Өсімдік шаруашылығының есебі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және оның өзіндік құнына калькуляция
жасау
2.2. Өсімдік шаруашылығының есебі
2.2. Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығындары мен шығымдарының есебі
2.3. Өсімдік шаруашылығы өнімінің өзіндік құнына калькуляция жасау

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Ауыл шаруашылығының алдында тұрған міндеттерді шешкен кезде
бухгалтерлік есепке маңызды орын беріледі, ол өнім өндіру және өнімнің
өзіндік құны, еңбек өнімділігі, рентабельділік деңгейі және басқалар
жөніндегі жоспардың орындалуы туралы ақпаратты толық және дер кезінде
беруге тиіс. Шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын кеміту
көздерін анықтау үшін өндірістегі шығындарды топтау жүзеге асырылады.
Өндіріске қатынасы жөнінен шығындар өндірістік және өндірістік емес
шығындарға бөлінеді.
Олар пайда болған жеріне қарай өндіріс салалары (өсімдік
шаруашылығы, мал шаруашылығы және басқалар) және құрылымдық бөлімшелер
бойынша топталады.
Өнімнің, жұмыстың және қызметтердің түрлеріне қарай — есеп
объектілері немесе өнімнің (жаздық бидай, ірі қара, қой) өзіндік құнын
есептеу объектілері бойынша топталады.
Шығын түрлері бойынша — шығындардың баптары және элементтері бойынша
топталады. Шығындарды оның баптары бойынша топтау белгілі бір қаржының неге
шығындалғанын көрсетеді, шығындардың өз мақсатына, өнімнің өзіндік құнын
талдауға оны кемітудің, резервтерін анықтауға экономикалық элементтер
бойынша — өндіріске жұмсалғанына сай келуін бақылау үшін пайдаланылады.
Соның көмегімен кәсіпорынның ұлттық табыстағы үлесі анықталып, өнімнің
өзіндік құнын кеміту жолдары жоспарланады, өнімнің өзіндік құнының құрылымы
айқындалып, айналым қаржыларының мөлшері мен құрамын нормалау және талдау
жүзеге асырылады.

2.1. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНА КАЛЬКУЛЯЦИЯ
ЖАСАУ

Сипаты мен экономикалық мәні жөнінен шығындар негізгі және қосымша
шығындар болып бөлінеді.
Өнімнің өзіндік құнының бөлінуіне және оған енгізілуіне қарай
тікелей және жанама шығындарға белінеді.
Экономикалық мазмұны жөнінен элементтік және жанама шығындар болып
бөлінеді.
Өндіріс көлеміне байланыстылық белгілері бойынша пропорциялы және
пропорциялы емес болып бөлінеді.
Өнімнің өзіндік құнын анықтау мақсатымен шығындар олардың есеп
беріліп отырған кезеңде өнімнің өзіндік құнына енгізілетін үлесі нақ сол
кезеңде өндірілген өнімнің мөлшеріне сай келетіндей етіп бөлінеді.
Сондықтан олар ағымдағы және бір жолғы деп бөлінеді; ағымдағы шығындар: күн
сайын жасалады және өндіріс процесінің барысын қамтамасыз етеді; бір жолғы
шығындар — мезгіл-мезгіл жасалады және ұзақ уақыт бойы өндіріс процесінің
барысын қамтамасыз ететін бір ретті шығындар (топырақты әктендіріп,
қатайту, жерді орманнан тазарту жөніндегі шығындар).
Ауылшаруашылық өндірісі өнімінің өзіндік құнына енгізілетін шығындар
құрамына мынадай шығындар кіреді: өндіріс технологиясы мен оны
ұйымдастыруға байланысты өндірістік операцияларды орындауға; негізгі
қорларды күтіп ұстау және жөндеуге; егіншілік пен мал шаруашылығының
өнімділігін арттыруды, өнім сапасын жақсартуды, еңбек өнімділігін арттыруды
және материалдық ресурстардың үнемді пайдаланылуын мақсат ететін
агротехникалық және инженерлік шараларды жүргізуге жұмсалатын (бұларға
бюджеттен бөлінетін күрделі қаржылар мен қаражаттар есебінен жүзеге
асырылатын шаралар кірмейді), сондай-ақ табиғи ортаны қорғау жөніндегі
шаралар; еңбекті қорғауға, кәсіптік даярлыққа және қызметкерлердің
біліктілігін арттыруға, өндіріс объектілерін өрттен қорғауға және күзетуге;
өндірісті басқаруға, соның ішінде жоғары тұрған басқару буындарын ұстау
үшін бөлінетін қаржылар.
Өнімнің өзіндік құнына мыналар да кіреді: әлеуметтік сақтандыруға,
мәдени-бұқаралық және тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін кәсіподақ ұйымына
(белгіленген мөлшерде) бөлінетін қаржы; мүлікті, ауыл шаруашылық
дақылдарының өнімдерін (шабындықтардың өнімінен басқасы), малды, құсты, үй
қояндарын, қымбат терілі аңдарды, ара ұяларын, негізгі құралдарды,
аспаптарды, өнімді, шикізатты, материалдарды, көп жылдық өсімдіктерді
(жеміс беретін жыл толғандарын) мемлекеттік сақтандыру жөніндегі төлемдер;
өнертабыс пен рационализация жөніндегі шығындар; асханалар мен тамақ
дайындауға арналған үй-жайларды ұстау жөніндегі шығындар; медициналық
мекемелер мен қоғамдық ұйымдар үшін үй-жайлар мен өзге де негізгі
құралдарды тегін беруге байланысты шығындар; жалпы білім беретін
мектептердің жоғары класс оқушылары үшін еңбек және демалыс лагерьлерін
ұстауға белгіленген тәртіп бойынша бөлінетін мөлшердегі шығындар;
Негізгі қорларды ұдайы өндіруге арналған шығындар белгіленген
нормалар бойынша жүргізілетін амортизациялық шығындар түрінде өнімнің
өзіндік құнына қосылады.
Төлдің және бордақылауға қойылған ересек малдың, құстың, аңның, үй
қояндары мен ара ұяларының өлуі салдарынан болған щығындар өнімнің есеп
беріліп отырған жылғы өзіндік құнына қосылады, бұған дүлей апаттар
салдарынан залал шегілген немесе кінәлі адамдардан өндіріліп алынатын
зияндар кірмейді. Өнім мен материалдар ысырабы (есепте ғана) өндіріс
шығындарына жатқызылады.
Материалдық қазыналардың бүлінуінен есеп беріліп отырған жылы
анықталған кем шығу мен ысырап, кем шығуына немесе бүлінуіне кімнің кінәлі
екені анықталмаған немесе олар бойынша нұқсанның орнын толтыруға сот рұқсат
етпеген жағдайларда, олардың пайда болған уақытына қарамастан, өндірістің
нақты шығындары құрамы мен өнімнің өзіндік құнына енгізіледі.
Өндіріс шығындарын дұрыс есептеу үшін шығындар есебі мен өнімнің
өзіндік құнын есептеу объектілерін анықтау маңызды. Шығыс есебінің
объектілері — дақылдар, дақылдардың тобы, жұмыс түрлері, мал түліктері мен
топтары. Жалгерлік қатынастар жағдайында есеп объектісі жалгерлік ұжым
болып табылады. Шығындар мен өнім шығымдарына талдау жасалатын есеп соларға
негізделеді. Өзіндік құнды есептеу объектілері — өнімнің жекелеген түрлері:
астық, сабан (дәнді дақылдар), пішен, тұқым, сабан, көк балауса (бір жылдық
және көпжылдық шөптер), сүт және төл (ірі қара — сауын малы). Көмекші
өндірістерде есептеу объектілері 1 тонна-километрдің, 1 киловатт-сағаттың,
1 текше метрдің және т. б. өзіндік құны болып табылады.
Тиісті дақылдар мен мал түліктерінен алынатын жекелеген өнім түрлері
арасында шығындар мынадай әдістермен бөлінеді: өнімнің тиісті түрлеріне
шығындарды тікелей жатқызу; шығындарды өсімдік шаруашылығы мен мал
шаруашылығы өнімдерінің түрлері арасында алынатын өнім түрлері үшін ортақ
белгілердің біреуіне сан жағынан пропорциялы (олардың құрамындағы толымды
дәннің, қоректі заттардың және т. б. мөлшеріне пропорциялы) бөлу; сараптау
жолымен алынатын өнімнің жекелеген түрлеріне жұмсалған шығындарды бағалап,
оларды белгілі бір салыстырмалы көрсеткіштермен (малдың белгілі бір түрін
бағудың азықтандырылған күн санымен, малды белгілі бір технологиялық
топтарда бағуға жұмсалған шығындардың жалпы сомасының проценттерімен және
т. б.) көрсету; шығындарды белгілі бір дақылдар (малдың түліктерінен,
топтарынан) алынатын өнім түрлері бойынша шығындар жасалатын центнер-
коэффициенттер мен басқа да шартты өлшемдер санына орталықтандырылған
тәртіп бойынша белгіленіп, экономикалық жағынан негізделген
коэффициенттерді қолдану арқылы бөлу. Оларды анықтаған кезде өнімнің бір
түрінің әр өлшеміне жұмсалатын шығындар бір өлшем деп қабылданады, ал
өнімнің басқа түрлерінің бір өлшеміне жұмсалған шығындар бір өлшем ретінде
қабылданған шығындар жөніндегі коэффициент түрінде көрсетіледі (бұл әдіс
өнімнің өзіндік құнын есептеу практикасында мейлінше кеңінен қолданылады);
шығындарды өткізу бағасы бойынша бағалағандағы өнім құнына пропорциялы
белу; шығындарды нормативтік (жоспарлы) шығындарға пропорциялы бөлу
(жалгерлік тәртіп жағдайында қолданылады).
Өзіндік құн есептеп шығарылған есептеулердің дұрыс-бұрыстығы өнімнің
барлық шығындары мен шығымдары есебін алуды ұйымдастырудың деңгейіне
байланысты болады. Жасалған уақыты мен тәртібіне қарай өнімнің өзіндік
құнының калькуляциясы жоспарлы, болжамды, есепті және нормативтік болып
бөлінеді.
Жоспарлы калькуляция өнімнің өзіндік құнын кеміту жөніндегі
тапсырмалар ескеріле отырып, жоспарлы нормалар мен нормативтер негізінде
жоспарланып отырған кезеңнің басына дейін жасалады; болжамды калькуляция
жылдың белгілі бір кезеңі (әдетте, тоғыз ай) ішіндегі өнімнің нақты
шығындары мен шығымдары, сондай-ақ жыл аяғына дейінгі өнімнің күтіліп
отырған шығындары мен шығымдарын есептеу негізінде жасалады. Бұл
калькуляцияның деректері кәсіпорын қызметінің есеп беріліп отырған жыл
ішіндегі алдын-ала нәтижелерін анықтау үшін пайдаланылады.

2.2. ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЕСЕБІ

Есепті калькуляция есеп деректері бойынша жасалады, ол өнімді өндіру
мен өткізуге жұмсалатын шығындардың нақты деңгейін сипаттайды.
Нормативтік калькуляция есеп беріліп отырған кезең басталғанға дейін
қолданылып жүрген жеке, ерекше нормалар негізінде жасалады. Егер жоспарлы
калькуляция белгілі бір кезең (жыл) ішінде өзгермей қала беретін болса,
нормативтік калькуляция ұйымдық-техникалық шаралардың енгізілу, нормалар
мен нормативтердің жаңартылу шамасына қарай өзгеріп отырады. Ол өндірістің
сол кездегі ұйымдық-техникалық деңгейіне сай келетін нормативтік шығындарды
көрсетуге тиіс.
Калькуляциялардың барлық түрлерінде шығындардың бірдей баптары болып,
өнімнің белгілі бір өлшеміне қатысты тікелей және жанама шығындар сомасын
анықтаудың бірыңғай ережелеріне негізделуге тиіс, мұның өзі
калькуляциялардың салыстырылуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Жалгерлік қатынастар жағдайында өнімнің өзіндік құнын есептеп
шығарудың өзі шаруашылық ауқымында ғана жүзеге асырылатынын ескеру керек.
Жалгерлік ұжымдар деңгейінде өндірілген өнімнің өзіндік құны шаруашылық
үшін оның есеп айырысу бағасына, жалгер өнімді, атқарылған жұмыс пен
көрсетілген қызметті шаруашылыққа сататын бағаға тең болады. Есеп айырысу
бағасы мен жалгерлік ұжымның материалдық шығындарының арасындағы айырма
оның шаруашылық есеп табысы болып табылады.
Өсімдік шаруашылығы — ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі салаларының
бірі, ол егін шаруашылығын, көкөніс шаруашылығын, жеміс шаруашылығын, жүзім
шаруашылығын, гүл шаруашылығын, жайылым шаруашылығын, орман шаруашылығын
қамтиды.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің шығындары мен шығымдары өндіріс
салалары, есеп объектілері және шығын баптары бойынша Негізгі өндіріс
деген 8010-есептің Өсімдік шаруашылығы деген субсчетында;
шаруашылықаралық өндіріс өнімінің шығындары мен шығымдары өз өндірісінен
бөлек есепте есептеледі.
Талдау жасалатын есепте өнімнің шығындары мен шығымдары әрбір дақыл
(дақылдар тобы), жұмыс және аяқталмаған өндіріс бойынша мынадай
номенклатурамен көрсетіледі:
1. Дәнді және дәнді-бұршақ дақылдар: күздік дәнді дақылдар (бидай,
қара бидай, арпа); жаздық бидай (қатты, жұмсақ, күшті және басқалары);
дәндік жүгері; басқа да жаздық масақты дәнді дақылдар (арпа, сұлы, қара
бидай, қос дәнекті бидай және басқалары); жарма дақылдары (тары, күріш,
қарақұмық, қонақ жүгері, қонақ тары); дәнді-бұршақ дақылдары (ас бұршақ,
үрме бұршақ, жемдік бұршақ, жасымық, сиыр жоңышқа және басқалар).
2. Техникалық дақылдар: майлы дақылдар (күнбағыс, бұйра-зығыр, қыша,
майкене, соя және басқалар); жіп дақылдары (мақта, талшықты зығыр,
қарасора, кенеп, кендір және басқалар); қант қызылшасы (фабрикалық қант
қызылшасы, аналық қант қызылшасы, қант қызылшасының тұқымдық көшеттері);
жабайы темекі; цикорий және басқалар).
3. Эфирлі-майлы дақылдар (кориандр, анис, зире және басқалар).
4. Тамыртүйнекті дақылдар: картоп; ашық топыраққа егілетін көкөніс
дақылдары (капуста және басқалар); қорғалған топыраққа егілетін көкөніс
шаруашылығы (сабағы алынатын жуа, қияр және басқалары).
5. Тамыртүйнекті және бақша дақылдары: жемдік тамыртүйнекті дақылдар:
жемдік сәбіз, тарна және басқалар; жемдік бақша дақылдары (қарбыз, асқабақ,
қабақ) және басқалар.
6. Жемге арналған тамыртүйнекті және бақшалық дақылдардың өркендері
мен тұқымдары (дақылдар бойынша).
7. Гүл шаруашылығы (ашық топырақта, жабық топырақта) — дақылдар
бойынша.
8. Гүл дақылдарының (бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық) тұқым
шаруашылығы.
9. Питомниктер және егілетін кешеттер (жеміс дақылдары мен көп жылдық
өсімдіктер, жеміс дақылдарының тұқым питомниктері және басқалары).
10. Өсімдік шаруашылығы бойынша аяқталмаған өндіріс (болашақтағы
жылдардың өнімдеріне арналған шығындар)—аяқталмаған өндіріс түрлері
бойынша.
Жекелеген талдау есептерында бақтар мен питомниктердің қатар
аралықтардағы егіс өнімдерінің шығындары мен шығымдары есепке алынады.
Егер шаруашылықтар егіс салынбаған алқаптардан түскен тұқымдарды
жинайтын болса, өнімді жинау мен оның шығымы жөніндегі шығындар жеке
ашылатын талдау есептерында есепке алынады.
Жалгерлік қатынастар жағдайында өнімнің шығындары мен шығымдары есеп
объектілері болып табылатын жалгерлік ұжымдар тұрғысынан ұйымдастырылады
(қазандық есеп әдісі). Жыл аяғында жалгерлік ұжым бойынша есептелген
шығындар өсімдік шаруашылығындағы дақылдар мен жұмыстарға жоспар бойынша
өндіріске жұмсалған шығындар сомасына пропорциялы белінеді.
8010-есептің субсчетына жекелеген объектілердің есебі үшін бірқатар
талдау есептеры ашылады:
Суландыру жөніндегі бөлінуге тиісті шығындар— суармалы жерде
өсірілетін дақылдарға тікелей жатқызуға болмайтын суландыру жөніндегі
шығындарды есепке алуға арналған;
Құрғату жөніндегі бөлінуге тиісті шығындар— құрғатылған жерлерде
өсірілетін тиісті дақылдарға жатқызуға болмайтын шығындар есебіне арналған;
Сүрлем— көк балаусаны сүрлемге салу жөніндегі шығындардың есебіне
арналған;
Пішендеме дайындау— пішендеме дайындау жөніндегі шығындар есебіне
арналған;
Витаминді-шөп ұнын дайындау—ұнның шығыны мен оның өзіндік құнын
анықтау есебіне арналған;
Жерге алғашқы егін салу жөніндегі шығындар— жерге алғашқы егін салу
және басқалар жөніндегі шығындардың есебіне арналған.
Топыраққа әк және гипс себу, шым-тезекті өндіру, тасымалдау және
пайдалану, жерді ағаштан, бұтадан, түбіртектерден, тастардан тазарту және
өз қаржысы есебінен жүргізілетін басқа да шаралар жөніндегі шығындар
аяқталмаған өндіріс сияқты жекелеген есептерда есепке алынып, 5—7 жыл
ішіндегі тиісті дақылдарға жазылады.
Жекелеген талдау есептерында жекелеген дақылдарды өсіру жөніндегі
шығындарға жатқызуға болмайтын егіс алдындағы жұмыстар (қар тоқтату, көң
тасу, тыңайтқыштар жеткізу және басқалар) жөніндегі шығындар да есептеледі.
Бұл жұмыстар жөніндегі шығындардың есебі егін шаруашылығындағы қолданылатын
баптардың номенклатурасы бойынша жүргізіледі. Жұмыстар аяқталғаннан кейін
жұмыстар жөніндегі есептелген шығындар белгілі бір дақылдарға бөлінген егіс
көлеміне пропорциялы түрде шығындар бабы тұрғысынан жатқызылады. Бұл үшін
әрбір бап бойынша есептелген шығындар жұмыс жүргізілген жердің жалпы гектар
санына бөлініп, 1 гектарға жұмсалған шығын сомасын табады. Анықталған
шығындарды нақты дақылдар егілген гектар санына көбейтіп, осы дақылға
(дақылдар тобына) жүмсалған шығындарды анықтайды.

2.2. ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ШЫҒЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

Есеп объектілері жөніндегі шығындардың талдау есебі егін
шаруашылығында шығындардың мынадай баптары бойынша жүргізіледі.
1. Еңбек ақы төлеуге арналған шығындар—жұмысшылардың
(колхозшылардың), соның ішінде тікелей өндірістің технологиялық процесінде
істеуге тартылған (колхоздарда — жалданған) адамдардың еңбегіне төленген
ақы, Егер еңбек ақы төлеудің жекелеген түрлері өндірісте жұмыс
істелмеген уақыт үшін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес есептелген
төлемдерді есеп объектісіне тікелей жатқызу мүмкін болмаса, аталған ақы
есеп объектісіне тікелей еңбек ақы төлеуге пропорциялы түрде бөлінеді.
2. Әлеуметтік қауіпсіздендіру бойынша есеп айырысу— өсімдік
шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге
арналған шығындардан нормативтер бойынша анықталатын әлеуметтік сақтандыру
жарнасы.
Атқарылған жұмыстың, өнім өндірудің көлемін есепке алу және еңбек ақы
төлеу есебі бригадирдің еңбек және атқарылған жұмысты есептеу кітапшасында,
еңбек пен атқарылған жұмысты есептеу парақтарында, жол парақтарында,
нарядтарда және басқа да түп-нұсқа құжаттарда жүргізіледі. Қосымша жалақы
мен еңбекке белгіленген тәртіппен заттай төленетін ақы арнаулы есептеулер
мен ведомостар негізінде өндіріс шығынына енгізіледі. Жалгерлік аванс
сомасы, және жыл аяғында шаруашылық есеп табысының түпкілікті анықталып,
еңбекке ақы төлеуге бағытталған сомасы да осы бапқа жатқызылады.
3. Тұқым және отырғызылатын материал— өзі өндірген және сатып
алынып, егуге пайдаланылатын (күрделі қаржы есебінен отырғызылатын
көпжылдық жас көшеттерден басқасы) тұқым мен егілетін материалға жұмсалатын
шығындар. Тұқымдарды егуге әзірлеу, оларды егілетін жерге тасып жеткізу
жөніндегі шығындар тұқым құнына қосылмайды, қайта шығындардың баптарына
сәйкес дақылдар бойынша есептелетін шығындарға жатқызылады. Сиреп қалған
жерлерге немесе егіні өліп қалған жерлерге үстемелеп себуге кеткен тұқымның
бағасын да осы бап бойынша есептейді.
Өндірістік бөлімшелерге тұқым мен отырғызылатын материалдар алу
карталары мен накладнойлар бойынша қатаң белгіленген мөлшер шегінде
беріледі; өндіріске жұмсалған тұқым мен отырғызылатын материалдарды есептен
шығару тұқым мен отырғызылатын материалдардың шығын Актысы бойынша
жүргізіледі. Жалгерлік жағдайда тұқым чек-накладной бойынша беріледі және
қоймадан берілетін сәтте жалгерлік ұжымдардың материалдық шығындарына
есептен шығарылады. Жыл бойына тұқым мен отырғызылатын материалды (өткен
жылдардағы және осы жылғы өзі өндірген) олардың нақты өзіндік құнының
жоспарлы-есептік баға бойынша құнынан айырмашылығын есепке ала отырып
жоспарлы-есептік баға бойынша шығындарда есепке алады.
4. Тыңайтқыштар— өнеркәсіпте өндірілетін микро және бактериялық
тыңайтқыштарды қоса, минералдық тыңайтқыштарды, сондай-ақ органикалық (көң,
шымтезек, компост т. б.) тыңайтқыштарды топыраққа енгізуге жұмсалатын
шығындар. Минералдық және органикалық тыңайтқыштар шығынын бөлек жоспарлап,
есепке алады. Тыңайтқыштарды топыраққа енгізуге әзірлеу, тиеу, егістікке
шығару, лақтырғыштарға тиеу және оларды енгізу жөіндегі шығындарды шығынның
тиісті баптары бойынша ауылшаруашылық дақылдарына (дақылдар тобына) немесе
жалгерлік ұжымдарға жатқызады онда оны бұл бапқа кіргізбейді. Минералдық
тыңайтқыштар көлік-жөндеу шығындарын қоса есептегендей сатып алу бағасы
бойынша немесе нақты өзіндік құнның осы бағамен алғандағы құннан ауытқуын
бөліп тастағандағы жоспарлы-есепті бағасы бойынша бағаланады. Органикалық
тыңайтқыштар шаруашылықта белгіленген баға бойынша немесе өндірістің (шым-
тезек, қорда) нақты өзіндік құны бойынша бағаланады. Талдау жағдайында
барлық тыңайтқыштарды жоспарлы-есептік бағамен бағалайды.
Бөлімшелерге тыңайтқыштар алу карталары немесе накладной бойынша
босатылады (жал жағдайында — чек-накладной бойынша босатылады). Қоймадан
берілген тыңайтқыштар тікелей жалгерлік ұжымдардың материалдық шығындарына
есептен шығарылады. Өндіріске тыңайтқыштар беру Минералдық, органикалық
және бактериялық тыңайтқыштарды, улы химикаттар мен гербицидтерді
пайдалану Актісі бойынша жүзеге асырылады.
5. Өсімдіктерді қорғау құралдары— пестицидтер, уландырғыштар,
гербицидтер, дефолианттар және арамшөптерге, зиянкестерге, ауыл
шаруашылық дақылдарының кеселдеріне қарсы күресу үшін пайдаланылатын
басқа да химиялық, сондай-ақ биологиялық құралдарды сатып алу мен сақтауға
арналған шығындар. Шаруашылықтың өз құралдарын пайдалана отырып, егісті
аталған заттармен өңдеу (себу, бүрку, дефолиациялау және басқа жұмыстар)
жөніндегі шығындары бұл бап бойынша көрсетілмейді, қайта шығындардың тиісті
баптары (жалгерлік ұжымдар) бойынша тиісті дақылдарға (дақылдар тобына)
немесе көпжылдық өсімдіктерге жатқызылады. Өсімдіктерді қорғау құралдарын
босату мен шығысқа жатқызу тыңайтқыштарды босату мен шығысқа жатқызу үшін
қолданылатын тәртіп сияқты жүргізіледі.
6. Жұмыстар мен қызметтер— өздеріндегі қосалқы өндірістердің жұмысы
мен қызметіне, бөгде кәсіпорындардың қызметіне (шығындары басқа шығын
баптарына енетін жұмыстар мен қызметтерден басқасына) арналған шығындар.
Мәселен, бұл бап бойынша автомобиль және көлік малының қызметі, тікелей
өнім өндіруге жұмсалатын жүктерді, тасып жеткізу жөніндегі материалдық
ресурстарды (тұқымды, тыңайтқыштарды, мүнай өнімдерін және т. б. орталық
қоймалардан, ендірістік бөлімшелердің қоймаларынан және олар тұрақты
сақталатын басқа орындардан егістікке, дала қосына, тракторлар мен
машиналарды май құятын жерлерге, жұмысшыларды егістікке тасу, өнімді
егістіктен оны сақтайтын немесе пайдаланатын жерлерге жеткізу жөніндегі)
трактормен атқарылатын тасымал жұмыстары жоспарланып, есептеледі. Аталған
шығындар дақылдар, аяқталмаған өндіріс жұмыстарының түрлері арасында
өндіріс процесінде атқарылған жұмыс көлеміне пропорциялы түрде тонна-
километрмен есептеліп, жүк тасу бойынша бөлінеді. Тасымал қызметін бөлудің
басқа да әдістері қолданылуы мүмкін, алайда бұл орайда олардың әрбір өнім
турінің өзіндік құнында неғұрлым негізделіп, толық көрсетілуі қамтамасыз
етілуге тиіс. Бөгде кәсіпорындар мен ұйымдар атқарған механикаландырылған,
тасымал және басқа ауыл шаруашылық жұмыстары бойынша олардың қызметіне ақы
төлеуге арналған шығындар осында ескеріледі. Электрмен, сумен, жылумен және
газбен жабдықтау жөніндегі қызметке жұмсалатын шығындар да осы бапқа
жатқызылады. Сырт кәсіпорындар көрсететін агрохимиялық қызметке жұмсалатын
шығындар улы химикаттар мен тыңайтқыштардың құнына қосылмай, қайта осы бап
бойынша есепке алынады. Бегде кәсіпорындардың механикаландырылған, тасымал
және басқа жұмыстар бойынша көрсеткен қызметіне ақы төлеуге арналған
шығындар да осы бапта есепке алынады, Қосалқы өндірістердің жұмысы мен
қызметі жыл ішінде атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызмет көлемін, осы
өнімнің біреуінің жоспарлы өзіндік құнын негізге ала отырып, өндіріс
шығынына жатқызылады да, жыл аяғында калькуляциялық айырмаларды ( + , —)
тиісті есеп объектілерге жатқызу жолымен нақты шамасына дейін жеткізіліп
түзетіледі.
Жүк таситын автомобиль көлігін пайдалану жөніндегі шығындар жүк
таситын автокөлік жұмысы есебінің Жинақтау ведомостында топталады, ол
жазбалар жолдама парақтары мен тауар-көлік накладнойлары негізінде
жасалады. Жүк таситын автокөлік шығындары ай сайын осы қызметті
тұтынушылардың есептерына жұмыстың тонна-километрмен есептелген көлемі және
олардың жоспарлы өзіндік құнына пропорциялы түрде бөлініп, жыл аяғында
нақты өзіндік құнына дейін жеткізіліп түзетіледі (жалгерлік мердігерлік
жағдайында — есеп айырысу бағасы бойынша). Адамдарды тасымалдау және
арнаулы машиналардың жұмыстары жөніндегі шығындар жұмыс істелген машина —
күн санына пропорциялы түрде тиісті есеп объектілеріне жатқызылады. Өсімдік
шаруашылығындағы трактормен атқарылатын тасымал жұмыстарының құны бір
эталондық гектардың жоспарлы өзіндік құнын негізге ала отырып, объектілер
бойынша бөлініп, ол жыл аяғында нақты өзіндік құнға дейін жеткізіліп
түзетіледІ. Жүк таситын көліктің жұмысы жұмыс күнінің жоспарлы өзіндік қүны
бойынша бағаланып, ол жыл аяғында нақты өзіндік құнға дейін жеткізіліп
түзетіледі. Электрмен, жылумен, сумен, газбен, тоңазытқыш қондырғылармен
жабдықтау жөніндегі шығындар тұтынылған энергия, су, бу, газ, суық
мөлшеріне пропорциялы түрде және олардың бір өлшемінің орташа жоспарлы
өзіндік құнына қарай тұтынушыларға бөлініп, ол жыл аяғында нақты (жалгерлік
жағдайда — есеп айырысу бағасымен) өзіндік қүнына дейін жеткізіліп түзеті-
леді.
Негізгі құралдарды ұстауға жұмсалатын шығындар— тікелей өсімдік
шаруашылығында (күтіп ұстау мен пайдалануға, амортизация мен жөндеуге)
пайдаланылатын негізгі құралдарды ұстауға арналған шығындар. Арзан бағалы
және тез тозатын заттар мен құрылғылардың тозуы мен оларды қалпына
келтіруге арналған шығындар нақ осы бап бойынша есептеледі. Осы бап бойынша
шығындар құрамында мыналар жоспарланып, есепке алынады: негізгі құралдарды
күтіп-баптайтын қызметкерлерді (ауыл шаруашылық өнімін өндіретін
технологиялық процесте істейтін тракторшы-машинистерден басқаларын)
әлеуметтік сақтандыруға қаржы бөлуге қоса еңбек ақы төлеу; тракторлар мен
өздігінен жүретін машиналардың бір жұмыс учаскесінен екіншісіне баруын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік сфераны ұстау бойынша жасалатын шығындардың есебі
Ауыл шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда өсімдік шаруашылық саласының ролі
«Приречное» ЖШС-тің кәсіпорнының қысқаша сипаттамасы
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Мал шаруашылығының дайын өнімі
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ауыл шаруашылық экономикасы мен ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі
Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру
Іле Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи бағында дәрі жеміс-жидек өсімдіктерін тиімді пайдалану
Пәндер