Балалар бақшасындағы балаларды тәрбиелеудегі еңбектің маңызы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Балалар бақшасындағы еңбек тәртібі

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Балалар бақшасындағы балаларды тәрбиелеудегі еңбектің маңызы
  2. Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері мен мазмұны ересектер тобында
  3. Үйретудің әдіс-тәсілдері
  4. Серуен кезінде балаларды еңбекке тәрбиелеу
  5. Бала бақшадағы еңбектің түрлері

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

3

5

10

14

19

22

28

30

І. КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі - жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.

«…Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір мағлұматтар беріп қана қоймай, қайта саналы еңбекке деген ынтасын арттыра түсуі керек, мұнысыз оның өмірі ардақты да, бақытты да бола алмайды. Қейбір жағдайдың, әсіресе адамның балалық және жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуы мүмкін, сондықтан баланы мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен баулу, еңбекке деген дұрыс ынта-ықыласын қалыптастырған дұрыс».

Мектепке дейінгі жас - негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатка ие болады.

Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-қүлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен кеп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған еңбск тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттснеді.

Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын (көру, есту, түйсіну, Сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді.

Қазіргі физиология ғылымы еңбек әрекетінде бала ағзасы дамуының ішкі механизмін аша келіп, баланың денесі мен психологиясының дамуындағы бірлікті негіздейді. Бұлшықет қимылының бала денесі мен ақыл-ойының дамуына, тынысы мен жүрек жұмысы ықпал ететіндігі дәлелденген. Мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметін ұйымдастыруда адам-гершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге зор көңіл бөлінеді. Педагог бала-ларға олардың орындап жаткан ісінің коллектив үшін маңызды екенін ұғындырады, өз жұмысын уақтылы атқарып шығуға, маңайындағыларға қамқорлық жасауға ұмтылатын етіп тәрбиелейді. Ол кезекшілерге өзінің көмекшілері ретіңде қарайды, міндеттерін уақтылы орындағаны үшін ал-ғыс айтады, барлық балаларды кезекшілердің еңбегін құрметтеуді үйрете-ді. Кезекшілер жұмысының сапасына, оның уақтылы орындалуына, өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесіне қойылатын талаптар да артады. Балалар жеткілікті іскерлік, ептілік көрсетуге, қойылған талаптарды саналылықпен орындайтын болуға тиіс.

Ересек топта балалардың коллективтік еңбегін ұйымдастыру үшін мол мүмкіндіктер пайда болады, бұлар: топ бөлмесін немесе учаскесін жинау, бақшаны, гүлзарды бөлу, егін өнімін, үрықтарын жинау, залды мерекеге арнап көркемдеу және т. т. Әдетте учаскедегі коллективтік еңбек серуен кезінде, ал топ бөлмесінде - күннің екінші жартысында ұйымдастыры-лады.

Тәрбиеші балаларға ұсынылатын жұмыстың маңызын, оларды бірнеше топқа бөлу қажеттігін түсіндіріп, олардың әрқайсысына белгілі бір тап-сырма береді. Коллективтік еңбектің мазмұнын белгілеген кезде, ол жұ-мыстың қай түрі балаларға таныс, қай түрі таныс емес ёкенін, оларды ка-лай бөлісу керек екенін ескереді, балаларға мына секілді етіп түсіндіреді: «Мына топ құрылыс материалын жуады. Өткен жолы ол текшелерді сүрткен болатЬш, сондықтан бүгін екінші топпен тапсырма алмасады. Со-лай еткеніміз әділ болады: балалардың бәрі ең қызық жерде де, басқа іске уйренетін жерде де жүмыс істейді».

Әрбір топтағы балалардың арасында жұмыс бөлісуге де назар аудару қажет. Сол_мақсатпен тәрбиеші былай деп түсіндіреді: «Балалар, сендер қуыршақтарды қайта киіндіруге де, көйлектерін жууға да тиіссіңдер. Кім қуыршақтардың көйлегін шешіп, тазасын киіндіретінін, кім кір жуатынын . келісіп. алыңдар. Сонда сендердің жұмыс істеулеріңе ыңғайлы болады, бір-біріңе кедергі жасамайсыңдар әрі шаруаны да бітіресіңдер». Қажет болған ретте ол мектеп жасына дейіңгі балалардың өзара келісіп алуына көмектеседі.

Жұмыстың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесін үйрету

Жұмыстың міндеттері:

- балаларды еңбекке тәрбиелеу;

- балаларды еңбекті сүйюді үйрету;

- еңбекке тәрбиелеудің міндеттері мен мазмұнын анықтау;

- үйретудің әдіс-тәсілдеріне тоқталу;

- серуен кезінде балаларды еңбекке тәрбиелеу ерекшеліктерін ескеру;

- балабақшадағы еңбектің түрлеріне сипаттама беру.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ Негізгі бөлім

1. Балалар бақшасындағы балаларды тәрбиелеудегі еңбектің маңызы

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, рухани өзгерістер мектепке дейінгі ұйымнан бастап, оның ішінде ұлттық тәлім-тәрбие беру саласында өзіндік ықпал жасауы заңды құбылыс.

Өткен тарихымыздың терең қойнауына ой сәулесін түсірсек, ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы зор - халқымыздың этнопсихология, этнопедагогика ғылымдарына рухани азық болған, ғасырлардан қалған асыл мұралары бар. Оны филологтар, тарихшылар, этнографтар, өнер зерттеушілері, психолог және педагог ғалымдар жан-жақты талдап өз зерттеулерінің мақсат-міндеттеріне орай ғылыми зерделеуден өткізуде. Ой елегінен өткен ғылыми тәжірибе нәтижелері ұрпақ тәрбиесіне игілікті үлес қосып келеді.

Әр халықтың бала тәрбиесі жөніндегі атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі, ғасырлардан қалған асыл қазыналары бар. Соның бірі біз сөз еткелі отырған ата-бабаларымыздың сарқылмас өнеге мен ізгі қасиеттерге балаған мұралары - салт-дәстүрлер. Ал салт-дәстүрлер дегеніміз не? Оған ғалымдар қалай анықтама береді?

Қайсы бір ұлттық құндылықтар туралы алсақ та салт-дәстүрлер жүйесінен аттап кету мүмкін емес. Дәстүр әр түрлі бағытта ұлттық-демографиялық, философиялық, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық құбылыс ретінде ғылым талаптарына сай барлық зерттеу салаларында қолданылады.

И. Г. Гердер, А. К. Конн, Ғ. Ақпанбет, А. Айталы, т. б ғалымдар философиялық еңбектерінде салт-дәстүрлердің сол халықтың тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетімен, тілімен байланыса отырып, бірлікте дамитынына баса назар аударады. Мысалы, И. Г. Гердер «салт-дәстүр тіл мен мәдениет бастауларының анасы», деп халықтың тұрмыс тіршілігінен көрініс бере отырып, мәдени тұрмысы мен тілі салт-дәстүрін сипаттайтындығын түсіндіреді. Осы тұрғыда салт-дәстүрді халықтың мәдениетінен іздеген, ұрпақтан-қрпаққа жалғасып отырған және ұрпақ тәрбиелеудегі жинақталған тәжірибенің жиынтығы тұрғысынан қараған М. Қозыбаев, Н. С. Сәрсенбаев, М. Базарбаев, Ғ. Ақпанбет сияқты ғалымдардың еңбектерін атап кетуге болады.

Ғ. Ақпанбет «ұлттық салт-дәстүр тәрбиедегі, мәдениеттегі ұлттың мұрагері және терең философиялық ойдың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да, көркем бейнесі» деп қазақ дүниетанымының салт-дәстүрмен байланысты екенін айтады.

Академик М. Қозыбаев еңбегінде адам баласының шыр етіп жерге түскеннен бастап, қартайып дүниеден өткенге дейінгі өмірі үнемі сан ғасырлардың наным-сенімі, түсінігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері жинақталған салт-дәстүрлер аясында болдаы, «салт-дәстүр дегеніміз - халықтың рухани өзегі, мәдениеттің діңгегі, тілінің тірегі» деп тұжырымдайды.

Н. Сәрсенбаев, С. Қалиев, т. б ғалымдар өздерінің зерттеулерінде салт-дәстүрге талдау жасай келе, осы екі ұғымның қоғамдық өмірде алатын орнына, атқаратын қызметіне тоқталады: 1) дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер, т. б. кіреді; 2) салт адам өмірінің күнделікті тіршілігінде, еңбек әрекетінде жиі қолданатын мінез-құлық қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, т. б. заңдылықтардың жиынтығы ретінде қарастырылады.

Соңғы жылдардағы зерттеулерді ғалымдарымыз ұлттық салт-дәстүрлерді адамның көзқарасын қалыптастыратын үлкен тәрбие мектебі ретінде насихаттап, ғылыми тұрғыдан жүйелеуге ден қояды. Осыған орай этнопедагогика ғылымында бірнеше көзқарастар қалыптасқан. Профессор С. Қ. Қалиев салт пен дәстүрдің айырмашылығына анықтама беріп, дәстүрдің салттан өрісі кең екендігіне тоқталады. К. Ж. Қожахметова салт-дәстүрдің ішкі мазмұнына тоқталып «екі сөз қосарланып айтылғанымен әрқайсысының өз мән-мағынасын барын ескеру, әр ұғымның өзіндік функция атқаратынын түсіндіру керек» деп ескертеді. Ондағы мақсат :

- салт-дәстүр ұғымының этнопедагогика ғылымында сараланып ғылыми тұжырымдарын анықтау;

- ұлттық мәдениет пен тұрмыс тіршілігіне байланысты салт-дәстүрлердің мазмұнының кеңейіп, түрлерінің жаңғыруына назар аудару;

- ұрпақ тәрбиесінен еңбек тәрбиесінің құрал ретіндегі мүмкіндік аясын негіздеу. Аталған мақсаттарға жетудің бірден-бір жолы - дәстүр, салт ұғымдары ғылыми әдебиеттерде қандай деңгейде анықталғанына көз жеткізу.

Ұлттық тәлім-тәрбиеге ерекше мән берген ғалымдардың бірі М. Арын «…. дәстүр» арабтардың әдустурә деген сөзінен шыққан, парсылар арқылы бізге жеткен. Шын мағынасы «тұрақты, орныққан» деген ұғымдарды береді» деп түсініктеме бере келе, ғалым «дәстүр» деген ұғым - жалпы ұлттың рухының негізгі компонеттерінің бірі. Ұлттың рухынан азық алған, ұлттың психологиясына рухтанған, солар арқылы пайда болған дәстүрлер біртіндеп, сол ұлттың рухын байытып, нығайтушы үлкен факторға айналады» деген тұжырымына толықтай қосылуға болады.

А. К. Кон: «Дәстүр дегеніміз - әдет-ғұрыптың өмірдегі өсіп жетілген әртүрлі формасы. Ол - адамдардың белгілі бір бағыттағы тұрақты іс-әрекеті мен мінез-құлқының ұрпаұтан-ұрпаққа белгілі формада ауысып берілетін түрі» деп тұжырымдаса, белгілі француз социологы Э. Дюркгейм: «Дәстүр адамдардың қоғамнан даяр күйінде табатын, өздерінің тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп отыратын тетік болып саналады. Дәстүрді бұзғаны үшін берілген жаза тайпалардың бірлігін сақтауға көмектесетін құралы болып табылады» - дейді. Демек, дәстүр - кең мағынада қолданылып, қоғам талабына қарай өмір сүруді реттейтін қалыптасқан ереже, заң тәртібі, әрекеттері деп танылып, тәрбиелік мәні қай уақытта да жоғары бағаланған.

Қазақ ұлттық энциклопедиясында «дәстүр - белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған, әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Дәстүр ұлттык мәдениетпен тығыз байланысты. Мәдениеті дамыған ел дәстүрге өте бай болып келеді. Жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуде дәстүрдің орны ерекше» деп көрсетілген. Сонымен дәстүр ұғымы барлық халықтарда болып тарихи негізде қалыптасқан, жалпыға бірдей тәртіп, әдеп-инабат нормасы болып табылады. Дәстүр негізінде одан әрі калыптасуымен өмір сүруі жағынан барынша ұлттық сипатта болмақ. Осылайша әрбір халықтың салт-санасы, озык дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениетіне өзіндік сипатымен үлес косуы да мүмкін.

Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі - адамдардың арасындағы қарым-қатынастарда белгілі бір өлшеммен өркендеп және өзгеріп отыратын, тұрақтылықты ретке келтіретін әдет-дағдылар жиынтығы болмақ. Өйткені тұрақтылық болмаса, даму да болмайтыны сияқты әдет-ғұрып, салт-сана тұрақгы бағдар ұстанады, Тұрақтылықты реттей отырып, дәстүр қоғамдық, ұлттық болмыстың ең маңызды негізін түзеді.

Қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлерінің болашақ ұрпақты еңбекке баулудағы үлкен тәрбие мектебі екенін насихаттау, ғылыми тұрғыда мәнін ашып жүйелеп зерттеуді қажет етеді. Сонымен, киіз үй жиһазы, төрт түлік малы, киім-кешек, қолөнер түрлері еңбек әрекетінің нәтижесінде, бір-бірінен ажырамай күнделікті тұрмыстық болмысты құрағанымызға көзіміз жете түседі. Тұрмыс-салт дәстүрлерінің жалпы тәрбиелілік мүмкіндіктері педагогикалық әдебиеттер мен тәрбие құралдарына әр қырынан айтылып келгенімен мектеп жасына дейінгі балаларды еңбек баулудағы орны әлі жеткіліксіз.

Бүгінгі таңға дейін қоғамның дамуына байланысты мектепке дейінгі балалардың еңбегінің түрлері терең зерттеліп, мазмұны анықталуда. Соның ішінде В. П. Нечаева, П. О. Абдулвагаева, Е. Н. Герасимова, Г. Н. Годинаның зерттеулерінде өзіне-өзі қызмет ету еңбегі 5-6 жастағы балалардың өзін күтуі, ересекке тәуелсіз болып, өзінің ісіне сенімі қалыптасып ұқыпты, әдемі, өзі киіне алу біліктілігі, сыртқы келбетіне қарай алуы керек делінген. Балалар еңбегінің бұл түрін халқымыздың тұрмыс салтымен байланыстырып ұйымдастыруға болады.

Табиғаттағы еңбек арқылы балаларды еңбекке баулу туралы А. К. Бондаренко, Н. Н. Кокорева, Е. И. Кокорева, А. Ф. Мазуринаның еңбектерінде зерттелген. Ғалымдардың пікірінше, 5-6 жастағы балалардың табиғаттағы еңбегі өсімдіктер мен жануарларға күтім, бақшада көкөніс өсіру, үлескені жасылдандыру, аквариумды тазартуға араластыру. Еңбектің бұл түріне ертеде қазақ халқы балаларын мектепке дейінгі кезеңнен баулыған және түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана білген.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қол және көркем еңбегінде табиғи материалдар, қағаз, қатырма қағаз, мата, ағаштан бұйымдар жасайтындығы Я. И. Базик, Э. К. Гульян, В. Ф. Ждан, Е. Я. Беляевның зерттеулерінде теориялық негіздері мен әдістемесі нақтыланған. Бұл еңбектің түрінде балалардың қиялы, шығармашылық қабілеті дамып, қолдың ұсақ бұлшық еті жетіліп, ұстамдылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйренеді. Е. Б. Горунович, У. А. Карамзин, А. В. Пантелеевалар мектеп жасына дейінгі балалардың көркем еңбегін ұйымдастыруды екі бағытта: әртүрлі материалдардан сыйлықтар жасауға; екіншіден, топты мерекеге қарсы әшекейлеуге, көрмені безендіру әрекеттерін жүргізу деп бөледі. Қазақ психологтары А. Темірбеков, С. Балаубаев еңбектерінде дені сау балалардың бәрінде қарапайым жұмысқа бейімділік болатынын айтады. Қол еңбегі баланың игілікті жұмысы. Қағаздан, картоннан, ағаштан нәрселер істейді, әрекет үстінде ұғымдылық, тапқырлық ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтауы біздің зерттеуімізге арқау болады. Осы аталғандар балабақшаның оқу-тәрбие үрдісінде қазақтың ұлттық тұрмыс салт-дәстүрлерімен ұштастырып жүргізілсе, болашақ ұрпақтың еңбекке деген сүйіспеншілігі, еңбекке деген қарапайым дағдылары көзделген міндеттерге сай болар еді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулуды тек балабақшаларда ғана емес, отбасында жүзеге асыруға толық мүмкіндіктер бар екені Т. А. Маркова, Л. В. Загик зерттеулерінде кеңінен айтылады. Олар ата-аналарға өз балаларын еңбекке баулу жұмыстарын мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастауын, бірақ баланың жас ерекшелігін, психологиялық мүмкіндіктерін балабақшамен бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігін түсініп, педагогтардың талаптарымен ұштасқан жағдайда нәтиже беретіндігін алға тартады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың пайдалы еңбекке қызығушылығын ояту, белгілі бір еңбек тәртібін тәрбиелеу, еңбекті өздігімен жасауға, орындауға, бағалауға үйрету басты міндеттердің бірі болып отыр. 5-6 жастағы баланың белгілі бір уақыт аралығында еңбек етуге әдеттенуі жай ғана еңбекке үйрету емес, алғашқы еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік деп қараған дұрыс. Еңбектің қандайы болмасын адамның белгілі қуат, күш-жігерін жұмсауды талап етеді. 5-6 жаста баланың ағзасы үнемі даму үстінде болып, бұлшық еті мен жүйке жүйесі толық жетілмегендіктен тез шаршауға бейім тұрады. Шамасынан тыс еңбек тапсырмасын беруде бала бар күшін салып ұмтылса да орындай алмайды. Сондықтан ересек топ балаларын тұрмыс-салт дәстүр негізінде еңбекке баулуда еңбек әрекетін қалыптастырудың психологиялық заңдылықтарына, даму мүмкіндіктеріне сүйену басты міндеттердің бірі болып саналады.

В. С. Мухинаның еңбегінде бала тәрбие үрдісінде әрекеттің (орамалмен сүртінуі, қарындашпен сурет салу, мүсіндеу) сан алуан түрін меңгереді. Мұның бәрі сыртқы нәтижеге бастайтын практикалық іс-әрекет. Сонымен бірге баланың ішкі іс-әрекеті де қалыптастасады, оның көмегімен бала заттарды қарайды, қасиеттерін анықтайды, бір-бірімен байланысын ашады. Осындай ішкі іс-әрекеттің қалыптасуы бала дамуының негізгі еңбек мазмұнын құрайтыны айтылады. Қ. Жарықбаев адам іс-әрекеттің белгілі бір түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасайды дей келіп, «әрекет дегеніміз - түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс» деп анықтама береді. Біздің ойымызша, бала өзінің қажеттерін өтеу үшін (ойын, еңбек үстінде) бар мүмкіндігін пайдаланады, әрекет етуге талпынады.

Психолог Я. Л. Коломинский, Л. В. Финькевич зерттеулерінде 5-6 жас аралығында бала ойын мен еңбек арасындағы айырмашылықты аңғарып, еңбек құралдарын орнымен пайдаланып, еңбек операцияларын орындап, еңбектің обьективтік мақсатын қоя біліп, оның қоғамдық пайдалы бағыттылығын түсіне бастайды. Мектеп жасына дейінгі кезеңде еңбекті дұрыс ұйымдастыру баланы жүйелі түрде еңбекке баулудың, еңбек дағдыларына үйретудің алғашқы қадамы.

Бірте-бірте еңбек етуге деген қажеттілікті ояту баланың болашақ өмір сүру қажеттілігіне айналуға алғышарт болады. А. В. Запорожец мектеп жасына дейінгі балаларды тек еңбек нәтижесі ғана емес, оның басқа адамдар үшін маңыздылығы да қызықтыратындығын айтады. Балалар қағаздан, ағаштан әр нәрсе жасауға, ересектерге көмектесуге қызығады, егер ересек тарапынан қолдау болса, балалар өздеріне тапсырылған іске неғұрлым саналы ниетпен қарап, орындауға талпынады. 5-6 жастағы балаларда алғашқы еңбек әрекеті қалыптасып, ересектен көмек сұрап қана қоймай, өздеріне де көмектесу ниеті пайда болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек әрекетінің өзіндік мақсаты, мотиві, жоспары нәтижесінің өзіндік ерекшеліктері болады. Аталған құрылымдар еңбек әрекетінің үрдісінде көрініп ересектердің көмегімен дамып жетілетіндігін айтады.

Қызығулар балалардың кішкентай кездерінде ерекше байқалатындығы тәжірибеде дәлелденген. Ғалымдардың айтуына қарағанда, қызығудың нәтижесінде мектеп жасына дейінгі кезде техника саласына әуес болған бала, мектеп қабырғасында физика, қол еңбегі сияқты пәндерге ықылай қойып, мектеп бітіргеннен кейін де сол салада нәтижелі еңбек етіп, өз қабілеттерін жақсы көрсете алады. Демек, баланың қызыға білуінің де маңызы зор, қызығуы «тұрақты» қасиетке айналған бала ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Қызығу пәрменді, белсенді болуы үшін бала тікелей әрекетпен айналысуы керек. Қызығу қажеттіліктен туындайды, ал қажеттілік дегеніміз - өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы болмақ. Біз зерттеу нысанамызға байланысты мектепке жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу міндеттеріне:

- еңбекті жақсы көруін, ересек еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

- қарапайым еңбек білім, дағдалары мен біліктерін қалыптастыру;

- еңбек етуге қажеттілігін дамыту;

- ұлттық тұрмыс салт-дәстүр негізінде болашақ еңбекке даярлау жатады.

Соңғы міндетті шешу үшін, оның мазмұнын жүзеге асыру жолдарын анықтау қажет. Балаларды қазақтың тұрмыс салт-дәстүрі негізінде еңбекке баулуда парасатты мінез-құлық пен адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерді тәрбиелеп, қалыптастырудың мүмкіндігі зор.

Жоғарыда айтылғандай мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, ересек топ балаларын еңбекке баулудың өлшемдерін белгіледік. Олар киіз үй және оның жабдықтарын білуі, төрт түлік малға сүйіспеншілігін қалыптастыру, әшекей (зергерлік) бұйымдарды жасай білу дағдысының болуы, ұлттық тағам туралы түсінігі, ұлттық киімді құрастыра білу дағдысының қалыптасуы. Аталған өлшемнің көрсеткіштерін төмендегідей жүйемен беруді мақсат етіп, мектпалды даярлық тобы балаларын тұрмыс салт-дәстүрі негізі еңбекке баулудың жүйесі мынадай кестеде көрсетілген

2. Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері мен мазмұны ересектер тобында

Әсіресе, баланы еңбекке тәрбиелеуге байланысты ерте заманнан жиып-терген ұлттық тәлім-тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибесі бар. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынас, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың ауызекі творчестволық үлгілері - жеткіншектердің дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық жаттығулардыың жалпы сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегі және оның маңызы
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ, МШДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ
Мектепке дейінгі естияр жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеуге сипаттама
Мектепке дейінгі балалар еңбегінің өзіндік ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардымен ұйымдастырылатын дене жаттығулары
Мектеп жасына дейінгі балаларды ұжымдық еңбекке тәрбиелеу
Балалар бақшасындағы дене шынықтыру
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының балалардың бейнелеу шығармашылығын жетілдірудің теориясы мен әдістемесін толық игеруге бағытталған кәсіби дайындығын жетілдіру
Мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани мәдениетке тәрбиелеу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz