Тараптардың міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жұмыстар сатып алу туралы
КЕЛІСІМШАРТ №

Алматы қ.
_____________ 2010 жыл

(1) Хабар Агенттігі Акционерлік қоғамы алдағы уақытта Тапсырысшы деп
аталып, 12.07.2010ж. күнгі №01-09818 Сенімхатының негізінде әрекет етуші
Хабар Агенттігі АҚ Басқарушы директоры – Хабар Агенттігі АҚ АФ
директоры С.В. Федорова атынан, бірінші тараптан, және
(2) ___________________________________ _ алдағы уақытта Жеткізуші деп
аталып, ___________________________________ ____ негізінде әрекет етуші
___________________________________ ____ атынан, екінші тараптан, алдағы
уақытта бірлесіп Тараптар деп атала отырып, Жалға алушының Директорлар
кеңесінің 2009 жылдың 26 мамырындағы шешімімен бекітілген Хабар
Агенттігі акционерлік қоғамында тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып
алуды жүзеге асыру Ережесінің және ______________ 2010 ж. күні
болған баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алу қорытындыларының №
___ хаттамасы негізінде жұмыстар сатып алу туралы осы келісімшартқа (алдағы
уақытта – Келісімшарт) қол қойды және төмендегідей келісімге келді:

1. Келісімшарт негізі
1.1. Жеткізуші келесі осы Келісімшарттың №1 Қосымшасына сәйкес
технологиялық үй-жайларда жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындауға міндеттеледі
(алдағы уақытта – Жұмыстар), жалпы сомасы ________________
(_____________________) теңге, соның ішінде ҚҚС-мен (алдағы уақытта –
Келісімшарт бағасы).
1.2. Жеткізуші Келісімшарттың 1.1. бөлімінде көрсетілген жұмыстарды толық
көлемінде Жеткізушінің есеп шотына төлем түскен сәттен бастап 15 (он бес)
жұмыс күн ішінде орындауға міндеттеледі.
1.3. Жұмыстар Тапсырысшы немесе оның уәкілетті өкілі орындалған жұмыс
актісіне қол қойғаннан кейін орындалды деп есептеледі.

2. Тараптардың міндеттері.
2.1. Жеткізуші міндетті:
2.1.1. Келісімшарттың №1 Қосымшасында көрсетілген қолдануға дайын
технологиялық үй-жайларды орындалған жұмыстар актісі бойынша Тапсырысшыға
Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 185 мекен-жайы бойынша беруге;
2.1.2. Жұмысты тиісті сапада және өз қолымен жүзеге асыруға;
2.1.3. Жұмысты толық көлемінде және Келісімшарттың 1.2. бөлімінде
көрсетілген мерзімде орындауға;
2.1.4. Жұмыстарды жүргізу үрдісінде қауіпсіздік техникасын, өртке қарсы
қауіпсіздік бойынша қажетті іс-шаралардың орындалуын, өндірістік
санитарияны сақтай отырып қамтамасыз етуге;
2.1.5. жұмыс барысын баяулататын немесе жұмыстардың алға жалғасуына
мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған жағдайда, Тапсырысшыны бұл жайында
жедел хабардар етуге;
2.1.6. жұмысты орындауды аяқтау сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде
Тапсырысшыға Орындаушы қол қойған орындалған жұмыс актісін беруге.
2.1.7. егер Орындаушы жұмысты орындау кезінде Келісімшарт шарттарынан
Жұмыстардың сапасын нашарлатып жіберетіндей ауытқып кетсе, Тапсырысшы
анықтаған мерзімде барлық анықталған кемшіліктерді Тапсырысшының талабы
бойынша Тапсырысшыдан хабарландыру алған сәттен бастап бір тәулік ішінде
қайтарымсыз реттеуге.
2.2. Тапсырысшы міндетті:
2.2.1. орындалған жұмыстар сапасы Келісімшарттың шарттарына сәйкес болған
жағдайда, оны Жеткізуші берген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде
қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес қабылдауға;
2.2.2. орындалған жұмысты осы Келісімшарттың 3 бөлімінде көрсетілген баға
бойынша және мерзім ішінде төлеуге;
2.3. егер Жеткізуші Келісімшартты орындауға өз уақытында кіріспесе,
Тапсырысшы Келісімшартты орындаудан бас тартуға құқылы.
2.4. Орындаушы Келісімшарт бойынша өзінің құқықтарын немесе міндеттерін
Тапсырысшының жазбаша келісімінсіз үшінші жақ тұлғаларға толықтай немесе
бөлшектеп беруге, не болмаса алып қоюына жол беруге құқылы емес.
Келісімшарт шарттарына қайшы жүзеге асырылған кез-келген осындай
құқықтарды немесе міндеттерді беру, не болмаса алып қоюына жол беру
жарамсыз және Тараптар немесе үшінші жақ тұлғалары үшін құқықтық
нәтижелерге ие емес деп табылады.

3. Келісімшарт бағасы және есептер тәртібі
3.1. Келісімшарт бағасы және Келісімшарттың 1.1. бөлімінде көрсетілген
жұмыстармен байланысты Жеткізушінің барлық шығындары _____________ (
___________________ ) теңгені құрайды, ҚҚС қоса алғанда.
Келісімшарт бағасын осы Келісімшарттың бүкіл әрекет ету мерзімі
кезеңінде өсу жағына қарай өзгертуге болмайды.
3.2. Келісімшарт бағасын төлеуді Тапсырысшы келесі ретпен жүргізеді:
3.2.1. Келісімшарттың 50% (елу пайыз) мөлшеріндегі алдын ала төлем төлемге
шығарылған есеп негізінде, тараптар қызметтер сатып алу Келісімшартына қол
қойғаннан кейін 10 (он) операциялық күн ішінде жеткізушінің есеп шотына
аударылады.
3.2.2. Қалған 50% (елу пайыз) мөлшеріндегі қалған төлемді Тапсырысшы
төлемге шығарылған есеп негізінде, тараптар орындалған қызметтер актісіне
қол қойғаннан кейін 10 (он) операциялық күн ішінде төлейді.

4. Кепілдемелер мен сапа
4.1. Жеткізуші кепілдік береді:
1) сипаттамаларға, техникалық құжатнамаға және орындалатын Жұмыстар сапасын
куәландыратын басқа да құжаттарға сәйкес технологиялық үй-жайларды
пайдалануға беру үшін орындалған жұмыстардың тиісті сапасына;
2) технологиялық үй-жайларды қабылдау кезінде, сондай-ақ оларды
кепілдемелік пайдалану кезеңінде анықталған кемшіліктер мен ақауларды
уақытында жоюға;
4.2. Келісімшарттың 1.1. бөлімінде көрсетілген технологиялық үй-жайлар
бойынша орындалған жұмыстарға кепілдеме орындалған жұмыстар актісіне
тараптар қол қойған сәттен бастап 12 (он екі) күнтізбелік айды құрайды.
4.3. Егер кепілдемелік пайдалану кезеңінде Тапсырысшы Келісімшарттың 1.1.
бөлімінде көрсетілген технологиялық үй-жайларды дұрыс пайдаланған жағдайда
дұрыс пайдалануға кедергі келтіретін ақау табылса, онда Жеткізуші 10 (он)
күнтізбелік күн мөлшерінде өз есебінен осы ақауды тиісті сапасына ауыстыруы
тиіс.

5. Тараптардың жауапкершіліктері
5.1. Жеткізуші Келісімшарттың 2.1. бөлімінде көрсетілген міндеттердің кез-
келгенін орындамау жәненемесе тиісті емес орындаған жағдайда, Жеткізуші
Тапсырысшының талабы бойынша мерзімі өтіп кеткен әрбір күн үшін Келісімшарт
бағасының 0,5% мөлшерінде тұрақсыздық төлемін төлейді.
5.2. Келісімшарттың 1.2. бөлімінде көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімін
бұзғаны үшін, Жеткізуші Тапсырысшының талабы бойынша мерзімі өтіп кеткен
әрбір күн үшін Келісімшарт бағасының 0,5% мөлшерінде өсімпұл төлейді.
5.3. Жеткізуші өзінің қызметкерлерініңуәкілетті өкілдерінің
әрекетіәрекетсіздігі үшін, сондай-ақ Жалға алушығашығындар әкелген,
Тапсырысшының қызметкерлерінің жәненемесе Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес үшінші жақ тұлғаларының денсаулығына зиян
келтірген немесе өліміне соқтырған осы Келісімшарт бойынша берілген
металпластикалық қалқалардың қасиеті (сапасы) үшін толықтай жауапкершілікке
ие.
5.4. Тұрақсыздық төлемін төлеу, сондай-ақ шығындарды өтеу Тараптарды өз
міндеттерін орындаудан босатпайды
5.5. Осы Келісімшартта қарастырылмаған басқа жағдайдарда, Келісімшарт
бойынша міндеттерді орындамау немесе тиісті емес орындау жағдайында,
Тараптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

6. Форс-мажор
6.1. Егер игерілмейтін күш жағдайларының, яғни апаттық құбылыстар, өрт, жер
сілкіністері, электр энергиясын жаппай өшіріп тастау, лаңкестік акциялар,
әскери іс-қимылдар секілді төтенше және алдын алу мүмкін емес жағдайлар,
жоғарғы билік органдарының шешімдер қабылдауы салдарынан осы Келісімшарт
бойынша міндеттерді толықтай немесе бөлшектеп орындамағаны үшін және осы
жағдайлар осы Келісімшарттың орындалуына тікелей әсер етсе, онда Тараптар
жауапкершіліктен босатылады. Бұндай жағдайларға нарықта осы Келісімшартты
орындау үшін қажетті тауарлар, жұмыстар немесе қызметтердің болмауы
жатпайды.
6.2. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы туралы, сондай-ақ олардың болжамды
әрекет ету мерзімі туралы осындай жағдай басталған Тарап екінші Тарапты
жазбаша түрде, мүмкіндігінше 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.
Аталған талапты сақтамау осы Тарапты өзінің осы Келісімшарт бойынша
міндеттерін орындамау немесе тиісті емес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шарт жасасудан негізсіз жалтаратын тарап екінші тарапқа шарт жасасудан бас тарту пайда болған залалдардың орнын толтыру
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар, олардың құқықтары мен міндеттері
Тараптардың түсінігі, құқықтары мен міндеттері
Азаматтық процестегі татуластыру рәсімдерінің мәселелері
Азаматтық процесстің қатысушылары (жалпы сипаттама)
Сақтандыру шартының жекелеген түрлері
Айырбас шартының түсінігі
Мүлiктi жалға алушыға беру, тараптардың құқықтары, бостандықтары мен жауапкершіліктері
Азаматтық процесстегі катысушылардың арасындағы тараптардың орны
Мердігерлік шартын түрлері
Пәндер