Ескіру мерзіміне байланысты жауаптылықтан босату



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Қылмыстық жауаптылықтан босату
1.1 Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсiнiгi жəне оның негiздерi ... ... 5
1.2 Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ... ... ... ... ..8
1.3 Жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ІІ. Ескіру мерзіміне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
2.1 Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3 Рақымшылық жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.4 Қылмыстық жауаптылықтың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Қылмыстық жауаптылықтан босату
1.1 Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсiнiгi жəне оның негiздерi ... ... 5
1.2 Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ..8
1.3 Жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ІІ. Ескіру мерзіміне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
2.1 Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Рақымшылық жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.4 Қылмыстық жауаптылықтың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 27

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі ескіру мерзіміне байланысты жауаптылықтан
босату.
Қылмыстық жауаптылықтан босату – соттың үкiмi бойынша сотталған
адамды тағайындалған жазадан толық немесе iшiнара босату. Босатудың мəнi
қоғамға аса қауiптi емес қылмыс жасаған адамға немесе қылмыстық қудалауды
үнемдеуге негiз беретiн өзге де жағдайларға сəйкес қылмыс жасаған адамға
əсер етуден тұрады.
Жазадан босату институтын тағайындаудың басты мақсаты сотталған
адамның түзелуiн ынталандыру, тез арада оны қайта тəрбиелеу, сонымен бiрге
жазаны қолданбай-ақ қылмыстық құқықтың мақсаттарына қол жеткiзуге болатын
жолдарды қолдану табылады. Мұның барлығы қылмыстық заңның гуманизациясын
бiлдiредi.
Негiзiнен қылмыстық жазадан босату қылмыс жасағаны үшiн кiнəлi адамға
соттың үкiмi шығарылғанға дейiн, яғни жазаның орындалуы басталғанға дейiн,
сонымен бiрге сотталған адам жазаның бiр бөлiгiн өтегеннен кейiн, егер сот
жазаның мақсатта ры орындалды жəне сотталушыны түзеу үшiн тағайындалған
жазаның орындалуы қажет емес деп тапқан жағдайларда тағайындалады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ескіру мерзіміне байланысты жауаптылықтан
босату түрлерін қарастырып жазу
Қылмыстық құқық саласындағы қылмыстық жауаптылықтан босату институты
қылмыстық-атқару құқығымен ұштасып отырады.
Қылмыстық жазадан босату белгiлi бiр деңгейде қылмыстық жауаптылықтан
босатуды еске түсiредi.
Дегенмен, босатудың бұл түрлерiнiң арасында қағидалық тұрғыдағы
айырмашылықтары да бар:
- қылмыстық жауаптылықтан əдетте ауырлығы онша емес немесе орташа
ауырлықтағы қылмыс жасаған адам босатылады. Ал жазадан босату адам ауыр
жəне аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда да мүмкiн;
– қылмыстық жауаптылықтан босатуды соттың айыптау үкiмi шығарылғанға дейiн
сот қана емес, сондай-ақ тергеушi де, прокурор да, алдын-ала анықтау органы
да жүзеге асырады. Ал жазадан босату айыптау үкiмi шығарылғаннан кейiн жəне
осыған орай тек сотпен ғана жүзеге асырылады.

І. Қылмыстық жауаптылықтан босату
1.1. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсiнiгi жəне оның негiздерi

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық жауаптылық екi жолмен: жаза
тағайындаумен байланысты жəне жаза тағайындау мен байланысты емес жүзеге
асырылады. Бiрiншi жағдайда қылмыстық жауаптылықтың мазмұны болып жаза
табылады, ал екiншi жағдайда қылмыстық жауаптылық адамға жаза тағайындамай
тоқтатылады.
Гуманизм жəне əдiлеттiлiк принциптерiне сүйенiп ҚР Қылмыстық заңы
кiнəлi адамдарды жазадан ғана емес қылмыстық жауаптылықтан толық босатуды
реттейтiн нормаларды да бекiткен. Алайда, қылмыстық жауаптылықтан босату
белгiлi бiр шамада қылмыстық құқықтың арнайы прициптерiнiң бiрi –
жауаптылықтан құтылмайтындық принципiне қайшы.
Қылмыстық жауаптылықтан босату институтының қылмыстық құқықтық
маңызына келсек, ең бастысы ол қылмыстылықтың алдын алу қызметiн атқарады.
Мысалы, шын өкiнуiне байланысты немесе жəбiрленушiмен татуласуына
байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормалары кiнəлi адамдарды
ынталандыруға шақырады.
Сонымен, кейбiр жағдайларда қылмыстылықпен күресу мақсатына қол
жеткiзу кiнəлi адамды қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ немесе оларды
соттаған кезде жазаны өтеуден босату арқылы да мүмкiн болады. Осыған
байланысты қылмыстық құқықта қылмыстық жауаптылықтан жəне жазадан босату
институты енгiзiлген.
Қылмыстық жауаптылықтан босату - қылмыстық жəне қылмыстық-iс жүргiзу
заңдарына сəйкес жүргiзiлетiн мемлекеттiң өкiлеттi органдарының қылмыстық-
құқықтық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қылмыс жасаған адамға қолданудан бас
тартуы. Қылмыстық жауаптылықтан босату анықтау, алдын ала тергеу сатысында
немесе айыптау үкiмi шыққанға дейiн сот талқылауы кезiнде орындалуы мүмкiн.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негiздерiне
мына жағдайлар жатқызылады:
– шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 65
бабы);
– қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-
тiң 66 бабы);
– жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР
ҚК-тiң 67 бабы);
– жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң
68-бабы);
– ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-
тiң 69-бабы);
– рақымшылық жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-
тiң 76-бабы);
Жоғарыда көрсетiлген қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлерi мiндеттi
жəне факультативтiк болып бөлiнедi.
Қылмыстық жауаптылықтан мiндеттi босатылу болып ескiру мерзiмiнiң
өтуiне байланысты босатылу танылады.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың басқа түрлерi факультативтiк
белгiлердi қамтиды, яғни заңмен қарастырылған жағдайларда формальдi негiздi
қолдану мiндеттiлiктi тудырмайды. Қандай да болмасын қылмыстық
жауаптылықтан босатудың түрi қылмыс құрамының белгiлерi, қылмыстық
жауаптылықтың негiзi бар болған жағдайда ғана қолданылады. Сот, прокурор,
тергеу, анықтау органдары қылмыстық жəне қылмыстық iс жүргiзу заңдарын
негiзге ала отырып қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешiмге келедi.
Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қана адамның қылмыстық жазалануға
жататын əрекеттерi болған жағдайда ғана қарастырылады. Сөйтiп, қылмыстық
жауаптылықтан босату– қылмыстық-құқықтық қатынас субъектiлерiнiң құқықтары
мен мiндеттерiн толық жүзеге асыру деген сөз, ендеше қылмыстық
жауаптылықтан босатылғаннан кейiн жасалған қылмыс қайталанған қылмыс
ретiнде есептелмеуi керек.

1.2. Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заңда бекiтiлген
бiрқатар шарттар болған кезде мүмкiн:
а). егер адам бiрiншi рет ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы
қылмысты жасап, осы қылмысты жасағаннан кейiн кiнəсiн мойындап өз еркiмен
келсе – адам өзi қылмыстың жасалу фактiсi жөнiнде оның тергеуденн, соттан
қашуға мүмкiндiгi бола тұра, мемлекеттiк билiк органдарына не құқық қорғау
органдарына өз еркiмен хабарлауы.
б). егер адам бiрiншi рет ауырлығы онша емес немесе ауырлығы орташа
қылмысты жасап, осы қылмысты жасағаннан кейiн қылмысты ашуға жəрдемдессе –
кiнəлi адамның тергеу, анықтау немесе сот органдарына жасалған қылмысты
ашуға маңызды болып табылатын мəн-жайларды анықтауға, жасалған
қылмыстың iздерiн, қылмыстық жолмен табылған заттарды сақтау орнын,
қылмыстың басқа қатысушыларын iздестiруге бағытталған əрекеттер жасауы.
Мұнда кiнəлiнiң жəрдемдесу əрекеттерi оң нəтиже бермесе де ол қылмыстық
жауаптылықтан босатылады.
в). егер адам бiрiншi рет ауырлығы онша емес немесе ауырлығы орташа
қылмысты жасап, ол қылмыстан келген зиянды өзгеше түрде қалпына келтiрсе –
кiнəлi адам қылмыс жасағаннан кейiн өз ұсынысымен қылмыстан келген зиянды
қалпына келтiруге немесе зиян келген құндылықтарды өтеуге əрекет жасаған
болса қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ҚК-тiң 65-бабының 2-бөлiгiне сəйкес, жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр
қылмыстарды қоспағанда, қылмыс жасаған адамды сот, егер ол ұйымдасқан топ
немесе қылмыстық сыбайластық жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе
тергеуге, осы қылмысқа қатысушыларды анықтауға белсендi түрде жəрдемдессе
қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл жағдайдың 65-баптың 1-
бөлiгiндегi ережеден айырмашылығы:
а). бұл жағдай тек ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық құрамында
қылмыс жасаған адамдарға ғана қолданылады;
б). бұрын қылмыс жасаған адамдарға да қолданылуы мүмкiн;
в). жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстардан басқа барлық
санаттағы қылмыстарға қолданылады.
ҚК-тiң 65-бабының 3-бөлiгiне сəйкес, осы баптың 1 жəне 2-бөлiктерiнде
көзделген жағдайлар болған кезде басқа санаттағы қылмыс жасаған адам тек ҚК-
тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында арнайы көзделген реттерде ғана
қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн: арнайы белгiлерге байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату марапаттау нормалары бар ҚР ҚК-тiң ерекше
бөлiмiнiң 125-б.“Адамды ұрлау”, 165-б. “Мемлекеттiк опасыздық”, 231-б.
“Коммерциялық сатып алу”, 233-б. “Терроризм”, 234-б.
“Адамды кепiлге алу”, 236-б. “Заңсыз əскерилендiрiлген құраманы
ұйымдастыру”, 251-б. “ Қаруды, оқ- дəрiлердi, жарылғыш құрылғыларды заңсыз
сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру”, 252-б.
“Қаруды заңсыз жасау”, 259-б.“Есiрткi заттарды немесе жүйкеге жер ететiн
заттарды заңсыз дайындау, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе
сату”, 297-б. “Жол-көлiк оқиғасы болған орыннан кетiп қалу”, 312-б. “Пара
беру”, 326-б. “Əскери қызметтен жалтару”, 352-б. “Көрiнеу жалған жауап
беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару”, 358-б. “Бас
бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу” баптарының
ескертулерiнде көрсетiлген.
Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мiндеттi емес жəне
шартсыз болып табылады. Мiндеттi емес деген сот, тергеу, анықтама орандары
65-баптың 1 жəне 2-бөлiктерiнде көзделген жағдайлар болғанның өзiнде
кiнəлiнi қылмыстық жауаптылықтан босатпауы да мүмкiн, себебi бұл олардың
мiндетi емес құқығы болып табылады.

Қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
ҚК-тiң 66-бабына сəйкес, қоғамға қауiптi қылмыстан болған үрейлену, қорқу
немесе сасқалақтау салдарынан қажеттi қорғану шегiнен асқан адамды iстiң
мəн-жайларын ескере отырып сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

1.3. Жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

Тараптарды татуластыру институты жəбiрленушiнiң қылмыстық процестегi рөлi
мен белсендiлiгiн арттыруға, оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тез
қалпына келтiруге бағытталады.
ҚК-тiң 67-бабына сəйкес, ауырлығы онша емес қылмыс жасаған немесе адамның
қайтыс болуымен не оның денсаулығына ауыр зиян келтiрумен байланысты емес
орташа ауырлықтағы қылмысты бiрiншi рет жасаған адам, егер ол
жəбiрленушiмен татуласса жəне келтiрiлген зиянның есесiн толтырса қылмыстық
жауаптылықтан босатылады. Сонда 67-баптың 1-бөлiгi бойынша қылмыстық
жауаптылықтан босату мынадай төрт негiздiң жиынтығы болғанда ғана мүмкiн
болады:
а). қылмыс жасаған адамның қылмысты бiрiншi рет жасауы,
б). қылмыс жасаған адамның əрекетi онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы
қылмыстар санатына жатуы;
в). қылмыс жасаған адамның жəбiрленушiге келтiрген зиянның есесiн толтыруы;
г). қылмысты жасаған адамның жəбiрленушiмен татуласуы.
Ал ҚК-тiң 67-бабының 2-бөлiгi бойынша орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған
адам, егер ол жəбiрленушiмен татуласса жəне келтiрiлген зиянның есесiн
толтырса қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. Мұнда заңшығарушы орташа
ауырлықтағы кез келген қылмысты жасаған адамды, əкеп соққан қылмыс
салдарына, оның əрекеттерiнде қылмыстардың бiрнеше рет жасалғанына,
жиынтығына, қайталанғанына қарамастан, егер қылмыс жасаған адам
жəбiрленушiмен татуласса жəне жəбiрленушiге келтiрiлген зиянның есесiн
толтырса қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкiндiгiн қарастырады:
Жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға
негiз беретiн бiрiншi рет жасалған қылмысқа, адамның шын мəнiсiнде бiрiншi
рет жасаған əрекетi не қайталанып жасаған əрекетi, бiрақ егер адам бұрын
жасалған қылмысы үшiн заңмен белгiленген тəртiппен қылмыстық жауаптылық пен
жазадан босатылса не оның соттылығы жойылса немесе алынса жатады.
Кiнəлi адам есесiн толтыруға жататын зиянға қылмыс арқылы жəбiрленушiнiң
денсаулығына жəне мүлкiне келтiрiлген немесе моральдық кез келген зиянды
жатқызу қажет. Бұл жағдайда тек тiкелей шығындар ғана емес, сонымен бiрге
қылмысқа байланысты, оның iшiнде өкiлге жұмсалатын шығынды қоса алғанда,
алдын ала тергеуге, сотқа қатысуға байланысты жұмсалатын шығындарды да
жатқызуға болады.
Қылмыспен келтiрiлген зиянның есесiн толтыру бүлiнген мүлiктi қалпына
келтiру, ұрланған мүлiктi қайтарып беру немесе тап сондай мүлiктi ұсыну,
ақшалай өтем төлеу, дəрi-дəрмектердi, санаториялық- курорттық жолдамаларды
сатып əперу, жəбiрленушiнiң алдында кешiрiм сұрау түрiнде жəне заңмен тиым
салынбаған өзге де нысандарда болуы мүмкiн.
Татуласу жəбiрленушiнiң кiнəлi адамға қарсы қозғалған қылмыстық iстi
тоқтату туралы өтiнiшi түрiнде болады. Жəбiрленушiнiң еркiн бiлдiруi
жазбаша арызбен рəсiмделедi немесе алдын ала тергеу барысында одан сұрақ
алу хаттамасында көрсетiледi.

ІІ. Ескіру мерзіміне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
2.1. Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мынадай екi
жағдай да мүмкiн болады:
а). қылмыс белгiлерi бар əрекеттi жасаған адам, егер iстi сот қараған кезде
жағдайдың өзгеруi салдарынан ол жасаған əрекет қоғамға қауiптi емес деп
танылса;
б). ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты бiрiншi рет
жасаған адам, егер ол адамның содан кейiнгi мүлтiксiз мiнез-құлқына
байланысты iс сотта қаралған уақытта ол адам қоғамға қауiптi деп
есептелмесе.
Жағдайдың өзгеруi қылмыстық жауаптылықтан босатуға негiз болу үшiн мемлекет
көлемiнде, жеке аймақ немесе нақты мекемедегi əлеуметтiк-экономикалық
немесе ұйымдастырушы лық- шаруашылық өзгерiстер түрiнде көрiнiс табады.
Мысалы, əлеуметтiк-экономикалық саясаттағы өзгерiстерге байланысты
Қазақстанда 1959 жылғы ҚазССР Кодексiндегi бiрқатар қылмыстар 168 бап
алыпсатарлық, сауда ережелерiн бұзу, паспорт ережелерiн бұзу, азаматтық хал-
актiсiн тiркеу жөнiндегi заңдарды бұзу, спирт өнiмдерiн саудалаудың
ережесiн бұзу сияқты баптар қылмыс қатарынан алынып тасталды.
ҚК-тiң 68-бабының 2-бөлiгi бойынша кiнəлi қылмыс жасағаннан кейiн iстi
сотта қарағанға дейiн өзiн мүлтiксiз ұстаса ғана қолданылады. Кiнəлi
адамның мүлтiксiз мiнезделуiне ешқандай құқық бұзушылық, тəртiптiк,
əкiмшiлiк жағынан жұмысы, оқуы, тұрғылықты жерi бойынша оң мiнезделуiн
түсiну қажет. Яғни, 68-баптың 2-бөлiгiн қолдану үшiн мына жағдайлардың
жиынтығы болуы қажет:
а). егер адам қылмысты бiрiншi рет жасаса;
б). жасалған қылмыс ауырлығы онша емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс
болса;
в). егер адам iстi сотта қарағанға дейiн өзiнiң мүлтiксiз мiнез-құлқымен
қоғамға қауiптi емес деп саналса.

2.2. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
дегенiмiз – бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы жəне өлiм жазасы
тағайындалуы мүмкiн қылмыстарды қоспағанда, қылмыс жасаған уақыттан бастап
кiнəлi адамды сол қылмысы үшiн заңда көрсетiлген шарттарға сəйкес жауапқа
тартуға мүмкiндiк беретiн уақыттың өтуiне байланысты кiнəлiнi жауаптылықтан
босату жөнiндегi құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң бұл институтты қолданудың үш жағдайын қарастырады:
1). Заңда көрсетiлген мерзiмдердiң өтуi;
2). Осы мерзiмдер iшiнде адам жаңадан ауыр немесе аса ауыр қасақана қылмыс
жасамаса;
3). Тергеуден не соттан жалтармаса;
Заңда қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыс жасалған күннен бастап бастап
мынадай мерзiмдер өтсе мүмкiн болады:
а). ауырлығы онша емес қылмыс жасағаннан кейiн екi жыл;
б). орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейiн бес жыл;
в). ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он жыл;
г). аса ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он бес жыл.
Ескiру мерзiмдерi қылмыс жасалған күннен бастап жəне сот үкiмi заңды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылықтан босату
ЕСКІРУ МЕРЗІМІНІҢ ӨТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру
Соттылықтың қылмыстық - құқықтық мәні
Жасы толмағандарға қылмыстық жауаптылықтан босату
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
Жекелеген түрлерi бойынша қылмыстық жазадан босатудың негiздерi мен тәртiбi
Қылмыстық жауаптылық
Пәндер