Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері


ҚЫСТАУБАЙ
Өмірбай Сайынұлы
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
УДК
ББК 67. 404(5 Қаз) я 73
Қ 91
Пікір білдірушілер:
Айдарбаев Сағынғали Жоламанұлы - заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі;
Жандарбек Бауыржан Әбілқасымұлы - заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының доценті;
Динанов Әлібек Керімбекұлы - заң ғылымдарының кандидаты, Орталық Азия Университетінің доценті.
Қыстаубай Ө. С.
Азаматтық құқық. Оқу құралы. - Алматы, НИИЦ «Мураттас»У, 2011. - 328 б.
ISBN 9965-411-69-7
Оқу құралында еліміздің азаматтық құқықтық заңнамасына негізделген Азаматтық құқық пәні бойынша тақырыптардың қысқаша мазмұны, әр тақырып соңында тапсырмалар, сондай-ақ білім алушылардың білімін тексеретін, нақтылай түсінуге көмектесетін және бақылауға мүмкіндік беретін тестілік тапсырмалар берілген.
Азаматтық құқық пәні бойынша ұсынылып отырған еңбек жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына арналады.
Баспаға Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған.
ISBN 9965-411-69-7
© Қыстаубай Ө. С., 2011
МАЗМҰНЫ
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)
1 - тарау. Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу
1. 1 Азаматтық құқықтың түсінігі . . .
1. 2 Азаматтық құқықтық қатынастар . . .
1. 3 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау . . .
2 - тарау. Азаматтық құқықтың субъектілері
2. 1 Азаматтар - азаматтық құқықтың субъектілері ретінде . . .
2. 2 Заңды тұлғалар - азаматтық құқықтың субъектілері ретінде . . .
2. 3 Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық құқықтың субъектілері ретінде . . .
3 - тарау. Азаматтық құқық объектілері
3. 1 Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі мен түрлері, оларға сипаттама беру . . .
3. 2 Қаржылық құралдар азаматтық құқықтың объектілері ретінде . . .
3. 3 Бағалы қағаздар азаматтық құқық объектілері ретінде . . .
3. 4 Азаматтық құқықтың өзге де объектілері . . .
4 - тарау. Мәмілелер
4. 1 Мәміленің түсінігі мен түрлері . . .
4. 2 Мәміле жарамдылығының жағдаяттары (алғышарттары) . . .
4. 2 Жарамсыз мәмілелер түсінігі, түрлері және құқықтық салдары . . .
5 - тарау. Өкілдік және сенімхат
5. 1. Өкілдік түсінігі, белгілері, түрлері . . .
5. 2 Сенімхат түсінігі, түрлері, мерзімдері, тоқтатылуы . . .
6 - тарау. Мерзімдер. Талап қою мерзімі
6. 1 Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері . . .
6. 2 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және азаматтық міндеттерді орындау мерзімдері . . .
6. 3 Талаптың ескіруі, талап қою мерзімінің түсінігі, маңызы, қолданылуы
7 - тарау. Меншік құқығы және өзге де құқықтар
7. 1 Меншік құқығы жөніндегі жалпы ережелер . . .
7. 2 Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы . . .
7. 3 Ортақ меншік . . .
8 - тарау. Міндеттемелік құқық
8. 1 Міндеттеме ұғымы және оның тараптары . . .
8. 2 Міндеттемені орындау . . .
8. 3 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету . . .
8. 4 Міндеттемені тоқтату . . .
9 - тарау. Азаматтық құқықтық жауапкершілік
9. 1 Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ұғымы, ерекшеліктері, түрлері . . .
9. 2 Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің алғышарттары . . .
10 - тарау. Шарт туралы жалпы ережелер
10. 1 Шарт ұғымы, шарттан туындайтын қатынастар, шарт еркіндігі, бағасы, қолданылуы, шарт және заңдар . . .
10. 2 Аралас, ақылы және ақысыз, жария, қосылу, алдын ала жасалатын, үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттар . . .
10. 3 Шарт жасасу: шарттың елеулі ережелері, нысаны, оферта, акцепт, шарт жасасу тәртібі, шарттың жасасатын жер . . .
10. 4 Шартты өзгерту және бұзу . . .
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім) бойынша тестілік тапсырмалар . . .
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім)
11 - тарау. Мүлікті (тауарды) меншікке, шаруашылық жүргізуге немесе жедел басқаруға беру жөніндегі міндеттемелер
11. 1 Сатып алу-сату туралы жалпы ережелер . . .
11. 2 Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ерекшеліктері . . .
11. 3 Тауар жеткізілімі шартының ерекшеліктері . . .
11. 4 Келісім шарт жасасу шартының ерекшеліктері . . .
11. 5. Энергиямен жабдықтау шартының ерекшеліктері . . .
11. 6 Кәсіпорынды сату шартының ерекшеліктері . . .
11. 7 Айырбас шарты . . .
12 - тарау. Рента және өмір бойы асырауда ұстау
12. 1 Рента шарты туралы жалпы ережелер . . .
12. 2 Тұрақты рента шарты . . .
12. 3 Ғұмырлық рента шарты . . .
12. 4 Өмір бойы асырауда ұстау шарты . . .
13 - тарау. Сыйға тарту шарты
13. 1 Сыйға тарту шартының түсінігі, ерекшеліктері . . .
13. 2 Қайырмалдық . . .
14 - тарау. Мүлікті пайдалануға беру жөніндегі міндеттемелер
14. 1 Мүлікті жалдау туралы жалпы ережелер . . .
14. 2 Прокат шартының ерекшеліктері . . .
14. 3 Көлік құралдарын жалдау ерекшеліктері . . .
14. 4 Кәсіпорынды жалдау ерекшеліктері . . .
14. 5 Лизинг шарты . . .
14. 6 Тұрғын үйлерді жалдау ерекшеліктері . . .
15 - тарау. Жұмыс орындау жөніндегі міндеттемелер
15. 1 Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер . . .
15. 2 Тұрмыстық мердігерлігінің ерекшеліктері . . .
15. 3 Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері . . .
15. 4 Жобалау және іздестіру, ғылыми зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлігінің ерекшеліктері . . .
16 - тарау. Көлік қатынастарын құқықтық реттеу
16. 1 Көлік қатынастарына қатысты негізгі терминдер, көлік құралдарына қойылатын талаптар . . .
16. 2 Тасымалдаушының, жүк жөнелтушінің, жолаушының жауапкершілігі . . .
16. 3 Жүкті тасымалдау шарты . . .
16. 4 Жолаушыларды тасымалдау шарты . . .
16. 5 Көлік экспедициясы шарты . . .
17 - тарау. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (Факторинг) шарты
17. 1 Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының түсінігі, нысанасы (пәні), нысаны . . .
17. 2 Тараптардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі . . .
18 - тарау. Банктік қызмет көрсету міндеттемелері
18. 1 Банктік қызмет көрсетудің ерекшеліктері . . .
18. 2 Банктік шот шарты . . .
18. 3 Ақша аудару туралы шарт . . .
18. 4 Банк салымы шарты . . .
19 - тарау. Есеп айырысу міндеттемелері
19. 1 Есеп-айырысу туралы жалпы ережелер . . .
19. 2 Төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру . . .
20 - тарау. Сақтау міндеттемелері
20. 1 Сақтау шартының түсінігі, нысаны, мерзімі, сыйақы мөлшері, тараптардың жауапкершілігі . . .
20. 2 Затты ломбардта сақтау ерекшеліктері . . .
20. 3 Құндылықтарды банкте сақтау . . .
20. 4 Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты . . .
20. 5 Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау . . .
20. 6 Заттарды қонақ үйлерде сақтау . . .
20. 7 Даулы заттарды сақтау . . .
20. 8 Тауар қоймасында сақтау . . .
21 - тарау. Сақтандыру міндеттемелері
21. 1 Сақтандыру ұғымы, объектісі, нысандары, түрлері . . .
21. 2 Сақтандыру құқықтық қатынастарына қатысушылар және өзге де ұғымдар . . .
21. 3 Сақтандыру шартының ұғымы, мазмұны, нысаны . . .
21. 4 Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздері . . .
21. 5 Суброгация . . .
21. 6 Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату . . .
21. 7 Сақтандыру шартының жарамсыздығы . . .
21. 8 Сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау . . .
22 - тарау. Тапсырма шарты
22. 1 Тапсырма шартының түсінігі, мазмұны . . .
22. 2 Тараптардың жауапкершілігі, шартты тоқтату . . .
23 - тарау. Комиссия шарты
23. 1 Комиссия шартының түсінігі . . .
23. 2 Тараптардың құқықтары мен міндеттері . . .
24 - тарау. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты
24. 1 Мүлікті сенімгерлікпен басқару (МСБ) шартының түсінігі, нысаны, субъектіілері, объектілері . . .
24. 2 Шарт бойынша жауапкершілік. Шартты тоқтату . . .
25 - тарау. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты
25. 1 Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты: түсінігі және нысаны . . .
25. 2 Шарттың шектеулі шарттықтары (жағдаяттары) . . .
25. 3 Кешенді кәсіпкерліктің қосымша лицензия шарты . . .
26 - тарау. Конкурстық міндеттемелер
26. 1 Конкурстық міндеттемелердің ұғымы мен түрлері . . .
26. 2 Лотереялар, тотализаторлар және өзге де ойындар өткізу ерекшеліктері . . .
27 - тарау. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер
27. 1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме ұғымы мен алғышарттары
27. 2 Зиян келтірілгені үшін жауаптылықтың кейбір түрлері . . .
27. 3 Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу . . .
27. 4 Моралдық зиянның орнын толтыру . . .
28 - тарау. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер
28. 1 Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме ұғымы, түрлері . . .
28. 2 Қайтарылуға жатпайтын негізсіз байлық . . .
29 - тарау. Интеллектуалдық меншік құқығы
29. 1 Интеллектуалдық меншік құқығы туралы жалпы ережелер . . .
29. 2 Авторлық құқық және сабақтас құқықтар . . .
29. 3 Патенттік құқық . . .
29. 4 Селекциялық жетістіктерге құқықтар . . .
29. 5 Интегралды микротәсім топологиясына құқықтар. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы . . .
30 - тарау. Азаматтық айналымға, тауарларға және қызмет көрсетулерге қатысушыларды дараландыру құралдары
30. 1 Фирмалық атауға құқықтың түсінігі, әрекет етуі және оны иеліктен алу . . .
30. 2 Тауар белгісінің түсінігі мен қолданылуы . . .
30. 3 Тауардың шығу жері атауының түсінігі, қолданылуы . . .
31 - тарау. Мұрагерлік құқық
31. 1 Мұрагерлік түсінігі, негіздері. Мұраның құрамы, ашылуы, ашылу орны . . .
31. 2 Мұрагерлер. Мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету . . .
31. 3 Өсиет бойынша мұрагерлік . . .
31. 4 Заң бойынша мұрагерлік . . .
31. 5 Мұра алу . . .
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім) бойынша тестілік тапсырмалар . . .
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
1. 1 Азаматтық құқықтың түсінігі (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің /ілгеріде - ҚР АК/ 1-7 баптары)
1. 1. 1 Құқық салалары жүйесіндегі азаматтық құқық түсінігі, қағидаттары, функциялары
Азаматтық құқық пен өзге сабақтас құқық салаларының арақатынасы. Азаматтық-құқықтық реттеудің нысанасы (пәні) мен әдісі.
Азаматтық құқық дегеніміз - қатысушылардың заңи теңдігіне, шарт еркіндігіне, мүліктік дербестікке, қол сұқпаушылыққа негізделген мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Азаматтық құқық реттейтін мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланысты да байланыссыз да болуы мүмкін. Мысалы, азаматтың ар-намысына нұқсан келтіретін және шындыққа жанаспайтын мәлімет баспасөз ақпарат құралдары бетінде жарық көрсе, азамат бұл ақпаратты жариялаған газет (журнал және т. с. с. ) редакциясынан қателік екенін білдіріп кешірім сұрауларын талап ететін болса, бұл мүліктік емес жеке құқығына келтірілген нұқсанды қорғау болып табылады және мүліктік сипатта болмайды, яғни мүліктік қатынастармен байланысты емес. Ал егер, зиян ар-ожданына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе және азамат моральдық зиянды өтеуді талап етсе, моральдық зиянды өтеу ақшалай нысанда болады, яғни мүліктік емес жеке қатынастардың мүліктік қатынастармен байланысты болғанына көз жеткіземіз.
Азаматтық құқықтың қағидаттары:
- қатысушылардың заңи теңдігі қағидаты бойынша азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушы барлық тұлғалар заң алдында да және бір-бірінің алдында да тең болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі болуы мүмкін мемлекеттің өзі де осы қатынастарда өзге қатысушылармен тең саналады және артықшылыққа ие бола алмайды;
- меншікке қол сұқпаушылық қағидаты бойынша тұлғаны меншігіндегі мүліктен айыруға заңнамамен қарастырылған жағдайларда ғана жол беріледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабына сай, «1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. 2. Меншiк, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi. 3. Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн»;
- шарт еркіндігі: тұлға шарт бойынша әріптесті дербес таңдайды, тараптар шарт жасасуда және оның жағдаяттарын анықтауда еркін;
- жеке істерге заңсыз қол сұғуға жол бермеу қағидатына сай құқыққа ие тұлға өзінің кәсіпкерлік немесе өзге де заңды істеріне кез келген тұлғаның заңсыз араласуына жол бермеуге құқылы, соның ішінде жария биліктің заңсыз әрекеттерінен қорғануды жүзеге асыра алады;
- азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, оларды қалпына келтіру және қорғау қағидатына сай құқыққа ие тұлға өзіне тиесілі құқықтарды заңнама шеңберінде жүзеге асыруға және қиындық пен кедергі жасаушыларға тыйым салуға, қорғауды өзі немесе сот арқылы жүзеге асыруға құқылы;
- құқықты теріс мақсатта пайдалануға жол бермеу қағидатына сай құқыққа ие тұлға өзіне тиесілі құқықтар мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңнама шеңберінде қамтамасыз етілген мүмкіндіктерді жүзеге асырған кездерде өзгеге зиян келтірмеуі тиіс, яғни теріс мақсатта пайдаланбауы қажет.
- диспозитивтік қағидатына сай азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар мәмілелердің бағасын, мазмұны мен мерзімдерін және өздері үшін өзге де қажетті болып табылатын жағдаяттарды өз қалауларына қарай жүзеге асыра алады. Дегенмен, мұндай дербестік пен ынталылық заңнамамен бекітілген императивтік талаптарға қайшы келмеуі қажет.
Азаматтық құқықтың функциялары:
- экономиканың қалыпты жұмыс істеуі мен дамуы үшін жағымды жағдайларды қалыптастыруға бағытталған реттеу функциясы;
- азаматтық құқықтарды құқық бұзушылықтардан қорғауға бағытталған қорғау функциясы. Азаматтық құқықта қорғау функциясы негізінен қалпына келтіру (төлемақы) сипатында болады.
Конституциялық құқық құқық жүйесінің жалпы қағидаттарын, соның ішінде азаматтық құқықтың негізгі бастауларын белгілейді. Конституциялық құқық меншіктің барлық нысандарының теңдігін, оған қол сұғуға болмайтындығын, кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және өзге де қағидаттарды анықтайды. Ал, азаматтық құқық бұл қағидаттарды өз нормаларында нақтылай түседі, бекітеді және жүзеге асыруға ықпал етеді.
Әкімшілік құқық мүліктік қатынастарды реттеуі мүмкін, бірақ әкімшілік құқықтың негізгі әдістерінің бірі билік-бағыныштылық қағидаты болғандықтан, тараптар теңдігі мен шарт еркіндігіне негізделген азаматтық құқықтан өзгеше құқықтық қатынастарды реттейді. Дегенмен де, әкімшілік актілер негізінде азаматтық құқықтар мен міндеттер туындауы мүмкін. Мысалы, жергілікті атқарушы органның шешімімен азаматқа мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі берілуі мүмкін. Әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылатын лицензиялаудың да азаматтық құқықта маңызы бар.
Қылмыстық құқық нормаларына мүліктік сипаттағы қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылатын тұлға азаматтық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін. Мысалы, өзге адамның мүлкін ұрлау немесе тонау арқылы жасаған қылмысы үшін қылмыскер ұрлаған, тонаған заттың (мүліктің) өзін немесе құнын азаматтық құқық шеңберінде өтеуге, сол сияқты жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге міндетті.
Азаматтық іс жүргізу құқығы азаматтық құқықтан туындайтын талаптардың қарастыру тәртібі, мерзімі мен өзге де ерекшеліктерін белгілейді.
Еңбек құқығы еңбек қатынастарын реттейді және жеке еңбек шарты мен мердігерлік шартынан туындайтын дауларды анықтау мен шешуде азаматтық құқықпен сабақтасуы мүмкін.
Отбасы құқығы да азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Себебі, отбасы құқығы азаматтық құқықтың ұғымдық аппаратын (азаматтық құқыққабілеттілік пен әрекет қабілеттілік, шарттарды және т. б. ) пайдаланады.
Егер еңбек, отбасылық қатынастарын реттейтін осы салалардың тиісті нормалары болмаған жағдайда, азаматтық құқықтық нормалар қолданылады.
Азаматтық құқықтың нысанасы (пәні) ретінде:
- материалдық игіліктер бойынша туындайтын мүліктік қатынастар;
- материалдық емес игіліктер мен құқықтардан туындайтын мүліктік емес жеке қатынастар табылады.
Азаматтық құқықтың әдісі дегеніміз-қоғамдық қатынастарды бірізділік тәртіпке салатын, реттейтін және қорғайтын құқықтық тәсілдер мен құралдардың жиынтығы.
Азаматтық құқықтық реттеу әдісінің ерекшеліктеріне:
- тараптардың заңи теңдігі;
- тараптар еркінің дербестігі;
- тараптардың мүліктік дербестігі;
- азаматтық құқықтарды қорғау;
- азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мүліктік сипатта болуы жатады.
1. 1. 2 Азаматтық құқық пен азаматтық заңнама
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын азаматтық заңнаманың негізгі актілері. Халықаралық шарттар мен Қазақстанның азаматтық заңнамасының арақатынасы.
Азаматтық құқық мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы ретінде көрініс табатын болса, азаматтық заңнама осы қатынастарды реттейтін белгілі бір иерархиялық сатыда орналасқан нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын құрайды.
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілері туралы» заңының 4-ші бабына сәйкес азаматтық құқықтың қайнар көздерін заңи күшіне қарай былайша орналастыруға болады:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар.
2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:
1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар:
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлықтары;
2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстерi;
3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтары;
6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
7) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;
8) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi.
3. Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.
4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.
5. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.
6. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және барлық өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келуге тиiс емес. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне қарағанда халықаралық құқық нормалары басымдылыққа ие.
Жалпы ережеге сай, азаматтық заңнаманың кері күші болмайды және ол қолданысқа енгеннен кейін туындайтын қатынастарға қолданылады.
Егер, заң актісінде тікелей көрсетілмесе, азаматтық заңнама Қазақстан Республикасы аумағында қолданылады.
1. 1. 3 Азаматтық заңнаманың уақытқа қарай қолданылуы Азаматтық заңнаманың ақтаңдақтарын толтыру. Азаматтық заңнаманы түсіндіру. Азаматтық құқық жүйесіндегі әдет-ғұрып, іскерлік айналым әдеттері.
Жалпы ереже бойынша, азаматтық заңнама Қазақстан Республикасы аумағында тұратын/орналасқан барлық тұлғаларға қолданылады.
Азаматтық құқықтың қайнар көздерін қолданбастан бұрын оларды түсіндіру қажет. Түсіндіру - олардың шынайы мазмұнын анықтау, білу.
Азаматтық құқықта заң ұқсастығы және құқық ұқсастығы қолданылады. Заң ұқсастығы - заңдармен, тараптардың келісімімен немесе іскерлік айналым әдеттерімен реттелмеген қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін нормаларды қолдану. Мұндай нормалар болмаған жағдайда тараптардың құқықтары мен міндеттері азаматтық заңнаманың жалпы негіздері мен мәнін еске ұстай отырып анықталады (құқық ұқсастығы) . Әдет-ғұрып нормалары Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына қайшы келмейтін болса, қолданылуы мүмкін, қайшы келген жағдайда, ҚР азаматтық заңнамасының нормалары қолданылады. Мысалы, әдет-ғұрып нормаларына сай мұрагерлік бойынша ата-ана меншігіндегі мүлік үйдің ең кенжесіне қалады (өтеді), ата-ана қолынан өзге ұлдары еншісін, ал қыздары жасауын алады. Ал, кезінде еншісін алған ұлы немесе жасауын алған қызы әкесі және/немесе шешесі қайтыс болып және ешкімге өсиет қалдырмаған болса, заң бойынша мұрагерлікпен өз үлес/тер/ін талап ететін болса, қолданыстағы заңнамамызға сай оның /олардың/ талабы орынды болып саналады.
Тапсырмалар:
- Пән не себептен азаматтық құқық атауына ие?
- Азаматтық құқық пен өзге де сабақтас құқық салаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
- Азаматтық құқық пен азаматтық заңнама ерекшеліктері неде?
- Азаматтық құқық пен өзге құқық салалары қағидаттарының айырмашылықтары қандай?
1. 2 Азаматтық құқықтық қатынастар (ҚР АК 1 бабы)
1. 2. 1 Азаматтық құқықтық қатынас ұғымы мен ерекшеліктері
Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз - азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері:
- азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушылары дербестікке, мүліктік оқшаулыққа және заңи теңдікке ие;
- азаматтық құқықтық қатынастың туындауына әкеп соғатын негізгі заңи фактілер болып мәмілелер, яғни құқықтық қатынас қатысушыларының ерікті еркін білдіру актілері табылады;
- қатысушылар құқықтық қатынас мазмұнын дербес анықтау мүмкіндігіне ие (шарт еркіндігі) ;
- азаматтық құқықтар бұзылған және азаматтық міндеттер орындалмаған жағдайда, құқықтық кепілдіктер мен жауапкершілік мүліктік сипатта болады;
- бұзылған азаматтық құқықтарды қорғау негізінен алғанда сот тәртібімен жүзеге асырылады.
1. 2. 2 Азаматтық құқықтық қатынастың құрылымы: субъектілері, объектілері, мазмұны
Азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері дегеніміз - нақты азаматтық құқықтық қатынасқа қатысуына байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болатын тұлғалар. Оларға жататындар:
- жеке тұлғалар;
- заңды тұлғалар;
- мемлекет;
- әкімшілік - аумақтық бөліністер.
Егер азаматтық құқықтық қатынастың қатысушылары құқыққа ие болса - несие беруші, ал міндет атқаратын тұлға болса - борышқор деп аталады. Әдетте азаматтық құқықтық қатынастың әрбір қатысушысы бір мезгілде несие беруші де борышқор да бола береді. Мысалы, сатып алу - сату, айырбастау шарттарында екі тарап та бір мезгілде құқықтарға да міндеттерге де ие болады.
Азаматтық құқықтық қатынас объектілері дегеніміз - құқықтық қатынасты туындататын және қатысушылары құқықтар мен міндеттерге ие болатын материалдық немесе материалдық емес игіліктер және құқықтар. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілеріне заттар (оның ішінде, ақша, бағалы қағаз), өзге де мүлік (оның ішінде, мүліктік құқықтар), жұмыстар, қызметтер, қаржы құралдары, интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, өзге де материалдық және материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.
Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны дегеніміз - азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің субъективтік азаматтық құқықтары мен міндеттері. Субъективтік құқық - құқықтық нормалармен қарастырылған құқыққа ие тұлғаның жүзеге асыруы мүмкін жүріс-тұрысының өлшемі. Әдетте, бұл мүмкіндік үш элементті қамтиды:
- өзінің жүріс-тұрыс мүмкіндігі (мысалы, меншігіндегі затты иесінің пайдалануы) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz