Қазақстан Республикасының азаматтығының мәселелері жөніндегі құжаттарды ресімдеу
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.1. Мемлекеттік баж туралы жалпы түсінік
1.2. Консулдық алым түріндегі мемлекеттік баж
1.3. Апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж.
1.4. Мемлекеттік баждар және алатын орны
1.5. Мемлекеттік баж сомасы
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекеттік баж - уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе
лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және
(немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.
Заңдық мәні бар іс-қимылдар жасау және (немесе) құжаттар беру жөнінде
мемлекет уәкілдік берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш
жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып
табылады.
Мыналардан;
1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша
арыздардан (шағымдардан), кассациялық шағымдардан, сондай-ақ соттық
құжаттардың көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;
2) нотариаттың іс-қимылдар жасағаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған
құжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;
3) азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақ азаматтарға азаматтық
хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді және азаматтық хал актілері
жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты
куәліктерді қайтадан бергені үшін;
4) шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден
адамдарды шақыруға құқық беретін құжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақ осы
құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;
5) шетелдіктердің паспорттарына немесе олардың ауыстыратын құжаттарына
Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына
виза бергені үшін;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының
азаматтығын қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығын
тоқтату туралы құжаттарды ресімдегені үшін;
7) тұрғылықты жерін тіркегені үшін;
8) аңшылық құқығына рұқсат бергені үшін;
9) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін
бергені үшін;
10) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге,
тасымалдауға, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан
Республикасынан әкетуге рұқсат бергені үшін;
11) азаматтық қаруды (аңшылық суық қаруды, пневматикалық қаруды және
аэрозольдық газды құрылғыларды қоспағанда) тіркегені және қайта тіркегені
үшін мемлекеттік баж алынады.
Консулдық алым – Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері
мен консулдық мекемелерінің консулдық іс-әрекеттер жасағаны және заңдық
маңызы бар құжаттарды бергені үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен
заңды тұлғаларынан, сондай-ақ шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ
адамдардан, шетелдік заңды тұлғалардан алатын мемлекеттік баж түрі.
Өз мүдделері үшін консулдық іс-әрекеттер жасалып, заңдық маңызы бар
қүжаттар берілетін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды
тұлғалары, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік
заңды тұлғалар консулдық алым төлеушілер болып табылады.
Консулдық алымдардың ең төменгі және барынша жоғары базалық
мөлшерлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі консулдық
алымдардың базалық мөлшерлемелері шегінде нақты мөлшерлемені белгілеуге
құқылы.
Консулдық алым мынадай консулдық іс-әрекеттер:
1) қызметтік төлқұжатты, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын
ресімдеу және Қазақстан Республикасының визаларын беру;
2) шетелде болу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының
өтініштерін ресімдеу;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі құжаттарды
ресімдеу;
4) азаматтық хал актілерін тіркеу;
5) құжаттарды талап ету;
6) құжаттарды заңдастыру;
7) нотариаттық іс-әрекеттер жасау;
8) Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген өзге де іс-әрекеттер үшін
алынады.
Консулдық алым консулдық іс-әрекеттер жасалғанға дейін төленеді.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық
мекемелері консулдық іс-әрекеттерді төлеуші консулдық алымды төлегеннен
кейін жүзеге асырады.
Консулдық алымды төлеу консулдық іс-әрекеттер жасалатын елдің
валютасымен немесе кез келген еркін айналыстағы басқа да валютамен
жүргізіледі.
Мөлшерлемесі АҚШ долларымен белгіленген консулдық алымдарды Қазақстан
Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
алымды төлеу сәтіне белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргізіледі.

Баждар. Баж — арнайы мамандандырылған уәкілетті мемлекеттік органдар
тарапынан өздеріне өтінуші – келуші тұлғаларға қатысты жасалған заңы маңызы
бар белгілі бір іс-қимылдар және берілген ресми құжаттар үшін сол заңды
немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама – эквивалентті, міндетті ақшалай
төлем.
Мемлекеттегі баждар мемлекеттік және кедендік болып бөлінгенімен жалпы
сипаттамасы көптеген белгілері бойынша сәйкес келетіндіктен бажға тән
қасиеттер ретінде мына:
Баж:
1) міндетті төлем;
2) мәжбүрлі төлем;
3) арнаулы пайданы мақсаттайтын төлем;
4) ақшалай төлем;
5) заңи маңызы бар іс-әрекетті жасауға орай жүзеге асырылатын төлем;
6) белгілі бір құжаттарды беруге байланысты жүзеге асырылатын төлем;
7) мемлекеттік ішкі және сыртқы кедендік шекараны әрі-бері кесіп өтіп
тауарлар мен өнімдерді әкетіп, әкелуші тұлғалар жүзеге асыратын төлем;
8) мемлекет кірісі болып табылатын төлем;
9) біршама-эквивалентті төлем;
10) көрсетілетін қызмет құнына қарамастан (есепке алмай) жүзеге асырылатын
төлем сияқты ерекшеліктері көрініс табады.
Қазақстан Республикасында мынадай кедендік баждар мен міндетті
төлемдер:
1) кедендік баждар;
2) кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;
3) тауарларды сақтағаны үшін кедендік алым;
4) кедендік ілесіп алып жүргені үшін кедендік алым;
5) Қазақстан Республикасы кедендік органдарының лицензия бергені үшін
алымы;
6) кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін
алым;
7) алдын ала шешім үшін төлемақы алынады. Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік баждар мынадай объектілерден:
1) сотқа талап арыздар, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздар
(шағымдар), аппеляциялық шағымдар, атқару парағының көшірмесін (дубликатын)
беру туралы мәселе бойынша соттың ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын
шығару туралы өтініштер бергені үшін, сондай-ақ соттың, аралық соттардың,
шетелдік соттар мен арбитраждардың шешімдері бойынша атқару парағын,
құжаттардың көшірмелерін бергені үшін;
2) нотариалдық іс-қимылдар жасағаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған
құжаттар көшірмелерін бергені үшін;

хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді және азаматтық хал актілер

5) шетелдіктердің паспорттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына

6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Казақстан Республикасының

8-1) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен бекіре
балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге
және әкетуге рұқсат бергені үшін;
10) қаруды және оның оқтарын сақтауға немесе сақтауға әрі алып жүруге,

11) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтік қарудың (аңшылық суық
қаруды, белгі беретін қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық
шашыратқыштарды, аэрозольді және көзден жас ағызатын немесе тітіркендіретін
заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және
калибрі қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қаруды
қоспағанда) әрбір бірлігін тіркегені және қайта тіркегені үшін алынады;
12) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан
Республикасында жасалған, ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының
Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;
13) жүргізуші куәлігін, тракторшы-машинистің куәлігін, механикалық көлік
құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, мемлекеттік нөмір белгілерін
бергені үшін;
14) уәкілетті органның зияткерлік меншік саласында Салық кодексінің 499-1-
бабында көзделген заңды мәні бар іс-әрекеттерді жасағаны үшін алынады.
Сонымен қатар консулдық алым түріндегі мемлекеттік баж да алынады.

Консулдық алым түріндегі мемлекеттік баж, Қазақстан Республикасы
бекіткен халықаралық шартқа сәйкес Қазақстанда жасалған ресми құжаттарға
мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж, Қазақстан
Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін
мемлекеттік баж, жүргізуші куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж, көлік
құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін мемлекеттік
баж, мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін бергені үшін мемлекеттік баж,
мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрекет
жасағаны үшін мемлекеттік баж Казақстан Республикасының Бюджет кодексінде
(46-бап, 1-тармағы, 25)-31)-тармақшалары) республикалық бюджет кірісінің
салықтық түсімдері ретінде бекітілген.
Аталған мемлекеттік баждардан басқа өздеріне тән объектілеріне қарай
алынатын мемлекеттік баждардың сомалары толығымен жергілікті бюджеттердің
еншісіне берілген.
Консулдық алым. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері
мен консулдық мекемелерінің консулдық іс-әрекеттер жасағаны және заңи
маңызы бар құжаттар бергені үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен
заңды тұлғаларынан, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ
адамдардан және шетелдік заңды тұлғалардан алатын консулдық алымдары
мемлекеттік баждың бір түрі болып табылады.
Консулдық іс-әрекеттерге мыналар:
1) қызметтік паспортты, Казақстан Республикасының паспортын ресімдеу және
Қазақстан Республикасының визаларын беру;
2) шетелде болу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өтініштерін
ресімдеу;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығының мәселелері жөніндегі құжаттарды
ресімдеу;
4) азаматтық хал актілерін тіркеу;
5) құжаттарды талап ету;
6) құжаттарды заңдастыру;
7) нотариалдық іс-әрекеттер жасау;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де іс-әрекеттер жасау
жатады. Осы аталған консулдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру кезінде консулдық
алым алынады.
Консулдық алымды төлеушілерге тиісті мүдделеріне орай консулдық іс-
әрекеттер жасалынатын және заңи маңызы бар құжаттар берілетін Қазақстан
Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдік
азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік занды тұлғалар жатады.
Консулдық алым:
1) Салық кодексінің 502—506-баптарында көзделген жағдайларда;
2) консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы Қазақстан
Республикасымен келісімдері бар елдердің жеке және заңды тұлғаларынан;
3) құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы шарттар жасасқан елдердің
өкімет орындары мен жекелеген азаматтарының сұрау салуы бойынша отбасылық,
азаматтық және қылмыстық істер бойынша, алименттер туралы, мемлекеттік
жәрдемақылар мен зейнетақылар, бала асырап алу туралы құжаттар сұратып
алдырғаны үшін;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларда
алынбайды.
Ставкасы АҚШ долларымен белгіленген консулдық алымдарды Қазақстан
Республикасының аумағында төлеу Қазақстан Ұлттық Банкі алымды төлеу сәтіне
белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргізіледі.
Консулдық алым:
1) Қазақстан Республикасының аумағында — банктер немесе банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы
аудару жолымен консулдық іс-әрекеттер жүзеге асырылатын жердің
бюджетіне немесе қатаң есептілік бланкілері негізінде консулдық
мекемелерде қолма-қол ақшамен;
2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шаруашылық пайдалану
құқығынсыз дипломатиялык өкілдіктің немесе консулдық мекеменің арнаулы
(транзиттік) банк шотына банктер немесе банктік операциялардың жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен немесе қатаң
есептілік бланкілері негізінде консулдық мекемелерде қолма-қол ақшамен
консулдық іс-әрекеттер жасалғанға дейін төленеді.
Қатаң есептілік бланкілерінің нысанын уәкілетті мемлекеттік органның
келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейді.
Консулдық алым ставкаларының ең төменгі және барынша жоғары базалық

Консулдық алымды төлеу өз аумағында консулдық іс-әрекеттер жасалынатын
елдің валютасымен немесе кез келген еркін айналыстағы басқа да валютамен

Заң жүзінде негізделініп (1999 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған
Қазақстан Республикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап
етуді жою Конвенциясына қосылуы туралы Заңына сәйкес) егемен елімізде
енгізілгеніне санаулы уақыт өткенімен шет елдерде (Гаага Конвенциясына мүше
болған мемлекеттерде) ұзақ жылдар бойы қолданылып келе жатқан
апостильдендіру (апостиль қою немесе куәландыру және растау) өзінің мән-
жайына байланысты консулдық іс-әрекетке (оның ішінде құжаттарды
зандастыруға) ұқсас келеді. Бір мемлекетте берілген және сол мемлекеттің
аумағында заңи күші бар ресми құжаттарды басқа мемлекет аумағында
куәландырудан өткізбей пайдалануға жарамсыздығы құжаттарды заңдастыру
сияқты күрделі де қиын, бірталай шығындарды қажет қылатын, осыған орай
белгілі мемлекеттер үшін өткір проблемалар туындататын және консулдық
қызметтің бір қыры болып табылатын процедураға жол берген болатын.
Мемлекеттің консулдык қызметтері жүзеге асыратын осы құжаттарды
заңдастыру сияқты көп сатылы әрі көп уақыт алатын іс-әрекеттің
тиімсіздігіне, яғни тиісті процедурадан өткен құжаттардың тек сол мемлекет
аумағында ғана пайдалануға рұқсат етілуіне байланысты орын алып отыр.
Ал апостиль қойылған құжат, яғни уәкілетті органдар тарапынан
апостильге қойылатын қолдар мен мөрлер, оның бұдан әрі заңдастырылуын қажет
етпейді.
Сонымен, апостиль белгілі бір ресми құжатқа қойылған қолдың, оны қоюшы
(лауазымды) тұлғаның өкілеттілігін, құжатты бекіту үшін қойылған мөрдің
(немесе штамптың) жалған емес екендігін (дұрыстығын) растайтын арнаулы
штамп болып табылады. Оның нысаны квадрат (9х9см) түрінде болады және
бастапқы сөздері француз тілінде, ал қалған графалары мемлекеттік тілде
толтырылады. Осы апостиль қойылған құжаттарды Гаага конвенциясының
қатысушысы болып табылатын елдерде еркін пайдалануға болады және олар
қайтадан тексеріліп, куәландыруға жатпайды. Мәселен, Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің Әкімшілік департаментінің Құжаттық
қамтамасыз ету және бақылау басқармасының бірінші басшысы апостиль қойған
білім жөніндегі дипломдарды, орта білімі туралы аттестаттарды және т.б. сол
елдерде пайдалануға болады.
Бұл жерде айтатын бір жәйт, дипломатиялық немесе консулдық
мекемелердің құжаттарына, сондай-ақ кедендік және коммерциялық
операцияларға қатысы бар құжаттарға апостиль қойылмайды.
Сонымен, шетелдік құжаттарды басқа елдерде пайдалану процесін
жеңілдету мақсатында, кезінде Нидерланды Корольдігінің бас қаласы Гаагада
1967 жылдың 5 қазанында қабылданған шетелдік ресми құжаттардың
заңдастырылуын талап етуді жою жөніндегі Конвенцияға қатысушы 62
мемлекеттің қатарынан Ресей, Армения, Беларусь және Қазақстан да өздерінің
тиесілі орындарын алған.
Қазақстан Республикасында апостиль қою жөнінде өкілеттілік берілген
уәкілетті мемлекеттік органдарға мыналар:
1) Әділет министрлігі;
2) Білім және ғылым министрлігі;
3) Ішкі істер министрлігі;
4) Бас прокуратура;
5) Қорғаныс министрлігі;
6) Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
7) Жоғарғы Сот жанындағы сот әкімшілігін жүргізу жөніндегі Комитет және
т.б. жатады.
1999 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының ұстанымдары
мен талаптарын мемлекет пен қоғам өмірінде іске асыру мақсатында 2001
жылдың 24 сәуірінде кабылдаған Шетелдік ресми құжаттардың заңдастырылуын
талап етуді жою Конвенциясының ережелерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысын орындау үшін Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің 2001 жылғы 4 маусымдағы Бұйрығымен
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ
нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюдың тәртібі мен
шарттары туралы бірыңғай қағидалар бекітілгенін білуіміз қажет.
Сонымен, апостиль қойылғаны үшін мемлекеттік баждың төлеушілеріне
Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары елдерге шығатын немесе шет
жерлерден Қазақстан Республикасына келетін өздерінің ресми құжаттарына
апостиль қойылуына мүдделі тұлғалар жатады.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан
Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі
уәкілеттік берген мемлекеттік органдар апостиль қойғаны үшін - 20 процент
мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен нотариустарынан
шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік
берген мемлекеттік органдар қойған апостиль үшін мемлекеттік баж – апостиль
қойғанға дейін төленеді.

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін
бергені үшін:
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты – 400 процент мөлшерінде;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі — 20 процент
мөлшерінде;
жүргізушінің куәлігін бергені үшін - 125 процент мөлшерінде;
көлік құралдарының мемлекеттік тіркелгені туралы куәлікті бергені үшін
— 125 процент мөлшерінде;
автомобильге мемлекеттік тіркеудің нөмір таңбасын бергені үшін – 280
процент мөлшерінде алынады.
Мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-
әрекеттер жасағаны үшін, сондай-ақ құжаттардың нотариатта куәландырылған
көшірмелерін бергені үшін мемлекеттік баж республикалық бюджет кірісіне
түседі.
Уәкілетті органның зияткерлік меншік саласында жасаған заңды мәні бар
іс-әрекеттері үшін алынатын мемлекеттік баж.
Уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік саласында жасаған
заңды мәні бар мынадай іс-әрекеттері үшін:
1) алдын ала патент, патент, куәлік бергені үшін – 100 процент;
2) жалпыға белгілі тауар таңбасына сертификат бергені үшін – 100 процент;
3) өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру
шартын, кепіл шартын, лицензиялық және сублицензиялық шарттарды тіркегені
үшін – 150 процент;
4) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін – 1500
процент;
5) патенттік сенім білдірілген өкілдерді тіркеу туралы куәлік бергені үшін
– 100 процент мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Зияткерлік меншік саласына байланысты осындай іс-әрекеттерді жасау
кезінде:
1) қарттарға және мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар
мен мүгедектер;
2) мектеп-интернаттардың, кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлердің
мемлекет толық қамсыздандыратын және жатақханаларда тұратын оқушылары;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін – оралмандар
(репатрианттар);
4) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ
және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, Алтын Қыран, Халық қаһарманы, Отан
ордендерімен марапатталған адамдар, Ардақты ана атағын алған, Алтын
алқа, Күміс алқа алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оларға теңестірілген адамдар,
бала кезінен мүгедектер, I және II топтағы мүгедектер, Чернобыль апаты
салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік саласында алдын ала
патенттер, патенттер, куәліктер, сертификаттар беруге, шарттарды тіркеуге,
патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауға және тіркеуге
байланысты занды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баж осы
орган тиісті құжаттарды бергенге дейін алынады.
Көбінесе жергілікті бюджеттердің қомақты кірістерін құрайтын
мемлекеттік баж маңыздылығы мен фискалдық дәрежесі, сондай-ақ заңи
ерекшелігі жағынан салықтардан кем түспейтін міндетті төлем болып саналады.
Мемлекеттік баж арнайы мамандандырылған мемлекеттік органдар мен
тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың
құзырына өтінішпен келушілерге қатысты жасалынған заңи маңызы бар іс-
әрекеттер немесе берілген ресми құжаттар үшін сол өтінуші нақты жеке және
заңды тұлғалардан алынатын біршама-баламалы, ақшалай, кейбір кездерде
мәжбүрлі міндетті төлемге жатады.
Уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға өздеріне
қажетті заңи мән-маңызы бар іс-әрекеттерді жүзеге асыру не болмаса тиісті
ресми құжаттарды беру жөнінде өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар
мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.
1.5. Мемлекеттік баж сомасы
Мемлекеттік баж сомасы:
1) қарайтын істер бойынша сотқа тиісті арыздарды (шағымдар) немесе
аппеляциялық шағымдарды, сот бұйрығын шығару туралы өтінішті бергенге
дейін, сондай-ақ сот тиісті құжаттардың көшірмелерін берген кезде;
2) нотариалдық іс-әрекеттерді орындағаны үшін, сондай-ақ құжаттардың
көшірмелерін, дубликаттарын бергені үшін жасалған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz