Кәсіпорынды басқару органдарының құрылымы


11-тарау. Кәсіпорынды басқару құрылымы және қызметі
11. 1. Кәсіпорынды басқару органдарының құрылымы
Басшы шешім қабылдап, оның орындалуын ұйымдастырып, қарауындағы адамдардың жұмысын бақылаған кезде, ол өзінің осы міндетіне лайық әрекет етеді.
Лидерлік - бұл жеке адамдарға немесе бір топтағы адамдарға әсер ету қабілеті.
Лидерлікті қолданудың үш тәсілі бар (11. 1-сурет) :
- жеке адамдардың қабілеті мен көзқарасы тұрғысынан қарағанда;
- тәртіптілік;
- жағдайлық.
11. 1-сурет. Лидерлікті қолданудың негізгі тәсілдері
Жеке адамдардың қабілеті мен қөзқарасынан қарағандағы тәсілдің ерекшелігі мынадай :
- интелект пен білім деңгейі;
- әсерлі сыртқы келбет;
- адалдық;
- дұрыс бағыттағы ақыл;
- экономикалық және әлеуметтік ғылым;
- өзіне деген сенім.
Тәртіптілік тәсіл - басқару стилін жіктеудің негізін немесе тәртіптік стилін қалайды. Бұл тісілдің тиімділігі, басқарудың жеке қасиеттерін емес, оның бағынушыларға деген көзқарасын, қарым-қатынасын анықтайды.
Жағдайлық тәсіл - бұл тәсілді қолданушылардың пікірі бойынша лидерліктің басты стилі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.
Дуглас Мак Грегор басқару тәсілдерін былайша атап көрсетті:
- Автократиялық басқарушы, мұнда екі теория бар:
а) Х теориясы бойынша:
- адамдар әуелден-ақ жұмыс істегілері келмейді және ыңғайы келгенде жұмыстан қашқақтайды;
- адамдардың бәрі бірдей адалдықты мұрат тұтпағандықтан, олар жауапкершіліктен құтылуға тырысады;
- адамдарды еңбек етуге баулу үшін, еріксіз көндіру мен жаза қолдану аса қажет болған.
ә) «У теориясы» бойынша:
- еңбек - табиғи процесс. Егер жағдай қолайлы болса, онда адам жауапкершілікті өз міндеттеріне алып қана қоймай, оған олар ұмтылады;
- егер адам ұйымның мақсатын терең біліп түсінген боса, олар өзін-өзі басқару мен өзін-өзі байқауға тырысады;
- мәселені шығармашылық жолмен шешу қабілеті жиі кездеседі.
- Демократиялық әдіспен басқарушы аса жоғары деңгейдегі қажеттілікке сүйенетін ықпал ету жолдарын көздейді.
Ол қажеттіліктер:
- керек жараққа қажеттілік;
- автономиялар;
- ойын өзінше жеткізу қажеттігі.
Бұл жағдайда бағынушылар шешім қабылдауға белсене қатысады және тапсырманы орындау барысында кең бостандыққа ие.
3. Либеральдық әдіспен басқарушы бағынышты қызметкерлерге өз мақсаттарын анықтап ауруларына мүмкіндік туғызады және олардың жеке жұмыстарын бақылауларына толықтай бостандық береді.
Басшылар екі топқа бөлінеді:
- Жұмысқа көңіл бөлетін басшылар.
- Қызметкерге көңіл бөлетін басшылар.
Жұмысқа көңіл бөлетін басшылар ең алдымен жобалау мақсатының қамын көбірек ойлап, сыйлық арқылы еңбек өнімділігін көтеру жүйесін ойластырады.
Басшы мен ұжым арасындағы қарым-қатынастар:
- бағынышты адамнан күтетін нәрсенің түсініктемесі;
- бағынышты адамды қолдап, олардың өздерін еркін ұстайтынына көздерін жеткізу қажет;
- бағынышты қызметкердің күш-жігерін көздеген мақсаттарға жетуге бағыттау;
- басшының қол астында тұрған және ол қанағаттандыра алатын қажеттіліктерді бағалауға жағдай жасау;
- мақсатқа жеткеннен кейін бағынышты қызметкердің қажетін қанағаттандыру.
Ғалымдар басқару тәсілдері екі түрде болатынын дәлелдеді:
- Қолдау тәсілі, яғни адамдарға бағытталған немесе адамгершілік қатынастар.
- инструментальді тәсіл, бұл жұмысқа немесе міндетке бағытталған.
Бұлар мына факторларға байланысты:
- бағынышты қызметкерлердің жеке өзіндік қасиеттері;
- ортаның әсер етуі.
Басқару органдарының құрылымы
Күрделі және өнімнің еңбек сиымдылығы жоғары өндіріске маманданған іріленген кәсіпорындар, әдетте, ондаған цехтардан, лаборатория мен бөлімдерден тұрады. Олардың қызметін үйлестіре жүргізу үшін басқарудың күрделі иерархиялық құрылым құрылады (11. 2-сурет) .
11. 2-сурет. Кәсіпорынды басқару органдарының құрылымы
Шағын кәсіпорындарда басқарудың қарапайым ғана құрылымы болады, оны төмендегі 11. 3-суреттен көруге болады:
11. 3-сурет. Шағын кәсіпорындарда басқару құрылымы
Кәсіпорында басқарудың ұйымдық құрылымы төмен тұрған органның жоғары органға бағыну принциптерін сақтау негізінде жасалады. Мысалы, цехтық зертхана немесе цехтық бухгалтерия жетекшілері зауыттың орталық эертхансына немесе кәсіпорынның бас бухгалтеріне бағынады.
Еңбек бөлінісі атқарушылық белгілері бойынша кәсіпорындар:
- материалды-техникалық қамтамасыз ету;
- маркетинг және өнімді өткізу;
- қаржы;
- жоспарлау;
- бухгалтерлік есеп және есеп беру;
- өндірісті техникалық дамыту;
- басқару бөлімдерінен құрылады.
Ірі және әр тараптандырылған кәсіпорындарда бұдан басқа жекелеген өнім түрлері өндірісін басқару үшін арнайы органдар немесе мамандандырылған цехтарды басқару бөлімдері жасақталады.
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымының түрлері:
- линиялық;
- линиялық-штабтық;
- атқарушылық;
- матрицалық (өнім бойынша) ;
- аралас.
1. Линиялық басқару - жеке адамның басқаруына негізделген, біршама оңтайлы басқару жүйесі (11. 4-сурет) .
11. 4-сурет. Линиялық басқару құрылымы
Линиялық басқаруда басшы мен орындаушылардың арасында тікелей қандай да бір болмасын аралық органдар болмайды, мұнда, басшы жеке өзі өкімдер береді, орындаушылардың қызметіне басшылық етеді және қадағалайды.
Линиялық басқару құрылымы басқарудың қарапайым нысаны және оның негізгі ерекшеліктері :
- қажетті іс-қимылдардың тез арада бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді;
- жетекшілердің жауапкершілік деңгейін көтереді;
- басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайтады.
Линиялық басқарудың олқылықтары да бар, яғни:
- жетекшінің әмбебап маман болуы;
- оның күрделі объектілердегі қызметтің барлық жақтарын есепке алып отыруы, көпшілік жағдайда мүмкін емес. Сондықтан мұндай құрылым негізінен алғанда технологиясы қарапайым шағын кәсіпорындарда, қала берді ірі кәсіпорындардың төменгі топтары - өндіріс учаскелері, бригадалары деңгейінде қолданылады.
2. Линиялық-штабтық басқару көлеміне қарай орта кәсіпорындарда, сонымен қатар іріленген цехтар мен бөлімдер арқылы басқарылатын өндірістерде пайдаланылады (11. 5-сурет) .
11. 5-сурет. Линиялық-штабтық басқару құрылымы
Линиялық-штабтық басқаруда да өндірісті жекелеген адамдардың басшылық ету тәртібі сақталады. Алайда, бір ерекшелігі - басшы шешімдерді, бұйрықтарды, тапсырмаларды тек өзі ғана дайындап қоймайды. Ақпараттарды жинауда, оларды талдап, соның нәтижесінде қажетті өкімдік құжаттардың жобасын жасауда кәсіпорын мамандарының көмегіне сүйенеді. Мамандар жетекшілік ететін учаскелері бойынша тек басшының алдында ғана міндетті. Ал басшы болса, ол өзі қалған өкімінің зерделілігіне жеке басымен жауап береді.
3. Атқарымдық басқару (11. 6-сурет) кәсіпорын басшысы өзінің өкілеттілігінің белгілі бір бөлігін атқарушы орынбасарларына немесе атқарушы бөлім басшыларына тапсырады. Мысалы, бас инженер, ол инженерлік-техникалық мәселелер бойынша директордың орынбасары, өнімнің жаңа түрін жобалауда немесе оны өндіріске енгізуде, кәсіпорынды техникалық жағынан жарақтандыруда және басқа да мәселелер бойынша өз атынан, директордың рұқсатынсыз өкім бере алады. Мұндай өкілеттілік тек директордың өзінің тікелей орынбасарына беріліп қана қоймай, бөлім немесе цех басшыларына да беріледі. Бұл жағдайда орындаушылар тапсырманы тек кәсіпорын директорынан ғана емес, директордың орынбасарынан немесе атқарымдық бөлімдердің басшыларынан да алуларына болады.
11. 6-сурет. Басқарудың атқарушылық нысаны
Атқарушылық басқару. Басқарудың бұл түрі әкімшіліктік басқару жұмыстарын бір жүйеге келтіруге және оған білікті кадрларды тағайындауға қолайлы.
Атқарушылық басқару әдісінің кемшіліктері ретінде мыналарды атап көрсетуге болады:
- жұмыс жеделдігінің төмендеуі;
- құжаттар қозғалысындағы баяулық;
- шешім қабылдау мерзімінің ұзақтығы;
- тұжырымдарда кездесіп қалатын сәйкессіздік;
- жекелеген тапсырмаларды орындаудың үйлесімсіздігі.
Алайда, ірі кәсіпорындарда басқарудың бұл нысанын қолданудан бас тарту тиімсіз және мүмкін де емес.
4. Матрицалық басқару мазмұны жағынан атқарушылық басқарудан тек басқару объектілері бойынша ғана ерекшеленеді. Бұл құрылымның мәні мынада: кәсіпорында жауапты жеке тұлға немесе белгілі бір бас бөлім тағайындалады, мәселен: өндірісте жаңа бұйымды шығару мәселесі және бұларға жаңа бұйымды меңгеруді ұйымдастыру жөнінде директордың өкілеттілігі берілді. Демек бас бөлімнің жетекшілері немесе осы тұрғыда тағаындалған жеке тұлғалардың өкімі, директор жарлығының деңгейінде барлық кәсіпорын үшін міндетті түрде орындалуға тиісті.
Жоғарыда аталған басқару нысандарының ішінде тәжірибеде таза күйінде тек линиялық басқару қолданылады, онда да шағын кәсіпорындар немесе жеке иеліктердің жағдайында.
Көпшілік жағдайда басқарудың аралас түрі пайдаланылады:
- кейде бұл аталған төрт нысанның қарапайым үйлесімі ретінде төменгі буындарда - бригада деңгейінде -линиялық;
- орта буында - цех немесе бөлім деңгейінде -линиялық-штабтық;
- жоғарғы буында - кәсіпорын деңгейінде атқарымдық және матрицалық басқару нысандары жүзеге асуда.
11. 2. Кәсіпорынды басқару органдарының қызметі
Қызмет - жекелеген тұлғалардың немесе басқару органдарының атқаратын қызметтері мен міндеттерінің жиынтығы.
Басқару объектісі бойынша қызметтер:
- кәсіпті-салалық;
- құрылымды-кеңістік болып өзгешеленеді.
Кәсіпті салалық қызмет кәсіби еңбек бөлінісіне негізделген және ол басқару жүйесіне қатысты қызмет түрлерін қамтиды, атап айтқанда:
- жоспарлы-экономикалық;
- есепті-статистикалық;
- коммерциялық;
- инженерлік-технологиялық;
- есеп айырысу-талдамалық;
- оперативті-өндірістік;
- кдрлық;
- басқа да қызметтер.
Басқарудың объектілері бойынша құрылымды-кеңестік қызметі цехтың, бөлімдердің және басқа ішкі өндірістік топтардың жетекшілері мен мамандарының міндеттерін бөліп-бөліп қарастыруға негізделген. Бұған цехтарды басқару (негізгі, көмекші), жекелеген цехтар: учаске, бригада басшылықтары қатысты.
Кәсіпорында басқару органының осындай екі бағыттағы қызмет түрі бірдей шамада қолданылады. Олар жеке тұлғалар мен органдарға кәсіпорынның жарғысы немесе аталған тұлғалар мен органдардың нақтылы қызметтері жөніндегі ережелер негізінде бекітіліп берілді.
Кәсіпорын әкімшілігіне директор (бас директор) басшылық етеді. Оны кәсіпорын иесі тағайындайды.
Акционерлік қоғамда акционерлер жиналысында сайланған директор басшылық етеді. Акционерлер директордың құқықтары мен міндеттерін кеңейтуге немесе шектеуге құқылы, бірақ оның кәсіпорынның стратегияларын талдау және ағымдағы жұмыстарын ұйымдастыру үшін жеткілікті өкілеттіктері болуы керек.
Директор кәсіпорын атынан қызмет етеді, оны барлық шаруашылықтар мен мемлекеттік мекемелер алдында танытады. Ол:
- кәсіпорын жарғысына және заңдылықтарға сәйкес бұйрық береді;
- қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды немесе қызметтен босатады;
- оларға сөгіс жариялайды немесе жақсы жұмыс істеуге ынталандыру үшін көтермелеу шараларын жүзеге асырады.
Директор:
- кәсіпорын мүлкіне иелік етеді;
- ұжым атынан келісімдерге қол қояды;
- өзінің атынан басқа тұлғаларға сенім білдіреді;
- банктерде есеп айырысу шоттарын ашады және шоттардағы ақша қаражатына билік жасайды (11. 7-сурет) .
11. 7-сурет. Кәсіпорын директорының атқаратын қызметі
Директор өкілеттілігінің белгілі бір бөлігін өзінің орынбасарларына жүктейді, кәсіпорынның құрылымына қарай орынбасарларды тағайындайды, атап айтқанда:
- өндіріс бойынша;
- коммерция және қаржы жөнінде;
- инженерлік-техникалық салада;
- кадр және басқа да (11. 8-сурет) .
Көбінесе кәсіпорында директор орынбасарларының қызметін қандай мәселелер болмасын 2-3 адам атқарады.
Орта және шағын кәсіпорындарда, керісінше, директордың бір ғана орынбасары болады.
11. 8-сурет. Кәсіпорын директорының орынбасарлары
Қорыта айтқанда, директор немесе оның орынбасарлары, өздеріне жүктелген міндеттерді жеке өздері ғана емес :
- арнайы бөлім;
- цех;
- лаборатория;
- бюро топтарындағы мамандардың көмегімен атқарады.
- Директордың өндіріс бойынша орынбасарларына негізгі өндірістік цехтың атқару қызметі бағынады, сонымен қатар:
- өндірістік-жоспарлау;
- диспетчерлік;
- көлік құралдарының қызметі бөлімдеріне бөлінеді (11. 9-сурет) .
11. 9-сурет. Кәсіпорын директорының өндіріс бойынша орынбасарына бағынатын қызмет салалары
Алайда, бұл бағыныштылық тек атқарушылық сипатта ғана, яғни, тек өнім өндіру мен дайын өнімді қоймаға жеткізуге дейінгі жұмыстарына қатысты. Жоғарыда көрсетілген цехтар мен бөлімдердің жұмыстарының басқа жақтары, яғни экономикалық, кадр, инженерлік-техникалық жұмыстары директордың басқа орынбасарының күшімен атқарылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz