Естиярлар тобында сурет салуға оқытудың әдістемесі


Естиярлар тобында сурет салуға оқытудың әдістемесі
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
- Естиярлар тобында сурет салу сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері
- Сурет салуға үйретудің әдіс-тәсілдері
- Сурет салу сабақтарында оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту
Практикалық бөлім
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3
5
9
19
22
29
30
Кіріспе
Қазіргі заманда сурет салу өнерін балабақшада оқытудың маңызы өте зор. Балалардың ой - өрісін кеңейтіп дамыту үшін сурет салу өнері ең қажетті сабақтың бірі болып саналады.
Бұл жұмыс екі бөлімге бөліп қарастырылған, бірінші бөлімде балабақшада сурет салу өнерін оқыту, затқа қарап заттың суретін салу және тақырыпқа және ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу.
Сурет салу өнерін осы жастарда (ересек топтағы балаларға) оқытудың басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттарды ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың басты негізгі затты көріп, көрген бойынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу.
Затқа қарап салу тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өз түсін байқауға және басқа заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. Егерде балалардың осы қабілеттері дұрыс қалыптасатын болса, мектепке барғанда баланың сурет салу мүмкіншілігі арта түседі. Затқа қарап салу тапсырмасы көп берілмейді. Қарап салу үшін балабақшада қойылатын заттарды тәрбиеші перспективалық өзгерулері көрінбейтіндей етіп және балалардың барлығына жан-жағынан қарағанда бірдей қашықтықта болатындай қылып қойғаны абзал. Сурет салуды үйрету балалардың көріп есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп әсерін тигізеді. Қиял, есте сақтау сияқты танымдық процестерің дамуына арнайы аулаға шығып маңайдағы заттарды бақылаудың да маңызы ор. Осы жастағы балалар сурет салуды заттың алыс, жақын, төмен, жоғары орналасу түрлерін түсіне біліп, соны сала білуі тиіс, тек осыларды меңгере алғанда ғана мектепке барғандағы балалар сурет салудың күрделі түрі перспектива заңдылықтарын тез қолдана алуына жол ашады. Композиция тапсырмаларын орындауда алыс, жақын, алдыңғы жақта, артқы жақтарда тұрған заттарда балалар тәрбиешінің түсіндіру арқылы айыра біледі.
Сонымен қатар осындай композициялық шешімдері тез түсіндіретін фланелграфты пайдалануға болады. Бұл 50х50 размерлі плпншет, оның үстіне арнайы мата керіледі, керуге қолданылатын матаның түгі болуы керек. Түрлі-түсті түгі бар қалың қағаздардан арнайы ертегінің мазмұнына қарай заттар менкейіпкерлер қиылып жасалады. Планшеттің бетіне осы қиылған заттардың суретін жабысып қалу арқылы композиция орындалады. Сабақта қолданылатын заттар мен түрлі аңдардың суреттері әр-түрлі көлемде болады. Себебі балаларға композицияның алыс, жақын, алды мен артқы жақтарында орналасқан заттарды түсіндіру үшін қажет. Мысалы, жақын жерде тұрған заттың көлемі үлкен болады да алыстағы зат кішкентай болып көрінеді. Тақырыпқа байланысты және ертегінің мазмұнына композиция салуда баланың заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруына көмегін тигізеді
Зерттеу мақсаты: естиярлар тобында сурет салуға оқытудың әдістемесін талдау.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектепте оқушылардың сурет салу өнеріне оқытудың үдерісі.
Зерттеу пәні: естиярлар тобында сурет салуға оқытудың әдістемесінің мазмұны мен әдістемесі.
Зерттеу міндеттері:
- естиярлар тобында сурет салуға оқытудың ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындау;
- сурет салуға оқытудың бағдарламасын жасау мен әдістемесін дайындау;
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға қатысты тұжырымдар, көркем-эстетикалық талғамды қалыптастыру, көркемдік білім мен дағдыларды игеруге жүйелі қатынасты және оның жүйеге келтірілген мәдениеттану, өнертану, көркемдік-эстетикалық педагогикалық, психологиялық тұжырымдамалары алынады.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамалары, кешендері, бағдарламалары, философтардың, психологтардың, педагогтардың, тарихшылардың, этнографтардың, өнертанушылардың еңбектері, өнер шеберлерінің бұйымдары, суретшілер шығармалары, ұлттық мәдени мұралар, автордың жеке өзінің ғылыми-педагогикалық тәжірибесі болып табылады.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-этнографиялық мұражайларындағы қазақ қолөнер мұраларына, шетел сурет салу өнеріне, көрмелер мен суретшілер шығармаларына, археологиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әдістемелік құралдарға теориялық сараптау жасау, педагогикалық эксперимент нәтижесіне математикалық талдаулар жасап, баға беру.
1. Естиярлар тобында сурет салу сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері
Қазіргі сурет салу өнерін осы тәрбиелеудің басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттардың ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың басты негізгі затты көріп, көрген блйынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу. Затқа қарап салу тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өзтүсін байқауға және басқа заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. Егерде балалардың осы қабілеттері дұрыс қалыптасатын болса, мектепке барған баланың сурет салу мүмкіншілігі арта түседі. Затқа қарап салу тапсырмасы көп берілмейді. Сурет салуды үйрету балалардың көріп есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп әсерін тигізеді. Қиял, есте сақтау сияқты танымдық процестерің дамуына арнайы аулаға шығып маңайдағы заттарды бақылаудың да маңызы ор. Осы жастағы балалар сурет салуды заттың алыс, жақын, төмен, жоғары орналасу түрлерін түсіне біліп, соны сала білуі тиіс, тек осыларды меңгере алғанда ғана мектепке барған балалар сурет салудың күрделі түрі перспектива заңдылықтарын тез қолдана алуына жол ашады. Композиция тапсырмаларын орындауда алыс, жақын, алдыңғы жақта, артқы жақтарда тұрған заттарда балалар тәрбиешінің түсіндіру арқылы айыра біледі. Сонымен қатар осындай композициялық шешімдері тез түсіндіретін фланелграфты пайдалануға болады. Бұл 50х50 размерлі планшет, оның үстіне арнайы мата керіледі, керуге қолданылатын матаның түгі болуы керек. Түрлі-түсті түгі бар қалың қағаздардан арнайы ертегінің мазмұнына қарай заттар мен кейіпкерлер қиылып жасалады. Планшеттің бетіне осы қиылған заттардың суретін жабысып қалу арқылы композиция орындалады. Сабақта қолданылатын заттар мен түрлі аңдардың суреттері әр-түрлі размерде болады. Себебі балаларға композицияның алыс, жақын, алды мен артқы жақтарында орналасқан заттарды түсіндіру үшін қажет. Мысалы, жақын жерде тұрған заттың көлемі үлкен болады да алыстағы зат кішкентай болып көрінеді. Тақырыпқа байланысты және ертегінің мазмұнына композиция салуда баланың заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруына көмегін тигізеді.
Балалардың суреттерін жиырмасыншы ғасырдың басында зерттеген неміс психологы Г. Кершенштейнер «балалар сурет салғанда көргенін емес ойындағы білгеніне сүйене отырып салады деп дәлелдеген. Балалардың салған суреті жалпы қоғамға қажеті бар өзіндік маңызды шығармашылық туынды екенін бүкіл өнер танушы ғалымдар мен қатар психологтар, тарихылар, биологтар суретшілер мойындап отыр. Балалар жер шарындағы халықтардың ең көп бөлігі болып есептеледі. Сондықтан болу керек атақты ағылшын жазушысы Ульям Блейк «балалар-азаматтың атасы» деген екен. Балалардың салған суреттеріне қарап балалық шағымызды еске аламыз, туған жеріміз есімізге түседі. Балалардың салған суреттерін анықтап қарайтын болсақ, балалардың салған суреттерінің көпшілігінде күн бейнеленетінін байқаймыз. Күн кейбір балалардың суреттерінде сары, қызғылт, тіпті көкшіл шар секілді де болып боялады. Мысалы, балалардың жұмыстарын талдағанда балалардың жартысынан көбі күнді жылы түсті қолдану арқылы бейнелеген, ауа-райының өзгеруі балалардың күнді бейнелеуге ешқандай әсер етпейтінін аңғаруға болады. Мысалы, желді, жаңбырлы күн, кешқұрым, қар жауып тұрған сәттерді бейнелесе де балалардың композицияларында бәрі бір күн ығып тұрады. Қазір балалардың жолдың үстіне, үйлердің қабырғаларына, шарбақтарға салған суреттерін көп кездестіреміз. Кейбір қалаларда мысалы, Жезқазғанда көшедегі құрылыс алаңын қоршап қойған бетон қоршауларға балалар сурет салады. Балалардың салған суреттерінен Еліміз туралы, оның болашағы, табиғатты, өнері, өнеркәсібі туралы толық мағлұмат алуға болады. Бұдан балалардың қиял деңгейлерімен болашаққа деген үлкен ойларын аңғарамыз. Таң қалатын бір жәйт, ол осы балалардың сурет салудың техникаларын дұрыс меңгермесе де адамға ой салатын деңгейге жететін туынды салып үлкендерді таңқалдыруы. Қазір біз балалар суреттеріне көп мән бере бермейміз, жастайынан сурет салудың техникаларын үйреткіміз келіп, баланың өз ойымен, өз деңгейінде орындағысы келетін қабілетін басып, табиғи қабілетінің шығуына кедергі жасаймыз. Балабақшаларда балаға жастайынан сурет салудың заңдылықтарын меңгеруге итермелеп, күштеп үйретеміз. Осыдан барып көрмелерде балалардың ішкі дүниесімен салған таза жұмысын бағалай алмаймыз[1] .
Балабақшада өтілетін сәндік сурет салу сабағы эстетикалық, патриоттық тәрбиелерді балалардың бойына сіңірумен қатар, сурет салу өнерінің басты міндеттері, сурет салудың қарапайым дағдылары мен сапалары әрі қарай дамытуға бағытталған. Сәндік сурет салу сабағында балалар алғаш рет өз еліміздің ғажайып ою-өрнектерінің шығу тарихымен танысады, ою-өрнектердің жеңіл түрлерінің суретін салып үйренеді. Оюларды арнайы сызылған сызықтардың арасына өз беттерімен орналастыруға бейімделеді. Сонымен қатар балалар аппликация техникасына байланысты тапсырмалар орындап үйренеді. Коллаж техникасымен танысып қызықты да әрі әсем суреттер жасап шығарады[2] .
Мектепке дейінгі сурет салу өнерінің басқа тапсырмаларына қарағанда бұл тапсырмалардың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл тапсырмаларды орындау үшін, қолданатын заттар, ол балалардың күндегі маңайында кездесетін түрлі табиғи материалдар. Сәндік сурет сабағында балалар мереке күндеріне байланысты құттықтау қағаздарын, түрлі-түсті қағаздардан ойыншықтарды ойып, ермексазда жануарлар мен құстардың пішіндерін жасап үйренеді. Балалар ұлттық оюларымыздың қарапайым түрлерін қағаздан қайшыны пайдалана отырып орындайды. Балалардың оюларды терең меңгеруі халқымыздың сан ғасырлық тарихымен, тыныс тіршілігімен, тұрмыс-салтымен және мәдениетімен танысуына жол ашады. Ою - өрнек бізде сәндік қолданбалы өнердің ең көп тараған түрі. Ол киім - кешектерді, тұрмыс заттарын, зергерлік бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданылғаны жайлы балаларға мағлұмат беріледі. Балабақша қабырғасында халқымыздың ұлттық өнері мен толық сусындған және оны меңгере білуге балайтын болашақ мамандығына жалпы қоғамда мәдениетті болып қалыптасуына тигізетін әсері орасан зор. Қазақтың ою-өрнектері табиғаттағы өсімдіктер, жануарлар, аңдар мен қоршаған ортадағы заттардың негіздерінде пайда болғаны тарихи деректерден белгілі. Қазіргі таңда біздің ұлттық ою-өрнектеріміздің жалпы саны жүзге жуық көрінеді.
Сәндік сурет салудағы тәрбиешіге ең қиын мәселе ол, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ою - өрнектерді реттеп алып сабақта қолдану. Іріктеуде ою-өрнектердің әдемілігі мен жеңілдігі ескерілуі тиіс. Бір қарағанда жеңіл көрінетін оюлардың өзі, балаларға суретін салу барысында оңай болмайды. Мысалы балаларға тік сызықпен салынатын оюларды салғызса отырып, біртіндеп өсімдіктерге ұқсас оюлармен жалғастырған дұрыс. Ою - өрнектерді салу барысында балалар ештеңенің көмегінсіз түзу сызықтарды жүргізуге, сызықтарды көзбен бірдей бөліктерге бөлуге, төрт бұрыштың тең ортасын табуға, түрлі түсті карандаштарды қолдана отырып, бояуға және ою салудың кезеңдерін меңгеруге үйренеді. Балалардың көзбен қағаз бетіндегі сызықты тең бөліктерге бөлу өте қиын болады, сондықтан балалар қосымша құрал ретінде алдын ала тең бөліктер сызылған өлшем қағазды пайдаланғаны дұрыс. Бірте-бірте балалардың көздері үйреніп өз беттерімен сызық жүргізуге мүмкіндіктері болғанда, балалардың өздері қосымша пайдаланып келген өлшем қағазын қолданудан бас тарта бастайды.
Ересек топтағы балар болса, ою-өрнектердің өсімдіктерге ұқсас күрделі түрлерінен бастап сала бастайды. Сәндік сурет салу сабағында балаларға арнап тақтаға салған тәрбиешінің педагогикалық суреті, затқа қарап салу сабағындағыдай емес, өшірілмейді, сабақтың соңына дейін, көрнекілік құралмен бірге көрсетіліп отырады. Балалардың орындаған оюларының фоны боялмай, ақ күйінде қалатын болса, ересек топ балаларының орындайтын ою-өрнектерінің фоны түсті бояулармен боялып, берілетін тапсырмалары күрделене түседі.
Сәндік сурет сабағы балалардың оюлар жайлы эстетикалық талғамын, халқымыздың өнеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастырылады.
Халқымыздың сәндік қол өнерінің түрлерімен таныстыру арқылы балаларды еліне деген патриоттық сезімін оятамыз. Салынған оюларды бояу барысында балаларға бұрынғы жасалған халқымыздың не болмаса атақты суретшілердің қол өнер туындыларын көрсетіп, бояу түстерін қолданулары жайлы түсінік берсе сабақ сапалы өтілер еді. Оюларды бояу үшін бояу түстерін қолдану балалардың еркіне берілгені дұрыс. Оюды шығармашылық жағынан сәтті сала бастаған баланың суретіне тәрбиеші аса көңіл аударып қолданылатын бояу түстерін бірге ақылдасып анықтайды. Сәндік сурет тапсырмасы халық өнерімен және түрлі түсті бояулармен тығыз байланыста болатындықтан мектепке дейінгі жастағы балаларда аппликация, коллаж, техникасын меңгеруге көп әсер етеді.
Аппликация дегеніміз ол - сәндік көркем туынды, қағаздың немесе шүберектің әр-түрлі қиындысын желімдеу, тігу арқылы орындалады. Аппликация техникасын қолдану мектеп оқушыларына ғана тән емес, онымен мектепке дейінгі балабақшаның балалары көбірек тапсырмалар орындап, қызықты да және өте әдемі жұмыстар жасап таң қалдыруда. Сонымен қатар осы аппликация түрімен көркемөнер көрмелеріне қатысып жүрген суретшілерді кездестіруге болады[3] .
Балабақшада аппликация техникасымен түсті қағаздардың маталарын қиындыларына ұлттық киімдердің күрделі түрлері орындалады. Аппликация техникасындағы түстердің мәнерлі қолданысы сол жұмыстың соңғы нәтижесіне көп әсер етеді. Өте сәтті түстерді қолдану арқылы орындалған жұмыс кез келген адамды таң қалдырмай қоймайтыны белгілі. Сәндік суреттегі дұрыс қолданылған түстері кескіндеме жанырындағы сияқты туындының түс шешімі бойынша колориттті болып есептелінеді. Түстердің қанық болуы орындалған жұмыстың сәттілігін қолданылатын түстері өз еріктеріне байланысты болады. Аппликация техникасының қолдану арқылы композиция орындалатын болса ол жүргізілуі төмендегідей жүйеде жүргізілуі керек:
- композицияның сюжетін анықтау,
- көлемін анықтау,
- бастапқы эскізін салу,
- фигуралар салу,
- фонын анықтау
- фигураларды қағаздан ою,
- фигураларға кішкентай бөлшектермен желімдеу,
- үлкен фигураларды және басқа деталдарды фонға желімдеу.
Апликацияда қолданылатын сапалы фигуралар үшін және фон үшін әр-түрлі болу керек. Фонға қолданылатын қағаз қаттылау болу шарт, себебі соған композициядағы барлық заттар желімделеді. Фонға пайдаланатын қағаздың түсі басқа заттардың түстері мен қарағанда көмескелеу көзге аса қатты әсер етпейтіндей болғаны жөн, бұған әрине тапсырманың ішіндегі заттардың да тигізетін әсері мол. Мысалы, «Аквариум» тақырыбыны байланысты аппликация орындағанда заттардың барлығы, түрлі балықтар, шөптер, тастар жеке-жеке қойылады. Бұл тапсырмадағы заттардың формасына өзіндік ерекшеліктеріне байланысты қағаздың түрлі дайындалады. Аппликация тапсырмасын орындауда балалардың эстетикалық талғамы, әсемдік түсінуі, түстерді таңдау талғамның дамуы, қиял қаблетінің қалыптасуы жүзеге асады [4] .
Коллаж-техникасы бір қаттылау дененің бетіне әр-түрлі түстегі және сапасы әр-түрлі заттарды желімдеу арқылы орындалады. Бұл техника жаңадан ойлап табылған сурет салу өнерінің түрі емес. Франсуздың сөзімен айтқанда «коллаж» деген ереше техникалық тәсіл деген түсінік береді ол техника бойынша бір көркем шығарманы орындауға әр-түрлі заттар желімденеді, оның ішінде көп қолданылатын заттар, ол қағаз бен маталар. Бұл техниканың ерекшелігі сол, ол жұмыс істейтін суретшілерді аса шыдамдылық пен төзімділік баулиды. Кезінде есімдері дүние жүзіне әйгілі атақты Пикассо, Матисс сынды суретшілер де осы техниканы меңгерген көрінеді. Мысалы, халқымыздың сәндік киімін жасағанда балалар ең алдымен өз ойларымен туынды жасауға, өзінің қиял деңгейін көтеруге машықтанады. Коллаж техникасыда қолданылатын материалдары әр-түрлі, тіпті үй тұрмысында керексіз болып қалған киімдерді де қолдануға болады.
Жүйелі жүргізілген сәндік сурет салу тапсырмалары балаларға жеке бастарының мінез-құлқын, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі, еліне, халқына, отансүйгіштікке деген тәрбиені шешуді жеделдетеді[5] .
2. Сурет салуға үйретудің әдіс-тәсілдері
Сурет салу өнерін мектепке дейінгі балаларда оқытудың басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттардың ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың басты негізгі затты көріп, көрген бойынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу. Затқа қарап салу тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өз түсін байқауға және басқа заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. Егер де балалардың осы қабілеттері дұрыс қалыптасатын болса, ересек жасқа қарай баланың сурет салу мүмкіншілігі арта түседі. Затқа қарап салу тапсырмасы көп берілмейді. Қарап салу үшін бөлмеге қойылатын заттарды тәрбиеші перспективалық өзгерулері көрінбейтіндей етіп және балалардың барлығына жан-жағынан қарағанда бірдей қашықтықта болатындай қылып қойғаны абзал. Сурет салуды үйрету балалардың көріп есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп әсерін тигізеді. Қиял, есте сақтау сияқты танымдық процестерің дамуына арнайы аулаға шығып маңайдағы заттарды бақылаудың да маңызы ор. Осы жастағы балалар сурет салуды заттың алыс, жақын, төмен, жоғары орналасу түрлерін түсіне біліп, соны сала білуі тиіс, тек осыларды меңгере алғанда ғана мектепке барғанда балалар сурет салудың күрделі түрі перспектива заңдылықтарын тез қолдана алуына жол ашады. Композиция тапсырмаларын орындауда алыс, жақын, алдыңғы жақта, артқы жақтарда тұрған заттарда балалар тәрбиешінің түсіндіру арқылы айыра біледі. Сонымен қатар осындай композициялық шешімдері тез түсіндіретін фланелграфты пайдалануға болады. Бұл 50х50 размерлі плпншет, оның үстіне арнайы мата керіледі, керуге қолданылатын матаның түгі болуы керек. Түрлі-түсті түгі бар қалың қағаздардан арнайы ертегінің мазмұнына қарай заттар мен кейіпкерлер қиылып жасалады. Планшеттің бетіне осы қиылған заттардың суретін жабысып қалу арқылы композиция орындалады. Сабақта қолданылатын заттар мен түрлі аңдардың суреттері әр түрлі размерде болады. Себебі балаларға композицияның алыс, жақын, алды мен артқы жақтарында орналасқан заттарды түсіндіру үшін қажет. Мысалы, жақын жерде тұрған заттың көлемі үлкен болады да алыстағы зат кішкентай болып көрінеді. Тақырыпқа байланысты және ертегінің мазмұнына композиция салуда баланың заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруына көмегін тигізеді.
Балалардың суреттерін жиырмасыншы ғасырдың басында зерттеген неміс психологы Г. Кершенштейнер «балалар сурет салғанда көргенін емес ойындағы білгеніне сүйене отырып салады деп дәлелдеген. Балалардың салған суреті жалпы қоғамға қажеті бар өзіндік маңызды шығармашылық туынды екенін бүкіл өнертанушы ғалымдар мен қатар психологтар, тарихшылар, биологтар суретшілер мойындап отыр. Балалар жер шарындағы халықтардың ең көп бөлігі болып есептеледі. Сондықтан болу керек атақты ағылшын жазушысы Ульям Блейк «балалар-азаматтың атасы» деген екен. Балалардың салған суреттеріне қарап балалық шағымызды еске аламыз, туған жеріміз есімізге түседі. Балалардың салған суреттерін анықтап қарайтын болсақ, балалардың салған суреттерінің көпшілігінде күн бейнеленетінін байқаймыз. Күн кейбір балалардың суреттерінде сары, қызғылт, тіпті көкшіл шар секілді де болып боялады. Мысалы, топтағы балалардың жұмыстарын талдағанда балалардың жартысынан көбі күнді жылы түсті қолдану арқылы бейнелеген, ауа-райының өзгеруі балалардың күнді бейнелеуге ешқандай әсер етпейтінін аңғаруға болады. Мысалы, желді, жаңбырлы күн, кешқұрым, қар жауып тұрған сәттерді бейнелесе де балалардың композицияларында бәрі бір күн ығып тұрады. Қазір балалардың жолдың үстіне, үйлердің қабырғаларына, шарбақтарға салған суреттерін көп кездестіреміз[6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz