Энерго техстройсервис ЖШС туралы жалпы мәлімет


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Қаржы» кафедрасы
Оқу тәжірибесі бағдарламасының орындалуы жөніндегі
ЕСЕП
Тәжірибеден өту базасы «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС
3 курс студенті 5В050900 «Қаржы» мамандығы
Алинов Райымбек
Кафедра атынан оқу тәжірибенің жетекшісі
Бекболсынова А. С.
аға оқутышы
Субъект атынан оқу тәжірибенің жетекшісі
Басшы Кунчаев Ж . Р.
Астана 2016ж
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 «Энерго техстройсервис» ЖШС туралы жалпы мәлімет
1. 1 «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ның даму тарихы мен ұйымдық құрылымы
1. 2 «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ң қызметін реттейтін негізгі заңнамалық актілер
2 «ЭНЕРГО ТЕХСТРОЙСЕРВИС» ЖШС -НЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ - ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2. 1 «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ның баланс активтерінің құрамы мен құрылуы
2. 2 «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ң мүліктік жағдайын сипаттайтын коэффиценттер
2. 3 «Энерго ТехСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуін талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
3
5
5
7
9
9
17
23
28
29
КІРІСПЕ
Мен, Райымбек Алинов, Алматы қаласындағы «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-де оқу тәжірибеден 22 ақпан - 30 сәуір аралығында өттім. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым - кәсіпорынның құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компетенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игердім. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:
- «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ның даму тарихымен танысу;
- Қазіргі даму жағдайы және орналасу мекенін анықтау;
- Меншік түрі жеке, мемлекеттік немесе өзге түріне сараптама жасау;
- Қаржылық-шаруашылық қызметінің түріне мән беру;
- Басты қызмет көрсету нысандарын зерттеу;
- Басшылықты ұйымдастырылу құрылымы, қызметкерлерді басқару жүйесіне сараптама жасау;
- Қолданылатын заңмен бекітілген актілерімен танысу;
- Ұйымда қолданылатын әдістемелер, бұйрықтар, ережелермен танысу;
- Өндірістік ресурстарды алу көздері және дайын өнім өндірісі, сондай-ақ бәсекелестер қызметтерін қадағалау;
- Қазіргі таңдағы қаржылық жоспарлау түрлерін талдау;
- Өнім өндіру, қызмет көрсету, жұмыс жасаудағы құжаттар тізімін жасау;
- Жалақы төлеу жүйесін талдау;
- Шаруашылық қызметті жүргізу кезіндегі қадағалау, ішкі бақылау жүйесімен танысу.
Бұл жұмысты жазу барысында келесідей ішкі құжаттар қолданылды:
- «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС Жарғысы;
- 2013 жылғы кәсіпорынның қаржылық есептілігі.
- 2014 жылғы кәсіпорынның қаржылық есептілігі.
- 2015 жылғы кәсіпорынның қаржылық есептілігі.
Келесі тәжірибе есебі негізгі 2 бөлімнен тұрады, 5 тақырыпты қарастырады. Бірінші тақырып «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС туралы сипаттадым. Келесі бөлімде бухгалтерлік есептің жүргізілу тәртібін қарастырдым. Бұл бөлімді бірінші бөлімнен жекелеп алған себебім қаржылық есеп кәсіпорынның жағдайын көрсететін бірден-бір әдіс. Сол себепті ол тақырыпты толығымен ашу үшін жекелеп зерттеуге кірістім.
1 «Энерго техстройсервис» ЖШС туралы жалпы мәлімет
1. 1 «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ның даму тарихы мен ұйымдық құрылымы
«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС - штатында түрлі функционалдық мақсаттағы бірінші және екінші санаттағы объектілерді жобалауда қомақты тәжірибелері бар жоғарғы білікті қызметкерлерден тұратын, еліміздің жобалау-құрылыс нарығында қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Мекеменің қызметкерлерінің тәжірибесі мен кәсібилігі тұтынушылар үшін көрсетілетін қызметтерді жоғары сапамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Негізгі қызмет келесі бағыттарды қамтиды:
- Қалақұрылыстық жобалау
- Тұрғын-азаматтық объектілерді жобалау
- Өнеркәсіптік объектілерді жобалау
- Жекелеген жүйелер мен арнаулы бөлімдерді жобалау
- Құрылысты қолдау.
«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС - 2005 жылы жеке меншік нысанында құрылған жобалау ұйымы.
Құқықтық-ұйымдық формасы: Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 60 А.
ЖШС-ң мамандары Алматы мен Қазақстанның облыстық қалаларындағы көптеген бірегей объектілердің авторлары, сондай-ақ оларды жобалауға және қолдауға қатысушылар болып табылады.
Компанияда жобалау ісінің барлық бағыттары бойынша жоғарғы білікті мамандар ынтымақтаса жұмыс істейді: сәулетшілер, бас жоспарларды әзірлеуші мамандар, конструкторлар, жылыту, желдету, ауа баптау, газбен қамту, сумен қамту, канализация, өрт сөндіру, электр, әлсіз тоқты желілер, автоматика, сметалық құжаттаманы әзірлеу және басқа қызмет бағыттарындағы инженерлер.
Сурет 1. «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ң жалпы құрылымы
Қызметтің негізгі түрлері:
- Тұрғын-азаматтық және өндірістік объектілерді жобалау
- Инфрақұрылымдық объектілерді жобалау
- Технологиялық жобалау
- Ғимараттар мен имараттардың күйін техникалық жағынан зерттеу
- Ғимараттар мен имараттар жобаларын сараптау
- Жобалау барысын кеңеспен қолдау
- Құрылыс барысын авторлық қадағалау және қолдау
- Инжинирингтік қызметтер
- Арнаулы техникалық шарттарды әзірлеу
- Смета құру
- Ықтимал мүмкіндіктердің сипаты
Компания орындайтын жұмыстар тізбесінің құрамы қомақты, ол келесі негізгі бағыттарды қамтиды:
- жобаның барлық сатылары (Тұжырымдама, ТЭН, Нобайлық жоба, Жоба және Жұмыс құжаттамасы) бойынша немесе оның жекелеген бөлімдерінде кез келген сатылар бойынша жобалау жұмыстары;
- құрылыс барысын авторлық қадағалау өкілдерінің қолдауы;
- тапсырыс берушіге жобаны жергілікті қалалық және мемлекеттік органдарда келісуге көмек көрсетуді, шетелдік компаниялар әзірлеген жобаларды жергілікті жағдайларға бейімдеуді қамтитын жобаларды кеңестермен және сараптамалық қолдау;
- арнаулы техникалық шарттарды әзірлеу және басқа қызметтер.
ЖШС-ң қызметі лицензиялар мен басқа да рұқсат құжаттарының, соның ішінде қолданыстағы заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес регламенттелген құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
1. 2 «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ң қызметін реттейтін негізгі заңнамалық актілер
«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ң қызметін реттейтін негізгі заңнамалық актілер мыналар болып табылады:
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220 Заңы
- Қазақстан Республикасының Заңы «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы»
- Қазақстан Республикасының Заңы«Газ және газбен жабдықтау туралы»
- Қазақстан Республикасының Заңы «Магистральдық құбыр туралы»
- Қазақстан Республикасының Заңы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы»
- Қазақстан Республикасының Заңы«Концессиялар туралы»
- Қазақстан Республикасының Заңы «Трансферттік баға белгілеу туралы»
- Қазақстан Республикасының Заңы «Техникалық реттеу туралы»
- Қазақстан Республикасының Заңы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім)
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім)
Сонымен қатар «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС негізгі келесідей ішкі базалық құжаттар қолданылады:
- «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС Жарғысы;
- Іскерлік этика кодексі;
- Ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі басшылық;
- «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС Дивиденттік саясаты;
- Экономикалық қауіпсіздік саясаты;
- «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС сапа саласындағы саясат.
2 «ЭНЕРГО ТЕХСТРОЙСЕРВИС» ЖШС -НЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ - ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2. 1 «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ның баланс активтерінің құрамы мен құрылуы
Серіктестіктің негізгі қызмет түрі болып:
- құрылыс инвестициясы;
- құрылыс, ремонт, монтажды жұмыстарын атқару;
- пәтерлерді өткізу, құрылыс материалдарын өткізу;
- халыққа тұрмыстық қызмет көрсету;
- сатып алу - сату қызметін жүзеге асыру;
- әкімшілік, тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерге кешендік қызмет көрсету;
- маркетинг, инжинеринг және менеджмент бойынша қызмет көрсету;
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен операциялар жасасу;
- сыртқы-экономикалық қызмет;
- ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметтер
пайызбен көрсетілген.
Төмендегі кестеде «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ның шаруашылықтағы қаржылық жұмысының соңғы 2013-2015 жылдар бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қарастырайық.
Кесте 1 - «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС техника-экономикалық көрсеткіші (мың тг)
Талдау нәтижесінен кәсіпорынның таза табысы 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда оң мәнде, ал 2015 жылы оның үлесі күрт жоғарылайды, яғни 646 613мың теңгеге көтеріледі. Сондай-ақ құрылыста қызмет көрсетуден түскен түсім мен сатылатын құрылыстық қызмет көрсетудің өзіндік құны ғана өскенін көреміз, яғни бұл кірістердің шығыстардан асқанын байқаймыз. 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштердің өскені байқалады, бұл есепті жылдың неғұрлым тұрақты қаржылық жағдайын сипаттайды.
Серіктестіктің негізгі қызметіндегі құрылыс материалдарының құралдары болғандықтан, 2-кестеде 2013-2015 жылдар бойынша негізгі құралдардың құнының динамикасы келтірілген.
Кесте 2 - 2013-2015 жылдардағы негізгі құралдардың құнының динамикасы (мың теңге)
Кестеде келтірілгендей, соңғы үш жылдың көрсеткіштерінде көрсетілген- дей 2013 жылдың басында негізгі құралдардың құны 419 747 361 теңгені құрады. 2014 жылға қарай ол алынған есептелген тозу бойынша 16 794 478 теңгені құрады және негізгі құралдардың құны 2015 жылы 1 546 291 576 теңге болды. Жердің құны 2014 жылы төмендеп, 2015 жылы +40 артты. Ал ғимарат пен қосалқылар құны екі жылда да салыстырмалы динамика көрсеткіштері бойынша ұлғайған, машиналар мен құралдардың құны төмендеген. Басқа да құралдар 2014 жылы +1187401 теңгеге ұлғайып, келесі жылы -1815997 теңгеге төмендеген. Жалпы негізгі құралдар бойынша 2014 жылы +11635469 теңгеге артып, 2015 жылғы көрсеткіште -1331450 2 теңгеге төмендегеін көреміз. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайы. Бұл көрсеткіш кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) өзгеруі, ерекше назар аудартады. Өйткені бұл көрсеткіштер кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.
Сурет 2. 2013-2015 жылдардағы «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы
Әрі қарай, серіктестіктің 2013-2015 жылдардағы мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын төмендегі суреттегі «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің динамикасынан көреміз.
«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС құрылыс ұйымының шаруашылықтағы қаржылық көрсеткішін есептеуден, яғни 2015 жыл соның алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда пайданың ұлғайғандығын көреміз, яғни алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай пайдалы болғанын көреміз, пайда құрылыста қызмет көрсету мен сату жөніндегі негізгі қызметтен алынды, АҚ қаражатының шағын бөлігі негізгі құралдарды және өзге де мүлікті сатудан түсті.
Серіктестіктің құнын арттыруға қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту, қызмет көрсету көлемін өсіру, қызмет көрсетудің жаңа түрлерін дамыту, қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, тиімді технологиялар енгізу арқылы қол жеткізілетін болады.
Басқарудың тиімділігін арттыру қаржылық басқарудың құралдары мен механизмдерін енгізуге, жедел басқарудың құралдары мен механизмдерін тұрақты түрде жетілдіруге, нәтижелерге бағдарланған дәлел жүйесін әзірлеуге және енгізуге бағытталатын болады.
Осы айтылғандардың негізінде «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС қаржылық жағдайына талдау жүргізу барысында 2013-2015 жылдардағы мәліметтер қарастырылады. Серіктестіктің қаржылық жағдайын көрсететін негізгі көрсеткіштер баланста ұсынылған. Қаржылық жоспарлау осы көрсеткішті зерделеуден басталады.
Осы көрсеткіштердің кейбіреуі тікелей баланста, сондай-ақ түсіндіру жазбасында қамтылған. Алайда бірқатар көрсеткіштер қосымша есептеудің баланс деректерін қайта топтаудың немесе бухгалтерлік есеп деректерін тартудың көмегімен алынуы тиіс. Серіктестіктің активтері ЖШС-ң қызмет кезеңінде қабылдаған инвестициялық шешімдерді көрсетеді. Өтімділік - серіктестіктің қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыра білу қабілеттілігі. Ұзақ мерзімді активтер бір есептіліктен көп кезең ішінде пайдаланылатын қаражат, оны жыл ішінде сатуға болмайды. Олар баланстың «Негізгі қаражат және айналымнан тыс активтер» деген бірінші бөлімінде көрсетілген.
Баланс пассивінде серіктестіктің қаржыландыруды таңдау жөніндегі шешімі көрініс табады. (Пассивтің бабы: Қысқа мерзімді міндеттеме; Ұзақ мерзімді міндеттеме; Меншікті капитал (ұзақ мерзімді міндеттеменің бір бөлігі) .
Ұзақ мерзімді міндеттеме - бұл бір жылдан асатын мерзімде өтелуге тиіс міндеттеме (қарыздар, кредиттер, облигациялар, төлем вексельдері, зейнетақы төлеу жөніндегі міндеттеме. )
Қысқа мерзімді міндеттемеге салынған капитал - бұл айналым активтерімен жабылатын немесе қысқа мерзімді жаңа міндеттемелердің пайда болуы нәтижесінде өтелетін міндеттеме (шоттар және төлем векселдері, ЖШС-ң қысқа мерзімді қарыз алғаны туралы борыштық куәлік, салықтар бойынша берешек және мерзімі ұзартылған салықтар, жалақы бойынша берешек, алынған аванстар - бұл меншік иелері инвестицияланған капитал.
Жинақталған пайда - бұл салықтар мен дивидендтерді шегергеннен кейінгі пайда, оған қоғам өзі өмір сүрген барлық жылдар ішінде ие болады (өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы, резервтік капитал, жинақтау қоры және есепті жылдардағы таза пайда) . Капитал меншікті не қарызға алынған болуы мүмкін. Дәстүрлі негізде қаржылық тұрақтылықты бағалау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Мүліктік жағдайды және капиталдың құрылымын бағалау;
2. Капиталды пайдаланудың тиімділігі мен интенсивтілігін бағалау;
3. Серіктестіктің қызмет етуінің нәтижелерін бағалау.
Сонымен, «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС құрылыс ұйымының шаруашылық-қаржылық қызметіне жалпылама талдау:
«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ң мүліктік аналитикалық сипаттамасы баланс активінің мәліметтері бойынша жүзеге асырылады. Мүліктің жалпы құны баланс қорытындысына тең. Ол «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-де 2013 жылы 11 252 707 мың теңгені құрады, 2014 жылы 17 858 457 мың теңгеге, 2015 жылы 22 651 327 мың теңгеге ұлғайды. Бірақ талданып отырған уақыт мерзімінде компания мүлкінің жеке түрлерінің құны бірқалыпты деңгейде өзгерген жоқ, сондықтан оның құрамында құрлымдық өзгерістер пайда болды. Корпорация мүлкінің құрамы мен құрлымын талдау үшін 3-кестені пайдаланамыз.
Кесте 3 - 2013-2015 жылдардағы «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ның баланс активтерінің құрамы мен құрылуы
Кестеде көрсетілгендей, ұзақ мерзімді активтердің жалпы активтердегі үлесі 2013 жылы 53, 8% немесе 6 017 599 мың теңгені құрады. 2014 жылы олардың үлесі 51, 59%-ға дейін төмендеді. 2015 жылы ЖШС-ң негізгі құралдарды сатып алуға байланысты берілген активтердің үлесі 54, 19%-ға дейін өсті және 12 275 489 мың теңгені құрады.
Ұзақ мерзімді активтердің құрылымына келсек, олардың негізгі бөлігін негізгі құралдар алады. Олардың активтердегі үлес салмағы 2013 жылы 31, 02%, ал сомасы 3 491 050 мың теңгені құрады, 2014 жылы олардың үлесі 33, 24%-ға дейін жоғарылады және мөлшері 5 936 091 мың теңге болды. 2015 жылы 2014 жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда негізгі құралдардың үлес салмағы 33, 32%-ға дейін, ал мөлшері 7 546 939 мың теңгеге дейін өсті. Жалпы негізгі құралдардың өзгеру динамикасы оң, талданған кезеңде олардың абсолютті сомасы және активтердің құрамындағы үлесінің өсу тенденциясы байқалды.
Ұзақ мерзімді активтердің құрылымындағы инвестициялардың өзгеруі де оң, талданған уақыт аралығында олардың сомасы да, активтердегі үлесі де жоғарылады. 2013 жылы инвестициялар активтердің 4, 54% құрады, 2014 жылы бұл үлес 4, 92%-ға дейін, 2015 жылы 7, 66%-ға дейін өсті.
Материалдық емес активтердің жиынтық активтердің құрамында аз үлесті алады, 2015 жылы 2014жылмен салыстырғанда берілген актив түрінің сомасы 139 229 мың теңгеден 221 188 мың теңгеге дейін өссе де, үлесі өзгермеді, 1, 24% мөлшерінде сақталды.
Ұзақ мерзімді активтер құрамындағы басқа да активтердің үлесі ғана азайды. 2013 жылмен салыстырғанда 2015 жылы басқа да активтердің сомасы 1 876 338 мың теңгеден 2 177 473 мың теңгеге дейін, ал 2015 жылы 2677465 мың теңегеге дейін өсті, алайда бұл активтердің үлесі 2014 жылы ол 16, 67% болса, 2014 жылы 12, 19%-ға дейін, ал 2015 жылы 11, 82%-ға дейін төмендеді.
Егер 2012 жылы ұзақ мерзімді активтер мен қысқа мерзімді активтерінің қатынасы 53, 48: 46, 52 болса, онда 2014 жылы бұл қатынас 54, 19: 45, 81 болды.
Ұйымның қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: талданып отырған уақыт аралығында олар тең дәрежеде өзгерген жоқ.
Мысалы, олардың материалдық бөлігі 2013 жылы 701 767 мың теңгеден 2014 жылы 907 13 мың теңгеге, ал 2015 жылы 1 131 738 мың теңгеге дейін ұлғайды. 2014 жылы тауарлы-материалдық қорлардың үлесі 6, 24%-ды құрайды, бұл кезеңде материалдар үлкен партиялармен әкелінді, осылайша компанияда 2013-2014 жж. соңғы кезеңдеріне құрылысты жоспарлады, олар барлық қажетті материалдарды өндірістік процесс (қызмет көрсету) кезінде қажетті шикізатпен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін көп көлемде сатып алды. 2014-2015 жж. Олардың құны біртіндеп төмендейді, 2014 жылы олардың үлесі 5, 08%-ды құрады. 2015 жылы олар тағы да 5%-ға төмендейді.
Бұл құрлымдық өзгерістерді безендірілген түрде көру үшін төмендегі 3-сурет қолданылады.
Сурет 3. «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ң активтерінің құрылымы
Ал материалдық емес бөлігі, яғни ақша-қаражаттар 2014 жылы 2013 жылға қарағанда төмендеп, 2015 жылы болса 16, 19%-ға дейін жоғарылайды, ағымдық активтер құрамына кіретін дебиторлық берешек соммасы 2014 жылы 380 118 мың теңге немесе активтердің 3, 38%-ын және 2013 жылы 517 764 мың теңге мөлшерінде болы және 2, 9%-ға түсіп, 2014 жылы 688 580 мың теңге немесе 3, 04%-ға сәл ұлғайды. Басқа да қысқа мерзімді активтер болса, 2012 жылы 22, 78%-дан 27, 73%-ға артты, ал 2014 жылы компания өз қаражаттарын қандай да бір қызмет саласына салған жоқ, сондықтан 21, 58%-ға дейін төмендейді. Бірақ үш жылда да негізгі құралдар өседі, нәтижесінде басқа баланс активтерінің үлесі мүліктің жалпы құнын жоғарылатады: егер негізгі құралдардың үлесі мүліктің жалпы құнында 2013 жылы 31, 02%, 2014 жылы 33, 24%-ды, ал 2015 жылы 33, 32%-ға көтеріледі.
2. 2 «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ң мүліктік жағдайын сипаттайтын коэффиценттер
Серіктестіктің шаруашылық-қаржылық жағдайын тек абсолютті көрсет-кіштермен ғана емес, сонымен қатар салыстырмалы көрсеткіштер арқылы да талдауға болады. Сондықтан «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ң мүліктік жағдайын 4 - кестеден көреміз.
Кесте 4 - «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ң мүліктік жағдайын сипаттайтын коэффиценттер (мың теңге)
Талдау нәтижесінен кәсіпорын активтерінің, шаруашылық қаражат-тарының соммасы кәсіпорын балансындағы активтердің жалпылама құндық сипаттамасын береді. Жоғарыда айтылып өткендей, активтер құны 2012 жылмен салыстырғанды 2015 жылы 11 252 707 мың теңгеден 22 651 327 мың теңгеге дейін ұлғайды, ол компания мүліктік потенциалының ұлғайғандығын білдіреді. Оны негізгі құралдар актив бөлігінің 2013 және 2015 жылдардағы үлесінен көруге болады: 2013 жылы ол 0, 34 теңгені, ал 2015 жылы 0, 12 теңгені құрады, яғни 0, 22 теңгеге төмендейді. Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті талданып отырған уақыт мерзімі аралығында тек өсу тенденциясына ие болған, ол 2015 жылға қарай өзгеріссіз болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz