В.А. Сухомлинскийдің педагогикалық идеясы


В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық идеясы
(1918-1970)
В. А. Сухомлинскийдің шығармашылығы әрбір жыл өткен сайын біздің елімізде, сол сияқты шетелде ғылыми және педагогикалық жұртшылықтың тарапынан бірден-бір ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл кездейсоқтық емес. Оның талдаған педагогикалық жүйесі педагогика ғылымын жаңашылдық идеялармен және қағидалармен тек ғана байытып қойған жоқ, теорияға, сонымен қатар білім беру және тәрбие тәжірбиесіне ерекше үлес қосты және отандық педагогикалық ой-пікірдің дамуына белгілі реваолюциялық кезең болды.
В. А. Сухомлинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі туралы бүгін де біршама әдебиет баршылық, әдебиеттердің үлкен бөлігі В. А. Сухомлинскийдің ғұмырнамалық деректерін және педагогикалық көзқарасын талдауға арналған.
Сырт қарағанда, В. А. Сухомлинскийдің өмірі көптеген оның құрдастары мен замандастарының өмірбаянының айырмашылығы өте аз сияқты көрінеді.
Василий Александрович 1918 ж. 28 қыркүйекте Васильевка селосында Херсон жерінде (қазіргі Кировоград облысы) . Осында оның балалық және жастық шағы өтті.
В. А. Сухамлинский, В. Г. Короленко атындағы Полтава педагогикалық институтында оқыды. В. А. Сухомлинский педагогика ғылымының негіздерінен білім алғаны балалармен жұмыс істеу ептілігіне, қарым-қатынас мәдениетіне, ғылыми ізденіске ұмтылуды қалыптастырғаны үшін Полтава педагогикалық институтына қарыздар. Бұл институттың қабырғасында оның есімі мәңгі қалды.
1982 жылы В. Г. Короленко атындағы Полтава педагогикалық инстиутының ғимаратында Василий Александровичтің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында мемориалдық тақта орнатылды.
1938 жылы институтты бітіргеннен кейін, В. А. Сухомлинский өзінің туған жеріне оралады, Онуфриев орта мектебінде украин тілі мен әдебиетінен мұғалім болып қызмет атқарады.
1941 жылы өз еркімен майданға аттанады. 1942 жылы қаңтар айында Москва ерлікпен қорғау кезінде Сухомлинский ауыр жарақаттанады. Уралда әскери госпитальде ұзақ емделгеннен кейін, сол кезде неміс басқыншыларынан азат етілген туған жеріне қайтадан оралды.
1948 жылы В. А. Сухомлинский Павлыш орта мектебінің директоры болып тағайындалды және үзбестен оны өмірінің соңына дейін, 22 жыл бойы басқарады. Соғыстан кейінгі тұрмыстың барлық қиындығын басынан кешуге тура келді. Соғыстан қираған Украина селоларында алғашқы соғыстан кейінгі жылдарда өмір сүрген қиын болғандығын жақсы біледі, соғыс қаншама балаларды анасынан, әкесінен және ең жақын бауырларынан айырды. Мектепке тек ғана қарапайым мұғалім ғана емес, балалардың жаралы жан дүниесін арашалай білетін, соғыстың құрбаны болған ата-аналарының орнын толтыратын ұстаздар қажет болды. Осындай мұғалім өз шәкірттері үшін әкесі және тәлімгері, әр күн және әр сағат сайын өз жүрегінің жылуын арнаған В. А. Сухомлинский болды.
Педагогке философ сияқты, оның танымдық қағидалары, педагогикалық сенімдерін қалыптастыру үшін ондаған жылдарды қажет етеді. В. А. Сухомлинскийдің көптеген жылдары осыған кетті.
В. А. Сухомлинскийдің рухани күш-жігері мен талантының шарықтаған кезінде 1970 жылы 2 сентябрьде дүниеден озды. 1942 жылы Москва маңында алған ауыр жарақаты із-түссіз кеткен жоқ, кейін ол біліне бастады.
Өзінің педагогикалық еңбегі үшін ол екі рет Ленин орденімен марапатталды. 1957 жылдан В. А. Сухомлинский РСФСР Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, 1958 жылдан УССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. 1968 жылы оған үкіметтің ең жоғарғы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сол жылы СССР Педагогикалық ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесіне сайланды.
В. А. Сухомлинский - 41 монографиялар мен жекеленген кітаптардың, 600 астам ғылыи мақалалардың, 1200 әңгімелер мен ертегілердің авторы. Оның еңбектерінің жалпы таралымы біздің елімізде және шет елдерде әртүрлі тілдерде 4 миллионға тарта данаға жетті.
1970 жылдың сәуір айында ол еңбектерінің жиынтығы бойынша докторлық диссертацияны қорғау үшін “Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелері” тақырыбында баяндамасын аяқтады.
В. А. Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде еліміздің педагогикалық жұртшылығы мен көптеген шетелдерде белгілі және кеңінен тараған “Балаға жүрек жылуы”, “Азаматтық қалыптасуы”, “Коллективтің құдыретті күші”, “Павлыш орта мектебі”, “Мұғалімдерге жүз кеңес”, “Мектептің жас мұғалімімен әңгіме” т. б. кітаптарын ерекше атауға болады.
А. С. Макаренконың идеясының белсенді ізбасары және жалғастырушы В. А. Сухомлинский ұжыммен және жеке оқушымен жұмыс істеу әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді. В. А. Сухомлинский дәстүрлердің, фольклордың, табиғаттың және т. б. тәрбиелік ықпалы мәселелерін терең және жан-жақты талдады.
Оның қызметінде әрбір педагогтың өзінің кәсіби қызметіне шығармашылықпен қарау мәселесі басты орынды алды. Өзінің “Мектептің жас директорымен әңгіме” еңбегіне былай деп жазды: “Егер педагогикалық еңбек мұғалімі қуаныш әкелсін десеңіз, егер күнбе-күнгі өткізілген сабақтар жалықтыратын, бірсарынды қайталанып отыратын жұмысқа айналмасын десеңіз, әрбір мұғалімді зерттеудің бақытты жолына жетелеңіз”.
Бүкіл әлемге ерекше танымал болған В. А. Сухомлинскийдің “Балаға жүрек жылуы” еңбегінде ол балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жемісті болуы әрбір баланың рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін тек ғана терең білгенде ғана мүмкін екендігін анық та және айқын көрсетіп берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz