Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізі
а) Бухгалтерлік есеп туралы түсінік.
б) бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар және оның ролі.
Негізгі құралдардың есебі.
2.2. Өндірістегі негізгі құралдардың экономикалық мінездемесі, жіктелуі
және бағалау.
2.3. Негізгі құралдардың кірісін есептеу.
2.4. Негізгі құралдардың талдамалық есебі.
2.5. Негізгі құралдарды есептен шығару.
2.6. Негізігі құралдардың жөндеу шығындарын есептеу.
2.7. Негізгі құралдарды түгендеу.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе.

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып
қоғамның экологиялық әлеуметтік жағдайларға сай өзгерістерге ұшырап келе
жатқан сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып
табылады. Белігілі ғылым Б.Де.Солозано осы ғылым туралы Бухгалтерлік есеп
барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре
алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес- деген болса
оның әріптесі Р.А.Фаулки Есеп бұл барлық бизнестің тілі, яғни
Философиясы- деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымының қаржылық ақпараттарын
өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдалануға жеткізіп отыратын жүйе
болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінің ең маңызды орындарының
бірі иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымнының 1992 жылы
өткізілген конференциясы Есептей алмаған-басқара алмайды- деген сөздің
бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы бухгалтерлік есеп ұйымға
оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді
функцияларды шын орындауды қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорын
активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен
олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана
бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындары және басқарушы
(ішкі) есеп болып 2-ге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорын қаржылық
ақпараттарын жеткізіп отыратын жүйе болса ол қаржылық есеп жоғарыда
айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушы мен қатар сыртқы
пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни басқарушы есептік мәліметін
кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса қаржылық
есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтау (мердгер) кәсіпорындар банк
мекемелері, салық органдары және т.б. пайдаланылады.
Кез-келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса,
басқарушы есептін жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның
экономикалық саясатына байланысты.
Бүгінгі таңда ел экономикалық нарықтық жолға көнуіне байланысты жаңа
кәсіпкерлік қызметтердің бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы
мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептік мазмұны мен
құрлымына өзгерістер енгізеді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік
есеп жұмысқа толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай
орындалады.

2.1. Бухгалтерлік есептің нормативтік құқықтық базасы.

Бухгалтерлік есеп және финанстық есеп беру жұмыстарының негізгі
принциптері мен жалпы ережелерін және ішкі бақылау. Мен сыртқы аудиторлық
тексеруді жүргізілудің әдістерін негізгі ережелерін тағайындайтын өкілетті
орган Қаржы Министрлігінің қарамағындағы бухгалтерлік есеп және аудит
методологиясынның департаменті. Ол департамент қаржы министрлігінің
құрамына кіреді заңды тұлға статусы бар. Бұл департамент бухгалтерлік есеп
және аудит стандартарын бекітіп өзгертіп немесе жойып жаңа түрлерін
тағайындап отырады. Республиканың барлық экономика саласының есеп және
аудит жүргізу әдістерін дайындайды және аудиторлық қызметтерді жүргізуге
профессионалды бухгалтрге лицензиялық тесеру жүргізіп сертификат береді.
Бухгалтерлік есептің негізгі нормативтік құқықтық базасына мыналар жатады.
1) Бухгалтерлік есеп заңы- бұл заң 1995 жылы 26 желтоқсанда №2732 номерлі
президенттің указы бойынша бекітілегн.
2) Бухгалетрлік стандарттар
3) Әдістемелік нұсқаулар ережелер
4) Бухгалтерлік есептің типтік счеттары
5) Есеп саясаты.
Республиканың Азамат кодексі қаржылары бойынша заңды тұлғаларға
мыналар жатады:
- Шаруашылық серіктестігі
- Өндірістік коперативтер.
- Акционерлік қоғамдар.
- Мемлекеттік мекемелер
- Комерциялық емес кәсіпорындар.
Бұл заңды тұлғалар және жеке тұлғалар кәсіпкерлікпен айналысатын
Қазақстан резиденттер және резидент емес (заңды түрде Республикада
кәсіпкерлік жасайтын шетел компаниялары мекемелер, фирмалар) міндетті түрде
бухгалтерлік есеп және финанстық есеп жүргізуге тиісті. Бухгалтерлік есеп
заңы негізінде бухгалтерлік есеп және финанстық есеп жүйелерін жүргізуге
тиісті. Бухгалтерлік заң негізінде бухгалтерлік есеп принциптерін оның
сапасын және жалпы ережелерін белгілейді және нығайтады. Бухгалетрлік есеп
заңы негізінде ҚР-ның Конститутциясына сүйене отырып есеп заңдарын
шығарады. Бұл заң бойынша бухгалтерлік есеп және финанстық есеп жүйелерін
мемлекеттік басқару ретінде жүргізеді. Мемлекеттік басқару ретінде
жүргізіледі. Мемлекеттік басқару органдарынан басқа нормативтік құқықтық
актілерді Республиканың Ұлттық банкісінде шығарады және бекітеді.
Бухгалтерлік стандарттар негізінде есептің жеке-жеке объектілерінде есеп
жүргізудің ережелерін және қағидаларын анықтайды. Бухгалтерлік есептің
типтік жоспары шаруашылық операцияларының бухгалтерлік счеттарында көрсету
үшін пайдаланылатын құрал жалпы типтік бухгалтерлік счеттар бойынша әрбір
шаруашылық субъектілері өздерінің шаруашылығының көлемі орындайтын
жұмыстары және оларда болатын шаруашылық операцияларына байланысты жұмыстық
счеттар жоспарын жасайды. Әр шаруашылықтың өзінің бухгалтерлік есебін
жүргізу үшін сол шаруашылықтың бас бухгалтері есеп саясатын жасайды.
Шаруашылықтың есеп саясатын бухгалтерлік есеп заңына, бухгалтерлік
стандарттарға, методикалық рекомендацияларға типтік бухгалтерлік счеттарда
және де басқа Үкіметтің және Ұлттық Банктің шығарған ережелерін басшылыққа
ала отырып солардың негізінде жасалады.
Шаруашылықтың есеп саясаты сол шаруашылықтың бухгалтерлік және
финанстық есебін жүргізу тәртібін есеп жүргізу үшін қолданатын әдістерін
және негізгі есеп қағидаларын анықтайды. Барлық шаруашылықта бухгалтерлік
және финанстық есеп сол шаруашылықтың есеп саясатына сәйкес жүргізілуге
тиісті.
Шаруашалықтың есеп саясатымен бухгалтерлік счеттардың жұмыс жоспары
сол шаруашылықтың жетекшісі бекітеді. Шаруашылықтың есеп саясаты мынадай
негізгі 3 аспектін қамтиды:
1) Бухгалтерлік есепті методикалық жағынан қамтамасыз ету.
2) Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
3) Бухгалтерлік есепті техникалық жағынан қамтамасыз ету.
Бухгалетерлік есепті методикалық жағынан қамтамасыз ету негізінде
бухгалетрлік есептің басқару жүйелерін көрсетеді. Негізінде методикалық
басқару жүйелерін көрсетеді. Негізінде методикалық басқару 4 деңгейлі
нормативтік құқық құжаттардан (базадан) тұрады:
1) Методикалық басқарудың 1-ші деңгейлі есеп заңы.
2) 2-нші деңгейлі бухгалтерлік есеп және аудит департаментінің шығарған
стандарттары стандарттар негізінде мемлекеттің бағдарламаларын орындау
үшін қолданатын халықаралық бухгалтерлік есеп тәжірибесінде қолданатын
принцептерді қолдана (пайдалану) арқылы жүргізу.
3) 3-ші деңгейлі бухгалтерлік стандарттарды қолданғалы методикалық
рекомендациялармен, инструкцияларымен.
4) 4-ші деңгейлі есеп саясатын құрастырудағы қоладанатын негізгі
нормативтік құжаттар .
Бухгалтерлік есепті методикалық қамтамасыз етуде мыналар анықтайды:
а) типтік план бойынша бухгалтерлік жұмыстардың жұмыс счет жоспарын
жасау, сол жұмыс счеттары бойынша шаруашылығы басқару ұйымдастыру үшін
және олардың мәліметтерін сыртқы пайдаланушылар үшін аналитикалық және
синтетикалық субсчеттарды анықтау.
б) Шаруашылықта қоладанатын арнайы және әр салаларды қамтитын бастапқы
құжаттарды белгілейді.
в) шаруашылықтың күнделікті ағымдағы бақылау жұмысын жүргізу модельдерін
жасау.
г) шаруашылық мүліктерімен міндеттемелерін бағалау және инвестиция
жүргізудің технололгиясын жасау.
д) құжат айналымының ережесін мәліметтерді қорытындылау және мәлімет жинау
жолдарын анықтау шаруашылықта бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негізінде сол
шаруашылықтың есептің қай формада жүргізуді анықтау. Бухгалтерияның
құрылымын қандай бөлімнен тұратындығын және бухгалтерлік персоналын
орындайтын міндеттерін анықтау.
Бухгалтерлік есеп негізінде басқару және финанстық есепті ұйымдастыру
бөлігінде негізінде мына объектілер есепке алынады:
1) Негізгі құралдар
2) Материалдық емес активтер
3) Тауар материалдық запастар
4) Ақша қаражаттары
5) Есеп айырысу жұмыстары
6) Уставтық капиталды есептеу және де басқа активтер мен пассивтерде есепке
жүргізіледі.
Бұл бөлімде бас кітап толтырылуы баланс жасау финанстық есеп
жасау салық есебін жүргізу бюджетпен есеп айырысу жұмыстары жүргізіледі.
Финанстық бухгалтерге басқару бухгалтериясына өнім өндірумен
байланысты шығындарды қорытындылап береді. Басқару есеп бөлімінде сол
шаруашылықты басқару үшін керекті мәліметтер дайындап өндіріс және
өндірістік емес жүргізуді өндірістік емес негізінде шаруашылықта өндіретін
өнімдеріне орындайтын жұмыстарымен, қызметтерімен кеткен шығындарды
есептеп олардың калькуляциясын жасайды. Бухгалтерлік есепті дұрыс
ұйымдастыру үшін әрбір бухгалтердің орындайтын есеп жұмыстарын міндеттерін
дұрыс бөлу. Негізінде есеп қызметкерлердің орындайтын міндеттерін
тағайындау мынадай 3 түрде болады:
1) Міндеттері әрбір есеп бөлімдеріне қарай бөлінеді:
а) Есеп айырысу бөлімдері
б) Өндірістік бөлімі
в) Сату бөлімі
г) Жалпы бөлім
Негізінде бұл әдіс үлкен ірі шаруашылықтарда қолданады.
2) Функционалды есеп, персоналдарының бөлу әдісте белгілі бір есепші
топтары бірыңғай есеп жұмыстарын бірге жүргізеді. Бухгалтер
персоналдың орындайтын міндеттердің тағайындау үшін олардың
орындайтын қызметтерін инвестициясын жасау.
Бухгалтерия жұмыстарын ұйымдастыру түрлері және онда істейтін
есеп қызметкерлердің саны сол шаруашылықтық құралдарыменен қамтамасыз
етілуіне байланысты.
3) Техникалық қамтамасыз ету. Бухгалтерлік техникалық қамтамасыз ету
дегеніміз – есеп саясатының методикалық және ұйымдастыру
аспектілерінің орындау үшін қолданатын процедуралардың қорытындысы ол
процедураға жататындар.
а) Шаруашылықта жасалған бухгалтерлік есеп счеттарнының пайдалану үшін
жасалған инвестициялар. Бухгалтерияның әрбір бөлімінде толтырылатын
бастапқы құжаттың формасы мен альбомы. Есеп жұмысында қолданатын техникалық
құралдар шаруашылықта тағайындырылған синтетикалық және аналитикалық
есептің коэфикаторы. Бухгалтердің профессионалдық деңгейлері,
квалификациясы, есеп процесін оптимизациялаудағы әртүрлі техникалық
ұйымдастыру және санитарлы гигиеналық қорлар.
б) шаруашылық ішінде қолданатын бақылау әдістері
в) бухгалтерияның ұжымындағы өндірістік қарым- қатынастардың мәдени
деңгейі.

Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның анықтайтын қызметі.

Бухгалтер есеп ұйымының қаржылық ақпеаратын бір (белгіленген)
әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны оны өңдеп
тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап оны басқару
үшін бағыт бағдар беріп алдағы уақытта істелетін жұмысын жоспарлап және
сонымен қатар ол ұйымның болашаққа атқаратын жұмысын экономикалық талдау
жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп
бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады.
Бухгалтерлік есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге
дейін дамып келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына
байланысты табылған жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейінгі
V ғасырда жүргізілді деген деректер бар. Ал біздің заманымызға дейінгі ІІ
ғасырда Грекияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептеліп салынған
үйдің (ғимараттың) қабырғасына жазылатын болған. Рим империясының
квесторлары мемлекеттік бухгалтерлерді бақылап оның қорытындысын емтихан
қабылдаушы таңдаған. Осыдан аудитор деген термин пайда болған. Міне, осы
жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып бухгалтерлік есептің тек қана
кәсіпорын жұмысының бір бөлігін атқарып қана қоймай тұтас мемлекетті
басқаруға қатысы бар екендігін дәлелдеуімізге болады. Сондықтан да бұлар
көрнекті ғылым. Б.Де.Солозонның Бухгалтерлік есеп болмаса әлемді басқару
мүмкін емес және онсыз адамдар бірін-бірі түсінбес еді - деген. ҚР-ның
бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы еліміздегі
бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды. Қаржылық есеп беру мен оның
пайдалануын жіне есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін ішкі
бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды сондай-ақ ұйымдардың
құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
ҚР-ның аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік
есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заманға сәйкес жүргізуге міндетті кез-
келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуге экономикалық мәселелердің
негізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы
өндірілген өнім де есепке алуға сатып - өткізуге, айырбастауға және одан
түскен қаржыны тиімді уақытты етіп бөліп жұмсауға яғни кәсіпорындағы
шаруашылық үлестердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы
айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және техникалық үлестердің
сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығын да есепке алынуы экономикалық
талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік
есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады- болашақта (алдағы уақытта)
пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды ұйымның қаржылық
ақпараттық мәліметін өндейді сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды-
қаржылық ақпараттың мәліметі пайдаланушыларға уақытылы беріп отырады, ал
бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында
түрлі шешім қабылдайды. Көп барысында жағдайда бухгалтер мен есепшінің
арасындағы айырмашылықты білмегеннің салдарынан бұл екеуін шатастырып
алатындар да жиі кездеседі. Бұлар іс-тәжірибеде өз қызметтері барысында
бірін-бірі ауыстырып отыратындығ әрине рас. Бірақ есепшінің негізгі
міндеті шаруашылық операцияларын тіркеу, бухгалтерлік ақпараттық құжаттарды
сақтау ғана болса ол бұл мәліметтерді өңдеп оған экономикалық талдау жасап
және оны тпайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті. Жалпы
кәсіпорында бухгалтерлік есеп жұмысын атқарушы жаман іс-тәжірбиеде мынадай
үш түрлі қиындыққа тап болмауы мүмкін. Әрбір жаңа келісімді жүргізу
барысында шешім қабылдаушы тұлғаға керекті есеп атқаратын табыс ету үшін
тиісті стандарттар мен ережелерін сүйенуге тура келеді, яғни оларға деген
қажеттілік туындайды. Ал кәсіпкер ешқашан капитал жинауда және бизнес
жүргізуде шығармашылық ойдың жетіспеушілігін сезінбейді кәсіпорынның
бухгалтерлік ақпарат мәліметтерін бірдей-мақсатқа тең дәрежеде пайдаланатын
екі тұлға болмайды, себебі мұндай ақпаратты әртүрлі тәсілменен әртүрлі
болып келеді бухгалтерлік есеп табиғат заңы емес ол әр түрлі ойлар мен
шешімдердің үйлесімі болуы мүмкін. Бухгалтерлік есеп мамандығына қайшы
келетін екі түрлі пікір бар:
1) Бухгалтерлік есеп басқа ғылымдар сияқты табиғаттың заңы мен
принциптеріне бағына бермейді, себебі оларды ұйымдастыру (жасау)
керек. осы аталған бухгалтерлік есеп принциптерін жеке тұлғалар ғана
ұйымдастыра (құрай) алады, сондықтан да оны ұйымдастыру (құру)
барысында қайшылықтар мен әртүрлі көзқарастардың болуы сөзсіз.
2) Бухгалтерлік есеп түсінігі логикалық негіздеу экономикалық теория іс-
тәжірбие бағдарлама және ортақ келісіммен негізделеді. Осыған орай
бухгалтерлік есеп түсінігі күнделікті өмірде болып жатқан әлеуметтік
және экономикалық жағдайға байланысты өзгеріп тұрады.
Кәсіпорындардағы бухгалтер мамандық қай-қайсысының болмсын негізгі
кәсіби міндеті бухгалтерлік ақпараты пайдаланушыларға уақытылы және
дұрыс есептелген мәлімет беру (ұсыну) болып табылады. Бұл ақпараттың
мәліметті бірдей дәрежеде пайдаланатын екі тұтынушы болмағандықтан
жалпы сипаттағы қаржылық есепті құру кезінде негізгі қағидалар мен
шектеулерді ұсынылатын ақпарат көлемін объективті бағалау қажет.
Бухгалтерлік есептегі бұл жүйе адамдар арқылы жасалатын
болғандықтан оны құру барысында туындайтын қайшылықтарды жеңуге
болады.

Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар және олардың рөлі.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға
берілетін қаржылық ақпараттық мәліметтінің көлеміне және мінездемесіне
байланысты болып келеді. Бұл ақпараттық тмәліметті пайдаланушылардың
қатарына қаржы салымшыларын (инвесторларды) несие берушілерді (банк немесе
банктен тыс мекемелер) және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды
жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпаратын
пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында
кәсіпорындардың қаржылық есебіне сүйенеді. Кәсіпорындар мен ұйымдакрдың
қаржылық ақпараттық мәліметін пайдаланушылар негізінен мынадай 2 топқа
бөлінеді: кәсіпорынды басқарушылар (басшылар) кәсіпорынды тыс орналасқан
бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей мүдделер кәсіпорынның қаржылық
қызметіне жанама мүдделер. Кәсіпорынды басқарушыларға осы ұйымның алдына
қойған мақсатына жетуіне және оның қызметіне толықтай жауапты адамдар
жатқызылады. Бұндай адамдарға кәсіпорынның иесі кәсіпорынның басшысы
директорлар кеңесінің мүшелері, менеджер бөлім басшылары т.б. жатқызылады.
Бұл аталған санатқа жататын адамдарды кәсіпорынның соңғы есепті жылдағы
таза пайдасының көлемі (мөлшері) нақты алынған табыс көлемінің жоспарымен
сәкестігі өндірген әрбір түрлі өнімнің өзіндік құны қызметтің қандай
түрінен табыс көбірек алынатындығы және тағы да басқа жағдайлар
қызықтырады. Кәсіпорыннан тыс орналасқан бірақ оның қаржылық жағдайына
тікелей мүдделі тұлғалар болып қаржылар салым жабдықтаушылар және басқалар
есептелінеді. Бұл тұлғалар өздерінің салған салымдары мен сатқан тауарлары
көрсеткен қызметтері сондай-ақ берген несиелерінің уақытылы
қайтарылатындығын білу үшін ұйымның қаржы тұрақтылығы мен төлем
қабілеттілігін зерттейді. Ал кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама мүдделі
тұлғалардың қатарына: салық органы, министрліктер мен агенттіктер,
аудиторлар, сақтандыру компаниялары сатып алушылар мен тапсырыс берушілер
және тағы да басқа заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады. Кәсіпорынның
бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге берешек төлемдердің уақытылы
төлейтіндігін қаржылық ақпараттық мәліметтерінің дұрыстығын және өз
жұмысшы қызметкерлерімен еңбекақы боынша уақытылы есеп айырысатындығын
қадағалау осы яғни кәсіпорынның қаржылық қызметке жанама мүдделі
тұлғалардың жұмысы болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық
ақпараттық мәліметтерінпайдаланушылардың әр түрлі топтарының болуы біртұтас
бухгалтерлік есеп жүйесін екі бөлікке бөлді. Соңғы жылдары біздің елімізде
де халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті
қаржылық есеп және басқарушылық есепті де екіге бөліп қарастыра бастады.
Бұндағы қаржылық есеп ұйымының ішкі және сыртқы пайдаланушылар қолданатын
қаржылық-ақпараттық мәліметтерді толық қалайтын болса, басқарушылық есеп
тек қана кәсіпорынның ішкі пайдаланушыларына керекті өнім өндіру табыста
табу және оның алдағы кезеңдегі нәтижесінің артуына байланысты ақпараттық
мәліметтерді қарастырады . белгіленген заңға сәйкес дұрыс жасалынған
қаржылық ақпараттық мәліметтерді кезінде пайдаланушыларға жеткізіп беріп
отыру кез-келген кәсіпорындағы бухгалтердің кәсіби міндеті болып табылады.
2.2. Өндірістік негізгі құралдардың экономикалық мінездемесі, жіктелуі
және бағалау.
Өндіріс процесі еңбек заттары (шикі зат, материалдар, сатып алынатын
жартылай фабрикаттар) және еңбек құрал-жабдықтары болып бөлінетін өндіріс
құрал-жабдықтарының қатысуымен жүзеге асырылады. Еңбек құрал-жабдықтарының
құрамына белгілі бір заттарды жатқызу олардың сыртқы белгілеріне қарап
емес, өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап белгілейді. Мысалы, заводта
дайындалған бу қазаны ол үшін дайын өнім болып саналады, ал орнату үшін
субъект сатып алған осы қазан еңбек құралы болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес
(әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін материалдық-
заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар, жабдықтар,
көлік-құралдары, көлік жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа
пайдаланатын және өнім беретін мал және басқалар).
Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта
сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды.
Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар
бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект балансында көрініс
табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс цикл барысында
пайдаланады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай
отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады. (станок
немесе автомашина өндірісте бірнеше жыл бойы пайдаланылады).
Айналым қаражаты бір өндіріс процесінде пайдаланылады және өз құнын
тұтастай жаңадан өндірілген өнімге аударады. (ұн өз құнын тұтастай жаңадан
өндірілген өнім нанға және басқаларға аударады)
Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдар (машиналар, көлік құралдары, ғимараттар,
құрылыстар) дегеніміз мөлшері мен техникалық деңгейіне кәсіпорынның
техникалық жарақтандырылуы тікелей байланысты болатын өндірістік құралдар.
Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын жинақтаушы
экономикалық көрсеткіш-негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы
өндірілетін заттай немесе ақшалай түрдегі өнім болып табылатын қор
қайтарымы.
Өндірістік емес негізгі құрал жабдықтар тұтынуға арналған құрал
жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын үй,
коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі т.б.) қажеттіліктерін ұзақ
мерзім бойы өтеуге арналған. Иеленуге қарай (тиесілігіне) негізгі
құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансындағы
көрініс табатын негізгі құралдар – белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа
субъектіден алынған негізгі құралдар жалға алынған құралдар болып саналады.
оларды жалға берушінің балансында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған
соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына
болады.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдарды жұмыс істеп тұрған,
істемей тұрған және қорда тұрған деп бөлінеді.
Жұмыс істемей тұрғандар – бұл тоқталып қоюына немесе басқа
жағдайларға байланысты уақытына пайдаланбайтын негізгі құрал жабдықтар.
Қорда сақтаулы негізгі құрал жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандарды жоспарлы
түрде ауыстыру үшін құрылған қордағы объектілер жатады. Заттық құрамына
қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді.
Мүліктікке заттай көрнісі бар, санауға және өлшеуге болатындар (үйлер,
ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын
жер, орман, суға (ғиматтардан басқа) күрделі қаржы салымы, яғни заттық
нысаны жоқ шығындары (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланатын жерді
өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау т.б.)
жатады. Негізгі құралдар объектілері бойынша бухгалтерлік есепті
ұйымдастыру экономика салалары бойынша мына топтамаларда ақпарат алуды
қамтамасыз етуі керек.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын
қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: машиналар, құрал
жабдықтар (соның ішінде автоматты машина және құрал жабдық) күш беретін
машиналар мен жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар, өлшеу және
реттеу аспаптары және қондырғылары мен лабораториялық жабдықтар; есептеу
техникасы; басқа машиналар мен құрал жабдық; көлік құралдары; құрал
саймандар; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы өнім
жабдықтар; жұмысшы өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді
жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі қорлар.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне
қарай мынадай топтарға бөлінеді:
а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма тағы басқа);
ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар,
скважиналар, тағы басқалары);
б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар
т.б.)
в) машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, іштен жанатын
двигательдер, электро-аппараттық трансформаторлар, Экскаваторлар,
грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, жүк
көтергіш шытырлар, кассалық аппараттар мен тағы да басқалары);
г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл
көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және т.б.);
ғ) құрал саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер тағы да
басқалары);
д) шаруашылық құрал жабдықтары (жиһаздар, крелалар, кілемдер, сейфтер т.б.)
е) жұмыс және өнім малдары;
ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;
з) жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны);
и) жерді жыртуға (өңдеуін) жұмсалған күрделі шығын.
к) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары тағы басқалары);
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың
маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, балансытақ
құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен
бағаланады.
Негізгі құралдырдың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға,
әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу
барысында төлеген салық сомаларынан құрылысты салу кезінде алынған несие
үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану
үшін жұмыс жағдайына келтіруімен тікелей байланысты. Кез-келген шығындардың
жиынтығынан тұрады.
Негізгі құралдың ағымдағы құны – бұл кәсіпорынның белгілі бір
уақыттағы, яғни бүгінгі негізгі құралдардың нарықтық бағасы болып табылады.

Негізгі құралдың баланстық құны – бұл кәсіпорынның бухгалтерлік
есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі
құралдың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны
болып табылады.
Негізгі құралдың қамдық (жойылу) құны – негізгі құралдардың
пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды
бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын
келешектегі шығындарды салып тастау арқылы анықтайды.
Негізгі құралдың келісілген құны – бұл кез келген екі жақтың, яғни
негізгі құралды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып
табылады.
Негізгі құралды қайтадан бағалу (индексациялау) кезінде оның осы
кездегі, яғни бүгінгі күні өндіріп шығаруға кететін құны анықталады. Бұл
негізгі құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Қайта бағалау
жүргізілген күні ұйымда негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі
құралдың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалаудың барлық
сомасы бөлінбеген кіріспе актив есептен шығарылған сәтте ауыстырылады.

2.3. Негізгі құралдардың кірісін есептеу.

Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі
оңдағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады.
Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып,
оларды сапасы және өнімділігі жоғарылары мен ауыстырып отырғаны дұрыс.
Кәсіпорындағы негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес
қосуы, басқа ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ
жоғарғы үкімет орындарының беруі, тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп
түседі. Бұл келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға
кәсіпорындарының үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау – тапсыру актісін
тастырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі құнды бірдей құрал-
саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни
кіріске алынса, оларға жоғары да аталған қабылдау – тапсыру актісінің бір
данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар
үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды
іске қосу – қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік
алғашқы құжат болып саналады. Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетуі тиіс:
- Объектінің аты;
- Объектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
- Салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
- Құрылыстың салынып біткен уақыты;
- Амортизациялық аударым мөлшері;
- Бастапқы құны;
- Басқа да шартты белгілері.
Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне ұйымдарға
бас механикалық бөлім төлқұжаты толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың
негізгі толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты
техникалық сипаттамасы т.б. мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың
негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізі құралдарға түгенде жүргізіліп
және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады. Негізгі құралдарға
тапсырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына
тапсырылуы тиіс. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да
беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкалар
мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып,
кейіннен бұл құжаттар кәсіпорынның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні
ұйымның басшысы бекітеді. Кәсіпорындағы бұрын салынған үйлер мен
ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға жалғастырып салынған немесе олардың
бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар
қабылдау актісі бойынша қосылды. Негізгі құралдарды кіріске алғанда ұйымның
бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады.
Дт: Негізгі – шоты;
Кт: Ақшалар – шоты;
Еншілес (тәуелді) серіктестерге қарыз шоты;
Қоюшы мердігерлер мен есеп айырысу-шоты;
Төленбеген капитал-шоты;
Үкімет органдарының субсидилары шоты деп аталатын шоттардың
тиістілері.
Егер кәсіпорынға келіп түскен, яғни кіріске алынған негізгі құралдар
бұрын пайдаланып және оларға тозу сомасына мынадай бухгалтерлік жазулар
жазылады:
Дт: Негізгі құралдар- шоты;
Кт: Негізгі құралдардың тозуы- шоты
Негізгі құралдарды кіріске алғанда бухгалтерлік есепшоттары бойынша
жүргізілетін операциялар.

№ Операциялар мазмұны Дт Кт
1 Ұйымның салынып жатқан құрылысы аяқталып 122 126
кіріске алынады.
2 Негізгі құралдар қатарына өткізілген жас 125 126
малдарды есепке алу
3 Көп жылдық өсімдіктерді кіріске алу 125 126
4 Уақытша салынған құрылысты кіріске алу 122,125 126
5 Үлес қосушылардың жарғылық қорды толтыру
мақсатымен кіріс етілген негізгі құралға:
-келісілген құнына 121-125 511
-тозу құнына 122-125 131-134
6 Жеке немесе заңды тұлғалардан сатылып алынған 121-125 421-424,
негізгі құралдарға: 434
-Қалдық құны бойынша 432-441,
451
452-671,
687
331 421-424,
431
-Қосылған құн салығы сомасына 432-441,
451
452,671

2.4. Негізгі құралдардың таңдамалық есебі.

Негізгі құралдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Ауылшаруашылық кооперативіндегі есепті ұйымдастыруды жетілдіру
Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру
«Dida company» ЖШС-не сипаттама және шағын кәсіпорындарда жеңілдетілгенсапалы есеп ақпараттарын құру
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы
Кәсіпорында бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Кәсіпорындағы бухгалтірлік есепті ұйымдастыруды зерделеу
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
Пәндер