ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Оқыту процесінде құралдарды қолдануының психология-педагогикалық негіздері

1. 2 Математика пәні барысында оқыту құралдарын қолдануының түсініктері, классификациясы, сипаттамасы, әдістемесі

1. 3 Бастауыш сыныптарды оқытудағы көрнекіліктердің
түрлері мен рөлі

2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОҚЫТУДАҒЫ КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1 Сан ұғымын қалыптастырудағы көрнекіліктер

2. 2 Арифметикалық амалдар мен олардың қасиеттерін меңгерудегі оқыту құралдар

2. 3 Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (ДБІ) математикалық білім технологиясы

3 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ КОМПЬЮТЕРДІ ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ

3. 1 Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тәжірибесі

3. 2 Оқыту құралдарын пайдалану бойынша математика сабағының үлгісі (2 сынып)

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

4

7

7

12

17

22

22

30

43

47

47

59

66

69

КІРІСПЕ

Қазіргі бастауыш білім беру мектептерінде барлық күшті тәрбиеге, оқушылардың өзіндік жұмыс істегенде білім мен дағдының қалыптасуына, мұғалімнің оқу-тәрбие процесінің сапасы мен тиімділігіне жауапкершілігін арттыруға жұмсау керек. Соңғы жылдары ғылыми-техникалық прогрестің дамуының жылдамдығы мен еңбектің шығармашылық бағытта ұстануы оқытудың жаңа түрлері мен ұйымдастыруының әдістерін іздеуді талап етеді.

Оқыту мен тәрбие берудің жаңа мазмұны мұғалімдердің жұмысындағы әдіс-тәсілдеріне қатал сұранысты тудырды.

Оқытудың әдістерінің жетілуі оқытудың формасына әсер етті. Оқыту оқушыларда репродуктивті (қайталама) ғана емес, продуктивті (шығармашылық) ойлауға бағыт алған. Сабақ енді мұғалім көмегімен белсенді өз бетінше білім іздеу түріне айналу барысында бағыт ұстанды.

Мұғалім еңбегі мен оның тиімділігі: оқытушының ғылыми біліміне, педагогикалық ұстамына, эрудициясына, жеке тұлғалық қасиеттеріне және де тағы басқа факторларға байланысты болады. Әрине еңбек тиімділігіне оқушылар да әсер етеді, ең басты мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы және де оқыту-тәрбие процесі қандай жағдайда өтіп жатқаны әсер етеді. Ю. К. Бабанский оқу-тәрбие процесінде қолайлы жағдайлардың болуы оқу тиімділігіне әсер ететін бірден-бір тәсілі деген.

Оқушылар білімді саналы түрде қабылдау үшін алдымен осы білімді «материалдау» және олармен жұмыс істеу тәсілдерін, оларды сыртқы формаларын көрсету керек. Осыған дидактиканың басты принциптерінің бірі  көрнекі оқыту принципі сүйенеді.

Қазіргі кезде математиканы оқытудың әдістемесінің басты проблемасы: оқыту процесін оқу құралдары мен оларды қолдану туралы әдісінің жетілмеуі, мұғалім мен оқушының еңбегінің тиімділігін қамтамасыз ету, білім мен дағдының сапасын көтеру саналады.

Оқу процесінде оқыту құралдың қолдануы туралы көптеген мәселелер талқыланған. Осындай сұрақтармен: Ы. Алтынсарин, Р. Г. Лемберг, В. Г. Болтянский, С. Г. Шаповаленко, Я. А. Коменский және т. б. педагог-ғалымдар айналысқан.

Тақырыптың көкейкестілігі. Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға бейімделген.

Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қалатындығы баршаға белгілі.

Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарын енгізіп жатыр. Жаңа оқулықтар:

  1. Көп деңгейлі.
  2. Интеграцияланған.
  3. Дамыта оқыту жүйесі қағидаларына ерекшеленеді.

Соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды.

Білім беру саласындағы жаңалықтар:

  • ұйымдастырудағы
  • технологиялардағы
  • оқулықтар мен бағдарламалардың өзгеруі.

Қазақстан білім беру тұжырымдамасында "Білім беру үлгісіне орта білім беру деңгейінің өте жоғары болуы тән. Бұл ең алдымен барынша байыпты бастауыш мектеп арқылы жүзеге асырылады"-деген. Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі анағұрлым жоғары болуын, ғылым негіздерінің бәрі игерілуін, тәрбие жұмысының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаруалар жүзеге асырылуда.

Қазіргі кезде оқыту құралдарын және ТСО-ны оқытуда қолдану туралы көптеген әдебиеттер бар. Бірақ оларға оқыту құралдарын қолдануды уақыт тиімділігі арнайы бақылау мәселесі болмағаны осы әдебиеттерді анализдеуден көруге болады.

Мұғалімдердің міне осындай әдістемелік құралдардың жеткілікті жетілмеуі мен жетіспеулігі зерттеудің бағытын көрсетеді.

Зерттеудің мақсаты болып оқыту құралдардың қолдану әдістерін ойластыру мен оларды математика сабағында қолдануында психология-педагогика принциптерін көрсету.

Зерттеу объектісі - бастауыш білім беру мектебіндегі оқу құралдары

Зерттеу пәні - оқушыда оқылатын материал бойынша нақты түсінік қалыптастыру мақсатында математика сабағында оқыту құралдарын қолданып, оқу процесін ұйымдастыру.

Зерттеудің меторологиялық негізі:

  1. тұтас педагогикалық процесс туралы түсінікпен;
  2. оқушылардың психология-педагогикалық және жас ерекшелігімен анықталды.

Қойылған проблема келесілерді шешуге алып келді:

  1. математика сабағында оқыту құралдарын қолданудың психология-педагогикалық негіздерін оқу;
  2. тәжірибе-педагогикалық жұмыста математика сабағында қолданылатын кейбір оқыту құралдардың әдістемесін жасап, оны негіздеу.

Зерттеудің гипотезасы келесі жоруларды құрды, егер:

- оқыту құралдар тек сабақ тақырыбына сай қолданылса;

- оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып;

- уақытты үнемдей отырып, мұғалім мен оқушылардың еңбегінің ұйымдастыруын жақсартады;

- оқытудың көрнекілігін қамтамасыз етіп, оқушылардың зейінің жақсартады.

Психология мен педагогика көзқарасы бойынша көрнекі қолданып ұйымдастырылған оқу процессі оқушыларды жалықтырмай, шартшатпай продуктивті түрде еңбегін арттырады.

Тәжірибе педагогикалық процесс үш кезеңде өтті:

  1. тақырып актуалдігі анықталып, зерттеудің негізгі ғылыми аппараты анықталып, керекті әдебиеттер ізделінді;

2) әдебиеттер мұқият оқылып, қарастырылып, мектеп мұғалімдерімен тақырып бойынша сұхбат жүргізіліп, әдістемесімен танысу және керекті оқыту құралдарды жасау;

  1. әртүрлі оқу кезеңдерінде көрнекі қолданылудың тиімділігі мен мүмкіндігін педагогикалық тәжірибе кезінде анықтау.

Зертеудің практикалық мазмұны болып, зерттеудегі теориялық қорытындылар мен ғылыми-әдістемелер ұсыныстар бастауыш білім беру мектептерінде кеңінен қолданыста болуы.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

«Оқыту құралдарын бастауыш мектеп оқушыларын оқытуда қолдануының теориялық негіздері» деген бөлімде оқытуда оқыту құралдарынң қолдануының тарихи мәліметтері берілген; оқыту құралдарынң қолданылысының психология-педагогикалық принциптері; оқыту құралдарынң түсінігі, қолдану әдістемесі бойынша мағлұмат алуға болады.

«Бастауыш сыныпта математиканы оқыту құралдарының қызметтері және оқытудағы көрнекіліктерді пайдалану әдістемесі» деген екінші бөлімде педагогикалық практика кезіңде оқыту құралдарын қолдану туралы эксперименттік жұмыстың мазмұны берілген.

«Бастауыш сыныпта математика пәнінде компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану» деген үшінші бөлімде бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тәжірибесі толығымен қарастырылған.

Қорытындыда негізгі тұжырымдар мен практикалық ұсыныстар.

1 ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Оқыту процесінде құралдарды қолдануының психология-педагогикалық негіздері

Мектепте оқыту құралдарынң қолдануының тарихы терең. Ең алғаш болып оқытуда теориядан практикаға, яғни әртүрлі оқыту құралдарын қолданып, түсіндіріп оқытуды енгізген чеш педагогы Ян Амос Коменский (1542-1670) саналады. Бұл принцип оның барлық еңбектерінде орын алған, әсіресе «Ұлы дидактикада». Коменский мектепті өмір сарынына жақындатқысы келді, мектептің заман лебіне сай болуын қалады. Өмір мен мектепті бір-бірімен байланыстыру көрнекі оқыту принципін ұсынуға Коменский бет алды.

Адам қоршаған ортаны тек сезім мүшелерімен ғана қабылдай алады. Осыған ғылымның негізі негізделген. Бұдан біз көрнекілік - оқытудың негізгі әдісі екенің көреміз.

Коменский оқыту құралдарынң педагогикалық негізін көрсетті. Ол тек қана баларды жас ерекшеліктеріне ғана бөліп оқытуды емес, сонымен қатар балардың бүтінді тез қабылдауын көрсетті, яғни Коменский бүтіннен бөлшекке, белгіліден белгісізге көшуді ұсынған. Коменский оқыту құралдарын

Сезімдік таныммен байланыстырыды, ал бақылауды кез-келген білімді игерудің негізі деп санады.

Көрнекілік туралы француз Ж. Ж. Руссо (1712-1778) да: «тәжірибе сабақ алды» («Эмиль, немесе тәрбие туралы»), немесе «бала саналы жасқа жеткенше идеяны емес тек бейнені қабылдайды» деген пікірлер қалдырған. Руссо кітаптық, яғни тек кітап бойынша оқуға үлкен наразылығын білдірген адамдардың бірі. Осы жерде өз еңбегінде ол Эмиль үшін 12 жасқа дейін ешқандай кітаптың қажеттілігі жоқ деген. Оған оқулық болып табиғаттың өзі болып табылады деген.

Пестолоцци (1746-1827) да Коменский мен Руссо сияқты көрнекі принципін қолдаушылардың бірі. Пестолоцци « . . . Мен негізінен адамзатты оқытуда не істедім? . . . Мен оқытудың ең жоғарғы, негізгі принципін көрсеттім. Ол қабылдаудың негізі болатын - көрнекілік екенін мойындадым» . Оқыту құралдарын тек ең негізгі принцип деп қоймай, ол оны басқа оқытудың, нақтылай түскенде, сөздік оқытуға қарама қарсы қойды. Оқыту құралдарын бақылаудан негізін алған шындық, сөйлеудің керек еместігін көрсетеді» деген. Песталоцци бақылау  абстрактілік ойлау дамуының бірінші қадамы ғана деп түйді. Геометрия пәнінің мектептерде оқытылуына үлкен мән бере отырып, Песталоцци бастауыш мектептерде алдымен оның көрнекілік қимылдары арқылы берілуін кейінірек - Евклид геометриясының қажеттілігін талап етті.

Педагогика ғылымының классиктері Коменский, Руссо, Пестолоцци көзқарастары бойынша олар мектеп жұмысын ғылым негіздеріне негіздеп, балалардың қабылдауыны байланыстырған. Қабылдау дегенді олар әр қайсысы әртүрлі түсініп, осыдан оқыту құралдарынң әр түрліше түсініктерін қорытқан.

К. Д. Ушинский (1824-1870) өзінің көрнекілк туралы түсінігінде тереңдей түскен. Ол: «Бала пішіндермен, түстермен, дыбыстармен, сезімдермен, ойлайды; баларға көрнекі оқыту қажеттілігі туады, ол түсініктер мен сөздерге емес, балалар тікелей қабылдайтын нақты бейнелерге негізделген» деген.

Осыдан біз Ушинскийдің көрнекілік туралы түсінігі оның замандастарына қарағанда кең екенін көрсетті. Ол оқыту құралдарын тек көру қабілетімен ғана емес, сонымен мәнерлеп оқу, мазмұндау деп түсінген.

Ушинский психология мен физиология ғылымдарына сүйеніп, оқыту нақтыдан абстрактіге қарай бағытта болу керегін көрсетті.

Қазақстанның білім саласына өз үлесін қосқан, ағартушы-педагог Ы. Алтынсарин (1841-1889) болды. Алтынсарин ең алғаш Қазақстанда- жалпыпедагогикалық, дидактикалық, әдістемелік, көрнекілік, оқытудың мақсаты, тәрбиелік т. б. ғылыми түсініктерді енгізген. Мектеп алдына қойған Алтынсариннің негізгі мақсаты болып «Мектеп көрнекі және практикалы түрле айналадағы өмір мен табиғат туралы түсінік беру керек. Ол тек кітап арқылы ғана емес, көрнекі көрсету түрінде болу керек. », - деген.

М. Жұмабаев «Педагогика» атты кітабында «Балаға бір пікірді түсіндірмекші болсақ жалаңаш пікірді айтуға қасиет жоқ болса, пікірді көрнекілік көмегімен түсінгені дұрыс» - деп тұжырымдайды.

Көрнекілік принципті жүзеге асыру құралы туралы М. А. Данилов пен М. Н. Скаткиннің «Орта мектеп дидактикасы» еңбегінде, А. М. Пышкало мен М. И. Мороның еңбектерінде қарастырылған. Мұнда математика сабағында оқыту құралды пайдалану нақтылық пен абстрактылықтың бірлігін оқытудағы көрнекілік принципін іске асыру дейді. Көрнекілік дегеніміз - қарастырып отырған құбылысты нақтылау. Математиканы оқыту процесінде оқу оқыту құралдарының атқаратын қызметі, сабақта шығарылатын дидактикалық есептерге, оларды пайдалану мақсаты сабақтың мазмұнына, оқушылардың дайындығына тығыз байланысты.

Тағы да көрнекі туралы қызықты зерттеулер жүргізген Р. Г. Лемберг, С. Г. Шаповаленко, Н. Д. Хмель, В. Г. Болтянский т. б.

Көрнекі оқу құралдары оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес келу керек. Оқыту құралдарды пайдалану оқушылардың белсенділігін, ынтасын арттырып, кейбір ұғымдарды тез оңай игеруіне әсерін тигізеді. Сабақты ылғи көрнекілікпен де негіздеуге болмайды.

Оқыту құралдарын қолданудың негізінде қарапайым психологикалық процестер анықтамасы жатыр.

Баланың өмірінде кезектесіп үш түрлі ойлаудың формасы қалыптасады. Ол: көрнекі - әрекеттілік, көрнекі - бейне және абстрактілі - теоретикалық (түсінушілік) . Бірақ соңғысы алдындағы екеуін мүлдем ығыстырып жібермейді.

Оқыту процесінде абстрактілі - теоретикалық қана емес көрнекі -әрекеттік және көрнекі - бейне ойлау бір - бірімен тығыз байланыста дамып, қалыптасып отырады. Бұл қатынас, көрнекі мен абстрактілі ойлау, ауызша және жазбаша түрдегі мәтіннің пішіндер, бейнелер тіліне көшкенде орнайды. Абстрактілі ойлау көрнекі ойлаусыз пайда бола алмайды деген тұжырымға әкеледі. «Біз түзуді тек оны жүргізгенде ғана, ал шеңбер ұғымын тек оны салғанда ғана, үш өлшемді кеңістік туралы тек үш перпендикулярды бір нүктеде ғана қиылыстыру арқылы ғана ой-түсінік қалыптастырамыз» - деп жазған Кант.

Көрнекі оқытудың негізгі мәні сабақты түсінікті етіп жүргізу үшін, құралдар пайдаланып немесе сабақты тәжірибе қою арқылы өткізу. Бірақ сабақтардың бәрін үнемі көрнекіліктерді пайдалана отырып өткізуге кейде мүмкіндік те болмайды. Сондықтан көрнекі оқытудың басқа түрлері де кездеседі.

Көрнекі оқытудың бұл түрі сабақта өтілетін жаңа материалдарды оқушының бұрынғы білетіндерімен ұштастырып жүргізу болып табылады. Көрнекі оқытудың осы түрі де, оқушылардың сабақ меңгеруінде негізгі роль атқарады. Өйткені мұғалім күрделі оқу мазмұндарын оқушыларға жеткізу үшін, ол неше түрлі тәсілдер арқылы олардың өткен кезде басынан кешіргендерін қайта жаңғыртады. Сөйтіп, жаңа мазмұнды оқушының бұрынғы білетіндерімен байланыстыра отырып, мұғалім оны білмейтінін білуге жетелейді.

Оқыту құралдарынң тағы бір түрі заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, сызықтар, суреттер жатады. Оқыту құралдарынң соңғы түрі заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге болмаған жағдайда қолданылады. Оқыту құралдарынң осы түрі заттардың дәл өзіндей болмағанымен, сол заттардың көрінісі жайында оқушыларда нақты бейнелер туғызады және оқу материалын түсіндіруде оқушының өз басынан кешіргендерін жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Оқыту құралдарынң бұл түрлерінің қайсысын қандай жағдайда пайдаланудың тиімді екені оқушылардың жасына, пәннің өзіндік ерекшелігіне байланысты.

Оқыту құралдарын дұрыс пайдалануға, мынадай бірнеше талаптар қойылады. Мысалы: оқыту құрал сабақтың белгілі бір кезінде қажет болғанда көрсетіліп, осыдан соң оқушылардың көңілін оған бөлмеу үшін жиналып қойылады. Сыныпқа әкелген оқыту құралдарға бала қызығып, мақсатпен мән беріп бақылаудың орнына, оған жай қызығушылықпен қарайды да, сабақтың нәтижесіз болуына әсер етеді. Сонымен қатар сабақта көрнекіліктерді үнемі көрсетуге әуес келе бермей, оқу мазмұнын ауызша түсіндіру мен көрнекіліктерді ұштастырып және осыларды бірінен соң бірін алмастырып отыру керек. Сабақты осылай етіп, түрлендіріп отырудың тиімді екені мынадан: егер мұғалім оқу мазмұнын үнемісөз арқылы түсіндіруге әуес келсе, онда балалар тез болдырады. Ал сабақ материалы үнемі алмасып, сабақтың бір жері сөзбен баяндалып, өзге жерлері көрнекілікпен ұштастырып отырса, онда мидың бір алабы ғана қозып қоймай, басқа орталықтары да кезекпе-кезек қозып, оқушылар іске ұзақ мезгіл болдырмайтын келеді.

Оқыту құралдардың психологиялық функциясы деген сұраққа жауапта А. И. Леонтьев «Көрнекілік білімді меңгеру процесінде мұғалімнің басшылығымен балаларда ішкі әрекеттің сыртқы тірегі болып саналады», деген.

Оқытудың негізінде әрдайым зерттелінетін объектілерді қабылдау жатқанын ескерсек, оқушы ең алдымен оқушының сезім мүшелеріне әсер етуге тырысады. 6-7 жастағы бала өте қарапайым деңгейде болса да кеңістікте бағдарлау тәжірибесінен құр алақан емес. Енді баланың табиғи дамуына қарсы, алдымен жазықтықтағы фигураларды, көп жылдық үзілістен соң ғана орта мектептің 10-11 сыныптарында кеңістік денелерін оқып-үйренуге көшу психологиялық зерттеулерге қарағанда қеңістікті сезіну қабілетін жоғалтуга әкеледі. «Жоғары сынып оқушыларында геометриялық денелердің сүлбелерін қалыптастыру - оқушылардың психикалық дамуының ертеңгі емес, кешегі күніне бетбұрыс жасау» .

Кеңістіктегіні елестету, кеңістікті ойлау т. с. с. ұғымдар психология ғылымына тән, сондықтан кеңістіктік ұғымдарды енгізу барысында бірқатар психологиялық ерекшеліктер ескеріліп отыруы тиіс. Сонымен қатар, кез-келген геометриялық материал пәннің өзіне тән логикасына сәйкес мазмұндалады. Баланың психикалық даму заңдылықтарына сәйкес елетін кеңістікті елестету топологиялық қасиеттерден метрикалық қасиеттерге көшу арқылы дамиды. Ал, мектептерде дәстүр бойынша бұл үрдіс кері ретпен жүргізіліп келеді.

Кеңістіктік ойлаудың өзі сүлбелерді жасау, оларды түрлендіру, және кеңістікті бағдарлау сияқты үш маңызды псикалық үрдісті қамтиды және олардың әрқайсысы ойлаудың қажетті, бірақ жеткіліксіз құраушылары болып табылатыны белгілі. Кеңістіктегіні елестету ойлауды емес, ес пен түйсікті іске қосудың нәтижесі болса, кеңістіктегі сүлбілерді түрлендіру ойлаудың жемісі, ал кеңістікті бағдарлау  субъектінің немесе объектінің кеңістегі орны мен бағытын анықтауға бағытталған іс-әрекет.

Осы мәселелерді шешу мақсатында геометрия сабағында, әрине, көрнекліктер көптеп қолданылып жатады. Дидактикалық тұрғыдан көрнекіліктер когнитивті және пайымдаушылық роль атқарады. «Бірінші жағдайда ол проблеманы шешудің үрдісін, амалын, ретін көрсетсе, пайымдаушылық функциясы шешілген есептерді бейнелеумен шектеледі. Осы тұрғыдан алғанда когнитивтік көрнекілік оқытудың дамытушы функциясын іске асырса, пайымдаушы көрнекілік оған кері әсер етеді.

Оқушылар геометриялық кеңістіктің нақты кеңістіктен ерекшелігін түсінуі үшін сабақ барысында оқыту құралдарды қолдануға психологиялық тұрғыдан сауаттылықпен қарау керектігі қазіргі кездегі алдыңғы қатарлы психолог - мамандардың мектеп геометриясын оқытуға қойып отырған талаптарының бірі.

Ендігі кезекте әрбір оқыту құралдарынң педагогикалық принципіне тоқтала кеткен жөн болар.

Бақылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымының белсенді формасы болып табылады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың сызба-нұсқасын өндеу; оқушыларды бақылау нәтижелерін өндей білуге және оны тікелей білу тәсілдеріне үйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні зор.

Демонстрация .

Оқушылардың сезіміне оқыту құралдарын құбылыстарды, процестерді, объектілерді елестетіп, олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіс пен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуге, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады.

Берілген әдіс оқушылардың заттар, құбылыстар мен процестердің, керекті өлшемдерін жасап, өзара байланысын, танымдық белсенділігін іске асырып заттардың құбылысы мен мәнін, сапасын анықтайды.

Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер де бұндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса, онда табиғи заттарды көлемді моделдеу арқылы танып білу негізгі роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы, геометриялық фигуралардың өлшемдері игеруге көмектеседі.

Демонстрация әдіс сапасын көтеруге, объектіні дұрыс таңдап алып, демонстрацияланатын заттың, құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың көңілін аударуға, сонымен қатар түрлі әдістерді педагогтың біліктігіне қарай пайдалана білу үшін қолданылады.

Бейне әдістері.

Демонстрация әдісі иллюстрация әдісімен тығыз байланысты; заттарды көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде, олардың процестегі құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, суреттер, схемалар, жалпы модельдер және т. б. кеңінен қолданылады. Көрнекілік іс-тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа құралдарды өмірге келтіріп жатыр.

Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісіне көп мән беру керек. Оқыту құралдардың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық процестегі ролі мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалімнің алдына қойған мәселесі - иллюстрациялық материалдың оптимальды көлемін анықтып алу. Иллюстрация алдын-ала дайындалады. Берілетін фотография, диаграммалар, таблицалар мақсатты түрде қолданылады. Қазіргі мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылуда.

Бейне әдіс білімді игертіп қана қоймайды, оны бақылауда, бекітуде, қайталауда, қортындылауда, жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметті кеңінен атқарады.

Берілген әдіс ақпаратты көрнекілікте қабылдауға негізделген, индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың түрлі деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесін басқарудың түрлі тәсілін қолдануды қарастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беруді ақпараттандыру қоғам дамуының факторы ретінде
Математиканыесептер арқылы оқыту әдістемесі
Биологиядағы білім мен біліктілікті қалыптастырудағы оқу тәжірибелік ұйымдастыру мен оның маңызы
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
Төменгі сынып оқушыларының білім сапасын арттыру жолдары
Төменгі сынып оқушыларының білімі мен дағдысын бақылау әдістері
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының рөлі
Математикадан логикалық есептер жинағы
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
Биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz