Аудит жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1 Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
1.1 Аудит түсінігі, пайда болуы қағидаттары
1.2 Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметінің дамуы

2 Аудиторлық мамандық этикасының кодексі
2.1 Аудит жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері
2.2 Қаржылық аудитті жоспарлау және ұйымдастыру
2.3 Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудит
2.4 Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудиті

3 Бухгалтерлік есептілік сапасын бақылаудың негізгі аспектісі ретінде
аудиторлық қызметті дамыту

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:

Кіріспе

Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан
ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың
аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды,
қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды, бизнес жоспарлармен
жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпаратты алу және қызмет процесін
басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды жүзеге асыру
үшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.
Қазақстан Республикасының бүкіл шаруашылығының нарықтық экономикаға
өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-құқықтық
нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық
бақылау жүйелері механизімдеріне түбегейлі әсер етті.
Аудиторлық қызмет негізгі қағидаларды сақтау негізінде жүргізіледі.
Қысқа мерзімді міндеттемелер аудитінің мақсаты - бұл кредиторлық
қарыздардың заң мен белгіленген талапқа сәйкес пайда болуы мен өтелуіне,
сонымен қатар төлемдер мен есеп - айырысулардың дұрыс жүргізілуіне қатысты
бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесі туралы аудитордың өз пікірін
білдіруі.
Мен өз курстық жұмысымда аудиторлық қызметті ұйымдастыру, оның негізгі
қағидалары, даму барысын қарастырдым.
Менің курстық жұмысымда мынадай нәрселерді қарастырамыз:
1) ұйымның қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелері бойынша есеп
жазуларының негізі болып табылатын бастапқы құжаттардың дұрыс рәсімделуі
мен қолда барын тексеру;
2) синтетикалық және аналитикалық есепті, өзара байланысы мен олардың
бас кітап пен қаржылық есептілікте көрсетілуін, сәйкесінше жаңа шот
жоспарының дұрыс қолданылуын тексеру;
3) міндеттемелер бойынша есеп - айырысудағы ішкі бақылауды бағалау;
4) ұйымның қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерінің тиісінше
сыныпталуын тексеру;
5) ұйымның тартылған қаражаттарды тиімді қолдануын бақылау жүйесін
бағалау.
Курстық жұмыс құрамы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
1.1 Аудит түсінігі, пайда болуы қағидаттары

Аудиттің көп ғасырлық өзіндік тарихы бар. Арнайы аудитты зерттеуге
арналған әдебиеттерде оның пайда болу кезеңдері әр түрлі анықталады.
Мысалы, шет елдерде шығатын Контроллинг журналында мынандай мәліметтер
келтірілген: тарихи жазбаларға сүйенсек, Қытай мемлекеті дүние жүзінде
бірінші болып аудиторлық қызметті құрған ел.
Ежелгі Қытай жазбалары біздің эрамызға дейін 700-ші жылдың өзінде-ақ,
Бас Аудитор қызметінің болғанын көрсетеді. Оның негізгі міндеті, өзінің
қызметі, міндеттемесінің түрі бойынша мемлекеттік ақша мен мүлікті
пайдалану құқығы бар өкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру
болатын. Кейінірек үкіметтік аудиторлық мекемелердің міндеттері, құқығы мен
түрлері бір қоғам сатысынан екінші қоғам сатысына көшуге байланысты өзгеріп
отырған.
Бір авторлар аудиттің пайда болуын бухгалтерлік есептің арнайы ғылыми
білімінің бір саласы ретінде қалыптастыру кезеңінде апаруға болады деп
санайды, бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы ғылыми кітапты белгілі итальян
математигі Лука Почелли (1445-1515) жазғаны белгілі. 1494 жылы жарыққа оның
"Счеттар мен жазбалар туралы трактат" атты еңбегі шықты. "Қалай, неге және
кіммен көп жерледе көпестік кітаптар куәландырылады" атты 7-тарауында
Италияның түрлі жерлерінде көпестік кітаптар ресми түрде көпестер үшін
арнайы бюроларда тіркелетіні айтылған. Бюро қызметкерлері бұл кітаптың
бірінші бетінде оларды өзінің жазуымен куәландырып мөрмен бекітеді. Бұл
жоғары мақтауға тұратын жағдай деп атап көрсетеді Лука Почелли. өйткені,
біреуін сатып алушыға, екіншісін сатушыға көрсететін екі түрлі кітап
ұстайтын адамдар көп. Тағы бір ерекшелік осы кітаптарға негізделе отырып
олар ант береді. Егер кітапты, бюроға тіркеуге тапсыратын болса, өтірік
айту, соныменен өзіңнің жақындарыңды да алдау соншалықты оңай емес. Осы
кітаптар мұқият белгіленіп, дұрыс тіркелген уақытта алаңсыз үйіне барып,
өзінің істеріңді жазуды бастай бер деп жазады.
1773 жылы Шотландия астанасы-Эдинбургтің адрестік кітабында жеті
аудитордың есімі жазылған. Кейінірек, 1854 жылы мұнда бухгалтер-
аудиторларды біріктірген. "Бухгалтерлер қоғамы" құрылды. Бұл жеке
авторларға "батыс елдерінде кәсіпқой аудит Шотландияда ХІХ ғасырдың
ортасында пайда болды деген қорытынды жасауға негіз болды. К.А.
Угольниковтің пікір бойынша аудит 200 жылдан астам уақыттан бері бар. Оның
пайда болуының түп-тамыры кәсіпорынды басқарумен тікелей шұғылданатындар
мен оның қызметіне инвесторлардың көзқарастары арасында бөліну туындаған
уақытқа кетеді. Осы уақытта акционерлік қоғамдар пайда болып, аудитор
(ревизор) сыртқы есеп берудің қоғамдық бақылаушысы ретінде орталық орында
болуында"-дейді.
Басқаша айтқанда, бухгалтер-аудитор мамандығы акционерлер, кредиторлар
және салық қызмет органдары кәсіпорындардың қаржы жағдайы туралы объективті
қорытынды бере алатын тәуелсіз маманды іздеуге мәжбүр болған уақыттағы
акционерлік қоғамда пайда болды.
Аудиттің әрі қарай дамуына 1862 жылы қабылданған британ компаниялары
жайындағы заң жаңа серпін беріп, тез дамуына жол ашты. Онда компаниялардың
қорытынды есептерін кемі жылына бір рет міндетті түрде тексеріліп отырылуы
белгіленді. Бұл кәсіпорындардың нақты қаржы жағдайы мен белгілі бір кезең
үшін оның шаруашылық қызметті жайлы шын мәліметтер алу үшін акционерлік
қоғамның қорытынды есебін объективті бағалау қажеттілігінен туындады.
Серіктестіктің өзіне бүтіндей сенім артуы қауіпті еді, өйткені соңғы
нәтижесінде акционерлер мен пай қосушылар немесе кредиторлар өздерінің
капиталын жоғалтатын кәсіпорынның банкрот болып қалуы кездесті. Бұл
жағынан, акционерлер мен кредиторлардың, екінші жағынан, салық органдарының
бухгалтерлік баланс пен табыс жайлы қорытынды есептерге сенімсіздігі
акционерлік қоғамның қорытынды есебін зерттеп, талдайтын және оның
дұрыстығы жайлы кәсіптік қорытынды беретін бухгалтер-аудиторлардың пайда
болуына көмектесті. Акционерлердің жалпы жиналысындағы қоғамның жылдық
қорытындыесебін талқылауда аудитордың қорытындысы тыңдалатын және тек
осыдан кейін ғана қорытынды есеп бекітіліп (бекітілмей) және қоғамды
бақылау ісіне баға берілетін.
Осылайша, тәуелсіз аудиторлар мен аудиторлық фирмалар кәсіпорынның
баспада жарияланғандай қаржы жағдайының бар екендігіне кепіл болатын болды.
Аудиторлық тексерудің мәліметтеріне сүйене отырып, мәліметті пайдаланушылар
"кіммен жұмыс жасауға болатынын" өздері шеше алады.
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен
білім практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына
алып келді. Бұл-аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің
шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада
қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде,
қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік
туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латыннның "audio" деген сөзінен шыққан, яғни ол "тыңдап тұр"
деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық-жұмыс барысында тиісті мәліметті
тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда
"аудитор"- "тыңдаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені
тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза
алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп-лауазымды қызметкерледің
қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді "аудитор" едп атаған. Бір
қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің
жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. өйткені
кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп
түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші
өтірік айта алмайды деген. Қазақтың: "бет көрсе-жүз ұялады",-деген ұлы
сөзінің мағынасы осы негізге келетін шығар, екіншіден "тыңдаушы" мен саған
"сенемін"-деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға
болады.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет
елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде,
экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуден үлкен орын алған. Себебі,
кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-
бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл
бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-
сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.
Америка Құрама Штаттарындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың
жұмыстарын, атқаратын функциясы зерттеу қорытындысына: "бұл аудит-
қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға,
талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру
мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және
экономикалық эффект берер еді"-деп жазған.
Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар
қоғам бухгалтері, Англияда-ревизор, Францияда-бухгалтер-сарапшы немесе есеп
комиссары, Германияда-шаруашылық басқарушысы және тағы басқадай деп те
атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана
мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің
бухгалтерлік қортыныды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін
тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол
тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.
Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмыспен шаруашылық
субъектілеріне қызмет көрсету деп- атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз
субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы
төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап,
аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр үрлі қызмет көрсетеді.
Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру туралы, салық мекемесіне есеп
айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдарға
кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.
Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол-шаруашылық субъектілеріне,
өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне
қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылданады. Олай дейтініміз, ірі
аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.
Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысы мен кәсіпкерлік
жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция
иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат (отчет)
мәліметтерін тексеріп өзінің аудиторлқ қорытындысын жасауы. өз кезегінде
осы аудитор қорытындысы ақша, құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін,
делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жұмыс
істеуніе кепілдік береді. Қорыта келгенде, аудитор қорытындысына сүйене
отырып, ақшамен, кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер
күдіксіз өзара қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, банк несие беру үшін
шаруашылық субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетін қаржылық
жағдайының тұрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты,
кез-келген кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың
қорытындысы болу қажет.
Осы жоғарыда айтылған аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін
экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік
қорытындылары, бухгалтерлік отчеты тек қана аудитор қорытындысы болған
жағдайға ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан есеп-
ақпарат мәліметтерін зерттеп, талдау жасағаннан кейін ғана өзіне қажет,
сенімді кәсіпорындармен қарым-қатынасқа түседі. Яғни, анық мәлімет алу үшін
мұқтаждығы бухгалтерлік ақпараттардың дұрыстығын анықтайтын аудит жұмысының
қажеттілігін тудырады.
Аудитке қажеттілікті тудыратын объективтік жағдайлар:
- инвесторлар мен кәсіпорын әкімшілігінің бір-біріне сенімсіздік
көрсетуіне байланысты. Себебі, олардың мүддесі бір емес. Әсіресе, кәсіпорын
әкімшілігі өз пайдасына тиімді түрінде есеп жүргізуі мүмкін;
- кәсіпорын әкімшілігінің ақпарат көрсеткіштері дұрыс болмаса, соған
сәйкес шаруашылықты басқару шешімі дұрыс болмауынан;
- кәсіпорын әкімшілігінің арнайы білімінің болмауы мүмкін;
- кәсіпорын шаруашылығының күрделігіне сәйкес, "коммерциялық құпияны"
сақтауға байланысты, есепке алынған мәліметтердің дұрыс болмай шығуынан.

1.2 Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметінің дамуы

Қазақстан Республикасында аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы Қазақстан
Кеңес өкіметінің Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша құрылды (15.11.1990ж.
№60). Осы қаулы негізінде Республиканың Қаржы Министрлігі жағынан
шаруашылық есеп принциптерінде аудит орталығы "Қазахстанаудит" фирмасы
ашылды, ал облыстарда оның территориялық бөлімшелері құрылды. 1992 жылдан
бастап дербес акционерлік компания болып, Республикамыздағы барлық түрдегі
меншіктегі кәсіпорындарға, мекемелерге аудиторлық қызмет көрсетіп отыр.
Еліміздегі аудит жұмысының тиянақты дамуына бірден-бір негіз болған,
заң тұрғысынан жұмыс жүргізуге, құқылығын анықтап отырған, 1993 жылы 18
қазан айында Жоғары Кеңес қабылдап, бекіткен "Қазақстан Республикамыздағы
аудиторлық қызмет" туралы заңы. Бұл заң аудит қызметін бір жүйеге келтіріп,
оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы заңға сүйене отырып
еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шет ел аудит фирмаларымен қарым-
қатынас, бірлесіп аудит жүргізу, мамандану жолдары белгіленеді.
Қазіргі кезде біздің елімізде Еуропалық "үлкен алтылық" тобының
филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар, біздің елдің аудит фирмасы да
қосылып аудит жұмысын жасайды. Соның салдарынан аудит қызметінде тағы
басқадай қызмет көрсетудің сапасы көтеріліп отыр.
Қазақстан Республикасында нарықты қатынасқа көшу барысында тиянақты,
қатал бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шет ел үлгісінен белгілі. Себебі
нарықты қатынас принципімен дамуды қамтамасыз ету үшін ол елде-бәсекелестік
шешуді рөл атқарады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін өте қатал бақылау-
тексеру болуы қажет. Соның нәтижесінде ғана нарықты қатынас жолымен дамудың
тиімділігі іске асырылады. Немесе "ойын тәртібі" сақталмаған елде
экономикасының нарықты қатынас жолымен дамуы іс жүзінде орындалмайды.
Сондықтан да аудит жұмысының қажеттілігі көптеген себептермен анықталады.
Олар, біріншіден, кәсіпкерлер өз шаруашылығының тиянақтылығын қамтамасыз
ету , екіншіден, өз жұмысын өзі сенімді түде басқару, жүргізу , үшіншіден,
кәсіпкерлер өзара қарым-қатынаста сенімді жұмыс істеу үшін және өзінің
капиталының тиімділігіне сенімді болу . Келесі сызбада аудит қызметіне
сипаттама берілген.
2. Нарық экономикасына көшу кезінде тексеру жүйелерінің ішінде
аудитрлік қызметке зор көңіл бөлінді, себебі олар кәсіпорынның бухгалтерлік
(қаржылық) есептілігін талдау және тәуелсіз түрде эксперт жүргізу.
Аудит – клиенттің қалауын бойынша жүргізілетін тәуелсіз түрде
кәсіпорындар мен фирмалардың қызметі жөніндегі бухгалтерлік есептер мен
шоттарды тексеретін мамандандырылған қаржылық бақылау түрі.
Аудит, бұл негізінен қаржылық есеп беруді, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің берген есебінің дұрыстығын анықтау мақсатында олардың қаржы
шаруашылық қызметі туралы алғашқы құжаттар мен басқа да ақпаратының есебін,
оның толықтығын және қолданылып жүрген бекітілген заңдармен белгіленген
нормативтік актілерге сәйкестігін тәуелсіз түрде тексеру.
Аудит пәні дегеніміз, шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз
эксперттік негізінде және бухгалтерлік отчетты талдау және тексеру,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындаған жұмыстарының дұрыстығын,
анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объективті баға беру, сонымен
қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылдаған есеп саясатына,
нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу.
Қаржы отчеты жөніндегі аудиттің негізгі міндеті- отчетта көрсетілген
активтердің, міндеттемелердің, меншік капиталдың және субъектінің қаржы
нәтижесінің толықтығына, дәлдігіне, дұрыстығына объективті түрде белгілі
бір мезгілге бағалау және де субектіде қабылданған есеп саясатының заңдар
мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру.

2 Аудиторлық мамандық этикасының кодексі
2.1 Аудит жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері

Аудитор – квалификациялық сұранымдарды қанағаттандыратын, заңды
органдармен тәртіп бойынша белгілі мүмкіндіктермен міндеттелген және
квалификациялық аудиторлық аттестаты бар жеке тұлға. Квалификациялық
аудиторлық аттестат- бұл жоғарғы білімі бар, экономикалық профил бойынша
кем дегенде 3 жыл стажы бар, қосымша экзамендерді тапсыру бойынша
мамандандрылған білім алу мақсатында куәландыратын арнайы құжат.
Аудиторлық тексеру жүргізу барысында аудитор тәуелсіздік таныта
отырып, аудиторлық дәлелдерді және құжаттарды тура бағалай білуі керек.
Қаржылық құжаттарды тексере отырып аудитор барлық құжаттармен дәлелдердің
толықтығын қадағалауы керек.
Аудиторлық қызмет деп аудит жұмысын ұйымдастыру мен әдістемелік
жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде орындау және басқа
да аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік қызмет.
Аудит жұмысы нақты принциптерді сақтау арқылы жүргізіледі.
1. Ғылыми негізділігі. Аудиттің ғылыми негізі оның методологиясының
диалектикалық әдісімен дамиды. Экономика теориясындағы объективтік шын-
дықты негізге алу болып табылады. Аудит жұмысының барлық мәліметі, тұжырымы
ғылыми жолмен анықталған, дәлелденген болуы қажет. Аудит қызметінің ғылыми
даму барысы оның көптеген нақты факторларын талдау арқылы ол өзінің
теориясын құрайды. Аудит жұмысы барысында ғылыми зерттеу әдісі қолданылады.
Мысалы, аудитте экономикалық талдау қолданылады, ол яғни фактілерді зерттеп
қорытынды жасау. Сондықтан да аудит фирмаларының басшылары ғылыми зерттеу
жұмысын, тәжірибесін игерген ғалымдар.
2. Объективтілік. Бұл қағида ойлану, тек қана фактіге сүйену арқылы
ғана тұжырым жасау. Аудитор шыншыл, бұрмалаушылыққа бармайтын, тазалық
ұстайтын маман болуы керек. Ол өзінің аудиторлық қорытындысына кәсіпорынның
табыстылық ақпаратын шыншылдықпен тексеріп, объективті көрсеткіштерін
анықтауға міндетті. Оның қорытындысы ешқандай күдіктенбеушілікке жол
бермейтін дәлелді болуы қажет.
3. Дербестілік. Қоғам тану жолында аудитордың статусы өз бетінше
дербес деп танылған. Оған себеп ол біріншіден, тапсырушыға тәуелді емес,
өйткені ол одан төлем алуына алдын ала келісіп қояды, екіншіден, оның
жұмысын мемлекеттік аудит заңы мойындайды, үшіншіден, тапсырушы мен
аудитордың түпкі мақсаты бір. Олардың өзара келісім-шарт бойынша
анықтайтыны комитетін құру.
Аудитордың дербестігін қорғау үшін арнайы шаралар қолданылады:
аудиторларды ротациялау, аудитор соты, мемлекеттік аудитор тағайындау,
мемлекеттік аудитор департаментін, аудитор комитетін құру.
Аудитор ротациясы ол болжам арқылы бір аудитор қайта-қайта бір
кәсіпорынға бара берсе оның дербестігі жойылады деген сөз. өйткені, оны
тапсырушы акциялық үлескер бол деп үгіттеп, аудит принциптерін сақтамау
жолына салуы мүмкін. Аудитор соты аудиторладың дербестігін қадағалап
отырады. Мемлекет тұрғысынан аудитор дайындау ол қазіргі аудитордың
қоғамдық құрылымын жою болып табылады. Қазіргі кезде аудит комитетін құру
АҚШ-та көп тараан. Ондағы мақсат өндіріс компанияларының мүддесін көтеру.
Қорыта келгенде, аудит стратегиясын кеңейту тұрғысынан арнайы
институттар ашу қажет, аудитті жүргізу жұмысын жетілдіру қажет. Біздің
ойымызша сондай жұмыстарды іске асыру үшін Мемлекеттік Қаржы Министрлігі,
аудит палатасы, бухгалтерлер ассоциациясы көмектесуі қажет.
4. Кәсіби біліктілік. Аудит жұмысын өте жоғары деңгейдегі мамандар
жүргізуі қажет, ол теориялық және практикалық жағынан өте білімді маман
болуы және арнайы аудит әдістерін жақсы білуі қажет. Ол тексеру жұмысына
машықтанған болуы керек. Аудитор өз жұмысына қажетті ереже нұсқауларын өте
жақсы біліп іс жүзінде қолдана білуі қажет. Аудитор өз жұмысына анализ
жасауда, сараптау жүргізуде, компьютермен жұмыс істеуде, әбден машықтанған
болуы қажет. Ол барлық тексерушіге сене бермеуі керек, тек өзі тексеріп
көзі жетпейінше ешқандай қорытынды жасамауы керек.
5. Сенімділік, сөзге берік болу (конфиденциальность). Аудитор өз
жұмысының комиссиялық құпиялығын сақтауға міндетті. Үшінші жаққа өз
мәліметін ерекше жағдайда ғана хаюарлауға, тапсырушымен жазбаша келісім
жасау арқылы беруге құқылы.
6. Тез-жеделдік принципі. Аудитордың жеделдігі ол өз жұмысының тез,
тиянақты орындалудан тапсырушыға аудит материалын уақытымен тапсыру.
Аудиттің тез, жедел жүргізілуіне екі түрлі себеп бар. Біріншісі, аудит
жүргізу уақыты нақты белгіленбегендіктен, екіншіден, аудит үшін төлем сол
жұмыс уақытымен есептелінеді.

2.2 Қаржылық аудитті жоспарлау және ұйымдастыру

Аудиторлық тексерулерді ұйымдастыру, жоспарлау, жүйелі зерделеу, мәні
бойынша аудиторлық процедураларды орындау, пікір қалыптастыру және аудиттің
нәтижелері бойынша қорытынды құжаттарды дайындау сияқты бірінен кейін бір
жалғасып кете беретін тізбекті кезеңдерден тұрады.
Аудитті жоспарлау мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
1) ішкі бақылаудың тиімділігі, есептемелер мен бухгалтерлік есептің
жағдайлары туралы қажетті ақпараттарды алуды;
2) орындалуы тиіс бақылау процедурасының көлемі мен өткізу уақытын,
мазмұнын анықтауды.
Аудитті жоспарлауға аудиттің жалпы жоспарын жасау (болжалды жұмыс)
және аудиторлық бағдарламаларды (ХАС 300) әзірлеу кіреді.
Жалпы жоспарда (болжалды жұмыста) мына негізгі көрсеткіштер көрініс
табуы керек:
а) орындалатын жұмыстың мөлшері;
ә) жұмыстың ұзақтығы мен өткізу мерзімдері;
б) аудитор қолданатын әдістер мен тәсілдер.
Аудитор жалпы жоспарды тексерілетін кәсіпорынның басшылығымен және
қызметкермен ақылдасып талқылауына болады, бұл аудиттің іс-әрекетін
күшейтеді әрі кәсіпорын қызметкеріінң қызметімен аудиторлық процедураларды
үйлестіреді.
Аудитор жалпы жоспарды сапалы жасауына және болжалды жұмыс мөлшерін
әлдеқайда нақтырақ анықтауы үшін мыналарды орындауы керек:
1) аудиторлық тексерулерді өткізу бойынша келісімшарттағы шарттарды
зерделеу;
2) тексерілетін кәсіпорынның қызметіне қатысы бар жаңа заңдардың,
ережелердің, нұсқаулардың және басқа да нормативті актілердің аудитке
тигізетін ықпалын ескеру;
3) өткізілетін аудиттің әлдеқайда маңызды мәселелерін бөліп алу және
айрықша назар аударуды қажет ететін жағдайларды түсіну;
4) шаруашылық жүргізуші субъектінің ішкі аудиті мен есептік жүйесіне
қаншалықты сенетінін анықтап алуы керек;
5) ішкі аудиторлардың жұмысы мен оларды тексеруге қатыстырудың
мүмкіндіктерін талдау (ХАС 610);
6) филиалдарда аудитті өткізудің мақсатқа лайықтылығын зерделеу;
7) сарапшыларды қатыстыру қажет пе, қажет емес пе, оны анықтау (ХАС
620);
8) тәуекелділік деңгейіне (яғни, қаншалықты қатерлі екендігіне) баға
беру, аудиторлық тексерулердің көлемін, уақытын және табиғатын анықтау
(ХАС 400, 300, 320, және т.б.).
Тексеру барысында жалпы жоспар мен аудит бағдарламалары түзетілуі
мүмкін.
Батыстық аудиттің іс-тәжірибесінде ірі компаниялардың, кәсіпорындардың
және т.б. жекелеген учаскелеріндегі жұмыстың ұзақтылығы, яғни тізбектілігі
мен еңбек сыйымдылығы үшін кестелік графиктер пайдаланылады. Мұнда тексеру
объектілерін жүйелі зерделеуді ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді.
Жүйелі зерделеу жүк аз түсетін (күш аз жұмсалатын) пунктер мен
ақпараттардың тасқынын және мөлшерін анықтауға, аудиторлық тексерулердің әр
түрлі кезеңдерін дұрыс бөліп, орындауға мүмкіндік береді. Аудитті
ұйымдастырудың бұл кезеңінде күрделі схемалары немесе процедураларды
қорытындылап (жалпылап) сипаттауға мүмкіндік беретін операциялардың
тізбектілік картасын жасау мақсатқа лайықты болады. Қаржылық есептілік
аудиті бағдарламасы былай жасалады: жүргізілетін жұмыстың еңбек
сыйымдылығының деңгейі мен логикалық тізбектілігінің (қисынды жалғасының)
сипаттамалары жазылады. Мұның бәрі аудитордың қызметін әлдеқайда тиімді
ұйымдастырады.
Мәні бойынша аудиторлық процедураны орындау – бұл барлық жоспарланған
аудиторлық процедураның нақты іске асуы. Әр тақырып бойынша жүргізілетін
аудиторлық процедуралар мен оларды орындаушылардың толық тізбесін және
тізбектілігін көрсетіп, тексеру бағдарламаларын рет-ретімен жасау қажет.
Аудиттің нәтижелері бойынша келісім-шартта анықталған мерзім ішінде
тапсырыс берушіге ұсынылатын есеп беру жасалады. Аудитордың келісімшартты
орындағаны немесе орындалмағаны ХАС 700 Қаржылық есептемесін тексеру
бойынша аудиторлық есеп беруге сәйкес келуі тиіс аудиторлық қорытындыны
қабылдап алу-беру актісінде анықталады.
Тараптар келіскен бағдарлама біріккен келісімшартта ресімделетін жұмыс
мөлшері мен қызмет құнын анықтаудың негізі болып табылады.
Келісімшарт ұзақ мерзімді (абонентті) аудиторлық қызмет көрсету (1-3
жыл) бойынша және қандай да жұмысты бір жолға орындау үшін жасалуы ммүкін,
оның ішінде қаржылық есептемесінің аудиторлық тексеруін айта кетуге болады.
Қаржылық аудитті жүргізу туралы келісімшартта мыналар көрсетілуі
керек:
1) келісімшарттың мазмұны;
2) тараптардың міндеттері;
3) тексеру жүргізетін орындар және мерзімдері;
4) төлем тәртібі және мөлшері;
5) тараптардың жауапкершілігі;
6) ақпараттардың құпия сақталуы;
7) даулы мәселелерді шешудің тәртібі (жолдары);
8) қосымша шарттар;
9) келесімшарттың қолданылу мерзімі;
10) тараптардың заңды мекен-жайы;
Келісімшартта аудиті белгіленген мерзімінен бұрын тоқтату, форс-
мажорлық жағдайлар және басқа да қосымша шарттар қарастырылуы ықтимал.
Халықаралық және отандық іс-тәжірибесінде аудиторлық операияларды тек
аудиторлық фирмалардың штатындағы қызметкерлер ғана, сондай-ақ аудиторлық
фирмалардың дирекциясы мен мамандардың арасында бекітілген мердігерлік
келісімшарт негізінде тараптан шақырылатын мамандар да орындап жүр.
Мердігер келісімшарты бірнеше мамандармен бекітілуі мүмкін. Олардың
әрбіреуіне жүктелім-карточкасы (карточка-наряд) жазылады. Мердігер
карточкасы бойынша орындалған жұмысты тапсырып беру және қабылдап алу
орындалған жұмыстың арнайы тапсыру-қабылдау актісімен ресімделеді.
Барлық жағдайларда келісімшарт шарттары және тапсыру мазмұны
аудиторлық қызметтер туралы заң талаптарына қайшы келмеуі керек.
Келісімшартқа аудиторлық тексеруді өткізудің келісілген бағасы туралы
келісім хаттамасы тіркеледі. Онда жеке тексеру орындаушыға 1 сағаттағы
қызметі үшін аудиторлық тексерудің келісімшарттық бағасының шамасы туралы
тараптардың қол жеткізген келісімі расталады. Осы хаттама Орындаушы мен
Тапсырыс берушінің арасындағы өзара есеп айырысу мен төлемді жүзеге
асырудың негізі болып табылады.
Шаруашылық операциялардың аудиттелуі барысында олардың шынайылығы,
заңдылығы және өндіріске қажетті нәрселер осылардың бәрі көрініс табатын
құжаттардың негізінде тексеріледі.
Аудит кеешнді және тақырыптық формаларында, талдамалық, логикалық,
экономикалық-математикалық және басқа да тәсілдерді қолдану арқылы
операциялар мен құжаттарды өзара, кезікпелі (встречный) таңдап тексерулер
түрінде жүргізілуі мүмкін. Форма бойынша бастапқы құжаттарды тексеру
барысында құжаттарда шаруашылық операцияларының көрініс табу процесінде
нормативті-құқықтық актілердің қаншалықты сақталғандығы анықталады.
Бастапқы құжаттардағы деректерді өңдеу технологиясы мен операцияның
сипатына қарай қосымша деректемелер (реквизиттер) қосылуы мүмкін. Бастапқы
құжаттар мен есептік тіркемелерге ескертілмеген түзетулер жіберілмейді.
Қателікті түзету құжатқа қол қоюшы тұлғаның қол қоюымен түзетілген күні
қоса көрсетіліп расталуы тиіс. Кассалық және банктік құжаттар түзетілмейді.

Қойылған қолдың шынайылығын тексеру үшін бухгалтериядағы үлгісімен,
сондай-ақ басқа құжаттармен (жұмысқа қабылдау туралы өтініш, еңбек келісім)
салыстырылады.
Құжаттар мөр менмөртаңбалардың басылғаны, алынған құныдылықтың
қолхаттары, бастапқы құжаттардың барлық қосымшалары, құндылықтарды
босатудың негіздері, арнаулы құжаттар мен сенімхаттар тиянақты тексеріледі.
Мазмұны бойынша құжаттарды тексеру құжаттың жағдайына сыни баға
беруден тұрады – ондағы сипатқа көрініс тапқан шаруашылық операцияларының
сәйкес келуі, ақпараттардың жеткіліктілігі, құндылықтар мен операциялардың
сандық өлшемдерінде қолданылатын бағаның негізділігі, алынған құндылықтың
материалдық-жауапты тұлғаға бекітіліп бергені туралы құжат және т.б.
Кейбір жағдайларда, айталық егер шаруашлық операцияларының шынайы
көрініс таппағанына күмән туатын болса, онда аудитор қызметтік тергеудің
(тексерудің), орындалған жұмыстың өлшемін бақылаудың әдістерін өзгертіп,
арнайы сараптама мен басқа процедураларды, оның ішінде тексерудің қарама-
қарсы түрін қолданады.
Құжаттарды талдамалы тексеру логикалық және шоттық-есептеу
процедураларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, құжаттарды
логикалық тәсілмен тексеру құжаттарда көрініс тапқан құжаттар бойынша
заңның сақталуы, бухгалтерлік есеп бөліктері шоттарындағы операциялардың
дұрыс көрініс табуы нормативті-құқықтық реттеу процедураларымен
ұштастырылады.
Аудитор бастапқы құжаттар мен есептік тіркелімдегі жазбаларды мына
талаптарға сай тексереді:
1) шаруашылық операциялар мен мүліктің бағалауларын бейнелеудегі
қабылданған есептік саясатты есептік кезең ішінде сақтау;
2) барлық шаруашылық операциялары мен мүлікті түгендеудің нәтижелері
және міндеттемелердің есептік кезеңнің есебінде толық көрініс табуы;
3) кірістер мен шығыстарды есептік кезеңдерге дұрыс жатқызу;
4) өндіріс (айналым шығындары) пен ұзақ мерзім инвестициялардың
(капитал жұмсау) ағымдағы шығындарының есебіндегі шектеулер;
5) әрбір айдың бірінші күнінде синтетикалық есеп шоттары бойынша
қалдықтар мен айналымдарды талдамалық есеп деректерімен теңестіру;
6) шаруашылық операциялары мен мүлікті бағалаулардың дұрыстығы;
7) қорлар мен резервтердің дұрыс құрылуы;
Аудитор анықталған кемшіліктер, алдау фактілері мен жіберілген
қателіктер туралы кәсіпорын басшысына хабарлап, шындыққа жанаспайтын
ақпаратты түзеу бойынша ұсыныстар беруі керек.
Қорытынды кезеңде аудиторлардан мыналар талап етіледі:
а) аудиторлық файл түрінде жұмыс құжаттамаларын ресімдерді аяқтау;
ә) тексерілген ұйымның басшысына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиторлар палаталарының өкілеттігі
Аудиторлық қызметті жүзеге асыру
АУДИТТІ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бухгалтерлік есеп және аудит
Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері
Аудиторлық қызметтің мәні, принциптері, түрлері
Шаруашылық субьектілердегі бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастыру
Кәсіпорынның ішкі аудиті
Аудит: мәні, пайда болуы, қалыптасуы
Сыртқы және ішкі аудит
Пәндер