Азаматтық құқықтық қорғаудың әдістері


Құқықты қорғау. Сөздің кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол бермейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртібін мемлекеттің қолдауын айтамыз. Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету принципі. Оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негізгі бастауы ретінде айтылады(АК-ң 2-бабы) . Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиісті емес, сонымен бірге олар субъективті құқықтарының бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіруді, бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан профессор В. П. Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонады : «құқық қорғау сипатының мүмкіндігі оның, құқық өкілеттігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмұнының өзімен белгіленеді».
Демек, кез-келген субъективті азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бірге осы құқықтың асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегімен оны қорғауға тиісті құқықты еншіленбейді.
Азаматтық құқықтардың қорғау тәсілдері АК-ның 15-тарауының шеңберінде азаматтық құқықтағы қорғануды кең мағынадағы меншік иесінің мүдесін қорғаудан айыра білу керек. Кең мағынада меншік иесінің мүдесін қорғау екі негізгі нысанаға бөлінеді: юрисдициялық және юрисдициялық емес. Қорғаудың юрисдициялық түрі субъективті құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкілетті мемлекеттік органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесі бұзылған тұлға мемлекеттік немесе басқа да құзіретті органдарға шағынданады, әлгі атаған органдар өз кезегінде бұзылған құқықты қалпына келтіру және бұзушылықты жою үшін өкілеттігіне сай қажетті шараларды қолданады. Қорғауды юрисдициялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртібін белгілейді. Жалпы тәртіпке сәйкес заңмен қорғалатын азаматтық құқықтардың мүддесіне қорғау сот арқылы жүзеге асады. АК-ның 9-бабы жалпы тәртіппен қатар әкімшілік тәртібін де қарастырған. Әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылатын меншік иесінің құқықығын қорғау құралы шағын болып табылады. Ол құқық бұзушылықтың нәтижесінде зардап шеккен құқық иесі мүддесін қорғауда орай тиісті өкілетті органға беріледі. Кейбір заңдара аралас, яғни меншік құқығы мен басқа да затты құқық қорғаудың әкімшілік сот тәртібін қолданады. Мұндай жағдайда мүліктік меншік иесі мен иеленуші сотқа шағынбас бұрын мемлекеттік басқару органына шағынданады.
Қорғаудың юрисдициялық емес нысаны заттың меншік иесімен иеленушінің мемлекеттік және басқа құзіретті органдарға бармай-ақ өз бетімен қорғануын білдіреді. АК-ның тұжырымдарында аталған әрекеттер «азаматтық құқықтардың өзін өзі қорғауды» ұғымымен байланысты және меншік құқығымен басқа да заттық құқықтарда қорғаудың бір әдісі ретінде қаралады.
Азаматтық құқықтардың өзін өзі қорғауы өзінің заңдың табиғатында құқық қорғау әдісі болып табылмайтын өзіндік нысанын еншіленеді деген пікір де бар. Мәселен, профессор А. П. Сергеев қорғанудың дербес түрі ретінде өзін өзі қорғау құқығы сот және әкімшілік нысандарымен бірдей қаралуы керек дейді. Біздің де пікірімізше өзін өзі қорғау құқығына ешкімнің тиіспейтіндігін қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтіріп, оның салдарын жоюға бағытталған өкілетті тұлғаның заң және шарт негізінде әрекет етуге жол берілген азаматтық құқықты қорғаудың дербес нысаны болып аталады.
Жоғарыда айтылған құқық қорғаудың кең мағынасын меншік құқығын қорғаудың арнайы құрал жүйесінен айыра білу керек. Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың сипатына байланысты келеді. Меншіктің абсолютті құқығы немесе басқа да заттың құқығы ретінде тікелей құқық бұзушының кезінде заттың құқықтың сипаты бар құралдары оны қорғауға кіріседі. Құқық бұзушы мен өкілетті тұлға арасында міндеттемелік қатынас болған ретте міндеттемелік құқықтың қорғау құралдары қолданылады. Міндеттемелік құқық құралы талап қоюға тән нәрсе, ол бірден меншік құқығынан көріне бермейді, азаматтық құқықтың басқа институттарына негізделген, яғни міндеттемелік талап қою меншік құқығын тікелей емес, соңында, яғни ақыр аяғында қорғайды. Ал меншік құқығын қорғаудың заттың-құқықтың құралы меншік құқығын қорғауға тікелей бағытталуымен сипатталады және қандай да бір нақты міндеттемемен байланыста болмайды. Қазақстан Республикасының заңдары жәбірленушінің құқық бұзушыға қарсы талап қою түрін таңдау мүмкіндігін бермейді, бұл орайда шет елдердегі «талап қою бәсекесі» деп аталатын жағдайларды қолдамайды. Азаматтық құқық институттарының әр түрінен туындайтын не заттың-құқықтың, не міндеттемелікке жатпайтын ерекше қорғау тобы белгіленген. Мысалы: хабар - ошарсыз кетті деп танылған немесе өлді деп жарияланған адамдардың меншікке мүліктік құқықтарын қорғау (АК-ның 29-32 бап) кепіл ұстаушының жауапкершілігі туралы және тағы басқа болып табылады.
Азаматтық құқықты қорғаудың жаңа құралдары АК-тің 9-10 баптарында қаралған. Бұл баптарда бұрын соңды заңдарда қаралмаған жолдары көрсетілген. Мысалы: моральдық зиянды өтеу, яғни тұлғалардың өзіндік мүліктік емес меншіктері мен құқықтың бұзылуы, кемітілуі немесе олардан айырылу, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы. Моральдық зиян ақшалай нысанда төленеді. Екінші бір жағдай ол мемлекеттік билік органның заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдардың әрекетімен келтірілген залалды өтеу механизмі енгізілген (9-бап, 5-тармақ)
Азаматтық құқықтық қорғаудың әдістері:
а) Зат иесінің ол затты біреудің заңсыз иеленуімен өзіне зат күйінде қайтарылуын талап ету (виндикация)
ә) Иемдену еркінен айырмай-ақ заңды пайдалануға жасалып отырған кедергіні жоюды талап ету. (негаторлық талап)
б) Затты жойып жіберген немесе бүлдірген жағдайда зиянның орнын толтыру. (ақшалай құнын өтеу)
в) басқа бір адам негізсіз ие болған немесе сақтап қалған, виндикация жолымен немесе зиянның орнын толтыру арқылы қайтарып алуға болмайтын заттың құнын зат иесіне ақшалай төлеу.
Меншік құқығын қорғаудың алғашқы екі әдісі меншік иесіне затты сол қалпында иемдену, пайдалану және оған билік жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Талап ету, яғни бұзылған меншік құқығын қалпына келтіру туралы затты иесіне қайтару немесе пайдалануға тигізіп отырған кедергіні жою туралы сотқа қойылған талап заттың құқықтық талап деп аталады. Аталған әдістердің соңғы екеуі міндеттемелік құқыққа жатады. Мұндай жағдайда меншік иесіне заттың ақшалай ақысы төленеді, ал тиісті талаптар міндеттемелік талаптар деп аталады.
Қорғау құқығы проблемасы бұл тек материалдық құқықтың ғана проблемасы емес, ол сонымен бірге азаматтың іс-жүргізу құқығының проблемасы болып табылады. Сондай-ақ азаматтық іс-жүргізу құқығы ғылымда қорғау құқығы әдетте, талап қою құқығы туралы мәселеге келіп тіреледі. Бұл орайда талап қоюға құқық туралы мәселені шешуде айтарлық алшақтық туындайды.
Авторлардың бір тобы талап қоюға берілетін құқық ұғымынан келіп талап қою «құқықты сотпен қарау құралы ғана болып табылады» деген пікірге тоғысады.
Мұндай көзқарастар континенталды құқықтың талап қою теориясы үшін де сипатты жағынан сай келеді. Франция ғылымы Леон Жюмло де Ла Морандьер осыған байланысты былай дейді: «талап арыз тұлғаның нақты құқық жағдайын немесе жаңа заңдық жағдайды құру үшін сотқа сот әділдігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін ерікті, заңдық әрекет болып табылады. Талап қою дегеніміз оны беру құқығын еншілейтін иеленушінің өзіне тиесілі сотқа жүгіну құқығынан басқа ештеңе де емес: Лео Розенберг болса, «талап қою - сот шешімі арқылы құқықты қорғау үшін сотқа жүгіну» деп анықтама береді. Осы анықтамалардың қай-қайсысы да талап қоюды белгілі бір тұлғаның тиісті мүддесіне қатысты сот шешімімен болатынын айқындап берген Рим құқықтың анықтамасымен сәйкес келеді.
Авторлардың енді бір тобы талап қоюға құқықты материалдық мағынада және талап қоюға құқықты іс-жүргізу мағынасында бөліп қарау керектігін ұсынады. Бұл орайда талап қою құқығына қатысты проблемаларда зерттеген авторлардың талап қоюды материалдық құқықтық іс-жүргізу нысандарын бірлікте қарауы көңілге қонады. Сондықтан да В. М. Грибанов құқықты қорғау проблемасы тек талап қою қорғау нысанымен шектелмейтіндігін және талап қоюдан басқа да қорғау түрлерінің бар екендігін көлденең тартады.
Меншік құқығын қорғаудың тиімді құралын іздестіруде заңдық рәсімдерге жеңілдетуге деген ынта күшейе түсті. Қазақстанда талап қоюға байланысты жалпы іс-жүргізу тәртібі өте ауқымды болғанын айта кеткен жөн. Сондықтан да азаматтық сот құқық рәсімдері арқылы іс-жүргізу, әсіресе бұйрық арқылы іс-жүргізу ықшамдай түсу сотпен қорғау ісінің тиімділігіне жағдай жасайды. Әдебиеттерге қарағанда, көптеген елдерде бұйрық арқылы іс-жүргізу бар екендігін көреміз. Айталық, ол көне Рим, ағылшын, басты герман және швед үлгілері түрінде кездеседі. Мысалы: Рим құқықтарды сот бұйрығының болмысы преторлық қорғау нысанында болды, претор өтініш берушінің тілегі бойынша қандай да бір әрекеттерді тоқтататын болған, бұл орайда ол өтініш берушінің бұзылған мүддесін ескерген. Мұндай үкім интердикті деп аталады. Ал, Герман құқығында да шарт қойылған және сөзсіз сот бұйрығы бар. Мысалы: оның соңғысы соттың бұйрығынан және тыйым салуынан көрінеді; онда жауапкердің қойылған мәселе бойынша ақталуына жол берілмейді. Ондай бұйрықтарды беру жауапкерді шақырмай-ақ және оның түсіндірмесін тыңдамай-ақ талап қоюшының бір жақты өтінішімен жүзеге асырылады. Венгрияда сот бұйрығы 1972 жылы енгізілді, ал Чехияда ол төлем бұйрығы деп аталады. (АІЖК-ң 172-174 бап) Чек және вексильдік бұйрықтар түрінде белгілі болды.
Сот бұйрығы институтына жасалған талдау қорғаудың сот құрамы тұрғысынан азаматтық құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделерді қорғауда сот қаулысының мұндай ерекше түрі қорғаудың тиімді құрамы екендігін көрсетіп отыр.
Қазақстан Республиканың АІЖК-нің 139-бабына сәйкес сот бұйрығы былайша айқындалады: «өндіріп алушының ақшалай суммаларды өндіріп алу немесе жылжымайтын мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушының олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.
Заң бойынша қорғаудың объектісі тек қана субъективті азаматтық құқықтар ғана емес, сонымен бірге ол заңдармен қорғалатын мүдделерді қамтиді. Қорғалатын мүдделер субъективті құқыққа байланысы жоқ дербес түрде бола алады. Мысалы: оған адамның ар-намысы мен абыройы жатады. Қорғауға жататын мүдде құқық бұзушылықтың нәтижесінде субъективті құқыққа байланысы жоқ дербес түрде бола алады. Мысалы оған адамның ар-намысы мен абырой жатады. Қорғауға жататын мүдде құқық бұзушылықтын нәтижесінде субъективті құқықтың өзі тоқтатылғакн жағдайда болуы мүмкін. Мысалы зат жойылып кеткен кезде оған меншік құқығын қорғау мүмкін болмай қалады. Мұндай жағдайда бұрынғы меншік иесінің заңмен қорғалатын мүддесін қорғау және мүліктік жағдайын қалпына келтіру мәселесі қойылуы мүмкін. Демек заңмен қорғалатын мүдде қорғаудың дербес объектісі ретінде жиі кездесетінін байқаймыз.
Кез - келген құқық қатынасы оның субъективті құқықтар мен міндеттерді таратушылар ретінде қатысушылардың құқық байланысы болып табылады. Сондықтан субъективті құқықтар мен міндеттерде азаматтық құқықтың мазмұны болып табылады. Субъективті құқық дегеніміз құқық берілген тұлғаның ықтимал мінез - құлық шамасы. Субъективті азаматтық құқық мазмұны жағынан әр түрлі субъективті құқықтың мазмұнына субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды. Мысалы меншік құқығы:
а) белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін меншік иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігін;
ә) басқа адамдардың бәрінен олардың сол мүмкіндіктерді жүзеге асыруға меншік иесінің кедергі жасамауын талап ету;
б) меншік құқығы бұзылған жағдайда құқық бұзушылықты жою үшін сотқа жүгінуге дейін құқық қорғау тәртібі шараларын пайдалану мүмкіндігін қамтиді (АК-ның 188-бап)
Міндетті тұлғаның тиісті мінез құлық шамасы азаматтық құқықта міндет деп түсіндіріледі. Алайда азаматтық құқықта міндеттің әр түрлі болғанын ескеру керек.
Азаматтық құқық нормаларының көпшілігі диспозитивті сипатта болады. Алайда азаматтық заңдарда тыйым салуларымен нұсқаулар сипатындағы ережелерде белгілі. Құқықтың тыйым салу нормалары азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың міндеттерінде айқындайды. Мысалға тараптардың шарттан бір жақты бас тартуын немесе оның ережелерін бір жақтың өзгерту. АК-ның 401-бабы.
Әрбір азаматтың құқық қатынастарында тараптар құқық берілген және міндетті тараптар болып екіге бөлінеді. Екі тараптың екеуінде де бір тұлға немесе бірнеше тұлға бұл зиянды зардап шегуге өтеуге тиіс. Құқық қатынастарына белгілі бір тұлғалар қатысуы мүмкін, алайда кейбір азаматтық құқық қатынастарында міндетті тарап жағынан саны белгісіз тұлғалар қатысады.
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың әрқайсысының бір мезгілде құқық берілген және міндетті тарап болуы сирек кездеседі. Мысалы сатып алу сату шарты бойынша мүлікті сатып алушының меншігіне беруге міндетті және онымен бірге одан белгілі бір ақша суммасын төлеуді талап етуге құқылы. Ал сатып алушы бұл сумманы төлеуге міндетті ғана емес, сонымен қатар мүлікті өзінің меншігіне беруді талап ете алады.
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар құрамының өзгеруі мүмкін, мұның өзі атап айтқанда, құқық мирасқорлық себебінен орын алады. Құқықтың мирасқорлық деп құқықтың бір тұлғадан ізашардан екінші тұлғаға құқықтың мирасқорға ауысуы түсіндіріледі. Бұл ретте соңғысы құқық қатынастарында өзінің құқықтық ізашарының орынын басады. Құқықтық мирасқорлық әмбебап не сингулярлық болуы мүмкін. Жалпы құқықтық мирасқорлық бір заңдық актінің нәтижесінде құқықтық мирасқордың барлық құқық қатынастарында құқықтың ізашарының орынын басатыынмен сипатталады. Мысалда заңды тұлғалар олардың құқықтары мен міндеттері АК-ның 46-бабына сәйкес, жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады. Мұраны қабылдауға байланысты мұрагерлер қайтыс болған адам қатысқан мүлікті құқық қатынастарынын субъектілеріне айналады. Жеке сипатта болатын құқық қатынастарында сондай-ақ былайша ауыстыруға заңмен тыйым салынған барлық жағдайларда құқықтық мирасқорлыққа жол берілмейді.
Неке дегеніміз ерлі -зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқылы одақ. Ал отбасы деп некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүл»ктік және мүліктік емес жеке құықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобын айтамыз.
Неке азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдарында рәсімделгенде заңды деп танылады және белгілі бір құқықтық салдарлар туғыза алады. Шіркеулерде, мешіттерде мекі қиюға заң тыйым салмайды, бірақ олардыңқұқықтық күші жоқ.
Некеге тұру үшін заң некеге тұрудың жағымды және жағымсыз жақтарын белгілейді. Неке тұрудың жағымды жақтарына некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара еріктік келісімі және олардың неке жасына жетуі жатады.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы»1998 жылдың 17 желтоқсанындағы № 321 Заңының 10-бабына сәйкес неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18-жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жаңғдайда мемлекеттік тіркеу орыны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын 2-жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары белгілеген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.
Некеге тұрудың жағымсыз жақтарына некеге тұруға жол бермейтін жәйттер кіреді. Некеге тұруға:
1) Біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
2) Тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың(ата-аналарымен балалардың, атасының әжесінің және немерелерінің ) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы -сіңілілердің ;
3) Асырап алушымен асырап алғандардың ;
4) Біреудің болса да психикалық аурудың немесе ақыл- есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.
Некеге отыратын адамдардың тікелей қатысумен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы бір ай өткенге дейін неке қиюға сондай-ақ осы мерзімді ұзартуға, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етуі мүмкін. Ерекше мән-жайлар болған кезде ( Жүктілік, бала тууы, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және тағы басқа жағдайларда) неке өтініш берген күні қиылуы мүмкін
Некені тоқтату. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некні ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін . Егер жұбайлардың екіншісін жаңа некеге отырса, некені қалпына келтіруге болмайды.
Некені бұзу. Неке ерлі - зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің де өтініш бойынша, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайдың қорғаншысының өтініші бойынша оны бұзу жолымен тоқтатылуы мүмкін. Некені әйелдің жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде әйелдің келісімсіз бұзуға болмайды.
Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі. Ерлі - зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініш бойынша, егер ерлі-зайыптылардың екіншісін:
1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса;
2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;
3) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттталса, неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзылады.
Некені сот тәртібімен бұзу:
1) осы Заңнын 16-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы;
2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;
3) егер ерлі-зайыптылардың біреуінің өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса;
4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайларда жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz