2013 жылғы кәсіпорынның қаржылық есептілігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

«Қаржы» кафедрасы

Оқу тәжірибесі бағдарламасының орындалуы жөніндегі

ЕСЕП

Тәжірибеден өту базасы «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС

3 курс студенті 5В050900 «Қаржы» мамандығы

Мамырқұл Дулат

Кафедра атынан оқу тәжірибенің жетекшісі

Бекболсынова А. С.

аға оқытушы

Субъект атынан оқу тәжірибенің жетекшісі

Басшы Кунчаев Ж . Р.

Астана 2016ж

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 «ЭНЕРГО ТЕХСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ГІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1. 1 «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің қаржылық жағдайының техника - экономикалық көрсеткіштері

1. 2 «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің меншікті капиталының қалыптасуының қайнар көзінің өсіңкілігі, құрылымы, құрамы

2 КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

2. 1 «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-де есеп саясатын тіркемелеудегі негізгі талаптары

2. 2 «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-гі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы

2. 3 Кәсіпорынның өтемпаздық (ликвидность) көрсеткіштері негізінде төлем қабілеттілігін бағалау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

3

5

5

8

12

12

14

23

27

29

КІРІСПЕ

Мен, Мамырқұл Дулат оқу тәжірибесін 22 ақпан - 30 сәуір аралығында«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-де өткіздім. Бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестік Алматы қаласында 2005 жылы құрылған болатын.

Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым - «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-гі есеп жүргізу саясаты және оны құрастыру әдістемесін зерделеу, ЖШС-нің қаржылық жағдайының техника - экономикалық көрсеткіштерін талдау, «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің меншікті капиталының қалыптасуының қайнар көзінің өсіңкілігі, құрылымын, құрамын талдау, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын есепке алу, кәсіпорын қызметінің қазіргі жағдайдағы өтемпаздық (ликвидность) көрсеткіштері негізінде төлем қабілеттілігін бағалау болып табылады. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компетенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игердім. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:

  • «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ның даму тарихымен танысу;
  • «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-гі есеп жүргізу саясаты және оны құрастыру әдістемесін қарастыру;
  • «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің қаржылық жағдайының техника - экономикалық көрсеткіштерін талдау;
  • «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің меншікті капиталының қалыптасуының қайнар көзінің өсіңкілігі, құрылымын, құрамын талдау;
  • Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;
  • Кәсіпорын қызметінің қазіргі жағдайдағы есеп саясатының қалыптасуын зерттеу;
  • «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-гі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын қарастыру;
  • Кәсіпорынның өтемпаздық (ликвидность) көрсеткіштері негізінде төлем қабілеттілігін бағалау.

Бұл жұмысты жазу барысында келесідей ішкі құжаттар қолданылды:

  • «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС Жарғысы;
  • 2013 жылғы кәсіпорынның қаржылық есептілігі.
  • 2014 жылғы кәсіпорынның қаржылық есептілігі.
  • 2015 жылғы кәсіпорынның қаржылық есептілігі.

Келесі тәжірибе есебі негізгі 2 бөлімнен тұрады, 5 тақырыпты қарастырады. Бірінші тақырып «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС туралы сипаттадым. Екінші бөлімде «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-гі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын қарастырдым.

1 «ЭНЕРГО ТЕХСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ГІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1. 1 «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің қаржылық жағдайының техника - экономикалық көрсеткіштері

«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС жобалаумен айналысатын кәсіпорыны болып табылады. Кәсіпорынның мекен-жайы: Мекен-жайы: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 60 А. Ол заңды тұлға ретінде 2005 жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасының Заң Министрлігінде №6453-1917 ТОО (ИУ) тіркелген.

«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-гі өндіріс орындарында табылған металлдарды да өңдейді. «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-гі басқа да Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қызмет түрлерін көрсетумен айналысады.

«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің өнімдерін Семей қаласының өндіріс орындары, жеке тұтынушыларды, сондай-ақ комбинат шет елдердің өндіріс орындарымен жұмыс істеген. Кәсіпорын жалпы металл өнімдерін шығарады. Сондай-ақ рудалы емес материалдар, ұнтақталған құм, сазда қоспа, жүк көтергіш қондырғылары, чалкылар. Бұл кәсіпорын қазіргі уақытта кез келген кәсіпорындармен бәсеге түсуге әбден мүмкіншілікиері бар, сонымен қатар материалдық құндылықтарды сатып алған тұтынушылар осы тауардан қанағаттану деңгейі өте жоғары деп айтуға болады. Бұл кәсіпорынның өнімінің сапасы өте жоғары екендігін көрсетеді ( 1 кесте) .

1 кесте

Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің қаржылық жағдайының техника - экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер
2013
2014
2015
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер
2013ж
2014 ж

Абс.

(+, -)

Қатыс,

%

Абс.

(+, -)

Қатыс

%

Көрсеткіштер: 1
2013: 2
2014: 3
2015: 4
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 5
: 6
7
8
Көрсеткіштер: 1. Өнімді сатудан түскен табыс, мың теңге
2013: 3314677, 79
2014: 4080074, 85
2015: 4518407, 87
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 1203730, 08
: 36, 3
438333, 02
10, 7
Көрсеткіштер: 2. Сатылған өнімнің өзіндік құны, мың теңге
2013: 2548362, 89
2014: 2799600, 52
2015: 2690130, 58
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 141767, 69
: 5, 6
-109469, 94
-3, 9
Көрсеткіштер: 3. Жалпы табыс, мың теңге
2013: 766314, 89
2014: 1280474, 33
2015: 1828277, 29
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 1061962, 4
: 138, 6
547802, 96
42, 8
Көрсеткіштер: Басқа да табыстар, мың теңге
2013: 178346, 94
2014: 103859, 71
2015: 336930, 48
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 158583, 54
: 88, 9
233070, 77
224, 2
Көрсеткіштер: Қаржыландырудан түскен табыс, мың теңге
2013: -
2014: -
2015: 48682, 67
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 48682, 67
: 100
48682, 67
100
Көрсеткіштер: 4. Кезең шығыны, мың теңге
2013: 757564, 41
2014: 487042, 69
2015: 776584, 38
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 19019, 97
: 2, 5
289541, 69
59, 4
Көрсеткіштер: 5. Таза табыс (шығын), мың теңге
2013: 201502, 79
2014: 696362, 25
2015: 1158457, 71
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 957554, 92
: В 4 раза
462095, 46
66, 4
Көрсеткіштер: 6. Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам
2013: 1274
2014: 1083
2015: 1046
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: -228
: -17, 9
-37
-3, 4
Көрсеткіштер: 7. Орташа айлық еңбек ақы, теңге
2013: 53969
2014: 63136
2015: 66452
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 12483
: 23, 1
3316
5, 2
Көрсеткіштер: 8. Орташа жылдық еңбек ақы қоры, мың теңге
2013: 825077
2014: 820516
2015: 834105, 5
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 9028, 5
: 1, 1
13589, 5
1, 6
Көрсеткіштер: 9. НӨҚ орташа жылдық құны, мың теңге
2013: 439471, 23
2014: 453506, 28
2015: 409700, 78
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: -29770, 45
: -6, 8
-43805, 5
-9, 7
Көрсеткіштер: 10. Қор қайтымдылығы, теңге
2013: 7, 54
2014: 8, 99
2015: 11, 02
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 3, 48
: 57, 1
2, 03
22, 4
Көрсеткіштер: 11. Қор сыйымдылығы, теңге
2013: 0, 13
2014: 0, 11
2015: 0, 09
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: -0, 04
: -30, 8
-0, 02
-18, 2
Көрсеткіштер: 12. Қор рентабельділігі, теңге
2013: 45, 7
2014: 153, 5
2015: 282, 7
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 237
: В 5 раз
129, 2
84, 3
Көрсеткіштер: 13. Берешек қарыз, мың теңге
2013: 537272, 01
2014: 248887, 82
2015: 633983, 61
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 96711, 6
: 18, 0
385095, 79
154, 7
Көрсеткіштер: 14. Алашақ қарыз, мың теңге
2013: 517876, 07
2014: 2470716, 44
2015: 227473, 09
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: -290402, 98
: -56, 1
-2243243, 35
-90, 7
Көрсеткіштер: 15. Айналым рентабельділігі, %
2013: 6, 06
2014: 17, 06
2015: 25, 63
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 19, 57
: В 3 раза
8, 57
47, 1

1 кестедегі мәліметтер бойынша айта кетсек, «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің соңғы үш жылда қарқынды дамығанын және рентабельді кәсіпорын екенін көруге болады. Басқа маңызды көрсеткіштер қызметтерінің жоғары және даму бағыттарының тиімділігін көрсетеді. Өнімді сатудан түскен табыс бойынша 2015 жылды 2013 және 2014 жылдармен салыстырғанда 36, 3% және 10, 7%-ға өсіп отыр. Сатылған өнімнің өзіндік құны бойынша 2015 жылмен жылмен 2013 жылды салыстырған 5, 6%-ға өсті, ал 2014 жылда керісінше 3, 9%-ға төмендеді. Бұл өнімнің өзіндік құнның төмендеуінің себебі, ол өндірістің ұлғаюына қатысты төмендеуі өнімнің өзіндік құны және тұрақты шығындардың сомасының азаюына байланысты өнім өндіру және сату көлемі өсіп отыр.

Сонымен, қаржыландырудан түскен табыс 2015 жылды өткен екі жылмен салыстырғанда 100%-ға өсті, басқа да шығындарда 88, 9%-дан 224, 2%-ға өсіп отыр. Осыған байланысты таза табыста үш бойы жоғары болып отры, яғни 4 есеге немесе 66, 4%. Бұл кәсіпорын ірі сала болып табылатындықтан, персоналдардың тізіміде аз емес, бірақ өкінішке орай, 2013 және 2014 жылдарды 2015 жылмен салыстырғанда жұмысшылар тізімі 17, 4%-дан 3, 4%-ға дейін қысқартылды. Жұмысшылардың қысқартылуы, ол 2015 жылы «Жайма» руднигі толық жабылды, соған байланысты жұмысшыларды біртіндеп қысқартты. Бұған қарамастан рташа айлық еңбек ақы және орташа жылдық еңбек ақы қоры жоғары. Ол еңбек ақының өсуіне байланысты болып отыр. Негізгі құралдарды тиімді пайдаланғанға байланысты, олардың көрсеткіштері өсіп отыр. Қор қайтарымы 2015 жылды 2013 және 2014 жылдармен салыстырғанда 57, 1 және 22, 4%-ға өскен. Жалпы «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-гі келешегі мол және өте жоғары салық төлеушілердің бірі болып табылады.

Капитал құрылымын қалыптастыруда оның әрбір құрылымының ерекшеліктерін есепке алу керек.

1. 2 «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің меншікті капиталының қалыптасуының қайнар көзінің өсіңкілігі, құрылымы, құрамы

«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің меншікті капиталдың экономикалық мазмұнына құрылу принциптері жєне көздерді пайдалану енеді. Жарғылықты капитал, резервтік капитал, бөлінбеген пайда. Өсіңкілігінің, құрамының және құрылымының, кәсіпорынның меншікті капиталының көздерінің талдауы бухгалтерлік баланстан алынады.

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болып табылады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізіледі. Сондықтан бар қаражатты талдау, нақты қайнар көздерді қалыптастыру және капиталды орналастыру тек қана үлкен маңыздылықты білдіреді. Талдаудың даму процессінде міндетті түрде:

  1. кәсіпорын капиталының қайнар көздерін қалыптастыру өсіңкілігін, құрылымын және құрамын зерттеу;
  2. олардың көлемінің өзгеру факторын құру;
  3. капиталдарды тарту қайнар көздерінің жеке құнын және оның орташа өлшенген бағасын, сонымен қатар соңғы өзгерген факторларын есептеу есептеу;
  4. қаржылық тәуекел деңгейін бағалау;
  5. меншікті және қарызға алынған капиталдардың тиімді нұсқасының арақатынасын дәлелдеу.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін -өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады.

Қазіргі нарықтық экономикаға байланысты бухгалтерлік есептің негізгі атқаратын қызметінің, функциясының бірі - пайдаланушыға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру.

2 кесте

«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің меншікті капиталының қалыптасуының қайнар көзінің өсіңкілігі, құрылымын, құрамын талдау

Капитал қайнар көздері
Қолда бар қаражаттар, мың теңге
Қаражаттар құрылымы, мың теңге
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер
2013
2014
2015
2013
2014
2015
Сомасы, мың теңге
Үлес салмағы, %
2013
2014
2013
2014
Капитал қайнар көздері: Жарғылық капитал
Қолда бар қаражаттар, мың теңге: 500
Қаражаттар құрылымы, мың теңге: 500
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 500
0, 06
0, 05
0, 03
-
-
-0, 03
-0, 02
Капитал қайнар көздері: Бөлінбеген пайда (зиян)
Қолда бар қаражаттар, мың теңге: 777418, 96
Қаражаттар құрылымы, мың теңге: 990587, 85
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 1683950, 11
99, 94
99, 95
99, 97
906531, 15
693362, 26
0, 03
0, 02
Капитал қайнар көздері: Барлығы
Қолда бар қаражаттар, мың теңге: 777918, 96
Қаражаттар құрылымы, мың теңге: 991087, 85
2015 жылмен салыстырғанда өзгертулер: 1684450, 11
100
100
100
906531, 15
693362, 26

2 кестеден көріп отырғанымыздай, «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің меншікті капиталы 2 қайнар көздерден тұрады, яғни жарғылық капиталы және бөлінбеген пайда. Меншікті капитал құрылымы бойынша негізгі бөлікті бөлінбеген пайда алып отыр, тіпті 100%-ға жуық. Жарғылық капиталдың үлесі өте аз болғандықтан, соншалықты маңызы жоқ деугеде болады.

Қаржылық есеп беру - бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Шаруашылық жағдайларының өзгеруіне байланысты «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің есеп беру нысандары жетілу жағына өзгерді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастауда. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруі - есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.

Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін анықтайды.

Қазіргі нарықтық экономикаға байланысты бухгалтерлік есептің негізгі атқаратын қызметінің, функциясының бірі - пайдаланушыға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің қорытынды есеп берудің негізгі қайнар көзі - бухгалтерлік баланс болып табылады. Баланс актив және пассив деген екі бөлімнен тұрады және де шаруашылықтың қаржы жағдайын, барлық операцияларын көрсете отырып, шаруашылықтың табысты ма әлде табыстылығы төмен екенін көрсетеді. Сонымен қатар балансқа қосымша: қаржы жағдайының есебі, ақша қаражаттарының қозғалысы тіркеледі. Бухгалтерлік стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Кәсіпорын осыларды пайдаланц арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындығын бұл мүліктерді кәсіпорынның әултті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет жазылады.

«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-гі үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы мерзім саналады. Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің басшысы және бас бухгалтер, сондай-ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру мерзім сайын әзірленеді, тапсырылады және пайдаланушылардың кең ауқымының ақпараттарды тұтыну мұқтаждығын қанағаттандырады. Қаржылық есеп беру қаржылық есептменің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады.

«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің қаржылық есеп беруді талдаудың келесідей мақсаттары болады:

- өз уақытында қаржылық қызметтің жетіспеушілігін іздеп, төлем қабілеттілігі жән оны шешудің алғы шарттары;

- қаржылық шешімдерді жоспарлап экономикалық рнтаблділігін анықтап, шаруашылыққа шешімдер қабылдау үшін

- кәсіпорынның қаржылық ресурстарын үнемді пайдаланып, қаржылық жағдайын нығайтып, керекті жетілдіру шараларын жүргізу.

3 кесте

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау

Коэффициенттер.
2013
2014
2015

Ауытқулар

(+, -) мың теңге

2015 нан 2013

2015

нан 2014

Коэффициенттер.: Қаржылық автономия
2013: 0, 2
2014: 0, 6
2015: 0, 5
Ауытқулар(+, -) мың теңге: 0, 3
-0, 1
Коэффициенттер.: Қаржылық тәуелділік
2013: 0, 8
2014: 0, 4
2015: 0, 5
Ауытқулар(+, -) мың теңге: -0, 3
0, 1
Коэффициенттер.: Ағымдық қарыз
2013: 0, 3
2014: 0, 2
2015: 0, 3
Ауытқулар(+, -) мың теңге: -
0, 1
Коэффициенттер.: Ұзақ мерзімді қаржылық тәуелсіздік
2013: 0, 7
2014: 0, 8
2015: 0, 6
Ауытқулар(+, -) мың теңге: -0, 1
-0, 2
Коэффициенттер.: Төлемқабілеттілік
2013: 0, 04
2014: 1, 3
2015: 1, 0
Ауытқулар(+, -) мың теңге: 0, 96
-0, 3
Коэффициенттер.: Қаржылық левериджі
2013: 24, 6
2014: 0, 75
2015: 0, 1
Ауытқулар(+, -) мың теңге: -24, 5
-0, 65

3 кесте мәліметтері бойынша «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің қаржылық тұрақтылығы аса төмен. Бірақта, бұл мысал қашанда пайдаланған зайымдық капиталдар меншікті капиталдардың өсуіне және кәсіпорынның төлемқабілеттілігінің өсуіне әкеп соғады. Сонымен, қаржылық теуелсіздік немесе қаржылық автономия 2013 жылы 0, 2 тең болған, 2015 жылы ол 0, 3 пунктіге жоғарлады. Бұл, біршама қаржылық теуелділіктің төмендеуіне әсерін тигізді. Қаржылық теуекел коэффициенті 0, 1-ге дейін төмендеді.

2 КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

2. 1 «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-де есеп саясатын тіркемелеудегі негізгі талаптары

Есеп саясаты, бір жағынан, нормативтік актілерді реттеудің әдісі мен методы, екінші жағынан, өнеркәсіп қызмітінің ерекшеліктерін ескеретін, яғни есеп жүргізудің практикалық ережесі.

«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-де есеп саясатының қалыптасуы бухгалтерлік есептің барлық жағын қамтиды:

  • Әдістемелік - яғни, негізгі ереже, тәртіп пен заңды нормативтер, есеп жүйесінің жағдайы, міндеттемелер мен мүлік бағасының әдісі, негізгі қорлар, тауарлы-материалдық қорлар, материалдық емес активтер есебін жүргізудің ерекшеліктері мен бағасы, негізгі құралдар кейбір түрлеріне амортизация есептеудің тәсілін таңдау, кірістерді есептеудің тәсілі және т. б;
  • Техникалық - есеп жүргізу түрін таңдау және есептердің меншікті жұмыс жоспарының әзірлемесі, есеп тіркелімінің тізімі, олардың құрылымы, жазбаныңы кезегі мен техникасы, олардың байланыстығы, сонымен қатар бухгалтерлік бақылаудың алдын-ала, күнделікті және болатын жүйесі. Бұдан басқа есеп саясатының техникалық аспектісіне өндіріс басқаруы бойынша және оған қызмет ету, шығындарды бөлудің әр түрлі нұсқаларының әзірлемесі кіреді, бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлері, басқарма аппараты үшін ішкі өнеркәсіп есебінің құрамын анықтау;
  • Ұйымдастыру - бухгалтерлер аппаратының құқықтары мен міндеттерін анықтау, олардың құрылымын, лауазымды міндеттерін анықтау және субъектінің бухгалтерлік тұлғаларын реттемеу үшін қажетті мәселелер.

«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-де қазіргі уақытта мынадай бөлімшеніңі үш түріне бөлінеді:

  1. пән (зат) нұсқасы, бөлімдер атауына сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру: есептесу (еңбекақы төлеу) ; материалдық, өндірістік, қаржылық есептесу және өткізу, жалпы және т. б.
  2. функциялық нұсқа - есеп ұйымдастыру үшін керек, мұнда әр орын жеке компьютермен жабдықталған, олар қазіргі заман талабына сай толығымен жауап береді. Есеп мәліметтерін қалыптастыруда технологиялық процесс сатысына сәйкес, есеп операциясының біртектілігі бойынша қызметкерлердің жеке және топпен анықталған мамандықтарын орындауды қарастырады. Бұл нұсқаның жағымды ерекшеліктері бір жұмыстан басқа жұмыстарды орындауға ауысқанда өндірістік операцияларға жіберілетін уақытты үнемдеу немесе қысқарту.
  3. өнеркәсіп құрылымдық бөлімшелер үшін тұрпатты болып жеке еңбек бөлінісінің желілі нұсқасы (учаскелер, өнеркәсіп цехтары) табылады. Аталған есеп топтарына есеп мәліметтерін өңдеу және қорыту, жинау, байқаудан бастап есеп процесін жүктейді.

«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-де ішкі өнеркәсіп бақылаудың жүйесін енгізеді және құруда тізбектелген нұсқалардың әртүрлі үйлесуі қаралады, есеп процесін қисындастырып бөлу құқығын береді. Бұл жағдайда әр бухгалтерлердің жеке жауапкершілігіүлкен рөл атқарады.

«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-де есеп саясатын тіркемелеуде келесі талаптарға мән беріледі:

  • есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылым бөлімшелерінде қолданылады. Болшақта енгізуде өз қызметін жалғастыру көзделеді;
  • шаруашылық қызмет фактілері есеп беру мерзімінде көрсетіледі.

Есеп саясаты көптеген жылдар бойы қолданылып келеді. Субъектінің қолданатын есеп саясатын тағайындау біріншіден, субъектінің шаруашылық жұмыстарының жағдайы туралы толығырақ, объективті және дұрыс мәліметтер алу үшін керек. Мұндай мәліметтер шаруашылық құрамындағы немесе оның құрамына енетін барлық категориялық тұлғаларды қызықтырады. Есеп саясатын таңдауда келесі талаптарға сүйеніп жетекшілік етеді: толықтылығы, ұқыптылығы, формалардың басымдылық мазмұны, қайшылық еместігі, тиімділігі, т. б.

Осы талаптарға сәйкес қабылданған есеп саясаты өнеркәсіпте бухгалтерлік есеп жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Дұрыс орындалған және ресімделген есеп саясаты мүмкін болатын айыптардан (салық органдары, бюджеттен тыс қорлар) құтқарады, сонымен қатар залалдарды нақты төмендетуге рұқсат етіледі және бизнестің тиімділігі артады.

Есеп саясаты, бір жағынан, нормативтік актілерді реттеудің әдісі мен методы, екінші жағынан, өнеркәсіп қызмітінің ерекшеліктерін ескеретін, яғни есеп жүргізудің практикалық ережесі.

2. 2 «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-гі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы

«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-де бухгалтерлік есеп бас бухгалтердің басқаруымен және оның бөлімшелерінің құрылымымен жүзеге асырылады. Бухгалтердің қызметінің мақсаты шаруашылық процестер туралы мәліметтерді толық және нақты түрде қамтамасыз ету, қалыптастыру; жедел басшылық және басқару үшін қажет, сонымен қатар бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес барлық ынталы адамдар үшін қолдану.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда, шаруашылық операцияларын орындаған кезде оның заңдылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып келеді.

«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС өзінің нақты жағдайына, көлеміне және қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады: бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; есептік саясатын қалыптастырады; қаржылық пен өндірістік есептер бойынша қызмет ету аясын белгілейді; шаруашылық операцияларына бақылай тәртібін әзірлейді, сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді жасайды.

«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-інің құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Егер де кәсіпорынның дербес бухгалтерлік қызметі болмаса, онда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру арнайы мамандандырылған фирмалардың немесе келісім-шарттың негізінде жұмыс істейтін мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.

Есептік саясат - бұл кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, басқаша айтқанда бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.

Кез келген шаруашылық жүргізу сияқты «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-де өзінің есеп саясаты бар. Ол кәсіпорынның есеп саясатында бухгалтерия заңдары, міндеттері, бухгалтерияның құрылымы және бухгалтерлік есепті жүргізудің әдістері көрсетілген.

Бухгалтердің жұмысының сапасын бағалау кезіндегі бухгалтерге қойылатын талаптар:

  • нарықтық қатынастар кезіндегі бухгалтерлік есепті жүргізудің жаңа әдістерін білуі;
  • типтік шоттар жоспарын, ҚЕХС (МСФО) және бухгалтерлік есептің корреспонденциясын білуі;
  • құжаттар толтырылу тәртібін және олардың бухгалтерлік есеп жүйесіне әсер етуін білуі;
  • кәсіпорынның шаруашылық-саласының қаржылық талдауының экономикалық әдістерін білуі т. б.

Халықаралық бухгалтерлік стандарттарға көшу «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің жаңа есеп саясатын әзірлеуді қажет етті. Кәсіпорынның есеп саясаты осы «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-де қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-гі Қазақстан Республикасының 28 ақпан 2013 жылы №234-111 ҚРЗ қабылданған «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» заңына сәйкес есеп саясатын қалыптастырған.

Сонымен қатар есепті жүргізіп қана қоймай, оның тиімділігін қатаң талап етіп, әділ бағасын беретін және де кеңес беріп, нұсқау көрсететін бухгалтерлік есептің дұрыстылығын қадағалайтын аудит болып табылады. «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нің бухгалтерлік есебі аудиттің зерттеу объектісі болып саналса, аудит - бухгалтерлік есептің сапасын, тиімділігін арттырып, оны халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жүргізуге жетелейді және оны талдаудың да ерекшелігі зор көмек береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Энерго техстройсервис ЖШС туралы жалпы мәлімет
ЭНЕРГО ТЕХСТРОЙСЕРВИС ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ МҮЛКІ
Компанияның қарыз капиталын басқару
Кәсіпорында қаржылық ресурстарды құру және қолдану
Салық есебінің тіркелімдері
КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Акционерлік капитал есебі және талдауы
Салық салудың қағидалары және экономикалық мазмұны
21 ХҚЕС «валюталық бағам өзгерісінің әсері»
«Банктердің несиелік тәуекелдерін басқару (Алматы қ. «ЦентрКредит Банкі» АҚ мысалында)»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz