Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
2.2. Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері
2.3. Күрделі қаржы жұмсалымы
2.4. Қоржындық инвестицияның тиімділігі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға
өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық қайта
құруларды іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда -
мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды
қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек
күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта
бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық
даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні - экономика
жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы
бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті
ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы
тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі
жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу
жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін.
Бұл зерттеудің өзектілігі соңғы уақытта көптеген ТМД елдерінде
кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеп кетуінен туындап отыр. Қайта құрылған
кәсіпорындардың көбісі барлық мүмкін болатын нұсқауларға, салықтарға,
шектеулерге шыдай алмай жабылып қалды. Тек шағын фирмалар ғана емес, сондай-
ақ ірі өндірістік алыптардың да жабылу қаупі бар. Кәсіпкерлік әзірге
экономиканың белсенді қоректендірушісі бола қойған жоқ, дамыған нарықтық
экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда.
Мұндай жағдайлардың себептерінің бірі фирманы тікелей басқару деңгейі мен
аймақтық басқару деңгейінің және мемлекеттік деңгейде қамтылған
кәсіпкерлікті басқарудың тұтас жүйесінің жоқтығы, сондай-ақ жеке салаларда
кәсіпкеплікті дамытуды қамтамасыз ететін тиімді механизмнің жоқтығы болып
табылады, Қазіргі мол шетелдік кәсіпкерлік тәжірибеге қарамастан,
транзиттік экономикасы бар елдердің ерекшеліктерін есепке ала отырып, шағын
фирмаларды құру және жұмыс істеудің тәжірибелік мәселелерін зерттеуге,
шағын және орта бизнесті анықтауға, кәсіпкерліктің теориялық аспектілерін,
сонымен қатар, кәсіпкерлік феноменінің маңыздылығын зерттеуге арналған
бірқатар нақты зерттеулер жасау қажеттілігі бар.
Кәсікерлікті дамыту саласында методологиялық дәрежеде шетелдік, атап
айтқанда, американдық ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалған. Бұл осы
елдің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігін
көрсетеді. Бүгінгі таңда АҚШ-та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар және
олардың 6%-і шағын және орта бизнеспен шұғылданатын кәсіпорындар. Дәл осы
шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытуға Д.Лонгенеко (Longenecker
Justin G) У. Петти (J.Willam Petty), К. Моор (Сагlos W.Мооrе) сияқты
американдық ғалымдар үлкен үлестерін қосты.
Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері
отандық, сондай-ақ, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты.
Дегенмен бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол
жұмыстарда негізінен, кәсіпкерлік қызметін дамытудың жалпы экономикалық
көзқарастары ғана қарастырылғандығын айтуымыз керек. XIX ғасыр басында-ақ
Жан Батист Сэй кәсіпкерлікті жер, еңбек және капиталмен бірге негізгі
өндіріс факторларының бірі ретінде қарастырған. Көптеген жылдар бойы
экономист ғалымдар еңбек, жер және қаржы ресурстарын басқару
проблемаларымен шұғылдануда. Бірақ, кәсіпкерлікті басқару мәселесі негізгі
өндіріс факторы ретінде әлі күнге дейін бірінші орынға қойылған жоқ. Бұл
зерттеуде менеджмент (басқару) тұрғысынан кәсіпкерлікті дамытудың
концепциялық әдісі талданады. Кітапта ұсынылған концепция бүгінгі таңда аз
зерттелген және мүлдем әзірленбеген дерлік.

Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары
Ричард Кантиллионның (Rісһагd Сапtіlliоn) еңбектерінде баяндалды. Кейінгі
250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің
еңбектерінде дамытылды да, олар бірте-бірте кәсіпкерлік -бұл адамның
тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде жаңа
кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді.
Алғашқыда "кәсіпкерлік" термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі
тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәукел мен жауапкершілікті өз
мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион
кәсіпкерлікті, өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырды, сонымен қатар ол
капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды
ажыратып отырды (таблица 1.1.). Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын
жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін
жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей
бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше,
кәсіпкерлердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс
істеулері.
Кейінірек ХVIII-ғасырдың екінші жартысында Квисней (Ouesnеу) сияқты
физиократтар кәсіпкерлік концепциясын кеңейте түсті. Олар Кантиллион сияқты
кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжи отырып,
бұл анықтамаға өндіріс процесін енгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің
пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресурстарға ие болу қажеттілігі де
енгізілді. Олардың түсінігінше кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру, жаңа
әдістерді енгізу және жаңа өткізу нарықтарын іздестіруі қажет.
1.1-кесте.
"Кәсіпкерлік" терминіне деген әртүрлі көзқарастардың эволюциясы
Ғалымның фамилиясы, Теорияда зерттелген негізгі ережелер
аты, жарияланған жылы
1 2
Ричард Кантиллион • Кәсіпкер - өзіне-өзі жұмыс орнын жасайтын
(1725) адам.
• Кәсіпкер тұрлаусыздық және тәуекелдік
жағдайында жұмыс істейді.
Кәсіпкер нарық талаптарына сай іс-әрекет
жасауы керек.
Николас Бауде • Кәсіпкер ең алдымен жаңартпа менеджері
(1767)
• Меншіктенуші мен кәсіпкер арасында
айырмашылықтар бар
• Кәсіпкерлерді қолдап және арнайы оқытып
отыру қажет
Жан Батист Сэй •Кәсіпкерлік еңбек те - еңбек, жер,
(1810) капитал сияқты негізгі өндіріс факторы
•Кәсіпкерлер - белгілі бір моралдық жөне
кәсіби қасиеттерге ие болулары қажет
•Кәсіпкер тұрлаусыздық жағдайында жұмыс
істейді және әрдайым кәсіпорынның алдында
тұрған қиыншылықтарды жеңіп отыруға мәжбүр
Карл Менджер • Кәсіпкер шешім қабылдауда 4 сатыны
(1871) қолдануы қажет: мәлімет жинау, экономикалық
есеп, тауар таңдау және өндіріс жоспарының
орындалуын басқару
Альфред Маршалл • Кәсіпкер мен менеджердің қызметтерінде
(1890) айырмашылықтар бар, демек оларға әртүрлі
талап қойылады
Джозеф Шумппетер • Кәсіпкердің міндеті — капиталды, еңбекті
(1910) іске қосу, жоспар құру және оның орындалуын
ұйымдастыру
• Кәсіпкерліктің мәні өндіріс күштерін
жаңадан ұйымдастырудан тұрады
• Кәсіпкерлік қызметтің бағыттары:
1)жаңа өнімдер немесе қызмет көрсетулер;
2) жаңа өндіріс әдістері;
3) жаңа өткізу нарықтары; 4) жаңа жабдықтау
көздері; 5) жаңа ұйым түрлері
Франк Найт •Кәсіпкер — әлеуметтік-экономикалық
(1921) жаңартпашы. Кәсіпкер өз еңбегімен пайданың
жаңа түрін жасайды - кәсіпкерлік табыс
•Кәсіпкер бір мезгілде капитал
меншіктенушісі де болуы керек
•Кәсіпкердің негізгі міндеттері -
ұйымдастыру және бақылау
Давид Макклеланд • Кәсіпкер өз көзқарасын қорғай білуі және
(1967) қиыншылықтарды жеңе білуі қажет
Питер Друкер •Кәсіпкер болашақ нөтижелерді болжай алу,
(1964) тәуекел ете алу және жігерлік сияқты
қасиеттерге ие болуы керек
•бірінші рет пайда табуға мүмкіндік
категориясын енгізеді
Харви Либенстейн •Кәсіпкердің міндеті - ресурстарды тиімдшіп
төмен саладан, тиімділігі жоғары салаға
ауыстыру
Кәсіпкер әртүрлі нарықтық жағдайларда жұмыс
істей білуі қажет: тұрақты нарық жағдайында
сондай-ақ жаңа, белгісіз нарық
жағдайында[1]
1890 жылы кәсіби менеджмент салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болды,
бірақ біз осы уақытта-ақ Альфред Маршалдың, кәсіпкер мен менеджердің
(әкімдердің) арасында айырмашылықтың бар екендігін алғаш рет көрсеткен
зерттеулерін табамыз. Менеджер кәсіпорында өте маңызды міндет атқарады,
бірақ Маршалдың пікірінше, тек кәсіпкер ғана бизнестің табыстылығына
байланысты толық жауапкершілік пен тәуекелді өз мойнына алады, сондықтан ол
менеджерге әрі кәсіпкерге қажетті қасиеттерге ие болуы тиіс. Сонымен бірге
Маршал, өте онды кәсіпкерді сипаттайтын қасиеттердің көп екендігін және тек
кейбіреулері ғана жоғары дәрежеде сол қасиеттерге ие екендігін атап
көрсетеді. Негізінен кәсіпкерлер бір жағынан өте мықты, бір жағынан әлсіз
болуы мүмкін, бірақ кәсіпкердің негізгі міндеті капитал мен еңбекті
қозғалысқа келтіру, негізгі жоспар мен оны орындаудың егжей-тегжейлі
шараларын дайындау болып табылады. Кәсіпорынның өсуімен қатар кәсіпкерлік
қабілет те өсуі қажет, сонымен қатар ол өзінің сопылығын, жан-жақтылығын,
бастамашыл іс-әрекеттерге деген қабілетін, табандылығын сақтауы керек, тек
сонда ғана ол табысты кәсіпкер болып қала алады. Сонымен Маршаллдың
сіңірген еңбегі — алғаш рет кәсіпкер мен менеджер арасындағы айырмашылықты
жиі көрсетуі. Орта ғасырлық менеджмент тарихын зерттеуші Джозеф
Шумпетерді (1910) қазіргі заман кәсіпкерлігінің атасы деп жиі атайды.
Өзінің ілімдерінде Шумпетер кәсіпкер бейнесінен жай бизнесті басқаратын
менеджер роліне алшақтаған. Кәсіпкердің мәні, бұл оның өндіріс күштерін
жаңадан ұйымдастыруы, ұластыруы, ал олардың қозғалысы өз кезегінде өндіріс
циклдарының тездетілуіне немесе жалпы экономикалық өсімге алып келеді.
Шумпетер кәсіпкердің өз қызметтерінде қолдануға болатын келесі бағыттарды
(немесе олардың үйлесімділігін) анықтайды:
1.Жаңа өнімдер немесе қызмет көрсетулер;
2.Жаңа өндіріс әдістері;
З.Жаңа өткізу нарықтары;
4.Жаңа жабдықтау көздері;
З.Жаңа ұйымдастыру түрі.
Джозеф Шумпетер кәсіпкерлерді жәй алыпсатарлар мен инвесторларға
қарағанда, әртүрлі бағыттар мен әрекеттерді байланыстыру арқылы жаңа бизнес
құратын әлеуметтік-экономикалық жаңашылдар деп атайды. Шумпетер кәсіпкерлік
еңбектің ерекшелігі туралы ойын саралай келіп, оның өндіріс құралдары мен
әртүрлі материалдардың жай ғана жинақталуынан тұрмайтындығын, ол тауар мен
қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, өндірістің жаңа әдісін, жаңа өткізу
нарығын, жабдықтаудың жаңа көздерін және ұйымдастырудың жаңа түрін іздеп,
енгізу арқылы оларды тиімді қолданудан тұратындығын атап көрсетті. Сонымен
қатар олар өз еңбегімен, осы уақытқа дейін теңдесі болмаған пайда табады
және ол кәсіпкерлік пайда деп аталады.
Франк Найт (1921) кәсіпкерлік қызметінің өте маңызды белгісі-
тұрлаусыздық жағдайында жұмыс істеу екендігіне ерекше көңіл аударады. Найт
пікірі бойынша, кәсіпкер — әртүрлі мүмкін болатын кедергілерді батыл жеңіп
шығатын, өзінің көзқарасын әрдайым қорғай алатын адам. Найт тек жалпы түрде
ұйымдастыру және бақылау сияқты міндеттерге ерекше көңіл аудара отырып,
кәсіпкердің міндеттерін сипаттайды. Бірақ белгілі міндеттерді атқаратын жай
менеджерге қарағайда кәсіпкердің мәні үлкен, кәсіпкер өз кәсіпорнының да
меншіктенушісі болуы керек, яғни капиталды да басқаруы керек. Мұның үстіне,
Найт кәсіпкердің мәні тек белгілі міндеттерді атқаруында да, кәсіпорын
құруында да емес, оның тұрлаусыздық жағдайында жұмыс істеу
қабілеттілігінде, сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге араласа білуінде
деп санады.[2]
Кәсіпкер кәсіпорынның пайдасын ұлғайту мақсатында, көз жеткізген
тәуекелге өзінің капиталымен баруға дайын болуы керек.
Қазіргі заманғы авторлардың ұстанымдарын қарастырайық. Давид
Минкеланд (1961) кәсіпкерге мынадай сипаттама береді:
• Дәлелденген тәуекелдерге бара білу
• Жігерлік және іскерлік белсенділік
• Жеке, дербес жауапкершілік
• Қабылданатын шешімдердің салдарын білу
• Қабылданған шешімдер нәтижесінің белгісі ретіндегі пайда
• Болашақта қоршаған ортада болатын өзгерістерді болжай білу
• Ұйымдастыру шеберлігі.
Питер Друкер (1964) алғашқылардың бірі болып, кәсіпорынды
ұйымдастыруға арналған мүмкіндік ұғымын енгізеді. Жаңа кәсіпорын үшін
қорларды іздеу мен орналастырудан бұрын, бизнесті дамыту үшін қолайлы
мүмкіндіктерге ие болу керек. Экономистер кәсіпорынның пайдасын көбейту
жайлы айтуда. Негізінде, сөз пайда табу мүмкіндіктерін көбейтуде болып
отыр. Атап айтқанда кәсіпкердің жұмысы бизнеске қолайлы мүмкіндік іздеуден
тұрады, нәтижесінде кәсіпкер қорларды тиімділігі төмен салалардан,
жоғарырақ нәтиже беретін салаларға ауыстырады. Кәсіпкерлік қызметтің
ерекшелігі-тиімділігі жоғары кәсіпорындар құра білу қабілеттілігінде. Питер
Друкер мұның сыртында кәсіпкердің бизнестің әртүрлі саласында жұмыс істеуге
дайын болу керектігін атап көсетеді.
Харви Либенстейн (1978) кәсіпкерлік белсенділіктің 2 түрін атайды:
қызметтің бірінші түрі менеджментке тән ескішілдікке негізделген күнделікті
операцияларды орындаумен байланысты, екінші түрі -жаңартпашылық. Қызметтің
бірінші түрі орныққан, жақсы зерттелген нарықтық ортада жұмыс істеп түрған
кәсіпорынды басқаруды білдіреді. Жаңартпашылық қызмет - жаңа нарықтар
жағдайында жұмыс істеу, қызмет көрсету мен өнімнің жаңа түрлерін өндіру.
Кәсіпкер әртүрлі нарық жағдайында тиімді жұмыс істей білуі керек.
Шет елдік теорияда және практикада кәсіпкерлік қолда бар қаржы,
материал және еңбек қорларын игеру базасында қызмет көрсету немесе өнімге
деген белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру процесі
ретінде қарастырылады. Кәсіпкерліктің көрсетілген анықтамаларын талдай
отырып, біздің көзқарасымыз бойынша, кәсіпкерліктің келесі анықтамасын
қисынға қарай мазмұндауға мүмкіндік беретін сипаттамалардың ең маңыздыларын
бөліп көрсетейік. Кәсіпкерлік — жаңа кәсіпорынды құрумен немесе белгілі бір
дәрежедегі тәуекелділігі бар қазіргі кәсіпорынды дамытумен байланысты
жаңартпашылық қызмет.
Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек және капитал сияқты өндіріс
факторларын жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қозғаушы күш болып табылады. Бірінші
кезекте сөз, кәсіпкердің фирманы құрудағы немесе барлық өндіріс
факторларының белсенділігін арттыру арқылы қазіргі кәсіпорынды дамытудағы
зор еңбегі жөнінде болып отыр. Сондықтан, кәсіпкерліктің соңғы уақытта
негізгі өндіріс факторларымен бір қатарға қойылып жүргені кездейсоқтық
емес. Кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлкен үлес қосады, себебі осы
қызметтің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника және
технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады,
жаңа аймақтарды игеру жүзеге асырылып, ұлттық кірістің көлемді бөлігі
жасалады.
Кәсіпкерлікті тек жаңа бизнестің басталуымен жиі байланыстырады.
Шындығында, кәсіпкерлік қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі фирмаларда
өндіріс көлемін ұлғайтуға, фирма қызметінің географиясын кеңейтуге,
фирманың дамуына жаңа күш беруге немесе жәй фирманың өмір сүру
қабілеттілігін қолдауға және тақырға отырудан құтылуға деген қажеттіліктер
жиі туындайды. Кәсіпкерлік қызметтің бұл элементтерін бюджеттік, былайша
айтқанда, пайдасыз деп аталатын ұйымдарға да байланысты айтуға болады.
(Сур. 1.1.) Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта
құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда,
"комсомолдық кәсіпкерлік" басталды, көптеген белсенді жас адамдар,
негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық
орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік
жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы
кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті,
былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша "қымбат"
алынып, "арзан" қайтарылды.
Кәсіпкерлік процесін қозғалысқа келтіретін іргелі күштерге бірінші
кезекте, фирманы құрушы және негізін салушы болып табылатын кәсіпкердің
өзі, бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады.
(сур. 1.2.).
Кәсіпкерлік процесінің қозғаушы күштері
Тағы да ескеретін маңызды фактор, ол - кәсіпорынның болжамсыздықпен,
қарама-қарсылықпен және тұрақсыздықпен сипатталатын нақты әлемде өмір
сүруі. Сондықтан кәсіпкерлік процес — бұл технологиядағы, маркетингтегі,
менеджменттегі әрдайым болып жататын өзгерістер процесі, сәтсіздіктер және
қателіктер арқылы дұрыс инвестициялық шешімдерді итеративті іздестіру
процесі. Жаңа фирманың шешуші мезеттері (кәсіпкер, табыскерлігіне қолайлы
мүмкіндік және қорлар) тек қоршаған әлемге ғана емес, сонымен қатар бір-
біріне де бейімделген болулары қажет. Кәсіпкер тек жаңа бизнес
мүмкіндіктерін ұғынып қана қоймай, сондай-ақ осы мүкіндіктерді іс-жүзінде
қалай жүзеге асыруды білетін, жаттыққан пікірлестер қомандасына ие болуы
тиіс. Соңында олардың бәрі фирма жұмысын бірге бастау үшін және оның әрі
қарай жұмыс істеуін жалғастыра беру үшін жеткілікті қорларға ие болулары
керек.
Жоғарыда кестеленіп көрсетілген кәсіпкерлік процесінің негізгі
қозғаушы күштерінің ішінде кәсіпкерлер (құрылтайшылар, негізін салушылар)
негізгі орын алады. (Венчурлік кәсіпкерлер мен өте тәжірибелі
кәсіпкерлерден, кәсіпкерлік табысты алдын-ала анықтайтын 5 аса маңызды
факторларды түгендеп беруді сұрағанда олар мұны тағы да растады. Олар: 4
рет кәсіпкер және оның білікті командасы содан соң барып маркетингтік
әлеует деп, қарапайым жауап берді. Кәсіпкер — бастамашыл негізде, толық
экономикалық жауапкершіліктен қорықпай тәуекелге баратын және келешекте
табыс әкелетіндей етіп басқа өндіріс факторларын ұтымды түрде біріктіруге
қабілетті ұдайы өндірістің субьективті факторы.
Қазіргі нарықтың қиын жағдайында, жақсы жинақталған жоғары білікті
командасы бар фирмалар, кәсіпкері жеке жұмыс істейтін фирмаларға қарағанда
бәсекеге анағұрлым қабілетті болып табылады. Менеджерлер командасына келесі
анықтаманы беруге болады. Менеджерлер командасы деп тек қорларды таба
алатын ғана емес, сонымен қатар оны тиімді пайдалана алатын, бәсекелік
күрестегі өзгерістерге тез жауап беруге қабілетті, мақсаты тек кәсіпорынды
дамыту және тиімді өндіріспен қамтамасыз ету болып табылатын жоғары білікті
мамандар тобын айтамыз.
Команда негізді және жетілген саласына сәйкес еңбек тәжірибесіне
машықтанған болуы керек. Сөйте тұра кәсіпкер негізгі жауапкершілікті өз
мойнына алуы керек және жақсы ойластырылған нарыққа кіру стратегиясына ие
болуы керек.
Кәсіпкерлік процесінің екінші қозғаушы күші - бизнесті іске асыру үшін
қолайлы мүмкіндіктер. Бүгінде бүкіл әлем кәсіпкерлік жарылыс нәтижесінде
пайда болған "үнсіз" төңкеріс жайлы айтуда. Шет елдік ғалымдар кәсіпкерлік
түсінігіндегі негізгі орынды ой және оларды іске асыру мүмкіндіктері
сияқты категорияларға береді. Ойды іске асыру мүмкіндіктері деп, ойдың
жүзеге асу дәрежесі мен ойды іске асыру нарығының ашық тауашасының бар
болуын айтуға болады. Дегенмен осы жерде ойлар оларды іске асыру үшін
қолайлы мүмкіндіктерге қарағанда анағұрлым көп. Сонымен жаңа куаттарға,
объектілерге деген қажеттілік пайда болғанда, құрылыстар мен ғимараттарды
қайта құру қажеттілігі пайда болғанда, тапсырыс берушілердің жаңадан
туындаған қажеттіліктерін қанағаттандыруда тапшылық пайда болғанда немесе
тапсырыс берушілердің бар қажеттіліктерін бәсекелестердің ұсынған
қызметтеріне қарағанда толығырақ қанағаттандыру мүмкіндігі туғанда құрылыс
бизнесі үшін де мүмкіндік пайда болады. Кәсіпкер үшін осы мүмкіндікті
уақытысында байқау ғана емес, сондай-ақ оны дұрыс пайдалану да маңызды.
Ұзақ уақыт аралығы бойында пайда және табыспен қамтамасыз ететін
ашылып келе жатқан нарық тауашасын таба білу қабілетіне ие кәсіпкерлер,
табысты кәсіпкерлер болып саналады. Кәсіпкердің қызмет саласын таңдауына
тура келетін өнімдер мен қызмет көрсету нарығы тұрлаусыздықпен, мәліметтің
жетіспеушілігімен және тәуекел деңгейінің жоғарылығымен өзгешеленеді.
Кәсіпкерлік шеберлік дегеніміз — бұл басқаларға әлі көріне қоймаған,
көрінсе де не өте ерте, не өте кеш көрінген жерде кәсіпорын құру және
дамыту мүмкіндігін бірінші болып көру. Кәсіпкерлік процесінің үшінші
қозғаушы күші - бұл қажетті қорлардың болуы. Қорларды басқаруда келесі
көзқарасты ұстану ұсынылады: Шағын фирмалардың негізгі өндіріс қорларының
үлкен бөлігінің сатып алынуымен емес, ал жалға алынуымен қамтамасыз
етілетін ең аз мөлшердегі қорлармен жоғары нәтижелшікке жету.
Осындай көзқарастардың арқасында қаржылық қорлардың қажеттілігін
қысқартып, тәуекелді елеулі түрде азайтуға болады.
Шындығына келгенде, табыс кәсіпкерлердің кәсіпкерлік процестің барлық
қалған элементтерін қозғалысқа келтіре білуі мен дарындылығынан басталады.
Қазіргі заманғы теорияларда кәсіпкерліктің 7 концепциясы бөліп
көрсетіледі, олардың әрқайсысы өз алдына мектеп болып табылады және
кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік процеске өздерінің түсініктемелерін береді.
Оларға жататындар:
1. Кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттерді бағалау ұстанымындағы
мектебі.
2. Кәсіпкерліктің психологиялық мектебі.
3. Кәсіпкерліктің классикалық мектебі.
4. Кәсіпкерліктің жетекші ұстанымындағы мектебі.
5. Кәсіпкерліктің ішкі мектебі.
6. Кәсіпкерліктің маркетингтік ұстанымындағы мектебі
7. Кәсіпкерліктің менеджменттік ұстанымындағы мектебі.
Кәсіпорынның дамуының әртүрлі сатылары: бастама, бизнестің пайда
болуы, кемелдену мен өсу сатылары кәсіпкердің мінез-құлқы мен қасиеттеріне
әртүрлі талап қояды.
1.2-кестеде әртүрлі мектептерге сәйкес кәсіпорынның әрбір даму
кезеңінде кәсіпкерлікке қажетті мінез-құлықтар мен қабілеттерге сипаттама
берілген.
Кәсіпкерліктің жеке тұлғалық қасиеттерін бағалау ұстанымындағы
мектебі: Кәсіпкер болып туыла ма жүре келе әлде, бола ма? Адамды
менеджерлік, жетекшілік және кәсіпкерлік жұмысқа үйретуге бола ма, әлде
адам бұл қызметтерді жүзеге асыруда табиғи қасиеттерге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz