Сәйкестік сертификаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Сәйкестік туралы декларация
  2. Сәйкестi растаудың негiзгi түрлерi
  3. Сәйкестік сертификаты
  4. Өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттаудың түрлері
  5. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарга қойылатын талаптар
  6. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік бақылау және сертификатталған өнімдерге, үрдістерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге инспекциялық бақылау
  7. Сертификаттаудың маңызды мәселелері, өнімдерді сертификаттау
  8. Пайдаланылған әдебиеттер
  1. Сәйкестік туралы декларация

Сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат. Сәйкестікті декларациялау мынандай қажеттіліктен туындайды:

сәйкестікті міндетті растау тәртібіне икемділік беруден;

базарда сатылатын өнімнің қауіп-қатерлігін арттырмай оған жұмсалатын шығын мөлшерін азайтудан;

тауар айналымын арттырудан;

мемлекетаралық сауданы жақсартудан және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қолайлы жағдай туғызудан. Дайындаушы сәйкестікті міндетті түрде дәлелдей алуы керек.

Дәлелдеме ретінде болуы мүмкін:

өнімге дайындаушының өзі өткізген сынақтың немесе сынақ зертханаларында өткізілген сынақтың протоколы;

шикізатқа, материалдарға, жинақталған бұйымдарға берілген растау сертификаты немесе сынақ хаттамалары;

белгіленген өнімге заңнамаларда көрсетілген және оған құзыреті бар органдар мен мекемелер берген құжаттар (гигиеналық қорытынды, ветеринарлық куәлік, т. б. ) ;

сапа жүйесіне берілген сертификат;

өнімнің белгіленген талаптарға сәйкес екендігін тікелей немесе жанама түрде дәлелдейтін басқа да құжаттар.

Дайындаушы қабылдаған декларацияда белгіленген тәртіп бойынша аккредиттелген сертификаттау органында тіркелуі керек. Мұндай тіркеу декларация қабылдаған дайындаушыны біліп отыру үшін қажет. Осы мақсатта декларацияның көшірмесі сертификаттау органында сақталады, ал оны тіркеу нөмірі осы органның кодына енгізіледі. Тіркеуден өткен декларация өнімді сәйкестік белгісімен белгілеуге негіз болады. Сәйкестік белгісі өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сөйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі. Тауарға ілестірілген ақпарат дегеніміз - сәйкестік белгісімен белгілеу және ілестірілетін құжаттарда декларация қабылданғаны, тіркеуден өткізілгені туралы жазу. Декларацияның құқықтың табиғатын мына жағдайларды ескере отырып анықтауға болады. Сәйкестік сертификаты мүдделі емес мекеме (сертификаттау органы) беретін құжат, ал декларация - мүдделі тұлғаның өнімді сатуға құқықты болуы үшін керек, белгіленген түрдегі өз еркімен жасалатын құжат. Декларацияда көрсетілген ақпарат өнімге қатысты техникалық регламентке сәйкес келмесе, онда ол жарамсыз деп танылады. «Техникалық реттеу» заңы бойынша сәйкестікті декларациялау мына сызбалар негізінде жүргізіледі.

Дайындаушының өз дәлелдері негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдау.

Сәйкестікті растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдер негізінде сәйкестіктер туралы декларацияны қабылдау:

өзінің дәлелдемесі бойынша;

сертификатттау органымен немесе аккредиттелген зертхананың қатысуымен алынған дәлелдеме бойынша.

Техникалық регламентте үшінші жақтың қатысуымен сәйкестікті дәлелдеу, өсу жақтың болмауы себепті сәйкестікті дәлелдеу мақсатына жете алмайтын жағдайда белгіленеді. Басқаша айтқанда, бұл сызба өнімнің потенциалды қауіптілігін ескере отырып сәйкестікті дәлелдеу тәртібінде дәлелдеудің негізділігін күшейту қажет болғанда қолданылады. Өтініш берушілердің шеңбері техникалық регламенттерде белгіленеді. Әдеттегі өтініш берушілерден (өнімді дайындаушылардан) басқа қауіпсіздікті растау шетел дайындаушыларының функциясын атқаратын тұлғалар да дәлелдеуі мүмкін.

Еуропалық Одақ елдерінде сәйкестікті декларациялау

Еуропалық Одақ елдерінде өнім сапасын еуропалық директиваларға (нұсқауларға) сәйкестігін растауда декларация қабылдау практикасы кең тараған. Сәйкестікті декларациялау модульдік амал бойынша жүргізіледі (модульдер - ішкі тексеру, белгіленген типке сәйкестікті қамтамасыз ету, өндіріс сапасын қамтамасыз ету, т. б. ) Модульдік амалдың мынандай ерекшеліктері бар:

сәйкестікті растау процесс түрінде қарастырылып істі орындау (атқару) тәртібі - модульдерге бөлінеді.

модульдер жобалау сатысына, өндіріс сатысына немесе осы сатылардың екеуіне де қатысты қарастырылады.

сәйкестікті растау тәртібі бірінші жақтың (дайындаушының) немесе үшінші жақтың (уәкілетті органның) қатысуына негізделген.

сәйкестікті растау регламенттейтін құжаттың (техникалық регламенттің немесе ЕО директиваларының) басты талаптарына өнімнің сәйкестікті (сәйкес еместігі) және оған сәйкестік таңбасын тағу мүмкіндігі туралы шешім қабылдаумен аяқталады.

Модульдердің қиыстырылуын және құрамын таңдауда ескерілетін негізгі факторлар: өнім типі және оған тән қауіп-қатер деңгейі, сәйкестікті растаудың экономикалық мүмкіндігін басты талаптарға сәйкестікті дәлелдей алу деңгейімен оңтайлы үйлестіру.

Сәйкестікті декларациялау үдерісі мына сатылардан тұрады:

Директивалардың таралу шеңберін тексеру.

Қойылатын маңызды талаптарды ұқсастандыру.

Сәйкестікті растау модулін таңдау.

Қолданылатын үйлестірілген стандарттарды ұқсастандыру.

Техникалық құжаттардың жиынтығын құру.

Таңдап алынған сәйкестікті растау модуліне сәйкес сәйкестікті растау ретін қолдану.

Сәйкестік декларациясын құрастыру және толтыру.

Өнімге таңба соғу.

Сонымен, еуропалық сәйкестік декларациясы - дайындаушының қажетті дәлелділік негізде жасаған құжаты. [1]

  1. Сәйкестi растаудың негiзгi түрлерi

Сертификаттау (куәландыру) - азаматтардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және айналадағы ортаға өнімнің қауіпсіз болуы талаптарына сай келуін тексеру. Мамандандырылған мемлекеттік ұйымдар жүргізеді. [1]

Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.

Сертификаттау сәйкестікті бағалау бағытындағы іс-әрекеттің бірі болғандықтан, бұл салаға сәйкес келетін терминдер мен анықтамалар бар.

Сәйкестікті бағалау - өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады. Сәйкестікті бағалауға үш жақ қатысады. Қатысушы жақтар дайындаушының (бірінші жақ), сатып алушылардың (екінші жақ) мүддесін қорғайды. Үшінші жақ - алғашқы екі жаққа да тәуелді емес тұлға немесе орган.

Сәйкесті растау нәтижесі - объектінің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рәсімі.

Сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы. Сәйкестікті растаудың екі түрі бар:

1. Сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.

2. Дайындаушының (орындаушының) айналысқа шығаратын өнімінің, көрсетілетін қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат - сәйкестік туралы декларация деп аталады.

3. Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.

Сәйкестікті растау саласындағы құжат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация.

Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі - сәйкестік белгісі деп аталады.

Сәйкестікті растау сызбасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау ж. б. ) сипаттай отырып айңындау тәсілдері.

Сәйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман.

Сынақ зертханасы (орталығы) - өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынақ жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдар зертханасы. [2]

1. Сынақ зертханасының (орталықтары) заңды тұлға мәртебесі болады немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі бола алады.

2. Сертификаттау мақсатында сынақтарды жүзеге асыратын ұйымдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.

3. Заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын зертханаларда (орталықтарда) сертификаттық сынақтар жүргізілген кезде оларды жүргізуге сынақ лабораториясына (ортлығына) тапсырма берген сертификаттау жөніндегі орган өкілінің сынақтарға қатысуы қамтамасыз етілуге тиіс.

Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын зертхана (орталықтары) сертификаттық сынақтар жүргізілуі кезінде сертификаттау жөніндегі орган өкілінің қатысуы талап етілмейді.

  1. Сәйкестік сертификаты

Өнімдер, үрдістер, жұмыстар, қызмет көрсетулер техникалық регламенттерге, стандарттарға немесе өзге де нормативтік құжаттарға метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгіленген үлгідегі сертификатты береді. Сәйкесітік сертификатты стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган, белгіленген тәртіп бойынша серфикаттаудың мемлекеттік жүйесі тізіміне тіркелуі тиіс.

Сәйкестік белгісі сертификатталған өнімді таңбалауға арналады. Сәйкестік белгілерін қолдану тәртібін стандарттау, метрология сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

4 Өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттаудың түрлері

Сертификаттаудың міндетті және ерікті түрлері белгіленеді. Міндетті сертификаттау дегеніміз -адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік қүжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында, міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне енгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.

Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы бойынша өнімнің, үрдістердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.

Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар

1. Міндетті сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды,

қызмет көрсетулерді сәйкестік сертификаты жоқ болса өткізуге

тыйым салынады.

Міндетті сертификаттауға жататын Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген, өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жарнамалауға тыйым салынады.

2. Міндетті сертификаттауға жататын импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарды мемлекеттік сертификаттау жүйесінде танылатын сертификаттың және сәйкестік белгісінің болуы көзделуге тиіс.

Міндетті сертификаттауға жататын және бөлшек саудага арналған импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарда өнімге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты қоса беру көзделеді. Ақпараттар өнімнің, елдің және дайындаушы кәсіпорынның атауы, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, қолдану әдісі (егер аталған ақпараттың болуы) өнімнің осы түріне арналған нормативтік құжаттармен шектелсе ғана қамтылуға тиіс.

  1. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарга қойылатын талаптар

1. Сертификаттау жөніндегі нормативтік қүжаттар белгілейтін талаптар ғылымның, техника мен технологияның қазіргі заманға сай жетістіктеріне негізделуі, халықаралық (аймақтық) стандарттардың талаптарына сәйкес келуі, өнімді пайдаланудың, үрдістерді, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындаудың шарттарын ескеруі тиіс.

Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары, халықаралық саудада қосымша кедергі келтірмеуге тиіс.

Нормативтік құжаттарда регламенттелген сертификаттау ережелері мен рәсімдері отандық өнім үшін де, оның шығу тегіне қарамастан, бірдей болуға тиіс.

Сертификаттау саласындағы құжаттарды әзірлеу барысында олардың жобаларының мәтіндері, заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда, талқылау және мүдделі мемлекеттік басқару орындарының, жеке және заңды тұлғалардың ескертпелер мен ұсыныстар дайындауы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында немесе стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның арнаулы басылымдарында жарияланады.

Сертификаттау жөніндегі құжаттар жобаларына ескертпелер мен ұсыныстар дайындауды қарау тәртібі мен мерзімін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

2. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін негіз ретінде халықаралық техникалық регламенттер мен стандарттар қолданылуы тиіс, бұған олардың адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейіне, елеулі технологиялық мәселелерге байланысты тиімсіз немесе жарамсыз болу жағдайлары кірмейді.

3. Міндетті сертификаттауға жататын өнімге арналған нормативтік құжаттарда олар бойынша міндетті сертификаттауда жүзеге асырылатын талаптар, осы талаптарға сәйкестік бақылаудың әдістері, өнімді таңбалаудың ережелері, ілеспе құжаттамаға енгізілетін сертификаттау туралы ақпаратқа қойылатын талаптар болуы тиіс.

6 Сертификаттау саласындағы мемлекеттік бақылау және сертификатталған өнімдерге, үрдістерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге инспекциялық бақылау

Сертификаттау ережелерінің сақталуын және сертификатталган өнімнің сапасын мемлекеттік түргыдан қадагалау

1. Сертификаттау ережелерінің сақталуына, сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган стандарттау және сертификаттау туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады.

2. Сертификаттау ережелерінің сақталуына және сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалау барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар (шетелдік ұйымдарды қоса алғанда) мен жеке тұлғаларды әзірлеу, өндіру, беру, өткізу, айналыста (пайдалануда) болу, сақтау, тасымалдау, кәдеге жарату сатыларында жүзеге асырылады.

Сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ зертхана (орталыгының) қызметін мемлекеттік тұргыда бақылау

1. Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ зертхана (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган немесе оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелері заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

2. Сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының (орталығының) қызметінде сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, оны алты ай мерзімге дейін тоқтата тұруга құқығы бар. Тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұрған себептер жойылганнан кейін, тіркеу аттестатын қайта қолдана бастайды.

Тіркеу аттестатының күшінде болу мерзімі ішінде нормативтік кұжаттар талаптарын қайталап бұзғаны анықталған жағдайда стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша сот тіркеу аттестатының күшін жоюы мүмкін /8/

Сертификаттау саласында мемлекеттік қадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

Сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхана орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың;

Қызметтік куәліктері мен жұмыстарды жүргізуге арналған нұсқамаларды көрсеткен кезде сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасын мемлекеттік қадағалауға немесе сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхана (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауға кедергісіз қол жеткізуге;

Жеке және заңды тұлғалардан сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалау және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхананың (орталықтарының) қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуга және алуға;

Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, жұмсалған үлгілердің құны мен сынақтар (талдаулар, өлшеулер) жүргізуге арналған шығындарды тексерілетін объектілер өндірісінің шығысына жатқыза отырып, өнімнің сәйкестігін бақылау үшін оның сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізуге;

Стандарттау және сертификаттау туралы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғаларға заңдармен белгіленген құқықты ықпал ету шараларын қолдануға құқығы бар.

Сертификатталган өнімді, үрдістерді, жұмыстардыц және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылау

Сертификатталған өнімдерді, үрдістерді, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылауды сертификаттау жөнін нормативтік құжаттарды белгіленген тәртіппен сертификат жөніндегі органдар жүргізеді.

Сертификаттау туралы заңдарды бұзганы үшін жауаптылық

Жеке және заңды тұлғалар, барлық меншік нысанындағы үйымдардың лауазымды адамдарды сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдарға сәйкес жауапты болады.

7 Сертификаттаудың маңызды мәселелері, өнімдерді сертификаттау

Өнімдерді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау (импорттық өнімдерге де) бекітілген.

Біртекті өнімдерді өзіндік ерекшеліктері бойынша сертификаттау жүйесі келісімді тәртібін жасайды.

Тәртіп, өнім сипаты таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша, сертификатталған өнім нормалық құжаттың қандай талаптарына сай келуін, сертификаттау жұмысы қандай кезекпен жүргізілуін және оның маңызын анықтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖШС КазЭкспо Аудит бойынша жүргізілген іс - тәжірибе
Сертификаттау жөніндегі орган
Қызмет етуді сертификаттау туралы
Сертификат беру
Сертификацияның мемлекеттік жүйе ережесі бойынша шығарылған құжат
Сертификаттау мақсатында сынақ жүргізу
Қызмет етуді сертификаттау
Сертификаттаудың түрлі сұлбалары. Артыкшылыктары мен кемшіліктері
Сертификаттаудың құқықтық негіздері
СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz