ЭНЕРГО ТЕХСТРОЙСЕРВИС ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ МҮЛКІ


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Қаржы» кафедрасы
Оқу тәжірибесі бағдарламасының орындалуы жөніндегі
ЕСЕП
Тәжірибеден өту базасы «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС
3 курс студенті 5В050900 «Қаржы» мамандығы
Құттыбек Сұлтан
Кафедра атынан оқу тәжірибенің жетекшісі
Бекболсынова А. С.
аға оқытушы
Субъект атынан оқу тәжірибенің жетекшісі
Басшы Кунчаев Ж . Р.
Астана 2016ж
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. «Энерго техстройсервис» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 «Энерго ТехСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңдылық мәртебесі
1. 2 «Энерго ТехСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінің мақсаты және түрлері
2. «ЭНЕРГО ТЕХСТРОЙСЕРВИС» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ МҮЛКІ
2. 1 Серіктестіктің жарғылық капиталы
2. 2 «Энерго ТехСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқару мен бақылау органдары
2. 3 Серіктестіктің таза табысы мен шығындары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
4
6
6
8
10
10
11
14
26
28
КІРІСПЕ
Тәжірибе дегеніміз - теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден-бір жол. Осы себептен мен 22 ақпан - 30 сәуір аралығында Алматы қаласы, «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нде өттім.
Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым - филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:
- «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нде белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
- әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;
- «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нде белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты кйіну;
- «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-нде болған барлық іс-шараларға қатысу.
Тәжірибені ұйымдастыру үшін келесі міндеттерді естен шығармауымыз тиіс:
- бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын үйрену;
- ұзақ мерзімді активтердің, ағымдағы активтердің, еңбек және еңбекақының алғашқы есебімен танысу;
- меншікті капиталды құру тәртібі жөнінде түсініктің болуы;
- кірістер мен шығыстардың алғашқы есебі;
- ұйымның қаржылық есептілігі туралы мәліметтерді қарастыру.
Бұл мекемеде тәжірибе жетекшісі болып бухгалтерия бөлімінің бастығы Ашуова Гүлнар Айнабековна тағайындалды. Барлық құжаттарды бекіткен бас бухгалтер Көшкімбаева Бақыт Құлжақызы болды.
Бұл жұмысты жазу барысында келесідей ішкі құжаттар қолданылды:
- «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС Жарғысы;
- 2013 жылғы кәсіпорынның қаржылық есептілігі.
- 2014 жылғы кәсіпорынның қаржылық есептілігі.
- 2015 жылғы кәсіпорынның қаржылық есептілігі.
Келесі тәжірибе есебі негізгі 2 бөлімнен тұрады, 5 тақырыпты қарастырады. Бірінші тақырып «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС туралы сипаттадым. Келесі бөлімде бухгалтерлік есептің жүргізілу тәртібін қарастырдым. Бұл бөлімді бірінші бөлімнен жекелеп алған себебім қаржылық есеп кәсіпорынның жағдайын көрсететін бірден-бір әдіс. Сол себепті ол тақырыпты толығымен ашу үшін жекелеп зерттеуге кірістім.
1. «Энерго техстройсервис» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 «Энерго ТехСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңдылық мәртебесі
«Энерго ТехСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұдан әрі «Серіктестік» өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 22. 04. 1998 жылы шыққан Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтықактілеріне сәйкес өзінің құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады.
Серіктестік жұмысшылардың жылдық орташа саны 250 адамнан жоғары және жалпы активтерінің бағасы 325000-еселік айлық есептік көрсеткіштен жоғары ірі кәсіпкерлік субьектісі болып табылады. «Энерго ТехСтройСервис» ЖШС - 2005 жылы жеке меншік нысанында құрылған жобалау ұйымы.
Құқықтық-ұйымдық формасы: Жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 60 А.
ЖШС-ң мамандары Алматы мен Қазақстанның облыстық қалаларындағы көптеген бірегей объектілердің авторлары, сондай-ақ оларды жобалауға және қолдауға қатысушылар болып табылады.
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлғаның құқылығын алады.
Серіктестік өз атауы жазылған мөрі, дербес балансы, банкіде есеп - шоты мен басқа да шоттары және өзінің атауы жазылған бланкілері бар.
Серіктестік өзінің қызметінің мақсатына жету үшін өз атынан келісім шарттар жасауға мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар алуға, міндеттерін орындауға, соттар талапкер және жауапкер болуына құқылы.
Серіктестік өзінің орналасқан жерін ауыстырған жағдайда серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер енгізу үшін бұл жөнінде оның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті.
Серіктестік Қазақстан Республикасының аймағында және шет елдерде филиалдар және өкілдіктер ашуға, басқа заңды тұлғалармен бірге бірлестіктер (одақтар) құруға, сонымен бірге басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға құқылы.
Серіктестік өз филиалдары мен өкілдіктерінің ашылуы және олардың мекен жайы туралы мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға хабарлауға міндетті.
Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді және де өз қатысушысының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Серіктестікке қатысушы оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өзінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Қатысушы құқығы:
- қолданылатын заңдарға сәйкес келетін Жарғыда көрсетілген тәтіппен серіктестіктің іс-әрекеттерін басқаруға қатысуға; серіктестік қызметінен табыс алуға; серіктестік жарғысында көзделген тәртіп бойынша серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға; серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе мүліктің бір бөлігін заттай алуға; қолданылатын заңдарда көзделген тәртіп бойынша өз үлесін иеліктен айырып беруі арқылы серіктестікке қатысу тоқтатуына құқылы.
Қатысушыны Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарда көзделінген және серіктестіктің осы жарғысында көрсетілген басқа да құқықтарға ие бола алады.
Серіктестіктің қатысушының міндетті:
- серіктестіктің жарғысының талаптарын орындауға;
- қолданылатын заңдармен көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;
- серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Қатысушы серіктестіктің жарғысында және қолданылатын заңдарымен көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы мүмкін.
1. 2 «Энерго ТехСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінің мақсаты және түрлері
Серіктестік өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс шығару болып табылады.
Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі қызметтерін жүзеге асырады:
- Азаматтық және өнеркәсіптік обьектілердің, авто және темір жолдардың, тупиктердің құрылысы;
- жабдықтарды монтаждау және іске қосу;
- бағалау қызыметі;
- инжинерингтік қызметі;
- жылжымайтын мүлікті сатып алу - сату;
- риэлтерлік қызмет;
- ғимараттарды, құылыстарды, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүлікті жалға беру;
- жобалық жұмыстарын жүзеге асыру;
- қара және түрлі-түсті металлдың қалдығы мен кесектерін жинау / дайындау/, сақтау, қайта өңдеу және сату;
- жарнамалық қызмет;
- жүк тасмалдау қызметін көрсету;
- өндірістік қызмет;
- кафе, барлар, мейрамханаларды, сауда үйлерін ашу және пайдалану;
- халық тұтынатын тауарлар мен өнеркәсіпке тағайындалған тауарларды өндіру, сатып алу, сақтау, қайта өндеу хәне сату;
- қонқ үй шаруашылығын ұйымдастыру, қонақ үйлерді, демалыс үйлерді, пансиондарды және т. б. ашу және пайдалану;
- халыққа, өнеркәсіптерге, мекемелерге сервистік және тұрмыстық қызмет көрсету;
- автотұрақтар, ЖҚС, техникалық қызмет көрсету станцияларын және көлік жуу орындарын ұйымдастыру;
- жанармай, басқа мұнай өнімдерді сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек сату;
- шетел инвестицияларының қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құруды қоса алғанда сыртқы-экономикалық қызметтерінің барлық түрлерін жүргізу;
- жалпы коммерциялық және сауда-делдалдық қызметі;
- туристік қызметі.
- Қазақстан Республикасының заңымен тыиым салынбаған басқа да қызмет түрлері.
Серіктестік тізбесі заң актілерінде белгіленген жеке қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады.
2. «ЭНЕРГО ТЕХСТРОЙСЕРВИС» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ МҮЛКІ
2. 1 Серіктестіктің жарғылық капиталы
Серіктестіктің жарғылық капиталы 97100 (тоқсан жеті мың бір жүз) теңгеге тең және осы мөлшерде серіктестік тіркелген кезеңінде толық қалыптастырылған.
Жарғылық капитал, серіктестіктің өз капитал есебінен толықтырылу мүмкін, қажет болса қатысушының қосымша салымдарынан толықтырылады.
Серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы мен интелектуалдық қызметінің нәтижелеріне құқығы және басқа мүлік болуы мүмкін.
Серіктестіктің жарғылық капиталын өзгеруі (ұлғайтуы немесе азайтуы) «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының III тарауы тәртіптеріне сәйкес жүзеге асытылады.
Серіктестіктің мүлкі қатысушының жарғылық капиталға салымдары: алынған табыстар, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен құралады.
Серіктестіктің мүлкі серіктестіктің меншігі болып табылады және де оның балансында есептеледі.
Қатысушының жарғылық капиталдағы үлестері және тиісінше олардың серіктестік мүлкіндегі үлестері оның жарғылық капиталдағы салымдарына бара-бар болады.
2. 2 «Энерго ТехСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқару мен бақылау органдары
Серіктестіктің жоғары басқару органы Қазақстан Республикасының заңдары және өзінің құрылтай құжаттары болып табылады. Қатысушы өкілетті тұлғаларына өкілдік сенім білдіре алады.
Қатысушынцң ерекше құзырына мынамәселелерді шешу жатады:
А) серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда оның жарғысын өзгерту немесе серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекіту;
Б) серіктестіктің атқарушы органдарын құру және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осылай берудің шарттарын айқындау;
В) серіктестіктің жылдық қаржылық есебін бекіту және таза пайда мен шығынды бөлу;
Г) серіктестіктің басқарушы кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясын сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің тексеру комиссиясының есептері мен қорытындыларын бекіту;
Д) серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімін және басқа да құжаттарды бекіту;
Е) серіктестіктің өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім шығару;
Ж) серіктестікті қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім шығару;
З) тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;
И) шығындарды өтеу тәртібін анықтау;
К) филиалдар және өкілдіктер құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олар туралы ережелерді бекіту;
Л) серіктестіктің лауазымды тұлғаларын мүліктік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдау;
М) серіктестіктің бүкіл мүлкін кепілге беру туралы шешім шығару;
Н) қолданылатын заңдарға сәйкес серіктестік мүлкіне қосымша жарналар енгізу туралы шешім шығару.
Серіктестіктің атқарушы органы Директор болып табылады, ол қатысушыға есеп береді және бұның шешімінің орындалуын ұйымдастырады. Директорды тағайындаған кезде оларды еңбек қатынасы еңбек заңына сәйкес келісім шарт негізінде реттеледі.
Қатысушының ерекше құзырына жататын мәселелерден басқа мәселелерге Директор құзыры жүреді және ол сонымен бірге:
- күнделікті және перспективалық жұмыстарды іске асырады;
- қатысушы шешімінің орындалуын ұйымдастырады және орындалуы туралы оған есеп береді;
- серіктестіктің мүлкіне, қаражатына қатысушыға берілген шек шеңберіндебилік жүргізеді;
- сенімхатсыз серіктестік атынан келісімдер (шарттар), міндеттемелер жасайды және орындалуын бақылайды;
- банктерде есеп және басқа шоттар ашады;
- серікткестіктің еңбек коллективі орындауға тиісті бұйрықтар және нұсқаулар береді;
- серіктестіктің қызметкерлерін қабылдау және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
- серіктестіктің өкілі болуға сенімхаттар береді;
- серіктестіктің жарғысы бойынша қатысушының құзырына жатқызылмаған басқа да өкілдік пен қатысушы берген өкілдіктерді жүзеге асырады.
Серіктестіктің Директорына тыйым салынады:
- қатысушының келісімісіз, серіктестіктен мүліктік пайда табу бағытында шарт (сыйға тарту, заем, тегін пайдалану, сатып алу-сату шарттарын және тағы басқаларын қоса) жасауға;
- серіктестіктен және серіктестікпен үшінші жақпен жасаған келісімдер арқылы үшінші жақпен делдалдық сый алуға;
- үшінші жақ атынан немесе мүдделері үшін олардың серіктестікпен арадағы қатынастарында қызмет жасауға;
- серіктестіктің қызметімен бәсекелесетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға.
5. Серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін 5 жыл мерзіміне 3 адамнан тексеру комиссиясы құрылады.
Серіктестіктің Директоры тексеру комиссиясының мүшесі бола алмайды.
Тексеру комиссиясы кез келген уақытта серіктестіктің атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуге құқылы және осы мақсатта серіктестіктің барлық құжаттамасын ешқандай кедергісіз көру құқығына ие болады. Тексеру комиссиясының немесе тексерушінің талап етуі бойынша атқарушы органның мүшелері ауызша немесе жазбаша түрде қажетті түсіндірмелер беруге қажетті.
Тексеру комиссиясы қатысушы бекіткенге дейін серіктестіктің жылдық қаржылық есепке міндетті түрде тексеру жүргізеді. Қатысушының тексеру комиссиясының немесе аудитордың қорытындысы болмайынша жылдық қаржылық есепті бекітуге құқығы жоқ.
Серіктестіктің жылдық қаржылық есептің дұрыстығын, сондай-ақ оның істерінің ағымдағы жай-күйін тексеру және растау үшін серіктестікпен, оның директоры немесе қатысушымен арада мүліктік мүдделермен байланысы жоқ кәсіби аудиторды тартуға құқығы бар.
Серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің жылдық қаржылық есебіне өз есебінен аудиторлық тексеру жүргізуге талап етуге құқылы.
Егер серіктестіктің атқарушы органы аудиторлық қаржылық есептерінің тексерілуін жүргізуден бас тартатын болса, бұндай тексеру сот шешімімен жүзеге асырылады.
Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептердің және есеп берудің дұрыс және тәртіпті жүргізілуі үшін жауапкер болады.
2. 3 Серіктестіктің таза табысы мен шығындары
Серіктестіктің табысы бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша қаржы есебі негізінде анықталады.
Серіктестіктің табысы еңбек ақыны төлегеннен және шыққан шығынның орнын толтырғаннан кейін қалған және шаруашылық іс-әрекеттің нәтижесінде түскен түсімнен тұрады. Серіктестіктің негізгі бағытының нәтижесі табыс түсіру болып табылады.
Серіктестіктің салық төлегеннен кейін, еңбек ақы және бюджетке басқа да төлем (таза пайда) төленгеннен қалған пайдасы серіктестіктің меншігі болып саналады және олар соңғы жұмыстары мен нығайтылуына бөлінеді.
Серіктестік өндірісінің дамуы және жалпы мүдделері үшін бөлінгеннен кейін қалған таза табыстың бөлігі серіктестіктің қатысушысының шешімімен бөлінеді.
Қатысушы серіктестіктің жарғылық капиталы толық төленгенге дейін табысты бөлуге құқығы жоқ.
Серіктестіктің шығындары сақтық капитал есебінен, ал егер капиталдың қаражаты жетіспесе серіктестіктің басқа да қаражаттары есебінен, ал ол мүлде жеткіліксіз болса серіктестіктің мүлкін сату есебі арқылы өтеледі.
Серіктестік жарғылық капиталдан 10 процент мөлшеріндегі сақтық капиталды құрады.
Сақтық капитал серіктестіктің жылма-жылғы түсірген таза табысынан 5 процент мөлшерінде ақша аудару арқылы іске асырылады.
Егер сақтық капиталдың қаражаты таусылса, оған ақша аудару жаңартылады.
Серіктестікті қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығру, өзгерту) өз еркімен қатысушының шешімімен жүзеге асырылады.
Егер заң актіленрінде немесе қайта құру туралы шешімде өзгеше көзделмесе, қайта құрылған серіктестіктің мүлкі оны тіркеу кезінде оның құқықтық мұрагеріне ауысады.
Серіктестік оның қатысушысының шешімімен немесе сот шешімі бойынша:
1) банкрот болса;
2) серіктестікті құру кезінде жоюға болмайтын сипатта Қазақстан Республикасының заң бұзушылыққа жол беруіне байланысты оның тіркелуі жарамсыз деп танылса;
3) қызметті тиісті рұқсатсыз (лицнзиясыз) немесе заң актілерімен тиым салынған қызметті не заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған жағдайлар болса;
4) заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.
Серіктестікті қайта құру және тарату заңда қарастырылған тәртібімен жүзеге асырылады.
Серіктестіктің таратылуы қатысушының немесе сот шешімімен тағайындалған тарату комиссиясымен жүргізіледі. Тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап серіктестіктің қызметін басқару өкілеттілігі беріледі.
Мен ендігі кезекте баланс активтерінің және олардың құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдаймын. Ол үшін 2013, 2014 және 2015 жылдардың мәліметтерін мұқият зерттеу қажет.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді. Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олрадың рационалды тартылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсетеді. Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың тартылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кесте құрылады.
Кесте 1 бойынша ««Энерго ТехСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қысқа мерзімді активтер 2013 жылы 96744 млн. теңге болған, ал 2014 жылы 13514 млн. теңге, яғни 13, 9 пайызға артып, 110258 теңгені құраса, 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 1, 1 пайызға төмендеп, 109146 млн. теңгені құраған. Кәсіпорынның жиынтық активтері 2013 жылы 206561 млн. теңге болған, ал 2014 жылы 49876 млн. теңгеге, яғни 24, 1 пайызға артып, 256437 млн. теңгені құраса, 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 11, 2 пайызға, яғни 28861 млн. теңгеге өсіп, 285298 млн. теңгені құрады.
Кесте 1.
«Энерго ТехСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013-2015 жылдар активтерінің құрамы мен құрылымын талдау
«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ның ұзақ мерзімді активтері 2013 жылы 85282 млн. теңге болған, ал 2015 жылы 24534 млн. теңге, яғни 28, 7 пайызға артып, 109816 млн. теңгені құраса, 2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 33, 1 пайызға немесе 36362 млн. теңгеге артып, 1461781 млн. теңгені құраған.
Сонымен қатар 1-кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорын активтерінің құрамында қысқамерзімді активтер баланс авлютасының 40 пайыздан астамын құрайды. Себебі, талданып отырған кәсіпорын лизингтік кәсіопрын болғандықтан қысқамерзімді активтерінің басым бөлігі дебиторлық берешектер. Өйткені, кәсіпорынның негізгі қызметі - техниканы лизингке беру болып табылады.
Кәсіпорын мүлкіндегі маңызды орынды айналым капиталы - ағымдық активтерге салынған капиталдың бір бөлігі алады. Айналым капиталын талдаудың негізгі мақсаттары:
- Айналым капиталының құрамы мен құрылымының өзгерістерін зерттеу;
- Айналым капиталын негізгі белгілері бойынша топтастыру;
- Айналым капиталының қалыптасуының негізгі көздерін анықтау;
- Айналым капиталын тиімділігін көрсететін негізгі көрсеткіштерді анықтау.
Айналым капиталын талдаудың мәні өндірісті, айналымды, өнім, тауар, қызметті тұтынуды, ресурстарды тиімді пайдалануды т. б. сипатайтын экономикалық көрсеткіштердің көлемін және өзгерісін анықтау. Нарықтық экономикаға өту кезеңінде көптеген қазақстандық кәсіпоырндар банкроттыққа ұшырады. Оның көптеген себептері бар. Кәсіпорынды банкроттықтан сақтау үшін айналым капиталын (дебиторлық борыштарын, материалдық қорларын, ақшаларын) талдау маңызды болып табылады. Бұл ағымдық активтерді жан-жақты зерттеу қажет екенін көрсетеді. (5) .
Әрі қарай келесі 2-кестені құрастыра отырып, ағымдық активтердің құрылымы мен құрамын талдау қажет.
Алайда, кәсіпорынның активтері балансында қысқа және ұзақ мерзімді деп бөлінбегендіктен, оны түсіндерме жазбадан қараймыз. (ауд отчетность)
Кесте 2.
«Энерго ТехСтройСервис» ЖШС-ның 2013-2015 жылдардағы ағымдық активтерінің құрамы мен құрылымы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz