақстанның мәдениеті.
Театр. Ғ.Мүсірепов. Ақан сері – Ақтоқты Әдебиет С.Жүнісов Ақан
сері романы.
Ілияс Жансүгіров Құлагер поэмасы.
Сыныптан тыс оқуға: Қарлығаш, Ғайни.

Әсет Найманбайұлы
Қор болмас зерек адам ақылы бар, Үлкен Ардақ, Кешубай,
Перизат, Арғынмын, атым Әсет – арындаған. Дастандары: Салиха – Сәлмен
(2 сағат)
Әсет – ойға жүйрік, көркем сөзге шебер, тілге бай ақын. Өз
тұстастарымен ұқсастығы, айырмашылығы, әкелген жаңалықтары әдеби дамуға
ықпалы бар қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге көзқарасы, халықтың ой-сезімін,
санасын, тұрмысын бейнелеуінде көрген ақын-әншінің әдебиет тарихындағы
орны.
Пәнаралық байланыс: А.Жұбанов Замана бұлбұлдары
Сыныптан тыс оқуға: Адамның жасы жөнінде, Тоты
Әдебиет теориясы: Әдебиеттің тегі мен түрлері
Көркем шығарма. Шығарманың тақырыбы. Идеясы, сюжеті, композициясы,
көркем бейнелері. Шығарманың тілі, суреткердің стилі. Аударма әдебиеті
ерекшеліктері (2 сағат)

Әдебиет танытушылар (2 сағат)
Әдебиеттанудың сөз өнерін, тарихи – әдеби үрдісті, әдебиет дамуының
заңдылықтарын, көркем шығармаларды, жазушылардың шығармашылық ғұмырнамасын
зерттейтін ғылым екендігі.
Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық
алатын орнын анықтайтын әдбиеттану ғылымының негізгі бір саласы. Сынның
әдебиет тарихы және теориясымен байланысы.

10-сынып бағдарламасына енген ақын-жазушылар жайлы сын-зерттеулер:
1. М.Базарбаев, Ә.Дербісалин. ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары.
2. М.Қаратаев. Эпостан эпопеяға. Алматы, 1969
3. М.Базарбаев. Әдебиет және дәуір. Алматы, 1966
4. Б.Кенжебаев. ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Алматы, 1976
5. М.Әуезов. Әр жылдар ойлары. Алматы, 1959
6. Т.әбдірахманов. Ағартушы ақындар жайында.
7. С.Мұқанов. Жарқын жұлдыздар. Алматы, 1964.
8. Ә.Дербісалин. Ы.Алтынсарин жазушылық қызметі туралы. Алматы, 1971
9. С.Қирабаев. Өнер өрісі. Алматы, 1995
10. З.Ахметов. Абайдың ақындық әлемі Алматы, 1995
11. М.Мырзахметов. Абай жүрген ізбен Алматы, 1995
12. А. Нұрқатов. Абайдың ақындық дәстүрі.
13. Ш. Сәтбаева. Шәкәрім Құдайбердиев . Алматы 1990
14. Р. Сыздықова . Абайдың сөз өрнегі. Алматы, 1992
15. Бес ғасыр жырлайды. ІІ том. Алматы, 1989.
16. Қ. Жұмалиев. ХVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Алматы,
1967. ІІ бөлім.
17. Б.Әбдіғазиев. Асыл арна. Алматы, 1992
18. С.Мақпыұлы. Қазына. Алматы, 2004
19. Қ.Раев Өсиетнаме. Сын-зерттеулер. ІІ кітап. Дулат тағылымы.
Алматы: Раритет, 2003

Шығармаларды оқып, талдауға – 58 сағат
Шығармашылық жұмыстар – 6 сағат
Сыныптан тыс оқылған шығармалар жайлы әңгіме – 4 сағат

11-СЫНЫП

ХХ ғасырдың бас кезінде әдебиет.
Жалпы шолу. ( 1 сағат)
ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның тарихи – әлеуметтік жағдайы
1905-1907ж. Буржуазиялық-демократиялық революцияның, бірінші
империялистік соғыстың және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің ел өміріне
әсері, әдебиет, мәдениет дамуына ықпалды. Әдеби бағыттар жайлы.

Ахмет Байтұрсынов
Қырық мысал, Маса, Әдебиет танытқыш ( 3 сағат)
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ әдебиеті, мәдениеті, тарихындағы ірі тұлға,
аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы. Маса
Жинағындағы өлендердің енжарлыққа қарсы курес ашуға шақырған
Ұран ретіндегі сипаты, ақынның ағартушылық ойлары. Халықтың ой-санасың
оятудағы мәні
Аудармалары. Қырық мысал .
Әдебиет танытқыш - тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы ірі еңбек.

Спандияр Көбеев
Қалың мал романы ( 2 сағат)
Спандияр Көбеев қазақ халқының ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХ ғасырдың
алғашқы жартысы ішіндегі бүкіл әлеуметтік өмірін көзімен көрген ағартушы,
оқытушы, ақын, аудармашы.
Әдебиет теориясы: Роман туралы ұғым.
Қосымша оқуға: Орындалған арман

Міржақып Дулатұлы
Өлеңдері: Шәкірт, Таза бұлақ, Оян қазақ, Бақытсыз Жамал
ромманы ( 3 сағат)
Өмірінен мәлімет. Оян қазақ жинағындағы өлеңдерде М.Дулатұлы
уағыздаған азаттық идеялардың ағартушылық, адамгершілік бағыты.
Бақытсыз Жамал романы - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романның бірі.
Романда суреттелген әлеуметтік теңсіздік, қазақ әйелдерінің аянышты
тағдыры. Жамал бейнесінің релистік сипаты, автордың адм психологиясын беру,
композиция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің зерттелуі
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
XIX ғасыр әдебиеті жырау және тарих ғылыми сипаттаны мақал әзірлеу
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Әдебиеттану мәселелері
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛ ТАРИХЫНДА СӨЗ ЖАСАУ ҮДЕРІСІ
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
ХІХ ҒАСЫР МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ
Пәндер