Азаматтық құқық объектісінің түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Сауда – экономикалық колледжі

Азаматтық құқық пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Азаматтық құқықтың объектілері

Тапсырылған күні: Жетекшісі:

___________________ Орындаған

оқушысы:С.Мағзұм
Қорғалған күні:

___________________

Бағасы:

___________________

Астана 2011

Жоспар

Кіріспе

I. Азаматтық құқық объектісінің жалпы сипаттамасы

1. Азаматтық құқық объектісінің түсінігі.

2. Азаматтық құқық объектісінің түрлері.

II. Мүліктік емес өзіндік құқықтардың ұғымы мен түрлері.

III. МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАР

3.1. Заттардың ұғымы және оны саралау (жіктеу)

3.2. Бағалы қағаздар

Қорытынды

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .. 4-5

I. Азаматтық құқық обьектісінің жалпы сипаттамасы

1.1.Азаматтық құқық обьектісінің түсінігі ... ... ... ... . 6
1.2Азаматтық құқық обьектісінің түрлері ... ... ... ... .. 7-12
II.Мүліктік емес өзіндік құқықтардың ұғымы мен
түлері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .. 13-17
III.Мүліктік құқықтар
3.1. Заттардың ұғымы және оны саралау (жіктеу) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18- 22
3.2. Бағалы қағаздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23-27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 28

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
29

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы Азаматтық құқық объектілері.
Мен курстық жұмысымды бір тарау бойынша қарастырдым.
Бірінші тарауда азаматтық құқық объектісінің түсінігі, түрлері және
мүліктік емес өзіндік құқық ұғымы мен түрлері.
Менің негізгі мақсатым – Азаматтық құқық объектісінің түсінігін,
түрлерін және мүліктік емес өзіндік құқық ұғымы мен түрлерін анықтау.
Азаматтық құқық объектісі дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз?
Азаматтық құқық объектісі дегеніміз – азаматтық құқықтың
нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынасты айтамыз.
Азаматтың құқықтың объектісі ретінде заттардың экономикалық
шаруашылық және физикалық қасиеті азаматтық құқықта үлкен маңызы бар, затқа
қатысты туындайтын заң қатнастардың сипаты күні бұрын белгіленеді.
Сондықтан азаматтық құқықта негізгі заттарды тиісті физикалық немесе
экономикалық қасиетіне қарай саралап береді.
Зат дегеніміз – азаматтық құқықтың тұрғысынан алып қарағанда физикалық дене
ретінде және оның адам еңбегімен жасалған сол сияқты табиғи күйіндегі
кездесетін сыртқы материалдық дүниенің бір бөлігі болып табылады. Заттар
олар бірнеше түрге бөлінеді: қозғалатын-қозғалмайтын; зат айналымынан еркін
берілетін немесе ауысатын; бөлінетін-бөлінбейтін; басты жене қосалқы;
жемістер, азық түліктер және табыстар; интелектуалдық меншік; ақша болып
табылады.
Азаматтық құқықтың тағы бір түрі болып бағалы қағаздар саналады.
Бағалы қағаз деп – белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді
сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын
мүліктік құқықтардың куәландыратын құжат болып саналады. Бағалы қағаздар
түрімен мазмұны жағынан заң талаптарына қатаң бағынатын құжат.
Облигация, акция, чек, вексель тағы басқалар бағалы қағаздар болып
табылады.
Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар
азаматтық құқық объектілері бола алады.
Мүліктік игіліктер мен құқыққа жататындар: заттар, ақша, соның
ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, және бұйымды
дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік
жатады.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға жатады: жеке адамның
өмірі, денсаулығы, қадір – қасиеті, абырой, игі атақ, жеке өмірге қол
сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы,есім алу құқығы, шығармаға қол
сұқпаушылық құқықығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар.
Курстық жұмысымда азаматтық құқықтың объектілері толығымен ашылған.

I Азаматтық құқық объектілерінің жалпы сипаттамасы
1. Азаматтық құқық объектісінің түсінігі

Азаматтық құқықтың нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар
азаматтық құқықтың объектісі деп аталады. Мүліктік және жеке мүліктік емес
игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен
тізбе келтірілген: а) мүліктік игіліктер мен құқыққа жататындар: заттар,
ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет,
шығармашылық-интеллектуалдық қызметттердің объектіге айналған нәтижелері,
фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де
құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады; ә) жеке мүліктік
емес игіліктер мен құқықтарға жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-
қасиеті, абырой, игі атақ, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен
отбасы құпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқықығы және
басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар.
Құқық объектісі ретінде заттардың экономикалық (шаруашылық)
және физикалық қасиеттерінің азаматтық құқықта үлкен маңызы бар. Затқа
қатысты туындайтын заңдылық қатынастардың сипаты күні бұрын белгіленеді.
Сондықтан азаматтық құқықтың ғылыми негізгі заттарды тиісті физикалық
немесе экономикалық қасиеттеріне қарай саралап береді.
Азаматтық құқық объектілері, егер ол айналымынан алынып
тасталмаса немесе айналымға шек қойылмаса, бір адам екінші адамға әмбебап
құқықты мирасқорлық тәртібімен не өзге де әдіспен еркін беріледі немесе
ауысады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар заң құжаттарында
белгіленген реттерді қоспағанда, басқа әдіспен берілмейді және ауыспайды.

1.2. Азаматтық құқық объектісінің түрлері

Азаматтық құқық объектілерінің түрлері азаматтық кодекстің 115-
бабында көрсетілген.
Азаматтың құқықтың объектісі ретінде заттардың экономикалық
шаруашылық және физикалық қасиеті азаматтық құқықта үлкен маңызы бар, затқа
қатысты туындайтын заң қатынастардың сипаты күні бұрын белгіленеді.
Заттардың ұғымы және оны саралау.
Заттың ұғымы туралы қазіргі қолданып жүрген заңда айтылмаған, оның
ұғымы азаматтық зерттеулерде берілген. Зат дегеніміз, азаматтық құқық
тұрғысынан алып қарағанда, физикалық дене ретінде және оның адам еңбегімен
жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін сыртқы материалдық
дүниенің бір бөлігі болып табылады. Азаматтық құқық объектiлерiнiң айналым
қабiлеттiлiгi 116-бап көрсетілген
Азаматтық құқық объектiлерi, егер ол айналымнан алынып тасталмаса немесе
айналымға шек қойылмаса, бiр адамнан екiншi адамға әмбебап құқықты
мирасқорлық (мұрагерлiк ету, заңды тұлғаны қайта құру) тәртiбiмен не өзге
де әдiспен еркiн берiледi немесе ауысады. Берiлуге рұқсат етiлмейтiн
заттардың түрлерi (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында
тiкелей көрсетiлуге тиiс.
Айналымның белгiлi бiр қатысушысына ғана тиесiлi болуы мүмкiн не алынуына
немесе берiлуiне арнайы рұқсат бойынша (айналым қабiлеттiгi шектеулi
заттар)
Затты заңдық жағынан саралау көбіне көп оның табиғи қасиетіне немесе
қоғамдық маңызыны негізделеді және әр құқық субъектілерінің белгілі бір
заттың түріне қатысты әрекет етуін айқындайды.
Азаматтық кодкстің 117-бабына сәйкес заттардың өзі қозғалатын және
қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Затты қозғалмайтындар қатарына жатқызу
екі жағдайға, яғни материалдық жағынан затты жерден айрыуға болмайтындығына
және оны орнынан қозғау үшін шығындау қажеттігіне байланысты, Кейбір
жағдайларда, заң қозғалатын мүліктерді, атап айтқанда, әуе және теңіз
кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, өзен-теңіз жүзу кемелерін, ғарыш
объектілерін қозғалмайтын түрге жатқызады. Қозғалмайтын мүлікке
теңестірілетін объектілер тізімі толық еместігін еске сала кеткен жөн.
Азаматтық кодексте заң актілері бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүліктер
де жатқызылуы мүмкін.
Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да құқықтар, бұл
құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік
тікелуге тиіс. ( АК-тің 118-бабының1-тармағы)
[1]
Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып
табылады. Заң бойынша кәсіпорын термині екі мағынада кәсіпорын деп
аталады. (АК-тің 102-104 баптары.)
Азаматтық құқықтық субъектісі ретінде мұндай кәсіпорын
мемлекеттік тіркеуден өтеді. Кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыру үшін
пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп
танылады (АК-тің 119-бабының 1-тармағы). Яғни ондай кәсіпорын құқық
объектісі болып табылады, кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып
алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмілелердің
объектісі болуы мүмкін, ол әкімшілік тәртіппен өзге субъектіге берілуі
ықтимал.
Мүліктік кешен ретінле кәсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті
деген барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ғимараттар,
құрылыстар, құрал-жабдықтар, шикізаттар, өнімдер, жер учаскесіне құқық,
талап ету құқығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгілейтін белгілер егер заң
құжаттарына немесе шартта өзгеше көзделмесе және тағы басқа айрықша
құқықтар болады. Мүліктік кешеннен қандайда бір объектіні алу заңда немесе
шартта көрсетілуі тиіс. Кәсіпорынның меншік құқығы мен өзге де құқықтары
басқа тұлғаға өткенде, сол тұлға жоғарыда аталған құқықтардың бәрінің
бірдей өзіне беріліуін талап ете алады.
Азаматтық кодекстің 116-бабының талаптарына сәйкес заттар
айналымнан еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын
және айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді1.
Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын зат деп азаматтық
құқыққа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бұл ретте осы заттар
адамдардың меншігінде болмайды деген тұжырым жасалады.
Заң айналымнан алынып тасталған деген сөзді басқа да мағынада
қолданылады – мемлекеттік тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздік қамын ойлап
иелік ету жолы айрықша жағдайға қойылған заттарға да қолданылады. Мәселен,
айналымнан шығарылған жеке заттарға мыналарды жатқызуға болады: қару,
радий, гелий және т.т. Алайда, бұл заттардың көпшілігі мемлекеттік дара
меншіктік объектісі болып табылады. Азаматтар тиісті өкімет орынының
рұқсаты бойынша бұл заттарды алып, оған иелік ете алады. Берілуге рұқст
етілмейтін заттардын түрлері заң құжаттарында тікелей көрсетілуге тиіс.
Азаматтық құқықтын объектілерінің көбі айналым қабілетті болып
келетіндігінен өзгеге еркін түрде беріліп, бір тұлғадан екіншісіне ауыса
береді. Азаматтық кодексте баска біреуге беруге болмайтын материалдық емес
игіліктер жөнінде арнайы талап бар. Мұндай игіліктер тізімі Азаматтық
кодекстің 115-бабының 3-тармағында көрсетілген: олар-өмір , денсаулық
тұлғаның ар-намысы және т.б.
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп бөлу оның табғатына тән
нәрсе.
Бөлінетін зат бөлген кезде өзінің бастапқы қасиетінен айрылмайды.
Бөлінбейтін зат бөлінгенде мәнін жоғалтып алады, сондай-ақ құжаттарында
көрсетілгендей, бөлуге жатпайтын заттар кездеседі (мысалғы, ескерткіш).
Енді күрделі заттар деген ұғымға тоқтала кетейік. Егер әр текті
заттар бірігіп, бір мақсатқа пайдаланса әр бүтін бір затты құрайтын болса,
олар бір зат деп қаралады. Оған мысал ретінде кітапхананы, пошта
маркаларының коллекциясын және т.б. айтуға болады.
Азаматтық кодексте затты басты және керек-жарақ деп бөледі. Басты
зат деп дербес бола алатын және және азаматтық құқықтық қатынастың тікелей
пәні болып табылатын затты айтады. Керек-жарақ зат басты затқа қызмет
етеді, өйткені, олардың шаруашылық мақсатты бір болады, егер заңдарда
немесе шартта өзгеше белгіленбесе, басты затқа ілесіп жүреді. (мәселен,
құлыптың кілті, скрипканың қылшыбығы және т.б.)
Азаматтық кодексте жемістер, азық-түлік және табыс деген заттарда
қаралған. Бұл – затты пайдалану нәтижесінде алынған түсім. Жемістер деп
отарғанымыз малдың төлі, жеміс ағаштарының жемісі және т.б., ал табыстар
азаматтық айналымда пайда түсіреді, оған жалдамалы ақы, [2]
пайыздар және т.б., азық-түлік дегеніміз өндірістік мақсатқа орай затты
пайдаланудан түскен өнімдер болып табылады.
Азаматтық кодексте ерекше объектілердің бірі ретінде азаматтық
немесе заңды тұлғаның интелектуалдық меншігін қарастырады, оған
интелектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері және оларға теңестірілген
заңды тұлғаны дараландыру құралдары жеке немесе заңды тұлғаның өзі
орындайтын жұмысының немесе қызметтің өнімдері жатады.
Азаматтық құқық объектісі ретінде ақшаның бірсыпыра
өзгешеліктері бар. Ақша төлемінің заңды құралы болып табылады: ақшаға
шағылып жасалған міндеттемелердің қандайын болсын ақша төлемі етуге
болады. Ақшалай сома төленгенде ақшаның саны есепке алынады, ал ірі-
ұсақты білдіретін белгісіне мән берілмейді. Мысалы, 100 теңге қарызды
жирма теңгемен немесе екі елу теңгемен және т.с. беріп төлеуге болады1.
Азаматтық құқық объектілерінің бірі-бағалы қағаздар болып табылады.
Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген:
белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы
тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтардың
куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы
қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:
1) бағалы қағаз – түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын
құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың
түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквивзитттері, бағалы қағаз
нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен
немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейленеді;
2) бағалы қағаз оның иеленушінің мүліктік құқығын куәландырады;
3) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не
бергенде ғана құқық ісек асырылады.
Бағалы қағаздармен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл
құқықтарды индоссатқа бермей-ақ индоссоментке тапсыумен шектеледі.
Азаматтық кодексте бағалы ағазды-құжат деумен бірге оны зат деп
те көрсетеді Өйткені, кез келген құжаттың түп-төркіні
материалдық дүниеге қатысты келеді.
Бағалы қағаздың міндетті реквивзиттері арнайы нормативтік құқықтық
құжаттарында көрсетілеген (оның атауы, сериясы, нөмірі,өтініш жасау
мерзімі, номиналдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау, қағаз бойынша
орындалу орны және басқа шарттар) талаптар болып табылады.
Бағалы қағаздар үлестік және борыштық болуы мүмкін.
Борыштық бағалы қағаз-эмитенттің (борышкердің) осы бағалы қағаздарды
шығару шарттарында борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесін
куәландыратын бағалы қғаз.
Үлестік бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделеген жағдайларда мүлік иесінің мүлікке белгіленген үлесіне иелік
ету құқығын куәландыратын бағалы қағаз
Облигация – шығару кезінде айналыс мерзімі алдын-ала белгіленген,
оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша
сыйақа алу және оның айналас мерзімінің аяқталуы бойынша облигацияны
ақшалай немесе өзге де мүліктік балама түрдегі нақты құнын алу құқығын
куәландыратын бағалы қағаз.
Акция – акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды
басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд және акционерлік қоғам таратылған
жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алуға құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заң актілерінде көзделеген өзге де құқықтарды
куәландыратын бағалы қағаз.
Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әрі
иеленушсінің талап-мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде
кездеседі.
Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді. Бұл
бөлімде азаматтық құқықтың объектілерінің түрлері көрсетіліп толығымен
ашылып негізделінді.

II.Мүліктік емес өзіндік құқықтардың ұғымы мен түрлері.

Азаматық құқық пәнінің элементерінің бірі мүліктік қатынастарға
байлансты мүліктік емес жеке қатынастар болып табылады (АК-тің 1-бабы).
Мүліктік қатынастарға байланысты жоқ мүліктік емес жеке қатынастар
азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені, олар заң құжаттарында өзгеше
көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-
бабының 2-тармағы).
Азаматтық кодекстің 115-бабының азаматқа тиесілі мүліктік емес
өзіндік игіліктер мен құқықтардың үлгі тізбесі келтірілген, оған
жататындар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, игі
атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы
құпиясы, есім алу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа
материалдық емес игіліктер мен құқыұтар. Азаматтық құқық объектілерінің бұл
тобының ерекшілігі мынада:1) бұл құқық өзіндік , яғни тиесілі тұлғадан
ажырмайды; 2) мүліктік емес сипаты бар, яғни материалдық мазмұны болмайды;
3) абсалютті құқықтық санатына жатады, яғни бұл құқықтарды ешкім де бұза
алмайды; 4) бұл құқықтар ешкімге тапсырылмайтын, әрі өзгеге берілмейтін
құқық1.
Аталған белгілерге қарап, мүліктік қатынастар тұлғаның өзінің ыңғайына
қарай қалыптасып, ал мүліктік емес өзіндік игіліктер жеке тұлғадан
ажырамайтындығын көреміз.
Азаматтық кодекс мүліктік емес өзіндік игіліктерді азамат туған сәтінен
бастап алатын және азаматқа заң арқылы берілетін деп бөлінеді.
Мүліктік емес өзіндік құқықтардың мүліктік құқықтарды иеленушілермен
байланыс дәрежесіне қарап, мүлікке қатысы жоқ мүліктік емес өзіндік құқық
және мүлікпен байланысы бар мүліктік емес өзіндік құқықтар деп ажыратылады.
[3]
Мүліктік емес өзіндік құқықты көздеген мақсатына қарай мынадай түрлерге
бөлуге болады: а) азаматтық өмір сүруін қамтамасыз ететін мүліктік емес
өзіндік құқықтар (мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулық сақтау құқығы және
т.б.); ә) азаматтық әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ететін мүліктік емес
өзіндік құқықтар (мысалы, есім алу құқығы, жеке өміріне құқығы және т.б.);
Ар – намысты, қадір – қасиетті және іскерлік беделді қорғау құқығы
АК-тің 143 бабына сәйкес ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік
беделді азаматтық-құқықтық қорғау былайша жүзеге асады, яғни азамат немесе
заңды тұлға өзінің ар – намысына, қадір – қасиетіне немесе іскерлік
беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы
адам олардың шындыққа сай келетіндігін дәлелдеей алмаса, сот арқылы теріске
шығаруды талап етуге құқылы.
АК-тің 143-бабында терске шығару ұғымы ашып көрсетілмеген, тек ар –
намысқа, қадір – қасиетке немесе іскерлік беделге кір келтіретін
мағлұматтар деп қана жанама түрде айтылған.
Ар – намыс дегеніміз тұлғаның рухани және әлеуметтік болмысына
берілетін қоғам бағасы. Ал, қадір – қасиет дегеніміз тұлғаның өзін – өзі
бағалауы, өзінің жеке сапаларын сезінуі, қабілет – қарымын көре білуі,
дүниетанымын, қоғамдағы орны мен борышының маңызын іштей түсінуі, өзін -
өзі бағалау тұлғаның моральдық және басқа сапаларын бағалаудағы әлеуметтік
маңызды түйіндерге негізделеді.
Іскерлік бедел тұлғаның кәсіби іскрлік қабілеті жөнінде қалыптасқан
қоғамдық пікір.
Азаматтық кодекстің 143-бабына сәйкес сот арқылы мынадай мағлұматтар,
атап айтқанда: 1) ар – намыс пен қадір – қасиетке кір келтіретін; 2)
жауапкер арқылы тартылған; 3) шындыққа сәйкес келмейтін мағлұматтар теріске
шығарылады. Аталған талаптардың жиынтығы ар – намысты, қадір – қасиетті
және іскерлікке қатысты құқық қатынастардың жалпы негізін құрайды.
Қазіргі кезде сот тәжірибесі мен ғылыми пікірге сүйенсек, баспасөзде,
радио және теледидар хабарларында, кино бағдарламаларында және басқа
бұқаралық ақпарат құралдарында кір келтіретін мағлұматтардың
жарияланатындығын көреміз. Сондай-ақ қызмет мінездемесінде, жария түрде
сөйленген сөздерде, лауазымды тұлғаға байланысты жасалған мәлімдемелерде
немесе бір немесе бірнеше тұлғаның атына бағытталған ауызекі әңгімелерде
ондай кір келтірушілік кездесетіні белгілі болып отыр .1
Заңда әлгіндей мағлұматтарды таратудың нысандарына қатысты арнайы
талаптар қаралмаған. Дейтұрғанмен ондай кір келтіретін фактілердің кез
келген сиптта көрінуі оны теріске шығаруға жеткілікті негіз болады.
Кір келтіретін мағлұмат деп азаматтың қолданып жүрген заң мен моральдық
принциптерді бұзуы туралы олардың абыройы мен ар – намысына негізсіз нұсқан
келтіруді айтады.
Демек, азамат немесе ұйым туралы кез келген кір келтіретін мағлұматты
шындыққа жанаспайды деп алмаймыз. Ал құқықтық немесе моральдық жағдайды
байыбына бармай теріс бағалаған хабарлар жөнсіз кінәлауды білдіреді. Егер
мағлұмат ар – намысқа, қадір – қасиетке тимесе, онда ол бейтарап сипатқа ие
болады, яғни, оны АК-тің 143-бабына сәйкес теріске шығаруға негіз болмайды.

Азаматтық ар – намысына, қадір – қасиетіне және іскерлік беделіне кір
келтіретін мағлұматтар қатырына баспасөзде жарияланған теріс мағлұматтар,
радио және теледидар арқылы және басқа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
берілген хабарлар, қызмет мінездемесінде және басқа мінездемелерде, жария
сөз сөйлеулерде, түрлі ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға бағытталған, оның
ішінде ауызекі түрде айтылған хабарлар жатады. [4]

Ауызекі нысандағы мағлұмат бір немесе бірнеше тұлғаға қатысты болуы мүмкін.

АК-тің 143-бабында кір келтіретін мағлұматтардың теріске шығарылуының
арнайы тәртібі бекітілген. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарында
азаматқа және заңды тұлғаға қатысты кір келтірушілік мағлұмат жарияланса,
онда олар өз кезегінде бұзылған құқығы мен заңды мүддесін қорғау үшін сол
аталған бұқаралық ақпарат құралында дәлелді жауабын тегін жариялатуға
құқылы.
Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжат болса, бұл құжаттағы
мағлұматтардың шындыққа сай келмейтіндігі туралы тиісті адамға міндетті
түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе кері сұратып
алынуға тиіс. Өзге реттерде теріске шығару тәртібін сот белгілейді (АК-тің
142-бабының 2-тармағы).
Мағлұматтарды теріске шығару жөнінде берілген талап арызда көрсетілген
жауапкер осы мағлұматты таратқан адам не тұлға болып табылады. Егер
мағлұматты теріске шығару жөніндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік мүліктерді жекешелендірудің түсінігі
ҚР заңнамасы бойынша кондоминиум мәселесін құқықтық реттеу негіздері
Азаматтық құқық обьектісінің түсінігі
Мемлекеттік тіркеу
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘНІ
Жылжымайтын мүліктің азаматтық – құқықтық режимі
Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде
Азаматтық құқықтық қатынастар жайлы ақпарат
Қылмыс объектісінің түрлері
Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлікті сақтандыру
Пәндер