Мұрагерлік құқық қатынастарының пайда болуының негізі мұра


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
1 МҰРАГЕРЛІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1. 1 Құқық тарихында мұрагерлік құқықтың алатын орны
1. 2. Мұрагерлік институтының кеңестік дәуірдегі көрінісі
2 МҰРАГЕРЛІК - ҚР АЗАМАТТЫҚ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША
2. 1 Мұрагерліктің негізгі құрамы
2. 2 Өсиет бойынша мұрагерлік
3 ЗАҢДЫ МҰРАГЕРЛІК ЖӘНЕ МҰРА АЛУ
3. 1 Заңды мұрагерліктің құрылымы
3. 2 Мұра алудың негізгі шарттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3
6
6
9
12
12
14
20
20
23
27
29
Кіріспе
«Азаматтық құқық» деген атаудың өзі ежелгі уақыттан бері белгілі ол римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы-цивилді(Іus civili) құқық деп атаған.
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз. Себебі азаматтық құқтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан әлемдік азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық институтына әсерін тигізіп отыр.
Зерттеліп отырған тақырыптың өзетілігі сонда -ол Қазақстандағы мұрагерлік құқықтың даму тарихын ашып қарастырып, мұрагерлік институтының қазіргі таңдағы жағдайын ғылыми, тарихи тұрғыдан сараптау, таразылау, жаңаша көзқарас тұрғысынан тарең талдау жасауда.
«Біз жаңа мемлекетті жаңа нарықтың экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрәзді жолды басынан кешіпте үлгерген уақытта құру үстіндеміз», ендеше осы бағытта әртүрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерді пайдаланудың маңызы зор.
Сонымен Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салонорының бірі болғандықтан, күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен оның әкімшілік аумақтың бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқық ғылымның аясын зерттеуді Қазақстандағы заң білімінің тарихынан бөліп қарауға болмайды.
Қазақстандағы заң білімімен құқықтану, оның ішінде азаматтық құқық ерекше, тарихи алпатқа ие десек қателеспейміз. Өйткені Қазақстан үзақ жылдар бойыөзге мемлекеттің құрамына еніп, яғни оның құрамдас бөлігі болып саналады. Соның салдарынан заң білімі мен құқықтануы өздігіне өзі ие бола алмағаны да түсінікті.
Тарихқа жүгінсек, қазақ халқы өз алдына ел болып дербес мемлекет құрғаны бірнеше күрделі заң жинақтарын қабылдаған. Мүндай заң құжаттары туралы Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасу үлгісі, әртүрлі билік тармақтарының өкілеттілігін кеңейту және олардың қызметін жетілдіру, заңдарды түбегейлі жаңарту, сот реформасы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауды күшейту тиімді нарықты экономика құру қазақстандық кәсіпкерлерді қорғау, қылмыспен күресу, осының бәрі сайып келгенде заңымызды кәсіби деңгеиге көтеруді талап етеді.
Бүгінде заңгерлікке әлеуметтік тұрғыдан өзгеше маңыз берілуіне байланысты ол беделді мамандаққа айналады. Оған күнделікті өмірдегі әркімнің өзі жеткен. Еліміздегі жүзеге асып жатқан заң жүйесіндегі игі өзгерістер заң тәжірибесін қайта қарауды талап етеді. Өкінішке орай, құқықтық жүйедегі алғашқы қадамдар тағдыры - білім беру сапасына кадрларды кәсіби даярлау деңгейіне қатысты екендігін естен шығарып алатынымызды несін жасырамыз.
Ашығын айтсақ заңгердің кәсіби дайындығын ұштау бұрыннан бар пәндерге жат ақпараттық толықтыру арқылы жүйеге асады, тіпті кей жағдайда іс жүзінде тәжірибеге көлденең жатқан мәселелерді қуып жетуге тырысушылық байқалады. Рас, «тәжірибеден бастау алатын»заң білімі қалыптасқан құқықтық қоғам үшін тиімді болуы мүмкін, бірақ бүл белсенді түрде реформа жасалып жатқан мемлекет үшін қолайлы әдіс емес.
Заңгер үшін азаматтық- құқықтың жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық құқықтық жағдайларды шешудің ғылымы жатады.
Тақырыптың зерттелу деңгейіне келер болсақ, Қазақстанның азаматтық құқығын арнайы зерттеу тек XX ғасырдың 50 жылдарының аяқ шенінде басталуы мерзімі жағынан алып қарағанда алғашқы болып басталған. Г. М. Степаненко онан кейінгі жылдары цивилистғалымдар басқа проблемаларды қамтыды, бұл орайда Ю. Г. Басиннің «вопросы советского жилищного право» М. А. Ваксбергтің «правовая охрана личной собственностий СССР», А. Г. Диденконың «право жилье» тәрізді зерттеу еңбектерін мысалға келтіруге болады. Міне осындай ғылыми мәселелерді айта келіп, жоғарыда айтылған басты тақырыбымызға қайта оралсақ:
Жалпы азаматтық жүйесі:
Бұл Қазақстан Республикасының заңының тұғыры, арқауы-ол азаматтық кодекс болып табылады.
Ол екі бөлімнен (жалпы және ерекше) тұрады. Қазақстан Республикасы азаматтық кодекснің жалпы бөлімі 1994 ж 27 желтоқсанда қабылданып, 1995 ж 1 наурыздан бастап, ал ерекше бөлімі 1994 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.
Азаматтық кодекс: бөлімдерден бөлімшелерден тараулардан параграфтардан баптардан тармақтардан, тармақшалардан, бөліктерден құралады. Онда 62 тарау 1124 бап бар. Жаңа кодексте кеңестік азаматтық заңдарда мүлдем болмаған тұжырымдар көптеп кездеседі, әрі мұндай жаңалықтар нарықтық қатынастардың ерекшеліктерін қамтыған.
Сонымен құқық жүйесі дегеніміз- ол сол мемлекеттегі құқықтың нормалардың жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс.
Жалпы бөлім « Жалпы ережелер»-I бөлім. II-бөлім меншік құқығы және өзге дезаттық құқықтар. III-бөлім міндеттемелік құқық.
Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығының ерекше бөлімі мыналарды қамтиды:
IV -бөлім міндеттемелердің жекелеген түрлері (сатып алу, айырбас)
V- бөлім интелектуалдық меншік құқығы, ал VI- бөлім негізгі осы бітіру жұмысымның басты тақырыбы мұрагерлік құқық (тараулары мұрагерлік туралы жалпы ережелер, өсиет бойынша мұрагерлік, заңды мұрагерлік) міне осылар қамтиды.
Міне осы арайда: мұрагерлік құқық туралы кеңірек ашып, түсіндірсем: мұрагерлік құқық бұл құқықтың жүйеде мұраға ие болу заң бойынша және өсиет бойынша жүзеге асырылады. Мыс: мүсылман құқығындағы мұрагерліктің бір ерекшелігі мұрагер өз қалауы бойынша тек қатаң белгіленген шекте ғана, иелену құқығын еншілей алады. Мыс: өсиет пен қалдырылған заттың үштен бірі ғана мұрагерге ғана тиесілі және одан аспауы керек. Негізгі мағұлматтарға тоқталайық.
Бұрын мейлінше керітарпалық сипат алып келген мұрагерлік құқық соңғы кездері айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отыр. Мысалы: Қосағынан айырылған жұбайдың зайыптың асырап алған немесе некеден тыс туған балалардың құқықтары кеңейе түсті де, мұрагерлік аясы заң бойынша тарыла бастады. Сондай-ақ батыс елдерінің мұрагерлік құқығынан мұсылмандық құқықтың айырмашылығы ерлер мен әйелдердің мұрагерлік құқығындағы теңсіздік болып табылды. Сонымен бүгінгі күндегі азаматтардың мұрагерлік құқықтың қалай жүзеге асырылуы, қандай заңдар мен реттелетінін, қандай нормаларды қамтитыны, құжаттармен куәландыратыны туралы айтсақ артық болмас.
Осы айтылған жағдайларға байланысты бізде Қазақстандағы мұрагерлік құқықтың кешегісі мен бүгінгі даму жолдарын сөз ету мақсатында мынадай бөлімдерге бөліп қарастырғанды міндет көрдік:
- Қазақстанда мұрагерлік құқықтың тарихи дамуы
- Құқық тарихында мұрагерлік құқықтың алатын орны
- Мұрагерлік институтының кеңестік дәуірдегі көрінісі
- Қазіргі таңдағы мұрагерлік институтының жалпы сипаттамасы
- Мұрагерліктің негізгі құрамы
- Өсиет бойынша мұрагерлік
- Заңды мұрагерліктің құрылымы.
- Мұра алудың негізгі шарттары.
Зерттеліп отырған ғылыми жұмыстың практикалық маңыздылығына келер болсақ, болашақта бұл ғылыми жұмысты жоғары оқу орындарында, орта білім беретін мектептерде өтетін құқық негіздері сабақтарында қолдануға болады. Сонымен қатар құқықтық үйірмелерде, конференцияларда пайдалануға болады.
1 МҰРАГЕРЛІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1. 1 Құқық тарихында мұрагерлік құқықтың алатын орны
Мұрагерлік - өте ертеден келе жатқан көне институттардың бірі. Мұрагерлік институтының қалыптасу тарихына көз жіберсек, оның адамзат қоғамымен бірге жасасып, бірге дамып отырғанын байқаймыз. Алайда, алғашқы қауымдық қоғам кезеңінде, адамдардың қажеттіліктері қазіргі заманмен салыстырғанда өте қарапайым болып және оны қанағаттандыру құралдарының жетімсіздігі әсерінен болар, ол кезеңдерде әлі мұрагерлік деген түсінік қалыптаспаған еді. Мүмкін, оны мұраға қалдыратын мүліктердің жоқтығымен де түсіндіруге болар. Әрине, ол заманда да аңшылық, балық аулау құралдары, жабайы аңдар терілері, үйді ұстауға қажетті жабдықтар, т. б. адам өміріне қажетті құралдар әкеден балаға, рудан руға өтіп отыратын. Әкеден балаға мирас түсінігі, бәлкім, осыдан қалған болар. Сонымен, мұндай жағдайда туындайтын қатынастар құқық нормаларымен емес, ғасырлар бойғы дәстүрлермен реттелетін еді. Соған сәйкес, бұл қатынастарды жүзеге асыру қазіргідей мемлекеттік мәжбүрлеу шарасымен емес, қоғамдық пікір, ру, тайпа беделі сияқты шаралармен жүзеге асырылатын.
Кейінірек шаруашылық мүліктері дамыған сайын, адамдардың қатынастары күрделене келе, тайпалық қатынастар әлсіреген кезде қайтыс болған адамның мүлкі кімге қалады, оған кім ие болады деген заңды сұрақ әркімнің көкейінде тұратын болды. Осылайша қоғамдық әлеуметтік топтарға бөліне ксле, жеке меншік қалыптаса түсіп, осылармен бірге мұрагерлік те пайда болып, дами берді.
Кейін келе мемлекеттің пайда болуына орай, әлеуметтік жіктелістің айқындала түсуі меншіктің алуан түрлілігін тудырды. Оның айқын көрінісі, саяси биліктің ең жоғарғы нысаны саналатын мемлекеттік тақ мұрагерлігінің пайда болуы дер едік. Тақ мұрагерлігі әр елде, әр түрлі тарихи кезеңдерде әр түрлі аталғанымен сипаты жағынан бәрі де монархиялық (әкеден балаға, ағадан ініге) дара билеуге саяды.
Ал, түбі бір түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының тарихында ерте заманнан бері мұрдгерліктің әскери, әкімшілік, тайпалық, рулық, аумақтық, мүліктік және рухани дәстүрлі жалғастығы немесе мұрагерлігі қалыптасқан болатын. Біздің ата-бабаларымыз құрып, қалыптастырған үлкенді-кішілі мемлекеттерде мемлекет - халық - әскер үштігінің бірлігі бұлжымас салттық дәстүрмен біте қайнасқан. Ру, тайпаның әрбір мүшесі мемлекетті қорғауға, оның амандығын сақтауға міндетті болумен бірге, өзін сол мемлекеттің толық құқықты мүшесі әрі «мұрагері» деп кәміл сенетін. Мәселен, біздің этникалық тегіміз, прототүрік хұндар (біздің жыл санауымызға дейінгі III ғасырдың екінші жартысымен біздің заманымыздың I ғасырына дейін өмір сүрген) империясының дәуірінде қалыптасқан мұрагерлік үрдісінен бір мысал келтірсек. Хұн тәңірқұты Тұманның жарлығы бойынша соғыс майданында қаза болған сарбаздың сүйегін далада қалдырмай, өз еліне алып келген әскерге марқұмның бала-шағасына, мал-мүлкіне иелік ету құқығы берілгендігі Қытайдың «тарихнама» атты жазбасында атап көрсетілген. /1/
Демек, біз бұдан мұрагерлік дәстүрінің мындаған жылдық тарихы бар екенін аңғарамыз. Мұндағы назар аударарлық екі жағдайды атап өтелік: бірінші, елден шалғайда, жат жерде жорықта жүрген кез келген сарбаз ажал жетіп қаза болса, сүйегі далада қалып, ит-құсқа жем болмайтынына, туған жерден топырақ бұйыратынына нық сенімде болады. Екіншіден, майданда мерт болған боздақтың артында қалған бала-шағасы бас иесіз қалмай, қамқоршысы болатынына сеніммен жүре алады. Сөйтіп, әскер мен халық және мемлекетке біртұтас өмір сүруге кепілдік берілгенін көреміз. Бұл жағдай қазақ халқының өмірінде де күні кешеге дейін түрлі көріністе өз жалғасын тауып келгендігі белгілі.
Мұрагерліктен туындайтын қатынастар адам өміріне етене жақын болғандықтан, қай дәуірде де өз жалғастығын тауып келген. Мысалы, қазақтың көне халықтық тәжірибесінде мұраны бөлу жөнінде ертеден келе жатқан мынадай бір аңыз бар.
Бір адам үш баласына 17 жылқыны мұраға қалдырып, дүние салады. Тұңғышына жартысын, ортаншысына үштен бірін, кенжесіне тоғыздан бірін өсиет еткен. Бұлар үлестерін бөлісе алмай, дағдарып отырғанда бір арық атты жолаушы кездеседі. Жолаушы өз атын әлгі жылқыларға қосып, «Енді үлестеріңді ала беріңдер», - дейді, 18 жылқыдан тұңғыш баласы 9, ортаншысы 6, кенжесі 2 жылқы алып, бітіседі. Сөйтіп, жолаушының арық аты артық қалады.
Мұнан көретініміз, өте ертеде-ақ мұра жағдайы, оны бөлісу сияқты мәселелер қазақ халқында да кездесіп, қал-қадерінше шешіліп отырған.
Қазіргі заманда мұндай есептердің айтарлықтай маңызы болмағанымен, ерте заманда мұраны бөлу есептері қоғам өмірінде маңызды орынға ие бопған. Мысалы. әйгілі ғалым Мұхаммед әл-Хорезмидің (780-850 жылдары өмір сүрген) «Алгоритми айтады» атты (830 жылдар шамасында жазылған) еңбегінде көздеген мақсатын кітаптың алғы сөзінде автордың өзі былай баяндайды: «Мен азаматтардың мұра бөлгенде, артына өсиет қалдырғанда . . . әр түрлі жұмыстарда зәру болып жүргенін ескеріп . . . жазуға тәуекел еттім». Осы ғылыми еңбектің үшінші бөлімі «Адамның өнер алдында өз мүліктерін жақындарына қалдыру жайындағы өсиеттері» тақырыбына арналған. /2/
Иә, үй қожасы қайтыс болғанда, оның мал-мүлкін талан-тараждан сақтау үшін, бала-шағасына, әйеліне, туыстарына әділ және дұрыс бөліп беру үшін мұндай есептеулер қажет-ақ болған. Мұндай есептеулер сол кезде қабылданған ережелер арқылы жүргізіліп отырған. Ондай ережелер Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда да әрекет еткені белгілі. Төңкеріске дейінгі қазақ халқындағы барымта, мұраға таласу, жер және жесір даулары осындай ережелермен шешіліп келген. Оған мысал ретінде, 1885 жылғы Семей облысының қазақтары үшін қабылданған Қарамоладағы ережені айтуға болады. Бұл ереженің соңында Абайдың да қолы бар. Ол осы ережені жасаушыларға ақыл-кеңес беріп отырған сыңайлы. Мінеки, осы «Қарамола ережесінде» мұрагерлікке қатысты мынадай қағидалар бар:
«Егер ері өлген әйел, баласы бар болса да, жоқ болса да екінші күйеуге тимей отырса, ерінен қалған барлық мал мен мүлікке өзі ие болады.
Қалыңдық өлгенде балдызы жездесіне тимесе, қыз әкесі алған қалың малын күйеуге қайтарады».
Осылайша, мұрагерліктен туындайтын қатынастар дәстүр ерекшеліктерін сақтай отырып, кеңес жылдарына дейін жалғасып келді. Келесі, кеңестік жылдардағы мұрагерлік құқық, сол кеңестік өкіметтің бағыт-бағдарына тәуелді болып, даму мүмкіндігі тежелген салалардың біріне айналды. Көненің бәрін тәркі еткен большевиктік солақай саясат қандай күшпен болса да, жеке меншікті жоямыз деген ұранын дүрілдетіп тұрды. Ал, мұраның негізінің өзі жеке меншікке бағышталатындығы белгілі.
Сөйтіп, жеке меншікті жою мақсатында. бірнешс заңдар қабылданды. Мысалы, 1017 жылдың 26 қазанында «Жер туралы», 1917 жылдың 14 желтоқсанында «Банктерді ұштастыру туралы» декреттер қабылданды. Жеке меншіктің мұрагерлік жолымен берілуін жою мақсатында 1918 жылдың 27 сәуірінде «Об отмене наследования» деген БОАК-тың декреті жарияланды. Осы декреттің 1-бабына сәйкес, заң бойынша да, өсиет бойынша да мұрагерлік мүлдем алынып тасталды. Яғни, мүлік иесі қайтыс болғаннан кейін оған тиісті (жылжитын, жылжымайтын) барлық мүліктері мемлекеттің, дәлірек айтқанда РСФСР-дің қарауына (меншігіне) өтетін болды.
Осылай қалыптасқан жағдай жаңа экономикалық саясаттың келуімен, біршама шектеулермен болса да, мұрагерлік құқығының дамуына көптеген үлес қосты.
Содан кейінірек, 1922 жылдың 22 мамырында қабылданған «Об основных частных имущественных правах, признаваемых РСФСР, охраняемых ее законами и защищаемых судами РСФСР» деген декретте, егер мұраның жалпы құны 1 алтын рубльден аспайтын болса, мұраны жұбайының және тікелей ұрпақтарының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік жолымен алу құқығы бекітіліп, әрі осы декрет негізінде Азаматтық кодекстің мұрагерлік құқық бөлімінің іргесі қаланған болатын.
Жоғарыда атап өткеніміздей, солақай саясат дамуын шектеп келген мұрагерлік институты, тек 1945 жылы ғана кеңірек тыныстауға мүмкіндік алды. Осы жылдың 14 наурызында қабылданған СССР Жоғарғы Кеңес Президиумының «О наследниках по закону и по завещанию» деген Жарлығымен заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлердің құқығы едәуір кеңіді. Мұндағы демократиялық қағидалар кейінірек Азаматтық кодексте өз көрінісін тапты.
Осындай небір бұралаң жолдардан өткен мұрагерлік құқығы тәуелсіз Қазақстан заңдарында өзіне лайықты орынын алды деп есептейміз. Еліміздің құқық жүйесінде мұрагерлік құқығы азаматтық құқықтың үлкен бір бөлімі ретінде бекітілген. Әрі, біздің республикадағы әрекеттегі заңдарға сәйкес, мұраның көлеміне шектеу жоқ.
Мұрагерлік құқық қатынастарының пайда болуының негізі мұра. Мұраның бірден-бір критерийі меншік. Еліміздің Ата заңы, Конституциямыздың 26-бабының, 1-тармағында «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады» деп мүлікке жеке меншік нысанын заңмен бекіткен. Осы аталған баптың 2-тармағында «меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі» деп көрсетілген.
Сонда, қазіргідей адамзат қоғамы белгілі бір рухани, экономикалық даму кезеңіне жеткен дәуірде мұрагерлік адамзатқа не береді, оның маңызы неде деген заңды сұрақ туындайды. Иә, мұрагерлік институты өмірде мүліктік құқықтар мен міндеттер жиынтығы бар кезде үлкен маңызға ие болары белгілі. Сөйтіп, мұрагерлік-құқығы адамның болашағының кепілі ретінде көрінеді. Қоғамның кез келген мүшесі өз өмірінде жинаған барлық материалдық және рухани құндылықтарының өмірден өткеннен кейін ұрпақтарына қалуын қалаған сезімде өмір сүретіндігі белгілі, әрі сол үшін қызмет етеді.
Бүгінгі таңда, еліміздің мұрагерлік құқығында мұраны қалдырудың заң бекіткен екі түрі бар. Олар: заң бойынша мұрагерлік және өсиет негізіндегі мұрагерлік.
Әрине, жылжитын, жылжымайтын мүліктер және т. б. мүліктік құқықтар игілігі молайған мына нарық заманында мұрагерлік құқығына тиісті дәрежеде көңіл бөлінгені қажет-ақ. Себебі, заң базасының тұрақты әрі мықты болуы Қазақстан азаматтарының өз ертеңіне деген сенімін арттырып, болашаққа деген үмітін жайландыра түспек.
1. 2. Мұрагерлік институтының кеңестік дәуірдегі көрінісі.
Мұрагерлік - ертеден келе жатқан көне институттардың бірі. Оның қоғамның дамуы, экономикалық, әлеуметтік, саяси жағынан өзгеруіне байланысты күрделеніп отыруы заңды құбылыс. Дүние жүзін мекендеген өзге халықтар сияқты, қазақ қоғамының да әр кезеңдегі мұрагерлік институтының өзіндік қалыптасқан қатынастары бар. Осылайша, кеңес жылдарына дейін мұрагерліктен туындайтын қатынастар дәстүр ерекшеліктерін сақтап отырды. Ал, кеңестік жылдардағы мұрагерлік құқық өз заманының бағыт-бағдарына тәуелді болып, даму мүмкіндігі тежелген салалардың біріне айналды. Большевиктік солақай саясат қандай күшпен болса да жеке меншікті жоюды көздеді. Ал, мұраның негізінің өзі жеке меншіктен бастау алатыны бесенеден белгілі. Сөйтіп, жеке меншікті жою мақсатында бірнеше заңдар қабылданды.
Айталық, 1917 жылы 26 қазанда «Жер туралы», 1917 жылы 14 желтоқсанда «Банктерді ұштастыру туралы» декреттер қабылданды.
Кеңес өкіметінің саясаты өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап ескі патриархалдық отбасын бұзып, отбасылық қатынастың жаңа тұрпаты - социалистік отбасының қағидаларын нығайтуға бағытталды. Алайда, отбасылық қатынастар мұрагерлікпен тығыз байланысты еді. 1917 жылдың 2 желтоқсанында «Неке бұзу туралы» және сол жылдың 29 желтоқсанында «Азаматтық неке, балалар және актілер жайы туралы кітапты енгізу» жөніндегі декреттер қабылданды. Бұл декреттер шіркеуді отбасы, неке қатынастарын реттеуден шеттетіп, әйелдер теңдігін, некеге тұру, оны бұзу бостандығын орнатты.
Кеңес өкіметі жеке меншіктің мұрагерлік жолмен берілуін жою мақсатында 1918 жылдың 27 сәуірінде «Об отмене наследования» деп аталатын БОАК-тың декретін жариялады. Бұл декретте мұрагерлік (заң және өсиет бойынша) мүлдем алынып тасталды. Яғни, мүлік иесі қайтыс болғаннан кейін оған тиесілі жылжитын, жылжымайтын мүліктер мемлекеттің меншігіне өтетін болды. Ал қайтыс болған адамның отбасы мүшелерінің болашақ тағдырын мемлекет ескермеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz