Заңды тұлғаның заңы


1. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау
Шетел құқығын қолданған кезде сот оның нормаларының мазмұнын олардың ресми түсіндірілуіне, қолданылу практикасына және тиiстi шет мемлекеттегi доктринаға сәйкес анықтайды.
Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау мақсатында сот жәрдем және түсiнiк алу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне және Қазақстан Республикасының өзге де құзыреттi органдары мен мекемелерiне, соның iшiнде шетелдерде орналасқандарына белгiленген тәртiппен жүгiнуi не сарапшылар тартуы мүмкiн.
Iске қатысушы тұлғалар өз талаптарын немесе қарсылықтарын негiздеуде сiлтеме жасаған шетел құқығы нормаларының мазмұнын растайтын құжаттар табыс етуге және осы нормалардың мазмұнын анықтауда сотқа өзге де түрде жәрдемдесуге құқылы.
Егер осы бапқа сәйкес қолданылған шараларға қарамастан, шетелдiк құқық нормаларының мазмұны орынды мерзiмдерде анықталмаса, Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
2. Халықаралық жеке құқық бойынша заңды тұлғалардың мемлекетке жатқызылуы
Шет мемлекет органдары азаматтық хал актiлерiн куәландыруға берген құжаттарды тану
Шет мемлекеттердiң құзыреттi органдары тиістi мемлекеттердің заңы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасаған азаматтың хал актiлерiн куәландыруға берген құжаттар жария етілген жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
Заңды тұлғаның заңы
Заңды тұлға құрылған елдің құқығы осы заңды тұлғаның заңы болып саналады.
Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлігi
1. Заңды тұлғаның азаматтық құқық қабiлеттiлiгi осы заңды тұлғаның заңымен анықталады.
2. Шетелдiк заңды тұлға өз органының немесе өкiлiнiң мәмiле жасауға өкiлеттiгiн шетелдiк заңды тұлғаның органы немесе өкiлi мәмiле жасаған елдiң құқығына белгiсiз шектеуге сiлтеме жасай алмайды.
3. Шетел құқығы бойынша заңды тұлға болып табылмайтын шетел ұйымдарының азаматтық құқық қабiлеттiлiгi ұйым құрылған елдiң құқығы бойынша анықталады.
Мұндай ұйымдардың қызметiне, егер Қазақстан Республикасының құқығын қолдануға болса, осы Кодекстiң ережелерi қолданылады, егер Қазақстан Республикасының заңдарынан немесе мiндеттеменiң мәнiнен өзгеше туындамайтын болса, олар коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.
Мемлекеттiң шетелдiк элементi бар азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуы
Мемлекет қатысатын шетелдiк элементi бар азаматтық-құқықтық қатынастарға, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, осы бөлiмнiң ережелерi жалпы негiздерде қолданылады.
3. Шетел инвесторлар үшін құқықтық гарантиялар
Әлемдік тәжірибеде инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау, сонымен бірге біріккен кәсіпорын құру, көп жағдайда заң шығару негізін жетілдірумен байланысты. Өзара байланысты экономикалы, құқықтық, ұйымдастыру және ақапараттық бағыттар кешешнінің ішінде маңыздысы келесілер:
- инвесторлар басының және меншігінің қорғауды қамтамасыз ету;
- қаржылық валюталық, салықтық, тарифтік және тарифтік емес реттеуде құқықтық негізін жетілдіру;
- шетел инвестициясын сақтандыру және кепілдендіру жүйесін құру және жеке ұлттық инвестициялармен кепілзат операцияларын жүргізу механизмін қалыптастыру;
- инвестицияны реттеу мәселелерін шешуде мемлекеттік және аймақтық органдар ықпалын шектеу; әртүрлі ведомостволар тарапынан үстемдікті жою.
Қазақстада “қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастырудың негізгі элементі “Шетел инвестициялары туралы” Заң болып табылады. Осы заңға сәйкес, шетел инвестицияларының кез-келген түрі және олармен байланысты барлық қызмет түрлері қолайлы жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс. Бұл заңның негізгі қабылданған мақсаты - біздің еліміздегі шетел инвестицияларына, олардың қызметіне максималды жағдай құру.
Бұл заң Қазақстан территориясында шетел инвестицияларының ұлттық инвесторларға рұқсат берілген барлық ұйымдасқан - құқықтық формасында біріккен кәсіпорын, еншілес және шетел заңды тұлғалар өкілеттігі ретінде қызмет етуге мүмкіндік бар екендігін бекітеді. Осы заң шетел инвесторларына басқа да маңызды кепілдіктер береді.
Тікелей шетел инвестициялары Қазақстан үшін, оның қазіргі кезеңдегі экономикалық жағдайын ескергенде, басқа мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық формаларымен салыстырғанда бірқатар айтарлықтай артықшылықтарына ие болады:
- біріншіден, отандық тауарлар мен қызметтерді өндіруге олар шетел капиталын салу көзі болып табылады;
- екіншіден, технология трансфертін, “ноу-хау”, алдыңғы қатарлы басқару әдістерін және маркетингі, және мемлекеттің сыртқы қарызын өтеуді кқамтамасыз етеді.
1995 жылы еліміздің салық жүйесін реформалау жылы болып табылады, яғни жаңа салық кодексінің және салықтық тәжірибелерді жүргізу болып есептеледі. Республикадағы жүргізілген салықтық реформалардың негізгі идеясы: бюджет пайдасын қалыптастыру, экономикалық бейтараптықты, және салық жүйесінің қарапайымдылығы мен әділдігін іске асыру. Салық кодексінде салық негізінің кеңеюін анықтайтын, салық пайызын тұрақтандыру және өз табысын адамдардан салықты төмен дәрежедә алу принциптері қарастырылады.
- Тұрғын үй құқық пәні
Азаматтық кодекстің 227-бабына сәйкес ортақ бірлескен меншіктің тұрғын үйдің жекешелендірілген тұрғын үйге байланысты жаңа түрі пайда болды. Тұрғын үй және тұрғын үй кооперативтерінде жұбайлардың, отбасы мүшелерінің ортаға салған қаржы есебінен алған пәтерге ортақ меншік болады ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 58-бабы) .
Ортақ бірлескен меншіктің мұндай түрі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" және басқа құжаттармен реттеледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорының жайларында тұратын азаматтарды қалауы бойынша тұрғын жай жекешелендірілген соң оның ортақ бірлескен меншікке көшетіндігін заң қарастырған.
Сол үйде тұратын жұбайлар мен олардың балалары меншік иесі болып табылады. Жұбайлардың ата-аналары, сондай-ақ балалары меншік иесімен бірге тұрған жағдайда олардың меншік иесімен арадағы келісім арқылы танылуы мүмкін.
Үй иесінің отбасы мүшесі айрықша жағдайларда басқа адам да бола алады, бірақ ол меншік иесімен бірге тұрып, ортақ шаруашылықты бірлесе жүргізуі тиіс. Еңбекке жарамсыз азаматтар меншік иесімен тұрақты бірге тұрса, онда ол меншік иесі отбасының мүшесі болып есептеледі (Заңның 21-бабы) .
Кәмелетке жасы толмаған отбасы мүшесінің меншік құқығы ата-аналары үйді жекешелендіру жөніндегі шартты жасау нәтижесінде бұзылатын болса, онда оның мүддесіне ынталы ата-анасы немесе басқа адамдар тұрғын үйді жекешелендіру жөніндегі органға кәмелетке толмаған отбасы мүшесін шартқа қосуды сұрайды, немесе осындай талап-арызбен сотқа жүгінеді.
Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес жекешелендірілген тұрғын жайдың меншік иесі болған азаматтар оны өз қалауынша иеленіп, пайдаланады және билік етеді. Бірақ бұл орайда басқа адамдар мен мемлекеттің заңды мүддесі бұзылмауға тиіс. Егер меншік иелері арасында иелену, пайдалану және билік етуге қатысты дау-дамай туып жатса, онда қатысушының кез келгені сотқа арыздана алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz