Қағаз ақшалар - нағыз ақшалардың өкілдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. АҚША ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Ақша айналымын тұрақтандыру
1.1. Ақшаның формалары мен түрлері

ІІ. ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНДАҒЫ АҚША РОЛІ
2.1. Құн өлшемі
2.2 Айналыс құралы
2.3 Төлем құралы
2.4 Жинақтау және қорлану құралы

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Ақша айналысы ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңына сәйкес реттеледі.
Ұлттық банкі тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін
анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың
тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.
Қазақстан Республикасы ақшалай банкнот өндірісі және екінші деңгейдегі
банктердің инкассациясына лицензия беру бойынша өз күшімен енгізген
жаңалығына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996 жылға дейінгі кезеңмен
салыстырып қарағанда түбегейлі өзгеріске ұшырады. Коммерциялық банктер
корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдығының шегінде қолма-қол ақшамен
нығайтылып отырды, онда операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығының
лимиті белгіленбейді.
Осыған қарай Ұлттық банк ақша базасының шамасын Ұлттық банктің
корреспонденттік шотындағы екінші деңгейдегі банктердің қаражат мөлшерін
реттеу арқылы, яғни банктердің өтіміділігін реттеу арқылы реттеп отырады.
Бұл ақша-несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Бұл
аспаптар ақша базасының ұлғайған шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша
базасына қатынасы ретінде есептелетін ақша мультипликаторының шамасына өз
әсерін тигізеді.
Ақшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтеудің нормаларына
тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының көзі ретінде,
сондай-ақ айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағынан пайдаланылмайды.
Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы қолма-қол ақшаның
мультипликациядан баиитындығымен байланыстырып түсіндіруте болады. Ақшаның
мультипликация қарқындылығы олардың экономикадағы айналыс жылдамдығына
әсерін тигізеді: мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса ақша
массасы соғұрлым көп, айналыс жылдамдығы аз болады. ҚР Ұлттық банк ақша
айналысын және инфляция деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер нормасы,
қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейі, ашық нарықтағы
операция, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету
(айырбас бағамына әсер ету) секілді ақша-несие саясатының аспаптарын
пайдаланады.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп бергендей, банк резервтерінің міндетті
нормаларының сәл ауытқуы ұсынылатын ақша мөлшерін елеулі өзгерістерге
ұшыратады. Сондықтан да Орталық банк бұл аспапты жиі қолдана бермейді.

Міндетті резерв нормаларын шектен тыс жоғарылату іскерлік белсенділікті
төмендетеді, банктер таратылған ресурстарды тиімді пайдалана алмайды,
өйткені несие берілетін салалар азайып, айналыстағы ақша массасы кемиді.
Қазақстанда 1993 жылдың қаңтарынан 1994 жылдың мамыр айына дейін
міндетті резерв нормасы 18-20%-дарға белгіленді, 1994 жылдың мамырынан
бастап ол теңгедегі және шетелдік валютадағы банктің депозиттік
міндеттемелері бойынша 30%-ға дейін көтеріледі. Міндетті резерв
нормаларының арттырылуы ақшалай мультипликатордың 1,61-ден 3,1-ге дейін
күрт өсуіне себепші болды.
Банк резервтерінің (Ұлттық банктің корреспонденттік шоттарындағы
қаражат) артығымен өсуіне байланысты резервтеудің баламалы тәртібіне
көшудің ғана мүмкіндігі пайда болған жоқ – экономикалық нормативтерді
орындайтын банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттың шамасын, әдетте
резервтік талаптардан кем ұстамауға тиісті болатын. Ал, резервтік
талаптардың нормативі 1995 жылы 20%-ға дейін кемісе, 1996 жылдан бастап 15%-
ға дейін төмен түсіп кетті.
Айналымдағы ақша массасын реттеудің тиімді құралына қайта
қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі жатады. Орталық банк бұл саясат
арқылы коммерциялық банктерге несие береді.

І. АҚША ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Ақша айналымын тұрақтандыру

Әлемдік тәжірибеде коммерциялық банктердің тұрғысынан алғанда есептік
мөлшерлеме дегеніміз - артық резервтердің шығыны болып табылады. Сол
себепті де оны Ұлттық банк кемітеді, бұл өз кезегінде коммерциялық
банктердің қарыз (ссуда) алуына жағдай жасайды. Осы қарыздың есебінен
коммерциялық банктерге берілетін несие ақшаның ұсынылуын арттырады.
Ұлттық банк есептік мөлшерлемені көтеру арқылы банктердің қарыз алуын
тежейді, бұл несие ресурстарының және банктерге берілетін несиенің өлшерін
азайтады, оз кезегінде айналымдағы ақшаның массасын кемітеді.
Ұлттық банк инфляцияны тежеу мақсатында қайта қаржыландырудың
мөлшерлемесін 1994 жылдың қаңтар-ақпан айларында 270% деңгейінде, осы
жылдың наурыз-тамыз айларында 300% деңгейінде белгіледі. Инфляцияның кемуі
мен айырбас бағамының тұрақтануына қарай мөлшерлеме біртіндеп кеміді: 1994
жылдың соңында 230%, 1995 ж. - 52,5%, 1996 жылдың қыркүйек айында - 30%,
1997 ж. - 24%. Көріп отырғанымыздай, пайыздық саясат инфляцияны жылдам
тежеудің әрі ақша айналысын реттеудің тиімді аспабы болып табылады екен.
Инфляция айтарлықтай төмен болған жағдайда пайыздық мөлшерлемелер –
экономикада ақша массасының өсуін ынталандыру мақсатында пайдаланылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда инфляцияның деңгейі 6-4-7% жағдайында қайта
қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейі 7%-ке белгіленген.
Ашық нарықтағы операция айналымдағы ақша мөлшерлемесін реттеу
процесінде айрықша орын алады. Бұл операция, бір жағынан, құнды қағаздарды
Орталық банктің сатуын және сатып алуын ұйғарса, екінші жағынан, құнды
қағаздарды коммерциялық банктердің, қаржы компанияларының, халықтың сатуын
және сатып алуын ұйғарады.
Орталық банк құнды қағаздарды сату және сатып алу арқылы резервтерді
банк жүйесіне таратады немесе оларды бұл жүйеден алып тастайды, осылай ету
арқылы ол айналымдағы ақша массасын көбейтеді немесе азайтады. Қазақстанда
мұндай құнды қағаздарға мемлекеттік қазынашылық облигациялар жатады. Оны
үкімет бюджет тапшылығын және ноталарды жою үшін Ұлттық банк арқылы
шығарады. Ұлттық банк осы құнды қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық
банктердің ең аз шамадағы резервтерінің шамасы артып, клиентурамен
жасасатын активтік қарыз операцияларын ұлғайтуға мүмкіндік алады, эмиссиясы
артады. Ұлттық банк коммерциялық банктерге құнды қағаздарды сатқан
жағдайда, керісінше, олардың резервтелген қаражат сомасы кемиді, ал
банктерде несие ресурстары азайып, ақша массасы төмендейді. Соңғы жылдары
(2001-2005 жж.) ҚР Ұлттық банкі белсенді түрде пайдаланып жүрген ақша
массасын реттеудің бір әдісіне ақша нарығындағы валюталық интервенция
жатады.
Мұнай мен металдың әлемдік бағасының көп өсуіне байланысты Қазақстанға
шетелдік валюталардың мол ағыны құйылды. Бұл ақша массасы мен оның
құрылымына үлкен әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк соңғы
жылдары валюта бағамын ақша нарығындағы интервенция арқылы реттеуге жиі күш
жұмсап жүр. Ол шетелдік валютаны сатып алу арқылы өзінің валюталық алтын
резервін ұлғайтты. Ол 2005 жылдың басында 11,0 млрд доллардан асты. Ұлттық
банк, сондай-ақ, 5,0 млрд АҚШ долларынан көп мөлшерде Ұлттық мұнай
сақтандыру қорын құрды.
Экономиканың тым қызып кетуі теңгенің шектен тыс нығайтылуы және
инфляңияны тежеу мен айналымдағы ақша мөлшерін реттеу секілді мәселелер
осылайша шешілетін болды.

1.2 Ақшаның формалары мен түрлері
Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса
болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен
бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның
формасы дегеніміз – ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол
айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы
металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша
өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар,
қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.
Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және
толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.
Толыққұнды ақша - номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін
ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың
(алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар
жатады.
Толыққұнды емес ақша - сатып алушылық құны ақша қатынастарының
тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес
ақшаларға билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.
Ақша өзінің даму эволюциясында мынандай сатыларды өтті:
1) Металдық;
2) Қағаздық;
3) Несиелік;
4) Электрондық ақша.
Металл ақшалар – бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны
(оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына
сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әртүрлі формада болады:
алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монета түрінде шығарылды.
Монета - бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы
бар металдан дайындалған ақша белгісі.
Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын (пробасын), салмағын,
массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.
Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде
біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен
белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен (Мысыр, Рим,
Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.
Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия
мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде
металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.
Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Македонский болды.
Айналымға сәйкестендірілген, стандартты монеталардың енгізілуі
ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау
қызметін атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталар бағалы металдардан да,
сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан
дайындалды.
Монеталар толыққұнды, сонымен бірге айырбастық болып бөлінеді.
Толыққұнды монеталар бағалы металдардан және олардың қоспаларынан
дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес келеді, олар
ақшаның барлық қызметін атқарады.
Айырбас монеталары арзан түсті металдардың қоспаларынан дайындалады,
олардағы номиналдық құн құрамындағы металл құнынан асып кетеді.
Монеталарды құю эмиссия ретінде қарастырылады. Эмиссия латындық
еmissіо сөзінен аударғанда шығару деген мағынаны береді. Ақшаның
эмиссиясы - бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол
айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.
Ақшаның рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа
тауарлар құнын өрнектеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К.
Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам
тарапынан бөрілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін өте сәйкес келетін
тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:
Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи
қасиеттеріне;
Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда,
оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.
Алтынды өндіру - өте қиын әрі капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1 кг
алтынды алу үшін орташа тереңдігі 3000 м жердің 100 тонна тау кенін өңдеу
керек.
Алтынның негізгі өндірушілері Оңтүстік Африка Республикасы (әлемдік
өндірістің 13 бөлігі), Ресей, Өзбекстан саналады.

Қазақстанда көптеген алтын кеніштері бар, шамамен алғанда алтынның
жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды.
Тауарлық өндіріс пен айналым көлемдерін кеңейту айырбас операцияларының
өсуіне әкелді. Толыққұнды ақшалар шектеулі саны және жоғары шығындарына
байланысты шаруашылықтың өскелең сұранысын қанағаттандыра алмайды. Алтын
өндіру тауар өндірісін қуып жете алмады, ақшаға деген сұранысты қамтамасыз
ете алмады, сонымен бірге жоғары құндылығы бар алтын ақшалар құны бойынша
аз айналымды қамтамасыз ете алмады. Сондықтан оны өзінің орынбасарларымен
(құн белгілері) алмастыру қажеттілігі туындады, олардың номиналды құны
оларды өндіруге кеткен еңбектің шынайы құнынан жоғары болады.
Оларға ұсақ монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.
Қағаз ақшалар - нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар
металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған күміс және
алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым барысында
металл ақшалар көшті және тозды, бастапкы формасы мен құнын жоғалтты,
сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауарларды көп мөлшерде сатып
алу кезінде пайдалану өте ыңғайлы. Осыған байланысты оларды нағыз
ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың объективті
мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет тарапынан
мәжбүрлі бағаммен шығарылатын ақша белгілері болып табылады.
Қағаз ақшалардың өзіндік құны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса,
онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді. Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз
ақшаның бір купюраны шығару шығындарына тең құны болуы мүмкін, ал ол шығын
тиын ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып
алуға болады.
Табиғаты бойынша қағаз ақшаларға тұрақсыздық тән екендігін атап өту
керек. Олар үнемі ақша айналымы арнасында жүреді, оларды толтырады және
шектен тыс эмиссия негізінде ақша массасының айналымда жүрген тауар
массасына сәйкес келмеуі нәтижесінде құнсызданады, сәйкесінше ол инфляцияға
әкеледі.
Әрбір егеменді мемлекет өзінің ұлттық валютасын, яғни өз— атауы бар, әр
түрлі купюра мен бағаммен қағаз ақшаларын шығарады. АҚШ өз валютасын -
доллар, Ресей - рубль, Қазақстан – теңге деп атайды. Қағаз ақшалардың
кемшіліктері де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден,
оларды ұрлап алу өте оңай, екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа
түседі.
Өндірістің дамуы, коммерциялық және банктік несиелеу саласының кеңеюі
нәтижесінде металл ақшалар тауар айналымының қажеттіліктерін
канағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен қатар несиелік
қағаздар пайда болды.
Қағаз ақшалар сатып алу және төлем құралдары ретінде мемлекет
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың
эмитенттері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны
және оларды шығару құны (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы айырма
мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі
қызметті ғана атқарады: айналым құралы және төлем құралы. Олар алтын
стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.
Қағаз - ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады. Қағаз ақшалардың
ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген
кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қатар несиелік ақшалар әрекет етеді.
Несиелік ақшалар - айналымдағы толыққұнды ақшаларды алмастыратын және
несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік
құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның өрнегі. Несиелік
ақшалардың негізгі эмитенті болып банк жүйесі есептеледі.
Тауарларды сатып алу бойынша ірі мәмілелерге банктердің несие беруі
қағаз ақшаларды алмастырады, яғни несиелік ақшалар тауар айналымының
қажеттілігін қанағаттандырады.
Несиелік ақшалар өз дамуында мынандай сатылардан өтті: вексель,
банкнота, чек, электронды ақшалар және олардың соңғы түрі - несиелік және
пластикалық карточка.
Вексель - бұл вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде онда
көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық міндеттеме. Вексельдер
жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай вексельді қарыз алушы береді. Бұл
вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға белгіленген
соманы төлеуі тиіс.
Аудармалы вексель (тратта) - вексель беруші кредитордың (трассант)
қарыз алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші
тұлғаға беруі. Вексель бойынша төлем аваль (вексельдік кепілдік) көмегімен
төленуі мүмкін, ол қосымша беттегі вексельде және аллонжда аваль ретінде
есептеу деген жазумен ресімделеді.
Вексель абстрактылығымен, яғни құжатта мәміле түрі жөніндегі ақпараттың
жоқтығымен; вексельдің міндетті төлемін көрсететін даусыздығымен;
айналымдылығымен, яғни вексельді төлем құралы ретінде басқа кредиторларға
беруге болатындығымен сипатталады.
Демек, вексель несие және ақшалық есеп айырысу құралы ретінде әрекет
етеді. Ол несиеге қойылған тауарларды кепілді вексельдік міндеттемемен
төлеуді қамтамасыз етеді.
Вексельдерді пайдалану айналым шығындарын үнемдеуге ықпал етеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда вексель астық шаруашылығында қолданылады. Вексель
берушілер ретінде астық егуші шаруашылықтар есептеледі, олар Азық-түлік
корпорациясына жанар-жағар май, тұқым, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау
құралдарын сатып алу үшін вексель береді, олар күзде астықпен қайтару
міндеттемесін өз мойнына алады.
Вексельді айналым нәтижесінде банкноттық айналым пайда болды.
Банкнота - бұл эмитент банктің міндеттемесі. Ол вексельден екі маңызды
көрсеткіш бойынша ерекшеленеді: біріншіден, мерзімділігі бойынша: вексель
белгіленген мерзімге шығарылады, ал банкнота шексіз мерзімге беріледі;
екіншіден, қамтамасыз етілуі бойынша: банкнота мемлекет кепілдемесі бойынша
елдің Орталық банкімен айналымға шығарылады, ал вексельді жеке кепілдеме
бойынша жекелеген заңды және жеке тұлға шығарады.
Қазақстандағы банкноттардың эмитенті болып Ұлттық Банк саналады, олар
Республиканың аумағында ұлттық ақша болып табылады. Тауарлар немесе алтын
түріндегі материалдық қамсыздандырылмаған, бірақ банкноттардың несиелік
негізі бар, өйткені олар банктік несиелеу ережесіне сәйкес айналымға
шығарылады және қарыздық (ссудалық) қордың элементі болып табылады.
Банкноттық айналым кеңістіктегі несиелік ақшалардың әрекет етуін
кеңейтуге мүмкіндік берді және де банкноттардың айналыс құралы қызметін
атқаруын қамтамасыз етті.
Чек - бұл талап бойынша құрылған қатаң есеп берудін ақшалай құжаты,
онда чек берушінің (шот иесінің) чекте көрсетілген соманы чек ұсынушыға
(ұстаушыға) банктің төлеуі жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар. Ол қысқа мерзімді
әрекеттегі ақшалай құжат ретінде заңды төлем құралы мәртебесін иеленбейді.
Ол ел ішінде және халықаралық есеп айырысуларда қолданылады. Негізінен
чектер ақшалай және есеп айырысу чегі болып бөлінеді.
Ішкі айналымдағы чектер банктерден қолма-қол ақшаны алу үшін; тауарлар
мен қызметтер үшін есеп айырысу мақсатында; банктердегі шоттар бойынша
аударымдар жасау арқылы жүзеге асырылатын қолма-қолсыз есеп айырысу формасы
ретінде қолданылады.
Есеп айырысу чектері ордер сипатында болады. Шот иелеріне арнайы чек
кітапшалары беріледі. Чектік есеп айырысу кітапшаларындағы чектер тауарлар
мен көрсетілген қызметер үшін қолданылады.
Банк қызметіне механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу, банктік
есеп айырысу тәжірибесінде ЭЕМ мен компьютерлерді кең қолдануға өту
электрондық ақшалардың пайда болуына ықпал етті, яғни компьютер жадындағы
шоттарда ақшаның болуы, қолма-қол ақшалар мен чектерді несиелік
карточкалармен алмастыру. Олар клиенттің шоты негізінде орнатылған
микросызбасы бар пластикалық карточка түрінде банк тарапынан шығарылады.
Пластикалық карточкалардың иелері тауарларды сатып алып және қызметтерге
төлем төлеп қана қоймай, сонымен бірге тұтынушылық мақсатта банктерден
қысқа мерзімді несиелерді де ала алады. Қазіргі таңда пластикалық
карточкалардың бірнеше түрлері қолданылады, олардың ішінде банктік және
саудалық карточкалар өте кең таралған.
Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей
ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалық карточкалар көмегімен сатып
алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сома тауарларға төлеу
үшін сіздің шотыңыздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты
қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы
автоматты түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, ұйымдар
өз қызметкерлерінің банктік шоттарына ақшаны тікелей аудару арқылы еңбек
ақы төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті
көрсетеді: клиент өзінің дербес компьютерін компьютерлік желіге қоса алады,
ол жинақ шотындағы қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары шет елде және Қазақстанда тауарларды Интернет желісі
арқылы сату-сатып алу кең өріс жайды.

ІІ. ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНДАҒЫ АҚША РОЛІ
2.1. Құн өлшемі
Тарауда ақшаның төмендегідей қызметтері қарастырылады:
• Құн өлшемі
• Айналыс құралы
• Төлем құралы
• Жинақтау және қорлану құралы
• Әлемдік ақша
Экономикалық категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде
көрініс табады, олар ішкі негізді, ақшаның құрамын өрнектейді. Ақша
қызметінің әрқайсысы тауарлардың айналымы процесінен шығатын әлеуметтік-
экономикалық қатынастардың бір жағын қарастырады. Қазіргі кездегі
экономикалық әдебиетте қызметтердің саны жөнінде әр түрлі пікірлер
кездеседі. Ақшаның батыс теориясы ақша қызметінің өте қарапайым және
түсінікті үш түрін анықтады: құн өлшемі, айналыс құралы және жинақтау
құралы. Бірақ та басқаларға қарағанда оларды К. Маркс жақсы жүйеледі және
суреттеді, ол жоғарыда аталған екі қызметімен қатар барлығы 5 қызметін
анықтады; төлем құралы және әлемдік ақша.
Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып құндардың, барлық тауарлар
құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасын
қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес,
тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық
тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар
шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ондай тауар болып алтын
есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық еңбек шығындалады.
Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты, барлық
тауарлар өзара салыстырмалы болады. Ақшалар құн өлшемі қызметінде өте жақсы
әрекет етеді. Бұл мынаны түсіндіреді, құнның тауарлық формасының ақшалай
формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда
тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге
асады.
Баға - тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру
мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни
баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады. Тауар бағасы
нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі
кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс
пегі ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз
төмендейді. Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды
бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктерімен сандық
өрнектеу керек.
Металл айналысы кезінде бағалардың масштабы ақшалай металдың салмақтық
көлемі деп аталады, ол берілген елде ақша бірлігі ретінде және басқа барлық
тауарлардың бағаларын өлшеу үшін қызмет етеді. Егер ақша ретінде алтын
есептелетін болса, онда бүкіл тауарлық әлем алтынның әр түрлі көлеміне
теңестіріледі. Алтын арқылы тауарлар өзара салыстырмалы бола бастады.
Алтынның фунтқа және унцияға бөліну қасиеті бар. Алғашқы ақшалардың аты
ақшалай металл (алтын, күміс) ақшаның салмақтық құрамымен сәйкес келді, ал
салмақтық масштабтың аты бағалар масштабы деп аталады. Күмістің фунты фунт
стерлинг деген атауды туындатты.
Бағалар масштабының рөлі мынада, яғни ол өз ретінде ұлттық ақша бірлігі
салмағын тұрақтандырушы ретінде әрекет етеді. Бұрын мемлекет ақшаның
алтындық құрамын оқтын-оқтын белгілеп отырған. Бірақ та 1976-1978 жылы
енгізілген Ямайка валюта жүйесі алтынның ресми бағасын және Халықаралық
валюта қорына (ХВҚ) қатысушы елдердің ақша бірліктерінің алтындық құрамын
алып тастады. Қазіргі таңда бағалар масштабы баға көмегімен тауар құнын
салыстыру арқылы нарықтық үрдісте берекесіздік түрде қалыптасып жатыр.
Құн өлшемі және бағалар масштабы ретінде ақша әртүрлі қызметті
атқарады. Олар адам еңбегінің қоғамдық еңбекке айналуы ретінде құн өлшемі
болып айқындалады, бағалар масштабы - металдың тұрақты салмағы ретінде
қарастырылады. Сондықтан да құн өлшемімен құн ретіндегі тауарлар, және
керісінше, бағалар масштабы алтынның берілген көлемімен оның әр түрлі
көлемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теориядағы ақша
Ақша түрлері
Ақша айналыс және төлем құралдары
АҚШАНЫҢ НОМИНАЛИСТІК ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАҒАЗ АҚШАНЫҢ АЙНАЛЫС ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Ақша айналысы мен заңы
Ақшаның уақытша құны
Ақшаның металдық теориясы
Ақша айналымы туралы түсінік
Ақша тауары туралы
Ежелгі ақша түрлері
Пәндер