Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы жиналысы


2. тарау. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары
2. 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру тәртібі және қызметі
Кәсіпкерлік қызметтің орны ең алдымен - кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды құқықтары бар дара шаруашылық субъектісі өзіне бекітіліп берілген мүліктерді пайдалана отырып өнім өндіреді, түрлі жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет көрсетеді.
Қазір кезде Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық нысан негізінде кәсіпкерліктің түрлері құрылуда.
- Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің табысы, зияны пайға қарай бөлінеді.
- Командитті серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
3. Жауапкершілігі шектелген қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам, қоғам міндеттемелеріне өздерінің мүліктерімен жауап береді.
5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.
6. Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар.
7. Унитарлы кәсіпорын - меншіктік құқығы жоқ коммерциялық мекеме.
Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципиалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорыны болып есептеледі.
Кәсіпорынның түрлері
Кооператив - бұл пайда табу мақсатында емес, мүшелеріне көмек көрсету, қызметтеріне тиісті ықпал жасау үшін құрылатын қоғамдастық. Алайда, біздегі кооперативтер ең алдымен өндірістік қызмет көрсету және сауда-делдалдық салада дамып отыр. Көпшілік жағдайда кооперативтік кәсіпорындарда табысты капиталға айналдырмау ағымы байқалады. Мұндай жағдай өндірістің тиімділігін арттыруға тиісінше ықпал жасамайды, инновациялық процесті тежейді, құрылымдық қайта құру жұмыстарын қиындатады.
Бюджеттік кәсіпорындар . Бұл топқа заңды, шаруашылық дербестігі жоқ ұйымдар кіреді. Олар мемлекеттік-әкімшілік жүйе шеңберінде тікелей немесе құрылымдық тұрғыда министрліктерге, ведомстваларға немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Бұлардың кірісі мен шығысы мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі, пайдадан салық төлеуге тиісті емес. Олар сыртқы қаржы көздерін пайдаланбайды. Кәсіпорындар басшыларын мемлекеттік басшы органдар тағайындайды, мұндағы жұмыс істейтіндерді мемлекеттік қызметкерлер деп атайды.
Мемлекеттік корпорациялар - кәсіптік немесе ортақ мүдделер принципінде біріккен қоғам, адамдар тобы; капиталистер кеңінен қолданатын акционерлік қоғам нысаны, қазіргі жағдайда мұндай корпорациялар монополиялық бірлестіктердің негізгі түрі.
Ассоциациялар - шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің бірыңғай экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер негізінде ерікті түрде заңды ұйым ретінде бірігуі.
Ассоциацияға кіретін кәсіпорындар шаруашылық дербестігін, заңды тұлға құқығын сақтайды, меншік нысанын өзгертпейді, өз қызметін кәсіпорындар (бірлестіктер) туралы заңының ережелеріне сәйкес жүргізеді.
Құрамына мемлекеттік, жалгерлік, бірлескен, акционерлік қоғам, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындары өз құрылтайшыларымен келіспей-ақ кіре берулеріне құқылы. Ассоциациялар өндірістік шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметін ел аумағында, тіпті шетелдерде де халық шаруашылығының кез-келген салаларында жүзеге асыруларына болады. Түрлі өндірістік, шаруашылық, басқару жұмыстарын бір орталықтан жүзеге асыру мақсатында бұл міндеттер ассоциацияға қатысушының біреуіне немесе бірнешеуіне жүктеледі. Ассоциацияға қатысушылар бірлескен қызметтен түскен пайдадан (кірістен) өз үлестерін алуға құқылы.
Ассоциациялардың негізгі түрлері мыналар:
- Концерн;
- Салааралық;
- Мемлекеттік бірлестік;
- Шаруашылық ассоциациясы;
- Консорциум.
Концерн - қатысу жүйесі, мүдде ортақтығы туралы шарттар, қатысу үлесі, патенттік-лицензиялық келісімдер, қаржыландыруға, өндірістік ынтымақтастық негізінде өзара тығыз байланысқан дербес кәсіпорындар бірлестігі. Біріккен кәсіпорындарда акционерлік қоғам немесе басқадай сауда серіктестіктері түрінде заңды ұйымдар құқығы сақталады.
Консорциум - капиталистік монополиялар нысандарының бірі, қарыздарды бірлестіре орналастыру, үлкен көлемде қаржы немесе күрделі коммерциялық операциялар жүргізу, іріленген өнеркәсіп құрылысын жүзеге асыру, белгілі бір өнім түрін өндіруді мейлінше ұлғайту мақсатында бірнеше банк немесе өнеркәсіп субъектілері арасында жасалып, қабылданатын уақытша келісім.
Холдинг - басқа компанияларға бақылау жасау мақсатында өзінің капиталын олардың акцияларының бақылау пакеттерін сатып алу үшін пайдаланатын акционерлік компания.
Картель - біртектес өнім өндіретін тәуелсіз өнеркәсіп орындарын белгілі бір нарыққа үстемдік орнату мақсатында ұйымдастырған бірлестік, ассоциация. Картельге мүше болу ерікті.
Мына белгілер бойынша жіктеледі:
Сату шарттарын қадағалау жөніндегі ассоциация;
- баға белгілеу жөніндегі ассоциация;
- өз мүшелері арасында өндірістік қызметті, өнімдерді сату аумағы мен тұтынушылар бойынша бөлу мақсатында құрылған ассоциация;
- бизнестің белгілі бір саласында нақты үлесті айқындауды көздейтін ассоциация.
Синдикат - өндірушілердің өнімді біртұтас сауда кеңсесі арқылы бірігіп сату жолымен бәсекені болдырмау және монополиялық бірігу нысаны. Синдикатқа қатысушылар коммерциялық дербестігін сақтамаса да, өндірістік дербестігін жоғалтпайды.
Трест - кәсіпкерлер бірлестігі, ол өзіне кіретін кәсіпорындардың өндірістік, коммерциялық және заңдық дербестігін жойып, бірыңғай басқару жүйесіне бағынуымен ерекшеленеді.
Бүгінгі таңдағы әміршіл-әкімшілдік жүйеден нарықты экономикаға өтудегі ең ерекшелігі - шағын кәсіпкерлікті дамыту болып саналады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы №131-І Заңының 3-бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері:
- Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
- Шағын кәсіпкерлік субьектілері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асырады.
- Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ мынадай ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар:
- толық серіктестік;
- командитті серіктестік;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
- қосымша жауапкершілігі бар шектеулі серіктестік;
- өндірістік кооператив - шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік қызметке қатысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуі «серіктестік» деп аталады. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі. Серіктестіктерді олардың құрылтайшылары құрайды.
Толық серіктестік төмендегі негізгі екі белгісімен ерекшеленеді:
- Кәсіпкерлік қызмет және оған қатысушы серіктестіктердің қызметтері олардың өз қызметтері болып саналады, ал оның міндеттері бойынша кез-келген қатысушы өзінің барлық мүлкімен жауап береді.
- Серіктестік жеке сенімді қатынастарға негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің атынан мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік басқа қатысушыға жүктеледі. Сондықтан толық серіктестік отбасылық кәсіпкерлік ретінде дамып келеді. Егер толық серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бәрі жеке адам ретінде кіретін болса, белгілі бір жауапкершілікті жағдайға кезіккенде (мәселен, банкротқа ұшырағанда), өмірге қажетті күнделікті затарды қоспағанда, басқа да жеке мүліктерін, атап айтқанда: көлік, саяжай, жиһаз, қылқалам туындысы, зергерлік бұйымдар, басқа да құнды мүліктерді есепке алады.
Әдетте толық серіктестікті заңды тұлғалар, ірі кәсіпорындар құрайды.
Аралас (командитті) серіктестікте бір немесе бірнеше қатысушылар несие берушілер алдында бүкіл мүліктерімен жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі олардың әрқайсысының қоғамдастыққа қосқан үлесі (салымы) бойынша шектеледі.
Бүкіл мүліктерімен тәуекелге барып отырған қатысушы қоғамдастықтың ішкі мүшесі немесе толық серіктестіктер, ал тек қана қосқан үлестерінің мөлшер шамасына қарай тәуекел етушілер сыртқы қатысушылар немесе командиттер деп аталады. Мәселен, «Джонсон-Джонсон» командитті серіктестік. Командитті серіктестіктерді ұжым басқарады және ол өкілетті қызмет атқарады. Қоғамдастық сыртқы қатысушылардың қосқан үлестеріне сәйкес акциялар шығарады. Мұндай қатысушыларды акционерлік командиттер, ал қоғамның өзін акционерлік командит деп атайды.
Салық тұрғысынан қарағанда, командитті серіктестік - жауапкершілігі шектеулі командитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы - салық төлеу тұрғысынан қарағанда, ол - серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан алсақ, жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық. әдетте олардың капиталы да көп болмайды.
Біздің елімізде командитті серіктестіктің аралас түрі әлі дами қойған жоқ. Алайда белгілі бір жағдайда оған деген қажеттіліктің тууы әбден мүмкін. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бағдарламаны жекелеген азаматтар береді, ал оған сенім білдіріп, мақұлдайтын кәсіпорындар да кездеседі. Бірақ оны жүзеге асыруға қажетті қаражат екеуінде де болмауы мүмкін. Осыған орай, серіктестіктің аралас түрі құрылады, жеке тұлға оған шектеулі жауапкершілікпен алынса, ал кәсіпорын толық мүшелік құқымен кіреді.
Міне, бұл жағдайда:
- біріншіден, кәсіпорындар банк несиесінің кепілі бола алады;
- екіншіден, кәсіпорынның бақылауымен оған жеке адам билік етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - алдын-ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелерінің (жеке және заңды иегерлері) қоғамның міндеттемелерін орындауда жауапкершіліктері жоқ, олар тек өз үлестерінің мөлшерінде ғана тәуекелділік жасай алады.
Шетелдік фирмаларда (қазір біздің елімізде жиі кездесетін) «Лимитед» (қысқаша Ltd) «шектеулі серіктестік» деген ұғымды білдіреді. Көпшілік жағдайда жауапкершілігі шектеулі қоғамда кампаньондар арасында өзара берік байланыс қалыптасады. Бұл отбасылық кәсіпорындар ұйымдастыруға өте қолайлы. Егер қоғамдастықтың бар мүлкі бір адамның билігінде болса, онда ол «бір адамның қоғамы» болғаны.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік - қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік.
Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда қосымша жауапкершілігі бар серіктестік міндеттемелері бойынша оның жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына бара-бар бөлінеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауы
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің серіктестік атауын, сондай-ақ «жауапкершілігі шектеулі серіктестік» деген сөздерді немесе «ЖШС» деген аббревиатураны қамтуға тиіс фирмалық атауы болады. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің фирмалық атауында тиісінше «қосымша жауапкершілігі бар серіктестік» деген сөздер немесе «ҚЖС» деген аббревиатура болуға тиіс. Серіктестік осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуге жатады. Серіктестіктің фирмалық атаудың қысқарған нысанын және оның шет тілдердегі баламаларын пайдалануға да құқығы бар.
Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауында оның құрылтайшыларының қай мемлекеттікі екені қосып көрсетілуі мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері - оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзі орналасқан жерден тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 43-бабына сәйкес филиалдар құрып, өкілдіктер ашуға құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары, сондай-ақ ол құрылғаннан кейін серіктестік мүлкінен үлеске құқық алған адамдар.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары :
1) «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңда және серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысуға;
2) серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;
3) серіктестік қызметінен «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңға, серіктестіктің құрылтай құжаттарына және оның жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес табыс алуға;
4) серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға;
5) «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңда көзделген тәртіппен өз үлесін бөліп алу арқылы серіктестікке қатысуын тоқтатуға;
6) «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңда немесе серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың міндеттері :
1) құрылтай шартының талаптарын орындауға;
2) құрылтай құжаттарында көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;
3) серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге;
4) серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында көрсетілген мәліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ тіркеушіге жазбаша хабарлауға міндетті.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтай шарты негізінде құрылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шартында көрсетілетін құжаттар :
1) серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқан жері;
2) серіктестік құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөні, тұратын жері мен жеке басын куәландыратын құжат деректері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген серіктестік құрылтайшыларының тізбесі;
3) серіктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай-ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау;
4) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;
5) серіктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мәліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы шешім қабылдаудың тәртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары;
6) құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесін анықтау; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі;
7) серіктестік жарғысын бекіту;
8) серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы - серіктестіктің заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат.
Серіктестікті мемлекеттік тіркеу кезінде оның жарғысы құрылтай құжаты ретінде қаралады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында:
1) серіктестіктің фирмалық атауы, орналасқан жері мен мекен-жайы;
2) серiктестiкке қатысушылардың (серiктестiкке қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын серiктестiктердi қоспағанда) олардың атауы, орналасқан жерi, мекен-жайы, банк реквизиттерi (eгep құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе аты-жөнi, тұратын жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (eгep құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетiлген тiзбесi;
3) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер;
4) серіктестік органдарын құру тәртібі мен олардың құзыреті;
5) серіктестікті қайта ұйымдастыру және оның қызметін тоқтату ережелері;
6) серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмін жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жағдайда серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлудiң тәртiбi;
7) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі және мерзімі;
8) серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болуға тиіс.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар :
1) құрылтайшылар серіктестік құруға уәкілеттік берген адам қол қойған серіктестік құру туралы өтінішті;
2) серіктестіктің жарғысын;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алым төленгенін растайтын құжатты табыс етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады. Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі айлық жүз есептік көрсеткіштің мөлшеріне бара-бар сомадан кем болмауы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік (Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылатын арнайы исламдық қаржы компанияларын қоспағанда) болуы мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкі оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) салымдары, серіктестік алған табыстар, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен құралады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі оның балансында есептеледі.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің органдары :
1) серіктестіктің жоғары органы - оның қатысушыларының жалпы жиналысы (жалпы жиналыс) ;
2) серіктестіктің атқарушы органы (жеке-дара немесе алқалы) .
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысында серіктестіктің байқаушы (байқаушы кеңес) және бақылау (тексеру комиссиясы, тексеруші) органдарын құру көзделуі мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік органдарының құзыреті, сондай-ақ олардың шешім қабылдау немесе серіктестік атынан әрекет жасау тәртібі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңмен, басқа да заң актілерімен және серіктестік жарғысымен белгіленеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы жиналысы
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жоғары органы (жалпы жиналыс) қатысушылардың кезекті немесе кезектен тыс жалпы жиналысы ретінде шақырылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің барлық қатысушыларының жалпы жиналысқа қатысуға, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы бар.
Серіктестік қатысушыларының аталған құқықтарын шектейтін серіктестік жарғысының және кез келген басқа құжаттардың, шешімдердің ережелері жарамсыз болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы жалпы жиналысқа жеке өзі немесе өкілі арқылы қатыса алады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының ерекше құзыретіне:
1) серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, оның жарғысын өзгерту немесе серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекіту;
2) серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау;
3) серіктестіктің бақылаушы кеңесін және тексеру комиссиясын (тексерушіні) сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының (тексерушісінің) есептері мен қорытындыларын бекіту;
4) серіктестіктің жылдық қаржылық есептемесін бекіту және оның таза табысын бөлу;
5) оларды бекіту серіктестіктің жарғысында серіктестіктің өзге органдарының құзыретіне жатқызылған құжаттардан басқа, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімін және басқа да құжаттарды бекіту;
6) серіктестіктің өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім шығару;
7) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім шығару;
8) тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;
9) серіктестікке қатысушыдан үлесті мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім шығару;
10) серіктестіктің бүкіл мүлкін кепілге беру туралы шешім шығару;
11) серіктестік мүлкіне қосымша жарналарын енгізу туралы шешім шығару;
12) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібін және мерзімдерін бекіту жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz