Азаматтық құқық обьектісінің түсінігі


ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЬЕКТІСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Азаматтық құқық обьектісінің түсінігі
1. 2 Азаматтық құқық обьектісінің түрлері
2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ЗАТТАЙ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2. 1 Заттардың ұғымы және оны саралау (жіктеу)
2. 2 Бағалы қағаздар
2. 3 Лизинг азаматтық құқық объектісі ретінде
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
5
5
7
11
11
14
20
24
26
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Кез келген құқық қатынасы оның субъективті құқықтар мен міндеттерді таратушылар ретіндегі қатысушыларының құқықтық байланысы болып табылады. Сондықтан субъективті құқықтар мен міндеттер де азаматтық құқық қатынасының мазмұны болып табылады.
Субъективті құқық дегеніміз құқық берілген тұлғаның ықтимал мінез-құлық шамасы. Субъективті азаматтық құқық мазмұны жағынан әртүрлі. Субъективті құқықтың мазмұнын субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды.
Мысалы, меншік құқығы: а) белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін меншік иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігін; ә) басқа адамдардың бәрінен олардың сол мүмкіндіктерді жүзеге асыруға меншік иесіне кедергі жасамауын талап ету; б) меншік құқығы бұзылған жағдайда құқық бұзушылықты жою үшін сотқа жүгінуге дейін құқық қорғау тәртібі шараларын пайдалану мүмкіндігін қамтиды. Міндетті тұлғаның тиісті мінез-құлық шамасы азаматтық құқықта міндет деп түсініледі. Алайда, азаматтық құқықта міндеттің әртүрлі болатынын ескеру керек.
Азаматтық құқық нормаларының көпшілігі диспозитивтік сипатта болады. Алайда азаматтық заңдарда тыйым салулар мен нұсқаулар сипатындағы ережелер де белгілі. Құқықтың тыйым салу нормалары азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың міндеттерін де айқындайды. Мысалға, тараптардың шарттан бір жақты бас тартуын немесе оның ережелерін бір жақты өзгерту (Азаматтық кодекстің 401-бабы) .
Әрбір азаматтық құқық қатынасында тараптар құқық берілген және міндетті тараптар болып екіге бөлінеді. Екі тараптың екеуінде де бір тұлға немесе бірнеше тұлға болуы мүмкін, мысалы, бірлесіп зиян келтірген тұлғалар бұл зиянды зардап шегушіге өтеуге тиіс. Құқық қатынастарына белгілі бір тұлғалар қатысуы мүмкін, алайда кейбір азаматтық құқық қатынастарына міндетті тарап жағынан саны белгісіз тұлғалар қатысады.
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың әрқайсысының бір мезгілде құқық берілген және міндетті тарап болуы сирек кездеспейді. Мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне беруге міндетті және сонымен бірге одан белгілі бір ақша сомасын төлеуді талап етуге құқылы. Ал сатып алушы бұл соманы төлеуге міндетті ғана емес, сонымен қатар мүлікті өзінің меншігіне беруді талап етуге де құқылы.
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар құрамының өзгеруі мүмкін, мұның өзі, атап айтқанда, құқықтық мирасқорлық себебінен орын алады. Құқықтық мирасқорлық деп құқықтың (сондай-ақ құқықтар мен міндеттердің) бір тұлғадан - құқықтық ізашардан екінші тұлғаға - құқықтық мирасқорға ауысуы түсініледі, бұл ретте соңғысы құқық қатынастарында өзінің құқықтық ізашарының орнын басады.
Құқықтық мирасқорлық әмбебап (жалпы) не сингулярлық (жекеше) болуы мүмкін. Жалпы құқықтық мирасқорлық бір заңдық актінің нәтижесінде құқықтық мирасқордың барлық құқық қатынастарында (құқықтық мирасқорлыққа жол берілмейтінін коспағанда) құқықтық ізашарының орнын басатынымен сипатталады. Мысалы, заңды тұлғалар қосылған жағдайда олардың құқықтары мен міндеттері, Азаматтық кодекстің 46-бабына сәйкес, жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады; мұраны қабылдауына байланысты мұрагерлер қайтыс болған адам қатысқан мүліктік құқық қатынастарының объектілеріне айналады. Жеке құқықтық мирасқорлық - қандай да болсын бір құқық қатынасындағы немесе бірнеше құқық қатынастарындағы құқықтық мирасқорлық. Мысалы, тұлға өзінің үшінші жаққа талап қою құқығын басқа тұлғаға берген жағдайда солай болады, жеке сипатта болатын құқық қатынастарында (есімге, авторлыққа және т. б. құқықты басқа адамдарға ауыстыруға болмайды), сондай-ақ бұлайша ауыстыруға заңмен тыйым салынған барлық жағдайларда құқықтық мирасқорлыққа жол берілмейді.
Құқық объектілері - мүліктік емес өзіндік игіліктердің мүліктік емес өзіндік құқықтармен тығыз байланысқаны соншама, АК кейде тек мүліктік емес өзіндік құқықтар туралы мәселе қозғап, оңда осы ұғымдар арқылы мүліктік емес өзіндік игіліктерді меңзеп отырады.
Курстық жұмыстың мақсаты азаматтық құқықтағы обьектілердің мағынасын толық ашу, олардың қазіргі нарықтық экономикада атқаратын рөлін көрсету болып табылады.
Курстық жұмыста Қазақстан және Шет мемелекет заңгерлерінің еңбектерін басшылыққа алып қолдандым.
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЬЕКТІСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Азаматтық құқық обьектісінің түсінігі
Азаматтық құқықтың нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқықтың объектісі деп аталады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен тізбе келтірілген: а) мүліктік игіліктер мен құқыққа жататындар: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметттердің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады; ә) жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқықығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар.
Құқық объектісі ретінде заттардың экономикалық (шаруашылық) және физикалық қасиеттерінің азаматтық құқықта үлкен маңызы бар. Затқа қатысты туындайтын заңдылық қатынастардың сипаты күні бұрын белгіленеді. Сондықтан азаматтық құқықтың ғылыми негізгі заттарды тиісті физикалық немесе экономикалық қасиеттеріне қарай саралап береді.
Азаматтық құқық объектілері, егер ол айналымынан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бір адам екінші адамға әмбебап құқықты мирасқорлық тәртібімен не өзге де әдіспен еркін беріледі немесе ауысады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар заң құжаттарында белгіленген реттерді қоспағанда, басқа әдіспен берілмейді және ауыспайды.
Азаматтық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқық объектісі деп аталады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ қүқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен тізбе келтірілген:
а) мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке) жататындар: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтердің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады;
ә) жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар.
Құқық объектісі ретінде заттардың экономикалық (шаруашылық) және физикалық қасиеттерінің азаматтық құқықта үлкен маңызы бар. Затқа қатысты туындайтын заңдылық қатынастардың сипаты күні бұрын белгіленеді. Сондықтан азаматтық құқықтың ғылыми негізі заттарды тиісті физикалық немесе экономикалық қасиеттеріне қарай саралап береді.
1. 2 Азаматтық құқық объектісінің түрлері
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері азаматтық кодекстің 115-бабында көрсетілген.
Азаматтың құқықтың объектісі ретінде заттардың экономикалық шаруашылық және физикалық қасиеті азаматтық құқықта үлкен маңызы бар, затқа қатысты туындайтын заң қатынастардың сипаты күні бұрын белгіленеді. Заттардың ұғымы және оны саралау.
Заттың ұғымы туралы қазіргі қолданып жүрген заңда айтылмаған, оның ұғымы азаматтық зерттеулерде берілген. Зат дегеніміз, азаматтық құқық тұрғысынан алып қарағанда, физикалық дене ретінде және оның адам еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін сыртқы материалдық дүниенің бір бөлігі болып табылады. Азаматтық құқық объектiлерiнiң айналым қабiлеттiлiгi 116-бап көрсетілген
Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға әмбебап құқықты мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тәртiбiмен не өзге де әдiспен еркiн берiледi немесе ауысады. Берiлуге рұқсат етiлмейтiн заттардың түрлерi (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тiкелей көрсетiлуге тиiс.
Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не алынуына немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айналым қабiлеттiгi шектеулi заттар)
Затты заңдық жағынан саралау көбіне көп оның табиғи қасиетіне немесе қоғамдық маңызыны негізделеді және әр құқық субъектілерінің белгілі бір заттың түріне қатысты әрекет етуін айқындайды.
Азаматтық кодкстің 117-бабына сәйкес заттардың өзі қозғалатын және қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Затты қозғалмайтындар қатарына жатқызу екі жағдайға, яғни материалдық жағынан затты жерден айрыуға болмайтындығына және оны орнынан қозғау үшін шығындау қажеттігіне байланысты, Кейбір жағдайларда, заң қозғалатын мүліктерді, атап айтқанда, әуе және теңіз кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, «өзен-теңіз» жүзу кемелерін, ғарыш объектілерін қозғалмайтын түрге жатқызады. Қозғалмайтын мүлікке теңестірілетін объектілер тізімі толық еместігін еске сала кеткен жөн. Азаматтық кодексте заң актілері бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүліктер де жатқызылуы мүмкін.
Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тікелуге тиіс. ( АК-тің 118-бабының1-тармағы)
Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып табылады. Заң бойынша «кәсіпорын» термині екі мағынада кәсіпорын деп аталады. (АК-тің 102-104 баптары. )
Азаматтық құқықтық субъектісі ретінде мұндай кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өтеді. Кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады (АК-тің 119-бабының 1-тармағы) . Яғни ондай кәсіпорын құқық объектісі болып табылады, кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмілелердің объектісі болуы мүмкін, ол әкімшілік тәртіппен өзге субъектіге берілуі ықтимал.
Мүліктік кешен ретінле кәсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті деген барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, шикізаттар, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету құқығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгілейтін белгілер егер заң құжаттарына немесе шартта өзгеше көзделмесе және тағы басқа айрықша құқықтар болады. Мүліктік кешеннен қандайда бір объектіні алу заңда немесе шартта көрсетілуі тиіс. Кәсіпорынның меншік құқығы мен өзге де құқықтары басқа тұлғаға өткенде, сол тұлға жоғарыда аталған құқықтардың бәрінің бірдей өзіне беріліуін талап ете алады.
Азаматтық кодекстің 116-бабының талаптарына сәйкес заттар айналымнан еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын және айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді1.
Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын зат деп азаматтық құқыққа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бұл ретте осы заттар адамдардың меншігінде болмайды деген тұжырым жасалады.
Заң «айналымнан алынып тасталған » деген сөзді басқа да мағынада қолданылады - мемлекеттік тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздік қамын ойлап иелік ету жолы айрықша жағдайға қойылған заттарға да қолданылады. Мәселен, айналымнан шығарылған жеке заттарға мыналарды жатқызуға болады: қару, радий, гелий және т. т. Алайда, бұл заттардың көпшілігі мемлекеттік дара меншіктік объектісі болып табылады. Азаматтар тиісті өкімет орынының рұқсаты бойынша бұл заттарды алып, оған иелік ете алады. Берілуге рұқст етілмейтін заттардын түрлері заң құжаттарында тікелей көрсетілуге тиіс.
Азаматтық құқықтын объектілерінің көбі айналым қабілетті болып келетіндігінен өзгеге еркін түрде беріліп, бір тұлғадан екіншісіне ауыса береді. Азаматтық кодексте баска біреуге беруге болмайтын материалдық емес игіліктер жөнінде арнайы талап бар. Мұндай игіліктер тізімі Азаматтық кодекстің 115-бабының 3-тармағында көрсетілген: олар - өмір, денсаулық тұлғаның ар-намысы және т. б.
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп бөлу оның табғатына тән нәрсе.
Бөлінетін зат бөлген кезде өзінің бастапқы қасиетінен айрылмайды. Бөлінбейтін зат бөлінгенде мәнін жоғалтып алады, сондай-ақ құжаттарында көрсетілгендей, бөлуге жатпайтын заттар кездеседі (мысалғы, ескерткіш) .
Енді күрделі заттар деген ұғымға тоқтала кетейік. Егер әр текті заттар бірігіп, бір мақсатқа пайдаланса әр бүтін бір затты құрайтын болса, олар бір зат деп қаралады. Оған мысал ретінде кітапхананы, пошта маркаларының коллекциясын және т. б. айтуға болады.
Азаматтық кодексте затты басты және керек-жарақ деп бөледі. Басты зат деп дербес бола алатын және және азаматтық құқықтық қатынастың тікелей пәні болып табылатын затты айтады. Керек-жарақ зат басты затқа қызмет етеді, өйткені, олардың шаруашылық мақсатты бір болады, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, басты затқа ілесіп жүреді. (мәселен, құлыптың кілті, скрипканың қылшыбығы және т. б. )
Азаматтық кодексте жемістер, азық-түлік және табыс деген заттарда қаралған. Бұл - затты пайдалану нәтижесінде алынған түсім. Жемістер деп отарғанымыз малдың төлі, жеміс ағаштарының жемісі және т. б., ал табыстар азаматтық айналымда пайда түсіреді, оған жалдамалы ақы, пайыздар және т. б., азық-түлік дегеніміз өндірістік мақсатқа орай затты пайдаланудан түскен өнімдер болып табылады.
Азаматтық кодексте ерекше объектілердің бірі ретінде азаматтық немесе заңды тұлғаның интелектуалдық меншігін қарастырады, оған интелектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдары жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметтің өнімдері жатады.
Азаматтық құқық объектісі ретінде ақшаның бірсыпыра өзгешеліктері бар. Ақша төлемінің заңды құралы болып табылады: ақшаға шағылып жасалған міндеттемелердің қандайын болсын ақша төлемі етуге болады. Ақшалай сома төленгенде ақшаның саны есепке алынады, ал ірі-ұсақты білдіретін белгісіне мән берілмейді. Мысалы, 100 теңге қарызды жирма теңгемен немесе екі елу теңгемен және т. с. беріп төлеуге болады1.
Азаматтық құқық объектілерінің бірі-бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтардың куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:
- бағалы қағаз - түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквивзитттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейленеді;
- бағалы қағаз оның иеленушінің мүліктік құқығын куәландырады;
- бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құқық ісек асырылады.
Бағалы қағаздармен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссатқа бермей-ақ индоссоментке тапсыумен шектеледі.
Азаматтық кодексте бағалы ағазды-құжат деумен бірге оны зат деп те көрсетеді Өйткені, кез келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді.
Бағалы қағаздың міндетті реквивзиттері арнайы нормативтік құқықтық құжаттарында көрсетілеген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, номиналдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау, қағаз бойынша орындалу орны және басқа шарттар) талаптар болып табылады.
Бағалы қағаздар үлестік және борыштық болуы мүмкін.
Борыштық бағалы қағаз-эмитенттің (борышкердің) осы бағалы қағаздарды шығару шарттарында борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын бағалы қғаз.
Үлестік бағалы қағаз - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделеген жағдайларда мүлік иесінің мүлікке белгіленген үлесіне иелік ету құқығын куәландыратын бағалы қағаз
Облигация - шығару кезінде айналыс мерзімі алдын-ала белгіленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақа алу және оның айналас мерзімінің аяқталуы бойынша облигацияны ақшалай немесе өзге де мүліктік балама түрдегі нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд және акционерлік қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алуға құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделеген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз.
Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әрі иеленушсінің талап-мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі.
Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді. Бұл бөлімде азаматтық құқықтың объектілерінің түрлері көрсетіліп толығымен ашылып негізделінді.
2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ЗАТТАЙ ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2. 1 Заттардың ұғымы және оны саралау (жіктеу)
Заттың ұғымы туралы қазіргі қолданып жүрген заңда айтылмаған, оның ұғымы азаматтық зерттеулерде берілген. Зат дегеніміз, азаматтық құқық тұрғысынан алып қарағанда физикалық дене ретінде және оның адам еңбегімен жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін (болатын) сыртқы материалдық дүниенің бір бөлігі болып табылады.
Затты заңдық жағынан саралау (жіктеу) көбіне көп оның табиғи қасиетіне (физикалық немесе экономикалық) немесе қоғамдық маңызына негізделеді және әр құқық субъектілерінің белгілі бір заттың түріне қатысты әрекет етуін айқындайды.
Азаматтық кодекстің 117-бабына сәйкес заттардың өзі қозғалатын және қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Затты қозғалмайтындар қатарына жатқызу екі жағдайға байланысты: яғни материалдық жағынан затты жерден айыруға болмайтындығына және оны орнынан қозғау үшін шығындану қажеттігіне байланысты. Кейбір жағдайларда, заң қозғалатын мүліктерді, атап айтқанда әуе және теңіз кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, "өзен-теңіз" жүзу кемелерін, ғарыш объектілерін қозғалмайтын түрге жатқызады. Қозғалмайтын мүлікке теңестірілетін объектілер тізімі толық еместігін еске сала кеткен жөн. Азаматтық кодексте заң актілері бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүліктер де жатқызылуы мүмкін.
Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да құқықтар, бүл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс (АК-тің 118-бабының 1-тармағы) .
Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып табылады. Заң бойынша "кәсіпорын" термині екі мағынада кәсіпорын деп аталады (АК-тің 102-104 баптары) . Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мұндай кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден етеді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады (АК-тің 119-бабының 1-тармағы) . Яғни ондай кәсіпорын құқық объектісі болып табылады, кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмілелердің объектісі болуы мүмкін, ол әкімшілік тәртіппен өзге субъектіге берілуі ықтимал.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті деген барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, шикізаттар, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету құқығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгілейтін белгілер (фирманың атауы, тауар белгілері), егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, және тағы басқа айрықша құқықтар болады. Мүліктік кешеннен қандай да бір объектіні алу заңда немесе шартта көрсетілуі тиіс. Кәсіпорынның меншік құқығы мен басқа да құқықтары басқа тұлғаға өткенде, сол тұлға жоғарыда аталған құқықтардың бәрінің бірдей өзіне берілуін талап ете алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz