Қалада азаматтық бастаманы дамыту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қызылорда қаласының үкіметтік

емес ұйымдарын мемлекеттік

қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған

қалалық бағдарламасы туралы

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 154 Жарлығымен бікітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қызылорда қаласының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған қалалық бағдарламасы мақұлдансын (қоса берілді) және қалалық мәслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Мұхимовқа жүктелсін.

ҚАЛА ӘКІМІ М. ЕРГЕШБАЕВ

Төртінші шақырылған қалалық мәслихаттың

2008 жылдың желтоқсанындағы

ХІІІ сессиясының № шешіміне

№1 қосымша

Қызылорда ҚАЛАсының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған

ҚАЛАЛық Бағдарламасы

Қызылорда қаласы, 2008 жыл

1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы: Бағдарламаның атауы
Қызылорда қаласының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған қалалық Бағдарламасы: Қызылорда қаласының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған қалалық Бағдарламасы
Бағдарламаның атауы: Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме
Қызылорда қаласының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған қалалық Бағдарламасы: “Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы” Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 154 Жарлығымен бікітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Бағдарламаның атауы: Бағдарламаның негізгі әзірлеушісі
Қызылорда қаласының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған қалалық Бағдарламасы: Қалалық ішкі саясат бөлімі
Бағдарламаның атауы: Бағдарламаның мақсаты
Қызылорда қаласының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған қалалық Бағдарламасы: Азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде қалалық үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуы үшін жағдайлар жасау және мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимылды қалыптастыра отырып, қолдау көрсету негізінде қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешудегі олардың рөлін күшейту
Бағдарламаның атауы: Бағдарламаның міндеттері
Қызылорда қаласының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған қалалық Бағдарламасы: Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жүйесін жетілдіру; әлеуметтік мәселелерді шешетін аймақтың үкіметтік емес ұйымдарын ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, ұйымдастырушылық - техникалық қолдау; үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қамтамасыз ететін құқықтық базаны жетілдіру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін қалыптастыру; қалада азаматтық тапсырыстың артуына жағдай жасау; үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерді даярлау және біліктілігін көтеру жүйесін құру; халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту; үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне тұрақты мониторинг пен зерттеулер жүргізу
Бағдарламаның атауы: Бағдарламаны іске асыру мерзімдері
Қызылорда қаласының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған қалалық Бағдарламасы: 2009-2011 жылдар
Бағдарламаның атауы: Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Қызылорда қаласының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған қалалық Бағдарламасы:
  • Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестік қатынастардың тұрақты әрі тиімді жүйесін әзірлеу және енгізу; аймақтың үкіметтік емес секторын одан әрі дамыту үшін құқықтық, әдістемелік жағдайлар жасау; қалада азаматтық бастаманың өсуі үшін жағдайлар жасау
Бағдарламаның атауы: Қажетті ресурстар және оларды қар-жыландыру көздері
Қызылорда қаласының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған қалалық Бағдарламасы:

Қалалық Бағдарламаны қаржыландыру қалалық бюджет қаржылары есебінен жүргізіледі.

Бағдарламаның жалпы құны - 11 млн. 239 мың теңге. Бағдарламаны қаржыландыру сомасы 2009 жылы -3 млн 739 мың теңге, 2010 жылы - 3 млн. 750 мың теңге, 2011 жылы - 3 млн 750 мың теңгені құрап отыр.

  • Бағдарламаны жүзеге асыру үшін бюджеттік емес көздерден (халықаралық ұйымдардың гранттары, барлық меншік формаларындағы ұйымдардың жекелей қаржылары) қосымша қаржылар тартылуы мүмкін.

2. Кіріспе

Қызылорда қаласының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған Бағдарламасы “Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N154 Жарлығымен бікітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленген және 3 жылға есептелген.

Осы бағдарламаны әзірлеу үкіметтік емес секторды қолдау әрі олармен өзара іс-қимылдың кешенді және мақсатты бағытталған мемлекеттік саясатын әзірлеу қажеттілігінен туындап отыр. Азаматтық қоғамның ажырамас құрамдас бөлігі бола отырып, үкіметтік емес сектор елдегі қоғамдық-саяси процестердің одан әрі оң әсер етеді. Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік құрылымдармен нақты ынтымақтастығы тең құқылы әріптестік қағидаттарда маңызды мәнге ие болып отыр.

Бағдарлама қалалық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында орнықты әрі тиімді әріптестік қатынастар жүйесін құруға бағытталған.

3. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

Бағдарламаның мақсаты: азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде қалада үкіметтік емес ұйымдарды тұрақты дамыту үшін жағдайлар жасау және өзара іс-қимыл мен мемлекеттік билік органдары тарапынан қолдау негізінде әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешудегі олардың рөлін күшейту болып табылады.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  1. үкіметтік емес ұйымдар қызметін қамтамасыз ететін құқықтық базаны жетілдіру үшін ұсыныстар мен нұсқаулар әзірлеу;
  2. мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастық жасау жүйесін жетілдіру;
  3. әлеуметтік мәселелерді шешетін үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсету;
  4. мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін қалыптастыру;
  5. аймақта азаматтық бастамалардың өсуі үшін жағдайлар жасау;
  6. үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін құру;
  7. үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне тұрақты мониторинг пен зерттеулер жүргізу.

4. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі

Бағдарламаны іске асыру мынадай басым бағыттарды көздейді:

  1. институционалдық қолдау іс-шаралары;
  2. аймақта азаматтық бастамаларды дамыту;
  3. қала әкімияты жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыру;
  4. үкіметтік емес ұйымдардың қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;
  5. үкіметтік емес ұйымдарды консультативтік және әдістемелік қолдау;
  6. үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-қимылдардың жүйелілігі мен кезеңділігі.

Бағдарлама үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдауды іске асырудың, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың одан әрі ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға бағытталған.

4. 1. Институционалдық қолдау іс-шаралары

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс - Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің есебінен келісім-шарт жасау арқылы республикалық және аймақтық деңгейдегі басым бағытқа ие мақсатты әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудың экономикалық-құқықтық нысаны болып табылады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тапсырыс берушінің ашық, жариялы түрде конкурс өткізулері негізінде орналастырылатын болады. Үкіметтік емес сектордың проблемалары мен оның даму және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тенденцияларын анықтау мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік проблемалары бойынша әлеуметтік зерттеулер өткізіліп, осы бағдарламаның жүзеге асырылуына мониторинг жүргізілетін болады.

4. 2. Қалада азаматтық бастаманы дамыту

Қалада, әсіресе ауылдық жерлерде, үкіметтік емес секторды дамыту жергілікті билік органдарының әлеуметтік проблемаларды шешуге үкіметтік емес ұйымдарды тартуы әлеуметтік шиеленістерді азайтады, халықтың өзіне өзі көмек көрсетуі мен өзін өзі жұмыспен қамтуын ұйымдастыруда азаматтық бастамалардың өсуіне, әлеуметтік қызмет көрсету сапасы мен көлемінің артуына ықпал ететін болады.

Жергілікті үкіметтік емес ұйымдарды аймақтық әлеуметтік проблемаларды шешуге әлеуметтік маңызы бар жобаларына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу арқылы тарту көзделуде.

Жергілікті атқарушы билік органдарының үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып өңірлерді дамытудың өзекті проблемалары бойынша оқыту семинарларын, тренингтерін, “дөңгелек үстелдерін” өткізуі ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды көтермелеуге жәрдемдесетін болады.

Қайырымдылық, еріктілік, мәдени-көпшілік және өзге де акцияларды бірлесіп өткізу ауыл халқы белсенділігін артуының маңызды шарты болып табылады.

Халықтың неғұрлым әлсіз жіктерін қолдау, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды тиімді әрі сапалы іске асыру үшін коммерциялық сектор әлеуетін барынша толық пайдалану есебінен жеке көздерден қайырымдылық саласына түсетін ресурстар көлемін елеулі түрде ұлғайтуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау қажет.

Мемлекеттік билік органдары жеке тұлғалардың үкіметтік емес ұйымдар қызметі шеңберінде іске асырылатын әлеуметтік маңызы бар қызмет ретінде өтеусіз ерікті қызметін дамытуға жәрдем көрсетуі тиіс.

Еріктілер көмегі мынадай: халыққа қызмет көрсету түрінде көмек көрсету, қоғамдық пайдалы еңбекті жүзеге асыру, қайырымдылық бағдарламаларын іске асыруға қатысу нысандарында жүзеге асырылады.

Қалалық деңгейде азаматтық бастамаларды дамыту проблемаларының табысты шешілуі әлеуметтік саладағы үкіметтік емес ұйымдардың тиімді қызметі үшін жағдайлар жасайды.

4. 3. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі органдар құру

Қала әкімі жанынан құрылатын үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі қалалық кеңесі мемлекеттік басқару органдарының үкіметтік емес ұйымдармен тиімді байланыс жолдарын іздеуге ықпал жасайды. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары болып табылатыны:

  1. әлеуметтік маңызды бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдармен (қала әкімі аппараты, бөлімдер және т. б. ) өзара қарым-қатынас жасау және Кеңес мәжілістерінде тиісті шешімдер қабылдау үшін істің нақты жағдайы жөнінде олардан қажетті ақпараттарды алу;
  2. қоғамның түрлі маңызды проблемалары бойынша қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру, оларда қаралып жатқан проблемаларды шешу жөнінде келісімдерді даярлау;
  3. әлеуметтік маңызды жобалар мен бағдарламаларды дайындау бойынша үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп қызмет атқару;

Үкіметтік емес ұйымдарды әлеуметтік маңызы бар заң жобаларын және мемлекеттік органдар бағдарламалық құжаттарын әзірлеу процесіне кеңінен тарту Бағдарламаны іске асырудың маңызды тетігі болып табылады.

4. 4. Үкіметтік емес ұйымдар қызметін ақпараттық қамтамасыз ету

Үкіметтік емес ұйымдар қызметін ақпараттық қолдау бұқаралық ақпарат құралдарында үкіметтік емес сектордың әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешудегі жұмыс тәжірибесін, оның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын кеңінен жария етуді көздейді. Үкіметтік емес ұйымдар қызметі туралы мамандандырылған айдарлар, тақырыптық радио және теле хабарларын жасау, қоғамда үкіметтік емес сектордың жағымды бейнесін қалыптастыруға жәрдемдесуге тиіс.

Үкіметтік емес ұйымдардың проблемаларын, әлеуметтік маңызы бар қызметтің даму практикасын, қоғамдық-азаматтық бастамаларды мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізуге мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыру көзделген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Я. А. Коменскийдің педагогикаға қосқан үлесі
Үкімет басқару құрылымы жане оның қызметі
Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының егемендігі аясындағы сұрақтар, саяси партиялар жайында
Алматы қаласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу
Алматы қаласының Қазақстан Республикасының аймақтық қаржы орталығы: жағдайы мен даму болашағын анықтау
Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайлары (Арқалық қ. мысалында)
Жұмыспен қамту жол картасы – 2020
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы мағлұмат
Ұлы дидактика еңбегінің педагогикалық маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz