БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ САПАТТАМАСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Конституциямыздың 1 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін
демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары.
Қазақстан халқын толғандыратын мәселелердің қатарында соңғы жылдары
әрбір азаматтың өмір сүруіне қауіпсіз жағдайлар қалыптастыру, бостандық
және жеке басқа қол сұғушылық конституциялық құқығын сенімді қорғауды
қамтамасыз ету мәселелері де алдыңғы қатарға шыға бастады. Азаматтардың
конституциялық құқықтарына қылмыстардың ауыр және ерекше ауыр санаттары ең
үлкен зиян тигізеді.
Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк
саясатының мақсаттары:
   1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды
кемсiтушілікке жол бермеу;
   2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің негiзгi
кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды
қалпына келтiру;
   3) бала құқықтары кепілдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру,
баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен
ұйымдар құру;
   4) балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық
тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл
сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам
мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет
жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкіндiктерiн ашуға жәрдемдесу;
   5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн
қалыптастыру жөніндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.
Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк органдар
қызметiнiң басым саласы болып табылады және:
   1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге;
   2) балаларға толымды тәрбие берудi, олардың құқықтарын қорғауды
оларды қоғамда толымды өмiр сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында
отбасын мемлекеттiк қолдауға;
   3) аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, балалардың өмiрiн
жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды
белгiлеуге және сақтауға;
   4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны, оған зиян
келтiргенi үшiн лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына;
   5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi
функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарды
мемлекеттiк қолдауға негiзделген.

І. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ САПАТТАМАСЫ

1.1 Баланың құқықтары мен міндеттерінің түсінігі мен сипаттамасы

Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың
заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді.
Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық
мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық
мекемеден тыс жерде туған жағдайда - медициналық құжаттардың, куәлардың
көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азаматтық хал актілерін
жазу органы белгілейді. Бір-бірімен некеде тұратын адамдармен туған баланың
туу тегі атаанасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бала неке
бұзылған, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап немесе бала анасының
жұбайы қайтыс болған кезден бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған
жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі
болып танылады.
Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы баланың әкесі мен
анасының азаматтық хал актілерін жазу органына бірлесіп арыз беруі жолымен;
анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасының тұратын
жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларды немесе ол ата-ана құқығынан
айырылған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен бала
әкесінің арызы бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда - сот шешімімен
белгіленеді.
Әке болуды анықтау туралы бірлесіп арыз беру бала туғаннан кейін
мүмкін емес немесе қиын деп ұйғаруға негіз беретін мән-жайлар болған кезде
болашақ баланың бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-анасы анасы жүкті болған
кезде азаматтық хал актілерін жазу органына сондай арыз беруге құқылы.
Баланың ата-анасы туралы жазба бала туғаннан кейін жасалады.
Егер анасының күйеуі емес еркектің әке екендігі анық болып шықса,
анасы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңдердің ішінде өзін
асырау жөніндегі шығындарға одан тиісті ақша қаражатын сот тәртібімен талап
етуге құқылы. Ақша қаражатының мөлшерін тараптардың материалдық, отбасылық
және назар аударуға тұрарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, ақша
қаражатын төлеу кезінде қолданылып жүрген есептік көрсеткіштің еселенген
арақатынасымен сот белгілейді.
Он сегіз жасқа (кәмелетке) толған адам жөнінде әке болуды белгілеуге
оның келісімімен ғана, ал егер ол әрекетке қабілетсіз деп танылған болса -
оның қорғаншысының немесе қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен ғана
жол беріледі.
Бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-аналардан бала туған жағдайда және
ата-ананың бірлескен арызы немесе бала әкесінің арыз болмаған кезде
(баланың нақты адамнан туу тегі (әке болуды) ата-аналарының біреуінің, бала
қорғаншысының (қамқоршысының) арызы бойынша немесе баланы асырап отырған
адамның арызы бойынша, сондай-ақ баланың кәмелетке толғаннан кейінгі өз
арызы бойынша сот тәртібімен белгіленеді. Бұл жағдайда сот баланың нақты
адамнан туу тегін анық растайтын айғақтарды ескереді.
Өзін баланың әкесімін деп таныған, бірақ баланың анасымен некеде
тұрмаған адам қайтыс болған жағдайда оның әке екенін тану фактісі азаматтық
іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен
белгіленуі мүмкін.
Бір-бірімен некеде тұратын әке мен ана туу туралы жазбалар кітабына
олардың кез келгенінің арызы бойынша баланың ата-анасы болып жазылады.
Егер ата-ана бір-бірімен некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба-
анасының арыз бойынша, ал баланың әкесі туралы жазба баланың әкесі мен
анасының бірлескен арызы бойынша немесе бала әкесінің арызы бойынша
жүргізіледі немесе әкесі соттың шешіміне сәйкес жазылады.
Бала некеде тұрмайтын анадан туған ретте, ата-ананың бірлескен арызы
болмаған жағдайда немесе әке болуды анықтау туралы сот шешімі болмаған
жағдайда туу туралы жазбалар кітабында бала әкесінің тегі анасының тегі
бойынша, бала әкесінің аты-жөні - бала анасының көрсетуі бойынша жазылады.
Некеде тұратын және бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе
эмбрион имплантациясын қолдануға жазбаша түрде өз келісімін берген адамдар
осы әдістерді қолдану нәтижесінде өздерінде бала туған жағдайда туу туралы
жазбалар кітабына оның ата-анасы болып жазылады.
Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.
Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және
тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына
құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен
бірге тұруға құқығы бар.
Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне,
жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне
құқығы бар.
Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда
және ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың
отбасында тәрбиелену құқығын қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.
Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен,
ағаінілерімен, апа-сіңлілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен
қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы некесінің бұзылуы, оның
жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер
етпеуге тиіс.
Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен
қарымқатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде тұрған
жағдайда да баланың өз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.
Қысыл-таяң жағдайға (ұсталу, тұтқындалу, қамауға алыну, емдеу
мекемесінде болу және т.с.с) ұшыраған баланың заңда белгіленген тәртіппен
өзінің ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы
бар.
Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде
өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс
қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі, егер бұл
пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескерілуге міндетті.
Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар.
Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келісімі
бойынша қойылады, аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер
ескеріле отырып беріледі.
Әкесі атын өзгерткен жағдайда оның кәмелетке толмаған балаларының
әкесінің аты-жөні өзгереді, ал кәмелетке толған балалардың әкесінің атыжөні
бұл туралы өздері арыз берген жағдайда өзгертіледі.
Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата-анасының тегі
әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің
немесе анасының тегі беріледі.
Ата-анасының тілегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле
отырып, әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы мүмкін.
Баланың атына және (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында
туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі. Егер әкесі белгіленбесе,
баланың аты анасының көрсетуі бойынша қойылады, әкесінің аты-жөні баланың
әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша, тегі - анасының тегі бойынша
беріледі. Егер ата-анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын,
аты-жөнін қорғаншы және қамқоршы орган қояды.
Ата-анасының екеуі де тегін өзгерткен жағдайда кәмелетке толмаған
балалардың тегі өзгереді. Бала он алты жасқа толғанға дейін ата-анасының
бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы баланың
мүдделерін негізге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берілген текті
басқа ата-ананың тегіне өзгертуге рұқсат беруге құқылы.
Неке тоқтатылған немесе неке жарамсыз деп танылған жағдайда балалар
өздеріне туған кезде берілген тектерін сақтап қалады. Егер ата-анасы бөлек
тұрса және бала бірге тұратын ата-анасының біреуі оған өзінің тегін бергісі
келсе, азаматтық хал актілерін жазу органы бұл мәселені баланың мүдделеріне
қарай және ата-ананың екіншісінің пікірін ескере отырып шешеді. Ата-ананың
тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған, ол ата-ана құқығынан айырылған,
әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, сондай-ақ ата-ана баланы асырап-
бағу мен тәрбиелеуден дәлелді себептерсіз жалтарған ретте оның пікірін
ескеру міндетті емес. Егер бала бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардан
туған болса және әкесі заңды тәртіппен белгіленбесе, азаматтық хал
актілерін жазу органы, баланың мүдделерін негізге ала отырып, оның тегін
анасының осындай өтініш жасаған кездегі соның тегіне өзгертуге рұқсат етуге
құқылы.
Он жасқа толған баланың атын және (немесе) тегін оның келісімімен
ғана өзгертуге болады. Баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады.
Егер ата-анасының ұлты әртүрлі болса, ол баланың қалауы бойынша оған жеке
басының куәлігі немесе паспорт берілген кезде әкесінің немесе шешесінің
ұлтымен айқындалады. Одан әрі баланың ұлты оның өтініші бойынша басқа ата-
анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін.
Баланың белгіленген тәртіппен және мөлшерде өзінің ата-анасынан және
отбасының басқа да мүшелерінен асырау қаражатын алуға құқығы бар. Балаға
алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар ретінде тиесілі сомалар ата-анасының
(олардың орнындағы адамдардың) билік етуіне келіп түседі және оны олар
баланы асырап-бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсайды.
Баланың өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртібімен алған кірістерді, мүлікті,
сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлікті
меншіктенуге құқығы бар. Өз еңбегінен кіріс алған бала, егер ол ата-
анасымен бірге тұрса, отбасын асырау жөніндегі шығыстарға қатысуға құқылы.
Баланың ата-ана мүлкіне меншік құқығы болмайды, ата-ананың баланың мүлкіне
меншік құқығы болмайды. Бірге тұратын балалар мен ата-аналар бірбірінің
мүлкін өзара келісім бойынша иеленіп, пайдалана алады. Ата-аналар мен
балалардың ортақ меншік құқығы пайда болған жағдайда олардың ортақ мүлікті
иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы азаматтық заңдарда
белгіленеді.
Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.
Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата-анасы (олардың
орнындағы адамдар), ал осы заңда көзделген жағдайларда қорғаншы және
қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады. Кәмелетке толғанға дейін
заңға сәйкес әрекетке толық қабілетті деп танылған кәмелетке толмаған
адамның өз құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қорғалу құқығын өз
бетінше жүзеге асыруға құқығы бар. Баланың ата-анасының (олардың орнындағы
адамдардың) тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар. Баланың
құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде атаанасының
(олардың біреуінің немесе олардың орнындағы адамдардың) баланы асырап-бағу,
тәрбиелеу, оған білім беру жөніндегі міндеттерін орындамауы кезінде немесе
тиісті дәрежеде орындамауы кезінде не ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) құқығын
теріс пайдалану кезінде бала қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт
жасқа толғанда - сотқа өзінің құқықтарын қорғау үшін өз бетінше өтініш
жасауға құқылы. Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгендігі
туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі
болған ұйымдардың лауазымды адамдары мен өзге де азаматтар ол жөнінде
баланың іс жүзінде тұратын жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға
хабарлауға міндетті. Мұндай мәліметтерді алған жағдайда қорғаншы және
қамқоршы орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде
қажетті шаралар қолдануға міндетті.

ІІ. АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
СИПАТТАМАСЫ

2.1 Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің түсінігі

Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары тең және міндеттері (ата-
ана құқықтары) тең болады. Ата-ана құқықтары балалары он сегіз жасқа
(кәмелетке) толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар некеге тұрған
кезде тоқтатылады.
Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласымен бірге тұруға және оны
тәрбиелеуге қатысуға құқығы бар. Некеге тұрмаған, кәмелетке толмаған ата-
аналар олар бала туған жағдайда және олардың ана және (немесе) әке болуы
анықталған жағдайда өздері он алты жасқа толғанда ата-ана құқығын өз
бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа
толғанға дейін қорғаншы және қамқоршы орган балаға қорғаншы тағайындайды,
ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге
асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-ананың арасында
туындаған келіспеушілікті қорғаншы және қамқоршы орган шешеді. Кәмелетке
толмаған ата-аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және ана болуын
мойындауға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ақ олардың он төрт жасқа
толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына қатысты әке болуын анықтауды
талап етуге құқығы бар
Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата-
аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге
басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық
мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани
жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі
жауапкершілікте болады.
Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Ата-
аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім
беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.
Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді
балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып,
өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында
келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді
шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген
жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы
өкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Егер қорғаншы және
қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын
анықтаса, ата-аналардың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-
аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және
қамқоршы орган балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл
тағайындауға міндетті.. Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделерін көздей
отырып жүзеге асыру Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы
жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-
аналары қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене
және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян
келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадірқасиетін
кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе
қанау болмауға тиіс.
Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре
отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.
Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға,
оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін шешуге қатысуға құқығы
бар. Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың
дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян
келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі
болмауға тиіс. Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын
жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді.
Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың
мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді.
Бұл орайда сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-інілері мен
апасіңлілеріне (қарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың
адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардың әрқайсысы мен
баланың арасында орын алған қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу
үшін балаға жағдай жасау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақылау процесі
Менеджменттегі бақылау
Қазіргі уақыттағы жобалық менеджментке жағдайына шолу
АТА-АНАЛАРДЫҢ БАЛАЛАРҒА ҚАРСЫ МІНДЕТТЕРІ
Қазақстан Республикасының азаматтығы
Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі
Мемлекеттік құқықтың пайда болуы туралы теориясы
Басқару шешімдерін қабылдау теориясы
Бала тәрбиесі-отбасы өмірінің негізгі қызметі
Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері
Пәндер