НЕСИЕ АЛУ ТӘРТІБІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
І Тарау. БАНК НЕСИЕЛЕРІ
1.1. Банк несиелерінің түрлері:
1.2. Ипотека несиесі.
1.3. Бюджет есебінен төленетін несие
ІІ. Тарау. НЕСИЕ АЛУ ТӘРТІБІ.
2.1. Шетелдік валютада алынған несиенің есебі
2.2. Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке алу
2.3. Вексельдердің есебі.
ІІІ Тарау. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫ
3.1. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясаты
3.2. Ақша – несие саясатының табыстау механизімі және оның салық- 
      бюджет, валюта саясаттарымен байланысы
3.3. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет.

КІРІСПЕ
Несие сөзбе-сөз аударғанда credо – сенім деген түсінік береді. Бұны
белгілі бір капиталдың басқа бір кәсіпорындарға солардың айналымын деп және
сол кәсіпорынмен келісім деп түсінуге болады. Несиелік келісім бұл –
төлемі мезгілінен кешіктірілген сатып алу – сату болып табылады.
Несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына
меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы.
Банк несиелерін есепке алу. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі бекіткен.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелердіруді ұйымдастыру
ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Несие беру және оның операцияларын
жүргізу лицензия берілген Ұлттық банктың шешімімен айқындалған ресми
статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады.
Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі.
Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің борышты
міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз.
Кәсіпорындарға несие, негізінен, өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға
және оның ғылыми - техникалық деңгейін көтеруге тиімділігі жоғары
жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі
қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға
байланысты шаралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете
көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын
клиенттерге, өз қаржыларын осы банктың депозиттеріне және шоттарына
сақтайтын банк акционерлеріне кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.
Несие беру банктердің өздерінде бар несие қорларының көлемінде
жүзеге асырылады. Банк қарыздары бұрындары берілген ссуда бойынша
қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болса ғана беріледі. Банк
мекемесі табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен қауіп
туғызатындықтан, ондай кәсіпорындарға несие қатынастарын орнату
мәселесі жан-жақты зерттеледі.
Кәсіпорындар несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану
мақсаты, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы
және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда
жазбаша түрінде өтініш білдіреді. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер
кәсіпорынның қарызы жоқ болса және бұрындары аталмыш кәсіпорын
олардың берген несиесін оқтын-оқтын пайдаланып отырған болса, онда
кәсіпорынның өтінішінің оң шешімін табуы мүмкін. Сонымен қатар
банктен несие алу үшін бірінші рет кәсіпорынның өзінің жарғысын,
ұйымдастыру құжаттарының көшірмесін, ережелерін, жалға алу келісімдерін,
тіркеу куәлігін және клиенттің несие алу құқығының барлығын растайтын басқа
да құжаттарын банкке ұсынады. Қарыз алушының несиесі алғаш рет алып
отырғандарына немесе несиені үнемі пайдаланып жүргендігіне қарамастан
несиені үнемі алудың мақсаты, пайдалану мерзімі зерттеледі, содан соң ғана
несиелендірілген шараның техникалық экономикалық негіздемесі, күтілетін
түсімінің есебі; жылдық пен тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық
есептері, қаражат нәтижесі жөніндегі есептері, басқа банктердегі ашылған
шоттарының көшірмесі; қарыз алушының несиені қайтару қабілеттілігі және
қаражат жағдайын анықтайтын басқа да деректер; банк тәжірибесінде
қабылданған нысандағы несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ететін
мүмкіндігі (кепілдікке салынатын мүліктері, сақтандыру куәлігі ж. т. б.)
және басқа да құжаттарының көшірмесі ұсынылады.
Меншікті қаржылардың жетіспеуі кезінде кэсіпорын банк несие-лерін
пайдалануы мүмкін. Ешқандай шектеулерсіз, тек кәсіпорынға тиімді несиелеуді
ұсынған банкті таңдайды.
Несиенің қайтарылуы өткізілген өнім үшін төлемдер есебінен қамтамасыз
етілуі тиіс. Жеке жағдайларда кепілдік, кепілдеме, несиенің сақтандырылуы
жэне оны дисконтталған (банкіде есепке алынған) вексельдер есебінен алуға
жол беріледі.
Банк пен кәсіпорын арасындағы қатынастар өзара міндеттемелер мен
жауапкершіліктері көрсетілген несие келісім шарты бойынша жасалады.
Несие белгілі мерзіммен шектеледі. Банктердің несиелері қысқа мерзімді
(бір жылға дейінгі мерзімге берілген) жэне ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Берілген несиелер бойынша банк белгіленген мөлшерлемелер негізінде пайыздар
есептейді. Несие келісім шартына сәйкес, банк онда келісілген соманы
кәсіпорынның есеп айырысу шотына жібереді де, несиені пайдаланғаны үшін
пайызды ұстап қалады.
Банк несиелерінің есебі № 3010 Қысқа мерзімді банктік қарыз,
№4010Ұзақ мерзімді банктік қарыз пассивті баланстық шоттарында
жүргізіледі. Кредиттік сальдо кәсіпорынның жабылмаған несиесі бойынша
қарыздың сомасын, дебет бойынша айналым, яғни есепті кезеңдегі несиелер
бойынша қарызды жабу есебінен төленген сомалар, кредит бойынша есепті
кезеңде жаңадан алынған несиелер бейнеленеді.
Несиені пайдаланғаны үшін пайыз құрылтай құжаттарындағы сомасы
белгіленген меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігін толтыру үшін
алынған жағдайда ғана заңдармен бекітілген мөлшерлеме шегінде кәсіпорын
өнімнің өзіндік құнына енгізеді. Одан артық мөлшердегі несиелер бойынша
төлемдер пайданың есебінен жіберіледі. Бұл жағдай есепті өткізуден тыс
шығындар, яғни негізгі емес қызметтен болған залалдар ретінде көрсетіледі.

І Тарау. БАНК НЕСИЕЛЕРІ
1.1. Банк несиелерінің түрлері:
1.1 Қысқа мерзімді несие. Осы несиені беру үшін Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісінің ережесімен бекіткен. Қаржы
субъектісінің бухгалтерлік есептің бас жоспары бойынша қысқа мерзімді
несие 6011 шотта оқылады. Бұл шот пассивті. Әр қашанда ай
басындағы қалдық сомасы және ай соңындағы қалдық сомасы да
пассивті.
Қысқа мерзімді несиенің мерзімі 6 – айдан бір жылға дейін
беріледі.
Бұл несиені алу үшін банкке мынадай құжаттар тапсырылады.
1 Өтініш. 2 Кредит шарты. 3 Кепілдеме шарты.
Өтініш: банктың басқарудың атына жазылады. Егер де рұқсат етсе
сол өтінішке виза соғады.

Кредит шарты: екі данада жасалады. Бірінші дана банкіде, ал
екінші дана кепілші кәсіпорынның өзінде қалады.
Бұл құжаттың шартының мәні, несие алушының толық мекен жайы,
есеп айырысу шотының нөмірі, стн, банктің корреспонденциялық нөмірі,
телефон, факс нөмірі берілген несиенің сомасы, оған қойылған
процент, төлеу мерзімдері және қайтарылатын күні. Несие алушының
да, берушінің де құқықтары мен міндеттері екі мекеменің мөрі,
басшының қолы, бас бухгалтердің қол таңбасымен расталады.
Кепілдеме шарты: осы несие шартында жасалынған қосымша шарт.
Мұнда кепілдікке салынған заттың атауы (пәтер, негізгі құралдар,
материалдық активтер және тағы басқалар) осы несиеге қойылған пайыз
уақытылы қайтару, төлеу осы жұмыстарды қатаң түрде бас бухгалтер
бақылауға алады.
1.2 Ұзақ мерзімді несие. Бұл несие бухгалтерлік есептің бас
жоспары бойынша 6012 шотта оқылады. Несиенің мерзімі бір жылдан
бес жылға дейін беріледі.
Өтініш
Банктің атауы: Нұр банк
Кімнен: АҚ Тұлпар
Қазақстан Республикасы экономикасының қысқа мерзімді несиені
несиелеу ережесіне сан тауар материалдық құндылықтарды және
өндірістің шығындарын несиелеу және төлеу үшін бізге ссудалық шот
ашуларыңызды сұраймыз. Біз үшін ұлттық банктың ссудасын беру,
қамтамасыз ету тәртібі және оны өтеу жөніндегі нұсқаулары міндеті
болып табылады.
Банкке несиелеу және көрсетілген шот бойынша біздің
қарыздарымызды қамтамасыз етуге қабылданатын тауар материалдық
құндылықтарына кепілге салуға құқығын береміз.
Қасақана жасалған шығындары үшін, кепілге салынған тауар
материалдық құндылықтар бір мезгілде құны бірдей немесе құны жоғары
басқа құндылықтарға алмастырмай тұрып беріп немесе тиеп жібергені
үшін қамтамасыз етілген қарыздардың тиісті бөлігін бір мезгілде
өтемегені үшін, осы құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етілген
шараларды қабылдамағаны үшін сондай-ақ тауар материалдық
құндылықтарды, түгелді жөнінде теріс мәліметтер бергені үшін қарыз
алушы кәсіпорынның лауазымды тұлғалары қылмыстық жауапкершілікке
тартылады.
Кәсіпорын басшысы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
(қолы) аты-жөні
Бас бухгалтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
(қолы) аты-жөні

Кредит шарт

Алматы
қ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қарыз
сұраушы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Мекен
жайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Реквизиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
Несиенің
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Несие
сомасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Несие
мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Несиенің игеру
графигі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Несиенің өтеу
графигі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
Несиенің
түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
(кепілдік, гарантия, алынатын алынуға тиісті шоттары)
Қаржыландыру
көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
(өз қаражаты, банк несиесі)
Несиенің өтеудің
көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Басшы ... ... ... ... ... ... ... ..
(қолы)
Бас бухгалтер ... ... ... ... ..
(қолы)

Кепілдеме шарт
731. 10 наурыз 2005 ж
Тасты жшс Созақ ауданы Төле би 123
Кепілші ұйымның атауы және мекен жайы
Тұран Әлем банкісінің обылыстық кеңесі алматы қаласы, Желтоқсан к 20
кепілгер банктың атауы мекен жайы
Жол-Өткен АҚ, ОҚО Созақ ауданы
Қарыз алушының атауы мекен жайы
Көрсетілген қарыз алушыларды материалдық құндылықтарды алуға
2000000 тенге сомасында 2005 ж 10 желтоқсанына дейінгі мерзімге
берілген қарыздарды пайда үшін есептелінген проценттерді біздің банк
мекемесі есебінен өтеп беруге кепілдік береміз қарыз алушы көрсетілген
қарыздарды және оны пайдаланғаны үшін үстеме процентті жасаған несие
шартында келісілген мерзімінде қайтарылатын жағдайда банкке алдын ала
ескертпей ақ төленбеген қарызды және ол бойынша өзінің жарлығымен біздің
Қ С Б
№ 465675шотының өз бетімен өндіруіне және өндіруді бізге тиесілі басқа
да құндылықтарға бағыттау құқығын береміз.
Ұйымның жетекшісі қолы
Бас бухгалтер қолы
М О 10 наурыз 2005 ж
Кепілдемені қабылдағаны жөніндегі кепілшіге қызмет көрсететін банктың
белгісі.
Кепілдеме шарт №731 наурыз2005 ж
Наурыз банктың Республикалық кеңесімен қабылданды
кеепілдік банктың атауы
Банк басшысы
қолы
Бас бухгалтер
қолы
М О

1.2. Ипотека несиесі.
Ипотека кепілге салынған мүліктер кепілге берушінің немесе үшінші
тұлғаның иелігі мен пайдалануда болуы мүмкін.
Ипотека несиелік келісім – шарт бойынша негізгі қарыздың
сомасын кепілдік ұстаушыға төлеуді немесе не ішінара бөлігін орындауды
қамтамасыз етеді.
Егер де келісім – шартта басқаша шаралар қаралмаса, онда
ипотека тек сол кезіңдегі талапты толық көлемде қанағаттандырады, демек
зиянды қалпына келтіруін; негізгі міндеттемесін бұлжытпай орындауын және
басқа да заң актілерімен немесе негізгі міндеттемелерін қарастырылған
жағдайларын кепілдікке заттық нысандарға не объектілерінен басқа да
құқықтары (кен орындарын пайдалану және кен шығару, кәсіпорындарда,
құрылысқа, ғимаратқа қондырғыларға, ж. т. б жалгерлік құқық) және бағалы
қағаздарды (акциялар облигациялар, вексельдер ж. т. б.) қабылдау мүмкін.
Ипотека келісім шарт гаранттардың негізгі ниеттерін қуаттайтын құжат болып
табылады, және ол қағаз нысанында жазылып, оған кепілдік беруші де,
кепілдікті алушы да, сондай-ақ қарызданушы да қол қояды егер де ол
кепілдік беруші қарызданушы болмаса (яғни, тұрақты тапсырма ретінде болуы
мүмкін ) Ипотека келісім шарт мемлекеттік тіркеуден өтеді, сол тіркеуден
өткен кезден бастап оның ипотекалық құқығы пайда болады. Ипотекалық келісім
шартта кепілдік берушінің де, кепілдік алушының мекен жайы негізгі
міндетте мәні олардың деңгейі және орындау мерзімі т. б. мәліметтері
көрсетіледі кепілдік ұсынушының құқығы ипотекалық куәлік беруімен
расталады, ал ол негізгі міндеттеменің қойған орындалуын талап етуге,
кепілдікке қойған мүлікті алуына құқығының бар екендігін көрсетеді.
Ипотекалық куәлік бір ғана данада жасалады. Ол тек, кепілдік ұстаушының
қолында болады.
Ипотекалық куәлік басқа бір тұлғаның пайдасына жазылып берілуі
мүмкін.
Жазып беру бұл ипотекалық құқықтың басқа тұлғаға берілгендігін
көрсетеді. Бұндай жазып беру операциясын банктер жасамайды. Жазып берілген
құқықта берілген тұлғаның толық – аты жөні болуы тиіс, ал егер де ол
бланкалық тұрғыда толтырылмаған, қол қойылмаған нысанда болса онда ол
ипотекалық куәліктің беру жазбасы болып саналмайды. Егер беру жазбасы
бірінші беріліп отырса онда ипотекалық куәлігінде көрсетілген кепілдік
ұстаушысы қол қояды, ал егер де ол бірінші болмаса онда осының алдындағы
жазып берген тұлға қол қояды. Егер де беру жазбасы арқылы құқығын жүзеге
асыратын болса онда онымен бірге сол берілген тұлғаға негізгі міндеті де
ипотекалық куәлігі бойынша құқығы өтеді.
Ипотекалық кредит мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлерге беріледі.
Яғни бұл кредит пәтер сатып алу үшін, оның мерзімі 20 – 25 жылға дейін
беріледі.
Ипотекалық кредитті алу үшін мынадай құжаттар қажет.
Еңбек ақы туралы анықтама
Кредит шарты
Ипотекалық кредит алатын қызметкердің жұмысына кіретін табысы
75000 тенге болуы қажет. Ипотекалық банкпен шарттасқан кредит
шартының бір дана банкте ал екінші дана қызметкерге беріледі.
Қызметкердің қолына ай сайын ұсталынатын кредит проценті
сомасы жазылған график беріледі. Осы графикті негізге ала отырып
еңбек ақысынан ақша ұсталынады.

1.3. Бюджет есебінен төленетін несие

Мұғалімдер, Ішкі істер министірлігі, өрттен сақтандыратын
әкімшілік тағы басқалар.
Кредит алу жағдайлары. Қызметкер алты айлық жалақысын алғысы
келсе онда ол қызметкер гарант тауып алу керек. Егер де гарантсыз
алған жағдайда жылдық кредит процентін көтереді.
Кредит алу үшін мынадай құжаттар керек.
1 Кредит алушының жеке куәлігінің көшірмесі.
2 Гарант болған адамның жеке куәлігінің көшірмесі.
3 Екеуінің де алты айлық жалақысының көшірмесі немесе анықтамасы.
4 Кредит шарты.
5 Гарант құжаты.
6 Кредиттің процентін төлеп отыратын график.
Осы құжаттарды нотариусқа тапсырады. Нотариусқа барарда гарант
болған адамның жеке куәлігінің нөмірі тіркеліп қолы қойылады. Сол
үшін кредит алушы 500 – 600 теңге төлейді. Егер де кредит алушы
график алса онда оған өсім ақы есептелінеді. Әр бір күнге 200
теңге есептелінеді.
Бұны өтеу кезінде 441, 451 шоты кредиттеледі, 603 шоты дебеттеледі.
Банк үшін төленетін пайызын есептегенде 333 шот дебеттеледі 603 шоты
кредиттеледі, содан соң сол есептелінген пайызды төлеген кезде 603
дебеттеліп және 441 шот немесе 451 шоты кредиттеледі.
603 шот бойынша талдамалық және жинақтық (синтетикалық) есептер 601
шот және 602 шоттарына белгіленген тәртіпке ұқсас жүргізіледі.

ІІ. Тарау. НЕСИЕ АЛУ ТӘРТІБІ.
2.1. Шетелдік валютада алынған несиенің есебі
Несие алған жағдайда: 441, 451, есеп айырысу мен касса шоты 671,
жабдықтаушылар мен мердігерлердің шотын несиенің есебінен төлеген кезде
аталған шоттар дебеттеліп және 601 (банк несиелері) шоты кредиттеледі.
Несиені өтеген жағдайда 601 шоты дебеттеліп және 441 шоты кредиттеледі.
Алынған несие бойынша мерзімінде өтелмеген 601 (банк несиесі) шотына
(мерзімінде өтелмеген ссудалар ) немесе қайтару мерзімі ұзартылған
талдамалық шоттарына есептен шығарылады.
Несиені пайдаланған үшін банк үстеме пайызын есептейді.
Есептелмеген пайыздардың сомасы 831(пайыздар бойынша шығындар) шотының
дебеті және 684 (төленуге тиісті пайыздар) шотының кредиті бойынша
көрсетіледі.
Пайыздарды 684 (төленуге тиісті пайыздар) шотының дебеті және
441 есеп айырсу шотындағы қолма – қол ақша шотының кредиті бойынша
көрсетіледі.
Мысалы: Кәсіпорын банкіден 1105600 тенге несие алған, ол бір
жыл екі айға берілген, және оның жылдық пайызы 20 % құрған.
Несиені берген кезде, оның эквиваленті 8000 АҚШ долларына тең
болған және сол эквивалент бойынша 8000 дол қайтарылатын болып
шарттасқан.
Әр тоқсанның соңында эквивалент сомасын марапаттау
пайызын төлейтін болып келісілген. Сол есептелінген пайыз бойынша
оның сомасы былайша анықталады.
Жылдық қарыз
несиенің
пайыздың х қалдығына х
берілген : 360 күн
мөлшері
күнінің саны

Соған байланысты шоттар корреспонденциясын жасап көрейк.

№ Шаруашылық операциялар сома дебет креди
т
1 03. 01. 05 жыл есеп айырысу шотына
несие аударылды 1105600 441 601
2 Келісімшарттың жағдайына сәйкес
несие қаражатын пайдаланған мерзіміне
есептелінген пайызы
1 тоқсан
8000 х 141,8 х 20% x 90360 =56720
2 тоқсан
8000 х 142,6 х 20 % x 90360 = 57040
3 тоқсан
8000 х 142,75 х 20 %x 90360 = 57100
4 тоқсан
8000 х 142,75 х 20 %x 90360 =57800
Несиенің нақты сомасы 28. 02. 2001 жыл
өтелді, 2001 жылдың екі айына
есептелінген пайыз сомасы 38100 тенге
(8000 х145,3 х20% х 59360)
Алынған несие бойынша барлық есептелінген
пайызы 266760 тенге 266760 831 684
(56720+57040+57100+57800+38100)
3 Есептелінген пайыз сомасы төленді 266760 684 441
4 Алынған несиенің негізгі қарызы өтелді
яғни 8000 АҚШ дол-ң эквивалентіне алғашқы 1103600 601 441
алынған несие сомасы бағамдық
өзгерістердің нәтижесінде пайда болған,
айырма сомасы 56800тенге 56800 845 441
(8000х 145,3 – 8000х 138,2)

Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері
өкілетті банктерден шетелдік валютада алуға құқылы. Несие заңды
тұлға- резиденттерге қолма – қолсыз, яғни ақшасыз тәртіпте ғана
беріледі. Валюталық құндылықтарды өкілетті банк кепілдік ретінде
заңды тұлға – резиденттерге несие беру үшін де пайдалана алады және
шетел және ұлттық валютада беріледі. Мемлекеттік және мемлекеттік
емес сыртқы қарыздарды алу туралы келісімдерді тіркеу міндетті емес,
егер олардың сомасы 100 мың доллардан және 120 күннен аспаса.
Бұлардың қатарына қаржылық лизингі де жатады.
Несиені алған кезде 431 немесе 432 шоттары дебеттеліп, 601
шоты кредиттеледі. Ал егер де алынған несие қайтарылса, онда 601
шоты дебеттеліп, 431, 432, шоты кредиттеледі. 601 шоты бойынша
бухгалтерияда міндетті түрде талдамалық есебі жүргізіледі.
Мысал: Несиелік келісім шартқа сәйкес кәсіпорын 01. 04. 02 ж
300000 АҚШ доллар, 6 айға несие алды делік. Келісім – шартта қалқып
жүретін мөлшернемесі қарастырылған Лондондық банк аралық нарық
бойынша (ЛИБОР).
Енді осыған байланысты шоттар корреспонденциясын құрап көрейік
№ Шаруашылық операциялар құрайық сома дебет кредит
1 300000 дол сомасындағы несие валюталық шотқа4257
аударылды АҚШ дол 141,9 тенге бағамы бойынша 0000 431 601
42570000 тенге
2 Сәуір, маусым, мамыр айлары үшін несие пайызы1446
есептелінді либор мөлшерлемесі бойынша: 766 831 684
10145,63 бағамы бойынша 1446766
3 Белгіленген мерзімінде төленбеген марапаттау 1446
сомасы негізгі қарыздың сомасына жатқызылды. 766 684 601
4 Қалған үш айға несие үшін пайызы
есептелінді:10488,74 дол
(310145,63х6,76375х 290100360)немесе доллар1496744 831 684
үшін 142,7 бағамы бойынша 1496744 т
5 Тенгенің бір долларға 142,7 т болып тұрған
кезінде алынған несие үшін марапаттау сомасы
төленді:
-бағамдық айырма сомасына 524 тенге
(10488,74х142,7-10488,74х142,75) 524 844 684
-төленген марапаттау сомасына: 1497268 684 431
149268 тң (10488,74х142,75)
6 Теңгенің бір долларға 142,75 теңге болып
тұрған кезінде 310145,63 доллардай негізгі 442732 601 431
қарыздың сомасы өтелді. 89
7 Несиені алған және өтеген күндеріне сәйкес
валютаның бағамдық өзгерістердің айырмасы
көрініс тапты 256222 теңге 4427
(44273289-42570000+1446766) 3289 601 431

2.2. Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке алу
Қарыз негізінен келісім- шарттың негізінде бір тарап (қарыз
беруші) екінші бір тарапқа (қарыз алушыға) өзінің меншігіндегі
мүлікті немесе ақшасын береді, ол кезде қарызды алушы жағы сонымен
байланысты барлық міндеттемелерін
орындалуы өз міндетіне алады. Сондықтан берілген несиені есепке алу
үшін 602 банктен тыс мекемелердің есебі деген шотын пайдаланады.
Бұл пассивті шот еліміздің ішіндегі және шетелдегі қарыз берушілердің
( банктерден басқа) мәліметтерін жинақтайды. Сонымен қатар, бухгалтерлік
есептің бас шоттар тізбегінде төлемдер мен міндеттемелердің
орындалуын қамтамасыз ететін, берілген және алынған кепілдемелердің
қозғалысы мен қолда барын, есепке алу үшін баланыстан тыс екі
шотын: 008 Алынған міндеттемелері қамту мен төлемдер және 009 Берілген
міндеттемелерді қамту мен төлемдер деген шоттарын пайдаланады.
Міндеттемені қамтамасыз етудің кепілі ретінде үшінші тұлғаның
кепілдігі, кепілге салудың шарты, сақтандыру полисі және т. б. болады.
Кепілдеменің және кепілге салудың мәнін қарастырайық. Кепілдеме
кепілгер- кәсіпорыннан несие берушіге (несие беруші кәсіпорынға)
борышкерден (несие алушы кәсіпорыннан) алынуға тиісті соманың уақытында
төленуін қамтамасыз ету үшін беріледі. Кепілдемені банктер,
кәсіпорындар және мекемелер бере алады. Кепілдеменің мәні: борышкер-
кәсіпорын несие бойынша өзінен алынуға тиісті төлемдерді мерзімінде
төлей алмаған жағдайда банктер, кәсіпорындар немесе ұйымдар несиені
төлеуді өз мойындарына алады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз
ететін тәсіл ретінде кепілдеме кәсіпорындардың қазіргі өндірістік
және коммерциялық қызметерінде аталған жағдай қолданып жүр.
Кепілдемеге байланысты кепілдік ролін атқарған
кәсіпорындардың ортақ жауапкершілігі емес, жәрдем ету (қосымша)
жауапкершілігі туындайды. Кепілдік ролін атқарған кәсіпорынның
жауапкершілігінің көлемі, әдетте, қарыз алушы кәсіпорынның алған
қаржысы бойынша өтелмеген сомасының шегінде шектеледі. Кепілгер, әдетте,
несие беруші кәсіпорының қарыздарын несие алушы кәсіпорын дер
кезінде қайтара алмау қауіптілігінен шығуы мүмкін, яғни кепілдік
болған кәсіпорын шығынды жабуға арналған кепілдеме сомасынан
процентті несие алушы кәсіпорыннан ұстап қалады.
Яғни, бұл кепілдік шарты міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз
етудің бір тәсілі болып табылады.

Кредиторлардың талабын қанағаттандыру үшін кепілдік келісім-
шарттың рәсімделуін реттеуші ретінде Қазақстан Республикасының №254-1
30 маусым 1998 жылы шыққан Кепілдік мүліктің қозғалысын тіркеу туралы
заңы негізгі құжат боылып табылады. Осы заңға сәйкес кредитор
(кепілдік ұстаушы), егер де қарызданушы өз міндеттемесін орындай
алмаса, кепілдікке қойылған мүліктен берілген несиенің құнын ұстап
қалуға құқылы. Кепілдікке қойылған мүлікке деген талап
білдірушілердің талабын қанағаттандыру үшін олардың кезектілігін
белгілеп, кепілдіктегі мүлік қозғалысын тіркейді. Кепілдік заңы
бойынша кез келген міндеттемені орындаудың мүмкіндігін қамтамасыз
етеді (банкі несиені бергенде, құрал- жабдықты, қаражатты уақытша
пайдалануға алғанда, салып- сатуда жалғада жүкті тасымалдағанда және
тағы басқа ). Кепілдік бұйымы кәсіпорынның мүліктік айналысынан
алынбауы мүмкін (ғимарат, қондырғы өндіріс құралдары, бағалы
қағаздар, ақша қаражаттары, мүліктік құқықтары және тағы басқалар ),
бірақ оларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес
өндіріп алуға (төлетуге) болады. Кепілге салу кезінде кепілдікке
салынған мүлік кепілге берушіден кепілге ұстаушының иелігіне өтеді.
Кепілге ұстаушының келісімімен кепілге салынған зат кепілге берушіде
айрықша сақталып, мөр қойылып, сол жерде қалдырылуы мүмкін
Төменде келтірілген мәліметтердің негізінде 602 Банктен тыс
мекемелердің несиелері шотындағы қарыздардың берілуі мен қайтарылуы
жөніндегі операциялар қарастырылған.

Гарант кәсіпорынның бухгалтериясындағы операциялар
№ Шаруашылық операциялар құрайық сома дебет кредит
1 Гарант кәсіпорын мен қарыз алушы
кәсіпорынның арасында жасалған келісімге сай
соңғысына 1000 мың теңгеге кепілдеме
берілген. Кепілдеме (гарант) баланстан тыс 1000,0 009 -
есепке қабылданған
2 Шартта берілген кепілдеменің сомасынан 6%
төлем, яғни, қарыз 6 айға алынған. Ағымдағы
ай үшін пайыз сомасы есептелінген (16 10,0 332 724
бөлігі)
3 Есептелінген проценттердің төлемі келіп 10,0 441 332
түсті
4 Қарыз алушы кәсіпорынның қарызы өтелгені
туралы хабарлама келіп түскеннен кейін,
кепілдік сомасы баланыстан тыс шотынан 1000,0 - 009
есептеп шығарылды

Бұл бірінші үлгісі

Қарыз алушы – кәсіпорынның бухгалтериясындағы операциялар
№ Шаруашылық операциялар сома дебет кредит
1 Қарыз беруші кәсіпорын мен қарыз алушы
кәсіпорынның арасындағы шартқа сай, гарантия
– кәсіпорынның кепілдемесі бойынша қарызға
берілген қаражаты алынған
1000,0 441 602
2 Келісімге сай гарант ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ипотекалық несие туралы ақпарат
Заңды тұлғаларды таратудың жалпы ережелері
Цеснабанктің бір филиалы
Ипотекалық несие
Заңды тұлғалардың түрлері
Банкілік операциялар
Банктік операциялар
Ақшаның мақсаты маңызы
Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық
Банктік несие
Пәндер