МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе 3

І Тарау. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Отбасы тәрбиесінің мақсат, міндеттер 5
1.2 Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері 5
10
ІІ Тарау. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
2.1 Отбасында педагогикалық қолдау беру
2.2 Отбасы тәрбиесі – патриоттық сезімнің негізі 16
16
ІІІ ТАРАУ. ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ 19

Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
26
28

Кіріспе

Еліміздің көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылып, халықаралық
деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Шығыс ғұламасының бірі
болып саналатын Жүсіп Баласағұнның дастандарында отбасы тәрбиесі көп
айтылады. Мемлекеттің беріктігі тек ол билеуші қайраткерлерге, әділ заңға,
күшті әскерге ғана емес, әр отбасының беріктігіне байланысты екендігін
сипаттайды. Оның ойынша, отбасы беріктігі жақсы жар таңдаудан басталады
және өнегелі отбасында ғана өнегелі отбасында ғана өнегелі ұрпақ
тәрбиеленеді. Қазір қоғам талабы – халық санының көбеюіне мүдделеп отыр
[1;15].
Халық санының азаюы отбасында бала санының кемуі және көп балалы
отбасылардың азаюы болып табылады. Отбасындағы бала санының кемуіне
нақтырақ экономика мен қаржы тапшылығы себепкер болып отыр. Өйткені баланың
өсуі, күнделікті тағам өнімдерінің көтерілуі, киім – кешек баланың
қажеттерінің көбеюіне үлкен отбасыларға қиыншылық туғызады. Сондықтан шаған
отбасылар пайда болып, бала санын мектеп өсіруге жол ашады. Отбасы
мәселесін шешуде әр түрлі мамандар өз пікірлерін ұсынды. Нарықтық қатынас
жағдайындағы отбасының құралымдық сипатын әлеуметтанушылар М.Тәжин,
Б.Баяғанов былай деп түсіндіреді: Біріншіден, қазіргі қоғамдың
экономикалық өмірі кішігірім отбасының үлкен отбасылармен салыстырғанда
қайшылықтары көп, жолдарынан құтылуға болады, яғни, қазіргі экономикалық
өмірдің талаптарына икемделген болып келеді. Екіншіден, қазіргі шағын
отбасы өмірге бейімделуі жеңіл, отбасының және қоғамдық қажеттіліктерден
пайда болған қақтығыстарды шешу жолдарында жеңіл таба алады.
Бірақ, демограф М.Тәжімов үлкен отбасылардың болуын мақұлдап, бала
санын көбейтудің жолдарын қарастырады. Өйткені, Қазақстандағы халық санының
аздығы демографиялық күйзеліс туғызып отыр. Мемлекетте халық санының төмен
орында болуы халықтың өсуі жағдайына байланысты деген ой түйіндейді. Оның
үстіне отбасында педагогикалық жағдай көп балалы отбасыларда әлдеқайда
жеңіл болатынын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Балаларына қамқорлық жасау
және оларды тәрбиелеу ата – ананың құқығы, әрі парызы деп көрсетілген. Ал,
әлемдік деңгейде Баланың құқығы туралы Конвенция қабылданып, онда бала
дүниеге келмей жатып, қамқорлық жасаудың жолдары қарастырылған. Мұның өзі
бүгінгі балалар мен жасөспімдер тәрбиесінің өте күрделі екендігін
дәлелдейді. В.А.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды.
Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса, денсаулығының мықты болуына,
ой өрісінің кеңеюіне көңіл бөледі. Ерексектік кезең бала тәрбиеленудегі ең
қиын кезең екендігін айта келіп, ата – аналарды балалармен сырласуға
шақырады. Н.Пирогов өзінің таңдамалы шығармаларында Бала дұрыс түсініп,
қарым – қатынас жасау үшін оны өміріміздің өрісіне емес, біз өзіміз олардың
өрісіне енуіміз керек деп тұжырымдайды. Бала жүрегі айнадай тап – таза
мөлдір, сол айнадай баланы көру үшін оның жүрегіне үңіліп қарауды қажет
етеді. Л.Пинттің пікірінше, ата – аналар балаға жақсы тәрбие беру үшін оның
мінез құлқындағы әрбір ұсақ – түйектерді байқап білуге қабілетті болуы
керек. Отбасындағы бала тәрбиелеу жұмысы түбегейлі жүйелі түрде
қадағаланып, жаңаланып, заман талабына сай өзгеріп дамып отырса, тәрбиенің
құндылығы арта түседі. Халықтық педагогика негізінде қалыптастыру
мәселелерін С.Ұзақбаева құндылық бағдар – негізінде Г.Нұрғалиева, ізгілік
эстетикалық бағытында Қ. Шылыбекова, тұтас педагогикалық үрдіс негізінде
болашақ ұстаздарды ізгілікке тәрбиелеуді Н.Хмель, қиын балаларды қайта
тәрбиелеу мәселесін Б.Айтмағамбетова мен Н.Бозжанова сияқты ғалымдар
зерттеп келді. Олар ұнамды қасиеттердің барлығының қалыптасу отбасында
қалатындығын дәлелдеп, қиын, балалар тәрбиесі мәселелері бойынша
жүргізілген зерттеулерінде отбасы тәрбиесінің, ролін ерекше атап көрсетеді.
Ал, В.Лысенко бала дұрыс тәрбие алып дамуы үшін ең алдымен, ата – аналар
отбасы тәрбиесінде белсенділік танытуы қажет деп санайды. Ол үшін ата –
аналар педагогикалық білімін көрсетіп отыруы қажет. Баланың жетіліп
қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе баланы қиын
атануға алып келетін ата – аналардың балалармен, тәрбиешінің балалармен
қарым – қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты
шешудің негізгі бірден бір жолы отбасындағы ізгілікті қарым – қатынасты
орнату. [2.30]
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру
әлеуметтік құрылымы ең маңызды міндеттердің біріне айналады. Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасындағы
Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сапасы. Ол баланың
жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық делінген. Баланы
тәрбиелеу, дамыту мен білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы
өзара тығыз байланыста болуы қажет. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей,
бала тәрбиелеуде іске асырушылар – балабақша мен отбасы. Отбасылық
тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі
мекеменің жаңа қарым-қатынасын талап етеді. Ата-аналарды педагогикалық
үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің максат, міндеттерін түсінуіне, бала
тәрбиесін ойдағыдай іске асыруларына ықпал етеміз. Ата-аналардың өз
балаларының балабақшадағы өмірін, қалай өсіп жетілетіндігі интеллектуалдық
жеке қабілетінің қалыптасатынын көріп, біліп отырғаны абзал. Ата-ана мен
балабақша атқаратын істер әрқилы болады да, бірінің жұмысын екіншісі атқара
алмайды, сондықтан олардың қарым-қатынасы бірін-бірі толықтыруы, бір-
бірімен түсінісуі, бір-бірінің бағытында құрылуы тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты – мектепке дейінгі балалардың отбасы
тәрбиесін қарастыру. Осы қойылған мақсатқа байланысты мынадай міндеттерге
жүгінуді жөн көрдім:
- отбасы тәрбиесінің қағидалары мен ережелерін анықтау;
- отбасы тәрбиесінің мақсат, міндеттеріне тоқталу;
- қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктерін ескеру;
- отбасындағы бала тәрбиесінің маңызын анықтау;
- мектепке дейінгі балалардың отбасы тәрбиесін толығырақ ашып көрсету;
- отбасында педагогикалық қолдау беру мәселесіне көңіл бөлу.
Курстық жұмысының нысаны болып мектепке дейінгі балалардың тәрбие
процесі алынды.
Курстық жұмыстың әдіснамалық және теориялық негіздері болып білім мен
тәрбиенің мән-мазмұнын ашып көрсететін таным теориясы, табиғаттың, қоғамның
және адамның диалектикалық бірлігі мен өзара байланысы туралы заңдылықтар.
Жеке тұлғаның елжандылық құндылығын қалыптастыру, іс-әрекет, тұлға,
құндылықтар теориялары негізінде қарастырылады. “Бала құқықтары” туралы
Конвенциясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан
Республикасының “Білім туралы” заңы, Қазақстан Республикасы білім беру
мекемелерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасы, Қазақстан Республикасы
азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы
басшылыққа алынды.
Курстық жұмыстың әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық,
әдеби еңбектерге теориялық шолу, озық педагогикалық тәжірибелерді оқып
үйрену, салыстыру, талдау, қорытындылау.
Курстық жұмыстың негізгі дереккөздері:
- Қазақстан Республикасы заңдары, нормативті құжаттары, тәрбие беру
тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалар;
- алыс және жақын шет ел, Қазақстан ғалымдарының тәрбиелеуге
байланысты философиялық, психологиялық-педагогикалық, тарихи,
жазушылардың жас ұрпаққа тәрбие беру мәселесіне қатысты еңбектер,
шығармалар, диссертациялар, мақалалар, монографиялар, әр дәуірде
өмір сүрген ойшыл-ғұламалардың, қазақ зиялыларының тәлім-тәрбиелік
мұралары, тұжырымдары;
- білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбие берудегі іс-тәжірибелер,
алдыңғы қатарлы тәрбиеші-педагогтардың оқу-тәрбие үдерісіндегі
тәрбие жұмысындағы озық тәжірибелері және ғылыми-ізденушінің
өзінің педагогтік қызметі мен зерттеу тәжірибелері.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Тарау. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.1 Отбасы тәрбиесінің мақсат, міндеттер

Баланың сапалы білім алуы мектепте ғана емес, ата-ананың қамқорлығына
да тікелей байланысты. Салауатты отбасы өркениетті қоғамның талабы. Қазіргі
заманғы отбасы тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде мән беріліп отыр.
Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды
өркениетке жеткізу, ең алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс ұймдастырудан
басталмақ. Оған дәлел 1989 жылы Біріккен ұлттар ұйымында қабылданған,
кейіннен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған. “Баланың толық үйлесімді дамуы
үшін, ол мейірім мен өзара түсініктігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін
бақытты ахуалдық ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай-ақ бала әлі дене,
ақыл-ой жағынан толыққанды жетілмегендіктен, олар туылғанға дейін де,
туылғаннан кейін де ерекше мейірімділікке, қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық
қамқорлыққа мұқтаж”деп көрсетілген. Қазіргі кезде отбасындағы
ынтымақтастықты орнатуға немқұрайлықпен қарау орын алып отыр. Бұл көрініс
жағдайымен отбасындағы балалар тәрбиесіне көңілдің бөлінбеуі, тіпті ата-
аналардың жиналысқа келмеуі, тіпті мектеппен байланыс жасауға талпыныстың
болмауына әкеліп отыр. Жас ұрпақ елдің болашағы, тірегі, тізгіні. Егемен
еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар сондай жас ұрпақты тәрбиелеу ұстаздар
қауымына аса жауапты да қиын міндеттер жүктейді. [3;6]
Қазіргі кезде мектеп пен ата-ана арасында байланыс үзілді. Бұл
кемшіліктің ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізетінін күнделікті өмір
дәлелдеп отыр. Мәселен, ата-аналар жиналысына келмеуі, ұл-қызының оқуы мен
тәрбиесіне көңіл бөлмеуі ерекше ойлауға, себебін ашуға тұрарлық мәселе. Ата-
ана мен мектеп арасында байланыс болмайынша саналы тәрбие, сапалы білім
болуы мүмкін емес. Ата-ананы мектепке шақырғанда, сол жиынның ата-анаға
тигізер әсеріне, тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлгені абзал. Ата-анаға,
балаға тәрбиені тек мектеп беру тиіс деген пікірден аулақтату үшін
біріншіден, тәрбие-отбасынан басталатынын ұғындыратын әсері мол жиындар.
Педагогикалық сабақтар, семинарлар және дебат өткізу қажет.
Бала-адамның бір қызығы ғана емес сонымен қатар ол өмірдің жалғасы,
ұлттық ұстанымы, елдің ертеңгі егесі де.
Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтудегі мақсат-өскелең
ұрпақтың құқықтарымен мүдделерін қамтамасыз етуге әлеуметтік қоғамдастықтың
ұсынуына бағытталған, сонымен қатар жетім және мүгедек балалар, ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы және толық емес
отбасыларында тәрбиеленетін балаларға қолдау көрсету болып табылады.
Кейбір отбасының белгілі бір себептерге байланысты әлеуметтік
жағдайының құлдырауы, балалармен ата-аналардың денсаулығының нашарлығы,
некесіз бала туудың, моральдық жағынан азып-тозған ата-аналардың көбеюі
және оларды жауапқа тартудың пәрменді шараларының болмауы елімізде жетім
балалар санының ұлғаюына әкеліп соғуда. [4;15]
Тәрбиенің негізгі мәселесі тәрбиеден бағытталады. Балалар өскеннен
кейін олар – өздерінің құрбыларымен ойнай бастайды. Балалардың жанының,
пәнінің дамуы үшін ата-аналары жауап береді. Барлық балалар балалардың
ортасында, тәрбиеленеді олармен сөйлесу, ойнау арқылы.
Бала бұл-бақыт ата-ананың еңбегімен келген жан. Баланың бастапқы жеке
басын қалыптастыру үшін ең алдымен балаларды мектепке дайындауымыз керек,
ол үшін ең алдымен балаларды мектепке барлық күшімізді салуымыз керек.
Балаға ең алғаш тәрбие беретін ата-анасы. Отбасындағы тәрбиенің бала өмірі
үшін маңызы зор. Әрбір ата-ана өз баласының жақсы тәрбие алғанын қалайды.
Сондықтан өз баласына кішкентайынан жақсы тәрбие беруге тырысады. Кейбір
балалар ата-ананың аялы алақанын көрмей өссе де ол жақсы тәрбиелі,
инабатты, кішіпейіл болып өседі. Баланың тәрбиесіне кішкентайынан жақсылап
көңіл бөлу керек. Көңіл бөлу керек дегенде сөйлесіп отыру керек.
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат
мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын
салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік
ететін басты фактор болып саналады.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі,
өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты
міндеттердің бірі.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру
әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында
Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың
жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық делінген.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен
балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі
құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен
байланыс арқылы одан әрі жалғасады.
Жаста білген,басқа сіңген тәлімің,
өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас, - деп классик жазушы айтқандай
балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім
нышандары, сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын
кеңейтеді.
Оны туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа
тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі.
Жұмыла көтерген жүк жеңілдегендей бала тәрбиелеуде осындай
міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы.
Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса, ұштаса
жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ.
Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – айналаны тану,
сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге
баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып
әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке,
талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке
дайындау.
Педагог ғалымдардың тұжырымдарына сүйенсек тұлғаның қалыптасу
нәтижелілігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты екенін білеміз.
Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп
жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым – қатынасын талап етеді.Бұл қарым-
қатынастың жаңашылдығы ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас деген
түсініктермен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік
стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды
топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар
мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады.
Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым-қатынас барлық
нысандары мен түрлерінің негізгі мақсаты балалар, ата-аналар, педагогтар
арасында сенімділік қатынасты орнату, оларды бір командаға біріктіру,
өздерінің проблемаларымен бөлісу және бірлесіп шешу қажеттілігіне
тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өзара
сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады:
- педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру;
- іс-әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне
қатысу, әртүрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша қызмет көрсету;
- балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау;
- қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
- әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету;
І.Педагогикалық - психологиялық сауаттылыққа жетілдіру.
Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің
мақсат, міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына
ықпал етеміз. Ата-ана баланың мүмкіндігін ескеру, сонымен қатар кідіріс те
болдырмау керектігін түсінеді. Ата-аналардың педагогикалық мүмкіндіктерін
анықтайтын жағдайлардың кешені өз деңгейінде болу қажет. Олар отбасының
тұрмыстық жағдайы, құрылысы және отбасы мүшелерінің саны, психологиялық
жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата-ана өнегесі.
ІІ. Іс - әрекеттің түрлі формалары
Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды
нәтижесі ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның
басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-
қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ
па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз
салыстырады. Бәрін мен дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің өзге
нәтижесі қалыптасқан, неге үйрену керек деген рефлекстік қызмет іске
қосылады.
Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып
жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселерді,
отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар
ата-аналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған
әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын
алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен
таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше қызықты етіп
өткізуіне үлес қосу үшін біздің балабақшада Шебер қолдар үйірмесі жұмыс
жасайды. Балаларды қол өнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге үйретсе,
кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу,
атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға атсалысады.
ІІІ. Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дұрыс бағытта
дамыту үшін олардың жас ерекшеліктері мен нақты дара ерекшеліктерін ескере
отырып қалыптастыру қажет. Балаларға арналған көркем шығармалар баланы
шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны көркемдеп баяндап
баланың сөздік қорын молайтып,тілін байытамыз.Мектеп жасына дейінгі балалар
бейнелеу өнерімен жалпы топтық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен тыс
уақыттарда шұғылдана алады. Барлық білім салалары бойынша іске асыруға
болады.
IV. Қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.
Ата-аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік
күні. Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен,
тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен
қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға
саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар,
серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіске ата-аналармен әңгімелеседі, олардың
алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді
жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені
анықтау қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың
пікірлерін де тыңдаймыз.
Ата-аналар конференциясы. Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық
тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу. Ата-аналар алдын-ала мәлімдеме
дайындайды, немесе оларды бірлесіп те дайындаймыз.Конференцияның өзекті
тақырыбы мысалы, Бала денсаулығына қамқорлық атты конференцияға аудандық
аурухананың балалар дәрігері О.Жұмашевтың қатысуымен балабақша ішілік
конференция өткіздік. Бұған барлық ата-аналар, тәрбиешілер, балабақша
қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ мұндай конференцияларға балалар
әдебиетінің жазушыларын, заңгерді қатысуымен өткізіп, ата-аналармен
пікірлер бөлісіп, өз қызметтерінің бала тәрбиесіне тигізер пайдасы туралы
тәжірибелерімен бөлісе алады.
V. Әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға отбасы мен
мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлі емес өзара іс-әрекеті бірлігінің
педагогикалық принципі негізінде жүзеге асыруда байқауға
болады.Тәрбиешілердің, қоғамдық ұйымдардың және отбасының ұрпақты
тәрбиелеуде бірлесіп қоян-қолтық жұмыс істеуін талап етеді.Егер де
тәрбиелеу күштері қалыптаспаса және бір-біріне қарама-қайшы келсе, онда
бала психикалық жүктемелерге тап болады.
Дамытушы ортаға
• Демалыс аймағы;
• Интеллектуальдық - танымдық аймақ;
• Өз бетінше бейнелеу әрекетін жасау аймағы;
• Ойын аймағы.
1.Балалардың педагогикалық-психологиялық даму картасы
Балалардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуындағы жетістіктерін
бағалау индикаторлары
Тәрбие мен білім берудегі дамытушы ортаның деңгейін анықтаушы
индикатор жасаймын
2.Отбасындағы баланың дамуын зерттеу (отбасына бару
сауалнама,тест,интерпритация - суреттері, т.б) жазып қоямын
3.Тренинг жұмыстарын ұйымдастыру
Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі
4.Топтық,жеке кеңес беру
Кеңестер. Әдетте кеңестер жүйесі құрастырылады, олар жеке дара немесе
ата-аналар топтарымен жүргізіледі. Топтық кеңестерге бірдей проблемалы
немесе тәрбиелеуде бірдей табыстары бар әр түрлі топтың ата-аналарын
шақырамыз.Ата-аналардың белгілі білімдерді, әдістерді меңгеруі, проблемалық
мәселелерді шешуге көмек көрсету кеңестердің басты мақсаты болып
табылады.Кейбір жас ата-аналарға семинар - практикумдардың маңызы зор. Бұл
нышан оқытудың әдістері мнн тәсілдері туралы айтуға, кітапты қалай оқу
керектігін көрсетуге, иллюстрациялы суреттерді көруге, оқығаны туралы
әңгімелеуге, жазуға қолын жаттықтыруға мүмкіндік береді.Топтық жиналыстарды
талқылауға 2-3 мәселені ұсынады бір сұрақты тәрбиеші дайындайды, басқа
мәселелер бойынша ата-аналар немесе мамандардың біреуі дайындайды.
Балалардың кітапқа деген қызығушылығын қалай ояту керек?, Теледидар
балаларды тәрбиелеуде дос па әлде жау ма? өткізуге болады.
Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ
жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі
болмақ.
Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл,
мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.

1.2 Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері

Біз үлкен болайық кіші болайық, ұстаз болайық, шәкірт болайық, әке
болайық, ана болайық бәрімізде талай-талай тәлімнің төліміз, тоқсан тарау
арнамен кеп тоғысқан тартымды тәрбиенің жемісіміз...
Тіршілік етуші жан тәрбие жинайды, оны топтап жинақтайды, саралап
түйіндейді. Осы қазынасын орайы келсе, ұрпағына таратады, игілігіне
асырады. Сондай тәлім тәрбиенің қайнар көзі-қазақ отбасындағы тәрбие.
Отбасы шағын мемлекет-дейді данышпан ойшылдар. Оның шекарасы, тіршілігі,
мінез-құлқы болады. Отбасы ерлі зайыптылардан, бала-шағадан тұрса, онда
олардың тіршілігі тату-тәттілігі, ақыл-парасаттылығы-бала тәрбиесінің алтын
бесігі. Отбасы ынтымағы жарасса, ұрпағының тәлімі де өнегелі болары баршаға
аян. Опалы жұбайлар ғана оңды ұрпақты өсіреді. Бала жүректің миуасыдеп
қарайтын балажан халықтардың бірі-қазақ халқы да балаға ежелден болашағым
деп қарап, үлкен үміт күткен. Әр ата-ана, әр отбасы арманын ұрпағына аманат
етіп тапсырып отырған.
Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры-деп сүйсінеді. Әрбір отбасы
ұрпағының тәттілігін халқымыз қат – қабаттай қастерлеп айтады.
Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата – анаға бала
қадірлі. Неткен зердей інжу сөздер!
Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі. Халық қандай қомақты
толғайды, қалай терең түйіндейді! Ұядай ғана үйден өскен ұлан бүкіл әлемге
жол тартады. Жол бастауы – отбасы. Ұзақ өмір кітабының әліппесі – отбасы
тәрбиесі, яғни Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа дегендей, әр ұлттың өзіне тән
салт – дәстүрі, мінез – құлқы, өзіндік психологиясы болады. Сондықтан қазақ
халқының да өзіне тән мінез – құлқы, әдеби, ұлттық қадір – қасиеті бар. Бұл
жөнінде Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, М.Әуезов тағы
басқа зиялы қауым ұлттық тәлім – тәрбие, әдеп, педагогика, психология
саласында сындарлы пікірлер айтқан. Мәселен, ...адамның өз басының
көгершінімен, ұлт көгермейді... ұлт көркейсе, ол бақыт сол ішіндегі
адамдарға ортақ ... ұлтын, Отанын көркейту – қандас, діндес, тілдей
бауырларының қамын жеу, - деп Ж.Аймауытов ой қозғаса, М.Жұмабаев ...
қазақтың тағдыры да, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде
құрылуына барып тіреледі ... мектебімізді таза, берік пәле өз жанымызға
қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай – ақ
сертесуге болады деген еді. Сондықтан ұрпақты аға ұрпақтың мойнына
жүктелетін тарихи парыз, игілікті тапсырма.
Қазақ халқының әрбір отбасы өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап ұлттың
тәлім тәрбиеге сусындатып, бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеген және сол
дәстүрді мықтап ұстауын талап еткен. Мәселен, атасы немересіне алдымен
елінің құтты қонысын таныстырған.
Осындай ұлттық тәлімнің бастаулары болған имандылық, Отан сүйгіштік,
мақсаткерлік, ақылдылық пен адалдық, борыш пен жауапкершілік, мейірімділік
пен ізгілік, шыншылдық пен достық, еңбек пен қуаныш сияқты игілікті
тәрбиеден аға ұрпақ еш уақытта бас тартқан емес, тартпайды да...
Аға ұрпақтың жас ұрпаққа салғырт қарауынан қазақи тәлім – тәрбиені
осалдатып алған жоқсыз ба? Аға ұрпақ баланың қарны аш, иіні жалаңаш болса
болды, одан артығының қажеті не деген сұрақтар әрбір ұстаз пен психологтың
жанын мазалайтыны рас. Қорыта келе, асырау мен асыл тәрбие берудің екі
түрлі мәселе, айырмасы жер мен көктей. Оқыған азаматтың қызметке
тұрлаусыздығы, білім аз шамалылығы, құр даурықпа боямалылығы, еліктегіш
мансапқорлығы, кеңсешілдігі, майдакүнемдігі, негізгі мақсат – мұратының
жоқтығы, берік жол тұтына алмайтындығы – осының бәрі шын әлеумет
қызметкерлерінің піспеген, шынықпағандығын көрсетеді деген Ж.Аймауытовтың
асыл сөзін айта келіп, аға ұрпақтың өз бойындағы кемшілікті жоймай, келешек
тәрбиенің түзу болмайтындығын айтқым келеді. [5;20]
Ұзаққа созылған өз тарихы бар отбасы балаларды тәрбиелеу жолында
орасан көп бақылаулар нәтижесін жинақтап, қорытты. Осы қорытулар негізінде
аса маңызды тұжырымдар жасалып, олар отбасыдағы балаларды тәрбиелеудің
жалпы заңдылықтары ретінде белгілі жүйелерге орай топтастырылды, Дегенмен
олардың бәрі ғылыми зандылық байланыс белгілеріне ие болмаса да, өз
дәрежесі бойынша алғашқы тұрмыстық деректі пайымдар мен қарапайым көзқарас
пікірлерден жоғары келеді. Олардың бәрінің төркін мәні - ата-аналарға
кеңес, отбасылық тәрбие ережелері.
Ата-аналар өз тәрбиелік әрекеттерін осы ережелер тұрғысынан салыстыра
бағалап барады, сонымен бірге ережелер педагогтар үшін, әсіресе егде ата-
аналарға өнімді де негізді кеңестер беріп отыруға қажетті.
Жалпы адамзаттық мәдениеттің бірегейлігі мен тұрақтылығын ескеретін
болсақ, балалар ата-аналарынан өз тұлғалық қажет сапалары жағынан онша
алшақтамайды. Егер әке мен шеше екеуінің болымды да болымсыз барша
қажеттері мен сапаларының қосындысын тең ортадан бөлетін болсақ, олардың
жұптастығынан болған баланың біршама дәл бейнесін алуға мүмкін екендігін
ғылым дәлелдеп отыр. Бұдан табиғат-ананың біз үшін аса күрделі мәселе
туындатпайтынын байқаймыз. Солай да болса отбасыдағы бала тәрбиесіне
байланысты көкейтесті проблемалар түбегейлі шешімін таппауынан қате
кемшіліктер бітер емес, бітпейді де.
Отбасы тәрбиесінің тиімділігін көтеруге кедергі болар жәйттер қандай?
Біріншіден, нәсілдік. Егер ата-аналардың өздері балалық шағында қандай
да жүйке, тәндік, сана-сезімдік проблемаларға кезіккен болса, олардың өз
ұрпақтарында да қайталанатынына дайын болып, тумадан көрінетін дерттердің
алдын алғаны жөн. Екіншіден, өзгеріске түсіп, үздіксіз күрделеніп баратын
балалардың болмыс, тұрмыс жағдайлары, әлбетте, мұндай жәйттердің жүз беруі,
бермеуі әрі соларға байланысты проблемалардың туындауы ата-аналардың
өздеріне тәуелді. Үшіншіден, күннен-күнге төмендеп бара жатқан отбасылық
тәрбие мәдениеті. Әрине, бұл тұрғыдан ата-аналардың жетімсіз педагогикалық
мәдениетін ғана кінәләп қоймай, халықтық тәлім-тәрбие үрдістерінен алшақтап
бара жатқанымызды, барша қоғамдағы тәрбие салт-дәстүрлерінің келеңсіз
бағытта белең алып жатқанын ескеріп барған жөн.
Аталған және басқа да сан қилы әлеуметтік-қоғамдық себептер негізінде
ата-аналар ықпалы мен бала тәрбиесінің санасы арасында мың сан тәуелді
байланыстар өрбитіні белгілі. Солардың арасынан аса көзге түсер, маңызды
болған жәйттерге талдау беріп, және олар бойынша жасалатын тұжырымдарға
орай ата-аналар мен педагогтарға қажетті кеңес ұсыныстарды алға тартқан жөн
болар.
Отбасы проблемаларымен шұғылданушы әлеуметтік педагогика тәрбиеге
байланысты аса нәзік те тереңдей жайлаған тәуелділіктерді байқастырып,
оларды қазіргі заман балаларын қоғамдық оңды үрдістерғе икемдестіре
тәрбиелеу сапасын көтеру үшін пайдалануды ұсынады.
Олар арасында елеулі маңызды болғандары:
1. Баланы қоршаған жақын орта басымдылығы (приоритет). Өмір
дәлелдегеніндей, адамдардың бір-біріне ықпал жасау дәрежесі олар арасындағы
жақындыққа тікелей де тура байланысты. Жақын-жуықтар шеңберіндегі
қатынастардан туындайтын талап, шектеулер жалпы қоғамды қоса, бізден аулақ
болған қауымдастықтар мен әлеуметтік топтардан болатын ықпалдардан гөрі
салмақты да әсерлілеу. Осыдан да баланың болашақ сәтті өмірін қамтамасыз
етуде отбасының рөлі орасан.
2. Мейір мен сүйіспеншілік баланы билеудің басты құралы. "Әркім
сүйгенінің құлы" деп атам қазақ бекер айтпаған. Балаңызды тәрбиелі көргіңіз
келсе, оны аталық мейірім мен аналық махаббатқа бөлеңіз. Сонда әке, шеше
тарапынан қолданылатын басқа ықпалдардың қажеті болмай қалады.
3. Бала тәрбиесінде ұлы ғұлама В. Гете даналығын бірер сөзді ереже
ретінде қабылдаған көп болмас: "Егер біз адамдарды сол күйінде қабылдайтын
болсақ онда, оларды тәрбиеден алыстатқанымыз. Ал, егер біз оларды
болашақтағы өзіміз арман еткен тұлға ретінде қабылдасақ, олардың бойындағы
табиғаттан дарыған жақсылықтарының жүз беруіне, содан азаматтық кемелге
жетуіне көмектескеніміз".
4. Ата-аналар өзімшілдігіне (эгоизм) негіз болар "мүдделі күтім"
(востребованное ожидание): адам пендеге кейде тән болатын қасиет - өз
қалауымызды ғана қалайтынымыз, осы қалаудан қандай да ауытқу болса, оған
деген қызығушылық өрістей даму орнына, керісінше, құрдымға кетеді. Ал
мұндай өзгеріс, сіз қанша тырысқаныңызбен балаңыздың даму барысында көрініп
жобалаған жоспарыңыз ақталмай жатады. Тәрбие барысында күткен мүддеңіз
орындалмай, сіз қиналасыз, атасы мен анасы күткеніндей бола алмағанын
балаңыз күйзеледі. Нәтижеде жалпы отбасыдағы тәрбие дағдарысқа ұшырайды.
5. Балаға қаратылған ниетті өтініш әсерін күшейте түсу жолын қарастыру
— ата-ана қалауынан ауытқу ықтималын кемітеді. Бұл үшін өз қалауыңызды
әдейі керісінше талаппен ауыстырыңыз (инверсия). Мысалы, айтқанды қылмай
жүрген баланы ұйықтатқыңыз келсе, қандай да сылтау тауып, көзін
жұмдырмаңыз; беті қолын жуып-шайып жүретін еткіңіз келсе, суға жақындатпай
көріңіз, сонда баяғыдан сізді қинап келе жатқан кері өжеттік сіздің
қалауыңызға қызмет ете бастайды; яғни өз "менің" көрсетуге табиғатынан
құштар бала ал, "ұйықтағаным ұйықтаған", "жуғаным жуған" деумен өзі бұрын
қаламайтын әрекетін енді сезбестен орындаумен болады.
6. Отбасылық тәрбиеде дағдарысқа кезіктіру тәсілін қолданудың пайдалы
тарапы бар. Бала үшін қатерлі, түсініксіз, немен аяқталары белгісіз
жағдайларды әдейі ұйымдастырып, содан баланы өзінше жол тауып шығуға
мәжбүрлеу қажет. Әлбетте, мұндайда ата-ана баласының қандай да қатерге
ұрынып қалмауын аңдып, оның әрекеттеріне байқатпай реттеу-түзетулер беріп
барады. Осындайда қажетті бейімділіктерді алған бала, болашақ өміріндегі
қай дағдарысқа да дайын болып өседі.
7. Балаға үйретіп жатқанын өзі орындай алған мұғалім - ұлағатты ұстаз.
8. Баламен араласа жүргізілетін жұмыста "үзілді үнсіздіктен"
сақтаныңыз.
9. "Бір жөнді қаталдықта ұстау". Алдын ала көзделген құлық-әрекет
қалпы шеңберінде өскен баланың болашақта кім әрі не болары күні ілгері
түсінікті келіп, қатер туғызбайды.
10. Бала тәрбиесінде ұсақ-түйек болмайды. Ірі жетістіктерді бала
болмысындағы майда-шүйде қажет сапаларды біріктіре қалыптастырудан
бастаңыз.
11. Педагогтар мен ата-аналар өздерінің бұрыннан қалыптасқан
қатынастар тәуелділігінде қалып қоятынын ұмытпағаны жөн. Кейде ата-аналар
оқиғаны қабылдауды оқиғаның өз мәнінен шығармай, сол оқиғаға болған бұрынғы
қатынасын тәуелді болып қалады, яғни бала қылығын өткен бір уақытта жек
көргенімізден, бұдан былайғы да қылықтарын оңды қабылдамаймыз. Мысалы,
сағат кешкі 20-дан соң баланың кешігіп келуін жаман әдет деп
қабылдауымыздан, бұдан былайғы кешіккендерінің бәрін, қандай себептер
табуына қарамастан теріс бағалаймыз.
12. Әр бастауыңыз жаңалықты болсын. Кешегіңізді қайталамауға
тырысыңыз. Табиғаттан үлгі алыңыз: ағаштан үзілген миуа өз орнына қайта
ілінбес. Балаңызға болған кешегі ықпал бүгін сол күйінде оған әсер ете
алмайды.
13. "Қызықсыну екпініне" арқа сүйей отырып, балаға әр іс басында
жеңілдік беріңіз. Содан соң бірте-бірте талапты күшейтумен, ақырында
алғашқы талап формасын өзгертіңіз. Іс бастауындағы "қуаныш сезімі" тұрақты
бекіп, сол сезім кейін де балаға қолдау-қуат көзіне айналады.
14. Бала тәрбиесіндегі көптеген кемшіліктер негізі бір себепті - бір
топқа біріктірілген "ұсақ-түйектер" санының ұлғайып кетуі. Осындай
жинақталып келген "ұсақ-түйектер" адамның өз болмысын анықтамай, сырттай
"бет әлпетін" айқындайтыны бар. Тәрбиеші санасында қалыптасқан б бейнесі
"жалпыланған" күйде болып, нақты тәрбиелік ықпалға үйлеспей қалады.
Сондықтан да әрбір отбасы өз перзентінің дарындылық тарапын баса айтып,
мүғалімдерден баланың ұнамды тараптарына ыңғайласа жұмыс жүргізуін талап
еткені жөн.
15. Мүмкіндігі болса, үйде баланың оқу жұмыстарын орындайтын дөңгелек
формалы стол пайдаланыңыз. Дөңгелек стол төңірегіндегі адамдардың әрқашан
еріксіз қайрымды болатыны ғылымда дәлелденген.
16. Ата-ана әлпеші мен оның ғажайып ұнамды ықпалға ие болатыны баршаға
аян. Осы киелі ықпалды жалықпай пайдалануға күш салыңыз.
17. Отбасыда өшпенділікке бірде-бір орын қалмауы тиіс. Өшпенділік
жолын қалаған адам екі табыт арқалайды, бірі - өзінікі (О. Уайльд). Бала
қылығына егесіп, оны қандайда жақсылықтан айырған әке мен шеше оған
өшпенділік жасағаны. Мұндай жағдайда балаға ықпалды қатынасыңызды ашу-ызаға
бұрмай, экономикалық жолмен шешкеніңіз дұрыс істемеген екенсің - еш нәрсе
алмайсың, ештеңе саған берілмейді.
18. Еш бір пендеге де өз өмірін қате, кемшіліксіз, "басын жарға ұрмай"
жүріп өту бұйырмаған. Өмір күрделілігі мен таңданарлығы да осынысында.
Көбірек өмір тұрмысы жайында баламен сұхбаттасыңыз. Құрғақ уағыздан гөрі
балаңызға үлгі-өнеге көрсетіңіз, өз тәжірибеңізді әңгімелеңіз, отбасылық,
бабалар тарихын қозғаңыз, өсиет, хадис сөздерін пайдаланыңыз.
19. Бос әрекеттен қашыңыз, адами намысын оятып, баланы әз бойында
мақтаныш көздерін табуға үйретіңіз. Өз қадір-қауметін сезіп, бағалай білген
адам қандай қиыншылық кезіксе де ұяттан үстем болуға, ел көзінде аяқ асты
болмауға тырысады, бар күшін салып бағады.
20. Әр қандай жүйе тұрақты да берік болуы үшін оны уақытылы-уақытымен
"сілкілеп" тұрған жөн. Өз балаларың бен шәкірттеріңізді осылайша берік,
белсенділік тексерісіне салып тұрсаңыз, тәрбиелік ісіңіздің қаншалықты
жемісті болғанына не боларына көзіңіз жетеді.
21. Алдымен көздеген әрбір ісіңізді ой сарабынан өткізуді ұмытпаңыз,
әрекет кейін бола береді.
22. Баланың (қандай да келеңсіз істелген әрекетіне қатынасыңыздың
алғашқыда сезімдік (эмоционалды) болатынын, ол екінші әрекетіңіз — насихат
айту көңіл шарпуыңызбен бірге жүреді. Осы байланысты өз мүддеңізге бірлікті
қолдана біліңіз.
23. Ғылым дәлелдегеніндей, уақыт қорының 20 пайыздық алғашқы мезетінде
көздеген нәтиженің 80 пайызы қолға тиеді, ал қалған 80 пайыз уақытында 20
пайыз нәтиже орындалады. Сондықтан "қуалай" тәрбиелеуді үрдіс етпеңіз,
пайдасы шамалы.
24. Біркелкілік пен бірізділік — тәрбиедегі маңызды принциптер.
25. Балалардың ересектермен қатынасында теңдік болмайды, бұлар
арасындағы қатынас тәуелділік пен бағыныштылыққа негізделген. Мұндай
теңсіздік арадағы көңіл жақындығы не алшақтығымен өлшенеді. Балаларға
қойылатын шектеулер осы қатынасқа тәуелді. Балаларыңызбен қатынастың қандай
да қаншалықты болары - өз шешіміңізге орайлас.
26. Басқалар көзінше берілген ескертуді бала әрдайым жазғыру, кінә қою
ретінде қабылдайтыны белгілі. Балалармен тілдесуді мұны ешқандай ұмытуға
болмайды.
27. Талаптар әрқашан әділ де анық қойылып, нақты орындалуы тиіс. Өз
педагогикалық талаптырыңызды орынсыз, қажетсіз түсіндірме, құрғақ сөзді,
екіұшты насихаттармен күрделендірмеңіз.
28. Тіл алмайтын балаларды күтілмеген, "тосын жағдайға" салып
тәрбиелеңіз.;
29. Балаға болған қадағалау неғұрлым жақын болса, оның арқасында
орындалатын бағындыру қызметі тиіміділеу келеді. Өз қалауыңызға орайластыра
қадағалау дәрежесін белгілеп алыңыз.
30. Өзіңіз таңдаған тәрбие ықпалы нәтиже бермей жатса, әрекетіңіздің
бағдарын шұғыл өзгерткеніңіз жөн.
31. Балалар саналы парасаттылықтан гөрі тұрақтылықты сезінгіш. Өте
дұрыс, бірақ "бір мезеттік" ықпалға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің әдістері
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің мазмұны
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Балабақша мен отбасы жұмысы сабақтастығы
Жас ұрпаққа тәрбие беру
Мектепке дейінгі мекемедегі отбасымен бірлескен жұмыстар
Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбие. Дәрістер
Пәндер