Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
2.2. Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар және олардың ролі.
2.3. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
2.4. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды негізі
2.5. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп туралы заңы.

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кiрiспе

Бухгалтерлiк есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгiлi бiрлестіктерi
мен тәсiлдерi бойынша есептейтiн, өлшейтiн және оны дәлдеп, тасымалдайтын
жүйе. Ол кәсiпорынның жұмысын толығымен бағалап, оны басқару үшiн бағыт-
бағдар берiп, алдағы уақытта iстелiнетiн жұмысын жоспарлап және сонымен
қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға
өте қажеттi ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлiк есеп бүтiндей
халық шаруашылығы есебiнiң ең басты негiзгiсi болып саналады. Бухгалтерлiк
есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгiнгi күнге дейiн дамып
келедi. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты
табылған жазулардан бухгалтерлiк есеп бiздiң заманымызға дейiнгi V ғасырда
жүргiзiлдi деген деректер бар. Ал бiздiң заманымызға дейiнгi II ғасырда
Грецияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есептелiп, салынған үйдiң
(ғимараттың) қабырғасына жазылатын болған. Рим империясының квесторлары
емтихан қабылдаушы тыңдаған. Осыдан аудитор деген термин пайда болған.
Мiне, осы жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, бухгалтерлiк есептiң тек
ғана кәсiпорын жұмысының бiр бөлiгiн атқарып ғана қоймай, тұтас мемлекеттi
басқаруға қатысы бар екендiгiн дәлелдеуiмiзге болады. Сондықтан да болар
көрнектi ғалым Б.Де Солозаноның Бухгалтерлiк есеп болмаса әлемдi басқару
мүмкiн емес және онсыз адамдар бiрiн-бiрi түсiнбес едi -деген.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп
беру туралы заңы елiмiздегi бухгалтерлiк есептi жүргiзу жүйесiн анықтайды,
қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негiзгi
принциптерi мен жалпы тәртiбiн, iшкi бақылау және сыртқы аудит жөнiндегi
талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың бағыттары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
2.1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн барлық кәсiпорын
бухгалтерлiк есептеу мен қаржылық есеп берудi осы заңға сәйкес жүргiзуге
мiндеттi. Кез келген ұйымда бухгалтерлiк есеп жұмысын жүргiзу экономикалық
мәселелердiң негiзгi және басты қажеттiлiгi болып табылады. Бухгалтерлiк
есеп арқылы өндiрiлген өнiмдi есепке алуға, сатып-өткiзуге, айырбастауға
және одан түскен қаржыны тиiмдi де ұқыпты етiп бөлiп жұмсауға, яғни
кәсiпорындағы шаруашылық әдестердiң барлығын басынан соңына дейiн есептеуге
болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық
әдерiстердiң, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке
алынуы. Экономикалық талапқа сай бухгалтерлiк есептiң негiзi болып
табылады. Жалпы бухгалтерлiк есеп кәсiпорында мынадай қызмет атқарады:
- болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшiн ұйымда болып жатқан
операцияларды тiркеп және оны өңдеп отырады;
- ұйымның қаржылық – ақпараттық мәлiметiн өңдейдi, сондай-ақ оны керек
уақытына дейiн сақтайды;
- қаржылық – ақпараттық мәлiметтi пайдаланушыларға уақтылы берiп отырады,
ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару
барысында түрлi шешiм қабылдайды.
Көп жағдайда бухгалтер мен есепшiнiң арасындағы айырмашылықты
бiлмегеннiң салдарынан бұл екеуiн шатыстырып алатындар да жиi кездеседi.
Бұлар iс-тәжiрибеде өз қызметтерi барысында бiрiн-бiрi ауыстырып
отыратындығы, әрине, рас. Бiрақ есепшiнiң негiзгi мiндетi шаруашылық
операцияларын тiркеу бухгалтерлiк ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса,
ал бұл мәлiметтердi өңдеп, оған экономикалық талдау жасап және оны
пайдаланушыға тиiмдi етiп жеткiзу бухгалтердiң мiндетi. Жалпы кәсiпорында
бухгалтерлiк есеп жұмысын атқарушы маман iс-тәжiрибеде мынадай үш түрлi
қиындыққа тап болуы мүмкiн:
-Әрбiр жаңа келiсiмдi жүргiзу барысында шешiм қабылдаушыға керектi
есеп атқаратын табыс ету үшiн табыс тиiстi стандарттар мен ережелерге
сүйенуге тура келедi, яғни оларға деген қажеттiлiк туындайды. Ал кәсiпкер
ешқашан капитал жинауда және бизнес жүргiзуде шығармашылық ойдың
жетiспеушiлiгiн сезiнбейдi;
-кәсiпорынның бухгалтерлiк ақпарат мәлiметтерiн бiрдей мақсатқа, тең
дәрежеде пайдаланатын екi тұлға болмайды, себебi мұндай ақпаратты әртүрлi
тәсiлдермен, әртүрлi мақсатта пайдаланады. Олардың бiлiм және тәжiрибе
деңгейi әртүрлi болып келедi;
- бухгалтерлiк есеп табиғат заңы емес, ол әртүрлi ойлар мен шешiмдердiң
үйлесiмi болуы мүмкiн.
Бухгалтерлi есеп мамандығына қайшы келетiн екi түрлi пiкiр бар:

1. Бухгалтерлiк есеп басқа ғылымдар сияқты табиғаттың заңы мен
принциптерiне бағына бермейдi, себебi оларды ұйымдастыру керек.
Осы аталған бухгалтерлiк есеп принциптерiн жеке тұлғалар ғана
ұйымдастыра алады, сондықтанда оны ұйымдастыру барысында
қайшылықтар мен әртүрлi көзқарастардың болуы сөзсiз.
2. Бухгалтерлiк есеп түсiнiгi логикалық негiздеу, экономикалық
теория, iс-тәжiрибе, бағдарлама және ортақ келiсiммен
негiзделедi. Осыған орай бухгалтерлiк есеп түсiнiгi күнделiктi
өмiрде болып жатқан әлеуметтiк және экономикалық жағдайға
байланысты өзгерiп отырады.
Кәсiпорындардағы бухгалтерлiк маманының қай-қайсының болмасын
негiзгi кәсiби мiндетi бухгалтерлiк ајпаратты пайдаланушыларға уақтылы және
дұрыс есептелген мәлiмет беру болып табылады. Бұл ақпараттың мәлiметтi
бiрдей дәрежеде пайдаланатын екi тұтынушы болмағандықтан, жалпы сипаттағы
қаржылық есептi құру кезiнде негiзгi қағидалар мен шектеулердi, ұсынылатын
ақпарат көлемiн объективтi бағалау қажет. Бухгалтерлiк есептегi бұл жүйе
адамдар арқылы жасалатын болғандықтан оны құру барысында туындайтын
қайшылықтарды жеңуге болады.
2.2. БУХГАЛТЕРЛІК АҚПАРАТТЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ РОЛІ.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындармен ұйымдардың пайдаланушыларға
берілетін қаржылық-ақпараттық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне
байланысты болып келеді. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың
қатарына қаржы салымшыларын, несие берушілерді (банк немесе банктен тыс
мекемелер) және білесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады.
Осы жоғарыда аталған кәсіп орындардың ақпаратын пайдаланушылар маңызды
басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық есебіне
сүйенеді. Кәсіпорындар мен ұйымдардын қаржылық-ақпараттық мәліметін
пайдаланушылар негізінен мынадай екі топқа бөлінеді:
- Ішкі пайдаланушылар;
- Сыртқы пайдаланушылар.
Ішкі пайдаланушыларға осы кәсіпорында қызмет атқаратын тұлғалар, ал
сыртқы пайдаланушыларға осы кәсіпорында қызмет атқармайтын, бірақ оның
қаржылық жағдайына қызығушылығы бар заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады.
Сондай-ақ осы қаржылық-ақпараттық мәліметтерді пайдаланушылардың өзі
төмендегідей санатқа бөлінеді:
• кәсіпорынды басқарушылар (басшылар);
• кәсіпорыннан тыс орналасқан, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей
қызығушылы бар тұлғалар;
• кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама қызығушылығы бар тұлғалар.
Кәсіпорынды басқарушыларға осы ұғымның алдына қойған мақсатына жетуіне
және оның қызметіне толықтай жауапты адамдар жатқызылады. Бұндай адамдарға:
кәсіпорынның иесі, кәсіпорынның басшысы, директорлар кеңесінің мүшелері,
менеджерлер, бөлім басшылары және тағы да басқалар жатқызылады. Бұл аталған
санатқа жататын адамдарды кәсіпорынның:
• соңғы есепті жылдағы таза пайдасының көлемі (мөлшері);
• нақты алынған табыс көлемінің жоспармен сәйкестілігі;
• өндірген әрбір түрлі өнімнің өзіндік құны;
• қызметтің қандай түрінен табыс көбірек алынатындығы және тағы да басқа
жағдайлар қызықтырады. Осы қаржылық-ақпараттық мәліметтерді
пайдаланушылардың өзі төмендегідей санатқа бөлінеді:
-Кәсіпорынды басқарушылар (басшылар);
-Кәсіпорынан тыс орналасқан;
-Кәсіпорынның қаржылық қызметіне жарнама мүдделілер.
Кәсіпорыннан тыс орналасқан, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей
мүдделі тұлғалар болып: қаржы салымшылары (инвесторлар), несие берушілер,
жабдықтаушылар және басқалар есептелінеді. Бұл тұлғалар өздерінің салған
салымдары мен сатқан тауары, көсеткен қызметкері, сондай-ақ берген
несиелерінің уақытылы қайтарылатындығын білу үшін ұйымның қаржы
тұрақтылығымен төлем қабілеттілігін зеттейді. Ал кәсіпорынның қаржылық
қызметіне жанама мүдделі тұлғаларының қатарына:
- салық органы,
- министерліктер мен агенттіктер,
- аудиторлар,
- сақтандыру компаниялары сатып алушылары мен тапсырыс берушілері
және т.б. заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады.
Кәсіпорынның бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге берешек
төлемдерін уақытылы төлемейтіндігін, қаржылық ақпараттық мәліметінің
дұрыстығын және өз жұмысшы қызметкерлерімен еңбек ақы бойынша уақытылы есеп
айырысатындығын қадағалау осы, яғни кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама
мүдделі тұлғалардың жұмысы болып табылады.
Кәсіпорындармен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәліметтерін
пайдаланушыларының әртүрлі топтарының болуы, біртұтас бухгалтерлік есеп
жүйесін екі бөлікке бөлді. Соңғы жылдары біздің елімізде де халықаралық
бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік есепті қаржылық есеп және
басқарушылық есеп деп екіге бөліп қарастыра бастады. Мұндағы қаржылық есеп
ұйымының ішкі және сыртқы пайдаланушыларына керекті өнім өндіру, өндіріс
табу және оның алдағы кезеңдегі нәтижесінің артуына байланысты ақпараттық
мәліметтерді қарастырады. Белгіленген заңға сәйкес дұрыс жасалған қаржылық
ақпараттық мәліметтерді дер кезінде пайдаланушыларға жеткізіп беріп отыру
кез-келген кәсіпорындағы бухгалтердің кәсіби міндеті болып табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен
бақылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде
өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды,
қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға
қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептің
басты міндеті болып табылады. Қандай да болмасын шаруашылыққа қажетті
күнделікті қолданылатын есеп жұмысының белгілі бір кезеңдерге сай
дамитындығы белгілі. Ал шаруашылық есеп мәліметтері өндірістің экономикалық
жағдайын белгілі бір дәрежеде жан-жақты сипаттап, талдап, қандайда бір
шешім қабылдаудың басты мақсаттарын жүзеге асырушы экономикалық пән болып
табылады. Қандайда бір шаруашылық құбылыстарын зерттеп, оларға экономикалық
талдау жасау үшін белгілі бір есеп көрсеткіштеріне сүйенуімізге тура
келеді. Шаруашылық есептің алғышарты материалдық өндірістің теориялық
негізін зерттеуге байланысты. Қандай да болмасын есеп көрсеткіштері
экономикалық жағынан маңызды мәселе болып табылады. Кәсіпорынның қаржы-
шаруашылық қызметі туралы ақпараттық мәліметгерді жинақтау бухгалтерлік
есеп пәні болып саналады. Бұл пәннің негізгі мақсаты – осы бухгалтерлік
есепке анықтама беру және оны басқадай экономикалық пәндермен салыстырып,
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, өз ерекшеліктерін теориялық, сондай-ақ
іс-тәжірибелік тұрғыдан сипаттап қарау болып табылады. Бухгалтерлік есептің
қандай мәселемен шұғылданатынын, нені зерттейтіндігін, қай жерлерде
қолданылатындығын зерделеп қарау - бұл пәннің негізгі бағыты болып
саналады.
2.3. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ МІНДЕТІ МЕН МАҚСАТЫ
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – барлық кәсіпорындарда
орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі
уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау.
Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген
кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу
үдерістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда белгілі
болып отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты — кәсіпорындардағы есеп
жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни
толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы
көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай-ақ
экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті
ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру,
қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен
қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске
асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін
ұлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау
әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген
резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленді.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтерімен көрсеткіштеріне сүйене
отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар,
бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды құжаттары мен мәліметтеріне қарай
әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-қызметкерлердің материалдық
ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады. Бухгалтерлік есептің
басты ерекшелігі сол, ол тек қана басталқы және арнайы құжаттарға жазылып
тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорыңдағы
шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы. Шығындардың
орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құңдылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты да
тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып
табылады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық
өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зертгеуге бірден-бір негіз болып
табылады. Сондықган да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – халық
шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай
есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында
болмасын дамудың обьективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол
заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп
жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – ұйымның өз экономикалық және
саяси жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті
ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету. Қорыта келгенде, бухгалтерлік
есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді
тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс (пайда) табуы
жатқызылады.
1С Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем түрлері.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы күнделікті болып отыратын барлық
операцияларды, шаруашылық үдерістері мен шаруашылық құралдарының қозғалысын
олардың өнім өндіруге қатысуы мен оның нәтижесін есептеу үшін үш түрлі
өлшем қолданылады.
І-тарау. Бухгалтерлік есеп мәні, маңызы, мақсаты
1) Сандық (натуралдық) өлшем.
2) Еңбекөлшемі.
3) Ақшалай өлшем.
Сандық (натуралдық) өлшем кәсіпорынның кіріске алынуға, есептен
шығаруға және сонымен қатар, түгендеуге тиісті өнімдері мен заттарын,
материалдары мен негізгі құралдарын өлшеу? санау, көлемін анықтау үшін
қолданылады. Бұл сандық (натуралдық) өлшемнің өзі өлшенетін шаруашылық
құралдарының түріне қарай әр түрлі болып келеді.
Мысалы: ағашты өлшеу үшін - текше метр (кубм), жерді өлшеу үшін —
гектар, астықты өлшеу үшін — центнер және тағы да басқа өлшемдер
қолданылады.
Бұл сандық (натуралдық) өлшемді қолдану санау, өлшеу арқылы есеп
жұмысын жүргізу барысында қажет. Алайда өндірілген өнімдерді сандық
(натуралдық) өлшемді пайдалану арқылы өлшеумен қатар олардың сапасына және
түріне қарай есеп жүргізудің маңызы зор. Сандық (натуралдық) өлшеммен қоса
өнімнің сапасын сипаттайтын сапалық өлшемдерді пайдалану арқылы өндірілген
өнімнің төменгі және жоғары дәрежедегі сапасын анықтауға болады. Бірақ та
тек қана сандық (натуралдық) өлшем арқылы жүргізілген есеп мәліметтері
негізінде ұйымның жұмысына толық және жан-жақты талдау жүргізуді жүзеге
асыру мүмкін емес.
Мысалы: тоннамен есептелінген 100 (бір жүз) тонна отынға (көмірге)
текше метрмен есептелінген 150 (бір жүз елу) текше метр отынды (мұнайды)
қоса салып, 250 (екі жүз елу) тонна немесе 250 (екі жүз елу) текше метр
отын деп есептеу мүмкін емес.
Еңбек өлшемі өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс
уақытын өлшеуге арналған. басқаша айтатын болсақ, еңбек өлшемі бір дана
өнімді өндіруге қажетті уақытты анықтауға немесе белгілі бір уақыт (мезгіл)
аралығында өндіріліп шығарылатын өнім санын анықтауға арналған. Бұл еңбек
өлшемі жұмыс күнінің саны, сағаты және минуты сияқты уақыт өлшемдерін
қолдану арқылы жүргізіледі. Жұмыс уақытының көрсеткіштері кәсіпорындағы
жұмысшылар мен қызметкерлерге тиесілі еңбекақы сомаларын және еңбек
нормалары мен оның өнімділігін есептеу үшін қажет. Алайда еңбек өлшемі
жұмсалынған еңбек күшінің нақты санын анықтауға немесе өлшеуге толық түрде
нәтиже бере бермейді. Олар көп жағдайларда сандық (натуралдық) өлшеммен
бірге қосылып қолданылады.
Мысалы: жұмысшының өнімді өндіруге, жасап шығаруға кеткен уақыты
(адам күні, сағаты) мен сол уақыттағы өндірілген өнімінің санын анықтау
арқылы еңбек өнімділігі көрсеткішін есептеуге болады. Мұндағы өндірілген
өнім саны сандық (натуралдық) өлшемге, ал оны өндіруге кеткен уақыт
(адамсағат) еңбек өлшеміне жатқызылады. Еңбектің ой еңбегі мен қол еңбегі
болып бөлінуіне және еңбекті атқаратын адамдардың жұмысының түріне
байланысты оларға жұмсалған барлық еңбекті ақшалай өлшемге айналдыруға тура
келеді.
Ақшалай өлшем кәсіпорындағы жұмсалған шығындар мен алынған табысты,
өндірілген өнімдер мен тағы да басқалардың есебін жүргізу үшін қажет.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында ақшалай өлшем көбіне сандық
(натуралдық) өлшем және еңбек өлшемімен бірігіп барлық мәліметтерді
жинақтап қорытындылау үшін қолданылады.
Мысалы: құрылысты салуға кеткен барлық шығынның құнын анықтау үшін,
сонымен қатар өндірілген өнімдерді, сатылып алынған тауарды сату, бағалау
және тағы басқалары үшін ақшалай өлшем көп қолданылады. Кәсіпорынның
балансын құру барысында да тек қана ақшалай өлшем қолданылады.

2.4. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ НЕГІЗІ

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жұмысының негізгі
принцептері мен жалпы ережелерін және ішкі бақылаумен сыртқы аудиторлық
тексеруді жүргізудің әдісдердің негізгі ережелерің тағайындалатын
өкілеті орган қаржы министірлігінің қарамағындағы бухгалтерлік есеп аудит
метологиясының департаменті. Ол департаменті қаржы министрлігінің
құрамына кіреді. Заңды тұлға статусы бар барлық есеп. Департамент
бухгалтерлік есеп және аудит стандартарын өзгертіп немесе жойып, жаңа
түрлерін тағайндап отырады. Республиканың барлық экономика саласының есеп
және аудит жүргізу әдістерін дайындайды және аудиторлық қызметер жүгізуге
профессионалды сертификат береді. Бухгалтерлік есептің негізгі нормативтік
құқықтық базасына мыналар жатады.
1.Бухгалтерлік есеп заңы

2.Бухгалтерлік стандарттар
3.Әдістемелік
нұсқулар ережелері
4.Бухгалтерлік есептің типтік шоттры

5.Есеп саясаты
Республиканың азамат кодексінің бойынша заңды тұлғаларға мыналар
жаталы.

1.Шаруашылық серіктестіктер
2.Акционерлік қоғамдар
3.Өндірістік кооперативер
4.Мемлекеттік мекемелер
5.Коммерциялық емес кәсіпорындар
Бұл заңды тұлғалар және жеке тұлғалар кәсіпкер Қазақстан
территориясындағы резиденттер және резиденттер емес (заңды түрде
Республикада кәсіпкерлік жағдайын шетел мекемелері) міндетті түрде
бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп жұмысын жүргізуге тиісті. Бухгалтерлік
заң негізңде бухгалтерлік есеп принциптерін оның сапасын және жалпы
ережелерін белгілейді және тағайындайды Бухгалтерлік есеп заңы негізінде
Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйене отырып есеп заңын
шығарады. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептің жүйесін мемлекеттік
басқару ретінде жүргізіледі. Мемлекеттік басқару органдарынан басқа
нармативтік құқық актілерін Республиканың ұлттық банкісі шығарады және
бекітеді. Бухгалтерлік стандарт негізінде есеп объектілерінде жеке –жеке
есеп жүргізетін ережелерін және қағидаларын анықтайды. Бухгалтерлік
есептің типтік жоспары шаруашылық операцияларының бухгалтерлік шоттарды
көрсету үшін пайдаланатын құрал. Жалпы типтік шоттар жоспары бойынша әрбір
шаруашылық субъектілері өздерінің шаруашылықтарының көлемі орындаған
жұмыстары және оларда болатын шаруашылық опирациясына байланысты жұмыс
шоттар жоспарын жасайды. Әр шаруашылық өзінің бухгалтерлік есебін жүргізу
үшін сол шаруашықтарының бас бухгалтері есеп саясатын жасайды. Шаруашылық
есеп саясаты бухгалтерлік есеп заңына бухгалтерлік стандарттарға
методикалық рекомендацияларға типтік бухгалтерлік шоттарға және де басқа
үкіметердің және ұлттық банктің шығарған ережелерін басшылыққа ала отырып,
солардың негізінде жасалады. Шаруашылық есеп саясаты сол шаруашылықтың
бухалтерлік немесе қаржылық есебін жүргізетін тәртібін есеп жүргізу үшін
қолданатын әдістерін және негізгі есеп қағидаларын анықтайды. Барлық
шаруашылықта бугалтерлік есеп қаржылық есеп сол шаруашылықтың есеп
саясатына сәйкес жүргізілуге тиістi. Бухгалтерлік есептің жоспары
шаруашылық операциясының бухгалтерлік счеттарды көрсету үшін пайдаланған
құрал жалпы типтік счеттар жоспары бойынша әрбір шаруашылық субъектері
өздерінің шаруашылықтарының көлемі орындаған жұмыстары және оларда болатын
шаруашылық операцияларына байланысты жұмыс счеттар жоспарын жасайды.
Шаруашылық есеп саясатына бухгалтерлік шоттың жұмыс жоспары сол
шаруашылықтың жетекшілері бекітеді. Шаруашылықтың есеп саясаты мынадай
негізгі 3 аспектіні қамтиды:
1. Бухгалтерлік есепті методикалық жағынан қамтамасыз ету.
2. Бухгалтерлік есепті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есеп туралы жалпы мағлұмат
Бухгалтерлік есептің мақсаты мен міндеттері
Бухгалтерлік есепке анықтама беру және оны басқадай экономикалык пәндермен салыстыру
Сандық өлшем
Өңдірістің бухгалтерлік есеп негіздері және ерекшеліктері
Бухгалтерлік есеп пәні
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды негізі
Бухгалтерлік есеп қағидалары
Жылдамдатып есептен шығару әдісі
Бухгалтерлік есеп - басқарудың аса маңызды функциялары
Пәндер