Жалға беруші кәсіпорында



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

І Тарау.
1.1. Жалға алудың есебі.
1.2. Қаржыландырылатын жалгерлік есебі
ІІ Тарау
2.1. Қаржылық жалгерлік лизингісі
2.2. Лизинг алушы мен берудегі операциялардың көрінісі
Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем
қабілетгілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа
субъеклілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни
жалға алған тиімді болуы мүмкін.
Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен
құны; жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу
шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын
төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және т.б. қарастырылады.
Негізінен алғанда, жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға
алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім-шарттың жағдайы есепте
көрсетілетін операцияға да әсер етеді.
Жалгерлікті есеп №7-ші "Жалгерлік есеп" деп аталатын бухгалтерлік
есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және сонымен сәйкес жал
мерзіміне байланысты қаржылық және ағымдағы болып бөлінеді.
Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.

Жал мерзімі – көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді
және сол жалға алынған мүлік келісім-шартпен рәсімделеді, сондай-ақ кез
келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуы
мүмкін.
Ағымдағы деп қаржыландырылатын жалгерліктен басқа, кез келген
жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін
жалгерлік мерзімінің бойында жүйелі түрде әрбір есеп беру кезеңінің шығысы
болып табылады. Ағымдағы жалгерлікте, активке деген меншік құқымен
байланысты тәуекелділік пен марапаттау жағдайы жалға берушінің өзінде
қалады. Сондықтан олардың жалға берген активтері амортизацияланатын мүлік
ретінде қарастырылады және бүкіл жал мерзімінің бойында алынған жал ақысы
табысқа енгізіледі. Ағымдағы жалгерлікті жалға алушының мүлікті тек уақытша
иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі құрал, жалға берушінің
бухгалтерлік есебіндегі 12 "Негізгі құралдар" бөлімшесінің тиесілі
субшоттарында, яғни негізгі құралдардың құрамында көрініс табады.
Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес 1254 "Басқа
да" шоттың дебетінде және 6160, (жалға субъектінің негізгі қызметі болса)
шоттарынын кредитінде көрініс табады.
Жалға берілген мүліктер жалға берушінің балансында көрініс табатын
болғандықтан, олар бойынша есептелген тозу сомасына 7450 шоты дебеттеліп,
шоттары кредиттеледі.
Жал ақысы келіп түссе тиесілі ақша қаражаттарының шоттары дебеттеліп,
1254 шоты кредиттеледі.
Жал ақысы тиесілі өндіріс шоттарында, яғни келесі шоттардың дебетінде:
847- егер де негізгі құралдар әлеуметтік сферада пайдаланылса;
7110 - егер де негізгі құралдар тауарды сату мен байланысты болса;
7210 - егер де негізгі құралдар жалпы шаруашылық қажеттілігі үшін
пайдаланылса, 3390 шоттың, кредитінде көрініс табады.

2.1. Жалға алудың есебі

Жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының талаптарына сай келе
бермейді, сондықтан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді,
бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады.
Жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған
мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді. Егер де
жал ақысы келешектегі есеп кезеңдеріне жатқызылатын болса, онда 1630 "Жалға
ақысы" шоты дебеттеліп және тиісті ақша қаражаттарының шоты кредиттеледі.
Олардың есептік кезеңі жеткен кезде, тиесілі жал ақысы өндіріс шоттарына
ауыстырылады.
Енді біз ағымдағы жалгерлікке байланысты операциялар бойынша шоттар
корреспонденциясын құрастырамыз.

ҚатарШаруашылық операцияларының Сомасы, теңге Шоттар корреспонденциясы
№ мазмұны
дебет кредит
1 2 3 4 5
Жалға беруші кәсіпорында
1 Ағымдағы жалгерлік келісім 500000 2412-2416 2412-2416
шарты боынша негізгі Жалдағы Жалдағы
құралдар 12 айға берілді негізгі негізгі
құралдар, құралдар,
субшоты субшоты
2 Жал ақысы есептелінеді
Ай саын жыл бойына ҚҚС 3000 1410 6030
есептелінеді (16%) 480 1410
3 Жалға алушыдан жал ақысы 3480 1060, 1010, 1410
келіп түсті (ай сайын)
4 Аванс ретінде алынған жал
ақысы болашақ кезеңде
беретін айлары бойынша
көрсетіледі (11айға) 38280 1060, 1010 3520
5 Ай сайын есеп беру кезінде
болашақ кезеңнен түсетін
табыс жабылып отырады:
есептік кезеңнің табысы 3000 3520 6030,6160
есептелген ҚҚ (16%) 480 3520 3130
6 Жалға алушының жүргізген 17000 2412-2416, 6160
күрделі жөндеку жұмысының Жалдағы
шығындары жалға берушіге негізгі
тегін берліді құралдар,
субшоты
7 Жасалған күрделі жөндеу 17000 2412-2416, 3370
шығындары негізгі құралдың Жалдағы
қызмет ету мерзімін ұзартады негізгі
және ол сомаға жал төлемі де құралдар,
азаяды субшоты
Жасалған күрделі жөндеу 2720 1420 3370
бойынша ҚҚС слмасы да азаяды
8 Бір-біріне қарызы зачет 19720 3390 2180
жатқызылады
9 Жалға берілген негізгі
құралдар бойынша
амортизацися есептелінді
(бір қалыпты әдісі бойынша, 2500 7450 2421
ол 2500 тенге құраған)
10 Жалға мерзімі біткен соң, 517000 2412-2416, 2412-2416,
негізгі құрал өз иесіне Меншігіндегі Жалдағы
қайтарылды: негізгі негізгі
объектінің қызмет ету құралдар, құралдар,
мерзімі ұзартылған, яғни субшоты субшоты
күрделі жөндеуден өткен
неггізгі құрал ретінде
- күрделі жөндеуден өтпеген 500000 2412-2416, 2412-2416,
негізгі құрал рерінде Меншігіндегі Жалдағы
негізгі негізгі
құралдар, құралдар,
субшоты субшоты
Жалға алушы кәсіпорында
1 Негізгі құралдар ағымдағы 50000 001, Жалғаға
жалғаға қабылданады алынған
негізгі
құралдар

1 2 3 4 5
2 Жал ақысы есептелінді 3000 8047, 4240
(36000:12) 7110,7210
Сонымен бір мезгілде ҚҚС-ғы
да есептелінді
(шот-фактурада көрсетілген 480 1420 4430
сомасы бойынша)
3 Жал ақысы жалға берушіге 3480 4430 1040,1010
төленді
4 Төленетін жал ақысы болашақ
кезеңдердің шығысына
жатқызылады (11 айға) 38280 1630 1040,1010
5 Жал ақысы есептік кезеңдері
жеткеннен кейін есептік 8047,
кезеңнің шығыстарына 3000 7110, 7210 2940
жатқызылды
Сонымен бір мезгілде ҚҚС-ғы
есептелінді 480 1420 1630
6 Жалға алынған негізгі
құралдарға мердігерлер 2000 7440 3310
жөндеу жұмысын
7 ҚҚС-ның сомасына
(мердігерлердің
шот-фактурасында көрсетілген
сомасы бойынша) 320 1420 3310
8 Жөндеу бойынша көрсеткен
қызмет ақысын мердігерлерге
төледі 2320 3310 1050 ,1010
9 Мердігерлердің күшімен
негізгі құралға күрделі 17000 7440 4110
жөндеу жұмысы жүргізілген
10 ҚҚС-ның сомасы (16%), 4110
мердігерлердің ұсынған
шот-фактурасы бойынша 2720 1420
11 Күрделі жөндеу жұмысы
бойынша мердігерлердің
шоттары төленді 19720 4110 1050
12 Жүргізілген күрделі жұмыстар
жалы берушіге тегін берген
жағдайда, есептелген ҚҚС-ның
сомасы (17000х16% =2720) 2720 7210 3130
13 Жалға алушы өзінің
жүргізген күрделі жөндеу
жұмысы бойынша жұмсалған
шығындарына жалға берушінің
жал төлемін азайту үшін
шотын ұсынды. 17000 2940 6160
14 ҚҚС-ғы есептелінді (16%) 2720 2940 3130
15 Бір-бірінің арасында пайда
болған қарыздар зачетқа
жатқызылды 19720 3350 2160
16 Жал мерзімі біткеннен кейін
негізгі құрал өз иесіне
қайтарылды 500000 -

2.2. Қаржыландырылатын жалгерлік

Қаржыландырылатын жал өз мәні бойынша жалға алушының есебінен ұзақ
мерзімге алынатын несиелеудің нысаны болып табылады.
Қаржыландырылатын жал - мүлікке меншіктік құқымен байланысты, жалға
берушінің олжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуекелділіктің де
үлкен бір бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады. Бұл кезде жалға
алушы алынған мүліктерді өз балансында көрсетеді. Ал жалгерлік кезеңдегі
құқықтан өзі берілуі немесе берілмеуі мүмкін.
Жалға алушының қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі тиіс:
қаржыландырылатын жалгерлікке алынған мүліктің жалпы құны; мүлікті жалға
алу бойынша ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелер; қаржыландырылатын
жалгерлік және мерзімі бір жылдан артық біртұтас (кері қайтарымсыз)
ағымдағы жалгерлік кезіндегі ең төмен жалгерлік төлемдер (төлемдердің
жүзеге асырылу мерзімі мен сомалары қысқаша формада көрсетілуі тиіс)
бойынша міндеттемелер; жалгерлікті немесе мүлікті сатып алу уақытын
ұзартуды таңдау құқығы, келісім-шарттардан туындайтын күтпеген жалгерлік
төлемдер және басқа да күтпеген жағдайлар.
Жалға берушінің қаржылық, есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі
тиіс: қаржыландырылатын жалгерлікке жалпы капитал салымы (ақша қаражатан
жұмсау); жалға берілген мүліктен түскен пайдаланбаған табыс; активтердің
құны, сондай-ақ осыған байланысты есепті кезең ішіндегі активтердің түрлері
бойынша жинақталып қалған амортизациялық аударымдар.
Жалға берілген мүліктің пайдалану құқының басым бөлігі мынадай жағдайда
берілуі мүмкін:
- жалға алынған мүлікті тұрақталған (тіркелген) бағасы бойынша немесе
жал соңында анықталған бағасы бойынша жалға алушының сатып алу құқығы бар
болса;
- егер де жалға берілген мүліктің пайдалану қызметінің мерзімі 80%-ке
жетсе;
- егер де негізгі құралдың жал мерзімі біткен кезде бастапқы құны оның
20%-тін ғана құраса;
- бүкіл жал кезеңінде оның дисконтталған құны төленетін жал ақысының
90% құраса;

- жал мерзімі біткен соң жалға алушы жалға берушіден негізгі құрал
объектісін сатып алуға немесе алмауға құқы бар болса.
Қаржыландырылатын жал мерзімінің ішінде жалға берілген мүлік баланста
бір ғана баға бойынша көрініс табады.
Жал төлемі екі төлемнен тұрады қаржыландырудан (яғни, пайыз бойынша
төленетін шығысынан) және жалгерлік міндеттемесінен, демек объектінің
баланстық құнын азайтатын төлемнен (негізгі міндеттемесін өтеуден).
Жалгерлік төлем: ағымдағы бағасы бойынша немесе дисконтталған құн
бойынша (активті пайдаланғаны үшін төленетін пайызын ескере отырып)
есептелінуі мүмкін.
Дисконтталған құн бойынша есептеген кезде жал ақысының өте аз
(минималды) деңгейін анықтау үшін қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін
пайдаланады, ал егер де оны анықтау мүмкін болмаған жағдайда қарыз
капиталына пайдаланатын өсіп (артып) отыратын пайыздық мөлшерлемесін
қолданады.
Қарастырылған пайыздық мөлшерлемесі ақша ағынының болашақтағы құнын
анықтайтын арнайы кестесінен алынып анықталады және ол келесідей формула
бойынша есептелінеді:
FV = PV (1+r )n

Мұндағы ,
FV - n жылдарынан кейін ақша ағынының болашақтағы құны;
PV — есептеу кезінде салынған сомасы;
r — пайыздық мөлшерлемесі

n — есептеу кезеңіне алынған жылдар саны.
Жалға алушының қарыз капиталына өсіп (артып) отыратын пайыздық,
мөлшерлеме — бұл пайыз мөлшерлемесі, оны осы тәріздес жал үшін жалға алушы
төлейді; немесе бұл мөлшерлемені жал алушы жал басында басшылыққа алады.
Жалгерлік мерзімінің барысында келісім шартқа сәйкес жалға берушіге
минималды жал ақысын төлейді.

Минималды жал ақысы - бұл төлем түрі, оны жалгерлік мерзімінің
барысында жалға алушы жүзеге асырады (көрсетілген қызмет құны мен салық
сомасы шегеріледі, негізінде олар жалға берушіге өтелуі керек).
Қаржыландырылатын жал жағдайында қабылданған жалгерлік бөлімшенің
тиесілі шоттарының дебеті бойыншажәне 4150 "Жалгерлік міндеттемесі" шотының
кредиті бойынша көрініс табады.
Жалгерлікке берілген активтер үшін төленетін пайыздар сомасына 7310
"Пайыздар бойынша шығыстар" шоты дебеттеліп және 3380 "Төленуі тиіс
пайыздар" шоты кредиттеледі. Ал олар өтелген кезде 3380 шоты дебеттеледі
де, ақша қаражаттарының шоттар бөлімшесі кредиттеледі.
Қаржыландырылатын жалдың жағдайы бойынша, жалға алушы жалға алынған
активтердің тозуын есептеуді жүзеге асырады.

Активтердің пайдалану аясына байланысты мына шоттар дебеттеледі:
8045 — егер де негізгі құралдар мен материалдық емес активтер өндіріс
аясында пайдаланылса;
8048 — егер де негізгі кұралдар мен материалдық емес активтер
әлеуметтік аясында пайдаланылса;
7110 — егер де негізгі кұрал тауарды (жұмысты, кызметті) сату
процесімен байланысты болса;
7210 — егер де негізгі құрал жалпы шаруашылық қажетгілігі не арналған
болса, шоттары кредиттеледі.
Жал мерзімінің барысында жалға алушы жалға алынған активтерді
мерзімінен бұрын сатып алуына болады. Ол кезде ақша қаражаттарының шоттары
кредиттеліп, 4150 шоты дебеттеледі. Бұл кезде 4150 шоты шоттарының тиісті
аналитикалық шоттарымен жабылады. Қаржыландырылатын жал бойынша
опсрацияларды есепке алу үшін жалға беруді мынадай синтетикалық шоттарды
пайдаланады:
- 2940 "Басқа да" шоты, "Түсетін жал міндеттемесі" субшоты;
- 2170 "Есептелген пайыздар";
- 6120 "Акция бойынша дивидендтер мен пайыз түріндегі табыстар"
"Қаржыландырылатын жал келісім-шарты бойынша пайыздары" субшоты.
Жалға берілген мүліктің құны есепке түсетін жал міндеттемесі ретінде
дисконтталған құн бойынша көрініс табады, яғни активті пайдаланғаны үшін
төленетін пайыз сомасы қоса есептелінеді. Қаржыландырылатын жал бойынша
төлем жалға беруші инвестицияланған капиталдың қайтарылғаны ретінде
қарастырады және табыс алған болып есептелінеді. Ал минималды жал төлемі
жалға салған күрделі салымдарынан түскен табыс ретіңде танылады. Әрекет
етіп тұрған негізгі құралды қаржыландырылған жалға берген кезде – активтің
қалдық құнына дебеттеледі; сол берілген активтң жинақталған тозу сомасына
шоттары дебеттеліп, шоттары кредиттеледі. Ал келісім шартта қаралған
(ескертілген) активтің құны 1410 дебетінде және 6010 кредитінде көрініс
табады.

Болашақта алынатын жал пайызына 1270 дебеттеліп және 3520 шоты
кредиттеледі. Егер сол сомасы алынса, онда 3520 шоты дебеттеліп және 6120
шоты кредиттеледі.
Егер де жалға алушы жалға берілген активті өз мерзімінен бұрын сатып
алса, онда одан алдағы кезеңдерде түсетін табысты жалға беруші қызыл
жазумен жазады, ол кезде 1270 дебеттеліп, 3520 шоты кредиттеледі.
Мысал. Жал төлемнің аз (минималды) дисконтталған құнын есептеу үшін
қарастырылған пайыздың мөлшерлемесін қолдану арқылы қаржыландырылған жал
операцияларын көрсету жолын қарастырып көрейік. Шаруашылық жүргізуші
субъектілер құрал-жабдықты жалға беру үшін, өзара мынадай жағдайлар бойынша
келісім-шартқа отырды делік, онда: құрал-жабдық бес жылға берілетін болып
шешілді; жал төлемі әр жылдың соңында төленетін болды; құрал-жабдықтың
ағымдағы құны, яғни жалға бергенге дейінгі құны 220000 теңге, ал бастапқы
құны 230000 теңге; жинақталған тозу сомасы 10000 теңге; жал берушінің
қойған пайыздық мөлшерлемесі 8%; жал мерзімінің соңында оның дисконтталған
құны 250000 теңге құрайды деп болжаған, демек құрал-жабдықтың кепілденбеген
сомасы 20000 теңге құраған; жал мерзімі біткен соң құрал-жабдық иесіне
қайтарылатын болып келісілген; есептік саясатта оның тозуы бірқалыпты әдіс
бойынша есептелінетін болып қарастырылған.
Енді осы келісілген екі тараптың жағдайы бойынша жал төлемінің сомасын
есептеп көрейік.

Кезең Өтелмеген Минималды Қарастырылған Жалгерлік Амортизацияны
жалгерлік Жалгерлік пайыздық міндеттемеесептеу
міндеттемелетөлем мөлшерлемесі ні өтеу
р бойынша үшін
марапаттау жасалтын
сомасы (8%) төлем
Бірінші 200 000 50 000 16 000 34 000 40 000
жыл
Екінші 166 000 50 000 13 280 36 720 40 000
жыл
Үшінші 129 280 10 342 39 658 40 000
жыл 50 000
Төртінші89 622 50 000 7 170 42 830 40 000
жыл
Бесінші 46 792 50 000 3 208 46 792 40 000
жыл
Жиыны 250 000 50 000 200 000 200 000

Келісілген келісім шартқа сәйкес жалға алынған мүлік үшін жыл сайын
50000 теңге деңгейінде төлем жасап тұруға кепілдік берілген.

ҚатарШаруашылық операцияларының Сомасы, теңге Шоттар корреспонденциясы
№ мазмұны
дебет кредит
1 2 3 4 5
1 Құрал-жабдық бес жылға 1 000 2423 2413
берілді: 220 000 7010 2413
бұрындары есептелген тозу 220 000 1430 6010
сомасына 35 200 1430 3130
баланстық құнына, яғни
келісім-шартта көрсетілген
құнына
ҚҚС-ның сомасына (16%)
2 Жалғаны тұтастай алғанда, 50 000 2170 3520
сол кезеңі ішінде төленуі
тиіс марапаттау сомасына
3 Жалға алынған актив құнының
бір тбөлігі жалға төленетін
өтеу үшін, келіп түскен жал
төлемі және ҚҚС-да:
Бірінші жыл
-құнды өтеу 34 000 1060,1050,10102180
- ҚҚС 5 440 - -
екінші жыл
құнды өтеу 36 720 - -
ҚҚС 5 875
Үшінші жыл
-құнды өтеу 39 658 - -
- ҚҚС 6 345
төртінші жыл
-құнды өтеу 42 830 -
- ҚҚС 6 853 -
бесінші жыл
құнды өтеу 46 792 - -
ҚҚС 7 487
Түскен жалға төлемнің жиыны 232 000 - -
4 Жал төлемінің түсуіне
қарамастан, әрбір есептік
кезеңде жал пайызы табыс
ретінде есептелінеді:
-бірінші жыл 16 000 3520 6120
- екінші жыл 13 280 - -
- үшінші жыл 10 342 - -
- төртінші жыл 7 170 - -
- бесінші жыл 3 208 - -
5 Жал пайызының бір бөлігі
ретінде келіп түскен жалға
ақысы:
-бірінші жыл 16 000 1040, 2170
- екінші жыл 13 280 1050,1010 -
- үшінші жыл 10 342 - -
- төртінші жыл 7 170 - -
- бесінші жыл 3 208 - -
-
6 Жалға мерзімнің соңында
құрал-жабдықты жалға алушы
жалға берушіге қайтарады:
есептелген амортизация 200 000 2413 2427
сомасына
кепілденбеген қалдық құнының20 000 2413 2810
сомасына
жалға алушының шот-фактурасы
бойынша есептелген ҚҚС-ның
сомасына 3 200 2413 2810

Бухгалтерлік есепте жалға берушінің келесідей жазбалары көрініс табады.

ҚатарШаруашылық операцияларының Сомасы, теңге Шоттар корреспонденциясы
№ мазмұны
дебет кредит
1 2 3 4 5
1 Құрал-жабдық бес жылға 2415 Жалғаға
жалғаға алынды алынған
құрал-жабдықтың келісілген негізгі
құнына 220 000 құралдар 3360
- ҚҚС-ның сомасына (16%) 35 200 субшоты
2 Жал жөніндегі келісім-шарт
бойынша есептелген жал
пайызы: 16 000 7320 4160
-бірінші жыл 13 280 7320 4160
- екінші жыл 10 342 7320 4160
- үшінші жыл 7 170 7320 4160
- төртінші жыл 3 208 7320 4160
- бесінші жыл
3 Жалға алынған
құрал-жабдықтың құнының бір
бөлігін өтеу үшін жал төлемі
жалға берушіге төленді және
ҚҚС-да: 39 440  3360 1050,1040,101
-бірінші жыл 42 595 3360 0
- екінші жыл 46 003 3360 1050,1040,101
- үшінші жыл 49 683 3360 0
- төртінші жыл 54 279 3360 1050,1040,101
- бесінші жыл 0
1050,1040,101
0
4 1050,1040,101
0
Аударылған соманың жиынтығы 232 000 х х

Марапаттаудың бір бөлігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс
Негізгі құралдар объектісінің жылдармен пайдалы пайдалану мерзімі
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Инвестициялаудың ең қауіпсіз түрі - Лизинг
Негізгі құралдардың есебі жайлы
КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
«ИП Бисенов» кәсіпорының жалпы экономикалық жағдайы. Аудит және салықтық есеп
Негізгі құралдар бухгалтерлік есебі
Тәуелсіз лизингтік компаниялары
Пәндер