Қазақ салт - дәстүрлері арқылы балаларға тәрбие беру барысы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлердің орны

ЖОСПАР:

Кіріспе

1 ҰЛТТЫҚ САЛТ - ДӘСТҮРДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

1. 1 Салт-дәстүрлер негізінде балаларға тәрбие берудің теориялық негіздері

1. 2 Қазақ салт-дәстүрлері арқылы балаларды тәрбиелеудің педагогикалық шарттары

2 БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ОРНЫ

2. 1 Қазақ салт-дәстүрлері бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру барысында балаларға тәрбие берудің бағдарламасы мен әдістемесі

2. 2 Халық ойындарын дене тәрбиесінде қолдану

2. 3 Балаларға эстетикалық дене тәрбиесін беруде салт - дәстүрдің маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

3

6

6

10

17

17

18

25

30

33

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Адам бойындағы бар игі қасиет балабақша қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар бүлдіршіндеріміздің тәрбиесіне аса мән беру біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай балабақшадағы тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді.

Жас ұрпақты адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сана-сезімнің қайнар бұлағы салт-дәстүрлер, мақал-мәтелдер, құнды әдеби мұралар, нақыл сөздер болып табылады.

Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйласты, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты „көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін әрдайым жақсылық жолын ойлатын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды „иманды” деп атаған.

Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.

Халық тәрбиесі - сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени мұрасы.

Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский “әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек” деген өзінің ұлағатты ойын “Родная речь” атты еңбегінде ерекше атап айтады. Халқымыздың ұлы перзенті Ы. Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, “бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі” - деген ой түйген болатын.

Ал, Шәкәрім Құдайбердиев: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді», -деп жазады.

Шынында да, құнды қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Адамның Адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен тәрбиешінің ролі зор. Яғни, білім жүйесінің қызметкерлеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қалыптағыдай қатып қалғн, ескірген тәсіл қолданылмауы тиіс.

Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.

Халқымыздың ғасырдан-ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлері өте көп. Оны бүгінгі ұрпақ қаншалықты біледі, қастерлейді, білмесе білуге ұмтыла ма, “халқын сүйген салтын да сүйеді” демекші, олар ата-салтын мақтаныш тұта ма, деген сұрақтар төңірегінде ойланғанымыз жөн. .

“Қазақтар балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле”, - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз.

Бала тәрбиесі - ортақ іс. Оған көпшілік қоғам болып жұмылу, парасаттылық пен байсалдылық керек. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағлымдарын, мәдениет тарихын, бұрын-соңғы ұлы ойшыл педагогтардың еңбектерін оқып жетік білмей, оны жақсы меңгермей тұрып келер буынға дұрыс тәрбие-тағлым беру мүмкін емес. Себебі, өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу, Л. Толстой айтқандай, айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп шатасумен пара-пар.

Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған “Білім туралы” заңының 8 бабында Білім беру жүйесінің міндеттерінде: “Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеп, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын оқып-үйрену үшін жағдай жасау” деп көрсетілген.

Сондықтан да ұлттық салт-дәстүрлерді балабақшадан бастап жоғары оқу орындарында дейін кең түрде насихаттау қажет.

Қазіргі таңда салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу, тәрбиелік әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажеттігі айқын көрінуде. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік қажеттілігі мен оның тәрбие үрдісінде қолданудың арасында қарама-қайшылық орын алуда.

Осы мәселелерді қарастыра келе курстық жұмыстың тақырыбын “Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлердің орны” деп таңдадым.

Курстық жұмыстың мақсаты - бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлердің орнын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- педагогикалық, психологиялық, философиялық, арнайы немесе әдістемелік әдебиеттерді зерделеу;

- қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу;

- тәрбие процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің пайдалану барысын айқындау.

Зерттеу объектісі: Педагогикалық жүйедегі тәрбие процесі

Зерттеу пәні: Қазақ салт-дәстүрлері арқылы балаларға тәрбие беру барысы.

Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҰЛТТЫҚ САЛТ - ДӘСТҮРДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

1. 1 Салт-дәстүрлер негізінде балаларға тәрбие берудің теориялық негіздері

Тәрбие - ана сүті арқылы қанға сіңіп, санаға дариды. Бала дүниеге келген сәттен оның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі басталады, бейімделу, тепе-теңдігін сақтау қабілеті пайда болады.

Ұрпаққа ұлттық рух беріп, әдет-ғұрыпымызды салт-санамыздың, дәстүріміздің қадір-қасиетін, ерекшелігін айту, баулу әрбір ата-ананың тәрбиешінің міндетінің бір бөлшегі деп айта аламыз. Ұлттық рухта тәрбие алмаған, тілін-дінін, ойынын, дәстүрін дұрыс білмеген ұрпаққа отанды қорғауға сенім арту, болашақтың тізгінін ұстату есіңе түскенде "есек барға саналса да , малға саналмайды" деген сөз еріксіз ойға оралады.

Адам жаны, әсіресе бала жаны өмірдің бар құбылысын қалт жібермей қадағалап, бойына сіңіретін аса сезімтал "барометр". Өзегін жарып шыққан бауыр еті баласына салт-сана, дәстүр түгілі жүрек жылуын бере алмаған ата-ананың одан қамқорлық, жылу, жақсылық, қазақы патриоттық жауап естуі екіталай.

Ұлт ойындары ата-бабамыздан бізге жеткен, өткенмен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өмірмен ұштастыра, біледі. Сондықтан, ұлттық ойындарды дене шыныктыру сабағында қолданса, келешек ұрпақтармен сабақтастырса деп ойлаймыз.

Ұлтымыздың қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен көлемі жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл-дағдыларын тірек ететін әр алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдіктен, қалыптылықтан, ерекше ептіліктен көрінеді. Балалардың жалпы жігерлілігі ойын қимылын көріктендіріп, қимылдарды неғұрлым жоғары сапалы орындаудан көрінеді және қимыл процесінің өзінен рахаттану сезімін туғызады. Сан алуан бір немесе бірнеше шеңберге, қатар сапқа, тізбек сапқа тұру, қозғалыс жасау қимыл дәлдігін, сұлу дене бітімін, жинақтылықты талап етеді және балалардың эстетикалық сезімін дамытады.

Ұлттық ойындарымызды өткізу кезінде қимыл әсемдігі туралы ұмытуға болмайды: қимылы неғұрлым сұлу балаларға назар аудару, кескінді сәтті беруге ұмтылу әрекеттерін көтермелеу керек. Сөйтіп, эмоционалды сауықтыру, танып білу және тәрбие беру компоненттерінің қимыл ойындарына енгізілген бүкіл комплексін пайдалану жан-жақты тәрбие беру міндетін жүзеге асыруға көмектеседі.

Мұхаммед пайғамбарымыздың 148-хадисінде "ауырмай тұрып денсаулығыңның қадірін біл" деген өсиеті бар. Біз ертең өз өмірімізді әрі қарай жалғастыра аларлық дені сау, салауатты ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Бұл біздің ел, халық алдындағы басты парызымыз болмақ. Тәрбие әдетте бесіктен басталып, балабақшада жалғасын табатыны белгілі. "Тән сұлулығы табиғаттан, жан сұлулығы өзіңнен - демекші, сол сұлулықты қалай қалыптастыруға болады?

Ұлттық қозғалмалы ойындарымыз баланың ақыл-ойын дамытуға көмектеседі. Ойын әрекеті зейінділікті ұлтымыздың қадір-қасиетін ұғынуды, түсінікті бағдарды анықтауды, қиялдауды, есте сақтағыштықты, тапқырлықты, ой сергектігін дамытуға көмектеседі.

Ойнау барысында жүйелі, байыпты түрде балаларды ереженің қоғамдық маңызын жете түсінуіне жеткізетін бұл қасиеттер жеке адамның адалдық, әділеттілік,, достық, батылдық, өзін-өзі билеу, табандылық, жігерлілік сияқты ең жақсы жақтарын қалыптастырудың тиімді құралына айналады. Бұлардың бәрі қимыл-қозғалыс ойындарын ережесімен бірге балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің пәрменді құралдарының бірі ретінде белгілеу үшін негіз ретінде қызмет етеді.

Қимыл-қозғалыс ойындары қозғалғыш-тірек аппаратты дамыту және жетілдіру жолымен ағзаны күшейтуге көмектеседі. Ертедегі қазақ жерінде көрші екі ауылдың арасында жылына 10-15-ке дейін ат ойындарының барлық түрлері өткізіліп тұрған. Олар: аударыспақ, бәйге, күміс алу, қыз қуу, жорға жарыс, ат омыраулаттыру, жамбы ату, тұмақ ұру, аламан бәйге, көкпар, түйе жарыс, сайыс т. б. Бұл ат спорт ойындарының қайсысы болмасын жігіттердің күштілігін, ептілігін, қайраттылығын, ат үстіндегі шеберлігін ғана дамытып қоймайды, сонымен бірге батылдыққа, тез шешім қабылдауға, дәлдікке, тәуекелшілдікке (дене сапаларымен бірге ішкі жан дүниесін), адамгершілікке тәрбиелейді.

Балаға бірінші рет кездескен ойының барлығы жаңалық, бәрі де тамаша ғажап дүние. Сол күлкілі кейіпкерлердің өмір сүру, өмірге икемделу жолындағы қақтығыстарын және өзге жан иелерімен қарым-қатынастарын, олардың айла-тәсілдері таң қалдырады. Кішкентай, әлсіз тірлік иелерінің өмірге икемділігін, жеңгіштігін ойнап көрсету балаларға арналған халық ойындарының ең қызық тұсы деп айта аламыз. Бұл ойындар балалардың назар аудару және бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйретеді. Ойынның қалыптасқан ситуациясына байланысты ол қимылды тынығумен кезектестіре алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан тез шешім қабылдап, жол тауып шығу, оны жүзеге асыру, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің өзіндік әдісін таңдау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі.

Әрбір қимыл-қозғалыс ойынында балалардың ойын әрекеттері мен қимылдарын өзгертуге берілетін сигналдар болады. Бытыраңқы жеңіл жүріс, бұрын белгіленген орындарға бірінің артынан бірі тізбекті сапқа тез қосылу үшін мақсатты тура бағытта жүгірумен өзгереді. Мұндай ширақ қимыл әрекеті еліктіру тежеу процестерін жетілдіре және теңестіре отырып баланың жүйке жүйесін шынықтырады.

Еліміз егемендік алып ұлттық спортымызға оң бетбұрыс жасап жатқан қазіргі кезеңде әр іс-әрекетімізді орта азиялық тіпті дүниежүзілік деңгейге лайық жасауымыз керек. Ұлтымыздың қанына тән, салт-дәстүрімен бірге сақталып келген мың жылдық тарихы бар қимыл-қозғалыс және ақыл-ой ойындарының ерекшелігің маңыздылығы, тәрбиелілігін болашақ ұрпаққа жеткізу әрбір азаматтың борышы десек те болады. Тұрмыс салтта тарихи әлеуметтік жағдайға байланысты қазақ халқының дене тәрбиесіне лайықталған дәстүрлер көп. Олар: атқа отырғызу, күрес, атжарыс, жаяу жарыс, көкпар, аударыспақ, жамбыату сияқты денешынықтыру дәстүрлері мен қатар халық өз ұрпағын батырлық және ғашықтық жырлар арқылы ерлікке баулиды. Адалдыққа тәрбиелейді. Қазақ халқы бала туған сәтінен бастап, оның денсаулығының жақсы болуына аса мән берген. Жас баланың күнде тұзды сумен жуындыру, маймен сылау, қол аяғын керу сияқты әдістерге аса мән берген. Жас анаға енесі, абысыны, өзі қатарлар көрші - құрбылары үнемі осы әдістерді көрсетіп, көмектесіп отырған. Осындай бала, күту әдістері дамып, қалыптасып, бүгінгі күнге дейін пайдалануда. Баланы халық медицинасымен емдеген. Іш ауырса ашыған айран немесе сынап ішкізген, су мен ұшықтаған, қарағатпен оның жапырағын қайнатып берген. Мешел баланы құйрық майымен сылаған. Қанды тию үшін күл, топарақ сепкен. Іштегі қанды тию үшін қалақайдың суын қайнатып ішкізген. Баланы жазды күні жалаңаяқ жүргізуде денесін шынықтырады. Және де нерв жүйесіне пайдалы. Ділбас, ангина сияқту ауруларды түйдек тұзбен басып емдейді. Тіс ауруына меңдуана шөбімен ем жасаған. Баланың денесін шынықтырудағы әдіс - тәсілдер төс қағыстыру, иық қағыстыру, маңдай сүзістіре, білек саусақ күшін сынау, арқан тартыс т. б. ұлттық ойындар. Денені шынықтыруда намаз элементтерінің маңызы бар. Намаз оқу алдында мойнын шаю т. б. намазға отыру жаттығулар жасау. Сонымен қатар мұсылман халқы тазалыққа аса мән берген. Қолын ас ішердің алдында жуған. Бастарына орамал тартып жүрген. Аяқтарына аяқкиім киіп жүрген. Ер балаларды сүндетке отырғызу тазалықтың бір белгісі болып есептеледі. Баланы бесікке салу, оны күту, ұйықтату, баланың таза болуына үлкен ісер етеді. Сонымен бірге баланы атқа отырғызып оны атқа шаптыруға үйретеді. Қазақша күрестің өз ерекшелігі бар. Бала күрес, балуан күрес, т. б. бұл баланың денсаулығын шынықтырады. Қазақ халқы ұрпағының ойлы сергек етіп шынықтырған. Осылардың ішінде қазақтың ұлттық ойындарының рөлі зор.

Қазақ халқының әдет-ғұрыптарының негізінде дамыған алуан түрде ойналатын қазақтың ұлттық ойындары көшпелі халқымыздың дала табиғатына сай дами берді.

Әр түрлі өнерді белгілі бір жүйеленген ортада көре алмағандықтан "театры жоқ елдің театр орнына көретін сауығы еңбек мерекелері мен қыз ұзату, бала сүндеттеу сияқты ойын тойларының өзекті арқауы ән мен күй, "драмалық" элементіне жататын халық ойындары болғаны да даусыз. Осылайша ертеден берлі ұзақ сонарлы көштің соңында мал бағып келген қазақ халқында әдет-ғұрпы мен өзіндік тарихи ойын сауығы болған.

Қазақ халқының тіршілігінде төрт-түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) шешуші орын алды. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақ халқының тарихи даму ерекшеліктері, той думан, қуанышы да, реніші де осы малмен байланысты болды. Төрт-түліктен алынатын өнім қазақ халқының кисе киімі, жесе тамағы, мінсе көлігі, тіпті өмір сүруге қажетті заттың барлығы сонда болғандықтан, "Мал ашуы - жан ашуы", "Ел көркі - мал, өзен көркі - тал" деген халық мақалдарынан да байқауға болады. Осындай экономикалық құрылыстың негізінде төрт түліктің қасиеті тек қазақ әдебиетінде ғана жырланып қоймай, мәдениет пен өнердің, соның ішінде ұлт ойындарының дамуының да негізі болды. Келе-келе негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түлік болған, "ақ байпақ", "көк сиыр", "түйе-тышқан", "соқыр теке" т. б. сол сияқты ұлт ойындары өмірге келген.

Ойын кезінде "өздерінің шарықтап бара жатқан сезімін тежеуге және өз әрекеттерін санаға бағындыра білуге" үйрету керек. Ойын жағдайында бағдар белгілей білуге ойын тапсырмаларын орындауда жолға әдейі кедергілер жасалуы көмеқтеседі. Бұл балалардың жеткілікті дәрежеде жетіліп үлгерген аралықты көзбен мөлшерлеп бағдарлауға сүйеніп және қимылды орындау уақытын ескеріп, әрекет етудің ең жақсы әдісін өз бетінше таңдап алу қабілетін қалыптастырады. Бытыраңқы тез қимылдап келе жатқан балалардың арасында бағдар ұстай білуі өте маңызды. Ойын кезеңінің үздіксіз өзгеруіне орай қас-қағым сәттік сезімнің қажеттілігіне байланысты анағұрлым күрделі болады. Алайда, ойындарды қайталау сетінде есте сақтағыштығы жақсы жетілген ойьшшылар бұл дағдыны ойдағыдай меңгереді.

"Халық өз тілінен, дінінен, өнерінен айрылған кезде қарекетінен де айрылады" - деп, неміс философы Имануил Кант айтқан екен. Олай болса болашақ ұрпақтың әлжуаз, денсаулығы төмен, білімсіз, ұлттық рухсыз, зиянды құбылыстарға бет бұруына жол бермеуіміз керек. Жоғарыдағы аталған мәселелерді шеше отырып "Ұлттық спорт ойындарын" жастар арасында насихаттау мақсатында мына мәселелерді жүзеге асыруымыз қажет деп ойлаймын:

"Қазақстан-2030" стратегиясының басты бағыты "салауатты өмір салтын" насихаттауды пәрменді жүргізу;

- Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның әлі де шешімін таппай тұрған тұстарын жүзеге асыру;

- 2003-2005 жылдарға құрылған ауыл жылы бағдарламасын іс-жүзінде жүзеге асыру.

- Ұлтымыздың спорттық ойындарын халқымызға, болашақ ұрпаққа кеңінен тарату;

- Ұлтымызға жат қылықтардан жастарды аулақ қылу;

- Жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту (Дүбәрә тілді жою) ;

- Жастардың бойында рухани, интеллектуалдық деңгейлерін жетілдіріп қалыптастыратын шаралардың ауқымын кеңейту;

- Жастарға ұлттық рухын көтеретін, сүйіспеншілігін оятатын іс-шаралардың ауқымын жиілету.

Ұлтымыздың әрбір азаматы болашақ ұрпақты салт-дәстүрден, ұлтымыздың спорттық ойындарынан хабардар етіп, салауатты-сауатты өмір насихаттап, бейбіт мемлекеттің ұлы мен қызын өсіріп, өнеге беруі парызы деп санаймын.

1. 2 Қазақ салт-дәстүрлері арқылы балаларды тәрбиелеудің педагогикалық шарттары

Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетін қайта өркендету жағдайында жас ұрпақты ұлттық дәстүрмен тәрбиелеудің заңды объективті қажеттілігі туды.

Қазақта «балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген дана сөз бар. Сондықтан жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен оның ұлттық тәрбиесімен әдет - ғұрып, салт - дәстүрімен тереңірек танысу қажеттігі бірінші орынға қойылып отыр. Өйткені өз халқының, әрі бүкіл адамзаттың өткенін біле адамның жеке тұлғалық болмысын қалыптастырып, оны рухани - мәдени кемелдендіретін маңызды көрсеткіш болып табылады. Баланың бойына рухани азық бала алатын бірден - бір фактор халықтың салт - дәстүрі. Ал салт - дәстүрдің тәрбиелік мәнін, оның балабақшадағы оқу - тәрбие процесінде пайдаланудағы маңызын ашып көрсету қазіргі заман талабынан туындап отырған мәселе.

Кейінгі кезде этнопедагогика ғылымында жеке адамның дамуындағы гуманизациялық және мағыналық құрылымның қалыптасуына байланысты ұлттық сана сезім, ұлттық дүниетаным т. б. талаптар қою көзделіп отыр.

Еліміздің болашағы болар, тәуелсіз мемлекеттің ұлттық болмысын сақтай алатын ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің негізгі мақсаты. Ал ол үшін болашақ ұрпақтың тұлғалық болмысын қалыптастырып, оның рухани - мәдениетін дамыту өте маңызды екенін Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев Республикадағы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезіндегі сөйлеген сөзінде дәлелдеп берді. Онда «Білім беру ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі - шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны мәдениетті, рухани биік деңгейде тәрбиелеу болып отырғанына баса назар аударып, білім берумен қатар адалдық, адамдық, ізгілік, отан сүйе білу сияқты асқақ сезімдерге тәрбиелеу қажеттілігі өзекті мәселе деді.

Бұл мәселеге халық тағылымы салт - дәстүрдің қосар үлесі өте көп.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
Қазақта Баланы жастан
Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге ұлттық салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
Халық педагогикасы-мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруге байланыстыжүргізілген педагогикалық тәжірибе жұмыстары
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz