Мердігерлік шартының элементтері


Жоспар
КІРІСПЕ . . . 3
1 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Мердігерлік шарттың негізгі түсінігі, мақсаты мен пәні . . . 5
1. 2 Мердігерлік шарттың тараптары, құқықтары мен міндеттері . . . 10
2 ТҰРМЫСТЫҚ МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2. 1 Тұрмыстық мердігерлік шарттың түсінігі, пәні, нысандары . . . 18
2. 2 Тұрмыстық мердігерлік шарттың құқықтары мен міндеттері . . . 20
2. 3 Тұрмыстық мердігерлік шартын бұзу оның туындыларының жауапкершілігі . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Тұрмыстық мердігерлік шарт ҚР - ң Азаматтық кодексімен бекітілген мердігерлік шарттың бір түрі ретінде қарастырылады.
Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы мердігер тапсырысшы азаматтың тапсырмасы бойынша тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттерін қанағаттандыруға арналған белгілі бір жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарт мердiгердiң тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды реттейдi. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша олардың нәтижесi зат болып келмейтiн жұмыстар орындалады.
Тұрмыстық мердiгерлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 640-650 баптарымен реттеледi. Сонымен бiрге Қазақ КСР “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” заңы қолданылады.
Тұрмыстық мердiгерлiк қатынастарының белгiлi бөлiгi 1996 жылғы 20 қыркүйектегi №9/7 баға және антимонополиялық саясаты бойынша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комитетiнiң Қаулысымен бекiтiлген тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесiмен реттеледi.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты ерекшелiгiнiң үлкен бөлiгi оның тұтынушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруда болатын арнайы мақсатының салдарынан болып келедi. Бөлшектеп сатып алу сатуда сатып алушы қалай қорғалса, тұрмыстық мердiгерлiк қатынастарында тұтынушы сол шекте қорғалады. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бiрқатар нормалар Азаматтық Кодекстiң өзiнде де бар.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi-бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкiн. Және жетон, талон, кассалық түбiртек және тағы басқаларды берумен расталуы мүмкiн. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе мердiгердiң эскизi бойынша немесе үлгiлерi бойынша қабылданады. Оның қолымен (қол қоюымен) расталатын тұтынушының қалауы бойынша және осы туралы бiр уақытылы мердiгермен келiсу нәтижесiнде үлгiлерден және (немесе) жұмыс орындау (зат жасау) технологияларынан ауытқу болуы мүмкiн. Бұндай ауытқулар тұтынушының өмiрi мен денсаулығына, қауiпсiздiгiне және оның мүлкiне, қоршаған ортаға зиян келмеуi тиiс.
Тапсырыс рәсiмделген құжат немесе шарттың талабы тұтынушының құқығын шектейтiн болса, ол Қазақ ҚСР-ң “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” Заңына сәйкес жарамсыз деп есептеледi. Тұрмыстық мердiгерлiк шартында жұмыстың бағасы тараптардың келiсiмiмен белгiленедi, бiрақ ол мердiгер жариялаған прейскурантта көрсетiлгеннен жоғары болмауы керек.
Тапсырысты қабылдау жүргзiлетiн кәсiпорынның бөлмесiнде тұтынушыға керектi ақпарат көзге көрiнетiн жерде орналасуға тиiс. Оның тiзiмi Қазақстан Республикасының тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесiнiң 5-пунктiнде берiлген. Жекелеп алғанда онда жұмыс түрiн орындауға лицензия, тұтынушыға ұсынылатын мердiгердiң және өзге бұйымдардың (фур-нитураның) үлгiлерi, типтiк шарттардың түбiртектердiң, жетондардың, қолхаттардың, талондар және мердiгер тапсырысты қабылдағанын және тұтынушы жұмыс үшiн төлегенiн растайтын өзге де құжаттардың үлгiлерi көрсетiлуi тиiс.
Қазіргі кезде тұрмыстық мердігерлік шарты тақырыбына өз ана тілімізде зерттелген еңбектер өте аз, срндықтан осы аталған тақырыпты таңдауыма тура келді.
Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс тапсырысшының материалынан орындалатын болса, түбiртекте немесе шарт жасасу кезiнде мердiгер тапсырысшыға беретiн өзге де құжатта материалдың дәл атауы көлемi (саны), сипаты және тараптардың келiсiмi бойынша белгiленетiн бағасы көрсетiлуге тиiс.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тұрмыстық мердігерлік шарт тақырыбын толық зерттеу барысында тақырыптың мәнін ашу.
Берілген осы жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттер қарастырылды:
- Тұрмыстық мердігерлік шарты туралы жалпы ережелерді;
- Тұрмыстық мердігерлік шартының элементтерін;
- Тұрмыстық мердігерлік шартының нысанын т. б. зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Мердігерлік шарттың негізгі түсінігі, мақсаты мен пәні
Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді (белгілі мүлік пайда болады) . Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды болып келеді. Осы қызметті негізінен (жалпылама) онды (пайдалы) қызмет деп мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың озге қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол тұлға мердігерлік шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметінің нәтижееінде оны беру бойынша міндетті де қамтиды. Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерек-шеленсе де, жасалған мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу-сату шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық әдебиеттерде еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде айтылады. Бірақ негізінен мердігерлік қатынастарды сатып алу-сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады. айырмашылықтары олардың әрқайсыларының қатысушыларының қүқықтары және міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрінеді.
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде онын нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті . Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу кезі және оның орындалу сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға тәуелдігі мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер етеді. Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы керек уақытта болуы мүмкін, мысалы, суретке түсіру шарттары фотосуреттер дайындаумен байланысты мердігерліктің - мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша қысқалығы болады және осы мердігерлік жасайтын шарттың тапсырысшының бептенуші негізінде болуы мүмкін.
Мердігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (616-683-6) ұстанылып келеді. Одан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетінің 22. 09. 1996ж. №9/7-қаулысымен бекітілген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде қолданылады Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін Ерекше бөлімін қабылданғаннан кейін құрылыс аясында мердігерлік қатынастарда бүрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 3 наурыз, 1994 ж. №5-5-өкімімен бекітілген, Қазақстан Республикасының күрделі құрылыста мердігерлік шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 30. 06. 1994ж. №7-5-Қаулысымен бекітілген, бас мердігерлердің ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара қатынастарының ережелері күші жойды[3] .
Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастардың түрлерінің ең маңызды және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі сипаттамасына мыналар кіреді:
1) тұрмыстық мердігерлік;
2) құрылыс мердігерлігі;
3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік;
4) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жүмыстарға мердігерлік. Оларға Азаматтық кодекстегі мердігерлік қатынастарды реттеуге арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне егер Қазақстан Республика-сының Азаматтық кодексінің бұл түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы ережелер де (нормалар) қолданылады.
Мердігерлік шартының элементтері
Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы -екінші тарапқа мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі-бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға тапсырысшы ретінде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез (келген тұлғасы бола алады. Мердігерлік шарттарда мемлекеттің қатысу ерекшеліктері жеке заң актілерімен белгіленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің 18. 01. 1998ж. №123-бұйрығымен бекітілген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердігерлік саудалар) ұйым-дастыру және өткізу тәртібінің ережелері [4] .
Мердігер - шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізде мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Кейбір жағдайларда, Лицензиялау туралы "17. 04. 1995ж. Қазақстан Республикасының заңына [5] сәйкес, (содан кейінгі өзгерістер мен және толықтырулармен) мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж. б. лицензиялануы керек.
Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық кажет. Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.
Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 619-6. 1-тармағы) . Тартылған тұлға (түлғалар) қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға тапсырысшысының келісімінің керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшысының алдында мердігерлік шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшінші тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлестіру қажет болғасын талап етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесс жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға тапсырысшысының алдында іс жүзінде ортақ (немесе үлесті) борыш-керлер болып келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы нәтижесі де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек, бір-біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастың субъектілері, өйткені олардың әрқайсысымен бөлек.
Тапсырысшы ең басында бірнеше тұлғалармен бір шарт жасасуы мүмкін, осы жағдайда тұлғалардың көптілігі орын алға бір міндеттемелік құқықтық қатынас пайда болады. Жоғары сипатталған және осы жағдайлардың кейбір айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып міндеттеме затының бөлінбайтіні келуі мүмкін (ҚР АК 287-ба бының 1-тармағы), сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы себебінен бірнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе алады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 287-бабы, 2-тармағы) .
Бірнеше мердігерлер өзара қосымша (акцессорлық) келісімдер жасауы мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйткені оларсыз жұмыстарды орындау тәртібінде түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан, акпессорлық (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге кемсктесетінше қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Ю. Г. Басин мынадай мысал келтіреді: Төрелік сот тә-жірибесінде үш жеке орындаушы тапсырысшы үшін ортақ төлем ақыны алып
бір жұмысты орындауға келіскен соң пайда болған дау орын алды. Алғашқы (негізгі) шартты жасасқан соң мердігерлер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келісім жасасқан болатын. Көп кешікпей, тапсырысшы мердігерлердің біреуінің қызметінен бас тартқан бірақ сол мердігер басқа мердігерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесін беруді талап еткен. Бұны ол ақыны бөлу туралы мердігерлердің өзара келісіміне сүйеніп жасаған және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келісімде сол шарттың біреуге қатысты тоқтатудың салдары карастырылмағанға сілтенген.
Келтірген мысалды талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу туралы акцессорлық келісімге негізделген соң негізгі шарт тиісті бөлігінде тоқтатылғасын негізді деп тануға болады. Қосымша мердігерлер өзара келісімдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте ала алмайтыны туралы қорытынды жасай аламыз.
Мердігерлік шартының нысанасы - бұл мердігер мен орынған жұмыстың нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін табады.
Мысалы, бұл мүліктің құнын көбейтетін күрделі жөндеу, тек заттың тиісті халін қалпына келтіретін ағымды жөндеу болуы мүмкін. Сол сияқты кейбір өзге жұмыстар да мысалы, көгалдандарды қию, киімдерді химиялық тазалау, мүліктің тиісті күйін қалыпқа келтіруге және оны күтіп ұстауға бағытталған.
Мердігерлік жұмыстар кезінде мердігердің қызметінің өзі де реттелінеді. Кейбір жағдайларда мердігер мердігерлік жұмыстардың өзі орындауға міндеттенеді. Тапсырысшы жұмыстың жүргізілуін бақылай алады, демек оларды орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасалмаса мердігер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуі, материалдарды арзанға ауыстыруы мүмкін және т. б. бүзушылықтарға жол беруі мүмкін. Мердігер бұзушылықтарының нәтижесі көрінбеуі де мүмкін, кейде олар оларға қатысты наразылық ұсыну мерзімдерінің негінде анықталмауы мүмкін. Мердігердің қызметінің өзі реттелуінің растайтын келтіргеннен өзге де мысалдарды келтіруге болады. Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың соңғы нәтижесіне де өз әсерін тигізетіні түсінікті [7] .
Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйіңде (түзеу) болуын қамтамасыз етуте міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделікті шаруашылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ материалдар мен құралдарды беруге міндетті.
Кейбір жағдайларда, мердігер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына міндетті. Сонымен қатар, мердігер оларды дұрыс пайдалану үшін жауапты болады. Жұмыс аяқталғаннан кейін мердігер тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруте міндетті. Егер материалдардың қалдықтары болса, мердігер оларды тапсырысшыға беруге міндетті. Мердігер тапсырысшының келісімімен, қалған пайдаланылмаған материалдың қүнына сәйкес жұмыс-тың бағасын кемітіп сол материалды өзінде қалдыруға құқылы.
Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердігер сол ма-териалдарды сапасына қарай қабылдап алуга міндетті. Мердігер тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өңдеуге берілген заттың өзінде қабылдап (бағачауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердігер өзінін кәсіби тәжірибесіне байланысты бағалайды.
Мердігер:
1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардын, техникалық қүжаттаманың немесе өңдеуге берілген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;
2) оның жұмысты атқару әдісі туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшін болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
3) орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтін мердігерге қатысты емес өзге де мән-жайлар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата тұруға міндетті.
Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап алу үшін қисынды мерзімнің аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған мердігердің тапсырысшы оған тиісті тадаптар қойған кезде аталған мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АК 628-бабы 2-тармағы) . Осы норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердігердің хабарлауына байланысты жауапты қисынды мерзімінің ішінде беруі тиіс.
Егер мердігер белгіленген талаптарды сақтамай жұмысты тапсырысшының берген сапасыз материалдарынан орындаса, ол тек материалдардың кемшіліктерін тиісті қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған ретте ғана жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Яғни, тапсырысшы берген материалдардың сапасын тиісті бағаламауда мердігердің кінәсі болуы керек. Осыған байланысты, жүмыс мердігердің материалынан орыңдалса, мердігерлік шартында тапсырысшының кепілдігі көбірек болады, себебі материалдарды қамтамасыз еткен мердігер олардың сапасы үшін кінәсі барлығы немесе жоқтығына қарамастан жауапты болады.
Мердігер тапсырысшы берген мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті және мердігерлік шартты орыңдауға байланысты мердігердің иелігіне өткен заттардың тапсырысшы берген материалдардың өзге мүліктің жабдықтардың сақталмағаны үшін мердігер жауапты болады. Бұл жауапкершілік мердігерлік шартының орындауына арналған мүлікке ғана емес мердігердің иелігіне түскен басқа да мүлікке де қатысты болады. Мысал қылып мердігерге (оның жұмысшыларына) тынығу үшін белініп берілген бөлмелерді, жендеу кезінде оны алып кету қажеттілігі болмаған жиһазды және т. б. осындай мүлікті айтуға болады. Осындай мүліктің сақталуын қамтамасыз етудің өлшемі болып, әдетте орын алатын меншік иесінің өзінің шаруашьшық ұқыптылығы келеді, бірақ жұмыстарды орындау үшін арналған жабдықтар иен материалдар туралы айтатын болсақ, онда бұл жағдайда мердігердің кәсіби субъект ретінде қараушылық дәрежесі жоғары болуы керек екенін танимыз. Кез келген жағдайда, егер мүлік сақтауды қамтамасыз ететін барлық шараларды қолданбаса, мердігер кінәлі болып табылады.
1. 2 Мердігерлік шарттың тараптары, құқықтары мен міндеттері
Мердiгер шартта келiсiлген жұмысты өзiнiң тәуекелiмен орындауға мiндеттi. Яғни мердiгердiң мойнында ол кәсiби субъект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келедi. Мердiгердiң осы мiндетiнiң мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мiнез құлығы ескерiлiп тиiстi дәрежеде өзгертiлуi мүмкiн. Оған жұмысты орындамағаны үшiн немесе дұрыс орындамағаны үшiн мердiгердi жауапкершiлiктен босататын жағдайлар да әсер етедi.
Мердiгер жұмысты өз материалдарымен, күштерiмен және құралдарымен орындауға мiндеттi. Егер материал онымен берiлсе, ол тапсырысшының алдында материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиiстi сапасы үшiн жауапты болады. Жұмыстың өзi тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады және оған сәйкес болуы керек, яғни ол да сапалы орындалуы керек. Мердiгерлiк шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериялық жасауға жатқызылмайды, сондықтан оның тиiстi орындауының негiзгi белгiсi ретiнде тапсырысшының нұсқаулары болып табылады. Мердiгер мемлекеттiк стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртiптерiн сақтауға және нормативтi-техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға мiндеттi. Осындай талаптар бiрiншi кезекте кәсiпкер ретiнде жұмыс жасайтын мердiгерлерге қолданылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 632-б. 2-тармақ), бiрақ кәсiпкер емес мердiгердiң де жұмыс орындау кезiнде мiндеттi қойылған талаптарынан шегiнуiне құқығы жоқ, егер мiндеттi талаптарды орындамаса оның қызметiне тиым салынуы тиiс. Бұл жаңа заттарды жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты [8] .
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгiленбесе немесе толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар негiз ретiнде алынады. Мердiгер белгiленген мiндеттi талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетiн жұмысты орындау мiндетiн шарт бойынша өзiне алуы мүмкiн.
Мердiгер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиiстi күйiнде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Ол өзi жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделiктi шаруашылық қызметiне кiрiсуiне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер үшiншi тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ материалдар мен құралдарды беруге мiндеттi.
Кейбiр жағдайларда, мердiгер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына мiндеттi. Сонымен қатар, мердiгер оларды дұрыс пайдалану үшiн жауапты болады. Жұмыс аяқталғаннан кейiн мердiгер тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге мiндеттi. Егер материалдардың қалдықтары болса, мердiгер оларды тапсырысшыға беруге мiндеттi. Мердiгер тапсырысшының келiсiмiмен, қалған пайдаланылмаған материалдың құнына сәйкес жұмыстың бағасын кемiтiп сол материалды өзiнде қалдыруға құқылы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz