Клиенттерге берілген несиелер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Альянс Банкі Акционерлік Қоғамының 2007 жылғы ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ
Алматы, 2008 ж. Page 2

МАЗМҰНЫ
1
НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..3
БАСШЫЛЫҚТЫҢ ҮНДЕУІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..4
БИЗНЕС-
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2007 жылғы операциялық
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..9
Несие
қоржыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Тəуекелдерді басқару жəне активтердің
сапасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Депозит қоржыны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...19
Қазынашылық операциялар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 21
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..24
Директорлар
кеңесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Басқарма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Корпоративтік əлеуметтік
жауапкершілік ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...31
ҚАРЖЫЛЫҚ
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Нəтижелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

Банк қызметінің негізгі
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 35
Тəуелсіз аудиторлардың
қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .37
Шоғырландырылған қаржы
есептілігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .39
АНЫҚТАМАЛЫҚ АҚПАРАТ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...45 Page 3

2
Альянс Банкі АҚ – алдыңғы қатарлы қазақстандық банктердің бірі болып
табылады. 1993 жылы
негізі қаланған банк бүгінгі таңда активтері мен меншік капиталының көлемі
бойынша еліміздегі
банктердің бестігіне кіреді.
Альянс Банк бизнестің барлық саласы бойынша, бөлшек нарықтың
артықшылықтарын қоса алғанда,
оның ішінде карточка бизнесінде жəне ШОБ субъектілеріне несие беру бойынша
əмбебап қаржы
институты ретінде дамып келеді. Банктің 2 миллионнан астам клиентке қызмет
көрсететін 63 қала мен
елді мекендерде 21 филиалы мен 177 бөлімшесі бар аймақтық желімен
қамтылған. Альянс Банктің
банкоматтар желісі бүкіл Қазақстан бойынша 1243 құрылғыдан тұрады. Page 4

НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ
3
1-кесте. Альянс Банктің 2006-2007 жылдардағы негізгі қаржы көрсеткіштері
Активтер, млн. теңге
Меншік капиталы, млн. теңге
Клиенттердің шоттары, млн. теңге
Клиенттерге берілген несие, млн. теңге
Пайыздық табыс, млн. теңге
Таза пайда, млн. теңге
ROA (Активтер рентабельділігі), %
ROE (Капитал рентабельділігі), %
Операциялардың тиімділігі, %
Акцияға шаққандағы пайда, теңге
Бір қызметкерге шаққандағы пайда, млн. теңге
Клиенттік база мөлшері, бірлік
2007
1 160 931
158 975
241 817
819 194
181 768
42 683
4,1
35,7
21,4
4 780
8,6
2 088 861
2006
920 750
80 038
245 261
619 800
80 193
14 010
2,2
25,9
24,9
4 201
4,7
1 278 952
Дереккөз: Альянс Банктің 2007 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған
қаржы есептілігінің
деректері Page 5

БАСШЫЛЫҚТЫҢ ҮНДЕУІ
4
Директорлар Кеңесі Төрағасының Үндеуі
Марғұлан Сейсембаев
Альянс Банкі АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы
Альянс Банк 2007 жылы өзінің стратегиялық мақсаттарына жеткенін жəне біздің
күш-
жігерлеріміздің арқасында активтерінің мөлшері бойынша Қазақстандағы
жетекші бес банктің
қатарына қосылып отырғанын қуана хабарлаймын. Біз корпоративтік басқару
жүйесін жетілдіріп,
Банктің одан əрі дамуының негіздерін қаладық.
Біз үшін бұл жыл көп жағынан алғанда маңызды да айтулы болды. Шілде айында
Альянс Банк
Лондон қор биржасында IPO өткізді. Осы орайда , мен өзіміздің жаңа
инвесторларымызды қуана
құттықтаймын жəне оларға көрсеткен сенімдері үшін алғыс айтқым келеді.
Банктің қаржы қызметі 2007 жылы біз күткен нəтижеден асып түсті.
Дүниежүзілік экономикалық
құлдырауға қарамастан, Банктің таза пайдасы 2006 жылмен салыстырғанда 3
еседен астам
ұлғайды. Мұндай жоғары көрсеткіштерге біз тұтынушылық несие беруге баса
көңіл бөле отырып,
бөлшек сауда бизнесін дамытуға негізделген табысты стратегияның арқасында
жетіп отырмыз.
Директорлар Кеңесінің Төрағасы ретінде мен корпоративтік басқару үшін
жауаптымын.
Капиталында шетелдік акционерлер бар біздің деңгейдегі банк корпоративтік
басқарудың жəне
таңдаулы басқару практикасының озық тəжірибесін қолдануға міндетті. Альянс
Банк
корпоративтік басқарудың ең жоғары стандарттарына сай келуге міндеттеме
алды, бұл тұрғыдан
2007 жыл өте сəтті болды. 2007 жылы Банктің Директорлар Кеңесінің құрамына
жоғары білікті екі
тəуелсіз директор – корпоративтік басқару жəне қаржы саласында мол
тəжірибесі бар Роберт Мэй
мен Георгий Селецки кірді. Заңнама талаптарына сəйкес, Директорлар Кеңесі
жанында
толыққанды қызмет ететін комитеттер, соның ішінде Тəуекелдер жөніндегі
комитет, Ішкі аудит
жөніндегі комитет, Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет жұмыс
істейді. Сонымен
қатар, біз Банк Басқармасы жанында қызмет ететін комитеттер мен
комиссиялардың жұмысын
жетілдірдік. Міндетті комитеттерден бөлек, Банк қызметінің ерекше
бағыттарында басқару
сапасын арттыру үшін Басқарма жанында Ақпараттық технологиялар жөніндегі
комитет жəне
Тұжырымдамалық комиссия жұмыс істейді. Заңнама талаптарының, сондай-ақ
Банктің ішкі
ережелері мен тəртіптерінің сақталуына ішкі бақылауды күшейту үшін біз
арнаулы Комплаенс-
бақылау қызметін құрдық.
Банк тұтынушылық несие беру саласындағы Қазақстандағы ең тəжірибелі
командалардың бірі
болып табылатын команда құруға біраз ресурс бөлді. 2007 жылы Альянс Банктің
Директорлар
Кеңесінің құрамына Societe Generale банкінде жұмыс істеп тəжірибе
жинақтаған Бертран Госсар
кірді.
Бүгінгі күні Альянс Банкте жаңа мақсаттарға
жету үшін қажетті ресурстардың бəрі бар,
тіпті
қазіргі
нарықтық
жағдайларда
жинақталған тəжірибенің, бизнес жүргізудің
сыннан өткен стратегиясының жəне біздің
көптеген əріптестеріміз бен клиенттеріміздің
арқасында біздің жаңа мақсаттарымызға да
ойдағыдай қол жеткізетіндігімізге кəміл
сенеміз. Page 6

БАСШЫЛЫҚТЫҢ ҮНДЕУІ
5
2007 жылы Альянс Банк тарихындағы маңызды белес алынды – сандық өсудің
кезеңі аяқталды.
Табанды жұмыс істеген жылдары ішінде Банк ұзақ жəне табысты жолды жүріп
өтті, мен Банк
осыдан алты жыл бұрын алдына қойған мақсаттар мен міндеттер ойдағыдай
жүзеге асырылды
деп мақтанышпен мəлімдей аламын. Бүгінгі күні Банк бөлшек сауда нарығында
алдыңғы
орындардың бірінде болып отыр, оның қызметін Қазақстан халқы кеңінен
пайдалануда. Альянс
Банктің жетістіктері біз таңдаған теңгерімді əрі басты назардағы өсу
стратегиясы өзін толық
ақтағанын дəлелдейді. Осыған байланысты жаңа инвесторларымызға, сондай-ақ
клиенттерімізге
жəне Банктің бүкіл ұжымына тағы да алғыс айтқым келеді. Біздің бүгінгі
табысымыз олардың
белсенді қатысуынсыз мүмкін болмас еді.
Альянс Банк өз дамуында сапалы жаңа деңгейге жеткенін біз 2007 жылы
түсіндік. Егер бұрын біз
үшін Банк қызметі негізгі көрсеткіштерінің сан өсімі басты бағыт болып
келсе, енді біздің
стратегиямыздың бағыты табыс пен жұмыс сапасын арттыру, сонымен бірге қол
жеткен
жетістіктерді сақтау мен жақсарту жағына қарай өзгерді. Орташа мерзімді
келешекте Банк
бұрынғысынша бизнестің барлық бағыттары бойынша əмбебап банк ретінде
дамитын болады.
Біз əрдайым өз жұмысымыздың үздік нəтижелері бізді банк қызметтерінің
қазақстандық
нарығында күшейе түсіп келе жатқан бəсекелік жағдайда жаңа, неғұрлым
күрделі мақсаттарға
жетуге міндеттейді деп санап келдік. Бүгінгі күні Альянс Банкте жаңа
мақсаттарға жету үшін
қажетті ресурстардың бəрі бар, тіпті қазіргі нарықтық жағдайларда
жинақталған тəжірибенің,
бизнес жүргізудің сыннан өткен стратегиясының жəне біздің көптеген
əріптестеріміз бен
клиенттеріміздің арқасында біздің жаңа мақсаттарымызға да ойдағыдай қол
жеткізетіндігімізге
кəміл сенеміз.
Марғұлан Сейсембаев
Альянс Банкі АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Page 7

БАСШЫЛЫҚТЫҢ ҮНДЕУІ
6
Басқарма Төрағасының үндеуі
Ерік Сұлтанқұлов
Альянс Банкі АҚ Басқармасының Төрағасы
2007 жылғы ғаламдық оқиғалар біздің бұдан былайғы даму бағытымызды
белгілеуімізге, сондай-
ақ Банктің несие қоржынындағы активтердің базалық сапасын бағалауымызға
мүмкіндік берді.
Бұл шын мəнінде баға жетпес тəжірибе, оның Альянс Банк стратегиясының
дұрыстығын
дəлелдей түскенін атап өткім келеді.
Бұл тұрғыдан алғанда біздің нəтижелерімізден көп нəрсені аңғаруға болады.
2007 жылы Альянс
Банктің тұрақты өсімі 26 пайыз болды. Біздің қаржы көрсеткіштеріміз күткен
нəтижелерімізге сай
келеді, бұл əсіресе Банктің таза пайдасына қатысты, ол 42,7 миллиард
теңгеге жетіп, өсім 2006
жылмен салыстырғанда 205 пайыз болғанын көрсетті. Бұл жағдайда капиталдың
рентабельділігі
35,7 пайыз, активтердің рентабельділігі – 4,1 пайыз болды.
Альянс Банктің қазақстандық банктердің көпшілігінен айырмашылығы – оның
өсімі бөлшек сауда
бизнесін дамытуға баса көңіл бөлуімен байланысты. Біз ауқымды клиенттік
база жинақтадық
жəне Қазақстан нарығында жеке тұлғаларға аса ірі несие беруші болып
табыламыз.
2007 жылы, халықаралық қаржы нарықтарындағы шиеленіске жауап ретінде, біз
Банктің даму
стратегиясын жаңа міндеттер шешу үшін қайта қарадық. Дамудың келесі
кезеңінде Альянс Банк
стратегиясының бағыты шұғыл экспансиядан тұрақты өсу жəне нарықтағы
жағдайды нығайту
жағына қарай ойысады.
Біз таяудағы бес жылға арналған стратегиялық жоспар əзірледік, оның негізгі
мақсаты –
көрсетілетін қызметтерге де, сондай-ақ Банктің ішкі рəсімдеріне де қатысты
бүкіл қызметіміздің
сапасын арттыру болып табылады. Көрсететін қызметтеріміздің сапасының
артуы, өз кезегінде,
Альянс Банкке клиенттерді көптеп тартуға мүмкіндік береді. Біздің жаңа
стратегиямыздың
мақсаты – жинақталған білімді, технологияларды жəне ноу-хауды барынша
тиімді пайдалану.
Альянс Банк банктік бөлшек сауда қызметі саласындағы көшбасшы əрі жаңашыл
деген атағын
одан əрі сақтауды көздеп отыр. Біздің тұтынушылық несие беру моделіміз
оңтайландырылатын
болады, өйткені біз ішкі рəсімдер жəне тəуекелдерді басқару сапасын
арттыруға ұмтылып
отырмыз. Несие беру барысында несие беру туралы шешім қабылдау
автоматтандырылған жəне
тəуекелді барынша азайтуды көздейтін статистикалық зерттеулерге
негізделген.
Біз Қазақстанның дамып келе жатқан
экономикасының
негізгі
салаларының
біріндегі ірі ойыншымыз жəне алға қойылған
мақсаттарға жету үшін өз жетістіктерімізді
одан əрі жетілдіру, өз клиенттерімізге
барынша жоғары деңгейде қызмет көрсету
мақсатын көздеп отырмыз. Page 8

БАСШЫЛЫҚТЫҢ ҮНДЕУІ
7
Клиенттерге жедел қызмет көрсету, сонымен бірге клиенттерге қызмет көрсету
сапасын тұрақты
түрде арттырып отыру біздің басты міндеттеріміздің бірі болып табылады.
Жалпы алғанда, біз бір
клиенттен түсетін орташа табыс көрсеткішінің ұлғайтылуына қол жеткізуді,
бөлшек сауда
нарығында біздің тəуекелдеріміздің біркелкі бөлінуін қамтамасыз ету үшін
қарыздың орташа
мөлшерін сақтауды жоспарлап отырмыз.
Бұл стратегияда нақты белгіленген төрт бағыт бар. Ең алдымен, біз Банктің
өңірлік тиімділігін
арттырамыз. Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын филиалдарымыздың кең
ауқымды желісі –
біздің басты активіміз, оның көлемі ең жоғары деңгейге жеткізіледі, сонымен
бірге Банк
филиалдары жұмысының тиімділігі арттырылады.
Екіншіден, біз несие қоржынын одан əрі ұлғайтамыз, сонымен бірге тоғыспалы
сату
мүмкіндіктерін ұлғайтамыз. Біз Қазақстандағы аса ірі клиенттік базаны
жинақтадық,
клиенттермен өзара қатынаста өзіміз жете алған мұндай жоғары деңгейді
мақтан етеміз. Мұның
өзі осы заманғы өнімдерді, атап айтқанда біз өз клиенттерімізге жаңа
қызметтермен қатар
ұсынатын жаңартылатын несие карталарын енгізудің берік іргетасына айналады,
бұл Банкке
деген олардың сенімін арттырады. Осы мақсатпен біз 2007 жылы несие
карталарын енгізуде жəне
оларды іске қосуда дүниежүзілік дəрежеде тəжірибе жинақтаған халықаралық
сарапшылар
жасағын жинадық.
Үшіншіден, Қазақстандағы технологиясы ең дамыған банктердің бірі болып
табылатын өз
банкіміздің көш басында болуын сақтап қалуды көздейміз. Жаңа технологиялар
Альянс Банктің
ұсынатын қызметтерін, мысалы, мобильді жəне Интернет-банкинг аясын
ұлғайтуға, сондай-ақ
тікелей маркетинг арналарын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Төртіншіден, Қазпошта АҚ-пен ынтымақтастығымыздың ұзақ та табысты
тəжірибесін ескере
отырып, біз шығындарды азайту жəне Банкке тəн емес қызметтерді тапсыру
мақсатында бизнес-
əріптестермен, соның ішінде басқа банктермен бірлескен жобаларды іске
асыруды жоспарлап
отырмыз.
ШОБ кəсіпорындарына қызмет көрсетуге, біздің қызметтің тағы да бір басты
бағытына қатысты
біз жаңа өнімдер шығаруда технологиялық жəне статистикалық тəсілді
қолдануды
жалғастырудамыз. Бұл өнімдер жаңа нарықтық жағдайларда клиенттердің ерекше
тобының,
əсіресе өндірісте жұмыс істейтін клиенттердің талап-тілектерін
қанағаттандыру үшін
стандартталатын болады.
Өзіміздің бөлшек сауда қызметімізге қосымша біз бизнестің корпоративті
клиенттердің шектеулі
санына арналған банк-бутик сияқты перспективалы бағытын дамытып отырмыз.
Біз бұл бағытты
одан əрі дамытамыз жəне өзіміз тікелей білетін жəне қызметтер мен өнімдерді
ең жақсы деңгейде
бере алатын клиенттерге іріктеп қызмет көрсететін боламыз.
Біз өз клиенттеріміздің қажеттерін жақсы білеміз жəне оларға осы заманғы
жəне инновациялық
қызметтерді одан əрі көрсететін боламыз. Біздің жоспарларымызда клиенттік
сервисті барынша
жоғары технологиялық деңгейге көтеру көзделген. Біздің клиенттер банк
қызметтерінің барлық
түрлерін Банк бөлімшесіне бармай-ақ пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Олар
Банктің несие
қаражатын пайдаланып, депозиттерді толықтырып, ақшаны бір картадан
екіншісіне аударып,
салық төлеп, коммуналдық қызметтердің, сондай-ақ кабельді теледидар мен
мобильді
байланыстың түрлі операторлары қызметтерінің ақысын банктегі шоттарын
пайдаланудың
жоғары технологиялық құралдарының, соның ішінде Альянс Банктің банкомат
желісінің, сондай-
ақ мобильді жəне Интернет-банкингтің көмегімен төлей алады.
Жеке тұтынушылық несие берудің қазіргі кезде енгізіліп жатқан
бағдарламасына ерекше көңіл
бөлінуде. Бұл бағдарламаның ойдағыдай дамуына біздің бірегей
инфрақұрылымымыздың септігі
тиюде, бұл тұрғыдан алғанда, 2007 жыл шұғыл өсудің табысты кезеңінің
аяқталуымен атап өтілді.
Қазіргі кезде біздің банкоматтар желісінде бүкіл республика бойынша 1200-
ден астам құрылғы
бар, болашақта олардың санын 2000-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. 2007 жылы
процессингілік
орталықты жəне колл-орталықты техникамен қамтамасыз етуге, сондай-ақ
Банктің ІТ-
инфрақұрылымына инвестициялар жасалды. Page 9

БАСШЫЛЫҚТЫҢ ҮНДЕУІ
8
Тұрақты бизнес-модельдің арқасында Альянс Банк 2007 жылғы ғаламдық
экономикалық
құлдыраудың бас кезінде елеулі шығындарға ұшыраған жоқ. Халықаралық қаржы
құбылмалығы
кезеңінде біздің ішкі бөлшек саудаға баса көңіл бөлуіміз өзінің
артықшылығын дəлелдеп берді.
Альянс Банктің ауқымды бөлшек сауда несие қоржыны ғаламдық өтімділік
дағдарысы
жағдайларына біздің төтеп беруімізге көмектесті.
2007 жыл Альянс Банк үшін тарихи жəне бетбұрысты жыл болды. Біз
дүниежүзілік экономиканың
тұрлаусыздығы алдында өз тұрақтылығымызды көрсетіп, 2006 жылғы табыс
көрсеткіштерінен
едəуір асып түстік. Біз Банктің нарықтық құнын Лондон қор биржасында
листинг өткізу жолымен
орнықтырдық, оның өзі Банктің ірі жетістігі жəне қол жеткен ілгерілеудің
көрінісі болды. Біз
Қазақстанның дамып келе жатқан экономикасының негізгі салаларының біріндегі
ірі ойыншымыз
жəне алға қойылған мақсаттарға жету үшін өз жетістіктерімізді одан əрі
жетілдіру, өз
клиенттерімізге барынша жоғары деңгейде қызмет көрсету мақсатын көздеп
отырмыз.
Ерік Сұлтанқұлов
Альянс Банкі АҚ Басқармасының Төрағасы Page 10

БИЗНЕС-ШОЛУ
9
2007 ЖЫЛҒЫ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ШОЛУ
2007 жыл Альянс Банк үшін, əсіресе екінші жарты жылдықтағы дүниежүзілік
қаржы
тұрақсыздығы жағдайында, өте табысты болды. Банктің таза пайдасы 42,7 млрд.
теңге
болды, оның өзі 2006 жылғы көрсеткіштен үш еседен астам артық. Банктің
жиынтық активтері
1,3 есе ұлғайып, 1 161 млрд. теңге болды, акционерлік капитал іс жүзінде
екі есе ұлғайып, 159
млрд. теңгеге жетті. Банк пайдасының озық қарқынмен ұлғаюының нəтижесінде
табыс
көрсеткіштері артты – капитал рентабельділігінің коэффициенті (ROAE) 35,7%,
ал активтер
рентабельділігінің коэффициенті (ROAE) - 4,1% болды, 2006 жылдың аяқ
кезімен
салыстырғанда, бұл коэффициенттер тиісінше 25,9% жəне 2,2% болған еді. Бұл
Қазақстанның
банк секторындағы 2007 жылғы үздік көрсеткіштердің бірі.
Банк бизнесі рентабельділігінің артуы оның жоғары табысты бөлшек несие
беруге жəне
операциялар тиімділігін арттыруға тұрақты ұмтылуға байланысты. Альянс
Банктің жоғары
табысты бөлшек несие беруді дамыту бағдарламасы бір жылдың ішінде елеулі
түрде
күшейтілген болатын. Жиынтық несие қоржыны 1,3 есе өсіп, 819 млрд. теңгеге
жетті, ал
бөлшек клиенттерге берілген қарыз көлемі 1,5 есе ұлғайып, 405 млрд. теңге
болды.
Табыстылығы жоғары бөлшек несие беру қоржынының үлесі Банктің жиынтық несие
қоржынының 49,4%-на жетті. Бизнес көлемінің елеулі өсуімен қатар Банк
операциялық
тиімділікті арттырды, бұған шығынның пайдаға қатынасының 2006 жылғы 24,9%-
дан 2007
жылғы 21,4%-ға дейін төмендеуі тəн.
2-кесте. Қазақстанның банк секторындағы
Альянс Банктің 2006-2007 жылдардағы жағдайы
Меншікті капитал
Активтер
Несие қоржыны
Бөлшек клиенттер
Корпоративтіклиенттер
Міндеттемелер
Таза пайда
2007
III
IV
IV
I
V
IV
III
2006
IV
V
III
I
V
V
III
Екінші деңгейдегі банктер
арасындағы жылдың
соңындағы орны
Дереккөз: ҚР ҚҚА веб-сайты (www.afn.kz), Банктің есебі
2007 жылы Банк өзінің инфрақұрылымын одан əрі дамытты. Жыл ішінде 4 жаңа
филиал мен 37
бөлімше ашылды, есепті кезеңнің аяқ кезінде Банктің өңірлік өкілдіктерінің
желісінде 25 филиал
мен 199 бөлімше болды. Банк сондай-ақ банкомат желісін айтарлықтай
ұлғайтты: 2007 жылы
жаңа 1 191 банкомат орнатылды, олардың жалпы саны 1 243 құрылғыға дейін
жеткізілді.
Альянс Банктің бөлшек бизнесті дамытуды көздеуі, сату желілерін ұлғайтуы
жəне
қызмет көрсету сапасын арттыруы Қазақстандағы аса ірі клиенттік базалардың
бірін
құруға мүмкіндік берді. Бөлшек клиенттердің саны 2007 жылы 800 мыңнан астам
адамға көбейіп, қазір 2 миллион клиентке, немесе Қазақстанның экономикалық
белсенді
халқының
25%-ына
жетіп
отыр. Page 11

БИЗНЕС-ШОЛУ
10
1-диаграмма. Пайда өсімінің жəне шығыстың кіріске қатынасының төмендеу
серпіні
Пайда
Шығыстың кіріске қатынасы
Дереккөз: Альянс Банктің 2007 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған
қаржы есептілігінің
деректері
2-диаграмма. Табыс өсімінің серпіні
Активтер рентабельділігі (ROA)
Капитал рентабельділігі (ROE)
Дереккөз: Альянс Банктің 2007 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған
қаржы есептілігінің
деректері Page 12

БИЗНЕС-ШОЛУ
11
Жылдың негізгі оқиғалары
Қаңтар: Альянс Банк 750 млн. евро сомасына алғаш рет шығарылған бесжылдық
еурооблигацияларды ойдағыдай орналастырды. Бұл мəміле еуроға
деноминацияланған
облигациялардың ТМД елдерінің барлық банктері ішіндегі аса ірі шығарылымы
болды.
Ақпан:
Альянс Банк 250 миллион фунт стерлинг сомасындағы төрт жылдық
еурооблигацияларды ойдағыдай орналастырды.
Мамыр: Альянс Банк Еуропалық қайта құру жəне даму банкінің (ЕҚДБ) арнаулы
бағдарламасы
аясында шағын жəне орта бизнесті несие беру үдерісін өз бетінше басқаруға
өкілдік алды.
Маусым: Альянс Банк Қазкоммерцбанк АҚ-ның осы кезге дейін пайдаланып
келген
байланыс арналарынан тыс VISA International халықаралық төлем жүйесіне
тікелей қосылды.
Бұл қадам Альянс Банктің төлем карталары үшін транзакциялар бойынша
тарифтердің кешенді
түрде кемітілгені туралы жариялауға мүмкіндік берді.
Шілде: Альянс Банк Лондон қор биржасында IPO өткізіп, 704 млн. АҚШ доллары
сомасына
ғаламдық депозиттік қолхаттар түрінде 17,4% қарапайым акциялар
орналастырды.
Қыркүйек: Euromoney жетекші қаржы журналы Альянс Банкті 2007 жылғы
корпоративтік
басқару саласындағы алдыңғы қатарлы банк деп атады. Альянс Банк жаңа
стратегиялық
мақсаттар қабылдады, соларға сəйкес Банк əлеуметтік жауапты мекемеге
айналады жəне
өзінен гөрі өз клиенттерінің, қызметкерлерінің жəне инвесторларының игілігі
үшін жұмыс
істейтін болады.
Қазан: Альянс Банк National City Bankтен (АҚШ) 30 миллион АҚШ доллары
мөлшерінде жеті
жылға қарыз алды. Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Альянс
Банкке контрагент
несие рейтингілері – ұзақ мерзімді B+ жəне қысқа мерзімді B
рейтингілерін берді. Альянс
Банктің клиенттік базасы 2 млн. клиенттен асты, бұл Қазақстанның
экономикалық белсенді
халқының 25%-ын құрайды.
Марапаттар
Халықаралық марапаттар
Euromoney қаржы журналы
2007
2007 жылғы корпоративтік басқару саласындағы алдыңғы қатарлы банк
санатындағы Қазақстандағы ең үздік бөлшек банк
2006
Еуропаның дамушы мемлекеттеріндегі корпоративтік басқару саласындағы
Қазақстанның алдыңғы қатарлы банкі
2005
Қазақстандағы корпоративтік басқару саласындағы алдыңғы қатарлы
банк
Қазақстандағы ең үздік бөлшек банкі
The Banker қаржы журналы
Қыркүйек,
2007
Top 200 Asian Banks тізіміндегі 105-ші орын
Қыркүйек,
2005
ТМД елдерінде жəне Орталық Еуропада 2002–2003 жылдар
аралығындағы ең серпінді дамыған банк Page 13

БИЗНЕС-ШОЛУ
12
Маңызды жергілікті сыйлықтар
2007
Қазақстанның 2006 жылғы 50 таңдаулы компаниясының тізіміндегі
4-ші орын, Exclusive журналының болжамы бойынша (Бедел
рейтингі мақаласы, №1 (58), қаңтар, 2007 ж.)
2006
Жыл таңдауы фестивалі:
Қазақстандағы 2006 жылғы №1 жедел несие
Қазақстандағы 2006 жылғы №1 тұтынушылық несие
Қазақстанның Инвестициялық қоры, Ресейдің V-Ratio Business
Consulting Company консалтинг компаниясы, Қазақстанның BRIF
Research Group зерттеу компаниясы жəне National Business іскерлік
басылымы бірлесіп ұйымдастырған Қазақстан брендтерінің
бірінші листингінің нəтижелері бойынша жылдың ең қымбат
бренді. Page 14

БИЗНЕС-ШОЛУ
13
ФИЛИАЛ ЖЕЛІСІ
1-сурет. Альянс Банк филиалдарының желісі
Ең алдымен, біз Банктің өңірлік тиімділігін
арттырамыз.
Қазақстанның
барлық
өңірлерін
қамтитын
біздің
филиалдарымыздың ауқымды желісі –
біздің басты активіміз, оның мөлшері Банк
филиалдары
жұмысының
тиімділігін
арттырумен
бір
мезгілде
барынша
ұлғайтылатын болады. Page 15

БИЗНЕС-ШОЛУ
14
НЕСИЕ ҚОРЖЫНЫ
Есепті кезеңде клиенттерге берілген несие көлемі 32% ұлғайып, 819 млрд.
теңге болды, соның
ішінде бөлшек несие 405 млрд. теңге болып, бір жылдың ішінде 50%-ға ұлғайды
(3-
диаграмманы қараңыз). Корпоративтік несие көлемі 18%-ға, 414 млрд. теңгеге
дейін ұлғайды.
Нəтижесінде Банктің жиынтық несие қоржынында бөлшек несиенің үлесі 2007
жылда 6%-ға
ұлғайып, 49,4% болды. Бір жылдың ішінде Банк резервтері 2,1 еседен астам
ұлғайып, 43,5
млрд. теңге болды (жиынтық несие қоржынының 5%-ы).
3-диаграмма. Клиенттерге берілген несиелер
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Дереккөз: Альянс Банктің 2007 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған
қаржы есептілігінің
деректері
Секторлар бойынша бөлу тұрғысынан жеке тұлғаларға берілген қарыздардың
өсуімен қатар
халыққа қызмет көрсетуге бағытталған клиенттерге несие беру көлемінің
артқанын атап
көрсетуге болады. Мұндай несиелер көлемі 47,6 млрд. теңгеден 107,3 млрд.
теңгеге дейін
артып, осы сегменттің жалпы несие қоржынындағы үлесі 7,7%-дан 13,1%-ға
дейін артты.
Сондай-ақ құрылыс саласына несие беру көлемінің ұлғаюы байқалды – ондай
қарыздар үлесі
11,8%-дан 12,4%-ға артты. Page 16

БИЗНЕС-ШОЛУ
15
3-кесте. Несие қоржынын 2005–2007 жж. салалар бойынша бөлу
млрд. теңге
Несие қоржыны
Бөлшек клиенттер
Клиенттерге қызмет көрсету
Құрылыс
Көтерме сауда
Қаржылық қызметтер
Жылжымайтын мүлікпен жасалған операциялар
Қағаз өндіру
Бөлшек сауда
Мұнай мен газ өндіру жөніндегі қызметтер
Көлік
Басқалары
2007
819,2
405,1
107,3
101,7
38,5
18,9
23,5
18,4
16,1
14,8
13,6
61,3
2006
619,8
269,4
47,6
73,3
64,5
27,3
29,2
18,6
13,6
10,6
15,7
50,0
2005
180,1
49,2
12,5
18,7
34,6
3,5
13,7
7,3
4,7
0,4
14,9
20,6
Дереккөз: Альянс Банктің 2007 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған
қаржы есептілігінің
деректері
Жеке тұлғаларға несие беру құрылымында негізгі көлем (2007 жылдың аяқ
кезінде 56%) ең көп
табысты қамтамасыз ететін тұтынушылық несиеге келеді (4-диаграмманы
қараңыз).
Ипотекалық несиелер бөлшек несие қоржынының 16%-ын, ал автонесие беру жеке
тұлғаларға
берілген несиелер көлемінің 3%-ын құрайды. Page 17

БИЗНЕС-ШОЛУ
16
4-диаграмма. Банктің бөлшек несиелерінің 2008 жылғы 1 қаңтардағы қоржыны,
млрд. теңге
Өзгелері; 103
Автомобиль сатып
алуға несиелер; 11
Ипотека; 64
Тұтынушылық несиелері; 227
Дереккөз: Альянс Банктің 2007 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған
қаржы есептілігінің
деректері
Альянс Банктің несие қоржынының сапасы тиімді деңгейде сақталуда. Шектемелі
қарыз көлемі
2006 жылғы 7,7 млрд. теңгемен жəне 2005 жылғы 2,4 млрд. теңгемен
салыстырғанда 2007
жылы 32,7 млрд. теңге болды. Қарыздар бойынша ықтимал ысыраптарға жасалған
резервтер
көлемі 2006 жылғы 21,1 млрд. теңгемен жəне 2005 жылғы 7,6 млрд. теңгемен
салыстырғанда
2007 жылы 43,5 млрд. теңге болды. 2007 жылы резервтеу деңгейі шектемелі
қарыз көлемінен
1,3 есе астам асып түсті. Page 18

БИЗНЕС-ШОЛУ
17
ТƏУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖƏНЕ АКТИВТЕРДІҢ САПАСЫ
Банк қызметіне байланысты тəуекелдерді басқару үшін Альянс Банкте
Тəуекелдерді бақылау
департаменті мен Бөлшек тəуекелдер департаменті жұмыс істейді, олар Банктің
тəуелсіз
құрылымдық бөлімшелері болып табылады жəне тікелей Директорлар кеңесіне
бағынады. Бұл
бөлімшелердің басты міндеті – тəуекелді Альянс Банк өзінің стратегиялық
мақсаттарына сəйкес
анықтаған деңгейде сақтау.
Банктің тəуекелдерді басқару саласындағы бірыңғай стратегиясын жүзеге асыру
мақсатында
Банкте Тəуекелдерді басқару жөніндегі комитет жұмыс істейді. Оның негізгі
міндеттері:
тəуекелдерді басқару саясатының мақсаттары мен міндеттерін анықтау жəне
тəуекелдерді
басқару механизмдері мен құралдарын белгілеу, сондай-ақ тəуекелдер
мониторингі жəне Банк
қабылдайтын жиынтық тəуекел ұйғарындылығын бағалау. Тəуекелдерді басқару
жөніндегі
комитет өз қызметінде Директорлар Кеңесіне есеп береді.
Альянс Банкте тəуекелдерді басқарудың негізгі салалары, соның ішінде
несиелік, нарықтық
жəне операциялық тəуекелдер Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің
жіктемесіне
сəйкес келеді. Альянс Банкте тəуекелдерді басқару шоғырландырылған негізде
жүзеге
асырылады, қаржы қызметінің барлық жақтарын қамтиды жəне капитал
пайдалануды тəуекелді
ескере отырып оңтайландырудың стратегиялық құралы болып табылады.
Тəуекелдерді тиімді
басқару мақсаттарында Банк тəуекелдерді басқару əдістерінің кешенін
əртараптандыру,
лимиттеу, түрлі қорғау механизмдері мен сақтандыру құралдарын пайдалану
арқылы жүзеге
асыруда. Осыған байланысты Банкте нарықтық тəуекелдерді, несие
тəуекелдерін, өтімділік
тəуекелдерін жəне операциялық тəуекелдерді басқару тəртібін регламенттейтін
ішкі
нормативтік құжаттар əзірленіп, қолданылуда.
2007 жылы Альянс Банк тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйелеріне
Делойт ЖШС
компаниясы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын
реттеу мен
қадағалау агенттігінің талаптарына сəйкес жүргізген сыртқы аудиттен
ойдағыдай өтті.
Несие тəуекелдерін басқару
Несие тəуекелдерін басқарудың тиімді жүйесі Банктің несие қоржынының
сапасының жоспарлы
деңгейін сақтауына мүмкіндік береді. Несие қоржынының сапасын жақсарту үшін
Альянс Банк
мына бағыттарда жұмыс істеуде:
несие тəуекелдерін бағалау жəне олардың мониторингін жетілдіру;
қарыз алушылардың ішкі несие рейтингінің жүйесін жетілдіру;
проблемалы активтерді басқару жолдарын жетілдіру, сот жұмысы мен соттан тыс
жұмыстар жүргізу.
Қаралатын жобалардың жəне қолданыстағы несиелердің бəрі несие тəуекелін
анықтау
сараптамасынан өтеді. Əрбір жобаға рейтингілік баға беріледі, тəуекел
деңгейін кеміту
жөніндегі іс-шаралар ұсынылады. Бұл жүйе Банктің ерте кезеңде несиені
дамытудың бұдан
былайғы серпінін анықтауға жəне ысыраптың оңтайлы деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Бөлшек бизнесті дамытудың стратегиялық мақсаттарына сəйкес 2007 жылдың аяқ
кезінде
Альянс Банктің несие қоржынында тұтынушылық несиелер үлесі 49% болды.
Альянс Банк ипотекалық секторға жəне құрылыс саласына шектеулі несие беру
саясатын
ұстанып отыр, мұның өзі ғаламдық ипотекалық дағдарыс жағдайларында Банктің
осалдығын
азайтады. Мəселен, жыл қорытындылары бойынша құрылыс секторына несие беру
үлесі 12,4%,
ипотекалық қарыздар көлемі 7,9% болды. Page 19

БИЗНЕС-ШОЛУ
18
Ипотека сапасына қатысты Банк қатаң түрде əртараптандырылған əдіс
қолданады.
Жылжымайтын мүлік нарығындағы құн үнемі қадағаланады, оның өзі жылжымайтын
мүлік
нарығындағы бағалар мен үрдістерді талдау, ипотекалық қоржын құрылымын
бағалау, сондай-
ақ мерзімі өткен қарызды егжей-тегжейлі сипаттау мен ипотека түріне
байланысты шектеулерді
анықтауға негіз болып табылады.
Кепілдікті қамтамасыз етуге қатысты Банк кепілдікті құны қарыз сомасының
толық
толтырылуын қамтамасыз етуге тиісті қамтамасыз етудің сапасы мен
жеткіліктілігіне
əртараптандырылған қатаң əдіс қолданады. Банк кепілдікті қамтамасыз ету
күйінің тұрақты
мониторингін жəне нарықтық құнның қуатталуын жүзеге асырады, бұл үшін
жылжымайтын
мүлік нарығындағы бағалар мен үрдістер талданады, кепілдік қоржынының
құрылымы
бағаланады жəне мерзімі өткен қарыздар бойынша кепілдіктер егжей-тегжейлі
анықталады,
кепілдіктер түрлері бойынша лимиттер белгіленеді.
Нарық тəуекелдерін басқару
Банктің қаржы құралдары қоржынындағы нарық тəуекелдерін лимиттер жүйесі
жəне
тəуекелдерге тап болуы мүмкін активтерді талдау арқылы бақылайды. Лимиттер
бизнес
бағыттары мен операциялар түрлері бойынша бөлінеді. Нарық (пайыздық,
валюталық, қор)
тəуекелдерін өлшеудің Банк қолданатын əдістері нарық тəуекелінің
біріктірілген көрсеткіштерін
алу мүмкіндігін береді.
Нарық тəуекелдерін бағалау жəне олардың мониторингі əрбір сектор жəне жалпы
қоржын үшін
VaR əдістемесімен жүргізіледі. Нарық тəуекелдері салдарынан ықтимал
ысыраптарға қарсы
резервтегі экономикалық капитал шамасы есептеледі. Бүгінгі күні барлық
есептер арнайы
лицензиялық бағдарламалық өнімде толық автоматтандырылған.
Нарық тəуекелдерін басқаруға қатысты Банк консервативтік саясат ұстануда.
2007 жылдың аяқ
кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен АҚШ
Қазынашылығының бағалы қағаздарының Альянс Банктің бағалы қағаздар
қоржынындағы үлесі
80%-дан астам болды. Банк валюталық ашық айқындаманың ең төмен мөлшерін
сақтауға
ұмтылуда.
Альянс Банктің өтімділікті басқару саясаты ең жоғары өтімділікке жету үшін
ресурстар көздерін
əртараптандыруды көздейді. Өтімділік деңгейін оңтайландыру үшін Банк
мерзімдер мен негізгі
валюталарға қатысты өтімділік алшақтықтарына ең жоғары жəне ең төмен
лимиттер белгілейді.
Операциялық тəуекелдерді басқару
2007 жылы Банк автоматтандырылған жүйені енгізудің кезекті кезеңін
ойдағыдай аяқтады, ол
Банктің операциялық тəуекелдерін Базель II халықаралық стандартының
талаптарына сəйкес
толыққанды анықтауға, бағалауға жəне талдауға мүмкіндік береді.
Тəуекел менеджерлері сарапшылық бағалаудың толық циклін орындайды: бизнес-
үдерістердің
технологиялық карталарын əзірлейді, тəуекелдер каталогын жүргізеді,
сараптамалық сауалнама
өткізеді, тəуекелге бейімділік индикаторын реттейді жəне есептейді,
сауалнама деректері
бойынша тəуекел карталарының есебін шығарады. Сонымен бірге, жүйеде
жинақталған
ақпаратты өңдеу мүмкіндігі көзделген: операциялық тəуекел картасының
көрсеткіштерін сан
əдісімен (оқиғалардың жинақталған базасы бойынша) капиталға талаптарды
есептеу,
операциялық тəуекел лимиттерін жүргізу мен бақылау, есептілікті
қалыптастыру. Page 20

БИЗНЕС-ШОЛУ
19
ДЕПОЗИТ ҚОРЖЫНЫ
2007 жылдың екінші жартысындағы дүр сілкіністерге қарамастан, Банктің
депозит қоржыны
тұрақты деңгейде сақталды. Бірінші жартыжылдықта клиенттер қаржысының
көлемі 18,3 млрд.
теңгеге өсіп, 263,5 млрд. теңге болды, ал екінші жартыжылдықта 21,7 млрд.
теңгеге кеміді.
Жылдың аяқ кезінде Банктің депозит қоржыны 2006 жылғы көрсеткішпен
салыстырғанда
небəрі 1,4% төмендеп, 241,8 млрд. теңге болды.
Жеке тұлғалар депозиттерінің үлесі 2006 жылдың аяқ кезіндегі 45,7%-дан
40,4%-ға дейін
төмендеді. Өз кезегінде, корпоративтік клиенттер салымдарының көлемі жыл
бойы тұрақты
түрде өсті: бірінші жартыжылдықта заңды тұлғалар депозиттерінің өсімі 3
млрд. теңге, ал
жылдың екінші жартысында – тағы да 8 млрд. теңге болды. Осылай, заңды
тұлғалар
депозиттерінің өсімі 2007 жылдың қорытындысы бойынша 144 млрд. теңге
белгіге дейін 8%
болды, мұның өзі депозиттердің жалпы көлемінің 59,6%-ын құрайды. 2006 жəне
2005
жылдармен салыстырғанда қоржынның 21,5%-ы аса ірі он салымшы үлесіне келіп
отыр, сол
жылдары бұл үлес тиісінше 7% жəне 16% болған еді.
5-диаграмма. 2005-2007 жылдардағы клиенттер алдындағы міндеттемелер, млрд.
теңге
Дереккөз: Альянс Банктің 2007 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған
қаржы есептілігінің
деректері
Мерзімді жəне талап етілгенге дейінгі депозиттер мен салымдар тұрғысынан
түрлі бағыттағы
үрдістер байқалды (6-диаграмманы қараңыз). Мəселен, талап етілгенге дейінгі
депозиттер
бойынша 2007 жылдың бірінші жартысында өсім 1 млрд. теңгеге жуық болды, ал
жылдың
екінші жартысында 34,6 млрд. теңге мөлшерінде төмендеу байқалды. Мұндай
күрт төмендеу
нарықта өтімділік көлемінің жалпы кемуіне байланысты болды, оның өзі
клиенттердің бір
бөлігін қарыз қаражатынан қор жасаудың өз көздеріне, атап айтқанда, есеп
айырысу
шоттарындағы қаржыға қайта бағдарлауды көздеді.
Сонымен бірге, жедел депозиттер мен кепілдікті депозиттер көлемі жеткілікті
түрде тұрақты
өсті. Мəселен, бірінші жартыжылдықта олардың жиынтық өсімі 10% (17 млрд.
теңге), ал екінші
жартыжылдықта тағы да 7% (13 млрд. теңге) болды. Сонымен, 2007 жыл ішінде
мерзімді
депозиттер мен кепілдікті депозиттер өсімі 30 млрд. теңге немесе 17% болды.
Page 21

БИЗНЕС-ШОЛУ
20
6-диаграмма. 2005-2007 жылдардағы депозит қоржыны, млрд. теңге
Мерзімді депозиттер*
Ағымдағы шоттар
Клиентер шотының жиыны
Дереккөз: Альянс Банктің 2007 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған
қаржы есептілігінің
деректері Page 22

БИЗНЕС-ШОЛУ
21
ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Қаржы нарықтары. Активтер мен пассивтерді басқару
Альянс Банк Қазақстанның ақша жəне валюта нарықтарына белсенді қатысушы
болып
табылады. 2007 жылы Қазынашылық департаменті қазынашылық операцияларының
өтімділігін
оңтайландыру жəне табысын арттыруға байланысты іс-шараларды одан əрі
жүргізді. Жаңа
қаржы өнімдерінің дамытылуына ерекше көңіл бөлінді.
2007 жылы Банк өз капиталын бағалы қағаздардың қосымша эмиссиясы көмегімен
едəуір
ұлғайтты. 2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Банктің 10 037 500
акциясы
орналастырылды жəне төленді, олардың 9 637 500 данасы жай акциялар жəне 400
000 данасы
ерекше акциялар.
Қаржыландыруды əртараптандыру, сондай-ақ Банктің қысқа мерзімді жəне ұзақ
мерзімді
өтімділігін сақтау мақсатында облигациялық қарыздарды орналастыру жөнінде
бірқатар
операциялар жүргізілді. 2006 жылғы желтоқсанда жалпы 5 миллиард теңге
сомасына
облигациялардың бір шығарылымы тіркеліп, 2007 жылы толық орналастырылды,
сондай-ақ
2007 жылы жалпы 1,1 миллиард теңге сомасына облигациялардың екі шығарылымы
тіркеліп,
ішінара орналастырылды. Бағалы қағаздармен сауда жасаудан түскен жиынтық
табыс 2007
жылы 6,1 млрд. теңге болды.
2007 жылы Банк бағалы қағаздар қоржынының көлемін шетелдік бағалы қағаздар
үлесін
ұлғайту есебінен елеулі түрде ұлғайтты. Бағалы қағаздар қоржынының көлемі
бір жылдың
ішінде 17%-ға, 160,19 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, бұл Банк активтерінің
13,64%-ын құрайды.
Мемлекеттік бағалы қағаздар үлесі бағалы қағаздар қоржыны жалпы көлемінің
85,32%-ын
құрайды.
7-диаграмма. Бағалы қағаздар қоржынының құрылымы
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бағалы қағаздары
А санатынан жоғары халықаралық
корпоративтік бағалы қағаздар
Шетелдік мемлекеттік бағалы кағаздар
Корпоративтік бағалы кағаздар
Ирбис ақпараттық сараптама ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейдегі банктердің кірістері
Банк несиелері мен қарызға алынған қаражаттардың есебі мен аудиті
Несиелік процесс
Қысқа мерзімді несие - пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер
Forte bank АҚ -ның соңғы жылдардағы қаржылық жағдайын талдау
Казкоммерцбанк АҚ-дағы қарыз алушының несиелік қабілетін талдау
Коммерциялық банктердің тұтынушыларды несиелеу
Несиелік операцияларды жүзеге асыру
ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ
Банктің несиелік қоржынының жіктемесі
Пәндер