Туризмнің мәдениетке әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. Туризм туралы түсінік

2.Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері

3. Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие
болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен
археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет
пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің
туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен клісуге болады.
Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты,
елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем
жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады.
Мәселен,Жамбылдың Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Алматының шөлейт
аймақтарында орналасқан Тамғалысы және басқа да аты аңызға айналған
жерлерді айтуымызға болады. Өкінішке орай, туристердің көпшілігінің әуелі
танысып өтетін интернет беттерінде Қазақстанның барлық туристік жерлері
туралы біліп, танысуларына мүмкіндік жоқтың қасы. Қызығушылық тудыратындай
айтылмаса, жазылмаса, көрсетілмесе шетелдік емес,жергілікті азаматтардың да
жеріміздің әсем жерлеріне баруы қиын-ақ, және еліміздің ішкі туризмі
өкініщке орай әзірге мақтанып айтарлықтай дәрежеде емес. Сол себепті де
Қазақстанда қазіргі таңда көтеріліп жатқан өзекті мәселелердің бірі –
туризм болғандықтан, біз дәл осы Қазақстанның ішкі туризмінің бүгінгі
жетістіктері мен кемшіліктерін қарастырғанды жөн санадық.
Жұмыс барысында Қазақстанның ішкі туризмін мына тұстардан
қарастардық:
– Ішкі туризм индустриясының даму проблемалары
– Қазақстанның ішкі туризмінің қазіргі жағдайы
– Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері
– Ішкі туризмнің дамуының алғы шарттары
– Қазақстанда қазіргі кезде кездесетін туристік аймақтар
Осыған байланысты рефераттың негізгі мақсаты мынандай бөліктерден
тұрады:
– Қазақстандағы ішкі туризм дамуының мүмкіншіліктерін қарастыру;
– Қазақстанның ішкі туризмінің қазіргі таңдағы жағдайына шолу жасау;
– Қазақстанның ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктерін қарастыру.
– Ішкі туризм дамуының алғы шарттарын белгілеу
Туризмнің дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерін
тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны қатты ластайды,
жергілікті тіршілікке үлкен зиянын тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше
табиғаттың тазаруы мен күтілімін талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар
қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз
пайдасын тигізеді.
1. Туризм туралы түсінік
Қазіргі кезде адам қызметінің әр түрлі формалары бар, олар жалпы
жағдай жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы
жаңа әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның ішінде саяхатқа құштарлығын
арттырады. Саяхат дегеніміз – туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол
көптеген экономикалық және әлеуметтік аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда
туризм мықты дербес индустрияға айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның
мәліметтері бойынша туризм әлемнің өндірістік-сервистік нарық айналымының
10 пайызын қамтамасыз етеді. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық
өнімнің 6%, әлемдік инвестицияның 7%, әр 16-шы жұмыс орны, әлемдік тұтынушы
шығындарының 11%, барлық салық түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм
индустриясының экономикаға тікелей әсерін көрсетеді.
Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама
берілуі керек.
Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір
өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда
туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір оптимум
таңдау өте қиын.

2.Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері
Халықаралық мамандар қазіргі туризмді құлдырауды білмейтін әлемдік
экономика саласына жатқызады. Кіріс жағынан ол тек мұнай экспорты, мұнай
мен автомобильге ғана жол береді. Шикізат сату елдің энерго
тасымалдаушыларын шығынға ұшыратады, ал туриндустрия жанданып келе жатқан
ресурстарда жұмыс істейді. Осыдан келіп туризмді дамыту шикізат сатудан
тиімдірек пе деген ойға еріксіз берілесің.
Сонымен қатар Қазақстанның ішкі туризмі – мемлекетіміздің жарнамасы
болып табылады. Алайда соңғы жылдары кіріс және ішкі туризмге деген
сұраныс өсуде. Халықаралық талдаушылар мен мамандардың ойынша туризм де
Қазақстанның өсуі мен өркендеуіне зор ықпалын тигізеді. Осы орайда
Алматының туристік инфрақұрылымы елеміздегі ең дамыған инфрақұрылым болып
отыр. Қаламыздың туристік қызметтері даму үстінде: 600 жүзден астам
туристік агенттіктер бар, 80-нен астам шетелдік компаниялармен байланыстар
орнатылған. Өткен жылғы көші қон қызметінің көрсеткіші бойынша қаламызға
көпшілігі іскерлік туризм өкілдері арқылы алыс және жақын шет елден 76000
қонақ келген. Туристік агенттіктер туристерге қызмет көрсету арқылы
мемлекеттік бюджеттің қірісін ұлғатып отырғандығын байқатуды. Туристік
агенттіктері арқылы туристік қызмет көрген туристердің саны күні бүгінге
өсіп келеді. Ішкі маршруттық көрсеткіштер 3,3 есе өсті.
Қала әкімшілігі туризм дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Алматының
туристік индустрия орталығына айналуы қазіргі таңдағы ең негізгі мәселе.
Алматының әсемдігін біз басқа елден келген туристерге көрсетіп, оларды
қонақ-жайлылықпен қарсалып, олардың көңілдеріне жақсы әсер қалдырып, Алматы
жайында өз елдеріне жеткізіп, қайтадан келулеріне ықпал етуіміз қажет.
Туризм басқа экономикалық сектормен салыстырғанда мультиприкаторлықтың
аса үлкен пәрменділігіне ие. Ол тікелей жене жанама түрде экономиканың 32
секторына есер етеді (бұл турфирмалар, көліктің барлық түрлері, қонақүй
кешендері, тамақтандыру жүйесі, демалыс үйлері, санаториилер, ұлттық
кәсіптер, парктер және тағы басқалары). Онымен қоса-бұл әлемдік өндірістегі
әрбір тоғызыншы жұмыс орны.
Шетелдік туристерге қызмет ету бастапқыда азғана турфималарды
қызықтырған еді. Туризмнің бұл саласын дамыту көп қаржылай салымды талап
етті. Бұл жағдайдың теріс қыры Қазақстанның туризм обьектісі ретінде
имиджінің қалыптасуының концепциясының жоқтығынан күшейе түсті.
Квалификацияландырмаған басқару басқа проблемаларды тудырды; әкімшілік
формальды істердің қиындауы (визалар, шетелдік азаматтарды тіркеу, кеден
процедуралары), дамымаған инфрақұрылым, қатаң салықтық режим, тұрғылықты
халықтың туристерді бейбітшілікпен қабылдамауы. Тіпті интернет жүйесінде
Қазақстанды туристерге қауіпті елдердің тізіміне кіргізген мәліметтер де
шыққан.
Елге келетін туристер санын көбейту мақсатында туристік
ұйымның шетелге шығарған туристің саны елге келетін туристік
азаматтар санымен теңесуі керек деген айла да қолданып көрді. Бұл іске тек
қана жекеменшік турбизнес өкілдері ғана емес, сонымен қатар
шетелдіктер де қарсы болды. Солардың біреуінің ойынша, "тек
сауатты ойластырылған саясат қана жағдайды өзгерте алады және 25
пайызға емес, барлық 50 пайыз".
Қазақстанда әуе жолдары да жақсы дамыған, бірақ авиабилет
бағасының қымбаттығы Қазақстанның туристік өнім бағасын үлкейтеді, ол
сәйкесінше халықаралық рынокта бәсекелестігін төмендетеді. "Мұнай өнімдерін
өндірмейтін Қырғызстанда авиабилет құны мұнайлы ел Қазақстандікімен
салыстырғанда екі есе арзан" деген болатын қазақстандық турфирмалар.
"Туризм" жайлы жаңа заңның шығуы туристтік салада көп өзгерістерге
әкеледі деп сендіреді. Мамандардың ойынша, жаңа заңда негізінен ішкі және
сыртқы туризмге көп көңіл бөлінген. Екінші баптың он бесінші тармағында
кәсіпкерлер арасында түсінбеушілік пен аландаушылыққа әкелді, онда "құзырлы
орган соттың араласуынсыз турфирманың лицензиясын алты айға дейін тоқтата
алады" делінген. Құзырлы органдардың басқару тетіктерін өздеріне қалдыруға
тырысуы түсінікті, бірақ бұл шенеуліктер тарапынан өз міндетін асыра
пайдалануға әкелуі мүмкін. Алматы Туристік Фирмалар Ассосациясы "
турфирмалар мен атқрушы билік арасындағы дауды тек қана сот шеше алады"
деген ойда. Заң бәріне бірдей - атқарушы билік үшін де, кәсіпкерлер үшін
де.
Дүниежүзілік Туристік Ұйымның үшінші мың жылдықта кеңестік
республикаларға қатысты оптимистік болжамы бізді әлемдегі ең жемісті ел
болуға сендіреді. Бірақ қазақстандық турөнім, елдің өзі тәрізді көпке
белгісіз болып қалуда. Шетел сарапшылары айтқандай Қазақстан басқа елдерден
ерекшеленіп тұратын "нақты" турөнім жасамағанша туристік қызметтер
рыногында өз орнын таппайды деген. Кейбір ерекшеліктер қазірдің өзінде
көрініп тұр. Біздің турөнімнің екі базалық компоненті бар: Жібек жолындағы
мәдени туризм (дәстүрлі және сиынушылық) және сонымен тығыз байланысқан
экооқйғалы туризм, (сафари, рафтинг, орниталогия, альпенизм, аң аулау,
балық аулау). ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Қазақстанда баламалы туризмді дамыту әлеуеті
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм саласы даму үстінде
Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары
Туристік инфрақұрылым мен қызметтерді дамыту және ілгерілету
Туризмнің әлемдік экономикадағы, Қазақстандағы және Алматы облысындағы рөлін зерттеу
Туристік бизнесті басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру
Қазақстанға өз өркениетін сақтап мемлекет ретінде өзінің ерекше мүмкіндіктерін пайдалану
Мәдени туризмді дамытудың әлеуметтік ұйымдастырылу әлеуметі
Қазақстанның туристік кластерінің дамуын қозғалтқан инвестициялық жобалар
Пәндер